http://www.enu.kz
ПРОФЕССИОНАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚҚА СТУДЕНТТЕРДІҢ БЕЙІМДЕЛУІ
Ташбаева Л.М.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы
http://www.enu.kz
Студенттік жасқа ӛсу үрдісінің аяқталуы тән, бұл ақыр аяғында, жас адамның оқуындағы ерекше жағдайға негіз ғана беріп қоймай, сонымен бірге, оған жаңа мүмкіндіктердің, рӛлдердің және дәмеленулердің игерілуіне де жағдай жасайтын ағзаның ӛрлеуіне әкеледі. Жасӛспірімдік психология кӛзқарасы жағынан, студенттік жаста ішкі дүние мен сана – сезім белгілері ӛзгереді, тұлғаның қасиеттері мен психикалық үрдістері эволюцияға түседі және қайтадан құрылады, ӛмірдің эмоционалды – еріктік құрылымы ӛзгереді.
Жастық шақ – қаны бойынша жақындардың арасында ӛз орнын іздеуде жас адамның отбасымен ӛз қарым – қатынасына әлі де рефлекстеуді жалғастыратын кезең. Ол ӛзі жақсы кӛретіндердің барлығынан, ол үшін балалық пен ересектік шақта жауапты болғандардан оқшаулану, кейде жатсынудан да ӛтеді. Бұл енді жасӛспірімдік негативизм емес, бұл есейіп келетін ұлы немесе қызымен бұрыңғыдай тікелі қатынастарды сақтауға талпынатын туыстардан жиі жылы кӛзбен қарайтын, бірақ тұрақты шеттетілуі. Егер ӛз күресінің ақыр аяғында бозбала немесе бойжеткен ӛз жақындарына рухани жаңарылған махаббат пен сеніммен оралатын болса, бұл әрине, барлығы үшін де жақсы болар еді.
Ересек шақта ӛз тұлғасын құруын, қарым – қатынас тәсілдерін саналы құруды бастап, жас адам ӛзі үшін маңызды қасиеттерді жастық шақта жетілдіру жолын жалғастырады. Алайда біреулерде – бұл арманымен ұқсастыру арқылы рухани ӛсу болса, басқаларында – еліктеу үлгісі ретінде антиқаһарманды таңдау және осымен байланысты тұлға дамуының салдары.
Тек жастық шақтың аяғына қарай, жас адам ӛзі кӛрсеткендей, қорғанатын механизмдерді нақты меңгеруді бастайды, бұл оны ӛзін сыртқы ықпалдан қорғауға мүмкіндікті беріп қана қоймай, сонымен бірге іштей де берік қылады. Рефлексия басқаның мүмкін болатын мінез – құлығын болжауға және шағым беруге жатпаубасып кіруді алыстататын, қарсы әрекеттерді дайындауға кӛмектеседі; дене күшінен артық қорғай алатын, іштей ұстанымды тауып алу.
Ӛмірдің осы кезеңінде адам еңбекте және ӛмірде ӛзінің тұрақтануы үшін қабілеттерін қалай іске салатынын шешеді.
Жастық шақ – адам ӛмірінің аса маңызды кезеңі. Жастық шаққа жасӛспірім болып кірген жас адам бұл кезеңді шынайы есейіп аяқтайды, бұл уақытта ол ӛз тағдырын ӛзі анықтайды: ӛзінің рухани даму мен пенделік тіршілігінің жолы. Ол адамдар арасындағы ӛз орнын, ӛз іс - әрекетін, ӛз ӛмір салтын жоспарлайды. Дәл сол уақытта жастық шақ кезеңі адамға рефлексия мен руханилық жағына қабілеттіліктің даму тұрғысынан ештеңе бермеуі де мүмкін. Осы кезеңнен ӛтіп, есейген адам жасӛспірім психологиялық мәртебесінде болып қалуы мүмкін. /1/.
http://www.enu.kz Жастық шақтың жаңадан пайда болған түрге И.Кон ӛз бетімен логикалық ойлаудың, бейнелі естің, ақыл – ой жұмысының жеке – дара стилінің, ғылыми іздеуге қызығушылықтың дамуын жатқызады. /2/
Осы кезеңнің басты жаңадан пайда болған түрі ӛзіндік білім алудың, яғни ӛзн танудың дамуы, оның мәні - ӛз - ӛзіне қатысты нұсқау. Ол құрамына танымдық элементін (ӛз «Менін»
ашу), түсінік элементін (ӛз бірегейлігі, қасиеттері, мәні жайлы түсінік) және бағалау – еріктік элементін (ӛзін - ӛзі бағалау, ӛзін сыйлау) енгізеді. Рефлексияның, яғни ӛз әсерлену, сезімдері мен ойлары жайлы толғану түріндегі ӛзіндік танудың, дамуы бұрын қалыптасқан құндылықтар мен ӛмір мәнінің сын тұрғысынан қайта бағалануын, мүмкін, олардың ӛзгеруі мен болашақтағы дамуын ескертеді.
