• Tidak ada hasil yang ditemukan

Ұлттың қайта өрлеуіне өзіндік үлес

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Ұлттың қайта өрлеуіне өзіндік үлес"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

Н.О. БАЙҒАБЫЛОВ

Ұлттың қайта өрлеуіне өзіндік үлес

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасы, Павлодар қ. Ломов кӛшесі, 64

Тел.: (7182) 45-11-96, e-mail: [email protected]

Шет елдердегі қандастарымызды алаңдататын жайт аз емес. Соның бастыларының бірі – балаларының жоғары білім алуы. Бұл орайда қазақ диаспорасының ата жұртқа қарап алаңдайтыны түсінікті. Қазақстан атамекен ретінде шетжердегі қазақ жастары үшін ӛзің түсінетін ортада ретінде, белгілі дәрежеде квота белгіленуімен жәнеде ата жұртқа келіп табан тіреу тарапынан артықшылықтары зор. Анағұрлым дамыған әлемдiк диаспоралар қалыптастыру, оларға мәдени-гуманитарлық, бiлiм беру салаларында қолдау кӛрсету, олардың тарихи отанына оралуына жәрдемдесу мақсатында шетелде тұратын отандастармен жан-жақты байланыс орнату дәстүрi әлемдiк практикада ежелден орын алған. Мысал ретiнде бүкіл әлемдегi, оның iшiнде Қазақстанда тұратын ӛз отандастарымен тығыз байланыс жасап отырған Германия, Польша, Израиль, Оңтүстiк Корея, Армения сияқты мемлекеттердiң тәжiрибесiн келтiруге болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ӛкілінің ресми мәліметіне сүйенсек “Шетелде тұратын отандaстарымызды қолдау мақсатында арнайы квотасы қарастырылған [1].

Аталған мӛлшердегі квотаны игеру жолында, бүгінгі күні қазақ қазақ диаспорасы ӛкілдері мен оралмандар 40 астам жоғары оқу орындарында 1500 студент білім алуда [1]. Ал 2008 оқу жылында Қазақстан Республикасының 15 жоғары оқу орындарында аталмыш бағытта дайындық бӛлімдері жұмыс атқарды.

Биылғы оқу жылында 15 жоғары оқу орындарында дайындық бӛлімдері жұмыс атқарады. Дайындық бӛлімдерінде Қытай Халық Республикасынан, Ӛзбекстаннан, Моңғолиядан, Түркменістаннан, Түркиядан, Ираннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан қазақ диаспора ӛкілдері білім алуда [1]. Барлық тындаушылар оқу кезеңінде университеттің студенттер жатақханасында тұрып, қажетті медициналық, мәдени-тұрмыстық қызмет кӛрсетумен қамтамасыз етілген.

Тарихи отанына оралған, үздік оқитын оралман студенттердің материалдық жағдайына кӛмек беру және оралман жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, және оларды мемлекетіміздің ғылыми, мәдени, және қоғам ӛміріне қатыстыру мақсатында жергілікті ұйымдар басшылығымен дәстүрлі түрде байқау ұйымдастырылып тұрады [2].

Сондай-ақ, қазақ диаспорасын қолдау мақсатында “Дарын”

республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2004 жылдан бері

(2)

“Қазақстан - ата жұртым, қасиетті ана тілім” атты халықаралық олимпиада ӛткізуді дәстүрге айналдырды.

Шетелде тұратын қазақтар бiртұтас қазақ ұлтының құрамдас бӛлiгi болып табылады. Олар ана тiлiнде сӛйлейдi, ұлттық дәстүрлер мен әдет- ғұрыптарды сақтайды, Қазақстанды ӛзiнiң тарихи отаны деп санайды.

