ЖАСӨСПІРІМ КЕЗЕҢІНДЕГІ АКЦЕНТУАЦИЯЛЫҚ МІНЕЗ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ
Тоқсанбаева Н.Қ.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, психол. ғылым.докторы
Жұмадилова А.Ә.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің психология бөлімінің 2 курс студентті
http://www.enu.kz
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени ӛзгерістер жас ұрпақ ӛмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: «...жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық ӛмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» - деп атап кӛрсетті.
Адамдарды бір-бірінен тек туа біткен жеке даралық қасиеттері ғана емес, сонымен қатар, олардың ӛмір ағысымен байланысқан дамуындағы ӛзгешеліктер де ажыратады. Адамның мінез құлқы, жүріс- тұрысы, оның қандай отбасында ӛскеніне, қандай мектепте оқығанына, мамандығына, қарым-қатынас жасайтын ортасына тікелей байланысты. Алғашқыда шынайы, бір- бірімен ұқсас екі адам кейін келе бір-бірімен байланысы мүлдем болмаған адамдарға айналуы мүмкін, ал екінші жағынан ӛмір жағдайларының ұқсастығы, түбінде әртүрлі адамдар арасында ұқсас қырларын тудыру мүмкін. Адамдардың бір-бірінен ерекшеленуі мұндай ӛзгешеліктердің пайда болуы жолдарына қатысты емес. Бір адам екіншісінен сыртқы келбеті жағынан қалай ерекшеленсе, сол сияқты әр адамның психикасы да басқалардыкінен дәл солай ерекшеленеді.
Акцентуацияны зерттеумен П.Б.Ганнушкин, К.Леонгард, А.Е.Личко, Э.Фромм, Э.Шелдон, А.Шострем және т.б айналысты.
Адамның индивидуалдылығын анықтайтын қырлар тӛмендегідей психикалық топтарға топтастырылып беріледі: 1)Мүдделермен бейімділіктердің ортасы 2) Сезімдермен, еріктің бағытталу ортасы; 3)Қауымдастық ақыл ой ортасы. [1]
Жеткіншектер және жасӛспірімдердің суицидуалды қауіптілігінің аса маңызды факторы болып мінез бітісінің акцентуациясы және жоғарғы мазасыздық табылады. Шет ел (Оtto) және кеңес психологы (А.Е.Личко) акцентуацияланған типтердің кейбіреуінің басым кӛрсеткішті болуы және жасӛспірімдердігі тұлғалық және жағдайлық мазасызданулар суицидті әрекетке баруда жоғары қауіптілікті кӛрсететінін айтады. Адам болмысын түсіну үшін кӛрсетілген орталардың, адамға тән әртүрлі қырларына мұқият кӛз салу қажет. Акцентуацияланған тұлғаны қалыптастыратын қырлармен адам жеке даралығының нұсқасын анықтайтын қырлары арасын бӛлетін нақты сызықты кӛрсету оңай емес.
«Акцентуация» - түсінігін алғаш рет неміс психиатры және атақты психологы, Берлин университетінінің неврологиялық клиникасының профессоры Карл Леонгард енгізген болатын.Оның еңбектерінде «акцентуацияланған тұлға» және «мінез-құлықтың акцентуацияланған
қырлары» деген тіркестер қолданады. К.Леонгард « психопат» терминін «акцентуацияланған тұлға» терминімен алмастырған. К.Леонгард бойынша мінез-құлық акцентуациясы психопатия мен норма арасындағы бір жағдай, оның пікірі бойынша «акцентуацияланған тұлға» ауру адамдар емес, бұл ӛздерінің жеке дара ерекшеліктері бар сау адамдар. Ендеше біріншіден
«акцентуанттарды» психопаттардан, екіншеден акцентуанттарды елестерден айыру шекарасы қандай деген сұраққа К.Леонгард нақты жауап бере алмады. Акцентуацияланған мінез-құлықтар табиғи биологиялық қасиеттерге емес, белгілі бір адамның ӛмір салтына із қалдыратын сыртқы ортаның ықпалына байланысты. «Акцентуация» жалпы алғанда белгілі бір мінез қыры деңгейінің күшейуін білдіреді. Акцентуация – бұл сол бір индивидуалды патологиялық жағдайға ӛту тенденциясы бар қырлар. Айқын кӛрінген жағдайда олар тұлғаның құрылымын бұзып патологиялық апатқа ие болады.
