• Tidak ada hasil yang ditemukan

№7

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "№7"

Copied!
8
0
0

Teks penuh

(1)

Q AZAQ

UNIVERSITETI

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті

Апталық 1948 жылдың

20 сәуiрiнен шыға бастады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АПТАЛЫҚ ГАЗЕТ №7 (1875) 27 АҚПАН 2023 ЖЫЛ WWW.KAZNU.KZ

facebook.com/KazakhNationalUniversity vk.com/kazuniversity i n s t a g r a m . c o m / K A Z NU _ FA R A BI

1948-2023

ЖЫЛ

6-бет

7-бет 3-бет

Жастардың ғылымға құштарлығына тәнті

болдым

Басты міндет – жеке тұлға тәрбиелеу Гуманизм и принципы

уголовного законодательства РК

Білім ордасының басшысы қонақтарды университет же- тіс тіктерімен таныстырып, қы тайлық жоғары оқу орын- дарымен әріптестік бай ла- ныстардың жүйелі жүр гізіліп отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде Бенжамин Ку жылы қабылдағаны үшін уни- верситет ректорына риза шы- лығын білдіріп, бірлесіп ат қа- рылып жатқан жобаларға тоқталды.

«Гонконг политехникалық университеті QS халықаралық рейтингінде 65-орында тұрған әлемдегі жетекші жоғары оқу орны. Қос университет ара- сын дағы ынтымақтастық күн- нен-күнге артып келеді. Мәсе- лен, ортақ конференциялар мен кездесулер өткізіліп тұ ра- ды. Алдағы уақытта екі уни вер- ситет арасында қос диплом беру, оқытушылар мен студент алмасу бойынша жұмыстар жалғаса бермек», – деді құр- метті мейман.

Нұрсұлтан ЖЕКСЕНБАЕВ

Гонконг политехникалық

университетімен байланыс артады

Әл-Фараби атын- дағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Гонконг политехникалық университетінің қолданбалы әлеумет- тік ғылым департа мен- ті Қытай және жаһан- дық даму желісінің директоры Бенжамин Ку бастаған делега- ция ны қабылдады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт тық университетінің Экономика және бизнес жоғары мек тебінде ҚР Ұлттық ғылым академия сы- ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, экономика ғылымы- ның докторы, про- фессор Кенжеғали Сағадиев атындағы аудиторияның ашылу салтанаты өтті.

Мемлекет және қоғам қай- рат кері Кенжеғали Әбен ұлы өзі нің өмір жолында Қазақ- стан ның бес ірі жоғары оқу орнын басқарып, еліміздің эко-

Академик атындағы аудитория ашылды

но мика және білім саласының дамуына елеулі үлес қосты.

Университет ректоры Жан- се йіт Түймебаев ҚазҰУ түлегі, көр некті ғалым Кенжеғали Са- ға диевтің жетістіктеріне тоқ- та лып, «Кенжеғали Әбенұлы әр дайым жас ғалымдарға қам қорлық жасап, білімді шә -

кірттер тәрбиелеп, өзі нің ғы- лыми мектебін қалып тас тыр- ды. Академик атындағы жаңа ау дитория болашақ эко но мис- терді, бизнес-менед жер лер- ді даярлау бойынша кәсіби шеберханаға айналады», – деп атап өтті.

Шарада сондай-ақ ҚР Жо - ғары оқу орындары қауым дас - тығының президенті Рах ман Алшанов, академик Сә бит Бай зақов, Алматы қа ла сы әкі мінің орынбасары Әсем Нү сіпова, «Нұрсұлтан На зар - баев білім қоры» қо ғам дық қоры директорының бі рінші орынбасары Светлана Мы р- за бекова, академиктің жа- ры Нағытай Кішкенова және басқа да ғалымдар мен қо ғам қайраткерлері сөз сөй леді.

Света ӨМІРҒАЛИЕВА

Камар АББАС:

зерттеу университеті ретінде 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы әзірленді.

2022 жылы Ыстамбұл және Бішкек қалаларында ҚазҰУ фи- лиалы ашылып, Алматыда ҚазҰУ базасында МИФИ фи лиа лы құрылды», – деп атап өтті ректор.

Сонымен қатар универси тет- Әл-Фараби атын -

дағы Қазақ ұлттық универ си тетінде Ғы лы ми-техно ло гия лық паркі мен ғылыми- зерттеу ла бо рато рия- лары жетіс тік терін таныс тыру мақ- сатында БАҚ өкіл де- ріне арналған баспасөз туры өтті.

БАҚ өкілдері ғылыми жобалармен танысты

те 16 факультет, 8 ғылыми- зерттеу институты, 29 ғылыми орталық пен Ғылыми-техноло- гия лық паркі, 97 өндірістік фи- лиалдан тұратын бірегей ғы- л ы м и - и н н о в а ц и я л ы қ ин фра құ рылым қалыптасты.

Жыл сайын конкурстық негізде уни вер ситет ғалымдары іргелі

және қолданбалы ғылыми зерт- теулер бойынша 400-ден астам ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай- ақ жалпы көлемі 8,1 миллиард теңге нысаналы қаржыландыру бағдарламаларын іске асыра ды.

Жалғасы 4-5 беттерде Журналистермен жүздесуде

ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев атқарылған істер мен айшықты жобалар жайлы айтып берді.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – QS WUR халықаралық рей тин гін- де 150 үздік ЖОО қатарына енген елдегі және Орталық Азия өңіріндегі жалғыз ірі ғы лы ми- білім беру орталығы. ҚР Үкіметінің қаулысымен еліміз дің жетекші жоғары оқу орнына 2022 жылғы 25 шілдеде зерттеу университеті мәртебесі берілді.

ҚазҰУ-дың әлемдік деңгейдегі

(2)

WWW.KAZNU.KZ

2 Q

AZAQ UNIVERSITETI№7 (1875), 27 АҚПАН 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

AqpArAt

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси те- тінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда ағымдағы жұмыс мәселелерімен қатар, білім беру бағдарла малары- ның сапасы талқыланды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «QazInnovations» инновация- ларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Санат Ахановпен кездесті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 27 оқытушысы жалпы республикалық байқауда 775 үміткердің ішінен үздік деп танылды. Жеңіске жеткен 150 оқытушыға 6 млн теңге сыйақы берілді.

Марапаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси те- тінде Қазақ стан- ның еңбек сіңірген мұғалімі, «Назар- баев зияткерлік мектептері»

дербес білім беру ұйы мы ның Бас- қарма төрайы мы Күләш Шәмши ди- нова көшбас шы- лық дәріс оқыды.

«ҚазҰУ ғалымдарына иннова циялық курс өткізу туралы ұсынысымды жет- кіз гім келеді. Ол курста ғылымға қатысты барлық бағыттар қамтылатын бо- ла ды. Бұл өз кезегінде тә жірибе алмасуға және ғалымдарымыздың бі- лік тілігін арт тыруға сеп болады. Сондай-ақ ғы- лы ми жобалар ар қы-

лы конкурстарға қа ты- су, гранттар ұтып алу бо йынша да тәжірибемен бөлісе аламыз. Сон дық- тан ҚазҰУ ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз», – деді Санат Жолдыханұлы.

ҚазҰУ ректоры Жан- се йіт Түйме ба ев аталған бастамаларды қолдай- ты нын жеткізіп, құрметті

қо нақ қа уни вер ситеттің ғылым да ғы жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы мә лімет бер- ді. Сөз соңында ректор Санат Ахановқа «ҚазҰУ- дың 100 инно ва ция лық жобалары» атты кітапты сыйға тартты.

Нұрсұлтан БАЗАРБАЙҰЛЫ

Байқауда еліміздегі 43 жо ға ры оқу орнының 150 оқы ту шысы же ңім паз атан ды. Олар дың әрқайсысы 2000 АЕК (6 млн 126 мың теңге) сыйақы ал ды.

Оқытушыларға қар жы лай ынталан ды- румен қатар, төсбелгі де табысталды.

Айта кетейік, республикалық кон- курс тық комиссияның шеші мі мен са-

йыста электронды оқу ресурстарын, оқу материал да рын әзірлеу және жа рия лау, отандық және халықаралық жур нал- дардағы ғылыми жария ла ным дар, өнер- табысқа па тент тердің болуы және т.б.

сияқ ты көрсеткіштер баға лан ды.

Конкурс жеңімпаздарын құттық тай- мыз!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен

«ЖОО үздік оқытушысы – 2022» байқауының жеңімпаздары

1. Ақмұханова Нұрзия Рахмедиқызы Биология және биотехнология факультеті 2. Ақтымбаева Әлия Сағындыққызы География және табиғат пайдалану факультеті 3. Асқарова Әлия Сандыбайқызы Физика-техникалық факультеті

4. Берденова Бақытнұр Аманбайқызы Механика-математика факультеті 5. Бөрібаев Жолдас Алладинұлы Ақпараттық технологиялар факультеті 6. Дәуітбек Достілек Механика-математика факультеті 7. Дүзбаева Салтанат Бекболатқызы Заң факультеті

8. Жидебекқызы Ақнұр Экономика және бизнес жоғары мектебі 9. Картабаева Ерке Тамабекқызы Тарих факультеті

10. Қоданова Сандуғаш Құлмағамбетқызы Физика-техникалық факультеті 11. Қозғамбаева Гүлнар Бестібайқызы Тарих факультеті

12. Қошанов Бақытбек Данебекұлы Механика-математика факультеті 13. Құдайбергенова Сандуғаш Кансарқызы Философия және саясаттану факультеті 14. Кудреева Лейла Кадирсизовна Химия және химиялық технология факультеті 15. Ловинская Анна Владимировна Биология және биотехнология факультеті 16. Мадалиева Забира Бекешқызы Философия және саясаттану факультеті 17. Мун Григорий Алексеевич Химия және химиялық технология факультеті 18. Мұхаметкәрімов Ержан Советбекұлы Физика-техникалық факультеті

19. Омаров Батырхан Сұлтанұлы Ақпараттық технологиялар факультеті 20. Өмірбекова Әлия Өмірбекқызы Философия және саясаттану факультеті 21. Оңғарбаев Ербос Қалимоллаұлы Химия және химиялық технология факультеті 22. Оразбаев Сағи Амзеұлы Физика-техникалық факультеті

23. Оспанова Жанар Бесембайқызы Химия және химиялық технология факультеті 24. Рахимова Диана Рамазанқызы Ақпараттық технологиялар факультеті 25. Сарбасов Болатхан Серғазыұлы Филология факультеті

26. Темірбеков Алмас Нұрланұлы Механика-математика факультеті 27. Эгамбердиев Мырзахан Шәріпбайұлы Шығыстану факультеті

ҚазҰУ-дың 27 оқытушысы үздіктер қатарында

Білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру маңызды

ҚазҰУ – ғылым жолындағы алғашқы баспалдағым

Көшбасшылық дәрісті уни- вер ситет басшысы Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзбен ашып, Күләш Ноғатайқы зы- ның табысты еңбек жолына тоқталды.

«Күләш Ноғатайқызы Шәм- шидинова университетіміздің химия факультетінің түлегі.

Ол қарапайым мектеп мұғалі- мі нен Білім және ғылым министріне дейін көтерілген тұлға. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап білім беру саласында жауапты қызметтер атқарды. Білікті маман, іскер ұйымдастырушы ретінде еліміздегі білім, ғы- лым саласындағы ре фор ма- ларды іске асыруға атса лыс- ты», – деді университет ректоры.

Күләш Ноғатайқызының бас шылығымен жүргізілген зерттеулер негізінде Ұлы- бри тания және Сингапур сияқты т.б. беделді халық- ара лық білім беру меке ме- лерінің тә жі рибесіне негіз дел- ген зият керлік мек тептердің бі лім беру бағ дарламалары әзір леніп, қолданысқа енгі- зіл ген.

Осы орайда, білім беру саласына сіңірген ерен ең- бегін ескеріп, университет рек торы Күләш Ноғатай қы- зын мерейлі 65 жасымен құттықтап, «Әл-Фараби атын- дағы Қазақ ұлттық универ си-

тетінің Құрметті профессоры»

атағымен марапаттады.

Спикер өз сөзінде ҚазҰУ үлкен білім, ғылым жолына бастаған алғашқы баспалдақ болғанын, сол үшін қара шаңырақ оқу ордасы қашанда ыстық екенін атап өтті.

