• Tidak ada hasil yang ditemukan

№40

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "№40"

Copied!
8
0
0

Teks penuh

(1)

facebook.com/KazakhNationalUniversity vk.com/kazuniversity i n s t a g r a m . c o m / K A Z NU _ FA R A BI

Q AZAQ

UNIVERSITETI 3 желтоқсан №40 (1864) 2022 жыл

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті

Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға

бастады Апталық Апталық 1948 жылдың 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға 20 сәуiрiнен шыға

бастады бастады бастады бастады Апталық 1948 жылдың

20 сәуiрiнен шыға бастады

Р Е С П У Б Л И К А Л Ы Қ А П Т А Л Ы Қ ГА З Е Т WWW.KAZNU.KZ

4-бет

5-бет 3-бет

Жаңа Қазақстан құру – зор жауапкершілік

ҚазҰУ-да дәріс оқу мүмкіндігі туғанына қуанамын

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ:

Гүлжанат ҚҰРМАНҒАЛИЕВА:

Àзаматтық поэзия мен нәзік лириканы үéлестіре

білген ақын

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еңбек нарығында жоғары тех- но логиялық уақыттың жаңа сұраныстарына сәйкес келетін мамандарды даярлайды. Ба- ка лавриат бағдарламалары бойынша білім алушылар мен магистранттар оқуда жақсы табыстар көрсетуде. ҚР Пре зи- дентінің стипендиясын та- ғайын дау – ЖОО тарапынан жа салып отырған істің нақты дә лелі. Оқудағы үздік жетіс тік- тері мен жоғары оқу орнының қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік студенттеріне Қазақстан Республикасы Президентінің 2022-2023 жылдарға арнал- ған шәкіртақысы тапсырылды.

Шәкіртақы алушылар тізі мі- не бірқатар факуль тет тердің 84 бакалавры кірді: биология және биотехнология (2), гео- гра фия және табиғатты пай да- лану (12), шығыстану (3), жур- налистика (11), халықаралық қа тынастар (8), филология (12), философия (9), Жоғары эко номика мектебі (11), Заң мектебі (11), ақпараттық тех- но логиялар (4), медицина және денсаулық сақтау (1).

Сонымен қатар медицина және денсаулық сақтау, гео- гра фия және табиғатты пай- далану факультеттерінің екі магистрантына ҚР Пре зи ден- тінің шәкіртақысы берілді.

Әйгерім ӘЛІМБЕК

Ñтуденттер ҚÐ Ïрезиденті

стипендиаты атанды

ҚР Ғылым және жоғары білім минис- трлігінің бұйрығымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне Қазақстан Респуб ли- касы Президентінің 2022-2023 оқу жылына арналған стипен дия- сы берілді.

ҚазҰУ Францияның 3 университетімен ынтымақтастық орнатты

ры ның бас шылары баяндама жасады.

Білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев ұйым дас- ты рушыларға Қазақстан мен Фран цияның жоғары оқу орын- да рының VII форумына шақыр- ғаны үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан алғыс білдіріп, білім беру сапасын арттыруға және жоғары оқу орындарына озық халықаралық тәжірибені енгізуге көңіл бөлу қажет еке- нін жеткізді.

«Әр елдің өз тәжірибесі

мен әлеуеті бар. Сондықтан озық тәжірибемен алмасу, шетелдік ғылыми ұйымдармен және университеттермен ын- ты мақ тастықты кеңейту өте ма ңызды. Бүгінгі форум Қа- зақ стан мен Францияның жо- ғары оқу орын дары үшін тә- жірибе алмасу бо йынша үлкен диалог алаңына айналатынына сенімдімін», – деді Жансейіт Түймебаев.

Жалғасы 2-бетте Әл-Фараби

атындағы Қазақ ұлттық универ си те- тінің Басқарма Тө рағасы – Ректоры Жансейіт

Түймебаев бас та- ған білім орда- сының ұжымы Париждегі ҚР және Франция жоғары оқу орындарының VII форумына қатысты. Іс-шара аясында қазақ- стан дық және Фран ция универ си- тет терінің көрмесі өтті.

Кейін салтанатты жиын

«Шы ғыс тану және руханият мә- се лелері» тақырыбында халық- ара лық ғылыми-теориялық кон- ференцияға жалғасты.

Шараға ҚР Президенті Әкім- шілігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Сыртқы Әл-Фараби

атындағы Қазақ ұлттық универси те- тінде көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, фило ло- гия ғылымының докторы, про фес- сор, шығыстанушы ғалым, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің 75 жылдығы аталып өтті. Алдымен Әл-Фараби кітап ха- насында «Академик Әбсаттар Дербісәлі атындағы сирек кітаптар мен қол- жазбалар қоры»

ашылды. Тарихи бөлмеде білім алушы жастар үшін арнайы ертедегі кітаптар мен ғалымдар жазған қолжазбалар қойылған.

Дінтануда дара жолы бар ғалым

істер министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің және Қа зақ- стан мұ сыл мандары діни бас- қар ма сының өкілдері, мемлекет және қо ғам қайраткерлері, Әб- саттар Дербісәлінің жары Рафия Бә кірқызы мен ұрпақтары, Түр- кия, Ре сей, Мысыр, Иордания,

Өз бекстан, Тәжікстан, Иран мем ле кет терінің елшілері мен кон сул дары, дін саласының қыз- меткерлері, ҚазҰУ-дың оқы ту- шы-профессорлар құрамы және білім алушы жастар қатысты.

Жалғасы 2-бетте Форум барысында Қазақ-

стан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Францияның жоғары білім және ғылыми зерт теулер министрлігінің өкі- лі Мануэль Буар, Әл-Фараби атын дағы ҚазҰУ ректоры Жан- сейіт Түймебаев, Лорейн уни- вер ситетінің вице-президенті Карл Томбре, Халықаралық атом энергиясы институтының ат қарушы директоры Карен Дайфук, Қазақстан және Фран ция жоғары оқу орын да-

(2)

WWW.KAZNU.KZ

2 Q

AZAQ UNIVERSITETI№40 (1864), 3 ЖЕЛТОҚСАН 2022 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

AqpArAt

Соңы. Басы 1-бетте Форум жұмысына Франция мен Қазақстан Республи касы ның 150-ден астам университеті мен ғылыми институттарының өкіл де- рі қатысты. Жиын бары сын да екі мемлекеттің универ ситеттері ара сында ынтымақ тас тық орнату бойынша ке лі сімдерге қол қою рәсімі өтті. Атап айтқанда, Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Париж қала сын дағы саяси зерттеулер инс титутымен және Лотарингия университетімен меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ Әл-Фараби атын- дағы ҚазҰУ-дың Бас қар ма Тө- ра ға сы – Ректоры Жансейіт Түйме баев «Эрас мус+» бағдар- ла масы аясында Шампань- Арденна Реймс университетімен ынты мақ тас тықты одан әрі арттыру, сту дент тер мен ОПҚ алмасу туралы институ цио- налдық келісімге қол қойды.

