• Tidak ada hasil yang ditemukan

ӘЛІБИ ЖАНГЕЛДИН-ТҦҢҒЫШ ҚАЗАҚ САЯХАТШЫЛАРЫНЫҢ БІРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ӘЛІБИ ЖАНГЕЛДИН-ТҦҢҒЫШ ҚАЗАҚ САЯХАТШЫЛАРЫНЫҢ БІРІ"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)
(2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттер мен жас ғалымдардың

«Ғылым және білім - 2014»

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ

IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых

«Наука и образование - 2014»

PROCEEDINGS

of the IX International Scientific Conference for students and young scholars

«Science and education - 2014»

2014 жыл 11 сәуір

Астана

(3)

УДК 001(063) ББК 72

Ғ 96

Ғ 96

«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».

– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.

(қазақша, орысша, ағылшынша).

ISBN 978-9965-31-610-4

Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.

УДК 001(063) ББК 72

ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті, 2014

(4)

4220

1. Ақмола облысының Статистика департаментінің мәліметтері. Динамикасы. 2013ж.

2. Доскач А.Г. Основные черты строения Северного Казахстана //Природное районирование Северного Казахстана, М.-Л., 1960.

3. Рельеф Казахстана (пояснительная записка к Геоморфологической карте Казахской ССР масштаба 1:1500 000).Часть 1. Алма-Ата, Ғылым, 1991,168 с.

4. Филонец П.П., Омаров Т.Р. Озера Центрального и Южного Казахстана Алма-Ата, Наука, 1973.

5. Исаченко А..Г. Основы ландшафтоведения и физико-географическое рацонирование/

А.Г.Исаченоко. – М.: Высшая школа, 1965. – 32

УДК 910.2

ӘЛІБИ ЖАНГЕЛДИН-ТҦҢҒЫШ ҚАЗАҚ САЯХАТШЫЛАРЫНЫҢ БІРІ Жакупов Қабанбай Бекетҧлы

[email protected]

«Тұран-Астана» университетінің магистранты, Астана, Қазақстан Ғылыми жетекшісі - М.Ғабдуллина

Тарихта әр халықтың ӛзіндік орны, даму ерекшелігі бар. Солардың бірі – қазақ халқы сан қилы жағдайларды бастарынан ӛткізіп, ӛздерінің ұлттық бірлігін, туған жер алтын бесігін қорғап, азаттық туын жоғары кӛтерді. Қазақ даласындағы, оның тарихындағы ерекше орын алатын тұлғалардың бірі Әліби Жангелдин.

Әліби Жангелдиннің балалық шағына, білім жолы мен сіңірген еңбектеріне, елімізде совет үкіметі орнау кезінде қосқан үлесіне шолу жасай отырып, Әліби Жангельдин Тоғжанұлы - XX ғасырдың басынан бастап Орталық және Шығыс Еуропаны, Африка, Азия және Жапония елдерін аралап ӛткен қазақ халқының алғашқы туристі болған. Сонымен бірге, тек турист емес, журналист-фотограф ретінде, кӛптеген репортаждары мен еңбектерін Санкт- Петербург, Варшава, Будапешт сынды қалалардың баспаларына жіберіп, газет беттерінде жарық кӛрген.

Бұл тұлға, саяхат тарихына венеция – кӛпесі Марко Полоның (1254-1324 ж.) ерлігіндей еңбек сіңірген. Бірақ, Марко Полоның саяхаты жайлы мыңдаған кітаптар жазылған, ал Афанасия Никитинаның (1474) «за четыре моря» атты сапары Ресей мен бұрынғы КСРО-ның барлық география және тарих оқулықтарында жазылса, Әліби Жангелдиннің саяхаттары жайлы бірде бір оқулықта жазылмаған. Тіпті, «История Казахстана с древнейших времен до наших дней. Очерк» «Дәуір» баспасы, Алматы 1993 ж., сынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиясы, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, А.Х. Марғұлан атындағы археологиялық институт, Қазақстанның

«Даму Фонды», осы жоғарыда аталған оқу орындарынан шыққан баспаларда Әліби Жангелдиннің есімі 1916 жылғы кӛтеріліс басшыларымен бірге, бірнеше жерде ғана аталады.