Күләш Шәмшидинова бала тәрбиесі ең өзекті мәсе ле- лердің бірі екеніне назар аудартып, «Ой толғау нүктесі:

орта білім мазмұны, мұғалім, қазіргі замандағы білім беру архитектурасы» тақырыбында дәріс оқыды.

Нұрбек НҰРЖАН Ғылыми кеңесте Әл-Фа-

ра б и атындағы ҚазҰУ Бас- қар ма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ғалым- дар ды «QazInnovations» инно- ва цияларды дамыту ұлттық агенттігінің» басқарма тө ра- ға сы Санат Ахановпен кез- десуі туралы хабардар етті.

«Уни верситет пен «QazInnova- tions» әріптестігі инно ва ция- лық жобаларымызды ком- мер цияландыруға және кә сіпкерлік өндірісті дамы- туға ықпал етеді. Біз бұл бағытта белсенді жұмысты жалғастыра береміз. Агенттік төрағасы ҚазҰУ-дың Ғылым департаментін ғылыми-инно- ва циялық жобаларды қаржы- лан дыру көздерімен және барлық қажетті материал дар- мен қамтамасыз етуге дайын.

Бұл бағыттағы іс-шараларды жан дандыруымыз керек.

Мем лекет университет ға- лым дарынан ауқымды әрі

тиім ді жобаларды күтуде. Жа- қында француздық «Total Eren» компаниясымен де ке- ліс сөздер жүргізілді. Біз ғы- лыми орталықты бірлесіп ашу және түлектерімізді өз кәсіп- ор нында жұмысқа орна лас- тыру бағыттары бойынша келіссөздер жүргіздік», – деді ректор Жансейіт Түймебаев.

Ғылыми кеңестің күн тәртібі бойынша оқу орнының Бас қарма мүшесі – акаде- мия лық мәселелер жөніндегі проректор Фатима Жақыпова білім беру бағдарла мала- рының сапасын қамтамасыз ету жолдары жайлы баянда ды.

Ол негізгі шешуші ба ғыт тар:

ғылым және білім са ла сын- дағы заңнаманы же тіл діру, білім беру бағ дар ламаларын өзектендіру, са паны қамта- ма сыз ету жүйесі, интер на- цио налдан дыру және халық- ара лық әріптестік, ұлт тық және жаһандық бәсекеге

қа білеттілікті арттыру екенін атап өтті.

Фатима Жақыпова өз сө- зінде «Кәсіби біліктілік ту ра- лы» заң жобасына назар ау- дара отырып, ол біліктілікті та ну мәселелерін реттеуге және қызметкерлерді өз құ- зыреттерін жетілдіруге ынта- лан дыруы тиіс екенін айтты.

Университет ректоры Жан сейіт Түймебаев түлек- тер ді жұмысқа орналастыру, жұмыс берушілермен бай ла- ныс, ағылшын тілінде оқыты- ла тын бағдарламалар мәсе- ле леріне көңіл аударып,

«Кә сіптік біліктілік туралы»

заң жобасын талқылау және талдау қажеттігін алға тартты.

Сондай-ақ жиында Әл-Фа- раби атындағы ҚазҰУ-дың Бішкектегі филиалының жұ- мы сы туралы директор Жа мин Шейшенов баяндама жасады.

Әйгерім ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

Күләш ШӘМШИДИНОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі:

Инновациялық жобалар

бірге іске асырылады

(3)

WWW.KAZNU.KZ

Q

AZAQ UNIVERSITETI №7 (1875), 27 АҚПАН 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

3

Профессор Камар Аббас Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да

«Электрохимиялық энергияны сақтау және материалдар химиясы» тақыры- бын да дәрістер топтамасын оқыды.

Ол Австриядағы Грац технологиялық университетінің және Польшадағы Познань техноло гия- лық университетінің профессоры, ре дак циялық кеңес тің мүшесі, рейтингі жоғары журналдардың ре цензенті. Электро- хи миялық энергияны сақтау саласында жоғары Хирш индексі бар аға жетекші ғылыми қызметкер.

Профессор Камар Аббас ги- брид ті суперконденсаторлар, ак- ку мулятор электродтары, нано ке- уек ті көміртегі, графен және таза энер гияны сақтауға арналған 2D материалдары саласындағы та- ны мал ғалым. Ол Nature Commu- nications, Carbon, ACS Applied Energy Materials, Materials Sci- ence and Engineering: R: Reports және басқа да импакт-факторы жоғары журналдарда жария лан- ған 60-тан астам ғылыми мақа- ла ның авторы. Ол 11 патенттің,

«Каталитикалық кинетика» (Else- vier, 2015) және «Каталитикалық кинетика: Химия және инже не- рия» (Elsevier, 2016) моногра фия- ларының авторы. Профессор Аб- бас 47-ден астам халықаралық кон ференцияда пленарлық сес- сия, негізгі баяндама немесе қо нақ спикер ретінде өз зерт- теу лерін ұсынды. Қазір екі авс- триялық жобаны басқарады.

Камар Аббас 2019-2022 жыл дар аралығында менің шет- елдік жетекшім болды. Оның же- тек шілігімен «Өсімдік талшықтары негізіндегі нанокеуекті көміртекті электродтық материалдардың син тезі және қолданылуы» тақы- ры бында докторлық диссертация қорғадым. Профессордың Қазақ- стан мен ҚазҰУ туралы көптеген қызықты мәліметтер білуіне сеп- тігім тиді деп ойлаймын. Осы

Сыбайлас жемқорлыққа қар- сы іс-қимылдың қуатты құралы бо ла отырып, корпоративтік бас- қару, жекеменшік құқықтары мен қоғамдық мүдделерді нақты ажы- ратуға мүмкіндік беретін мықты құрал. Қазақстанда корпо ра тив- тік басқару қағидаттарын ны ғай- туға мемлекеттік және сот билігі органдарының, атқарушы орган- дар дың әлсіздігі, тиімсіздігі, сы- бай лас жемқорлық кедергі кел- ті реді. Осы саладағы реформалау елдегі тиісті корпоративтік бас- қару қағидаттарын бекіту үшін басым мәнге ие.

Университеттердің де өз функ- цияларын сапалы орын дауы ның ма ңызды элементі – олардың

орайда, Камар Аббас біздің елге келу туралы шақыртуды үлкен қуанышпен қабылдады.