Кеңес әдебиеттерінде акцентуацияны жіктеудің басқа түрі таралған, оны әйгілі балалар психиатры, профессор А.Е. Личко ұсынды. Оның ойынша, акцентуациялык сипаттағы аурулармен психопатия арасында ұқсастық бар. Олардың психопатиядан бас айырмашылығы әлеуметтік дезадаптация (бейімделе алмау) белгісінің болмауында. Олар патологиялық тұлғаның құрылуының негізгі себебі болып табылмайды, бірақ шектеулі жай-күйдің дамуының негізгі ықпалдарының бірі болуы мүмкін.
Барлық акцентуацияларды Личко – адам ӛсе келе дұрысталып кететін мінездің уақытша ӛзгерістері ретінде қарастырырады. Бірақ сонда да олардың кӛбісі психикалық ауруларға айналып кетеді, немесе ӛмір бойы сақталып қалады.
Акцентуация бұл аурудың шегі болса да нормалар варианты болып саналады. Сондықтан мінез акцентуациясы психиатриялық диагноз болуы мүмкін емес.
А.Е.Личко зерттеулері бойынша патомінездемелік реакциялар акцентуация негізінде туатын болса да, уақыт ӛте келе оның 80%-ке жуығы дұрысталады, жұмсарады, және қанағаттанарлық деңгейдегі әлеуметтік бейімделуді байқауға болады. Болжамның жақсы немесе нашар болуы, акцентуация түріне және деңгейіне қатысты жабық немесе айқын, сонымен бірге әлеуметтік жағдайға байланысты. [3]
К.Леонгардтың жұмыстарында арнайы атап кӛрсетілгендей, акцентуациялы сипаттағы адамдар психикалық ауру болып табылмайды. Кері жағдайда норма ретінде орташа деңгейді айтады, ал одан кез-келген ауытқу паталогия ретінде қарастырылмайды. К.Леонгардтың болжамы бойынша, ешқандай акцентуациялы сипаттағы ауру байқалмаған адам, жайсыз жаққа қарай дамып, ауытқуы мүмкін емес, бірақ жайлы жақтан қандай да бір ерекшелігімен кӛрінетінінің ықтималдығы тӛмен. [2]
Акцентуациялық мінез типінің екі негізгі жіктеуі бар.
Біріншісі Карл Леонгардтың (1968) және екіншісі Александр Евгеньевич Личконың (1977) ұсынысы болды. В.В.Юстицкий осы жіктеулерді салыстырып кӛрсетті. (1977)
К.Леонгард бойынша тұлға акцентуациясының типі
Мінез акцентуациясы типі, А.Е.Личко бойынша
Лабильді Лабильді циклоид Ӛте қозғалмалы
эмотивті Лабильді
Демонстартивті Истероидті
Сверхпунктуальный Психоастеникалық
Ригидті-аффективті
Жӛнге келмейтін Эпилептоидты
Интравертті Шизоидты
Қорқақ Сенситивті
Неконцентрированный или неврастеникалық Астено-невротикалық
Экстраветті Конформды
Ерік-күші әлсіз Тұрақсыз
- Гипертимді
- Циклоидты
ЕфимоваО.И., Скакун И.В.ӛз зерттеулерінде жасӛспірімдер ортасындағы қауіп- қатерлердің психологиялық және әлеуметтік психологиялық факторларын оқып-тануды нақты міндет етіп қойды.Оның ішінде жасӛспірімдер акцентуациялық мінезі,ӛзара қатынас стилдері, және суицидтік қауіп-қатердің айқындалу деңгейі.Эмпирикалық зерттеулердің нәтижесінде суицидтік қатер кӛрінісі байқалмаған топтарда акцентуациялық мінез басымдылығы кӛрінбегенін дәлелдеді.Жоғарғы суицидтік қауіп- қатер жасӛспірімдердің акцентуациялық мінезінің аффективті-экзальтивті және қозғыш типтеріне тән, бұл типтер зерттеу барысында басқа типтер арасында айқын басымдылық кӛрсетті (зерттеу тобының 70 пайызын құрады). Аффективті-экзальтивті тип кӛңіл-күйінің ауыспалылығымен, жарқын, айқын эмоцияларымен, эмоционалды күйінің үлкен диапазонымен сипатталады: бұл типтің ӛкілі қуанышты хабарға тез шаттанады және жағымсыз хабарға тез қайғырады.Бұл типтегі адамдардың мінез-құлқын жоғары эмоциялар,сезімдер,әуесқойлық сияқты негізгі бейнелер басқарады,сондықтан олар ӛз жүріс-тұрыстарын және рефлексияларын реттей алмай жатады. Осының нәтижесінде не істерлерін білмей қалу күйлерінен олардың ойлары тез арада суицидтік ниеттерге және суицидтік әрекеттерге ауысып кетеді.
