А.Т.ҚЫРҚЫМБЕКОВА
З.У.ТОҒАННЫҢ ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДЕРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ БАЙЛАНЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КӨЗҚАРАСТАРЫ
For today granting of some interesting facts among representatives of history on using the people blessing our debt. Z.V.Togana’s sight, the received place among the modern Turkic civilisation, the necessary source in development of a science of history of the Kazakh people. Investigating opinions Zaki Validi Togana, our purpose to show from the point of view of the West and methodological way a method of research of history Kazakh and the Muslim people and a close international telecommunication.
Дамыған батыс мемлекеттерінің шығыс елдерімен қарым-қатынасы, оқу ағарту миссиясын жүргізу, экономикалық жағынан сауда-саттық жасау т.б. себептермен отарлау саясатының түрлерін іске асыра отырып басталғандығы тарихтан белгілі. Экономикалық жағынан құлдырауға тап болып бытыраңқылыққа ұшырай бастаған әлсіз мемлекеттерді бағындыру мақсатында, оларға экономикалық тұрғыдан көмек беру, ұлттық тарихын зерттеу, ағарту саласында көмегін аямау арқылы астарлы саясатын батыс мемлекеттері әлі күнге дейін жалғастыруда.
Қазіргі таңда тарих ақтаңдақтары арасында қозғаусыз жатқан кейбір тың деректерді халық игілігіне ұсыну ұрпақтың парызы. З.В.Тоғанның пікірлері, бүгінгі түркі өркениетінің қатарынан орын алған қазақ халқының тарих ғылымын дамытуда таптырмас қажетті дерек көзі. Өйткені, Заки Валиди Тоғанның пікірінше, мұсылман халықтарының тарихын зерттеу тәсілдерін батыстық көзқараста жасау халықаралық қарым-қатынастың тығыз байланысын нығайту.
Исламдық шығыс мемлекеттері мен Батыс мемлекеттері арасындағы ғылыми қарым- қатынастардың дамуы халықаралық мәселелердің бірі болып саналғандықтан ол жөнінде З.У.
Тоған, Вена университетінде 1935 жылы болған ғылыми конференцияда баяндама жасады. Батыс елдерінің ғылыми әдістерімен исламдық ғылыми зерттеудің даму жолдарын қарастыру мәселесі бойынша, түркі тарихшысы Зәки Уәлиди Тоғанның пікірлері мен тұжырымдары ғылыми теория қалыптастырды. Мұндай көзқарас тарихшылар арасында ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Олар төмендегідей:
1. Бірлесіп жасалынған ғылыми жұмыстардың даму сатылары және нәтижелері;
2. Мұсылман халықтарының өзара әдіс алмасу тәжірибелері және ғылымды дамытуда техника сапасы, баспаханалармен бірлескен жұмыстар;
3. Ислам зерттеулері [1,38];
Еуропа ықпалымен немесе оның зерттеу-әдістерімен жылдар бойы ғылыммен айналысқан шығыстанушылардың өзі үшке бөлінеді. Олар:
1. Ғылыми еңбектерінде батыстық ғылыми негіздерді қолдағанымен, өзіндік тұжырымдары шығыстық көзқарасын сақтап қалған ғалымдар. Мысалы, Сүбхи және Жевдет паша, Мысырлықтардан Петербург университетінің профессоры Мұхаммед Аяд Тантави, иранның ірі ғалымы Рызакул хан Хидаят, қазандықтардан тарихшы Мержани, осы ғалымдар батыс тілін аз білгенімен батыс мәдениетінің шығыспен тығыз байланысын қолдаған зиялылар.
2. Екінші топ Еуропа ғылымынан сусындаған, ең болмағанда олардың тілін үйреніп, Еуропалық ғылыми әдебиетке еліктей отырып, шығармаларды дүниеге келтірді. Бірақ пікірлері шығыс көзқарасынан арыла алмаған тұлғалар. Олар: Түркиядан Мүшир Сүлеймен Паша, Ахмет Вефик Паша, Салих Зеки Беу, Мысырдан Махмуд Паша аль-Ғалаки, Иракта Аббас аль-Азави, Иранда ханзада Ферхат мырза, Мұхаммед Хасан Саниуддевле, Үндістандық Сейд Ахмет Хан, Ресейде Азербайжандық Аббаскули Бакиханов, профессор Жафер Топчыбашы және Қазандық Хусейн Гейзханов есімдері аталады.