2021/22 оқу жылында про- фессор Камар Аббас Физикалық хи мия, катализ және мұнай хи- миясы кафедрасында онлайн фор матта «Академиялық жазу»,

«Зерт теу әдістері» пәндері бо- йынша дәрістер оқыды. «Химия»

білім беру бағдарламасының PhD докторанттары үшін химия және химиялық технология факуль те- тінде ғалымның дәрістері мен прак тикалық сабақтары өтті. Тө- менде доктор Аббастың таңдаулы дәрістерінің атаулары берілген:

– Материалдар химиясы жә- не көміртегі материалдарымен таныстыру

– Электрохимияға кіріспе – Кеуекті көміртектердегі за- ряд ты сақтау негіздері

– Материалдарды сипаттау үшін қолданылатын әдістер мен жабдықтар

– Суперконденсаторлардағы электролиттердің рөлі

– Электрохимиялық зерттеуде қолданылатын әдістер мен жаб- дықтар.

Бұл іс-шара магистранттар мен докторанттарға, сонымен қа- тар профессорлық-оқытушылық

кор поративтік басқару жүйесі.

ХХІ ғасырдың басында Латын Америкасы, Бразилия, Оңтүстік Корея, Тайвань, Армения сынды елдердің ЖОО-лары өз алдына жаңа стратегиялар қойып, кор- поративтік басқару тәсілдерін енгізе бастады. Осыған байла- ныс ты ЖОО-да корпоративтік бас қару қағидаттары енгізіліп, директорлар кеңестері құрылды.

Кеңестердің отырыстары кезінде ең көп талқыланған мәселелер мынадай болды: 1) университеттің стратегиялық міндеттерін іске асыру (81%); 2) сыртқы қаржы- лан дыруды тарту (39%); 3) уни- вер ситетті басқару тиімділігін бақылау (29%); 4) университеттің

құрамға ғылыми кеңестер беру мақсатында өткізілді. Қа ты сушы- лар шетелдік профессордың жұ- мы сына үлкен қызығушылық та- нытып, ғылыми жұмыстарын ұсы ну мүмкіндігін пайдаланып, әрі қарай жетілдіру үшін көптеген пайдалы ұсыныстар мен сын- пікірлер алды. Студенттердің өз зерттеулерінің тақырыптарын же- ке талқылауы есте қалатын сәт- тер дің бірі болды. Профессор да- рын ды студенттермен жеке ара ласып, олардың ғылымға деген құштарлығы мен қызы ғу- шылығына тәнті болды. Дәрістер мен сабақтардың форматы бар- лығын қуантты, өйткені әрбір қатысушы өзінің ғылыми қызметі үшін көптеген пайдалы және практикалық ақпарат алды.

Осы сапар барысында про- фессор Камар Аббас Химиктер лигасының халықаралық олим- пиа дасын ұйымдастыруға да қатысты. Оның қатысуы олим пиа- да тапсырмаларын тікелей қа- лып тастырудан, оны қазылар ал- қасының құрамында өткізуден және алынған есептерді ба ға- лаудан тұрды. Сондай-ақ Ал ма- тыда болған кезінде профессор Аббас Алматыдағы үш ғылыми ор талықта, атап айтқанда:

имиджі мен бәсекеге қабі лет- тілігін арттыру (12%); 5) уни вер- си теттің материалдық, оқу-әдіс те- мелік процесті техникалық қамтамасыз ету (31%); 6) сыртқы байланыстар (25%). Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, корпо- ра тивтік басқару органдары жұ- мыс істейтін ЖОО-лардың үлесі 2019 жылы 72%, ал 2023 жылға

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ- да, Жану проблемалары инсти ту- ты мен Физика-химиялық әдіс- тер ді талдау және зерттеу ор та лығында болды. Жоғарыда атал ған оқу орындарының бас- шы ларымен жүргізілген келіс сөз- дер нәтижелері бойынша ака де- миялық ұтқырлықты дамыту және магистранттар мен докто рант- тарды алмасу бойынша іс-ша ра- лар жоспарланған болатын.

Сондай-ақ профессор Алматы іргесіндегі жергілікті мектепке, Әл-Фараби атындағы мама ндан- ды рылған Алмалыбақ лицейіне шақырылып, оқушыларға моти- ва циялық баяндама жасады.

Ғалымның өмірбаяны мен жетіс- тік терімен қысқаша таныс ты ру- дан кейін оқушылар оның ғылыми жолы, халықаралық ғылыми ұжым дардағы өмірі және ғылыми ын тымақтастықтары туралы қы- зығушылықпен көптеген сұрақ- тар қойды. Олар сондай-ақ доктор Аббастың неліктен химияны оқу саласы ретінде таңдағанын сұ- рады. Ғалым мектеп кезінен хи- мияны ұнататынын айтты. Жалпы, бұл кездесу мектеп оқушылары мен қызметкерлері үшін өте маз- мұнды болды.

Камар Аббас ҚазҰУ-дың Фи- зи калық химия, катализ және мұ най химиясы кафедрасының

қарай ЖОО-лардың жалпы са- нының 95% құрауы тиіс.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің көптеген түлектері мансап жолында та- бысқа жетіп, қазіргі таңда үлкен компаниялардың директорлар ке ңесінің мүшелері болып, Қа- зақ стандағы ұйымдардың кор по- ративтік басқару жүйесін же- тілдіруге өз үлестерін қосуда.

Жыл сайын Менеджмент ка фе- дра сының «Менеджмент», «Жер-

Камар АББАС:

Жастардың ғылымға

құштарлығына тәнті болдым

Корпоративтік басқару қажет пе?

мең герушісі, профессор Е.Әубә- кі ровпен бірлесіп ғылымды да- мыту және құнды тәжірибе ал- масу үшін одан әрі ынтымақтастық пен тығыз өзара іс-қимыл стра- тегиясы әзірленді. Қазіргі уа қыт- та Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын гранттық өтінімдерге профессор Камар Аббас бірлесе отырып, шетелдік ғылыми кеңесші ретінде

«Энергияны жылдам сақтау үшін көміртегі-йодтыаралық про цес- терді түсіну» және «Гибридті су- пер конденсаторлар үшін құрама металдар қолдану» тақырыптары бойынша қатыстық.