Біз Әліби Жангелдинді қала мектептерінің оқушылары білеме деп, сауалнама алдық.

Сауалнама сұрақтары:

Шоқан Уалиханов кім ? а) ғалым, б) этнограф, в) саяхатшы, г) бәрі дұрыс.

Марко Пол кім? а) саяхатшы, б) саудагер, сяхатшы, в) жазушы, г) қоғам қайраткері.

Әліби Жанкелдин кім? а) ақын, б) жазушы, в) саяхатшы, қоғам қайраткері, г) революционер, қоғам қайраткері, саяхатшы.

Астана қаласындағы ғ 28, 30, 48, 50 мектептердің оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнама жауаптарын талдайтын болсақ, оқушылар Шоқан Уалихановты 100%, Марко Полоны 95-98%, ал Әліби Жангелдинді ӛкінішке қарай 4-9%-ы ғана білетін болып

(5)

4221 шықты.

Әлемді тану мақсатында жарты дүниені аралап шыққан қазақ ұлын кӛпшілік біле бермейді. Осындай сирек тағдыр иесінің қызықты да күрделі, жарты әлемді жаяу аралаған саяхатшының қазіргі жастарға беймәлім екендігіне кӛзіміз жетті.

Ә. Жангелдин 1910-1912 жылдары темір жол мен су жолын санамағанда, жер шарының 12 мың километр жерін жаяу жүріп ӛткен.

Әліби Жангелдин тұңғыш қазақтан шыққан саяхатшы. Оның дәлелі «Саяхатшыларға берілетін жол бағдар қағазы» болған. Әліби Жангелдин жайлы «Қазақстан тарихы»

кітабында екі-үш жерде ғана аты аталады. Ал Қазақстанның физикалық-географиясында Әліби Жангелдин саяхаты жайлы еш дерек жоқ.

Әліби Жангелдин ӛмір баянын жан-жақты зерттеуді қажет ететін, ұрпаққа үлгі боларлық қазақтың бір туар азаматы.

Әліби Жангелдин 1884 жылы Торғай уездіне қарасты Қайдауыл елді-мекенінде кедей шаруаның от-басында дүниеге келген. Ол отбасында үлкені болып, әкесіне байдың қойын бағуға кӛмектесті. Қайдауыл елді мекені ӛзінің табиғатымен ерекшеленетін. Ауылдың маңында сылдырап аққан ӛзен, жағалай бұталы шілікті болып келетін. Кӛктемде су жағасында құс базары басталып, суатта ақбӛкендер кӛбейетін. Әкесі аңға шыққанда Әлібиді бірге алатын.

Туған жердің табиғатын танып білуге және оқуға деген құштарлығы жас кезінен бастап оянған. Бірде ауылға қазақ мұғалімі келген еді. Оның келуі Әлібиге үлкен әсер, ӛшірілмес із қалдырды. Жас бала әкесіне оқытушы болғысы келетін арманын айтқанда, әкесі тыңдағысы да келмейді. Бірақ Әліби бала кезінен бастап ӛзінің жігерлілігімен кӛзге түсуші еді. Оқытушыдан бірнеше рет мектеп жайлы сұрап, біраз уақыт ӛткен соң әкесінің еркіне қарсы, білім іздеп ауылдан қашып, Торғай қаласындағы мектепке оқуға түседі. Сонымен жас баланың ойлағаны орындалып, оқи бастайды. Мектепте сабақ орыс тілінде жүргізіліп, жас Әліби бұл тілді аз уақыт ішінде меңгеріп кетті. Әлібидің бұл қуанышы кӛпке созылмады.

Біраз уақыт ӛткен соң, әкесі іздеп тауып, үйге қайтып алып кетеді. Содан бері, екі жылдай ӛткен соң 12 жасар Әліби қайтадан қалаға қашып, Қостанайдағы қазақ-орыс мектебінің екінші сыныбына түседі. Патшалық Ресей кезінде, екі жылдық мектептер, қазақ балалары үшін, білім алуға ашылған жалғыз оқу орны болушы еді. Бұл жылдары, қазақ халқының ӛзінің зайырлы мектептері болмаушы еді. Сондақтан қазақ балалары үшін білім алудың екі жолы болатын. Олар діни мектеп және екіншісі орыс-қырғыз мектептері еді. Екінші мектептің қазақ даласында негізін салған атақты ағартушы Ыбырай Алтынсарин болатын.

