• Tidak ada hasil yang ditemukan

ӨКІЛДІК

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ӨКІЛДІК"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

Қожаниязов А.Т.

Қызылорда облыстық сотының судьясы Ө К І Л Д І К

Азаматтар ӛз істерін сотта ӛздері нмесе ӛкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске ӛзінің қатысуы оның бұл іс богйынша ӛкілі болу құқығынан айырмайды.

Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, ӛзге нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген ӛкілеттіктердің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті ӛкілеттіктер берілген олардың ӛкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қцызметтік жағдайын немесе ӛкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді.

Заңды тұлғаның органы тиісті ӛкілеттік берілген басқа ӛкілдермен бірге іске қатыса алады.

Сенімхатқа заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік кісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген ӛкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта ӛкіл бола алады.

Басқа адамның (ӛкілдік берушінің) атынан бір адамның (ӛкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімішілік құжатқа негізделген ӛкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі ӛкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, ӛзгертеді және тоқтады.

Ӛкілеттік ӛкілдің (бӛлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.б.) әрекеттер жасаған жағдайынан да кӛрінуі мүмкін.

Ӛкіл жасаған мәміле бойынша тікелей ӛкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Ӛкіл жеке ӛзіне қатысты да, сонымен бірге ӛзі ӛкілі болып табылатын басқа адамға қатысты да ӛкілдік берушінің атынан мәмілелер жасай алмайды.

Басқалардың мүдделері үшін болса да ӛз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде ӛсиетті орындау тапсырылған адамдар және т.б.) сондай-ақ болашақта жасалуы мүмкін мәмілелерге қатысты келіссӛз жүргізуге уәкілдік берілген адамдар ӛкілдер бола алмайды.

Сипаты жӛнінен тек жеке ӛзі ғана жасауға болатын мәмілені, сондай-ақ заң құжаттарында кӛзделген реттердегі басқа да мәмілелерді ӛкіл арқылы жасауға жол берілмейді.

Әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтардың атынан мәмілелерді олардың заңды ӛкілдері – ата-анасы (асырап алушылары) мен қорғаншылары жасайды.

Мәміле жасауға уәкілдік берілмеген адамның басқа адам атынан немесе ӛкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі ӛкілдік беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, ӛзгертеді және тоқтады.

Тапсырма бойынша өкіл бола алатын адамдар:

1) адвокаттар;

2) заңды тұлғалардың қызметкерлері-осы заңды тұлғалардың істері

(2)

бойынша;

3) кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары-құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша;

4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;

5) заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;

6) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;

7) іске қатысушылардың ӛтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта ӛкіл бола алады.

Сотта өкілдер бола алмайтын тұлғалар:

1) судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен ӛкілді орагандардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдарды немесе заңды ӛкілдер ретінде қатысу жағдайынан басқа жағдайда сотта ӛкіл бола алады.

2) адвокатура туралы заңдармен белгіленген ережелерді бұза отырып, заң кӛмегін кӛрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта ӛкіл бола алмйды.

3) адам, егер мүдделері ӛзі ӛкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң кӛмегін кӛрсетсе немесе бұрын кӛрсеткен болса немесе судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе айғақшы ретінде қатысса, сондай-ақ егер ол істі қарауға қатысушы лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса, ӛкіл бола алмайды.

Өкілдің өкілеттіктері:

Сотта іс жүргізуге арналған ӛкілеттік ӛкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін ӛгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, ӛкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда, ӛкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді.

Ӛкілдің осы баптың бірінші бӛлігінде аталған іс-әрекеттердің әрқайсысын жасауға ӛкілеттігі ӛкілдік беруші берген сенімхатта арнайы кӛзделуі тиіс.

Өкілдің өкілдіктерін рәсімдеу:

- Ӛкілдің ӛкілеттіктері заңға сәйкес берілген және рәсімделген сенімхатта кӛрсетілуі тиіс.

- Кәсіптік одақтар мен басқа ұйымдардың уәкілеттік берілгенг адамдары сотқа осы іс бойынша ӛкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруге тиіс. (АІЖК-нің 59 бабының 3,4 және 5 тармақшалары)

(3)

- Адвокаттың нақты іс жүргізуге арналған ӛкілеттігі заң консултациясы немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал ол ӛз қызметін дербес жүргізген жағдайда-адвокат клиентпен жасасқан шартпен куәландырылады.

- Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе ӛзге уәкілетті адамы береді.

- Осы Кодекстің 59-бабының 6 және 7 тармақшаларында аталған ӛкілдің ӛкілеттігі сенімхатта немесе сот отырысының хаттамасына кіргізілген сенім білдірушінің сотта берген ауызша түрдегі ӛтінішінде кӛрініс табуы мүмкін.

Заңды өкілдер:

Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, әрекет қабілетіне толық ие емес немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта ӛздерінің ӛкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды сотқа кӛрсететін ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары нмесе қорғаншылары қорғайды.