Камар Аббас Қазақстанда бір ай болған кезінде халқымыздың мәдениетімен, Алматының көрікті жерлерімен танысып, қаланың ғажайып табиғаты мен алуан түр- лілігіне әсерленді. Профессорға әсіресе қазақтың дәстүрлі ас мә- зірі мен жергілікті қонақжайлығы ұнады. «ҚазҰУ-ға баруға әрқашан қуа нышты болар едім. Қазақ стан- ға алғаш келуім болса да, ҚазҰУ- дағы әріптестердің қонақ жай лы- ғы мен достығы мені өз үйімде жүргендей сезіндірді. Осы са- па рымда кафедрадағы және Ал маты қаласындағы жас ғалым дар дың ғылыми-зерттеу ба ғыт тарымен танысып, олар- дың ғылымға деген қы зығу- шылығын арттыру мақсатында кеңінен әңгімелестім. Жағымды есте лік терім көп, мұндай жемісті істер алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенімдімін», – дейді Алматыға жиі келіп, алдағы уақытта да ҚазҰУ-мен тығыз ғы- лыми ынтымақтастықты жал ғас- ты руға ниет білдірген профессор.

Жазира СУПИЕВА, Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының PhD, аға оқытушысы

гі лікті және мемлекеттік басқару»

мамандықтарының студенттері де елдегі корпоративтік басқару тақырыбында өзекті мәселелерді дипломдық жұмыс, диссер та ция- ларына арқау етіп («Корпоративтік клиенттермен қарым-қатынасты басқарудың тиімді жүйесін әзір- леу және енгізу», «Қазіргі кор по- ративтік басқару модельдерін са лыстырмалы талдау», «Ха лық- аралық компанияны басқару жүйе сіндегі корпоративтік мә- дениет» т.б. тақырыптарды зер т- теуде) және оны елде дамытуға өз үлестерін қосуда. Болашақта студенттер зерттеу жүргізіп, соны тәсілдерін университеттердің кор поративтік басқаруында қол- данысқа енгізу арқылы бізді жаңа сатыға көтеріп, тың тә жі ри- белер әкелері сөзсіз.

Ардақ ТҰРҒЫНБАЕВА, Менеджмент кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д.

Ақұлпа ИСАХАН,

«Менеджмент» (РУДН) мамандығының 2-курс магистранты Корпоративтік басқару – объективтілік, есеп беру,

жауапкершілік және жариялылық сияқты демократия- лық принциптердің негізі. Ол коммерциялық қызметтің белгіленген нормаларын сақтауды қамтамасыз ете отырып, демократиялық көшбасшылықтың заңдылығы мен принциптерін нығайтуға ықпал етеді.

Bılım ıntegrAsıAsy

(4)

WWW.KAZNU.KZ

4 Q

AZAQ UNIVERSITETI№7 (1875), 27 АҚПАН 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

AlmA mаter

Ғылыми институттармен және ұйымдармен интеграция кү шей- тілді, 21 білім беру бағдарламасы ен гізілді, 396 магистр мен PhD док торы оқуды аяқтады. Өнер та- быс пен модельге 400 патент пен авторлық куәлік алынды. Қа зақ- стандық ғалымдардың Scopus-та мақалалар саны артты. Оның 58 пайызын жыл сайын ҚазҰУ қыз- меткерлері жариялайды.

2014 жылдан бастап Әл-Фа- раби атындағы ҚазҰУ ЖОО-лар- ды интеграциялау бағдар ла масы шеңберінде «Ғылым ор дасының»

10 ҒЗИ-мен бір лес кен қызметті қарқынды іске асыруда. 2022 жылы ҚазҰУ аталған бағдарлама шеңберін ұлғайтып, «Ғылым ор- дасы» ҒЗИ-ларымен тағы тоғыз шартқа қол қойды.

ҚазҰУ базасында 2008 жыл- дан бастап ғалымдар мен сту- дент тердің инновациялық идея- ла рының табысты инкубаторы ретінде танылған Ғылыми-тех но- логиялық парк жұмыс істейді.

Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдері университеттің ғы лы ми-инновациялық инфра- құ ры лымымен танысып, Ғы- лыми-тех но логиялық паркі мен ғы лыми-зерттеу лабора то рия ла- рына барды. Журналистерге қазіргі уақытта ҚазҰУ-да жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Технопарк «ТрансНефть» Ор- та лық Азия ғылыми-зерттеу және жобалау институтымен бірлесіп,

«Сұйық түрдегі ракушка плит ка- лардың бетіне жағылатын тау жыныстарының поликристалды сынғыш ұнтақты кальций кар бо- натын жасайтын бірлескен өндірісін құру» инновациялық жобасын іске асыруда.

Осы жобаны іске асыру мақ- са тында «Инновация плюс» ен- шілес коммерциялық ұйымы құрылды. Ол жаңа құрылыс ма те- риа лының жоғары тиімділігін растай отырып, осы материалды ҚазҰУ ғимараттарының қас бет- те ріне эксперименттік қолдану бойынша жұмысты бастады. Осы уақытқа дейін айына 10 000 м2 көлемінде инновациялық құ ры- лыс материалдарын өндіру жолға қойылды.

Сондай-ақ Технопарк дәстүрлі

электр энергиясы жоқ жерлерде электр энергиясын беруге ар нал- ған қуаты 2 және одан да көп кВт/сағ телеметриясы бар мо- биль ді автономды гибридті күн энер гиясы қондырғысын әзірлеу жө ніндегі жұмысты жал ғас ты- руда. Бұл жобаға ҚР Қорғаныс ми нистрлігі, ҚР Төтенше жағ- дайлар министрлігі, «Қазақ те- леком» АҚ, ұялы байланыс опе- ра торлары, агроөнеркәсіптік ке шен өкілдері және басқа да ұйымдар қызығушылық танытты.

«Инновация плюс» ком па ния- сымен бірлескен келесі табысты жо ба – «Мұнай ұңғымаларын ас- фальт-шайыр-парафинді және гидратты шөгінділерден тазарту технологиясы» деп аталады.

