• Tidak ada hasil yang ditemukan

PDF repository.enu.kz:8080

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "PDF repository.enu.kz:8080"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

УДК 221.3(510)

ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙДАҒЫ КОНФУЦИЙШІЛДІК ІЛІМІ: ОТБАСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ

Егінбай Б.Н., [email protected].

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті,

Астана Ғылыми жетекші- т.ғ.д, профессор Т.З. Қайыркен

Бүгін бүкіл ҽлемде конфуциандық ілімі мен оның негізін салған ҽйгілі Конфуций(б.з.д 551-479 жж.) туралы естімеген адамды табу ҿте қиын. Оның аты қытай тілінде Кун-цзы немесе Кун-фунцзы болып естіледі (Дана Кун). Ескі кітаптарды оқып

251

(2)

отырғанда оны Оқытушы деп атайтынын кореміз, осыдан-ақ оны миллиондаған адамның кҿрегендік, адамгершілік идеалы ретінде санайтынын білеміз. Конфуций пікірлерін бүкіл ҽлем философтары, саясаткерлері, ғалымдары қолданады. Қазіргі кезде оның фразаларын тіпті шала сауатты қытай шаруаларының аузынан естуге болады.

Конфуций принциптерімен қазіргі уақытта Қытайдан басқа Жапония, Корея, Вьетнам, Сингапур сияқты Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ҿмір сүреді. Принциптердің бұл елдердің ұлттық мҽдениетіне сіңгені соншалық: тіпті адамдар ҿздерінің Конфуций тілімен сҿйлеп жатқанын сезбей қалады.

Қытай жҽне Конфуций бірінен-бірі ажырамас түсініктерге айналды. Конфуций ілімі Қытай халқы үшін б. з. д. VI-V ғасырлардан бері негізгі рухани құндылық, ҿмірлік ұстанымға айналған болатын. Ол сол кезеңде кеңінен таралып жатқан ҿзге діни жҽне философиялық ілімдердің ішінен ерекше беделге ие болып, халық арасында ҿте тез тарала бастағандардың кҿш басында тұрды.

Конфуцийшілдік – ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік, байсалдылылық жҽне шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары құндылықтарға негізделген. Осы принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару ережелерін қалыптастырды. Ол қоғамда ҽр нҽрсенің ҿз орны болу керектігін айтып, адам арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы орайда оның: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, ҽке — ҽке, ал ұл – ұл болу керек», — деген атақты сҿзі мҽлім.

Қытай философы қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру керектігін айтты.

Конфуций Қытайда ең бірінші болып алдыңғы орынға пҽндік оқуды емес, ал адамның мінезін тҽрбиелейтін, оқуға деген жігерге жҽне рухани сезінуге үйрететін мектеп ұйымдастырды. Бұл ретте ол ең кішіден — ҿмірлік құндылықтарды қалыптастырудан бастауға шақырды: қызығушылық, саналы ой, кҿзқарастардың қатаңдығы жҽне ҿзін-ҿзі игеру.

Дана философ жҽне этикалық ілімнің негізін қалаушы Конфуцийдың қытай халқының ҿміріне жан-жақты ҽсер еткені ешбір талас тудырмайды. «Алтын ереже» деген атауымен мҽлім болған оның этикасының негізгі принциптерінің бірі былай дейді: «Егер басыма келмесін десең, ҿзіңе де жамандық қаламасаң, ҿзгеге де соны тілеме». Ал Конфуцийдың айтқан нақыл сҿздері мен даналық ой пікірлері «Лунь юй» (сұхбат пен ой пікірлер) атты кітапта жинақталған.

Таң династиясы кезінде (618-907 жж.) Конфуцийге «Бірінші ҽулие» атты құрметті атақ берілсе, Мин династиясы (1368-1644 жж.) оған «Ұлттың ұлы ұстазы» деген дҽреже сыйлады.