3. Үшінші топ Еуропада білім алған немесе өз елінде тұрып батыс тілін үйреніп Еуропаның ғылыми әдістерін меңгерген, зерттеулер жасап батыс және шығыс тілдерінде еңбектерін жарыққа шығарған ғалымдар. Түркиядағы университеттерде қызмет еткендердің арасынан ирандық Сейд Хасан Такизаде, проф. Икбаль Мужтеба Меноуи, үнділік профессорлардан Абдусаттар Сыддыки, Хан Бахадыр Мұхаммед Шефи, Мұхаммед Хамидуллах және Абдулла Чагатай, Араптардан Таха Хусеин, Абдулхади Ебуриде, Абдулазиз аль-Дувари, Балкандықтардан Фехми Байрактаревич, Якуб Шенкевич, Ресей қарамағындағы түркілерден Шоқан Уәлихан, қазіргі азербайжандық Абдулкерим Ализада және өзбектерден Гафур Гуламоглы т.б. ағартушылар. Ғылымға өз үлесін қосқан олар тарих, археология, этнография, философия салаларын меңгерген ұлы ғалымдар.
Батыс концепциясының түркі халықтарына енуінде сыни көзқараспен ғылыми әдістерді қолдану мәселесіне келер болсақ, оны мұсылман халықтарының арасына ендірудің әр түрлі жолы
әлі күнге дейін қарастырылуда. Мұсылман халықтарының мәдениеті артта қалған деген түсінік қалыптасты. Еуропалықтарға қарағанда өмір сүру әдістері мен түсініктері күні бүгінге дейін көне сарқыншақтардың ықпалынан шыға алмай жүруі басты мәселеге айналды. Орта Азия халықтары мен түркі халықтары арасында бұрынғы көшпелі өмір салты мұсылман әскерінің рухани дамуына кері әсері тарихта кездесуде. Көшпелі түркі халқы шытырман мәдениеттің ықпалында қалмай, зейінділігімен Еуропа мәдениетін толыққанды бойына сіңіріп, олардың араларынан Еуропа көзқарасын қалыптастырған ғалымдар шығуда. Қазақ елінен шыққан шыңғыс ұрпағы Шоқан Уәлихан, алтай халқы арасынан проф. Н. Катанов осының дәлелі. Шоқан, буряттық Доржұ Банзаров түркі халқынан шыққан ғұламалар. Олар Шығыс Түркістан, Жоңғар географиясы және Орта Азиялық түркі халықтарының этнографиясына байланысты құнды шығармаларын Орыс Географиялық институтының баспаханасынан жарыққа шығарды. Орыс тілінен басқа неміс, француз және парсы тілдерін игеріп, тарих саласында Еуропалық тарихшылардың шығармаларын өз еңбектерінде пайдаланған. Бірақ көшпелі халқынан шыққан мұндай ғалымдардың өз көзқарастарын ашық қағаз бетіне түсіру өте қиынға соқты. Себебі, халқының болашағын көксеген түркі ғалымдарының еңбектері жарыққа шығарылмады. Мысалы: Петербург университетінің Шығыс факультетін өзінің тамаша еңбегімен таң қалдырған қазақ халқының біртуар ұлы Сырттанұлы Барлыбек те Дала уалаяты газетінде және Айқап журналында пікір қысымшылығына ұшырап, өз халқын мүддесін қорғай алмай өмірден ерте озды.
Әскери армияның прогресті алға жылжуы лайықтық, алфавит сияқты маңызды мәселелерді тез шешу, ал керісінше алға жылжыған әрекетке кесірін тигізіп, жоқ ету бірақ сәтте.
Мәдениетті түркі халқы, мұсылмандардың қанына сіңген бұрынғы мәдениетін қазіргі мәдениетпен ұштастыру жолдары нақты белгілі болмағандықтан көпшілік арасында осы мәселе бойынша келіспеушілік пен түсініспеушілік туындап қиыншылықтан шыға алмауда. Шығыс ислам мәдениетінің әсіресе ХVІ ғасырдан кейінгі аумалы-төкпелі кезеңде жазылған еңбектер еуропалық жүйемен сәйкес келмегендіктен келіспеушіліктер туындауда. Олардың арасында, Еуропада оқыған оқымыстылардың көпшілігі, шығыстық көзқарастарын өзгертпестен өз елдеріне қайтуда. 1933 жылы Вена өнер мұражайында өткізілген конференцияда ағылшын тарихшысы Денисон Росс Э.
жасаған ғылыми тезисінде: «өнер туындыларының құнсызданып кетуі, болашағы жоқ сурет мектебінің ХІХ-ХХ ғасырларда Үндістанда, Иранда Түркияда литография туындыларында, Шахнамалар, Хазреті Али қиссаларына жасалған суреттерде, барлық жаңа ғылым және өнер туындыларында, сәулет өнерінде, кездесетін көрсоқырлықтың жанды қуыршақтары» деп атап өткен. Шындығында ортағасырларда шығыста батысқа еліктеушілік тіптен жоқтың қасы, олар өзіндік шығыстық нақышымен театр өнерінде қала сәулетінде бейнеленгені сияқты басқа ілімдерде де байқалады. Шығыс мәдениетінің ерекшелігіне байланысты батыс мәдениетімен оның түп тамырына өзгерістер енгізбеген жағдайда батыс үстемдігіне қауіп төнетіндігін батыстық зиялы қауым көз жеткізген. Сондықтан батыс ағарту миссиясы соңғы кезеңдерде күшейе түсті.
Оған Заки Валидидің төмендегі атап өткен мысалы негіз бола алатындығын айта кеткен жөн.
«Баязит алаңында Зейнеп ханым қонақ үйі өртеніп кеткеннен кейін оның орнына университет іргетасын қалау үшін терең қазылды. Осы сияқты мықты іргелі батыс ғылымын орнату үшін, шығыс елдерінің бірнеше ғасырлық мәдениет сатыларын алып тастау талап етілді. Демек, шығыс мәдениетінің мәйегі мысал келтірген университет қабырғасының іргесі сияқты. Жаңа мәдениет құру мүмкіндігіне ие болу үшін ғасырлардан күні бүгінге дейін жеткен негізді алып тастап, орнына жаңа көзқарасты қалыптастыру. Тәнді емдегендей, рухани емдеу әдісі арқылы жаңа көзқарасты ендіру заман талабы». Бұл негізді шығыс елдерінің ішінде алдымен Үндістанның мұсылман және басқа діндегі ғалымдары білген. Сонымен, олар шығысты толық білу үшін шығыстанушы, «ориенталист» деген атақты алып, ол саланы айрықша меңгеру арқылы батыс шығыс елін қолға алатындығын түсінген. Бұл идеяны іске асыру үшін Денисон Росс Э. және онымен бірлескен ғалымдар 1911 жылы Симледе жиналған «Үнді тарихшылары конгесінде»
зерттеу әдістерінің методологиясы мәселесімен айналысты. Таяу шығыс халықтарына батыс әдісін үйрету мақсатында Танкинг Ханой қаласында ашылған француз «Таяушығыс мектебі» сияқты Калькуттада ғылыми «Шығыстану институтын» құру керектігі жөнінде қарастырылды. Бұл шешімді Германияда исламтанушы проф. К. Беккер «Шығыс және батыс ғылыми ынтымақтастығы негізі жолындағы алғашқы қадам» деп қуанышпен атап өткен. 1935 жылы оңтүстік Үндістанда Мисоретте жиналған «VIII Үндістандағы ғалымдар конгресі» Хайдарабадтық араптанушы проф. Мұхаммед Низамеддиннің берген ғылыми тұжырымында дәуірлік әдісті
меңгеру және баспада жариялау мақсатында исламдық ғылым орталығы негізінде Лахорда
«Ориентал колледжі», Алжирде ислам университеті, Делиде Жами-аи Исламие жанынан Орда академиясы, Калькутта университетінде «Islamic studiеs departament»терін, Бингал Азия Жамиатын, Хайдарабад университетінің жанындағы «Coranic Sosiety», Бомбейден «Islamic Recherch Sosiety» және т.б. ғылыми зерттеу орындары ашылғанын атап өтті.
Түркі елдерінде Еуропалық ғылыми әдістерін қолдану тәжірибесі Мүшир Сүлеймен және Ахмет Вефик Паша, Геленбевизаде Ахмет Тевфик Беудің ХІХ ғасырда жазған тарих әдісі, Көпрүлү Фуаттың 1913 жылы әдебиет тарихын зерттеу әдісін ғылыми еңбектерінде ұлттық тарих және әдебиет салаларын қамтыған. Мысырда және Үнді елдерінде діни ілімдер саласында зерттелген, бұл соңғы аталған әдіс, осы екі мемлекетте сынақтан өткен. Ислам ілімдері, «Құран-ы», тефсири, хадиси, фыкыһ, кең ауқымда ғылыми тәсілдермен жүйелендіріп, классикалық шығарма дәрежесіне келтіріп, тарихшы Игнас Голдзихер неміс тілінде «Kultur and Gegenvart» сериясында ислам дініне байланысты жариялаған еңбегінде атап өткен: «Егер 200 млн мұсылман бір күнде өз діндерін ғылыми тұрғыда тарихи зерттеу жолымен меңгеру мақсатын жүзеге асырса, олар мәдениетті ұлттар арасынан орын алар еді және пікірлері жоғары дәрежеге шыққан болар еді» деп көрсеткен.
Алауыздық болмағанда ислам әлемі біртұтас болар еді. Осындай көзқарастағы үнділік Худабахш, жоғарыда аталған И.Голдзихердің хадистік зерттеулеріне және Тефсир тарихына байланысты еңбектерін оқыған үнділерге әрі қарай жалғастырып оқу мақсатында ағылшын тілінде «Үндістан және Ислам» тақырыбында 1912 жылы жарыққа шыққан еңбегінде Құранның рухани тәлімдік тарауы мәңгілік, құқықтық жағынан тарихи құндылығы жоғары деп атап өткен. Мысырлық ғалымдардың арасынан Мұхаммед Хамидулла осы жолдың тура екендігін дәлелдеп кейінгілерге жол көрсетуде. Арап тарихшыларынан Ебу-л ала-аль-Мааридің еңбектерін зерттеумен айналысқандықтан және сол сияқты көзі көр болғандықтан «дәуіріміздің Маариі» деп аталған.
Сорбонды бітірген проф. Таха Хусеин «ғылымда немесе ортағасырда шығыс жүйесі мен қазіргі замандағы батыс жүйесі арасындағы ортақ жол табу ол барып тұрған қисынсыз пікір» екендігін атап өткен. Бұл тек тарихшылар үшін ғана емес, Ислам дінін зерттеушілер үшін жаңа Еуропа тілдерінен басқа латын және грек тілдерін білу шарты заман талабы. Дәуірлік ілім әдісі, пайғамбарымыздың кезеңіне, ислам дінінің маңыздылығын зерттеу барысында жүзеге асты.
Осыған орай, Құранды зерттегенде Інжіл және Құран мәтіндерін салыстыру. Олай болса Құран сол дәуірге тән дерек көзі. Құранда философиялық көзқарас негізінде жазылған оқиғалар арап фольклорын құрайды. Ол барлық зерттеуінде Декарттың «күмәнданушылығынан» туындаған;
Шығыстанушылардың арасынан И.Крачковский мен Н.А.Гибб Таха Хусеиннің жазбалары ислам ілімін асыра мақтаған деп атап өткен. Бұған қарамастан ол ислам ілімін зерттеуде тура жолын тапқан ірі ғалым.
Хайдарабад профессоры Мұхаммед Хамидулла Германиядағы Бонн университеті және Париж университетінің «Ислам фыкыхына бейтараптық» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғаған. Пайғамбар және төрт халиф дәуірінде арап мемлекетінің сыртқы саясатына байланысты ислам, христиан туралы деректер Византия, Мысыр және Иран деректерін пайдалана отырып, зерттеген еңбегін жарыққа шығарды. Мекке және Мадинадағы алғаш ислам кітаптарын зерттеп жариялаған ғалым. 1935 жылы «VIII Үндістандағы ғалымдар конгресінде» Ислам зерттеуі және Еуропа атты тақырыбындағы ғылыми баянын жариялады. Онда «Стамбулдың алынуы Ислам әлемі үшін маңызды роль атқарады» Үндістанда отырып, Крумбакхердің Византия әдебиеті тарихынан түсіндіріп өткен. М. Хамидулла Европаның сыни көзқарасын өз бойына сіңдірген және сол уақытта діннің туралығына және басқа діндердіңде қатар өмір сүруін дұрыс деп ойлайтын мұсылман ғалымы. Құранды болмыс деп білетін және оны бір батыс ғалымы сияқты көне арап пікірлер жиынтығының әдебиеті және фольклордың қайнар көзі ретінде түсіндірген Таха Хусеин де мұсылман. Ол «мен бос сөз деп қарап, оған байланысты мәселелерге қарсы шықпаймын» деген.
Мысыр демократиясымен тығыз байланыстағы ғалым әрі қазіргі ілім жүйесіне арап ғылыми әдебиетін енгізген Таха Хусеинді жергілікті ғалымдар университет басшылығына дейін жоғарылатып кұрметтейді. Профессор Р.Германның «Батыс зерттеу методы мұсылман діні арасында бейбіт одақ болып, ұштаса білуін көрсетеді» деп атап өткен сөзі қоштағандығын білдіреді. Мұхаммед Хамидулла ислам дінінің аскеттік қорғанын бұзып, батыстық ғылыми концепциясын қабылдаған шығыс ғалымының бірі. Демек шығыс ғалымдарының батыс және шығыс ғылымдарының арасындағы кедергі болған қорғанды алып тастап, тығыз байланысты орнатуға қабілетінің бар екендігінің бір дәлелі.
Бонн университетінде Зәки Уәлиди Тоғанның шығыс семинарын басқарып отырған кезінде бір оқиғаның куәсі болады. «Мұхаммед Бедр атты студент оқып жүрген кезінде ұстаз Беккер арап тілін дәуірлік филологиясын толық бірмегеніне қарамастан Араптардың сарф және нахв тәсілін батыс жүйесінен жоғары екенін сөйлейді. Араптың осы тұжырымды меңгере алмағанына ренжіген профессор Беккер «ит қай жерде көмілген?» және «Ит сенің аяғыңның астында көмілген, филологиядан бұрын осы сияқты ілімді меңгеруің керек» деп И.Голдзихердің «Ислам туралы жазылған конференциялар» кітабын мұсылман шәкіртінің бетіне лақтырған. Бірақ шәкірт Бедр ұстазының анайы қылығынан кейін ойланып, еліне қайтқаннан кейін Ислам діні туралы жоғары деңгейде еңбек жазады», бұл жерде профессордың ойының астарында маңызды түйін бар еді.
Шығыс зиялылары иманның орталығы болған Каабеге археологиялық зерттеулер жасағанда, Птоломей атап өткен Макорабаға табынатын ғибадатхана орны табылған. Сонымен қатар Хаджерейсвед қаратасы немесе метеоройт тасы болуы мүмкін деген жорамал, Ескендір Зұлқарнаин, яғни Македонскийдің өткен жері, Кавказ таулары аймағында пұтқа табыну кезеңінен кейін Ислам діні шарықтады, діндер арасындағы өзара ықпалдастықтың әсерінен исламға және оған деген сенімдік көзқарастар пайда болып тығыз байланыс күшейгеннен кейін Каабе жері тарихи орын ретінде маңызды [2,58].
Осының бәрін мойындаған мұсылман ежелгі әдебиетті ұғады.
Ислам әлемінде де шынайы көзқарас - Құран болмыс па, жоқ әлде жасанды ма деген айтыс- тартыс кезінде туындады. Әрбір жан, әрбір мұсылман Құранға деген сенімі тоқтаған жағдайда, Ислам әлемінде пікірдің өмір сүруі тоқтайды. Дінге сыни көзқараспен бақылау немесе сенімінің арасында ерекшелігі болмаған аз ғана топты құрайтын діндар ғалымдардан талап етілмегенмен;
батыстық көзқарасты еліміздің мүддесі үшін (миымызға сіңдіруге) ендіруге әрекет жасаған, осы негізде еңбектер жазған және тарихымызды шынайы зерттеуге тырысқан ғалымдарымыздан талап ету қажет. Ислам энциклопедиясының қосымшаларымен түркі тілінде баспадан шығуы бір жағынан өте пайдалы, бірақ бұл жұмыс айрықша тақырыптардан аспайтын, қысқаша мәлімет берген энциклопедия болып қана қалатын, одан әрі алға жылжымайды. Сондықтан И.Голдзихердің таңдамалы жинағы сияқты, мұсылман ғалымдар тарапынан сыни негізде еңбек жазылу шарт.
Егер, көшпелі түркі халқы батыстық жүйені толық бойларына сіңірдірсе, батыс ғылымының негізінде бұрынғы қағидаларды өзгерістерге ұшыратып, жаңаша көзқарастардың дамуына жол ашылса толыққанды мәдениетті түркілер тарихымыздың шынайы ақтаңдақтарын ашар еді. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Еуропаға қарағанда жарты ғасыр артта қалған тарихымызға байланысты шыққан еңбектерден кейін «Ислам әлемі-зұлмат және тұтқынға айналдыратын дін»
деген пікір қалыптасты. З.В.Тоған бұл пікірге қарсы өз тұжырымын атап өткен. «Шындығында солай ма еді? Қазір бұл пікірге қарсы дамыту жолымен зерттеулер жүргізілген, діннің өмір сүріп жатқан немесе бұған дейін өмір сүріп келген жиынтығын реттеп қалыпқа келтірген. Әрине бұл жағынан ғылыми негіз жасауға, ислам негіздері ыңғайсыз, тек қана имамдар даярлайтын әрекет.
Ол бізді, мәдениетті түркі халқының миына батыс көзқарасын сіңдіру үшін жасалатын операция лабораториясы» Бұл әрине, шынайы философиялық тұрғыдан шетел тілдерін меңгерген және исламдық мәселелерді батыстық түсінікпен ғылыми негіздерге сүйене отырып жазылған еңбектер көбейеді деген сөз.
Батыстың шығыспен айрықша тығыз байланысының нәтижесінде, шығыстанушылық ғылымы қалай дамығандығы жөніндегі мәселені қозғау қажеті бар ма деген пікірге келеміз. Себебі ол жөнінде В.Бартольдтың неміс, француз тілінде жарыққа шыққан «Еуропада Шығысты үйрену тарихы» атты еңбегінде тоқталып өткен. Ал, З.У.Тоғанның тоқталып өткен мәселесі: батыс ғалымдарының шығыс елінен келген ғалым достары, шәкірттері т.б. әртүрлі себептермен байланыс жасауының нәтижесі ғылымда маңызды орын алатындығында. Мысалы:
Еуропалықтардың арасынан немістің ірі ғалымы Chr. Fraehn-мен Қазандық Ибрагим Халфин, Хусеин Фейзханов және орыс ғалымы Вельяминов Зернов В.В., ХІХ ғасырларда түркі тарихына байланысты жинақтарын жарыққа шығарды. Сонымен қатар т.б. көптеген ғалымдардың аты жөнін кездестіруге болады. З.У. Тоған батыс пен шығысты жалғастырған ғалымдар арасындағы ғылыми байланыста өзара зерттеуден туындаған мәселелерді талдап өткен. Еуропа және Америка университтерінде бітірген дипломдық жұмыстар мен докторлық диссертациялары оқу орнының кітапханаларында сақталынған. Батыс әлемінде ғылымның дамуы халықаралық қатынастарға жол ашылған деген сөз. Осы оқу орнының кітапханаларынан профессорлардың жетекшілігімен диплом
ретінде ғылыми еңбек жазған шығыс елінің түлектерінің тізімі бар. Мысалы, түркі тектес халықтан шыққан батыс еліне ғылыми маңызы бар еңбек ретінде қалдырған Әзірбайжандық Абдулхак Ахундовтың 1873 жылы Дерпат университетінде «Абу Мансур Херевидің фармокологиясы» неміс тілінде жарыққа шықты [3,48].
Ағылшын мен Ресей және Францияның мұсылман территорияларын басып алуы және отарлау саясатын жүргізуі, сол мемлекеттердегі ғалымдармен батыс ғалымдарының байланыс жасауына септігін тигізді. Осының арқасында Калькуттада Азия баспаханасында исламдық ғылыми еңбектер ХVІІІ ғасырдың өзінде-ақ жарыққа шыға бастады. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа байланысты Түркияға келген неміс профессорлары мен басқа да Европа ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда өткен ғасырларда Европалық және шығыс ғалымдары арасында өз дінінен басқа дінге өту оқиғалары болған кейіннен, ол жұмыс орнын ауыстыру дәстүрімен алмастырылған. Кейбір батыстық ғалымдар шығыста қалып қойды. Батыс пен шығыс мәдениетінің араласуынан дамыған заң және алфавит алмастыру арқылы ислам батыс үлгіде киінген дін болып қалыптаса бастады. Шығыста батыс ілімі әдісімен шығысты үйренген және осы жолда зерттеулер жүргізген ғалымдар өте аз. Батыстың өзінде де шығыспен айналысқан,
«ориенталист» атағына ие болған зиялы ғалымдар саусақпен санарлықтай аз десе де болады. Олар:
С.Радлов, В.Бартольд, К.Беккер, И.Голдзихер, Крачковский т.б., сол сияқтылар [4,150]. Шығыс мұсылман халқының арасынан шыққан ғалымдар мен Батыс ғалымдары арасындағы тығыз байланыстың нәтижесінде олардан сусындаған жас ұрпақ арасынан мықты ғалымдар шығады деген үміт жалғасын табуда, ғылыми бейбіт және келісім бойынша жалғасқан қарым-қатынастар жоспарлы бір бағыт бойынша дамуы шарт. Ғылым - ол қараңғыда бағыт беретін бағдар шам екендігін зиялы қауым жауапкершілікпен сезінуде. Батыс елдеріның ғалымдары мен Шығыс мұсылман қауымының ғалымдары арасында қазіргі таңда ғылыми байланыста тығыз қарым- қатынас орнатуды дамыту, жете зерттеу барысында өркениетті мәдениетімізді өркендету басты мәселелердің бірі деп қарастыру қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Conseridations sur la colaboration scientifigue entre l/Orient Islamigue et l/Europe» тақырыбында Revue des Etudes Islamigue (III Paris 1935, p.249-271) жарыққа шықты. Кейіннен жасалған конференцияда ғылыми баяндама ретінде жасалған. (Is dergisi, ХVI/ 7,9,12,1950). 17 мамыр 1950 жыл. –Стамбул: Стамбул университеті, 1950.
2. Санкт-Петербургский Филиал Института Востоковедения РАН РФ, 191186 Санкт-Петербург, Дворцовая набор, коллекция рукописей. -C. 3 - 25.
3. Бигиев М. Ислам милләтләренә дини, әдәби, сәяси мәсьәләләр, тәдбирләр хакында. -Берлин: Kaviany, 1923.
4. Хайрутдинов А.Г. Муса Джаруллах Бигиев/ Казань: Фэн Академии наук РТ, 2005. – 180 с.
Редакцияға 08.10.2010 қабылданды.