Ғалымдар әзірлеген авто мат- ты мұнай шөгінділерін тазарту қондырғысы мұнай өндіру кезінде циклдік және күнделікті та зар- туды жүзеге асырады, бұл мұ- найды үздіксіз өндіруге мүмкіндік береді. Құрылғы тозуға тө зім- діліктің жоғары параметрлеріне ие және минималды бақылауды қа жет етеді. Құрылғы қолда ныс-

БАҚ өкілдері ғылыми

тағы тазарту шығындарын 80 пайызға дейін оңтайландыруға, тазарту кезінде мұнайдың жо ға- луы мен төгілу қаупін азайтуға, пайдалану процесінде «адам фак- то рының» теріс әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Дәрілік өсімдіктердің ғылыми- зерттеу орталығында журна лис- тер ге «Өсімдік шикізаты негізінде инновациялық өнімдерді әзірлеу»

жо басы ұсынылды. Университет ғалымдары жоба авторы Жанар Жеңістің жетекшілігімен алғаш рет Қазақстан аумағында өсетін дәрілік және қоректік шөп қос па- ларының бірнеше түрінен тұратын табиғи тұнбалар жасады. Олар тұ мау вирусына, ЖРВИ-ге, сон- дай-ақ бауыр мен әйел ден сау лы- ғын сақтауға бағытталған про фи- лак тикалық және емдік қа сиеттерге ие.

Өндірілетін өнімнің тұтыну шы- ла ры фармацевтикалық ком па- ния лар, медициналық ме ке ме лер, ғылыми-зерттеу инс ти туттары және басқа да көп теген нарық субъектілері бола алады.

Содан соң журналистер ғалым Соңы. Басы 1-бетте

(5)

WWW.KAZNU.KZ

Q

AZAQ UNIVERSITETI №7 (1875), 27 АҚПАН 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

5

AlmA mаter

жобалармен танысты

Әмірхан Темірбаев жетекшілік ететін «Әл-Фараби сериясының университеттік наноспутниктерін әзірлеу және құру» жобасымен танысып, процестік иннова ция- лар орталығына барды. Әл-Фа ра- би атындағы ҚазҰУ – Сubesat стан дартының алғашқы қазақ- стан дық наноспутнигін әзірлеуші.

Бүгінде университет екі нано спут- никті ғарышқа ұшырды. Cubesat- тар кішкентай көлеміне қара мас- тан, Марс атмосферасы, ас те роидтар, күн желін зерттеу, сондай-ақ нақты уақыт режимінде Жер шарының бетін бақылау сияқты бірқатар технологиялық, ғылыми және білім беру мә се- лелерін шешеді.

Бүгінде «Ғылым қоры» қол- дауы мен Процестік инновациялар орталығы базасында ғарыштық робототехниканы, сондай-ақ елі- міз дің мектептері мен жоғары оқу орындарында STEM-білім беруді дамытуға бағытталған «Білім беру мекемелеріне арналған шағын ғарыш аппараттарының иннова- ция лық конструкторларын өн- діру» жобасы іске асырылуда.

Қазірдің өзінде 10-нан астам жиын тық сатылды, көптеген мек- теп тер жаңа AlfaSat конс трук- торын пайдалануға қызығушылық танытты. Конструкторды еліміздің колледждері мен жоғары оқу орын дарына енгізу жоспар ла ну- да.

Ашық үлгідегі ұлттық нано тех- но логиялық зертхана мен ин же- нерлік өндіріс зертханасы қо нақ- тарға Данияр Исмаиловтың

«Наноматериалдар негізіндегі қа былдағыштар» жобасын ұсын- ды. Қабылдағыштарда сенсор ре тінде заманауи нано тех ноло- гия лық тәсілдер пайдаланылатын болады, бұл шығарылатын өнім- нің сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді. Оның артық шы- лығы – нанотехнологияға не гіз- делген сапа, нано саладағы ерекше қасиеттерге байланысты баға тұрғысынан қолданыстағы аналогтармен бәсекелесе алады.

Тұтынушылар: мектептер, жоғары оқу орындары, тұрмыстық мақ- сат та, алдын ала сигнал беру қа- жет өнеркәсіптер, төтенше жағ- дай кезінде хабарлау.

Мерлан Досболаевтың «Жаңа технологиялар негізінде жоғары жарықтық қарқындылығы бар энергия үнемдейтін газразрядты шамдардың шағын сериялы өн ді- рісін ұйымдастыру» атты жобасы БАҚ өкілдерінің қызығушылығын тудырды. Өйткені ол Т5 және Т8 типті энергия үнемдейтін шам- дар ды пайдалану арқылы энергия тұтынуды үнемдеу мәселесін ше- шеді. Жобаның мақсаты жар қыл- дың жоғары қарқындылығымен энер гия үнемдейтін газразрядты шамдардың шағын сериялы өн- дірісін ұйымдастыру және енгізу болып табылады. Ұсынылатын шам дардың бәсекелестік ар- тықшылықтары – жарық тиімділігі 20 пайызға, жарқырау қар қын- ды лығы 1,5 есе, жоғары сапа және қолжетімді баға.

Асқар Жүнісбековтің «Орта оқу орындарында электр құбы- лыс тарын зерделеу үшін зерт ха- налық кешендердің шағын өн- дірісін ұйымдастыру» жобасы қа зақстандық мектептер мен колледждерді білім берудің жо- ғары стандарттарына сай келетін заманауи оқу жабдықтарымен жарақтандыруға ықпал етуге бағытталған. Автор ұсынған зерт- ханалық кешен автономды, пай- да лану және техникалық қызмет көрсетуі қарапайым. Жиырма екі зертханалық жұмысты орындауға мүмкіндік береді және арнайы кабинетті қажет етпейді.

Баспасөз туры ҚазҰУ ғалым- да рының инновациялық жоба ла- ры ның көрмесі өтетін Әл-Фараби ғылыми кітапханасында өз мәре- сі не жетті. БАҚ өкілдері ғалым- дар мен сұхбаттасып, атқарылып жатқан ғылыми жобаларды көз- бен көруге және өздерін қызық- тыр ған сұрақтарды қоюға мүм кін- дік алды.

Осылайша елдің жетекші жоғары оқу орны ғылыми-ин но- вациялық жобаларды іске асыра отырып, университет ғылымын нығайтуға, оның академиялық ғылыми-зерттеу институттарымен ин теграциялануына және та быс- ты қызмет нәтижелерін одан әрі ком мерцияландыруға ықпал ету- де.