Қытайдағы ҽлеуметтік тҽртіптің негізі, Конфуцийдың ойынша, қоғамдағы тҽртіп пен тұрақтылыққа сүйенуге тиіс болатын. Жҽне мұндай қоғамда ҽркім ҿзінің басыбайлы құқығы мен мемлекет алдындағы міндеттерін терең сезіну арқылы бұған дейін қағидаға айналған моральдық этикалық принциптері кҿзден таса қылмасқа керек. Оның пікіріне құлақ түрсек: Патша – патша, бағынышты – бағынышты, ҽке — ҽке, ал ұл – ұл болуы тиіс.

Конфуцийдың ойынша, мемлекетті тек патшаның («Кҿктің Ұлы») ҿзі бас болған салиқалы азаматтар басқаруы тиіс. Ҿкімет басшысы, яғни, «Кҿктің ұлы» — Кҿктің жердегі «ҿкілі».

«Құдайлық негізі» бар патша арқылы аспан ҿз ҽмірін іске асыруда. Ҽрине, Конфуций патшаның билігін шырқау биікке кҿтере білді. Ол тек қана Кҿктің жердегі ҿкілі міндетімен ғана қанағаттанып қоймай, адамдар ҽлемі мен құдайлар яки рухтар ҽлемімен екі ортада дҽнекер болуы тиіс. Ҽулие бола отырып, император тек Кҿктің алдында ған жауапты болуға тиіс. Ҿйткені ол, тақ пен билікті тек осы Кҿктен алды. Билеуші ҽділ боп, ҿзінің қарамағындағылардың қамын ойлаған күнде Кҿк барша халыққа мейірімін тҿгеді;

ал егер патша ҽділ болмаса, елді аштық пен жұт жҽне соғыс пен ҽлеуметік бүліктер жайлап алуы тиіс. Нақ осылай Кҿктегі Құдай жердегі билеушіні тҽбесіне келтірер еді.

Конфуцийдың аса маңызды ҿсиеттерінің бірі – баланың ҽке-шешесіне деген құрметі жҽне алдымен ҽкесіне деген шексіз сүйіспешілігі. Балалар тек қана ата-аналарының айтқандарымен жүргенді ғана қанағат тұтумен шектелмей, оларды жан тҽнімен сүюге

252

(3)

міндетті ҽрі олардың айтқандарын екі етпеуге тиіс. Егер адам ҿзінің ата-анасын сүймесе жҽне ҿзінің ата-ана алдындағы борышын мойындамаса, ол – делқұлы, есерсоқ немесе есі дұрысемес адам. Конфуцийдің бұл кҿзқарасының маңызын ХХI ғасыр есігін ашып отырған ұрпақ ҿкілдері, оның ішінде тек қытайлық жастар ғана емес, барша ҽлем жастары да, қазақстандық урданизация тҽлкегіне ұшыраған ұрпақ ҿкілдеріде үнемі жадында ұстауы тиіс.

Ғұламаның тағы бір қыры оның халықты оқу мен білімге шақыруынан да байқалады. Ол, ҽсіресе, адамдардың ҿмірі мен мінез-құлқына, олардың күнделікті тұрмысы мен ҿзара қарым-қатынастарына ерекше кҿңіл аударуға кеңес береді: «Мені жұрт білмейді деп қынжылма, керісінше, ҿзім жұртты білмеймін деп қынжыл» — бұл да қытай ойшылының аузынан шыққан дуалы сҿз.

Конфуцийдiң этикалық-құқықтық жҽне мiнез-құлық нормалары мен принциптерi адам ҿмiрi мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дҽстүр ережелерi (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық қасиет (жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушiге адалдық (чжун), парыз (и) жҽне т.б. жатады. Ғалымдардың айтуынша, Конфуций ілімі: «Бҽрінен де бауырмалдық пен перзенттік парызды ұмытпа, туған- туысқандарға қайырымды бол, тҽубешілдік пен үнемділікті бағала, бойыңдағы ашу мен ызаны басуға үйрен, білім мен біліктілікті жоғары қой, кҿңіліңе сай келмейтін ілімнің бҽрінен арыл, басқаларды да ағат жолға қадам басудан сақтандыр», - дейді екен. Сол себепті, ол Жапония тҽрізді елдердің салт-санасына тереңдей еніп те кетіпті.

