• Tidak ada hasil yang ditemukan

PDF repository.enu.kz

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "PDF repository.enu.kz"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

ОӘК 658.562:662.66

Р.К. НИЯЗБЕКОВА, Л.А. БАЙБОСЫНОВА, Г.И. ТУРЕХАНОВА Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан ШАХТАДАҒЫ КӨМІР САПАСЫН ӨНДІРІСТІК БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Көмір сапасын бақылау және қамтамасыз ету технологиялық процестің маңызды бағыттарының бірі, себебі көмір өндіруші кәсіпорынның экономикалық жағдайы ғана емес, сонымен қатар осы көмірді пайдаланатын басқа салалардың экономикалық көрсеткіштері көмір сапасына тәуелді. Нарықтық жағдайда сапа көрсеткіштері тауардың бағасын да, оған деген сұраныс мөлшерін де айқындайды. Тұтынушы көмірді сатып алу үшін ол отынның белгілі параметрлерге сәйкес келетініне көзі жетуі керек. Көмірдің сапа деңгейінің төмендеуі сату көлемінің азайып, сәйкесінше кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуіне алып келеді.

Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық комплексті дамыту Стратегиясына сәйкес көмір өндірісін 2020 жылға қарай 145,6 млн. тонн дейін арттырумен қатар көмірдің тұтынушылық қасиеттерін жақсарту көзделген. Көмір сапасын техникалық бақылау бөлімдерінің негізгі мақсаты – нормативтік-техникалық құжаттамаларға сәйкес келмейтін өнімді шығаруды болдырмау, технологиялық тәртіпті бұзушылармен күрес. Сондықтан техникалық бақылауды бағалаудың бірден бір критерийі шығарылатын көмір сапасы болып табылады.

Шахта қызметінде көмірді тұтынушы кәсіпорындардың талаптарына байланысты көмір сапасына талаптар бекітіледі. Негізгі көмір тұтынушылар – электростанциялар мен металлургиялық өндіріс. Жылуэектростанциялары үшін көмірдің күлділік мен ылғалдылық көрсеткіштері бақыланады, ал металлургиялық өндіріс үшін осы екі көрсеткішпен қатар күкірттің салсақ үлесі бақыланады.

Сапа бойынша жұмыс әдістерінің негізі: сапаны өлшеу, сапаны бақылау, шешімдердің сапасы, сапаны қамтамасыз ету, сапаны басқару, сапаны жақсарту. Сапаны қамтамасыз ету шаралардың екі тобынан тұрады: жоспарланатын және жүйелі түрде жүргізілетін. Сапаны басқару оперативті сипаттағы әдістер мен шаралардан тұрады: процестерді басқару, сәйкессіздіктерді анықтау және оларды жою. Сапаны жақсарту – өнімнің техникалық деңгейін, дайындау сапасын жоғарылатуға бағытталған үздіксіз қызмет.

Қазіргі жағдайда сапа мәселесі жекеленген шараларды жүргізумен шешілмейді. Көмір өндірісі саласындағы кәсіпорындардың тәжірибесі көрсеткендей, өнім сапасына қатысты барлық мәселелерді жүйелі (комплексті) шешу тиімді [1]. Шахтадағы сапаны басқару тек техникалық мәселе емес, экономикалық және әлеуметтік факторларды есепке алуды талап етеді. Себебі өнімнің жоғары сапасы көптеген факторларға тәуелді және бірінші кезекте жұмысшылардың, сапаны бақылау бөлімінің жұмыскерлерінің кәсіби шеберлігі мен оларды мотивациялау жүйесіне байланысты.

Нақты сапаны басқару жүйесін әзірлеу шахтада көмір өндірудің геологиялық, техникалық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне байланысты күрделі болып табылады.

Шығармашылық әдіс, зерттеулер жүргізу, сапаны басқару жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін қолданыстағы әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде талдау қажет. И.А.Костенко атындағы шахтадағы көмір өндірісінің ерекшеліктерін ескере отырып, көмірдің маңызды сапа көрсеткіштерін бақылау және жоғарылатуға бағытталған әдіс-тәсілдердің жүйесі әзірленді. Ол өнім сапасының деңгейін қамтамасыз етуге қажетті жұмыстардың барлық түрін қамтиды.

(2)

Шахтадағы көмір сапасын ұйымдастырушылық- техникалық және экономикалық басқару

Технологиялық процестерді басқару

функциясы

Бастапқы материал сапасына талаптар, процесс параметрлерін реттеу тәсілдері және оны жөндеу мен бақылау жауапкершілігі, жабдықтардың техникалық сипаттамасын анықтайды

Техникалық бақылау функциясы

Өнімді және технологиялық процестерді бақылау тәртібі, сонымен қатар өнім сапасының тұрақтылығын талдау Метрологиялық

қамтамасыз ету функциясы

Өнім сапасы мен массасын бақылау, технологиялық процестерді басқару, материалдық және энергетикалық ресурстарды тіркеу кезінде дәл (қажет дәлдікпен) ақпарат алуға бағытталған

Жөндеу сапасын басқару функциясы

Өндірістің техникалық дайындығын, материалдық, еңбек, энергетикалық ресурстардың шығын нормасын сақтай отырып жоспарланған сапа деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған

Моральдік және материалдық қолдау

функциясы

Еңбектің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге персоналдың қызығушылығын қамтамасыз етеді. Персоналдың өнімді қызметінің барлық жақтарын қарастырады:

өнім сапасының жақсаруына қосқан үлесі, ресурстарды үнемді пайдалануы, жұмысты қауіпсіз жүргізу, еңбек тәртібі.