Әйгерім ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

(6)

WWW.KAZNU.KZ

6 Q

AZAQ UNIVERSITETI№7 (1875), 27 АҚПАН 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ Академическая политика КазНУ им. Аль-Фараби

направ ле на на обеспечение кон курен то способных специалистов, обладающих достаточными знаниями, способных усваивать новые объекты знаний, а также генерировать новые знания; имеющих сформированное компетентностное поле, имеющих активную граждан- скую позицию, основанную на идеях мира, добра и справедливости. Для педагогического состава универ- ситета сформулированы задачи совершен ство вание и обновление содержательной, мотивационной, цен- ност ной составляющей образовательных программ как средства целенаправленного формирования кон- ку рен тоспособного выпускника-специалиста, готового к постоянному профессиональному росту, социальной и профессиональной мобильности.

Этим основным задачам соот- вет ствует образовательная прог- рам ма подготовки магистрантов специальности «судебно-про ку- рор ско-следственная деятель- ность» кафедры уголовного пра- ва, уголовного процесса и кри миналистики юридического факультета КазНУ им. Аль-Фа- раби. В рамках изучения пред ме- та «Актуальные проблемы уго лов- ного права» по теме «Проб лемы закрепления прин ци пов уго лов- ного права в зако но дательстве РК» внимание магис тран тов бы- ло обращено на сущест вование проблемы неза креп ления прин- ципов уголовного права в зако- но дательстве РК. Тема оказалась настолько инте рес ной, что было проведено рас ши ренное обсу- ждение вопроса реализации принципа гуманизма на тема ти- ческом семинаре кафе дры. Была проанализирована не только динамика (тенденции) из менения законодательных рег ла ментаций принципов уголовного права, но и отслежена связь прин ципа гуманизма с про це ду рами проводимых реформ уго лов ного законодательства и реформ системы правоохра нительных органов страны.

При анализе действующего уголовного законодательства РК привлекает внимание, что как таковые принципы уголовного права в законодательстве РК не закреплены, как это практикуется обычно во всех коди фици рован- ных законодательствах разных отраслей права. Между тем от- дель ные аспекты, которые можно отнести к тем самым основопо- ла гающим идеям о равенстве граж дан перед законом, о недо- пус тимости применения закона по аналогии и двойного прив ле- чения к уголовной ответ ствен- ности, неприемлемости пыток и других унижающих человеческое достоинство видов обращения как элемента принципа гума низ- ма, все же закреплены соот вет- ственно в ч.4 ст.15, ст.4 и ч.3 ст.9 УК РК.

Приведенная формулировка от ч етливо выделяет два взаи- мос вязанных аспекта. Принцип гуманизма предполагает направ- лен ность уголовного закона на обеспечение безопасности всех членов общества. Речь, таким образом, не идет об абстрактных идеях смягчения ответственности и наказания. Изменения уго лов- ного законодательства также дол жны осуществляться с учетом социальной и криминальной обс- та новки и лишь в пределах, ко то-

рые не ставят под угрозу дос ти- жение целей уголовной от вет ственности и наказания при без услов ном соблюдении прин- ципов справедливости и гума- низ ма. Не менее важно помнить и о приоритетном требовании за щищать права и законные интересы потерпевших, жертв преступлений, а не только лиц, прив лекаемых к уголовной ответ- ст венности.

Принцип гуманизма может трак товаться как человечность.

В этой связи реализация данного принципа, как и всех других принципов уголовного законо- дательства, должна обеспечивать эффективную защиту прав и законных интересов граждан от преступных посягательств. Прин- цип гуманизма обеспе чи вает за- щиту от избыточности и иной

«искаженной» направ лен ности мер уголовно-правового воз- дейс т вия на лиц, совершивших прес тупление. Запрет жестокости или унижения человеческого дос- тоинст ва преступников вытекает из 17 Конституции РК и меж ду на- родно-правовых обязательств Казахстана.

Характер уголовного нака за- ния влечет у многих осужденных серьезные психические пережи- ва ния, ухудшение условий их физического существования. Не являются ли последствия нака за- ния противоречащими принципу гуманизма? На этот вопрос сле- дует ответить отрицательно. В соответствии со ст. 39 УК РК суть наказания виновного заклю чает- ся в предусмотренных Уголовным кодексом лишении или огра ни че- нии прав и свобод этого лица. А значит, переживания, небла го- прият ные условия жизни и иные, предусмотренные уголовным за- к оном последствия неиз беж ны.

Все дело в том, что это является не целью уголовного наказания, а его неизбежным следствием.

При этом уголовно-испол нитель- ное законодательство РК предус- ма тривает, что лица, отбывающие наказание, сохраняют права, пре делы лишения или огра ни че- ния их прав определены законом.

На исправительные учреждения в полном объеме распрос тра- няется прокурорский надзор, а осужденные вправе обжаловать незаконные действия адми нис- трации учреждений, исполняю- щих наказание.

Совершенствование принци- пов уголовного законодательства – процесс постоянный. Многое в этом процессе зависит от про- фес сиональной подготовки

законодательства, обеспечивать формирование правильного по- нимания духа и буквы уголов ного закона, готовности профессио- наль ных умений и навыков не- уко снительного исполнения его требовании.

Понятие гуманизма трактует- ся в настоящее время как сис- тема ценностной ориентации, в центре которых признание чело- ве ка в качестве высшей ценнос- ти, признание универсальной зна чимости человеческого бытия в целом и каждой отдельной лич- ности в частности. Человек рассма тривается как высшая цель и благо общественного раз- ви т ия. Реализация в связи с этим принципов гуманизма означает ориентацию на общечелове чес- кие ценности, имеющие фунда- мен тальное значение не только для одной группы, класса, партии людей, а для всего человечества, на ценности, имеющие абсолют- ный и вечный характер.

Проблемы гуманизации ока- зы ваются в фокусе общест вен- ного внимания не случайно, об- щест венность убеждается, что воздействие в новых условиях общественного развития судеб- ной системы, карательного аппа- ра та на преступность носит не эффек тивный характер. Класси- ческие меры наказания не всег- да оказываются способными обес печить поддержание об- щест венного порядка. Общество нуждается в кардинальных ме- рах, которые могли бы удержать человека от преступления, а если все же человек совершил прес- туп ление, то и отношение к ним должно происходить в рамках гуманистического принципа.

Внимание этому вопросу уделает президент РК. Осуществляется декриминализация ряда статей УК за которые назначается ли ше- ние свободы.

