ҰЛПАНЫҢ ІN VITRO МӘДЕНИЕТІН БҰРШАҚТЫҢ СЕЛЕКЦИЯСЫНДА ҚОЛДАНУ
Ж.Қ. КҰЛАҚПАЕВА М.Қозыбаев атындағы СҚМУ магистранты, Ж.А. Нокушева аға оқытушы
Петропавл қ. Қазақстан Республикасы
Ӛсімдіктердің іn vitro жасуша және ұлпа мәдениеті қазіргі уақытта қарқынды дамып, ауыл шаруашылығы ғылымы мен тәжірибесі қолданысында кең орын алуда.
Қазіргі уақытта бұл әдістерді селекциялық - генетикалық зерттеулерде қолдану ӛнімділіктің жоғарылауымен және кейбір ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын арттырумен байланысты бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Әсіресе бұл әдеттегі селекция мен генетика әдістері мүмкін емес немесе қандай да бір қиыншылықтар кездесетін саласының мәселелеріне қатысты (1).
Каллус ұлпаларының бәрі бірдей, біркелкі болады деп түсіну қателік.
Каллустар морфрологиялық белгілері және ӛсу қарқындылығы мен кӛгеру қабілеті жағынан да әр түрлі болады (2).
Қандай да селекциялық бағдарламаның басты тәжірибелік тапсырмасы ӛсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын таңдап алу немесе қажетті белгілерін жақсарту мақсатында генетикалық ӛзгергіштіктің диапазонын кеңейту болып табылады. Регенерант - ӛсімдіктердің арасындағы түрлену бар ӛзгергіштіктің шегін кеңейтіп, селекциялық жұмыстарда сәтті қолданылады.
Сондай-ақ, in vitro дақылында ерекше жағдайдан in vivo жағдайында жӛнді ӛзгермейтін жасушалар пайдасына қызмет ететін диплоидты таңдаудың арқасында мүлдем бола алмайтын мутация түрлері алынады (3).
1-кесте. Бұршақтың каллусты клондарынан алынған регенерантты ӛсімдіктердің тірі қалуы мен ӛнімділігі
Сорт Іn vitro
уақыты, тәулік
Регенерантты ӛсімдіктердің саны
Тірі қалуы
%
Жалпы тұқым саны Топыраққа
отырғызылды
Адаптацияла нды
Неосыпающийся 1
90-360 8 4 50,0 32
361-720 15 6 40,0 42
Таловец 50 90-360 21 6 28,6 30
361-720 13 4 30,8 24
Кестеде кӛрсетілгендей регенерантты ӛсімдіктердің басым бӛлігі стерильді емес ортада адаптация процесі кезінде тіршілігін тоқтатты. Сондықтан, ӛсімдіктердің тіршілікке қабілеттілігі 28 – 50% арасында ауытқып отырды.
Нәтижелер анализі тіршілік ету қабілетіне генотип те, регенерантты ӛскіндер алынған каллусты ұзақ ӛсіру де әсер ете қоймайтынын кӛрсетті. Іn vitro жағдайында 90 тәулікпен 720 тәулік аралығына дейін ӛсірілген. Неосыпающийся 1 сорты ӛсімдіктерінің тіршілікке қабілеттілігі 50 % құрады.
Ұзақ қайталап ӛсірілетін дақылдар каллусында регенерантты ӛсімдіктердің максималды саны Неосыпающийся 1 сортынан алынған. Регенерантты ӛскіндердің жеткілікті кӛлемінен, азғантай ғана регенерантты ӛсімдіктер пайда болған. Таловец 50 сортымен салыстырғанда Неосыпающийся 1 сортының бір бұршақ ӛсімдігінің тұқым түзуі 90-360 тәулікте 8 тұқымнан, Таловец 50 сортында 5 тұқымнан түзілді.
Неосыпающийся 1 сортында 361-720 тәулікте 7 тұқымнан, ал Таловец 50 сортында 6 тұқым түзілген.
Тірі қалған және ӛсуін жалғастырған регенерант ӛсімдіктер морфологиялық жағынан ӛзара күрт ерекшеленді. Ол сабақ ұзындығы, жапырақ тақтасы, аралық байламдар саны, бұршақ саны, ӛсімдіктегі тұқым салмағы сияқты белгілерге байланысты болды. Регенеранттардың басым бӛлігі аралық байламдары небары 10- 15 см құраған тӛмен сабақты болды. Ӛсімдіктер екі-үш бұршақ пайда болғып, 1-2 ӛнімді байлам түзіліп, тез гүлдеді. Бұршаққындағы жалпы бұршақ саны беспен сегіздің арасында ауытқып отырды.
Тұқымдар жиі солғын және қалыптаспаған болған. Тұқымдық ұрпағының ӛсімдіктерінің регенеранттары фенотип жағынан бастапқы генотиптерден ерекшеленбеген, тозаңдану және тұқым байлануы жоғары болған.
Кейбір регенеранттар ары қарай ӛскенімен, мүлде гүлдемеген немесе стерилді болған. Басқа регенерант ӛсімдіктер морфологиялық жағынан жақсы дамыған, қуатты дамумен сипатталып, молынан гүлдеп, тұқым байлаған.
Бақыланған регенерант ӛсімдіктің морфологиялық ӛзгешеліктері ӛсіру жағдайының күрт ӛзгеруімен байланысты морфоз болуы мүмкін.
Осылайша, ұзақ ауыстырылып ӛсірілетін бұршақтың дамыған тамырлы регенерант ӛсімдігін алу мүмкіндігі кӛрсетілген. Жоғарыда аталған сорттардың арасында Неосыпающийся 1 сорты адаптациялану жағынан және тұқым түзу жағынан басымдылық танытқан.
Әдебиеттер
1. Бутенко Р.Г. Биология клеток высших растений in vitro и биотехнологии на их основе - М.: ФБК-Пресс, 1999
2. Уәлиханова Г.Ж. Ӛсімдіктер биотехнологиясы – Алматы: «Дәуір», 2009
3. Скаукрофт У.Р. Сомаклональная изменчивость: миф о клональном единообразии - М.: Агропромиздат, 1990