Сурет 1. Көмірдің маңызды сапа көрсеткіштерін бақылау және жоғарылатуға бағытталған әдіс-тәсілдердің жүйесі.

Шахтадағы көмір сапасын метрологиялық бақылауды техникалық бақылау бөлімдері жүзеге асырады [2]. Костенко атындағы шахтадағы техникалық бақылау бөлімі шахтаның жеке құрылымдық бөлімі болып табылады және шахтаның өндіріс бойынша директорына бағынады [3].

Техникалық бақылау бөлімі — өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін тәуелсіз бақылауды жүзеге асырады және тұтынушыға сәйкестігі туралы кепілдік беретін өндірістік ұйымның жеке бөлімі болып табылады.

Көмір сапасына талаптар контракттарда (келісім шарттарда), нормативтік құжаттарда (стандарттарда) және техникалық құжаттамаларда (конструкторлық және технологиялық) бекітіледі.

Техникалық бақылау жүйесі (бақылау объектілері, бақылау операциялары және олардың тәртібі, техникалық жабдықталу, бақылау режимі, бақылау операцияларын механизациялау мен автоматизациялау әдістері, құралдары) көмірді өндіру мен өңдеу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және міндетті түрде бекітілетін технологиялық процестерде тіркеледі.

Техникалық бақылау бөлімі қызметкерлерінің көмір сапасы мен стандарттауға қатысты тапсырмалары кәсіпорынның барлық жұмыскерлеріне міндетті болып табылады.

Техникалық бақылау бөлімі жүргізетін бақылау шахта директорын, бас инженерлерді, участкелер бастықтарын, тау-кен мастерлерін, мастерлер мен бригадирлерді бекітілген сапа нормаларына сәйкес келмейтін көмірді өндірудегі жауапкершіліктен босатпайды.

Техникалық бақылау бөлімінің негізгі мақсаттары:

- өндірілген және жіберілетін көмір сапасының стандарттарға, техникалық шарттарға және уақытша нормаларға сәйкестігін бақылау;

- Үлгіні іріктеу және дайындауды жүзеге асыру, өндірілген және жіберілетін көмірдің алдын ала анализдерін қолданыстағы техникалық құжаттама талаптарына сәйкес жүргізу;

- жіберілетін отын сапасы бойынша құжаттарды рәсімдеу;

- өндірістік тәртіпті бекіту және шығарылытын өнім сапасына барлық өндіріс бөлімдерінің жауапкершілігін арттыру.

(3)

Осы көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін техникалық бақылау бөлімі мынадай қызметтерді атқаруы тиіс:

- Тұтынушыларға жіберілетін көмір сапасын, оның стандарттар, техникалық шарттар немесе уақытша нормалар талаптарына сәйкестігін бақылайды.

- Өндірілген және жіберілетін көмірдің үлгілерін алады және өңдейді, қолданыстағы стандарттар мен әдістемелік нұсқауларға сәйкес алдын ала бақылау жүргізеді.

- Үлгілерді упаковкалайды және стандарттардың талаптарына сәйкес зертханалық және арбитраждық үлгілердің сақталуына жауапкершілік атқарады.

- Тұтынушыларға жіберілетін көмірді маркалары, сорттары және басқа сапалық көрсеткіштері бойынша тіркеуді жүзеге асырады.

- Қоймада орналасқан көмір сапасын бақылауды жүзеге асырады.

- Бөлімнің өлшеу техникалары құралдарын аттестациялауға қатысады.

- Жіберілетін көмір сапасын куәландыратын құжаттарды жасайды және олардың дұрыстығына жауапкершілік артады, бөлімнің белгілінген құжаттамаларын жүргізеді.

- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария, техникалық эксплуатация ережелерінің орындалуын, сонымен қатар материалдарды, жабдықтардың, машиналардың, механизмдердің сақталуын қамтамасыз етеді.

- Өндірілетін көмірдің күлділігі нормалары жобаларын учаскелер бойынша, сонымен қатар жіберілетін көмір сапасына техникалық шарттар немесе уақытша нормалар жобаларын белгіленген тәртіппен әзірлейді және бекітуге ұсынады.

Техникалық бақылау бөлімі өнімнің сапалық сипаттамасы туралы куәлік береді, ол жіберілетін өнімнің бағасын есептеу кезінде міндетті құжат болып табылады. Стандарттарға, техникалық шарттарға немесе уақытша нормаларға сәйкес келмейтін көмірді тұтынушыларға жіберуді тоқтатады, сонымен қатар көмір сапасын жақсартуға бағытталған қолданыстағы инструкциялар мен бұйрықтарды бұзған технологиялық бөлімдердің жұмысын тоқтата алады, ол туралы тез арада диспетчерлік қызмет пен шахтаның бас инженеріне хабарлайды. Техникалық бақылау бөлімі көмірді басқа заттардан тазаланбаған вагондарға артуға тыйым салады; өндірістік бөлімдердің басшыларынан, участок, цех бастықтарынан нормативтңк құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін көмір шығаруға алып келетін себептерді жоюды талап етеді; Участок, цех, шахта қызметтерінің басшыларынан стандарттар, техникалық шарттар немесе уақытша сапа нормаларын әзірлеуге қажетті ақпаратты беруді талап ете алады.

Литература 1. Б.В. Масякин, И.П. Петриченко. «Неделя горняка» 2007г.

2. В.И. Павлов. Метрология, стандартизация и управление качеством продукции. Алчевск ДонГТУ, 2005г.

3. Положение об отделе технического контроля шахты им. Костенко УД «АрселорМиттал Темиртау».

Referensi

Dokumen terkait