заменяют назначенное судом наказание более легким. При- менение амнистии и поми ло ва- ния является проявлением гума низ ма демократического, пра вового государства, ува же- ния прав и проявление доверия к лицам, совершившим преступ- ле ние. В основе издаваемых в Казахстане актов об амнистии и помилования лежит глубоко народный характер государства, стоящего на страже интересов личности, общества и проводя- ще го в своей политике вели чай- шие принципы гуманизма.

Акты амнистии носят нор ма- тив ный характер, распростра- няют ся на определенные кате го- рии или группы лиц, подпадающие под действие закона об амнис- тии. Акты амнистии в Казахстане обычно принимаются в связи со знаменательными событиями или юбилейными датами. Всего в Казахстане с 1991 по 2006 годы приняты восемь законов об амнистии.

Амнистию следует отнести к числу наиболее ярких проявлений гуманизма. В современном уго- лов ном законодательстве гу ма- низм государства проявляется че рез расширение спектра на ка- заний, альтернативных лишению сво боды, через применение так называемых поощряющих норм, в первую очередь к лицам, совер- шив шим правонарушения не- боль шой и средней тяжести, а так же к социально уязвимым груп пам населения: беременным;

женщинам, имеющим на ижди ве- нии несовершеннолетних детей, в том числе усыновленных или взя тых под опеку или попе чи- тельство; женщинам, имеющим детей-инвалидов, независимо от возраста; несовершеннолетним;

инвалидам; людям преклонного возраста и др. Дифферен циро- ван ный подход к лицам, совер-

Гуманизм и принципы уголовного законодательства РК

Общественность убеждается, что для государства и общества в целом гораздо предподчти тель- нее не жесткость и жестокость наказания, а изыскание иных пу- тей исправления лиц, пересту- пив ших закон.

Амнистия и помилование яв ляются актами, которые, не от меняя ни уголовного закона, пре дусматривающего ответ - ствен ность за те или иные прес тупления, ни приговора суда, освобождают от уголовной от вет- ственности или наказания, или

шив шим преступные деяния, и от каз от применения принуж де- ния, когда возможно, способ ст- вуют снижению рецидива в част- ности и сокращению преступности в целом.

Сегодня все мы отчетливо по- нимаем, что наказание должно быть необходимым и достаточным для осознания лицом, совер шив- шим уголовное правонарушение, своих противоправных деяний. В этом случае возможно смягчение положения лиц, освобождение от ответственности и наказания, ко- то рое создает для осужденного по ложительную перспективу на будущее.

Но следует отметить, что за годы независимости освобож- дение от наказания претерпело изменения. Прослеживается тен- ден ция к расширению оснований для применения такого вида, как освобождение от уголовного на- ка зания, расширение круга ам- нис тируемых. Так, например, в законе 1996 года амнистия распространялась на лиц, впер- вые осужденных к лишению сво- боды до 3 лет, впервые осужд ен- ных к лишению свободы до 5 лет, отбывших не менее одной трети срока наказания, осужденных за неосторожные преступления, от- быв ших половину срока нака- зания военнослужащих.

Закон 2000 года расширил круг оснований: теперь амнистии могли подлежать мужчины, имею щие детей, не достигших 16-летнего возраста, или детей- инвалидов 1-й и 2-й групп при условии, что у последних нет матери, опекунов, также впервые указываются женщины и муж чи- ны, имеющие родителей (одного из них) в возрасте старше 63 лет, при условии, что у последних нет других трудоспособных детей.

Кроме того, снижается возраст до 50, 55 лет, по достижении ко- то рого эти лица подлежат амнис- тии (раньше этот возраст опре де- лял ся – 60, 55 лет), расширяется круг лиц, больных он ко логи чес- кими заболе ва ния ми, а также больных тубер ку лезом. То есть мож но сделать вывод, что каж- дый последующий акт амнистии рас ширял круг ос но ваний для применения амнис тии.

Процесс гуманизации дли- тель ный, и на пути к нему есть вопросы, которые нужно изу чать и решать. Но уже сегодня можно сказать, что гуманизация уголов- ного законодательства и право- при менительной деятельности – это результат гуманного отно- ше ния не только государства, но и прежде всего общества к своим оступившимся гражданам. Ам- нис тия же является эффек тив- ным средством реализации уго- лов ной политики нашего го су дарства, согласно которой выс шими ценностями являются человек, его жизнь, права и свободы. В перспективе высшим основанием амнис тии может стать основание, отрешенное от политики, которое можно наз- вать этическим основанием. Та- кое основание возможно только при росте этической мотивации.

Но при этом данное основание должно существовать наряду с политическими основаниями, без которых амнистия как акт высшего органа государственной власти невозможна.

Лязиза БЕРСУГУРОВА, Асель ШАРИПОВА,

доценты кафедры Уголовного права, уголовного процесса и криминалистики лиц, применяющих уголовный

закон, от надлежащего ресурс- ного, ка дро вого, органи за- цион ного обес печения их деятельности, от фор мирования в обществе атмосферы доверия и поддержки по отношению к правоохранительной деятель нос- ти. Система принципов уголов но- го законодательства как норм прямого действия, обеспечивает воз можность вести борьбу с ис- ка жениями правопри ме ни тель- ной практики, противостоять фак там нарушений уголовного

BezBen

(7)

WWW.KAZNU.KZ

Q

AZAQ UNIVERSITETI №7 (1875), 27 АҚПАН 2023 ЖЫЛ АПТАЛЫҚ 1948 ЖЫЛДЫҢ 20 СӘУIРIНЕН ШЫҒА БАСТАДЫ

7

serpın

Қазіргі

Referensi

Dokumen terkait

И 63 РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ/ РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ Куанышбаев Сеитбек Бекенович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, география ғылымдарының

И 63 РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ/ РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ Куанышбаев Сеитбек Бекенович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, география ғылымдарының

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Халықаралық бағдарламалар орталығы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Мен, Жәмила Махамбетова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі, «Әлеуметтік педагогика

7 №21 1730 28 мамыр 2019 жыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әр жылдағы түлектерінің басын қосылған Екінші Түлектер форумы өткізілді.. Түлектер күні корпоративтік

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаншама түлектерінің өздері бітірген оқу орнында абыроймен қызмет атқарып, жастарды білім мен ғылым бұлағынан сусындандырып үлкен

Жалпы бұл конференция еліміздің көрнекті ғалымы, психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Д 14А.02.32 дисертациялық кеңесінде 13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика тарихы және білім беру, этнопедагогика мамандығы бойынша