Айта кетейік, 2018-2022 жыл- дар аралығында Әл-Фараби

Делегация құрамында Ал ма- ты қаласындағы Мажарстан кон- сулы Питер Сиклош, этнологтер Шанта Иштван мен Шомфай Кара Дэвид бар.

Әл-Фараби ғылыми кітапхана- сын да өткен іс-шараны фило ло- гия факультеті ұйымдастырды.

Құрметті меймандар үшін Тұңғыш Президент пен Абай залы, сирек кездесетін кітаптар мен қолжаз- ба лар қоры, «Ұлы даланың жеті қыры», «Алаш көсемдері» және т.б. тақырыпта экскурсия өткі зіл- ді. Сонымен қатар делегация мү- ше лері білім ордасының ғалым- да ры әзірлеген инновациялық

атын дағы ҚазҰУ-ға Франция жо- ғары оқу орындарынан 14 про- фессор келіп, 48 студент және 23 докторант тағылымдамадан өт- кен болатын. Университет база- сын да «Геоэнергетика» Қазақ- стан-Француз ғылыми-білім беру орталығы құрылды. Механика- математика факультетінде Ло- та рин гия университетімен «Ме- ха ни ка және энергетика»

(100-ден астам магистрант пен 20 док то рант дайындалды) және Шам пань-Арденна Реймс уни- вер си теті мен «Математика» қос-

жобаларына қанықты. Қонақтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт- тық университеті даму жос па- рының екінші кезеңімен танысты.

Дөңгелек үстел отырысына филология ғылымының докторы, профессор Раушан Амирдинова, ҚР ҰҒА академигі, профессор, Қа- зақ стан тарихы кафедрасының меңгерушісі Берекет Кәрібаев, Археология, этнология, музео ло- гия кафедрасының доценті Гүл- жан Мейірманова, «Нұр-Мүба- рак» ислам университетінің доценті, тарих ғылымының кан- ди даты Катран Досымбек, Дін-

Соңы. Басы 1-бетте Конференцияны Әл-Фараби атын дағы ҚазҰУ ректоры Жан- сейіт Түймебаев ашып, академик Шейх Әбсаттар Дербісәлінің өмір жолына тоқталды. «Әбсаттар Бағысбайұлы артына бай ғылыми мұра қалдырып, шығыстану, дінтану саласында өзіндік дара жолын қалыптастырды. ҚР ҰҒА академигі, филология ғылы мы- ның докторы, профессор, дип ло- мат, мемлекет, қоғам және дін қай раткері дәрежесіне дейін кө- те рілді. Ғалымның діни қай рат- керлігі мен ғылыми еңбектері елімізбен қатар, ислам әлемінде

рат және қоғамдық даму ми нис- трі Дархан Қыдырәлінің, ҚР Ғылым және жоғары білім ми- нис трі Сая сат Нұрбектің құттық- тау хаттары оқылды.

Сонымен қатар Қазақстан мұ- сыл мандары діни басқар ма- сының төрағасы – Бас мүфти Нау рызбай қажы Тағанұлы баян- дама жасады. Ол өз сөзінде ака- де мик Әбсаттар Бағысбайұлының келуімен ҚМДБ жаңа кезеңге аяқ басқанын жеткізді.

«Әбсаттар қажы Дербісәлі – са налы ғұмырын ғылым мен бі- лімге арнаған ғалым. Өзіне жүк- тел ген дінбасы қызметін абы роймен атқарды. Мәселен,

Дінтануда дара жолы бар ғалым

ҚазҰУ Францияның 3 университетімен ынтымақтастық орнатты

Мажарстан этнографына арналған дөңгелек үстел өтті

дип ломды білім беру бағ дар- ламалары жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар сапар ая сын- да университет ректоры Жансейіт Түймебаев Қазақ стан ның Фран- циядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Рес пуб ли ка- сының ЮНЕСКО жа нын дағы өкілі Гүлсара Арыс тан құ ло ва мен кез- десіп, ҚазҰУ мен ЮНЕСКО ара- сын дағы ынты мақ тас тықты ны- ғай ту және бір лес кен жобаларды дамыту мә селелерін талқылады.

Света ӨМІРҒАЛИЕВА

тану және мәдениеттану ка- фе дра сының доценті Әлия Өмірбекова, Халықаралық ынты- мақ тастық және интерна цио нал- дан дыру департаментінің дирек- то ры Еркежан Әпсеметова, шығыстану факультетінің деканы Наталья Ем және т.б ғалымдар қатысты.

Жиын барысында қатысу шы- лар сөз сөйлеп, Шомфай Кара Дэ видтің қысқа метражды де- ректі фильмін тамашалады.

Гүл ҚҰТТЫБЕКҚЫЗЫ Әл-Фараби атын-

дағы Қазақ ұлт тық универси тетін де көрнекті Мажарстан шығыстанушысы, саяхатшы, зоолог және этнограф Алмаши Дьергиге арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

жоғары бағаланып, мойын дал- ды», – деді Жансейіт Түймебаев.

Сонымен қатар білім орда сы- ның басшысы өз сөзінде Әбсаттар Бағысбайұлының оқу-ағарту шы- лық қызметі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен ты ғыз байланысты екенін жет кіз- ді.

«Әбсаттар Бағысбайұлының ҚазҰУ-да араб бөлімі мен Шығыс тілдері кафедрасын және шы ғыс- тану факультетін ұйымдастырып, оның тұңғыш меңгерушісі және деканы болды. Тілдер және ха- лықаралық қатынастар бойынша проректор қызметін атқарды.

Академик Әбсаттар Дербісәлі университетімізге Әбу Насыр әл- Фарабидің атын беру жолында көп еңбек сіңірді. Арабистика са- ласы бойынша еліміздің тұңғыш ғы лым докторы, тұңғыш про- фессоры, тұңғыш академигі атан- ды. Арабтану ғылымының негізін салушылардың бірі ретінде ғы- лым ға терең бойлап, мо но гра- фия лар мен құнды еңбектер жаз- ды», – деді ректор.

Пленарлық отырыста ҚР Пар ла менті Сенатының төра- ғасы Мәу лен Әшімбаевтың, ҚР Премь ер-министрінің орынба са- ры – Сырт қы істер министрі Мұх- тар Тілеубердінің, ҚР Прези ден ті Әкім шілігі басшысының орын ба- са ры Аида Балаеваның, ҚР Ақ па-

дін саласында құжаттандыру, іс- қа ғаздарын жүргізу мәселесін ретке келтірді. Отандық дін мамандарын даярлауға баса көңіл бөліп, 2001 жылы «Нұр- Мүбарак» Египет-Ислам мәде- ниеті университетін ашты. Қазіргі таңда аталмыш білім ордасы діни жоғары білімді, білікті мамандар даярлайтын оқу орнына айналды.

Сондай-ақ еліміздің тоғыз ай ма- ғынан тоғыз медресе, бір қарилар даяр лайтын орталық ашты», – деді Бас мүфти Наурызбай Та ған- ұлы.