Бұл ағартушының еңбектері мен ойлары жас Әлібиге әсері ӛте зор болды. Сонымен бірге Абайдың поэзияларын, Уәлихановтың кітаптарын сүйіп оқитын.[1]

Мектеп қабырғасында жүріп жас Әліби орыс әдебиетімен танысып, орыс тілін жетік меңгере бастайды. Орынборға сонау алыс жерден білім іздеп келіп, бұл ӛңірде тек Православ рухани училищесінің барын ғана біліп қатты ӛкінеді. Ал бұл оқу орнына түсу үшін ең бірінші талап шоқыну керек еді. Жас баланың білім мен оқуға деген ынтасының зор болғандығы сонша, Әліби бұған да барады. Сӛйтіп, оған Николай Степнов деген жаңа ат беріп, оқу орнында оқи бастайды. Ӛкінішке орай, бұл мекемеде кӛбіне діни білімдер беріліп, негізі сабақтар соңғы орында болатын. 1903 жылы Оренбургтің рухани училищесін бітірген Әлібиді, аса дарынды оқушы деп, Қазан қаласына оқытушылық семинарияға жібереді. Қазан қаласындағы мұғалімдер семинариясында оқып жүріп, 1905 жылғы студенттер қозғалысына белсене қатысады. Сонысы үшін оқудан шығарылады. 1905 жылдың желтоқсанында Әліби оқуға түспекші болып Мәскеуге келеді. Бірақ бұл ойы бірден орындалмайды. Сӛйтіп, ӛзінің күнкӛрісі үшін ақша табуға тура келеді. Әліби Жангелдин Мәскеуде жүріп кім болып жұмыс жасамады, жерді де қазды, газет сатты, кейін фотографтың кӛмекшісі болды және бұл жұмысы кейін ӛзінің қажетіне жарады.[1]

Әлібидің қалтасында Қазан оқытушылар семинариясының мұғалімі Ашмариннің

(6)

4222

Мәскеу рухани академиясының оқытушысы Покровскиға арналған хаты бар еді. Ашмарин ӛз хатында Покровскиден ӛзі үлкен үміт күтетін қазақтың баласы Әліби Жангелдинді оқуға түсіруге кӛмек сұрайды. Бұл Академияда Әліби бір жылдай оқып, оқудан шығарылады.

Оның себебі үкіметке қарсы іс шараларға қатысты деген айып тағылды [3].

Оқудан шығарылғаннан кейін Әліби Жангелдин сол кездегі әйгілі газет «Утро России»

редакциясына жұмысқа орналасады. Бұл газет тек Рессейде ғана емес, сонымен бірге Еуропаға да белгілі болатын. Баспа үшін Әліби бір үлкен олжа сияқты болды.

Жасы 24 жастағы баланың есте сақтау қабілеті мен кӛп тіл білетіндігі таңғалдырды.

Осылайша Әліби Жангелдин ӛзінің кітапта оқыған қалалары мен елдер жайлы ӛз кӛзімен кӛргісі келді. Осы мақсатты іске асыру үшін газет бетіне ӛзінің алға қойған жоспары мен мақсат- мүдделері жайлы жариялайды.

Бұл хабарландыруға Самараның табиғаттану мұғалімі Евгений Викторович Планецкий мен Ресейдің Мәскеудегі оқытушыларды ағарту коммерциялық училищесінің мүшесі Егор Феофилактович Коровин үн қатады. Сонымен 1908 жылы үш жас жігіттің әлем елдерін жаяу аралаған бақандай бес жылға созылған жиһангерлік ӛмірі басталады. Сол бес жылдың әр күні, әр апта, әр айы қиындықтар мен қауіп қатерге толы болғаны анық. Олар ӛз жолдарын Мәскеуден бастайды. Әліби Жангелдиннің жасы 24 болатын. Он сегіз күннен кейін олар Петербургқа келіп тоқтайды. Сол кезде Петербургтің «Петербурский листок» газеті бұларды «жер шары саяхатшылары» деп суретке түсіріп, жарнамалаған болатын.

