• Tidak ada hasil yang ditemukan

Құмай өсімдігінің (sorghum saccharatum (l) pers.) Жалпы биологиялық ерекшеліктері

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Құмай өсімдігінің (sorghum saccharatum (l) pers.) Жалпы биологиялық ерекшеліктері"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

ӘОЖ 633

ҚҰМАЙ ӨСІМДІГІНІҢ (SORGHUM SACCHARATUM (L) PERS.) ЖАЛПЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

5В060800 - Экология – 4 курс Ғайып Н.И.

5В060800 - Экология – 3 курс Баққонарова Ж.Е.

аға оқытушы Дәуметова С.Т., х.ғ.к. доцент м.а Адыкаримова А.П.

Алматы технологиялық университеті

Алматы, Қазақстан, e-mail: daumetova 83@ mail . ru

Климаттың ғаламдық өзгеруі жердің өзекті экологиялық мәселелерінің бірі болып табылады. Мұндай өзгерістерге температураның көтерілуі, жауын- шашын мөлшерінің төмендеуі қатар жүреді. Бұл ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділігі жоғары дақылдарды іздеуге негіз болады.

Құмайдың барлық түрлері (дәнді, қантты, техникалық, шөптектес) сондай дақылдардың бірі болып табылады. Солардың ішінде қант құмайы құрғақшылыққа төзімдірек болып табылады, дәнді және сыпыртқылы түрлеріне қарағанда сабағының шырынының құрамында 10-20%-дан астам ерігіш қанттар болатындығымен ерекшеленеді. Табиғатта сахарозаны осындай жылдамдықпен синтездейтін басқа өсімдік жоқ. Қант қызылшасын өсіру не тиімсіз, не мүмкін емес оңтүстік құрғақ аудандарда қант құмайы өсе алатындықтан соңғы кездердегі қант құмайына қызығушылықтың артуы сөзсіз.

Қант құмайы (Sorghum saccharatum Pers.) құмай (Sorghum (L)., Moench.) туысы, астық тұқымдасына (Роасеае) жатады. Құмай өзінің физиологиялық ерекшеліктерінің және бірегей ылғал реттегіш механизмінің арқасында топырақтың және ауаның (атмосфералық) құрғақшылығына төзімділігімен ерекшеленеді. Ең алдымен құмай өсімдігінде транспирация коэффициенті яғни, құрғақ зат бірлігіне жұмсалған судың мөлшері өте төмен. Мысалы, құмай судың бар болғаны 300 бөлігін жұмсағанда, судан шөбі -340, жүгері – 388, бидай – 515, күнбағыс – 895 бөлігін жұмсайды[1]. Қазіргі кезде қантты құмайды өсіруге деген қызығушылық мұнай бағасының күрт жоғарылауынан және қорының азаюымен, мұнай өнімдері және спиртті жағармай ретінде пайдалануға сұраныстың болуынан туындап отыр (Кесте -1).

Кесте 1 - Құмай (сорго) өсімдігінің өндірісте таралған сорттары

Сорт атауы Сыртқы сипаты Қолданылуы

Дәнді құмай Бойының қысқалығымен,

сыпыртқысындағы дәндерінің көптігімен ерекшеленеді. Шашақтың ұзындығы - 35 см дейін жетеді.

Дәнінің құнарлылығы өте жоғары.

Негізінен мал-азықтық жем, сүрлем жасауға қолданылады.

Сыпыртқылы құмай

Сабағы икемге тез көнеді, сыпыртқысы майысқақ, дәнінің түсуі өте қиын.

Сыпыртқы, щетка жасауға және тағы басқа техникалық мақсаттарға қолданылады.

(2)

Шөптесін құмай Басқа туыстарға қарағанда жақсы түптенуімен және жапырақталуымен ерекшеленеді (1өсімдіктен 12-17 сабаққа дейін шығады).

Негізінен мал азығы ретінде шөп, жасыл сүрлем, өсімдік ұны мен түйіршігін (гранула) дайындауда қолданылады.

Қантты құмай Басқа туыстастардан сабақ шырынында 10%-дан 20%-ға дейін қант мөлшерінің болуымен ерекшеленеді. Табиғатта сахарозаны осынша көп мөлшерде жерүсті мүшелерінде түзетін басқа өсімдіктер кездеспейді

Мұнай өнімдері және спиртті жағармай ретінде пайдалануға қолданады.