Өз кезегінде «Нұр-Мүбарак»

Египет-Ислам мәдениеті уни вер- ситетінің ректоры Мұхаммед аш- Шахат Абдулхамид Мұхаммед әл-Джинди, Әбсаттар Дербіс әлі- нің жары, ҚР Дипломатиялық қыз метінің еңбек сіңірген ар- дагері Рафия Бәкірқызы сөз сөйлеп, бүгінгі шараның ма ңыз- дылығын атап өтті.

Жиын барысында ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде ака де- мик Әбсаттар Дербісәлі атындағы дәрісхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сонымен қатар ғалым- ның ғылыми еңбектері жинақ тал- ған кітаптың тұсаукесері өтті.

Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы секция- ларда жалғасты.

Нұрсұлтан БАЗАРБАЙҰЛЫ

(3)

WWW.KAZNU.KZ

Q

AZAQ UNIVERSITETI №40 (1864), 3 ЖЕЛТОҚСАН 2022 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

3

SAılAý – 2022

Жақында елімізде өткен ко нс ти туциялық реформа нәти- же сін де Мемлекет басшысының құ қықтық мәртебесінің елеулі өз геруіне байланысты «пре зи- дент» ұғымы жаңа мағынаға ие болды. Бұдан былай Қазақстан Республикасы Президентінің мәр тебесі бұрынғыдан айтар лық- тай ерекшеленеді, өйткені ол мемлекеттік билікті басып алудан немесе өзге де теріс пайда ла- нудан сақтайтын бірқатар құқық- тық кепілдіктерге ие. Осылайша Қазақстандағы «президент» ұғы- мы жаңартылған және консти ту- циялық тұрғыдан бекітілген құ- қық тық мәртебеге ие болды. Бұл сая си-құқықтық реформа елі- мізде авторитарлық саяси режим орнатуға кедергі келтіретін елеулі демократиялық сипатымен де ерекшеленеді.

Президент лауазымына қа- тыс ты жетіжылдық мерзімге есеп телген стратегиялық маңыз- ды ережелер қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларына оң әсерін тигізбек. Бұл ретте қара- пайым адамның құқықтары мен бостан дықтарын қорғау, әлеумет- тік әлеуетін көтеру, саяси жүйені кезең-кезеңімен жаңғырту, қа- зақ стандық қоғамды одан әрі демократияландыру, ел эконо ми- касын дамыту – өз шешімін талап ететін өзекті, сайлауалды тұ ғыр- наманың іргелі ережелері болып табылады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сай лаудағы жеңісіне оның сай лау алды тұғырнамасының маз мұны жағынан ауқымды- лы ғы, мақ саттары мен мін дет- терінің ай қындығы ықпал етті.

Сай лау шы лар іс жүзінде тек се- рілген тұжы рымдамалық си- пат тағы бағ дарламалық құ жат- та көрсе тіл ген мә селе лерге баса назар аударды. Бұл сайлауалды бағ дар лама Қа- зақ стан халқының барлық топ- тарын, азаматтық қоғам инс ти- тут тарын, тұтастай ал ған да, мем лекетті қамтыды.

ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

Халық мүддесін бәрінен жо- ғары қоятын, Конституция мен заң ның үстемдігі салтанат құра- тын жаңа Қазақстанды әділетті мемлекет ретінде құру Мемлекет басшысының сайлауалды тұғыр-

на масының басты және негізгі мақсаты болды.

Осындай саяси салмағы ба- сым артықшылықтардың нәти же- сінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы басқа президенттікке кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен салыстырғанда айтарлықтай маз- мұн ды және нақты істерге ба ғыт- талғанын баса айтуымыз керек.

Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды тұғырнамасының жүйе лілігі мен дәйектілігі, түсі- нікті әрі нақты баяндалуы сай лау- шы лардың таңдауында үлкен рөл ат қарды. Ал егер бұған штаб тар- дың, азаматтық қоғам инсти тут- тарының, сенім білдірілген адам- дардың, жекелеген азаматтардың және еліміздің барлық прог рес- сивті күштерінің белсенді үгіт-на- си хат жұмысын қосатын болсақ, онда Қ.К.Тоқаевтың сайлаудағы жеңісі заңды құбылыс болды деп бағамдауға толық негіз бар.

Сайлауалды кезеңде Алматы қалалық «AMANAT» – «Ақ жол» –

«Қазақстан халық партиясы» коа- ли циясының штабын басқара отырып, мен сайлаушылармен – өнер кәсіп, көлік, білім беру, ден саулық сақтау, қызмет көр- сету және т.б. салалардың еңбек ұжымдарымен кездестім. Қасым- Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасының ережелерін түсіндіріп, қабылдауға келген азаматтарды тыңдай отырып, келесідей қорытынды жасадым:

– халықтың (әсіресе қаңтар-

мен күрделі әлеуметтік-эконо ми- калық жағдайда өмір сүргісі келмейді;

– азаматтардың сыбайлас жем қорлықтың кез келген көрі- ніс теріне, мемлекеттік қыз мет- керлер, құқық қорғау органдары мен соттар тарапынан заңның бұзылуына қарсылығы күшейген;

– азаматтардың көпшілігі ел- дің қоғамдық-саяси өміріне тіке- лей қатысу бағытында белсенді азаматтық ұстанымға ие болған;

– азаматтар әлеуметтік-эко- но микалық проблемаларды ше- шуде қауқарсыз мемлекеттік ор гандар мен лауазымды тұл - ғаларға өз ойларын еркін, ашық айтып, сынға алады;

– азаматтардың көпшілігі жаңа Қазақстанды құруға тежеу болатын кедергілерден арылуға және әрбір азаматтың, бүкіл халықтың мүдделері ескерілуі тиіс құқықтық үстемдікке негіз- дел ген әділ қоғам құруға тікелей қатысуға ниетті. Сонымен қатар әр адамның әділеттілік туралы өзіндік түсінігі бар екенін ескере отырып, «әділетті қоғам» ұғымына кеңірек түсінік беру қажет деп санаймын.

ЕЛ АМАНАТЫ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Конституцияның үстемдігі әре кет ететін және заңдылықтың нақты жүйесі қалыптасқан қоғам

ақ еліміздің барлық азаматтары да игілігін көріп отырғанын бәріміз жақсы білеміз.

Штаб өкілдері мен сайлау шы- лар да Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауда сенімді жеңіске жетуіне жеке көшбасшылық, тұлғалық қасиеттері елеулі ықпал еткенін атап өтті. Бұл ретте Мемлекет басшысының жоғары интеллекті, халықаралық аренадағы орасан зор беделі, оның шет мем ле кет- тердің барлық көшбасшыларымен диалог құра білуі және олиго по- лия дан алшақ болуы оның саяси тұл ғасын ерекшелендіріп тұра- тыны айқын. Сонымен қатар дер кезінде ұтымды шешімдер қа был- дауы мен елдегі күрделі істердің ахуалы, қарапайым адамдардың, атап айтқанда, қатардағы жұмыс- шы лардың проблемалары туралы

«көңілге қонымсыз» объективті ақпараттардан хабардар болуы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ха- лық қа етене жақын көшбасшы екенін көрсетеді.