Кейбiр елдерде қазақтар жинақы орналасқан жерлерде қазақ диаспорасы ӛкiлдерiнiң ана тiлiнде білім алу, ұлттық мәдениет пен дәстүрдi дамыту мүмкiндiгiне ие, бұл оларға шетелде қазақ мәдениетiнiң, әдебиетi мен ӛнерiнiң бай қорын қалыптастыруға жағдай жасады. Осыған қарамастан, соңғы кезде шетелде тұратын отандастарымыздың ұлттық-рухани, мәдени жағдайына байланысты кӛптеген проблемалар туындады. Олардың бiрi - қазақтардың ӛздерi тұратын елдердiң этникалық ортасына сiңуi салдарынан ана тілiнен, салт-дәстүрiнен, ұлттық жаратылысынан ажырау қаупi. Нәтижесiнде миллиондаған этникалық қазақтар ассимиляцияға ұшырауы және қазақ ұлты үшiн жоғалуы мүмкiн, осы бағытта арнайы мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырыла басталды.

Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 қарашадағы N 1673 Жарлығымен бекітіліп, негізінен бағдарламаның мақсаты - бiртұтас қазақ ұлтының құрамдас бӛлiгi ретiнде шетелде тұратын отандастарды олардың сұраныстарын ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық қорғау, қолдау жӛнiнде мемлекеттiк жүйе құру, шетелде тұратын отандастарға қолдау кӛрсетудi құқықтық реттеудi жетілдiру шетелдiк отандастардың саяси, мәдени-ағартушылық, кӛшi-қон, азаматтық, әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешуге, олармен экономикалық және мәдени-рухани байланыстарды кеңейту бағытында болды. Қойылған мақсатқа қол жеткiзу барысында:

1) шетелде тұратын отандастарды қолдау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;

2) шетелде тұратын отандастармен тығыз экономикалық қарым- қатынас орнату үшiн жағдай жасау;

3) шетелде тұратын отандастармен тұрақты негiзде мәдени- гуманитарлық байланыстарды ұстау үшiн жағдай жасау;

4) шетелде тұратын отандастарды ақпараттық қамтамасыз ету;

5) шетелде тұратын отандастарды Қазақстан Республикасының оқу орындарында бiлiм алуға дайындау үшiн жағдай жасау;

6) шетелдiк қазақ диаспорасының бiрiгуiне ықпал ету сынды орынды мiндеттерді шешуге ұмтылды [3].

Шетелдік қаракӛз жастар тарапынанда ұмтылыстар бар, нақты бір мысалы ретінде Ресей федерациясында Самара облысында қазақтардың шоғырланған жақта қазақ жастарының ӛз халқының кешегісі мен бүгінгісін танысам, білсем деген ынта-ықыласы оң. Самара аймағы «Ақ жол» қазақ ұлттық мәдени орталығының «Қайрат» атты жастар қанатын

(3)

құрды. Жаңа ұйымның жетекшілігіне Самара мемлекеттік педагогикалық университетінің IV курс студенті Мәдина Сәрсенғалиева сайланды.

Ұлттың мәдени және рухани қайта ӛрлеуіне ӛзіндік үлесті аталмыш жастарымыздың ӛзіндік тарапынан мол үлес қосатыны шындық. Тек қордалана бастаған кей мәселеге мемлекеттік, жалпы ұлттық деңгейде қарап, мәселелердің түйінін шеше отырып, шетжерлік қазақ жастарының талпынған ұшқыннан жалын лаулату шарт . Ұлттың қайта ӛрлеуіне ӛзіндік қомақты үлесті қосатын “бүгінгі - қазақ жастары” деп ой түйеміз.

Әдебиеттер

1. К.Құрманәлиев “Шетелде тұратын отандaстарымызды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” // http://www.atameken-asar.com

2. ҚР ЖОО-да оралман студенттер байқауы// http://www.seimarfund.kz 3. Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //http://www.sana.gov.kz/

(4)

Форма заявки на участие

Фамилия, Имя, Отчество: Байгабылов Нурлан Оралбаевич Название статьи: Ұлттың қайта ӛрлеуіне ӛзіндік үлес

Место учебы, работы: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Магистратура: специальность “Социология”

Ученная степень, ученое звание, должность: магистрант.

Домашний адрес: РК г.Павлодар М.Горького 55-189, дом.тел.: 679314 Адрес организации: РК г.Павлодар, ул.Ломова 64 ПГУ им . С.

Торайгырова

Телефон (факс): 451196

Планируемая форма участия: очное Форма выступления : устный доклад

Referensi

Dokumen terkait

Мәселен, ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінде2020 жылға қарай модульдік-