Зерттеу жұмысымыз бірнеше эксперименттік кезеңдерден тұрды. Олар:
- зерттеу жұмысымыздың алғашқы тәжірибелік-анықтау кезеңі. Бұл кезеңде қалыпты жасӛспірімдердің – 150; бойында акцентуациялық мінез бітісі байқалатын жалпы саны – 32 сыналушы және суицидтік жүріс-тұрысқа қатері бар 8 сыналушы қатыстырылды. Пайыздық арасалмағын тӛмендегі суреттен кӛруге болады:
Сурет - Тәжірибелік анықтау кезеңіндегі қалыпты дамудағы жасӛспірімдер(70 %), бойында акцентуациялық мінез бітісі байқалатын (24 %), және суицидтік жүріс-тұрысқа қатері (6%) пайыздық кӛрсеткіштері.
Зерттеу жұмысымыздың барысында тәжірибе кезеңдеріне байланысты тӛмендегі зерттеу әдістері пайдаланылды:
1. Мінездің акцентуацияларын зерттеу сұрақнамасы.(К.Леонгард) 2.Тұлғаның жүйелік-мінездік қатынастарының экспресс-диагностикасы
3. В.А. Жмуровтың дифференциалды диагностикасының (ажыратып тексерудің) әдістемесі
4. Реактивті және тұлғалық мазасыздықтың деңгейін анықтау әдістемесі (Ч. Д. Спилбергер – Ю. Л. Ханин)
5. Филипстің мектеп мазасыздығын диагностикалау әдістемесі.
Статистикалық болжам - математикалық статистика тілінде құрылған, белгісіз параметрге қатысты тұжырым. Кез-келген ғылыми болжам статистика тіліне аударуды қажет етеді. Аталмыш зерттеу кезеңдерін жүзеге асыру үшін ғылыми зерттеудің болжамдары анықталды. Әдетте, ғылыми зерттеу болжамдары теориялық сипаттамаларды тексеру үшін қолданылады. Ғалым А.Д.
Наследовтың пайымдауынша, болжамдарды тексеруде ғылымилық әдістемені пайдалану зерттеуші әрекетінің арнайы жүйелілігін қажет етеді.
Ежелден қалыптасқан ғылыми зерттеу әдістердің бірі – эксперимент (латын тілінен аударғанда «тәжірибе»). Эксперимент бастамасы – қоршаған орта құбылыстарын танып білу, бақылау. Яғни, ол танып білу құралының сенімді әдісі болып табылады. Эксперимент ғылым дамуының әр түрлі салаларында ӛз маңызын жоғалтпайды. Жалпы эксперимент жұмыстары теориялық болжамдарды тексеру үшін жүргізіледі. Теория нақты бӛлшектер туралы білімдердің ішкі қайшылықсыз жүйесі болып табылады. Теория элементтері логикалық тұрғыда бір-біріне бағынышты болады. Тәжірибелік эксперименттің нәтиже кӛрсеткіштерінің тиімділігін зерттеуде, математикалық статистикалық әдістемелерінің маңызы зор. Осы ретте «математикалық статистика кӛп жақты пән... математикалық теорияларды оқып үйрену үшін, алдымен, қарапайым математикалық статистика негіздерін білу керек.
Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелілігі тікелей ғылыми зерттеу болжамының айқын, нақты және мақсатты құрылуына байланысты болды.
Осыған орай, яғни кезеңдік эксперименттік зерттеу бағдарламасы негізінде, зерттеу жұмысының негізгі болжамы толығымен айқындалды.
70%
6%
24
жасөспірім Бойында байқалады рБейім р
Әдебиет
1. Леонгард К. Акцентуированные личности: Пер. с нем., Киев, Вища школа, 1981.
2. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. Изд-во «Медицина», 1977.
Кудиярова Г.М. Жас ӛспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтар. – Алматы: Рауан, 1996. – 206 б.
Сидоренко Е. Методы математической обработки в психологии. - СПб.: Речь. 2001. – 349 с.