16 қарашада Алматы қала- сын дағы жұртшылықпен кез де- суінде қаладағы қордаланып қалған түйінді мәселелерді ше шу- де менеджерлік қасиетін айқын аңғартты. Қасым-Жомарт Кемел- ұлы бұл кездесуде де «Мемлекет басшысы лауазымы партиялық, сондай-ақ өзге ешкімнің ық па- лына тәуелді болмауға тиіс»

екенін тағы да атап өтті.

Ашықтық, саяси прагматизм, жоғары гуманизм, Қазақстанның көпұлтты халқының мүддесіне

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры

Жаңа Қазақстан құру – зор жауапкершілік

және саяси бағыттағы барлық мін деттерді іске асыру – ең ал- дымен бүкіл халықтың әл- ауқатын арттыруға бағытталған саяси жауапкершілік» екенін атап өтті. Сондықтан әділ мем- ле кет қа лыптастырып, жаңа Қа зақ стан құру – барша қа зақ- стан дық тар дың алдында тұрған аса зор жауапкершілік әрі та- ри хи міндет.

26 қарашада Астанадағы Тәуел сіздік сарайында Қасым- Жомарт Тоқаевты Қазақстан Пре зиденті ретінде салтанатты ұлықтау рәсімі өтті. Халықтың қолдауына ие болған Мемлекет басшысы салтанатты ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде өзіне зор сенім артқан барша қазақ- стан дықтарға алғыс айтты.

«Сайлау нәтижесін халқы мыз- дың саяси бағдарыма – ба ғасы, алдағы жоспарыма – ба та сы деп қабылдаймын. Хал қының қол- дауы на ие болып, ел тізгінін ұстау – ер-азамат үшін ең биік мәртебе әрі орасан зор жауапкершілік.

Қазақта «ама нат» деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті па- рыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мем ле- кетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент алдағы қызметінің бірқатар негізгі бағыттарын атап өтіп, барша қазақстандықтарды жаңа, әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ке зек тен тыс президент сай- лауын да басым дауыспен жеңіске жетуі оның Мемлекет басшысы ретінде атқарған үшжылдық жемісті қызметінің нәтижесі. Бұл кемел келешегін жаңа Қазақ- стан ның сәулетшісі, әділ мем ле- кеттің құрушысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен байла ныс- тырған халықтың саналы таңдауы екені сөзсіз.

Сайлау да қазақстандықтар еліміздің болашағы мен тұрақ ты- лығы үшін, бірлігіміздің нығаюы мен ел экономикасының өркен- деп, дамуы үшін дауыс берді.

Сайлау нәтижесі қазақстан дық- тардың еліміздегі өзгерістерді жоғары бағалайтынын, Қасым- Жомарт Тоқаевқа сенім артаты- нын дәлелдеді. Бұл – өз бола ша- ғына сеніммен қарайтын елдің жеңісі.

20 қарашада қазақстандықтар кезектен тыс өткен президент сай лауы на белсене қатысып, жаңа, әділетті Қазақстан үшін өз таңдау ла рын жасады.

Сайлауалды ке зеңде Алматы қалалық қоғамдық штабын басқарып, әр сала өкілдері мен кездесулер өткізіп, халықтың Қасым-Жомарт Кемелұлына деген оң көзқарасын анық байқадық.

да ғы қайғылы оқиғалардан кейін) саяси көзқарасы едәуір жетілген;

– халықтың негізгі бөлігі Қ.К.Тоқаевтың қазіргі кездегі бастаған және жүргізіп жатқан реформаларын оң қабылдайды;

– азаматтар ескі реформалар

– әділетті қоғам саналатыны белгілі. Өйткені барлығы заң тұрғысынан алғанда, заң мен сот алдында іс жүзінде тең болатыны сөзсіз шындық. Ал ұлттық игі лік- терді олигополия мен саяси эли- таның өкілдері ғана емес, сондай-

адал қызмет атқарып, тиісті шешімдер қабылдау кезіндегі әділеттілік – бұл жаңа, әділетті Қазақстанның берік ұстанымы.

Қасым-Жомарт Тоқаев «сайлау- ал ды тұғырнамасында белгілен- ген әлеуметтік, экономикалық

(4)

WWW.KAZNU.KZ

4 Q

AZAQ UNIVERSITETI№40 (1864), 3 ЖЕЛТОҚСАН 2022 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

TŪLĞA

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, І дәрежелі «Барыс»

және «Парасат» ордендерінің ие- гері, Франц Кафка атындағы ха- лық аралық сыйлықтың лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының ие гері, филология ғылымының кан дидаты, ақын Шөмішбай На- ға шыбайұлы төл әдебиетімізді ғы лыми тұр ғыда зерттеп-зер де- леуде өл шеу сіз еңбек сіңірген ақын. Оның қазақ поэзиясын жан-жақты талдаған ғылыми ең- бегі әдебиеттану сала сын да елеу- лі құбылыс болды. Та лантты ақын сегіз қырлы, бір сыр лы дара лы- ғымен халыққа кеңінен танылды.

Шы ғармашылық ізде ніс тері ар- қылы Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де ла- йықты бағаланып, халық ара лық деңгейдегі биік дәрежелі ма ра- паттарға ие болды. Бұл ең ал ды- мен ақын, әдебиет тану шы- ғалым Шөмішбай Сариевтің ұлт әде биетін өркен детудегі зор ең бе гінің жемісі деп баға лай- мыз.

Әдетте ақындар ғылымға мойын бұрып, терең талдаулар жүргізіп, ғалым атана бермейді.

Өйткені ғалым адамның түбегейлі зерттеп-зерделейтін «нысаны»

бо лады. Ізденеді, күн-түн демей ар хив ақтарады. Көз майын тауысып, талдап оқиды. Ал оның түп негізі – нәтиже шығару. Зерт- теу ісінің жемісін көрсету. Міне, осындай талаптың үдесінен шығу әркімге оңай соқпайды. Ал қалам ұстаған адамға оның жауап кер- шілігі тіптен зор. Мұны ақын Шөміш бай Сариев терең түсінді.

Ғылым жолының жеңіл емес еке- нін және білді. Сөйтіп, «ХХ ғасыр- дың жиырмасыншы жылдарын да- ғы қазақ поэзиясы» атты кең кө лемді монография жазды.

Осынау көлемді ғылыми еңбе- гінде Алаш арыстары – Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұма- баев, Міржақып Дулатовтардың әдеби туындыларына кәсіби тал- дау жасап, жауһар жырларының поэтикалық құндылықтарын ашып көрсетті. Шөмішбай Наға- шы байұлы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ұлы тұлғала ры- ның бірі М.Жұмабаевтың алғаш жарық көрген үш томдық шығар- ма лар жинағын әзірлеп, ғылыми түсініктемесін жазды. Біле білген адамға бұл да ұлттық ғылымның мазмұнын тереңдететін іргелі ізденіс.

