М.Б.Шындалиева
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан
«Әдеби редакциялау» пәнін журналист-студенттерге оқытудың әдістері Әдеби редакциялаудан ең алғашқы дәрісті 1952 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде профессор К. И. Былинский оқыған. Бұл дәрісте курстың жалпы концепциясы қалыптасып, бағдарламаның негізгі бӛлімдері анықталған. Әдеби редакциялау ұғымы баспасӛз тарихына К. И. Былинскийдің «Әдеби редакциялау мен газет материалдарына түзету енгізудің негіздері» кітабы жарық кӛргеннен кейін, яғни 1940-шы жылдардың аяғында енді. Жаңа терминнің шығуы екі жағдаймен түсіндірілген: газет жұмысы жағдайында материалдардың редакциялық дайындығының спецификасын айқындау мен әдеби ӛңдеу – тіл мен стиль қателерін түзету деген ұғымды кеңейту болды. Газет материалдарын редакциялаудың ерекшеліктері айқын: редактор публикация характерін, оның ақпараттылығын, автор позициясын, автордың оқиға мен оқырманға жақындығын, ақпараттың жылдамдығы мен редакцияның жұмыс жағдайын есепке алуы тиіс.
Кӛп жылдар бойы әдеби редакциялауға деген кӛзқарас практикалық ойларға негізделді. Жаңа әдебиетке кӛптеген авторлар келе бастағанда, олардың қолжазбаларын баспаға жіберу үшін қарапайым қателерді түзеу керек болған. Әдеби редакциялауға байланысты жазылған алғашқы еңбектер редакторларды осы жағдайларға ғана үйретті.
Әрбір практикалық пән норма мәселелерімен қақтығысады. Практикалық талаптар мен ғылыми білім деңгейі әрқашан тығыз байланыста болады. Әдеби редакциялау да қолданбалы гуманитарлық пәндермен бірге ӛсіп, қалыптасу процесі әлеуметтік контекспен айқындалды. Ӛзінің дамуы жағынан ол редакциялаудың теориясы мен практикасы сияқты пәндермен қатар жүрді.
«Әдеби редакциялау» курсы бойынша журналист-студенттерге теориялық біліммен қатар практика жүзінде де білімін бекіту үшін лабораториялық сабақтар үстінде әртүрлі бақылау жұмыстарын жазғызып отыру тиімді. Әдеби редакциялау ұғымы ӛте күрделі. Латын тілінен аударғанда «redactus» – «тәртіпке келтірілген» деген мағынаны білдіреді. Баспасӛз,баспа, радио, теледидарда әдеби редакциялау қоғамдық- әдеби іс, жариялау немесе кӛпшілікке кӛрсету үшін материал дайындау дегенді білдіреді. Кӛп жағдайда редакциялаудың міндетін айқындауда оның мәтінді түзету деген бір жағы ғана қарастырылады. Түзету редактор іс-әрекетіндегі маңызды құбылыс.
Оның басты міндеті мазмұн мен шығарма формасына сараптама жасау болып табылады. Әдеби редакциялаудың міндеті – шығарманың қоғамдық бағалануының алғы шарттары екенін студент-журналистерге түсіндірудің маңызы зор.
Теледидардардағы редакциялау пәні түрлі жанрдағы мәтіннен бастап видеоқатардың иллюстрациялары мен саяси және қоғамдық мәні бар аспектілері де кіреді. Редакциялау арқылы кез келген шығармадағы қателер түзетіледі. Редактордың міндеті - ӛзі түзеген материалдың сауатты және түсінікті болуын қамтамасыз ету.
Редактор эфирге шығатын сюжет пен баспасӛздегі публикацияға толығымен жауапты.
Ал сыншы-рецензент болса жарыққа шыққан материалдың кемшілігі мен құндылығын анықтайды, кӛрермен мен оқырманға оны дұрыс бағалауға кӛмектесіп, авторға қажетті кеңес беруі тиіс. Ӛзінің ақпараттық қызметін орындау барысында БАҚ материалдары жан-жақты, түсінікті баяндалуы тиіс. Редактордың шығармашылық мүмкіндігі мен шеберлігінен материалдың сапасы айқындалады. Редактор қызметінде сыншы мен тіл маманы, стилист пен педагог, ұйымдастырушы мен суретші мамандығы ұштасады.
Редактор ӛз білімін әрдайым жетілдіріп отыруы қажет және логикалық ойлауы мен әдеби тілдің нормаларын жетік білген жағдайда ғана редактор діттеген мақсатына
жетеді. Шығармаға нақты мақсат тұрғысынан қарау, автор еңбегінің шындыққа қатысын айқындау редакторлық бағалауға жатады.
