• Tidak ada hasil yang ditemukan

PDF Астана - repository.enu.kz

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "PDF Астана - repository.enu.kz"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)
(2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттер мен жас ғалымдардың

«Ғылым және білім - 2014»

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ

IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых

«Наука и образование - 2014»

PROCEEDINGS

of the IX International Scientific Conference for students and young scholars

«Science and education - 2014»

2014 жыл 11 сәуір

Астана

(3)

УДК 001(063) ББК 72

Ғ 96

Ғ 96

«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».

– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.

(қазақша, орысша, ағылшынша).

ISBN 978-9965-31-610-4

Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.

УДК 001(063) ББК 72

ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті, 2014

(4)

4851

Список использованных источников:

1. Тастенов А. Электроэнергетика: возможности и перспективы // Информационно- аналитический журнал «KAZENERGY». 2013. № 4 (59 (сентябрь 2013). С. 46-47.

2. Надиров Н.К., Ниязовкин В.М. Энергоэкологическая ситуация XXI века // Алматы. - 2008.С. 22-25.

3. Национальный энергетический доклад Казахстанской ассоциации организаций нефтегазового и энергетического комплекса «KAZENERGY» за 2013 год //

Информационно-аналитический журнал «KAZENERGY». 2014. № 01 (62) (февраль- март 2014). С. 12-36.

ӘОЖ 537.528+621.7

ТАБИҒИ КЕНДІ БӚЛШЕКТЕУДІҢ ЖАҢА ӘДІСІ

1Хасенов А.К., 2Бейсенбек А.Ж

[email protected], [email protected]

Е.А. Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Физика-техникалық факультетінің профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы

инженерлік жылуфизикасы кафедрасы, 1оқытушы, техника және технология магистрі, докторант (PhD), 2лаборант

Ғылыми жетекші – Нүсіпбеков Б.Р.

Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры бойынша Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы шоғырланған теңдесі жоқ аймақ болып саналады. Табиғи қорларды тиімді пайдалану республикамыздың келешегі үшін маңызы.

Соңғы жылдары табиғи кеннің құрамындағы бос тау жыныстарынан пайдалы минералдарды бӛліп алу мақсатында минералдық шикізаттарды алдын ала ӛңдеу және оның қалдықтарын қайта ӛңдеу үрдістерін жетілдіру жұмыстарына үлкен кӛңіл бӛлінуде. Жер қыртысынан алынған табиғи минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы құраушылары мардымсыз аз болғандықтан, оны ӛндіріске бірден пайдалану тиімсіз. Сондықтан кентас алдын ала байыту үрдістерінің бірнеше кезеңдерінен ӛтеді. Кенді байыту үрдісінің алғашқы кезеңдерінде минерал алдыменен әр түрлі іріліктегі фракцияларға бӛлшектеніп, оны байытудың келесі кезеңдеріне беріледі [1, 2].

Мыс кентасын ӛңдеудің электроимпульсті технологиясы құрастырылып, ӛнімді ӛңдеудің жаңа әдістемесі ұсынылды [5-7]. Электроимпульстік бӛлшектеу әр түрлі материалдарды ұсақтаудың, ӛнімнің гранулометрлік құрамын анықтау кезінде ұнтақталу дәрежесін керекті мӛлшерде алуға мүмкіндік беретін және бӛлшектеудің жоғары таңдауына ие жаңа әдіс болып табылады [3].

Бӛлшектеуге арналған электроимпульстік құрылғылар механикалық бӛлшектегіштерге қарағанда қозғалатын бӛліктерден тұрмайды, қарапайым құрылымдық болаттан дайындалады. Ал оның қорабы жұмыс кезінде тәжірибелік тұрғыдан тӛзімді болады. Бұл құрылғылар жұмыс кезінде шаңды тудырмайды, салыстырмалы түрде ӛндірістің үлкен емес орындарын алады, және оларда материалдарды бӛлшектеу, флотациялау үрдістерін біріктіре отырып орындауға мүмкіндік береді. Электроимпульстік бӛлшектегіштерде жұмыстық орта ретінде кез-келген сұйық алынады (кӛбіне техникалық су пайдаланылады).