Шөмішбай Сариев ғалым ре- тінде осы еңбектермен ғана шек-

теліп қалмай, 50-ші, 60-шы, 70-жыл дардағы қазақ поэ зия сы- на да кеңінен көңіл бөліп, тың ғы- лықты зерттеулер жүргізді. Аға буын ақындардан бастап, өз за- мандастарының шығарма шы лық портреттерін жасады. Оның ішін- де Мұқағали Мақатаев, Қа дыр Мырза Әли, Тұманбай Мол да ға- лиев сынды мықты ақын дар дың шығармашылығына жү рек сінбей талдау жасауы, біріншіден, та- лант ты тұлғаның ізде німпаз, тал- ғампаз әрі еңбек қор екенін ай- ғақ тайды.

Өлең өлкесіндегі айшықты ор- ны өткен ғасырдың 70-жыл да ры жарқырап көріне бастаған Шө- міш бай ақынды сол кездегі әдеби орта «қазақтың Пушкині» деп ата- ған. Ол әлем әдебиеті классик те- рінің өлеңдерін қазақ тіліне тәр- жі малап, өзінің шығармалары да бірқатар шет тілдеріне ауда рыл- ды.

Ақын қаламынан туған «Арай- лы көктем», «Теңізден соққан жел», «Тағдыр», «Уақыт», «Біздің ға сыр» жинақтары оқырманның жоғары бағасын алды.

«Шөмішбай Сариев сурет кер- лігінің бір қыры – оның өлең де- рінің табиғи әуезділігінде, әнге, әуенге сұранып тұратынында», – деп жазады филология ғы лы- мының докторы, профессор Айгүл Ісімақова. Азаматтық поэзия мен нәзік лириканы үйлестіре білген Шөмішбай ақынның басты ерек- ше лігі – ол қазаққа ең таны мал әндердің өлеңін жазды. Ақын ның қай шығармасын алып қарасаңыз – тұнып тұрған ли рика. Туған жер ге сағыныш, ауылды аңсау, ма хаб батты аялау, ұлттық дә с түр- ді дә ріптеу сын д ы тақырыптар – Шө мішбай поэзия сы ның басты өзегі.

Қазақ поэзиясы кори фей ле- рінің бірі, аса талғампаз ақын Ғафу Қайырбеков Шөмішбай Са- риевті «қос қанатты ақын» деп орынды бағалаған. Бір қанаты – лирикалық жырлары болса, екін ші қанаты – ән-өлеңдері. Бұ- ған өзіміз жоғарыда сөз еткен ға лымдық қабілетті қоссаңыз, ақын тұлғасы одан әрі айшықтала түспек.

Ақынның артында қалған мол рухани мұрасын насихаттауда жары Жұмагүл Қаженқызы мен ұлы, Қазақстан Республикасы Пре зиденті Кеңсесінің бастығы Бақытжан Шөмішбайұлының ең- бегі зор.

Шөмішбай Сариевтің шығар- ма шылығы қай қырынан алсақ та, бүгінгі жас ұрпаққа, жаңа буын өкілдеріне үлгі-өнеге. Ақын- ның рухани еңбегі қазақ хал қы- мен бірге жасай бермек.

Уәлихан ҚАЛИЖАН,

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Шөмішбай Сариев қазақ лирикасының көркемдік әлемін кеңейткен Тұманбай Молдаға- лиев, Қадыр Мырза Әли, Ғафу Қа йырбеков, Сағи Жиенбаев, Мұ қағали Мақатаевтардың ерек- ше ілтипатына бөленді. Олар Шө- міш бай өлеңдерінің диапо зо ны кең, ішкі гармониясы үй ле сім ді, формасы жағынан кейде қа зақ- тың қара өлеңінің стан дарт та- рынан шығатын па фос ты ғы мен ұлт жанды рухына там сан ды. Сон- дықтан да Шөмішбай поэ зиясы жасқа да, жасамысқа да, ақсақал мен абзал қарттарға да түсінікті.

Жүрекке жететіні де содан шы- ғар. Ғафаң – Ғафу Қа йыр беков:

«Шөмішбайдың да уы сы – айқын, азаматтық да уыс. Оның өлең де- рінен өз дәуі рі, өз уа қытының лебі еседі... Елді, жер ді сүю, оның бүгінін танып, ер теңін болжау талабы көзге айқын шалынады», – деп еді. Расы сол – Шөмішбай қа зіргі, өзінен ке йін гі, өзімен қатар лас кейбір ақын дардан гөрі өмір ді басқаша та ниды. «Құры- ған», «шірі ген», «тоз ған», «азған»

сын ды та рығу мен торығуға, өз туған жері нен, ді лінен түңілген ақын дарға мүл дем ұқсамайды. Ол заманның рухы – егемендік деп біледі. Ол «Бо лашақтың кілті – жас тарда» деп жырлайды. Ол ма- хаб бат се зімді ұлықтайды, ол ту-

ған жердің егемен аспанында қы ран болып қалықтайды. Ол – аза мат үнді ақын ғана емес, жүз- деген, мың да ған, миллион да ған қазақтың алғысын алған нағыз ұлт жанды ақын.

Бауыржан ОМАРҰЛЫ, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор:

– Шөмішбай Сариев лирик ақын ретінде де, ән мәтіндерінің авторы ретінде де танымал бол- ды. Әнге бейімдеп сөз жазу оңай емес. Әуеннің өзін құл пыр тып жіберетін тіркестер болады. Ән мәтіннің, мәтін әннің бағын аша- ды. Бүгінде Шөмішбай Са риев тің сөзіне жазылған әндер көгімізде қалықтап тұр. Қандай әндер дей- сіз бе? Міне, қараңыз: «Ата ме- кен», «Қарағым-ай», «Сарыарқа»,

«Сағындым, сағым жылдар», «Боз- жорға», «Өкінбе сен», «Аяулым»,

«Сә лем саған, туған ел!», «Ойлан, балам», «Ғашықтар жыры», «Арал- дан ұшқан аққулар», «Сағынышым – туған үй», «Еркеледің сен», «Дос керек», «Домбыра», «Сен мұңыңды бер маған», «Жусан иісі»... Жете- тін шығар. Бұл туындылардың ав- торлары да осал емес.