Хабар-ошарсыз кеткен деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша, оның ӛкіңлі ретінде хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адам қатысады.

Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлші ешкім қабылдамаса, мұрагердің ӛкілі ретінде мұралық мүлікті қорғау мен басқару үшін тағайындалған сақтаушы немесе қамқоршы қатысады.

Заңды ӛкілдер заңда кӛзделген шектеулермен ӛкілдік етушілердің атынан жасау құқығы ӛкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Заңды ӛкілдер істі сотта жүргізуді басқа ӛкілге тапсыра алады.

Коммерциялық өкілдік:

Кәсіпкерлер шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес ӛкілдік етуші адам (коммерциялық ӛкіл) ӛкілдің ӛкілеттілігі кӛрсетілген жазбаша шерт негізінде де әрекет жасайды.

Коммерциялық ӛкіл соныме бір мезгілде ӛзінің қатсуымен жасалатын шарттың түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол ӛзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі кәсіркердің іждағаттылғымен орындауға міндетті.

Коммерциялық ӛкіл келісілген сыйақыны және ӛзі тапсырмаларды орындаған кезде жұмсаған шығындарын, егер ӛздерінің арасындағы келісімде ӛзгеше кӛзделмесе, шарт тараптарынан тең мӛлшерде тӛлеуді талап етуге құқылы.

Коммерциялық ӛзіне белгілі болған сауда мәмілері туралы мәліметтерді ӛзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін де құпия сақтауға міндетті.

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық ӛкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленген.

Сенімхат:

(4)

Бір адамның (сенім білдірушінің) ӛз атынан ӛкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады.

Мүлікке билік жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты, егерн заң құжаттарында ӛзгеше белгіленбесе, нотариат куәландыруға тиіс.

Нотариат куәландырған сенімхаттарға:

- госпиталдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілердің және ӛзге де адамдардың осы госпиталдардың, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерінің бастықтары, медицина бӛлімі жӛніндегі орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлері куәландырған сенімхаттар;

- мемлекеттік нотариалдық кеңселер мен басқа да нотариалдық әрекет жасайтын органдары жоқ әскери бӛлімдер, құрамалар, мекемелер және әскери-оқу орындары орналасқан мекендердегі осы бӛлімдердің, құрамаладрдың, мекемелердің, оқу орындарының командирлері (бастықтары) куәландырған әскери қызметшілердің сенімхаттары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілердің, олардың отбасы мүшелері мен әскери қызметшілер отбасы мүшелерінің сенімхаттары;

- бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру органдарының бастықтары куәландырған сенімхаттары;

- халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі бар азаматтардың осы мекеменің немесе тиісті халықты әлеуметтік қорғау органдарының басшысы куәландырған сенімхаттары теңестіріледі.

Хат-хабар, соның ішінде ақша және сәлемдеме алуға, жалақы және азаматтар мен заңды тұлғалардан ӛзге де тӛлемдер алуға сенімхатты сенім білдіруші тұратын аумақтың ждергілікті басқару органдары, ол жұмыс істейтін немесе оқитын ұйым, тұрғылықтиы жері бойынша тұрғын үй пайдалану ұйымы, ол әскери қызметшілерге сенімхат берілгенде тиісті әскери бӛлімдердің командованиесі куландыруы мүмкін. Құжат жіберуді байланыс қызметкері жүзеге асырған кезде телеграф арқылы, сондай-ақ байланыстың басқа да түрлері арқылы жіберілетін сенім хатты байланыс органдары куәландырады.

Үшінші жақтар сенім білдірілген адамға сенім білдіруші факсимилелік және ӛзге де байланыстар бойынша, ресми байланыс органдарының қатысуынсыз жолдаған ӛздеріне қатысты әрекеттер жасау үшін берілген сенім хатты түпнұсқа деп санауға құқылы.

Заңды тұлға атынан сенімхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкілдік берілген ӛзге де адамның қолы қойылып беріледі және сол ұйымның мӛрімен бекітіледі.

Ақша және басқа бағалы мүлікті алуға немесе беруге мемлекеттік органның, коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымның атынан берілетін сенімхатқа сол ұйымның бас (аға) бухгалтері де қол қоюға тиіс.

(5)

Банкіде операциялар жасауға берілетін сенімхатты және сауда саласында мәміле жасауға берілетін сенімхатты беру тәртібі мен нысаны арнайы ережелермен белгіленуі мүмкін.

Сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім кӛрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі кӛрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.

Сенім ауысуы:

Сенім білдірілген адам ӛзіне уәкілдік берілген әрекетті ӛзі жасауға тиіс.

Алған сенімхат бойынша сенім ауыстыруға уәкілдік берілген не сенім білдірушінің мүдделерін қорғауға мәжбүр болған ретте ғана ол осы әрекеттерді жасау сенімін басқа адамға аудара алады.

Сенім білдірген адамның ӛз ӛкілетитігін басқа адамға беру жӛніндегі сенімхатты, осы Кодекстің 167 бабының 4 тармағында кӛзделгеннен басқа реттерде, нотариат куәландыруға тиіс.

