• Tidak ada hasil yang ditemukan

(1)Құжат нөмірі Нұсқасы Қолданысқа енгізу уақыты: Қайта қаралатын уақыты ІІ 2023 ж

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "(1)Құжат нөмірі Нұсқасы Қолданысқа енгізу уақыты: Қайта қаралатын уақыты ІІ 2023 ж"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

Құжат нөмірі Нұсқасы Қолданысқа енгізу уақыты:

Қайта қаралатын уақыты

ІІ 2023 ж. 2026 ж.

Құжат аты: Әртүрлі ұйымдар мен жеке тұлғалар сыйға тартқан кітаптармен жұмыс істеу туралы ереже

Бекітілді: «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті»

КеАҚ Басқарма төрағасы-ректорының бұйрығымен

Қызметі Аты-жөні Қолы

Келісілді: Басқарма мүшесі – әлеуметтік даму жөніндегі проректор

Н.С. Айдосов

Келісілді: Заң және құжаттармен

қамтамасыз ету

департаментінің директоры

Ғ.С. Жолдасбаев

Келісілді: Стратегиялық даму орталығының директоры

Г.С. Минажева Келісілді: Адам ресурстарын

дамыту департаментінің директоры

А.С. Калтаев

Дайындаған: Әл-Фараби атындағы кітапхана директоры

А.Б. Сикинбаева

Алматы 2023 ж.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті»

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Некоммерческое

акционерное общество

«Казахский национальный

университет имени аль-Фараби»

(2)

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Күні: 2023 ж. Басылым: екінші Әртүрлі ұйымдар мен жеке тұлғалар

сыйға тартқан кітаптармен жұмыс істеу туралы ереже

ҚазҰУ Е 5 беттің 2

I. ТҮСІНІКТЕР АППАРАТЫ

1.1. Кітаптарды сыйлыққа беру әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби атындағы кітапханасының (бұдан әрі – Кітапхана) қорын толықтыру көздерінің бірі болып саналады.

1.2. Сыйға тартқан кітаптар – жеке тұлғаның (бір топ адамның), мекеменің немесе ұйымның мерзім бойынша, кез келген уақытта немесе бір мәрте ғана кітапханаға сыйға (тегін) беретін құжаттары (басылымдар, қолжазбалар, мерзімді басылымдар және т.б.).

1.3. Кітапхана ісіндегі қайырымдылық – бұл жеке және заңды тұлғалардың кітапханаға материалдық (соның ішінде қаржылық) ресурстарды риясыз және өтеусіз (сыйлық ретінде) немесе жеңілдікті шарттармен беру, кітапханалық қызметті ілгерілету мақсатында жұмыстарды риясыз орындау, қызмет көрсету және басқа да қолдау көрсету.

II. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1. Осы Ереже жеке тұлғалардан немесе ұйымдардан Кітапханаға сыйлық ретінде түскен құжаттарды қабылдау, есепке алу, сақтау және есептен алып тастаудың негізгі ұйымдастырушылық-технологиялық үдерістерін көрсетеді.

2.2. ҚР «Мәдениет туралы» Заңына (24-бап), Білім беру ұйымдары кітапханаларының кітапханалық қорын есепке алу жөніндегі әдістемелік нұсқауға сәйкес Кітапхана сыйға тартылған кітаптарды өз қалауы бойынша қорға енгізуге, сақтауға, сондай-ақ оларды қордан алып тастауға құқылы. Арнайы мемлекеттік есепке алынуға тиіс кітап ескерткіштері мен мұрағаттық құжаттарға жатқызылған құжаттарды қоспағанда.

2.3. Кітапхана мемлекеттік мекеме ретінде ұлттық және діни араздықты, нәсілдік төзімсіздікті, қоғамға жат мінез-құлық пен басқа да келеңсіз құбылыстарды насихаттауға бағытталған басылымдарды сыйға қабылдамайды.

ІІІ. МАТЕРИАЛДАРДЫ ІРІКТЕП АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ КРИТЕРИЯЛАРЫ 3.1. Құжатты кітапхана қорына қабылдау мәселесін шешу кезінде әл-Фараби атындағы кітапхана қорын тақырыптық және типологиялық профиліне сәйкес жинақтауда оның ғылыми, тарихи және көркемдік құндылығы негізгі критерий болып саналады.