Қазақ жұртына белгілі ком по- зиторлар Жанбота Тұяқбаев, Кеңес Дүйсекеев, Сейдолла Бәй- те реков, Төлеген Мұхамеджанов, Владимир Питерцев, Гүлнәр Дәу- ке нова, Бейбіт Оралұлы, тағы бас қалар Шөмішбай ақынмен тығыз шығармашылық байланыс

орнатты. Әсіресе Кеңес Дүйсе- кеев пен Шөмішбай Сариев тан- демінің жөні бөлек. Айдынды Арал мен қазыналы Қазалының қос жігіті өнердің өрінде қос ар- ғы мақтай көсіле шапты. Екеуі нің жарасымды бірлестігінен әде мі әуендер өмірге келді. Шө міш бай Сариевтің сөзіне жазыл ған әндер бүкіл қазақ жұртын әлдиледі. Әл- ди лемегенде ше?! Өйткені бұл туын дыларды қазақ өнерінде ай- рықша қолтаңба қал дыр ған Роза Рымбаева, Мәдина Ерәлие ва, Нағима Есқалиева, Досхан Жол- жақсынов, Мақпал Жү ні сова, Бағдат Сәмединова, Сен бек Жұ ма ғалиев, Нұрлан Өнер баев, Жұ ба ныш Жексенов, Сү леймен Ибра гимов, Бауыржан Исаев, Толқын Забирова сынды танымал әншілер беріле шырқап, жұрт шы- лықтың жүрегіне жат тат ты. «Ән- шіге қонған ән» деген ұғым бар.

Бұл әндер аталған өнер ше бер ле- рінің табиғатына толық сай келді.

Жұмагүл САРИЕВА, ақынның жары:

– Шөкең қазақ әдебиетіндегі ән-өлеңдердің мәтінін жазудың шебері атанды. Бүгінде ол жазған әндермен бір ұрпақ өсіп шықты, шығармалары халықтың сүйіс- пен шілігіне бөленді. Атап айт қан- да: «Атамекен», «Домбыра», «Боз жор ға», «Сарыарқа», «Қара ғым- ай», «Ғашықтар жыры», «Еркеледің сен», «Аралдан ұшқан аққулар»

ән дері қазақтың майталман ән- шілерінің репертуарына берік енді. Қазақтың белгілі жазушысы, әдебиет зерттеушісі, профессор, ұстаз ағасы Зейнолла Қабдолов:

«Әннің өміршең болуы, халық сүйіп айтатын әніне айналуы – ол тек әннің мәтініне байланысты, мә тіні жақсы ән ғана өміршең бо- лады», – деп, Шөмішбайдың ән- дерге жазған мәтіндері туралы баға берді.

Шөкеңмен елу жыл өте мәнді, мазмұнды ғұмыр кештік. Үш ұр- пақ сүйдік. Үлкен ұлымыз – Ба- қыт жан, ортаншы қызымыз – Шол пан, кенже ұлымыз – Байсал.

Үл кеніміз Бақытжанды жеті ай- лық кезінде Шөкеңнің әке-ше ше- сіне берген болатынбыз. Содан ол жеті жасқа дейін ата-әжесінің тәрбиесінде болды. Өсірген ұл- қыздан сегіз немере көрдік. Жал- пы, Шөкең өз балаларына, не ме- релеріне өте мейірімді болды, бәрін де айналып-толғанып, «ме- нің патшаларым» деп өтті.

Шөкең өмірден озғаннан кейін екінші ғұмыры басталды деп ойлаймын. Алматыда біз тұрып жатқан үйде ақынның құрметіне мемориалдық тақта ашылды.

Кеңсайда басы көтерілді. Қызыл- ор да қаласында облыстық өлке- тану музейінде Шөкеңе арналған бұрыш ашылып, онда ақынның кітаптары мен ол қолданған ма- шин касы, зерделі шапаны, басқа да құнды заттары қойылды, Қы- зыл орда қаласында үлкен жол жиегіне билборд ілінді, өзі туып- өскен Қызылорда облысы Арал қаласында ақын Шөмішбай Са- риев тің туған күніне орай, «Хал- қымның жүрегіне жыр жазамын»

атты ғылыми-танымдық конфе- рен ция өтті. Астана қаласында республикалық Ұлттық акаде мия- лық кітапханада «Қос қанатты ақын – Шөмішбай Сариевтің шы- ғар машылық залы» ашылды, «Сыр елінің тұлғалары» атты се рия мен телехабар түсіріліп, «Ата мұра»

баспасынан «Жүрегім – Қа зақ елі» атты жыр жинағы ба сылып шық ты. Осындай айтулы шара- ларды ұйымдастырып, ақын ның шы ғар ма шылығына құр мет көрсе- тіп жүрген бірқатар аза мат тарға, Сыр елінің халқына ба сым ды иіп, ризашылығымды білдіре мін.

Àçàìàòòûқ ïîýçèÿ ìåí íәçіê

ëèðèêàíû үéëåñòіðå áіëãåí àқûí

(5)

WWW.KAZNU.KZ

Q

AZAQ UNIVERSITETI №40 (1864), 3 ЖЕЛТОҚСАН 2022 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

5

Bılım ıntegrASıASy

Гүлжанат ҚҰРМАНҒАЛИЕВА:

Мемлекет бас шы- сы Қ.Тоқаев Қазақ- стан халқына арнаған соңғы жолдауында биыл жан-жақты өзгерістер мен нақты жаңғыру лар жылы болғанын атап өтті.

Маусым айында жүргізілген конституциялық реформа нәти- же сінде билік тармақтары ара- сында оңтайлы тепе-теңдік қа- лып тасты. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының келесі құрамы жаңа аралас жүйе – партиялық тізім және округтерде бір ман- датты жүйе бойынша сайланады.

Конституциялық сот құрылады, ол алдағы жылдың қаңтарынан бастап өз жұмысын бастайды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл- дік институты конституциялық мәр тебеге ие болды. Прези дент- тен Парламентке бірқатар өкілет- тік терді қайта бөлу аяқталды.

Облыс әкімдері енді баламалы негізде сайланады. Конститу ция- ға «жер және оның қойнауы – ха- лық меншiгi» деген норма ен гi- зiлдi. Осы ережені жүзеге асыру мақ сатында принципті түрде жаңа «Балаларға арналған ұлт- тық қор» бағдарламасы қолға алынды.

Қазақстандағы конститу ция- лық реформа қазіргі Президент Мемлекет басшысы болып сай- ланған сәттен бастап жүзеге асы- рылып жатқан ауқымды саяси жаңғырту бағдарламасының органикалық бөлігі екені даусыз және «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет»

қағи датын жүзеге асыруға бағыт- тал ған. Негізгі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнін- дегі жалпыхалықтық референ- думнан кейін жаңартылған Конс ти туция демократиялық, құ қық тық және әлеуметтік мем- ле кет құру идеясына толық сәй- кес келеді. Осылайша осы бағ- дар лама аясында айтарлықтай оң өзгерістер пайда болды:

бейбіт жиналыстар өткізудің хабарлау принципі енгізілді, саяси партияларды тіркеу тәр- тібі жеңілдетілді.

Сондай-ақ парламенттік оп- по зиция институты құрылды, тір- кеу кедергісі төмендетілді. Сайлау алдындағы партиялық тізімдер және депутаттық мандаттарды бөлуде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота енгізілді. Саяси партиялардың мәжіліске өту шегі 7-ден 5 пайызға дейін төмен де- тілді. Бюллетеньдерде «бар лы- ғына қарсы» деген баған пайда

болды. Қылмыстық кодекстің 130-бабы қылмыстан шығарылды және 174-бабы ізгілендірілді, өлім жазасы алынып тасталды.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі және тағы басқа көптеген өзгерістер енгізілді.