Ӛмірдің мәні – бұл ерте жастық шақтың ең маңызды жаңадан пайда болған түр. И.Кон атап ӛткендей, ӛмір мәні мәселесі осы ӛмірдің кезеңінде жақын және ұзақ уақыттағы болашақтың есебімен глобальдықтегіс қамтитынболады. /2/
Жастық шақтың тағы бір маңызды жаңадан пайда болған түр ӛмірлік жоспарлардың пайда болуы, ал бұл ӛз ӛмірін саналы құруына ұстанымның оның мәнін іздеудің бастау ретінде кӛрінеді.
Жастық шақта адам тұлға ретінде және қоғамдық ӛндіріске, еңбек әрекетіне кіретін адам ретінде ӛзін - ӛзі анықтауға ұмтылады. Мамандықты іздеу – жастық шақтың ең маңызды мәселесі.
Жастық шақта, жастардың кейбір бӛлігі болашақ әрекеті болатын кӛшбасшылыққа құштарлана бастайтыны, айрықша маңызды. Адамдардың бұл дәрежесі басқаларға ықпал жасауды үйренуге ұмтылады және осы үшін әлеуметтік үрдістерді, оларда саналы рефлексия жасап, зерттейді.
Осылайша, психологиялық зерттеулер студенттердің оқуға қатынасының және оқу әрекетінің қалыптасқандығының ӛзара байланысын дәлелдейді. Мысалы, студенттердің оқу міндетін қою икемі оқуға қатынастың сипатына әсер етеді деп кӛрсетілген, бұл сәйкесінше бейімделу үрдісінде теориялық білімге айналатын оқуға қатынастың ӛзгеруін туғызады.
Бейімделу – бұл динамикалық үрдіс, оның арқасында жағдайлардың ӛзгергіштігіне қарамастан тірі ағзалардың қозғалмалы жүйелері тіршілігі, дамуы және ұрпақ қалдыруы үшін қажетті тұрақтылықты сақтайды. Ұзақ уақыттағы эволюциясының нәтижесінде қалыптасқан осы бейімделу механизмі үнемі ӛзгеріп отыратын орта жағдайларында ағзаның тіршілік ету мүмкіндігін қамтамасыз етеді /3/.
Жоғары аталағандардың барлығы тең дәрежеде жануарларға да, адамға да тән. Алайда адамның мағыналы ерекшелігі бар, бұл ―индивидуум - орта‖ жүйесінде сайма – сайлы қарым – қатынасты сақтау үрдісіндегі, оның барысында барлық жүйенің параметрлері ӛзгеруі мүмкін, шешуші рӛлді психикалық бейімделу атқарады.
Психикалық бейімделуді біртұтас ӛзіндік бақыланатын әрекеттің нәтижесі ретінде қарастырады (―оперативті тыныштық‖ деңгейінде), соның ӛзінде оның жүйелік ұйымдастырылуы ерекше аталып кетеді. Бірақ, бұндай жағынан қарағанда жағдай толық байқалмайды. Тұжырымға қажетсіну ұғымын енгізу қажет. Ӛзекті қажетсінулердің барынша мүмкін қанағаттандырылуы, осылайша, бейімделу үрдісі тиімділігінің маңызды критериі болып табылады. Яғни, психикалық бейімделуді тұлға мен қоршаған ортаның оңтайлы сәйкестілігін қалыптастыру үрдісі деп анықтауға болады. Бұл үрдіс жеке тұлғаға ӛзінің ӛзекті қажетсінуін қанағатандыруына және онымен байланысты маңызды мақсаттарды жүзеге асыруына жағдай жасайды, сол уақытта орта талабына адамның барынша әрекеттерін, оның мінез – құлығының сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Психикалық бейімделу жаппай үрдіс болып табылады, ол психикалық бейімделудің ӛзімен қатар (яғни психикалық гомеостазды сақтау), ӛз құрамына тағы екі аспектіні кіргізеді:
http://www.enu.kz
а) жеке тұлғаның айналамен үнемі әрекеттесудің оптимизациясы;
б) психикалық және физиологиялық сипаттамалары арасындағы сайма–сайлы сәйкестілікті орнату /6/.