Редактор кітап, радио немесе телебағдарлама дайындаудың барлық ӛндірістік- технологиялық процесін білуі шарт. Полиграфия негіздері мен техникалық мүмкіндіктерді білуімен қоса шығарманың әсерін күшейтуге кӛмектесу үшін студент- журналистерге ӛндірістік тәжірбиеден ӛткен кезеңдерде БАҚ процесіндегі жаңалықтар мен жетістіктерді толық меңгеру міндеттелуі тиіс. Редакциялау – шығармашылық процесс болғандықтан оны редактордың жеке дара ерекшеліктері айқындап қоймайды, студент-журналистер әдеби редакциялаудың қыр-сырын меңгеруі үшін тӛмендегі кезеңдерді білуі тиіс деп ойлаймыз.
Дайындық кезеңі. Редакторлық іс-әрекеттің басы – дайындық кезеңі болып табылады. Оны ұйымдастырушылар – шығармашылық кезең деп те атайды. Оған басылым, баспа, радио немесе теледидар ұстанымына сәйкес тақырыптық бағытты айқындау, айдарлар мен жобалар, авторды таңдау процестері жатады.
Мәтінмен жұмыс істеу - ӛте күрделі процесс. Автор жаңа, құнды, дәлелді деректер тапқан кезде керек сӛздер ойға ӛздері келеді. Бұл - ӛте кең тараған кӛзқарас.
«Жақсы жазу үшін жақсы ойлау керек» деген тұжырым бірінші орында болуы заңды.
Баспа теоретиктері ӛз құрылымдарында филологиядан гӛрі әлеуметтану кӛп екендігін мойындайды. Бүгінгі таңда әдеби редакциялауды филологиялық пән ретінде қарастыра келе, жинаған бақылауларымызды бір жүйеге келтіріп, оны студент-журналистердің терең ұғынуына мүмкіндік жасау қажет.
Әдеби редакциялау құрылымы жағынан комплексті пән болғандықтан, ол бірнеше гуманитарлық пәндерді, соның ішінде логика, психология, әлеуметтану, тарих пәндерін қамтиды. Ал, теориялық құрылымы жағынан әдеби редакциялау лингвистика мен әдебиеттануға сүйенеді. Осыған байланысты біз практикалық міндеттерді шешу кезінде библиография, текстология, информатика сияқты пәндерге де жүгінуге тура келеді.
Мәтінді түзету процесі ең алдымен оны терең ұғынып, оқып алуды қажет етеді. Кӛркем әдебиет редакторларының тәжірибесіне негізделеген редакциялаудың дәстүрлі әдісі осылай жасауды қажет етеді. Ғылыми және техникалық әдебиетті баспаға дайындау кезінде ұсынылған редакциялаудың динамикалық әдісі редакторға материалды терең зерттеп, оқығаннан кейін түзетулер енгізгені жӛн, басуға ұсынылар алдында тағы бір қараған жағдайда ғана мәтін мазмұны ойдағыдай шығады.
Редакциялаудың теориясы мен практикасына байланысты әдебиетте редакторлық сараптама мәселелерін екінші орынға ығыстырып шығарды. Редакторлық - ӛте күрделі жұмыс және де кез-келген мәтінге қолданыла беретін түзету түрі болмайды. Түзету әдісін редактор ӛзі таңдайды. Бірақ оның бұл таңдауы нақты, әрі негізделген болуы қажет. Түзетулер мен ӛзгертулердің саны ол жұмыстың сапасын айқындамайды. Бүгінгі күні де газет редакцияларында, баспаларда кейбір қызметкерлер автор шығармасын қайтадан жазып шығуды ӛз міндеті деп санайды. Мұндай ӛңдеуден кейін кӛп жағдайда мәтін ӛз ӛңін жоғалтады.
Редакциялау әдісінде түзетудің тӛрт түрі белгілі: түзету-қайта оқу, түзету- қысқарту, түзету-ӛңдеу, түзету-қайта жазу.
Түзету-оқып шығу – мәтінді түпнұсқасымен салыстырып оқу, ондағы - әріп қателерін түзету. Ресми материалдарды, қайта басылып шығатын кітаптарды редакциялау барысында түзетудің осы түрі қолданылады.