Енді қоғам Қазақстанда нақты көппартиялық жүйе қалып та суы- на үлкен үміт артуда.

Осы жылдың 1 қыркүйегіндегі жолдауында Президент сайлау циклінің күнтізбелік жоспарын белгілеп қойған болатын, сон- дық тан ел Конституциясының 41-бабының 3-1 тармағына сәй- кес, 21 қыркүйекте ҚР Президенті 2022 жылғы 20 қарашада ҚР Президентінің кезектен тыс сай-

Жаңа бастама жүзеге асатынына сенімдіміз

лауы туралы жарлыққа қол қой- ған еді. Нәтижесінде бүкіл саяси жүйені түбегейлі қайта құру жү- зеге асырылады. Атап айтқанда, бұл негізгі мемлекеттік инсти тут- тарға: президентке, парламентке, үкіметке, мәслихаттарға әсер етеді. Бұл өз кезегінде Қазақ- стан ға тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, азамат тар- дың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бойынша ұзақ мерзімді міндеттерді шешуге назар аударуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының сай- лауалды бағдарламасы символ- дық түрде «Әділетті Қазақстан:

барлығына және әркімге. Қазір және мәңгілікке» деп аталды.

Осы орайда, жаңадан жеті жылға сайланған Мемлекет басшысы егемен Қазақстанның Президенті ретінде ұстануға ниетті қағидаттарды атап өту маңызды. Бірінші ұстаным – әділетті мемлекет. Бұл қағидат мемлекеттік органдардың саяси жаңғыртуды одан әрі жүзеге асыру, мемлекеттік аппаратты қайта іске қосу есебінен тиім ді- лікті арттыру, сот билігінің тәуел- сіз дігін нығайту жөніндегі қыз- метінің негізін құрайтыны сөзсіз.

Әділ Қазақстанды құру үшін құқық қорғау саласын түбегейлі реформалау және армияның қор- ғаныс қабілетін арттыру қажет.

Екінші ұстаным – әділ эконо- ми ка. Әрине, бұл қағида алғаш- қы сымен үндес және халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүдделерін тең қорғау негізінде Қазақстанда бар ресурстарды тиімді пайдалануды білдіреді.

Ал соңғы, үшінші қағидат – дамыған әлеуметтік инфрақұ ры- лым мен адам әлеуетін жүзеге асыруға кең мүмкіндіктер құруды және әділ әлеуметтік саясат жүргізуді көздейтін әділетті қоғам.

Біз олардың іске асатынына сенімдіміз.

Нәжия ҚАЛЫШЕВА, заң ғылымының докторы, профессор Мейіржан САҒЫНАЕВ, аға оқытушы Ғалым Ахмет Байтұрсынұлы-

ның туғанына 150 жыл толуына орай, Түркияда атқарылған бір- қатар шараларды атап өтті.

– Қазақстанның Түркиядағы ел шілігі мен ТҮРКСОЙ бірлесіп Ахмет Байтұрсынұлының туға ны- на 150 жыл толуына орай, ақпан айында іс-шара өткізді. Анкара мен Ыстамбұл қалаларында жал- ғас қан бұл шарадан кейін мамыр- маусым айларында, бертінде қыр күйекте ғылыми басқосулар болды. Қазақстан елшілігінде ға- лым ның туған күніне орай өткі- зілген бұл үлкен жиынға Ахмет Байтұрсынұлын жан-жақты та- ныс тырған ғалымдар атсалы сып, оның еңбектері, өмірі, күресі, шығармашылығы туралы ғылыми талдау мен талқылаулар жүргі зіл- ді. Ғылыми конференциядан тыс, Еуразия жазушылар одағының басылымы – «Кардеш калемлер»

журналының бір саны тұтас Ахмет Байтұрсынұлына арналды. Жыл бойы Ахмет Байтұрсынұлын та- ныту, оның еңбектерін шығару, шығармаларын насихаттау, дә- ріп теу үшін көптеген еңбектер жа салды. Айталық, профессор Нергис Бирайдың ахметтануға арналған жаңа монографиясы жарық көрді. Ол еңбек 11 қараша

күні Алматыда өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конферен- ция да көпке таныстырылды. Бұл да біздің Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған ме рей- тойына қосқан шағын үлесіміз деп санаймын, – деді алаш та- нушы.

Гүлжанат Құрманғалиева 1992 жылы Түркия астанасы Ан- кара қаласындағы ағылшын ті- лінде білім беретін Таяу Шығыс техникалық университетінің (ODtÜ) тарих факультетіне оқуға түсті. Алғашқы жылы түрік тілін, одан кейінгі жылы ағылшын тілін меңгеріп, 1999 жылы тарих факультетін тамамдады. Ғалым 2003 жылы аталған универ си- теттің «Саясаттану және қоғамдық басқару» мамандығы бойынша

«Stalin’s Great Purges and the Pe- nal System: The Case of the Kazak Intelligentsia» (Сталиндік қуғын- сүргін және жазалау жүйесі: қа- зақ зиялылары) деген тақырыпта диссертация қорғады. Оқыту шы- лық жолын 2003 жылы өзі оқып бітірген Таяу Шығыс техникалық уни верситетінде бастады. Бір жылдан кейін отбасылық жағ- дайы на байланысты Бішкек қа- ласына ауысып, қырғыз-түрік Ма нас университетінде аға оқы- ту шы қызметін жалғастырды.

2008 жылы Бішкек қаласында тарих мамандығы бойынша док- тор лық бағдарламаны бітіріп, тарих ғылымының докторы атан- ды. Докторлық диссертациясын

«Seyahatnamelere göre Yedisu Bölgesindeki Kazak ve Kırgızların Sosyal Yapısı (1854-1917)» (Саяхат- на малар бойынша Жетісу өңі рін- дегі қазақ және қырғыздардың әлеуметтік құрылысы (1854- 1917) тақырыбында қорғаған.

Гүлжанат Құрманғалиева- Ерд жиласун 2008-2010 жж.

Ыстам бұлдағы Малтепе уни вер- ситетінде қызмет етті және осы университеттегі Еуразия зерттеу

орталығының директоры болып тағайындалды. 2010-2011 жж.

Оңтүстік Корея мемлекетінің ас- та насы Сеул қаласындағы Кван- гвун университетінің профессоры болып қызмет етті және тарих, саясаттану, қоғамдық басқару салаларынан сабақ берді.

2012 жылдан бастап Ан ка- радағы Гази университетінде Қа- зіргі түркі тілдері және әде биет- тері кафедрасында еңбек етті.