Электроимпульстік бӛлшектеудің технологиялық үрдісі автоматтандырылуға жеңіл беріледі, құрылғыға қызмет кӛрсету үшін жоғары мамандандырылған қызметкерлер саны кӛп қажет емес. Электроимпульстік бӛлшектегіштерде кез-келген материалдарды бӛлшектеуге және ұнтақтауға болады: тау жыныстарын, кӛмір, азбест, слюда, қағаз, цемент,

(5)

4852

астық дәндерін, торф, микроағзаларды бұзу, кимберлиттардан алмаздарды бӛліп алу, жер қыртысын ӛңдеу және т.б. Бӛлшектегіштер ӛндірістің барлық салаларында кең қолданыс табуда [4].

Электроимпульсті қондырғы басқару пультінен, энергия жинақтауға арналған жоғары вольтті конденсаторлардан, импульсті кернеу генераторынан тұратын құрылымдық агрегаттар түрінде дайындалған (1-сурет).

Электроимпульсті қондырғының электрлік сұлбасындағы жұмысты бақылау мен басқаруға арналған басқару пульті кӛмегімен қондырғының жұмысын әртүрлі режимде жүргізіп, жұмыс процесін бақылауға болады. Басқару пультінің электрлік сұлбасы үлкен жиіліктер мен амплитуда тоқтарын фильтрациялау үшін арналған тӛрт біртекті индуктивті- сыйымдылықты сүзгіден тұрады. Қондырғының басқару пульті жұмыс тәртібін қосу және сӛндіру қызметін атқарып, ауалы разрядтаушыдағы импульстер разрядының жиіліктерін реттеуге, жұмыс режимінің дабылын қосуға, қоректендіру кернеуінің шамасын реттеуге және негізгі параметрлерді басқаруға мүмкіндік береді. Ылғалдандырылған шикізат түріндегі сұйық ортадан қуатты импульс ӛткен кезде, жоғары күшті гидравликалық соққылы электрлік тесіп ӛту пайда болады [4-6]. Жоғары вольтты коммутацияның басты элементі болып реттелетін разрядтаушы саналады. Қондырғының бұл элементі әртүрлі жұмыс режимінде және кернеу мен жиілік бойынша қондырғының қалыпты жұмысын қалыптастыру қызметін атқарады. Оны қолданудың қажеттілігі жұмыс арнасындағы сұйық ортаны (техникалық судың) тесіп ӛту кернеуі аппараттың жұмысы үшін қажетті кернеуден әлдеқайда тӛмен болуына негізделген. Жұмыстық кернеу ауалы арақашықтықты тесіп ӛткеннен кейін, жұмыс арнасына беріледі. Реттелетін разрядтаушыдағы ауалық арақашықтықты ұлғайтып немесе кішірейтіп керекті дәлдікте жұмыстық кернеуді реттеуге болады.

1-сурет. Электроимпульсті қондырғыны.

1-басқару пульті, 2-импульсті кернеу генераторы, 3-энергия жинақтауға арналған жоғары вольтті конденсаторлар

Электроимпульстік әдіспен табиғи минералдарды бӛлшектеудің тәжірибелері импульстар кӛзінің парамертлерін, жұмыс камерасының сипаттамаларын, бӛлшектенуші материалдың физика-механикалық және электрофизикалық қасиеттерін түрлендіру кезінде энергетикалық кӛрсеткіштерін ӛзгерткенде жалпы заңдылықтардың бар екенін кӛрсетті.

Импульстер кӛзінің келесідей параметрлерін кенді бӛлшектеудің негізгі энергетикалық кӛрсеткіштері ретінде қарастыруға болады (меншікті ӛндіргіштігі

а ,

энергия сыйымдылығы А): генератордың разрядтық сыйымдылығы

С

немесе разряд кернеуі

U

шамаларымен

(6)

4853

түрлендірілетін импульс энергиясы W; нысанада кернеудің ӛсу жылдамдығын және разряд арнасындағы энергияның бӛліну уақытын анықтайтын разряд контурының индуктивтілігі.