Саяхатшыларымыз Польша, Австрия, Венгрия, Сербия, Болгария, Түркия, Сирия, Палестина, Африка, Египет, одан кейін Арабия түбегі, Месопатомия, Иран, Үндістан Цейлон, Малай арлдары, Оңтүстік Қытайда болады. 1912 жылы Жапонияға жетеді. Сол елдердің бәрін қалай аралай берген, қаражатты қайдан тапқан деп таңырқайсыз. Сӛйтсек Әліби ӛзінің тапқыр табандылығымен, қиыннан жол табатын қайсарлығымен, еңбекқорлығымен ақша тауып, сол қаржыға фотоаппарат пен кино аппарат сатып алады. Әлібиді енді сол құралдар асырайды.

1913 жылы Жапониядан Сібірге ӛтіп Ресейге оралады. Кеме мен темір жолды қоспағанда 12-15 мың шақырым жерді жаяу жүріп ӛтеді. Арқасында арқалаған ауыр фото- киноаппараты және иығында асынған қоржыны болатын [3].

Сӛйтіп Әліби Жангелдин қазақ тарихында дүние жүзін жаяу шарлап аралаған жалғыз саяхатшы-жиһангер қазақ болып, ӛз атын мәңгілікке қалдырды. Бұл саяхаттан Әліби революционер –демократ болып қайтады. Швейцарияда, Женевада В.И.Ленинмен кездесіп, пікірлесіп жақсы танысады.

Енді Әліби Жангелдиннің ұрпаққа үлгі боларлық азаматтық істеріне келсек, онымен қызметтес, аралас болған адамдардың айтып жазуларына қарағанда, адамгершілігі аса жоғары кісі болған. Әділдік үшін күресте басына қауіп тӛніп тұрса да ешкімнен тайсалмаған, тартынып бұғып қалмаған. Қазақстанда «Кіші октябрь» жасаймын деп халықты қан қақсатып ашаршылыққа ұшыратқан қанды қол жендет И.Голощекин Торғайға барған сапарында ӛз жұмысымен барған Әлібиге жолығып қалады. Торғай тұрғындары ашығып жатсада Голощекин «астық үнемдеп жұмсалсын» деп қоймадағы бар астықты елге бергізбей қояды.

Сонда Әліби «Қазақстанда Совет ӛкіметін құрған сен емес, мен. Халықты қырайын деп пе едің?!» деп қатты ашынып ашумен Голощекинді салып қалып, қамбаны аштыртып аштарға астық бергізеді[2].

Алашордашыларды алғашқы қудалау басталғанда Әліби Жангелдин Ленинге бір емес екі рет кіріп: «Әлихан Бӛкейханов патшаға қызмет істеген адам, бізге де қызмет істей алады.

Бұл ӛте білімді, пайдалы кісі. Қазақ халқы оны қадірлейді»,- деп аман қалдырады. Ахмет Байтұрсыновты да қорғап Ленинге тағы да барып: «Байтұрсынов грамматика жазған, басқа да еңбектері кӛп үлкен ғалым, жазушы бізге керек»-деп сақтап қалады. Алашордашыларды алғашқы қудалаудан құтқарып кешірім беруде Әлібидің қызметі зор. Ал оларды екінші рет жазалау басталғанда Жангелдин үкіметтегі жауапты басшылық жұмыстарынан шеттетілген

(7)

4223 болатын.

Мемлекеттің, ұлттың, жекелеген адамдардың тағдыры шешіліп жатқан кезде, жасқаншақтап үндемей қалуды Әліби Тоғжанұлы адамгершілікке жат қылық деп білген.

Атақты тарихшы Е.Бекмаханов Кенесары жайында кітап жазғаны үшін қызметінен қуылып, сотталғалы жатады. Әліби дереу бас хатшы Ж.Шаяхметовке телефонмен қоңрау соғып

«кітабы ұнамағандарды шетінен жаба берсек, ақын да, жазушы да, ғалым да қалмас.