2015 жылы АҚШ-та Солтүстік Вирд жиния және Джордж Ва- шингтон университеттерінде бір семестр тағылымдамадан өтіп, семинарлар берді. 2018 жылы Гази университетінің екіге бөлі- нуіне байланысты қоғамдық және әлеуметтік ғылымдар факуль тет- тері Анкара Қажы Байрам Уәли университетіне қарасты болып құ рылды. Қазір аталған уни вер- ситетте профессор, сондай-ақ уни верситеттің шетелдермен Мевлана ұтқырлық бағдарламасы аясында үйлестіруші болып қызмет атқарады.

– Мен қызмет атқаратын Қажы Байрам университетінде Алаш жайында көптеген зерттеу- лер жүргізіліп, магистрлық, док- тор лық диссертациялар қор- ғалды, әлі де қорғала бермек.

Түркияда, менің есебім бойынша, жеке Ахмет Байтұрсынұлының

ҚазҰУ-да дәріс оқу мүмкіндігі туғанына қуанамын

Гүлжанат Құрманға лиева- Ерджиласун – белгілі алаштанушы ғалым, Түркия мемлекеті Анкара Қажы Байрам Уәли университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни вер- ситетіне Мевлана ұтқырлық бағдар ла- ма сы аясында ша қырылған

профессор. шығармашылығына арналған

төрт, Алаш тақырыбына қатысты 10-нан астам диссертация бар.

Бұлардан бөлек, жекелеген Алаш зиялыларынан қорғалған диссер- тациялар тағы бар. Біз осы үрдісті жалғастырып, қазір де диплом- дық жұмыс болсын, магистрант, докторанттардың ғылыми диссер- та цияларында болсын, Алаш зерт теулеріне маңыз беріп, ғы- лымның осы саласын ары қарай жалғастырып алып кететін ма- гистрант, докторанттарды даяр- лап келеміз. Мысалы, менің бір докторантым Әлихан Бөкейхан ту ралы диссертация жазып жа- тыр. Тағы бір шәкіртім Халел Досмұхамедұлы еңбегін түрік тілі- не аударып, зерттеп жүр. Биыл тағы бір шәкіртім Ахмет Байтұр- сын ұлының шығармаларын түрік тіліне аударып шықты. Мұндай еңбектер алдағы уақытта да жалғасын табады деген ойдамыз, – деді профессор.

Гүлжанат Құрманғалиева- Ерд жиласун XIX-XX ғасырлардағы Орталық Азия, жекелей айтқанда, қазақ және қырғыз тарихы, кеңес дәуірі тарихы мәселелерімен шұ- ғыл данады және көптеген ғы- лыми еңбектердің авторы. АҚШ, Ұлыбритания, Алмания, Швеция, Жапония, Корея, Үндістан т.б.

көп теген шет мемлекеттерде дә-

ріс оқыды, ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама жа сады. Тарихи материалдар жи- нап, халықтың басынан өткен оқиғалар аясында деректі фильм түсіруге атсалысты. Ғалым ана тілін, сондай-ақ түрік, орыс, ағылшын, француз және қырғыз тілдерін жетік біледі.

– 2021-22 оқу жылының күзгі семестрінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің студенттеріне «Қа- зақ зиялыларының демокра тия- лық қозғалысының тарихы» және

«Қазақстандағы ұлттық элита және ұлт мәселесі» курстарын онлайн оқыдым. Факультеттің сол кездегі деканы М.Ноғайбаеваға, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Б.Кәрібаевқа үлкен алғысымды білдіремін. Мен өзім Қазақстанда туып-өссем де, жоғары білім алған кезден бас- тап шетелдерде жүргендіктен, ака демиялық мансабымда да үнемі сыртта болдым. Осы себеп- тер ден Қазақстандағы уни вер- ситеттер және жоғары білім беру жүйесін тек конференциялар арқылы білетін едім. Енді жақын- нан танысып, қазақ студенттеріне дәріс оқу мүмкіндігін ұсынған Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығына алғысымды білдіремін әрі бұл мен үшін қуанышты жағдай. Білім ордасындағы студенттер жан- жақты білімімен мені таңғал ды- рып келеді. Қазақстанда ғана емес, әлемде де білім беруде алдыңғы қатарлы оқу орында ры- ның бірі – ҚазҰУ студенттеріне бұдан әрі де білімдерін шыңдай берулерін тілей отырып, оқу орда сының басшылығы мен ұстаз да рына жемісті еңбек тілеймін, – деп сөзін тамамдады алаш та нушы.

Нұрбек НҰРЖАНҰЛЫ

(6)

WWW.KAZNU.KZ

6 Q

AZAQ UNIVERSITETI№40 (1864), 3 ЖЕЛТОҚСАН 2022 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлт- тық статистика бюросының мә- ліметі бойынша, 2020 жылы ғылым саласында 22 665 ға- лым жұмыс істеді. Оның ішінде маман-зерттеушілер – 18 228, олардың тек 35 пайызының ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар, яғни 1883 ғылым докторы, 4324 ғылым канди- даты, 1755 философия докторы (PhD) және 62 ғылым докторы.

Жастарына қарай: 35 жасқа дейінгі жас ға лымдар – 35 па- йыз, орта буын 55 жасқа дейінгі ғалымдар – 40 пайыз, ал 55 жастан асқандар 25 пайызды құрайды. Осы ғалым дар дың ішінде әйелдердің үлесі – 53 пайыз, ерлер – 47 пайыз.

Ғалым еңбегінің маңызды көр сеткіштерінің бірі – әртүрлі ел дердің ғалымдары әлемдік білім қорына өз үлесін қосатын ғы лыми жарияланымдар. Сәй- ке сінше, ғылыми басылым дар- дың халықаралық деректер базалары ғылыми метриялық көрсеткіш тер ді алудың негізгі көзі болып саналады.

Қазақстанның 2018-20 жыл дарға арн�

Referensi

Dokumen terkait

Бакенова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан *Корреспонденция үшін автор: [email protected] Шерхан Мұртаза публицистикасында ұлттық мүдде мәселелері

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қазақстан Жоғарғы мектебінің Ұлттық ғылым академиясы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ашық білім беру ұлттық платформасының тұсаукесер

йппирк түсуіне мүмкіндік бөрме ■ ТІЛ МЕН ТӨРБІІЕ Намазалы ОМАШЕВ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дың Тіл және тәрбие жүмысы жөніндегі проректоры У.ГПІ.ІЦ ЕБІНШІЛТАУЫ әл-Фараби атындағы

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының

2006 жылдан бастап қазіргі кезге дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің Қаржы кафедрасында профессор лауазымында.. Қазақстан

Басы 1-бетте ИНФОРМАЦИЯ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім беру грантының саны бойынша биыл да еліміздің жоғары оқу орындары арасында абсолюттік көшбасшы болды..

ӘСКЕРИ КАФЕДРА Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Дайындық

ЖЕЛТОҚСАН «Round University Ranking» беделді рейтинг агенттігінің деректері бойынша Қазақстан алғаш рет пәндік рейтингте ұсынылған және оған кірген жалғыз жоғары оқу орны әл-Фараби