Қарап отырсақ, Конфуций ілімі талай ғасырлар бұрын пайда болғанына қарамастан ҽлі күнге дейін ҿз маңызын жоймай келеді. Ол бүкіл дүниежүзі елдері оқитын жҽне Қытай халқы пір тұтатын ілім ретінде сақталып келеді. Мұның ҿзі бұл ілімнің аса терең даналыққа, ақыл-ойға негізделгендігінің белгісі. Тіпті, оның ұлылығы соншалық – бұл ілім қағидалары, талай заман ҿткеніне, талай қоғам ауысқанына қарамастан, ҿзінің маңызын, мҽнін жоймай келеді. Керісінше, дҽл бүгінгі таңда моральдық, рухани құндылықтар тапшылығын кҿріп отырған қоғамда одан сайын актуалды бола түскен сияқты. Егер ҽрбір адам осы идеяларды мұқият зерделеп, ҿз ҿмірінің басшылығына алса, онда қоғамның тура жолға түсетіні, онда гармония мен үйлесімділік орнаған идеалды мемлекеттің қалыптасатындығы күмҽнсіз.

Тҽртіпті қоғам үндестігі мен иделды, адамгершілігі мол адам туралы идеялардың бірлігі конфуцийшылдық деп аталатын ілімді құрды.

Менің ойымша, Конфуцийдің ойлары ҿзінің пайда болған шағынан бері ерекше құндылыққа ие, жҽне тіпті қазіргі заманда да ҿз құндылығын жоғалтпаған. Менің конфуций кітаптарын оқып отырғанда кҿңіл бҿлгенім: оның кҿп шығармалары құрылым жағынан қазіргі заман адамына жүйесіз, байланыссыз болып кҿрінгенімен, олардың философиялық, танымдық мҽні жоғары бағаланады.

Сонымен, сҿзімді қорытындылай келе айтарым, алдымен Конфуций ілімінің ҽлемдегі ең кҿне мҽдениеті бар Қытайдай алып елдің қоғамдық-саяси жҽне рухани ҿміріне ғасырлар бойы тигізген ҿлшеусіз ықпалы турасында ерекше атап ҿткен жҿн. Оған ҽрбір қытайлықтың бесіктен белі шықпай жатып-ақ, Конфуцийдің тҽрбиелік эстетикалық ҿсиеттерімен нҽр алатындығы куҽ болса керек. Конфуций ілімінің Қытайдай ұлы елдің мемлекеттік идеологиясына айналғанына екі мың жылдан асып барады.

Арнайы діни тұрғыда Конфуций ілімі бүгінде 300 миллионнан аса қытайлықтарға ресми дін болып саналады. Ал Конфуцийдің ҿзі Құдаймен теңестіріліп, оның құрметіне сансыз ғибадатханалар салынды. Конфуцийдің ілімін таратушылар ҿздерінің ұстазын кҿктегі Күнге, аспандағы Айға теңеп, оның ілімін тек «Кҿкке апарар»

баспалдақтармен ҿрмелеу арқылы ғана, яғни тер тҿгу арқылы ғана меңгеруге болатындығын үнемі тілге тиек етуде. Сонымен қатар, ҿзге дүниеде рахат кешуге үндеген басқа діндермен салыстырғанда Конфуций діні ілімінің нақ осы ҿмірдегі кҿрер қызықтарға жетелейтіндігін де естен шығармаған жҿн.

253

(4)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Быков Ф.С. Зарождение политической и философской мысли в Китае. М., 1966

2. Переломов Л.С. Конфуций: Жизнь, учения, судьба.- М.: « Наука». Издательская фирма

« Восточная литература».1993. -440с.

3. Конфуций и его школа.-М.: Изд. дом Шалвы Амонашвили, 1996.-176с.

4. Светлов Э.( А. Мень). Жизнь Конфуция.- За рубежом.1990. №40

Referensi

Dokumen terkait