Бейімделу үрдістерін зерттеу жұмыстары эмоционалды ынта салу мен стресс туралы түсініктермен тығыз байланысты. Бұл, стрессті, оның алдына қойылған талаптарға ағзаның ӛзіндік емес реакциясы ретінде анықтауға және оны ортақ бейімделу синдромы ретінде қарастыруға негіз болды.
Бейімделу - әлеуметтік ортаға жеке тұлғаның үнемі белсенді лайықтану үрдісі, сондай – ақ осы үрдістің нәтижесі. Мінез – құлықтың сипатын анықтайтын осы құрам бӛліктердің ара қатынасы жеке тұлғаның мақсаттары мен құндылық бағыттарына және олардың әлеуметтік ортада жүзеге асырылу мүмкіндігіне тәуелді. Әлеуметтік бейімделу үздіксіз жүріп жатса да, бұл түсінік әдетте жеке тұлға іс - әрекетінің және оның қоршаған адамдарының күрт ӛзгеру кезеңдерімен байланысады. Бейімделу үрдісінің негізгі типтері жеке тұлғаның қажетсіну мен мотивтерінің
құрылымына байланысты қалыптасады:
1) белсенді тип - әлеуметтік ортаға белсенді ықпал жасаумен сипатталады;
2) енжар тип – топтың құндылық бағыттары мен мақсаттарын енжар, конформды қабылдаумен анықталады.
Студенттердің үйреніп кетуі, ең алдымен, орта мектеп пен жоғары оқу орнындағы оқыту тәсілдерінің сәйкес келмеуімен қиындатылады. Мекетппен салыстырғанда басқа мәнермен баяндалатын дәрістерді толық түсінбеу, күнделікті бақылаудың болмауы, ең басында студенттердің үлгірімі мен хал –жағдайына теріс әсер етуі мүмкін, ал кейде кӛңілі қалу мен ӛз күшіне сенбуіне де әкелуі мүмкін. Лайықтануды сонымен бірге тұрмыстық шарттарының ӛзгеруі де баяулатады, сондықтан басқа қаладан немесе ауылдан келген студенттер үшін бейімделу
әсіресе қиынға соғады. /4/
Кейбір бірінші курс студенттері күтпеген қиындықтармен кездесіп, мамандықтың дұрыс таңдағандарына күмәндана бастайды. Олардың басым бӛлігінде ӛздерінің болашақ мамандығы жайлы білімнің жетіспеушілігі күмән туғызады, бұл, ӛз кезегінде олардың ұстанымдарын ӛзгертеді, оқуға қызығушылықтың жоғалуына, үлгірімнің тӛмендеуіне әкеледі.
Жоғары оқу орнындағы оқудың басталуының ӛзінде, кӛптеген студенттердің тӛмен жұмысқабілеттілігі, тез шаршайтындығы, үрейліліктің жоғары деңгейі байқалады. Аңдаусыз ұстанымдармен басқарылатын адам үйреншікті жағдайларда қарапайым, қайталанатын міндеттердің шешілуін жүзеге асырады. Ал ол жаңа жағдайларға түскен кезінде, барлық міндеттер ол үшін типті емес, яғни оның оларды шешетін стандартты тәсілдері жоқ, оған мінез – құлықтың жаңа алгоритмін, ӛмірлік міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін жасап шығару қажет.
Бірінші курс студенті оның болашақ мамандығымен тікелей байланысты пәндерді тезірек оқығысы келеді, ал оған оқудың бірінші үш жылында жалпы пәндерді оқуға және олардың болашақта арнайы пәндерді оқыған кезінде және кейінгі ӛндірістік іс - әрекетте қажет болатынына сенуге ұсынады. Алайда студентті қызықтыру үшін бір сенім аз, сондықтан мотивацияны күшейтіп оқуға қызығушылықтың артуы мақсатында кіші курстарға мамандықтың кейбір элементтерін енгізеді (оның айқын мысалы ―Мамандыққа кіріспе‖ деп аталатынпән болады, ӛйткені ол барлық факультеттер мен мамандықтарда бар).