Сенім ауыстыру жӛнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі ол негізгі алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспау керек.

Ӛз ӛкілеттілігін басқа біреуге берген сенім білдірілген адам бұл жӛнінде сенім білдірушіні дереу хабардар етуге және оған әлгі адам туралы, оның тұрғылықты жері туралы қажетті мәліметтерді хабарлаға тиіс. Бұл міндеттің орындалмауынан, сенім білдірілген адмға нақ ӛз әрекеттері үшін жауапкершілік жүктелетіні сияқты, ӛз ӛкілетттігін берген адамның әрекеттері үшін де жауапкершілік жүктеледі.

Сенімхаттың тоқтатылуы:

Сенімхаттың қолданылуы:

1) сенімхат мерзімінің ӛтуі,

2) сенімхатта кӛзделген әрекеттердің жүзеге асуы;

3) сенімхатты беруші адамның оның күшін жоюы;

4) сенімхат берілген одан бас тартуы;

5) ӛз атынан сенімхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы;

6) атына сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы;

7) сенімхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы;

8) сенімхат берілген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы салдарынан тоқтатылады.

Сенімхатты берген адам сенімхаттың немесе сенім ауысуының күшін кез келген уақытта жоя алады, ал сенімхат берілген адам одан бас тарта алады. Бұл құқықтан бас тарту туралы келісім жарамсыз болады.

Сенімхаттың тоқтатылу салдары:

Сенімхат беруші сенімхаттың күшін жойғандығы туралы (осы Кодекстің 170-бабы) сенімхат берілген адамға, сондай-ақ сенімхат берілгендердің алдында ӛкілдік ету үшін ӛзіне белгілі үшінші жаққа хабарлауға міндетті. Сенімхат осы Кодекстің 170 бабының 5 және 7

(6)

тармақтарында кӛрсетілген негіздерге сүйеніп тоқтатылған реттерде дәл сондай міндет сенімхат беруші аданың құқықты мирасқорларына да жүктеледі.

Сенімхат берілген адамға сенімхаттың тоқтатылғанын білгенге дейін немесе білуге тиіс болған кезге дейін оның жасаған әрекеттері нәтижесінде пайда болған құқықтар мен міндеттер сенімхатты берген адам және оның құқықты мирасқорлары үшін үшінші жақтарға қатысты күшін сақтайды. Егер үшінші жақ сенімхаттың тоқтатылғанын білсе немесе білуге тиіс болса, бұл ереже қолданылмайды.

Сенімхат берілген адам немесе оның құқықты мирасқоры сенімхат тоқтатылысымен оны дереу қайтаруға тиіс.

Сенімхаттың тоқтатылуына байланысты осы сенімхат бойынша басқа адамға ӛкілеттік беру де (сенім ауысуы) күшін жояды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1) Гражданское процессуальное право России «курс лекций» Миронов В.И. Москва, ЗАО «Бизнес – школа «Интел – Синтез», 2001,

2) Представительство. Учебник / Под ред. Г.Р. Ситченко М. 1999 г. – 203-б.,

3) Учебник гражданского права. С Петербург, 1996 г.,

4) Представительство и его виды. Учебник / Под ред. Ш.М. Пенко М.

юрлитература 2002. – 256-б.,

5) Представительство и его виды. Учебник / Под ред. Ш.М. Пенко М.

юрлитература 2002. – 256-б.,

6) Учебник. Гражданское процессуальное право России. Под ред.

Шакарян М., 1996 г.

7) Представительство. Учебник / Под ред. Г.Р. Ситченко М. Спарк.

1997 г. – 197-б.,

8) Гражданский процесс: Учебник / Под ред К.Н. Знахря, Н.Д.

Чипкина- М. Статус, 2001г. – 356-б.

9) Гражданский кодекс РФ М.: Омега – Л, 2003 г. – 82-б.,

10) Гражданско-процессуальный кодекс Российской Федерации по состоянию на 2003 год.,

11) Учебник. Гражданское процессуальное право России. Под ред. М Шакарян М., 1996 г.-321-б.,

12) “Избранные труды по представительству и ценным бумагам в гражданском праве”. Учебник / Под ред. Н. О.– Нерсесов М.: Статут, 1998. – 286-б.,

13) Гражданское право. Часть первая: Учебник / Под ред. А. Г.

Калпина, Масляева А. И. – М.: Юристъ, 1997. – 472-б.,

14) “Представительство в гражданском праве”. Учебное пособие. В. К.

Андреев 1997г. – 86-б.,

15) Гражданский процесс. Киселев А.Н. М., 2001г.,

(7)

16) Гражданское право. Часть первая в вопросах и ответах: Гришаев С.

П. Учебное пособие. – М.: Юристъ, 1999г. – 141-б.

Referensi

Dokumen terkait

После списка литературы даются две аннотации с ключевыми словами: если статья написана на казахском языке, даются аннотации на русском и английском языках; если статья на русском языке