Түзету-қысқарту – мәтіннің мазмұнын, логикалық жүйесін сақтай отырып, оны белгіленген кӛлемге, яғни таңбаға, жолға, бетке түсіріп ықшамдау. Шығарманы шұбалаңқылықтан, нанымсыз дәлелдерден, біртекті дәлелдеулер мен қайталаулардан арылту үшін де түзетудің осы түрі қолданылады.
Түзету-ӛңдеу – авторлық мәтінді сақтай отырып, шығарманың композициялық құрылысындағы олқылықты жою, деректік және логикалық қателерін түзетіп, тілі мен стиліндегі кемшіліктерін жӛндеу.
Түзету-қайта жазу - әдеби тілді нашар меңгерген авторлардың қолжазбаларын әзірлеу кезінде қолданылады. Мұнда әдеби ӛңдеуші автордың негізгі ойын, ӛзіндік стиль ерекшелігін сақтай отырып, шығарманы қайта жазып шығады.
Телебағдарламалар жасайтын шығармашылық топта редактордың алатын орны ерекше. Ол материалдың мазмұны мен кӛркемдік сапасына жауап береді. Бүгінгі таңда кейбір арналардың штаттық кестелерінде редакторды әрқалай атайды. Негізінен, бас редактордың қызметін продюсер атқарады. Ол бағдарманың идеялық-кӛркемдік деңгейін бақылап қана қоймай, сонымен қатар ӛндірістік, ұйымдық және қаржылық мәселелерге де араласады. Теледидардағы редактор жұмысы ӛте кең кӛлемді қамтиды.
Оның іс-әрекеті әдеби жұмыспен ғана шектеліп қоймайды. Бұқаралық ақпарат құралы ретінде телевидение редактордан теледидар ӛндірісінің ерекшелігімен байланысты білімінің болуын талап етеді. Редактордың, сондай-ақ, документалистикадағы (құжаттану) алатын орны да ерекше.
Редактордың шығармашылық мамандығы теледидардың құрылуымен бір мезгілде пайда болып, уақыт ӛте келе, оның мазмұны толығып, кӛптеген міндеттері кейіннен белгіленген.
Бүгінгі таңда редактор жұмысы мәтінді тексеру мен түзетуден тұрады десек жаңсақ пікір болар еді, ол сондай-ақ, цензорлық жұмыс, телебағдарламаларды жасаудағы шығармашылық процестің лидері болып табылады.
Теледидар редакторының жұмысы кӛрермен бағдарламаны экраннан кӛрген кезден бірнеше сағат бұрын басталады. Ол теледидарлық жоба жасауға қатысып, қызықты материал табады, оған авторлар таңдап, қатысушыларды шақырады. Сонымен қатар, сол қатысушылардың әдеби дайындығын ғана есепке алып қоймай, экран міндеттемелерінің де сақталуын қамтамасыз етеді. Бағдарлама дайындаудың кейінгі стадияларында редактор тек кеңесші мен автор, режиссерлардың кӛмекшісі рӛлін атқарады. Осылайша, әдеби материалды бағалаудан бастап, оның жазылуы мен эфирге бағдарламаның шығуына дейін редактор жұмыс жасайды. Ӛзі де кей кезде жүргізуші, сұхбаттасушы, репортер қызметін атқарып, журналистік қызметті қоса атқарады.
Студент-журналистер редакторлық іс-әрекеттің тағы бір аспектісі: техникалық және шығармашылық мәселелердің үйлесімділігін қамтамасыз етумен айналысатынын, камераның техникалық мүмкіндігі мен электронды «спецэффектілерді», монтажды білуі қажет деп білгені абзал.
БАҚ-ғы редакциялау журналист қызметімен тығыз байланысты болғандықтан журналист-студенттерге бұл пәннің теориялық және практикалық мәселелерін толық меңгеру міндеттеледі. Журналист-студенттер бұл пәнді тек аудиторияда ғана оқып- үйреніп қоймай, практика жүзінде РВ, ТВ, газет-журнал, баспа ісіндегі қызметкерлерден, публицистикалық және ақпараттық бағдарламаның редактор- тәжірібиешілерінен де тәлім алып отырса артық болмайды. «Әдеби редакциялау»
пәнінен тек лекция, практикалық сабақтар ғана жүргізілмейді, бақылау-пысықтау, тест тапсырмалары шешу, орындау үшін арнайы лабораториялық сабақтарда алған білімдерін тексеру жолдары қарастырылған. Жоғарыдағы тапсырмаларды орындамас бұрын студент-журналистер берілген әдебиеттермен, студия, редакция, баспа жұмысымен түгел танысып барып, қорытынды баға қойылады.