3.2. Кітапхана сыйлық кітаптар ретінде дәстүрлі (баспа) және электрондық түрде келесі құжаттар түрлерін қабылдайды:

• оқу және оқу-әдістемелік басылымдар (соңғы 5 жылда жарияланған);

• ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдар (соңғы 5 жылда жарияланған);

• көркем альбомдар;

• отандық және шетелдік көркем әдебиет;

• кітапхана профиліне сәйкес келетін немесе жинақтағы жетіспейтін көшірмелерін қалпына келтіруге арналған журналдар;

• сирек, бірегей және құндылар санатына жататын қолжазбалар, басылымдар.

3.3. Құжаттарды көп мөлшерде сыйға тарту кезінде алдымен Кітапханаға ұсынылатын құжаттар тізімін (құжаттың авторын, атауын, баспасын және жарияланған жылын көрсете отырып) беру ұсынылады.

3.4 Сыйға тартқан кітаптарды қабылдау Кітапхананың қорды жинақтау және сервистік қолдау басқармасында, Кітапхана дирекциясында барлық сыйға тартылған басылымдардың тұрақты сақтауға негізгі қорларға енгізілетініне кепілдіксіз жүзеге асырылады. Сыйға тартқан кітаптарды кейіннен қорды жинақтау және сервистік қолдау басқармасына беру арқылы Кітапхананың басқа бөлімшелерінде және одан тыс жерлерде

(3)

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Күні: 2023 ж. Басылым: екінші Әртүрлі ұйымдар мен жеке тұлғалар

сыйға тартқан кітаптармен жұмыс істеу туралы ереже

ҚазҰУ Е 5 беттің 3

де қабылдауға рұқсат етіледі. Сыйлық кітаптарды қабылдаған адам оның тағайындалған жеріне жедел жеткізілуіне жауапты.

3.5. Сыйға тартқан кітаптарды қорға енгізу туралы шешімді қорда ұқсас басылымның және оның көшірмелерінің болуын, оның ғылыми, тарихи және көркемдік құндылығын, сондай-ақ қорды жинақтаудың басқа да көздерінен түсу (түспеу) ықтималдығын ескере отырып, қорды жинақтау және сервистік қолдау басқармасының жетекші қызметкерлері қабылдайды. Күрделі жағдайларда қорға енгізу мәселесін шешу Кітапхана дирекциясына беріледі. Дублет болып шыққан сыйлық басылым Кітапхананың айырбастау және резервтік қорына жіберіледі.

3.6. Белгілі ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлерінің қолтаңбасы бар басылымдар олардың Кітапханада болуына қарамастан қабылданады.

3.7. Сыйға тартқан кітаптар жақсы күйде болуы керек.

IV. СЫЙ РЕТІНДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕН АЛЫП ТАСТАУ

4.1. Сый ретінде келіп түскен құжаттарды есепке алу белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

4.2. Сыйға тартқан басылымдарды сақтау және қордан есептен алып тастау «Әл- Фараби атындағы кітапхана қорын қалыптастыру туралы ережеге» сәйкес жүзеге асырылады.

4.3. Басылымдарды сый ретінде қабылданғанын растайтын құжат болып кез келген ілеспе құжат саналады, ол болмаған жағдайда – басылымға сыйға тартушы жазған тиісті мазмұндағы жазулар мен қолтаңбалар. Егер басылым пошта арқылы келсе ілеспе құжаттар мен ескертпелер болмаса да, құжаттардың Кітапханаға өтеусіз тапсырылуына растау бола алады. Бұл ретте сыйға тартушы туралы деректері бар пошталық қаптаманың алдыңғы бөлігі есепті құжат ретінде танылуы мүмкін.

4.4. Сый тартушыға алғыс хат және Кітапханаға кітаптарды қабылдау актісі жасалады (1, 2 қосымша)

V. СЫЙ РЕТІНДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҚҰНЫН АНЫҚТАУ 5.1. сый ретінде қабылданған құжаттардың құны ұқсас құжаттардың кітап нарығындағы бағасына сәйкес анықталады.

5.2. сыйлық ретінде алынған өткен жылдардағы басылымдарды бағалау қайта бағалау коэффициенттерін пайдалана отырып жүргізіледі.

Referensi

Dokumen terkait

Осы хат арқылы қолжазбаның түбегейлі ережелерін өзгертуге әкеп соқпайтын және оның негізгі мазмұнын бұрмаламайтын редакторлық ғылыми және стилистикалық түзетулер енгізуге келісім

Экологиялық менеджмент жүйелерін енгізу кәсіпорынның және өнеркәсіптің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен теңгерімді сақтау кезінде қоршаған ортаны қорғау және оның ластануына