Құмай (сорго) - азықтық, малазықтық және техникалық өсімдік. Оның отаны – Африка. Бұдан 5 мың жылдан астам бұрын құмайды баптап, өсірген.

Құмай - жылу сүйгіш, ыстыққа, құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Астық тұқымдас даражарнақты өсімдіктерге сабағы бунақталған, іші қуыс (кейбіреуінің қуысына өзек толған), шөптекті, сүректі өсімдіктер жатады.

Олардың сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкеле сабаққа кезектесіп орналасады.Жапырақ негізінен қынап түзеді. Жапырақ тақтасы мен қынап аралығында тілше пайда болады. Гүлдері ұсақ. Гүлшоғыры–шашақ басы, күрделі масақ, собық, күрделі гүлшоғыр.Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер (мысалы, бидай, күріш, жүгері, тары, т. б.). Жемісі-дәнек, тамыры-шашақтамырлы [2].

Қантты құмай сусындарды өндірудің алғашқы өнімі, ол үшін кристалды қант, спирт және басқа да өнімдерді пайдаланады. Құмай сусынын шәрбаттар даярлауда қолданылады. Қантты құмай қант өндірудің болашағы бар шикізат көзі болып табылады. Қантты құмайды өсіру қант қызылшасына қарағанда тиімдірек, себебі құмай сабағының өнімділігі гектарына 20-30 тоннаны құрайды (1 сурет)[3].

ТМД елдерінің құрғақшылық және жартылай құрғақшылық аудандарында құмай өсіру тиімді, себебі өнім жоғарғы сұранысқа ие. Оның жасыл биомассасы құстар мен жануарларға қорек болып табылады.

Құмай мол өнiм беретiн дақыл ғана емес, сонымен қатар құрамында көмiрсутектер, ақуыздар, амин қышқылы, минералды заттар, дәрумендерден тұратын мал-азықтарының құнарлылығын жоғарылатудағы маңызды заттарды құрайды.

(3)

Сурет 1 - Құмай алқабы

Құмай қысқа күндік өсімдік. Сонымен қатар, жылу сүйгіш дақылға жатады. Тұқымының өнуі үшін минималды температура 8-9°С, 13-15°С температурада тұқымның бөртуі байқалады. Тұқымның өнуіне қолайлы температура 20-25°С. Ал, температура 2-3°С болған жағдайда өскіндер өнбейді. Құмайдың пісуіне қажетті оңтайлы температуралардың жиынтығы 30°-35°С[4]. Құмайдың құрғақ затының түзілуіне судың 300 бөлігі жұмсалады, құмай құрғақшылыққа төзімділігі жағынан бидай мен жүгеріден асып түседі.Құмай жапырақтары құрғақшылық кезінде булануды азайту үшін оратылып, тік жағдайда қалады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Рооней И.Л., Блюментал Ж., Беананд B., Мюллер Ж.E. Биоэнергия шикізаты мақсатында құмайды жоспарлау // Биоотын, биоөнім және биорефинг. - 2007.-

№1.- Б. 147–157.

2. Матюшин Б.А.,Локтев В.И., Сухопар А.Н. Қант құмайын өңдеу технологиясы және оны қолдану облысы // Селекция, өсіру технологиясы және құмай және басқа дақылдарды қолдану. Саратов,2006.- Б. 124-127.

3. Морару Г.А. Адам тіршілігін қамтамасыз ету үшін қант құмайын пайдаланудың болашағы. //Агрокультура Молдова.-№1, -2000, - Б.16-19.

4. Малиновский Б.Н., Нагорный С.А. Пісіп жетілу фазаларына байланысты құмай өсімдігіндегі қанттың жинақталуы мен шоғырлануы // Жүгері және құмай.-2010.-№2. Б.11-12.

Referensi

Dokumen terkait

10 Кіріспе Той көйлегі қыздың өміріндегі ең ма- ңызды киім болып табылады, өйткені оны қаншалықты ұзақ және мұқият таңдайтын- дықтан, ол қандай да бір киімдермен салыс- тырылмайды..