Жұмыс камерасында мұндай параметрлерге жұмыстық аралықтың ұзындығын және дайын ӛнімнің ірілігін анықтайтын электрод – классификатордағы саңылаулар мӛлшерін жатқызуға болады.

Бӛлшектеу үрдісінің анықтамалық кӛрсеткіштерінің негізгі сипаттамасы болып, импульстер энергиясы саналады. Импульс энергиясын арттырғанда қарқынды бӛлшектеуге қол жеткізуге, әрі импульстер энергиясын ӛсіре отырып, импульстің меншікті ӛнімділігін арттыруға болады (2- сурет):

0 , 2 мм

-ге дейін ұсақталған фракция диаметрі

d

0

 3 мм

мыс кентасы импульстер энергиясы W 90 Дж кезінде меншікті ӛнімділі а 0,016г құраса, W 225Дж болғанда

а  0 , 018 г ,

W 337,5Дж

а  0 , 019 г ,

фракция диаметрі

мм

d0 5 мыс кентасы үшін а0,018;0,019;0,02г, фракция диаметрі d0 7мммыс кентасы үшін а 0,018;0,02;0,021г құрады.

2-сурет. Импульстің меншікті ӛндіргіштігінің импульстарразряд энергиясына тәуелділігі

Импульстің меншікті ӛндіргіштігінің ұшқынды разряд аралығының қашықтығына тәуелділігі 3-суретте келтірілген. Бұл тәуелділіктен ұшқынды разряд аралығының қашықтығын арттырған сайын импульстің меншікті ӛндіргіштігінің ӛсетінін дәлелдеді.

(7)

4854

3-сурет. Импульстің меншікті ӛндіргіштігінің ұшқынды разряд аралығының қашықтығына тәуелділігі

Тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерінен мыс кентасын керекті ірілікте бӛлшектеу үшін электроимпульсті технологияның тиімді параметрлері анықталды. Механикалық бӛлшектегіштерге қарағанда электроимпульсті қондырғыда техногендік шикізатты ӛңдеу жұмыстары сұйық ортада орындалатындықтан, ӛңделуші ӛнім құрамындағы әр түрлі адам ӛміріне қауіпті шаң-тозаңды заттар қоршаған ортаға тарамайды. Бұл технология ӛндіріс орындарында экологиялық тұрғыдан санитарлы-гигиеналық шарттарды жақсартып, жұмыс орынын ластаудан сақтауға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Алшанов Р.А. Казахстан на мировом минерально – сырьевом рынке: проблемы и их решения: анализ и прогноз.- Алматы: Print-S, 2005.- 422с.

2. Авдохин В.М. Основы обогощения полезных ископаемых. – Москва, 2006- 417 с.

3. Юткин А.А. Электрогидравлический эффект и его применение в промышленности. – Лениград, 1986 - 253с.

4. Курец В.И. Электроразрядные технологии обработки и разрушения материалов. – Томск, 2012 – 272 с.

5. Нусупбеков Б.Р., Хасенов А.К., Нусупбеков А.Б. Разрушение металлургического кремния электрогидравлическими импульсными разрядами. Деформация и разрушение материалов. – М., 2012, №9. – С. 37-39.

6. Nussupbekov B.R., Stoev M. Khassenov A.K., Beisenbek A.Zh. Electric pulse method of rock crushing. Mathematics and natural science. – Proceedings of the Fifth International Scientific Conference – FMNS2013. - Bulgaria. – 2013. – vol. 3. P. 45-51.

7. Бейсенбек А.Ж. X Российская ежегодная конференция молодых научных сотрудников и аспирантов. Физико-химия и технология неорганических материалов. – М. 2013г. – С.

342-344.

Referensi

Dokumen terkait

Для эффективности обучения навыком аудирования, предусматривается выполнение упражнений на аудирование, с разработанными заданиями для контроля; необходимо указывать , на что следует

Виртуалды білім беру жҥйесінің принциптерін тҥсіну ҥшін виртуалды білім берудің кҥндізгі білім беруден бірқатар артықшылықтарына тоқталып ӛтсек:  білім беру сапасына кері әсер