Қарқынды әлеуметтік – экономикалық ӛзгерістер, ғылымның түрлі салаларында білімді жанақтау, ӛндіріс үрдістерін жетілдіру, қоғамның тез информатизациясы – осының барлығы адамға жаңа талаптарды туғызды. Қазіргі заманғы қоғамға қоршаған ортамен бірге тіршілік ете алатын ғана емес, сондай – ақ онда ӛз ішкі потенциалын жүзеге асыруға қабілетті адамдар қажет.
http://www.enu.kz Алайда қазіргі заманғы жастардың басым бӛлігі ӛзгеріп отыратын дүниенің жағдайларында бейімделуге және дамуға қабілетті емес. Жастардың бейімделмеуі мәселесі, болашақ мұғалім жайлы сӛз қозғалғанда әсіресе ӛзекті. Жас маманның қалай дайындалуына оның профессионалды – педагогикалық іс - әрекеті, ал сәйкесінше, оның оқушыларының дайындық және даму деңгейі де байланысты.
Қазіргі уақытта профессионалды дайындықтың бастапқы сатысында студенттердің бейімделу мәселесі педагогикалық баспасӛзде орталық орынның біреуін алады. Жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесі қоғамдық ӛмірдің ӛзгерістеріне дайын болмауымен түсіндіріледі, дәстүрлі түсініктегі білім ғана кешегі оқушылардың табысты бейімделуінің құралы ретінде шыға алмайды.
Ӛз зерттеуімізде біз бейімделуді, студенттің жаңа – болашақ мұғалім – мәртебесіне ие болуына жағдай жасайтын үрдіс, тұлғаның профессионалды әлеуметтендірілуінің контекстінде қарастырамыз.
Д.Б. Богоявленская, Ю.Н. Кулюткина, Н.А. Милославованың соңғы зерттеулерінде бейімделудің тұлғаның ӛзінің оқу және тәрбиеде белсенділігінен тәуелділігі ерекше атап кӛрсетілді. Берілген мәселе бойынша кӛптеген еңбектердің талдауы, іс - әрекеттің жаңа шарттары мен мақсаттарына сәйкес ортаның ӛзгеруіне жағдай жасайтын, іздеу (интеллектуалды) белсенділігі түрінде ашылатын, тұлғаның ортамен ӛзара әрекеттесу үрдісі ретінде кӛрінетін, бейімделудің ӛз түсінігін қалыптасуына жағдай жасаған. /5/.
Профессионалды – педагогикалық дайындыққа бейімделу үрдісінің мағыналық сипаттамаларын түсіну үшін келесі негізгі қызметтер бӛлініп алынды: коммуникативті, мотивационды, бағыттаушы, дамытушы, когнитивті. Бейімделу үрдісінің барлық бӛлініп алынған қызметтері оның құрылымымен орталанған, атап айтқанда әлеуметтік рӛлдермен, мінез – құлықтың әлеуметтік формаларымен және әлеуметтік байланыстармен.
Бейімделу үрдісінің бірінші сатысы – автономизация — бірінші курс студенті ӛзін ортаға қарама – қарсы қоятынымен сипатталады. Екінші саты – теңестіру — ―кешегі оқушының‖
қоршаған студенттік орта жүйесіне қосылуын білдіреді. Үшінші саты — бірігу — студент ӛзін жоғары оқу орынның білім беру кеңістігі жүйесінің құрам бӛлігі ретінде сезінгенде, жүзеге асады.
Сонымен бірге, ӛз зерттеу жұмысымызда біз бейімделудің бірнеше деңгейлерін ажыраттық:
дезадаптация, енжар және белсенді бейімделу.
Әдебиет
1. Василюк Ф.Е. Типология переживания различных критических ситуаций.//
Психологический журнал, 1995, т.16, № 5, с. 104-115.
2. Михалковская Н.В. Идентификация как механизм социально-психологической адаптации молодых рабочих в трудовых коллективах. М., 1986.
3. Васильев В.Л. Этика в юриспруденции и предпринимательской деятельности. -М.,1995.
4. Дерманова И.Б. Типы социально-психологической адаптации и комплекс неполноценности.// Вестник СПб. Университета, сер.6, выр.1, №6, с. 59-67.
5. Коблянская Е.В. Психологические аспекты социальной компетентности.// Автореферат канд.дис. СПб, 1995.