Жаратпасаңдар кітабын шығармай тастаңдар. Сол үшін соттағандарың жӛн болмас» деп ара түскен. Бірақ бас хатшы да, басқа да әпербақандар оны тыңдамай тарихшыны 25 жылға соттатып жіберді. Кремель кӛсемдері Ленин, Сталин, Молотовтар бір ӛтінішін жерге тастамаған Ә.Жангелдиннің сӛзін ӛзіміздің басшыларымыз аяқсыз қалдырады. Әліби Жангелдиннің жасы ұлғайып, денсаулығы да сыр бере бастаған. Жазықсыз Бекмахановты қорғап қала алмағанына қатты күйінеді, қапа болады [2].

Партияның сүйіктісі атанған Бухарин мен Каменов, Зиновьевтерді жаладан ақтамай аттырып жіберген Сталиннің тас жүрегі Әлібиге келгенде жібіп жүре берген себебі не болды екен деген ойға қаласың. Демек Әліби Жангелдиннің адамды ӛзіне тартып, баурап алатын, адамгершілік қасиеттерінің ерекше болғаны, елге сіңірген еңбегінің де зор болғаны деу керек [2].

Ел мен жерді кӛріп, мәдениеті мен тарихын танып, білуге, дүниенің сырын ашып, терең бойлауға деген, құштарлық, адам баласының ерекше бір ізгі қасиеті ғой. Осындай ерекше қасиеті мен аты аңызға айналған тұлға - Әліби Жангелдин.

Әліби – қадір-қасиеті қанша жыл ғұмыр кешкен де емес, артында қандай із қалдырғанында. Әліби Жангелдиннің саяхаты жайлы картаны шығарып, Астана мектептеріне және Республика кӛлеміне тарату. Сонымен, «Әліби ізімен» атты ӛлкетану экспедициясын ұйымдастыру. Ӛскелең ұрпақ-болашақ Қазақстан азаматтары, ӛзімізді қоршаған ірі ӛркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, ӛзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интелект деңгейі жоғары, білімді де білікті, жаһандану заманына сай болуы шарт. Осы мақсатта Әліби атамыздың саяхатын насихаттай отырып, ӛскелең ұрпақ бойына саналықты, азаматылықты, патриоттықты сіңіріп, отанға, туған ӛлкеге деген сүйіспеншілікті арттырып, халық тарихын, салт-дәстүрін үйренуге бағытталған экспедицияға шықпақпыз. Бұл оқушыларды зерттеу жұмысына бейімдейді.

Әліби Жангелдин Қазақстан тарихында мәңгі қалмақ. Саяхатшы Әліби Жангелдин салған жол Қазақстан елінде туризмді ӛркендетудің бастауы болып табылады. Ұрпақ жиһангез ӛнерін мұра етіп қабылдап, жақсы игі ісін дамытпақ.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Габдуллина М.Х. Саяхатшы-қайраткер. //«Қазақстандағы туризмнің даму болашағы» атты ЖОО аралық ғылыми-тәжірбиелік конференция материалдары. 1-том. Астана – 2011 жыл.

2. Қазақстан ұлттық энцеклопедиясы. Алматы, 2001 жыл. 3-том.

3. Ягнинский А.М. «Алиби Джангильдин – казахский Марко Поло. Научно-методический журнал. Соқпақ-Тропинка. ғ1-Уральск, 2005.

УДК 502.53

ВЛИЯНИЕ УРАНОВЫХ ХВОСТОХРАНИЛИЩ НА ГЕОЭКОЛОГИЧЕСКОЕ СОСТОЯНИЕ ГОРОДА СТЕПНОГОРСК

Жангужина Алтын Амиржановна [email protected]

Магистр естественных наук,

Преподаватель кафедры физической и экономической

Referensi

Dokumen terkait

Бұл энергетикалық қорлар келешекте ауыл шаруашылығын және жаңа ӛндіріс орындарын жылу және ыстық сумен қамтамасыз етуге, сонымен қатар экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуге