КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жалмұқанова А.
3-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Ә.Қондыбай Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтӛбе қаласы Қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық телекоммуникация жағдайында оқушы тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдастыру түрлері мен әдістерін одан әрі жетілдіру жұмыстарын компьютерлендірумен тікелей байланыста жүргізу қажет. Оқушының ақыл–ой ауқымын кеңейтуде, дамытуда,білім алу мен түсіну үрдістерін қалыптастыруда педагогикалық технологияны қолданып, дербес пәндер бойынша оқытудың әдістемелік жүйесін жасап, оны жетілдіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру ӛмір талабынан туындап отыр.
Компьютердің қазақ тілі пәнін оқытуда қолдану мүмкіндіктері ӛте мол.
Компьютерді оқу–тәрбие процесінде қолдану, ғылыми-техникалық процестің жетістіктерін практикаға енгізудің ӛзегі болып табылатындығы ӛз еліміздегі, сондай – ақ шетелдердегі тәжірибелерден белгілі.Қазақ тілі пәнінің оқыту әдістемесіне кӛмекші техникалық құрал ретінде компьютерді қолдану кӛптеген әдістемелік ӛзекті мәселелерді тиімді шешуге жағдай жасайды.
Дербес компьютерді сабақта пайдалану оқыту процесінде кері байланысты қамтамасыз етуге, даралап оқытуды жүзеге асыруға, ӛзіндік жұмыстар ұйымдастыруға және оқушылардың білім деңгейін анықтауға ӛз үлесін қосады.
Оқу процесіне еркін еніп, ӛз бетінше еркіндік алып,ой жүйесін толықтай пайдалануға компьютерлік ойындардың тигізер пайдасы зор.Компьютерлік ойындар балалардан бастап ересектеге дейін қызыға ойнайтын ойындардың бірі болып қалыптасуда. Компьютерлік ойындар – әлі де психологтар, физиологтар және ғалым–педагогтар тарапынан зерттелінетін, тәрбиелік және танымдылық маңызы анықталынатын ерекше бағыттардың бірі.Компьютерді әрбір ғалым саласы ӛз қажетіне сәйкес дәрежеде қолдануына болады. Компьютер тек қана информатика пәнінде оқып- үйреніп, ӛткізіліп қана қоймай,сонымен қатар оқытылатын басқа пәндерде де ӛзінің қолдану аясын табуы ӛмір талабы болып отыр.Компьютерлік ойындар әр түрлі бағыттарды ескере отырып жасалынған. Компьютерде кӛптеген қоршаған ортаны,ӛмірде болып жатқан құбылыстарды ескере отырып,оларды түрлендіре әр түрлі ойындар ұйымдастыруға болады.Компьютер пайдаланушының алға қойған мақсатына психологиялық жаттықтыру, оқушының ӛзін – ӛзі тану құралы бола алады.
Қазақстан Республикасының білім туралы заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау оқытудың технологияларын енгізу білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту деп одан әрі дамыту деп міндеттері кӛзделеді.Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының әр мұғалімдерінің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру ӛзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым–қатынасқа ӛту қажеттілігі туындайды. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс–әрекетінің ғылыми-педагогикалықнегіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз ӛсіп жетіліп кемелденеді,біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып,қазіргі заманғы нақтырақ экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр.Олар қазақ,орыс, шет тілдерін еркін меңгереді,олар бейбіт,азат,жылдам ӛркендету үстіндегі,күллі әлемге әйгілі,әрі сыйлы ӛз елінің патриоттары болады» деп кӛрсетілгендей,ертеңгі келер күннің бүгінгіден гӛрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш–білімге тән.Жас мемлекетіміздің болашағы бүінгі мектеп оқушылары.Оларға жоғары талап қойып,олардың табиғи қабілеттерін нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту–бүгінгі күннің ӛзекті мәселесі. Сондықтан да оқушылардың ой- ӛрісін,ұлттық мәдениетін,ұлттық рух пен сана сезімін дамытып алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс–әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.Инновация білім деңгейінің кӛтерілуіне жағдай туғызады [1;12].
Заман талабына сай оқу үрдісін ақпараттандырылған технологиямен жүргізіп, жас ұрапқты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.Осы орайда,елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар,сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар.Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс»-деген болатын.
Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға үлесін қосты.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер кӛлемін ұлғайтады.
2. Оқыту жүйесінің кӛп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады [2; 14].
Кең кӛлемді ақпараттық ресурстарды оқыту үрдісінде қолдану,ақпараттарды ӛңдеп,ұсына алу, оны дамытып отыру–қазіргі білім беру үрдісіндегі ӛзекті мәселелердің бірі.Компьютерлік технологияны қолдана отырып оқыту қазіргі қоғамда жаңа білімді меңгеруде құрылыс материалы болып табылатын ақпаратты зерттеу тәсілдерін меңгеру ретінде
қарастырылып келеді.Тілдерді оқыту үрдісіне компьютерлерді ендірудің теориялық мәселелері компьютерлік лингвистиканың зерттеу пәні болып табылады.Қазіргі кезде оны анықтаудың екі қыры бар:алгоритмдік және когнитивті–интеллектуалдық. Олардың негізінде жасалған компьютерлік құралдары келесі параметрлермен ерекшеленеді:
Тілдерді меңгерту үрдісінде компьютердің функционалды мүмкіндіктерін жүзеге асыру деңгейі;
Компьютерді қолданушы мен компьютердің ӛзара қарым – қатынасының интерактивтілік деңгейі;
Танымдық әрекеттің түрлі моделдеріне бейімделу;
Тілдерді оқыту үрдісіне компьютерлік технологияны ендірудің қазіргі қалпын зерттеу барысында қолданбалы тіл білімінде жаңа бағыттың – компьютерлік лингвистиканың пайда болып,дамуына әкеледі.Осы ғылымның пайда болуына қазіргі ақпараттандырудың жаһандану үрдісі, ғылыми және техникалық прогрестіңбелгілі бір қажеттіліктерінің,сонымен бірге жасанды интеллект жүйесін, жасанды тілдер үлгілерін құру қажеттілігінің алғышарттары зор ықпал етті. Алайда бұл міндеттердің барлығын лингвистика теориясынсыз шешу мүмкін емес, ӛйткені тарихи жүйе ретінде қалыптасқан табиғи тілдер адамдардың ӛзара қарым – қытынасына қызмет етсе, жасанды тіл де адам – машина, машина – машина, машина – адам қарым-қатынасы үшін жасалған, олардың екеуінің негізі бір, ортақ қызмет атқарады,жұмсалу үлгісі мен құрылымы да бірдей лингвистика ғылымынсыз жасанды тілді жетілдіру,сонымен бірге адамның компьютермен табиғи тілде қарым-қатынас жүйесін жасау, күрделі адам – машина кешені қызметінің тиімділігін арттыру мүмкін емес. Ӛз кезегінде машиналық әдіспен ӛңдеу, жинау, сақтау, іздеу, жіктеу, табиғи тілдерді талдауға кӛшу кезінде классикалық лингвистика ӛзінің алдағы дамуына үлкен қарқын алды.
Компьютерлік лингвистиканың зерттеу мақсаты – ЭЕМ–-а қарым- қатынас жасау үшін жасанды тілдердің құрылуымен байланысты компьютерлік технологияның лингвистикалық мәселелерін шешу,бағдарламаларды лингвистикалық құралдармен қамту, мәліметтер жиынтығын құру, түрлі сӛздіктер мен глоссарийлер құрастыру,мәтіндерді ӛңдеу алгоритмі,тілдік семантикалық кодын ескере отырып түрлі тілдік үрдістерді үлгілеу .
Компьютерлік лингвистика ерекше ғылыми бағыт ретінде ХХ ғасырдың60– жылдары пайда болды. Стэндфорд және Нью–Йорк университетінде (АҚШ) алғаш реттілдерді ЭЕМ-да оқытудың алғышарттарыжасалған.Дәл осы жылдары «табиғи тілдерді ӛңдеу» атты қолданбалы бағыт пайда болды.Компьютерлік лингвистика мәселесі тар мағынасында «жасанды интеллект» ғылыми–техникалық пәні аясында дамыды. «Табиғи тілдерді ӛңдеу» сӛз тіркесі компьютердің тілдік мәліметтерді ӛңдеу үшін қолданылатын барлық салаларын қамтиды.
Шет елде 70-жылдары ЭЕМ – ді тілді оқыту үшін ендіру мәселесі Батыс Еуропаны,Жапонияны және Латын Америкасы елдерінің қызығушылығын
тудырады.Ресей мен ТМД елдеріне есептеу техникасын ана тілді және шет тілді оқыту үшін қолдану ӛткен ғасырлардың 70-80-жылдары қолға алынды.К.Р.Пиотровская жазып кеткендей,алғашқы жылдары оқытудың қағаздағы құралдарының электронды бейнесі ғана беріліп келді,компьютерді қолдану оқытушының имитациясына бейімделген еді.80 – жылдардың ортасында тілдерді үйретуде компьютерлік қолдау мәселесімен айналысатын ғылыми бағыт–Computer Assisted Language Learning қалыптасты.Оның аясында халықаралық ақылдасулар мен компьютерлік лингвистика мәселелері бойынша конференциялар ұйымдастырылды. 80–90–жылдар соңына қарай компьютердің техникалық мүмкіндіктері компьютермен оқыту бағдарламаларының негізгі ерекшеліктері-материал кӛлемінің шағындығы, грамматиканың бір немесе бірнеше бӛлімдеріне сәйкесуі,бір сызықтылығы.90-жылдардың екінші жартысында компьютерлер мен телекоммуникациялық құралдардың жаңа түрлерінің пайда болуымен лингвистикалық ақпараттық орта кеңістігін кеңейту мақсатында мультимедиялық технологияға негізделген бағдарламалар жасалды.Мультимедиялық технологияның түрлі формадағы (мәтін,дыбыс,видео,анимация) үлкен кӛлемдегі оқу ақпараттарын біртұтастыққа біріктіру мүмкіндіктері қысқа мерзімдерде бірінші толқын локалды бағдарламаларынан қазіргі аралас оқыту кешеніне ӛтуге мүмкіндік береді
Компьютерлік лингвистиканың маңызды мәселелерінің бірі – автоматты оқылатын лингвистикалық жүйеніанықтау.
Ӛкінішке орай, ғылыми және арнайы әдебиеттерде бұл ұғымның анықтамасы жоқ.Алайда «оқытушы лингвистикалық автомат» деген ұғым бар,осы терминнің авторы Р.Г.Пиотровский пікірінше,оған автоматты мәтін ӛңдеудің жан-жүйесі, тілді оқыту барысында қолданылатын және оны қолдайтын (компьютер,аудио және видео құралдар) мәтін редакторы мен басқа бағдарлама құралдары кіреді.Оқытатын лингвистикалық автоматты қолданудың екі қыры бар:
1) Бихевиористік – бұрыннан бар дәстүрлі оқыту бағдарламаларын жасау барысында жүзеге асады.Оларда алдын ала берілген құрылымдар бар,оқытушылардың ӛздері авторлық бағдарлама негізінде нақты грамматиканың бӛлімін оқытуда немесе үйренушілердің лексикалық білімін тексеруде қойылымдық сипаттағы жаттығулар кӛмегімен,сонымен бірге компьютерлік тестпен жасай алады.
2) Когнитивті-интеллектуалдық-тілдерді оқытуды компьютермен қамту,мәтінді автоматты түрде ӛңдеуге арналған жан-жақты бағдарлама жасауды қарастырады.Бұл жерде лингвостатистика әдісін,семантикалық жүйені, семантика-синтаксистік фреймдерді, автоматты оқу сӛздіктерін,грамматикалық кестелерді қолданылады.
Компьютерлік лингвистиканың енді бір маңызды мәселелерінің бірі–
лингвистикалық курс арасындағы қатынасты анықтау:автоматтандырылған
В.М.Хальзова айтуынша сӛйлемді толықтыру,орындарын қою,таңдау,артық элементті алып тастау сияқты жаттығулар тез автоматтандырылады[3].
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар тӛмендегідей саралайды:
1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап,сараптауға мүмкіндік береді.Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі ӛсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу–танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшеленеді.
3. Ӛзге құралдардан компьютердің ерекшелігі–оның қатысымдық құрал бола білуі.Яғни білімгер ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл–мәтіндердің оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері.Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
4. Құрал білімділерге ӛз әрекеттерінің нәтижесін айқын кӛрсете алады.Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушыларының ӛзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.
5. Компьютердің кӛмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.
Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады.Тіпті нашар оқитын оқушылардың ӛзі жұмыс істеуге қызығады,ӛйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін кӛрсетіп,кӛмекке келеді [4].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге ӛзекті болып келеді.Осы технологиялардың ішінде жобалау әдісі арқылы оқыту – тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Қорыта айтқанда,болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер қатарына жататын технологиялардың бірі – компьютерлік технология.Сондықтан әр елдің озық тәжірибелермен жүзеге асырып,әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті екені сӛзсіз.
Пайдаланылған әдебиет
1.Абилова К.С.Жаңа технологияның тиімділігі.12-13 б.б.//Мұғалім.Қазақ тілі және әдебиеті 5 (20)-2012.
2.Рахимова А.С.Ақпараттық технологияларды қазақ тілі сабағында қолдану-заман талабы.4-6 б.б.//Мұғалім.Қазақ тілі және әдебиеті 2-3 (17-18)- 2012.
3.Абилова Б.А. «Компьютерлік лингвистиканың мәселелері», Алматы.
4..Әлметова Ә.С. Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми – әдістемелік негіздері.Алматы,2007.