• Tidak ada hasil yang ditemukan

www.enu

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "www.enu"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

http://www.enu.kz

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ОРНЫН АНЫҚТАУЫ МӘСЕЛЕСІ

Баймұханова А. Ж.

ғылыми жетекші, п.ғ.к., доцент Айқынбаева Г.К.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті http://www.enu.kz

Заманауи нарық экономикасының жағдайында бәсекеге қабілетті, құзыретті тұлғаны тәрбиелеу қоғамның ӛзекті мәселесі болып табылады. Елбасы Н.А.Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуының басымды ресурсы жастар екенін және олардан үлкен үміт күтетінін атап ӛтті. Әсіресе, 2012 жылғы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Елбасымыз: «Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар - сіздердің ата- аналарыңыз тіпті ойлап та кӛрмеген мүмкіндіктер. Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз – ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы» деген болатын /1/.

Міне, сол жастарымыздың болашақтағы ӛмірлік жолын дұрыс таңдай алуы және ӛмірлік ӛзіндік орнын анықтау ең басты мәселе болып тұр. Жастарымыз ӛмірлік орнын дұрыс анықтай алғанда ғана, еліміздегі жаңа бағыттың қозғаушы күші бола алады.

Мектепті аяқтау кезіндегі уақытта жас жеткіншектер болашақта орындауға міндетті саяси, кәсіби, мәдени функцияларды игеретін әлеуметтенудің шешуші кезеңі болады. Ӛзіндік дербес ӛмірдің жақын келешегін құра отырып, олар жеке ӛмірлік жоспарларды анықтауға талпынады.

Жасӛспірімдік кезең – адамның ӛз жеке жолын таңдау уақыты. Сондықтан, осы кезеңде әлеуметтік, тұлғалық және кәсіби ӛзіндік орнын анықтаумен байланысты сұрақ алдынғы орында тұрады. Кәсіби ӛзіндік орнын анықтаудың ӛмірлік ӛзін анықтау ішінде ӛзіндік орны бар, ол ӛмірлік ӛзіндік анықтау үдерісінің бір бӛлігі. Терең ӛзін-ӛзі танусыз, ӛмірлік жолды саналы түрде таңдаусыз, кәсіпті саналы таңдау мүмкін емес. Алдымен оқушылар ӛзі үшін мынандай мәселелерді шешулері қажет: қалай олар ӛмір сүргілері келеді? – міне, содан кейін ӛмірлік стратегияныжүзеге асыра кәсіпті таңдаулары қажет.

Зерттеу нәтижелері кӛрсеткендей жоғары сынып оқушыларының 30% болашақта қандай мамандық бойынша жұмыс жасағылары келетінін білмейді. Балалардың кәсіп таңдау тізімі жұтаң, әлі күнге дейін оқушылар «ақшалы» кәсіптер экономист, банк қызметшісі, юрист сияқты мамандықтарға қызығады.

Кәсіби және ӛмірлік ӛзіндік орнын анықтау айқын емес деңгейдің кӛптігімен сипатталынатын жағдайларда ӛзіндік бағдарды жасауды ұсынады. Анықтау үшін, оқушы ӛз қажеттіліктерін, бағдарын, қызығушылығын, арманын ӛз мүмкіндігімен теңестіру қажет. Олар:

дайындығы, қабілеттілігі, эмоционалды-еріктік қасиеті, денсаулық жағдайы. Мүмкіндігін ӛз алдына, кәсіби оқу орнының, кәсіптің, мамандықтың, нақты еңбек қызметінің талаптарымен теңестіру қажет.

(2)

http://www.enu.kz

«Ӛзіндік орнын анықтау» сӛзінде ізденіске бағытталған іс-әрекет ықпалдасқан. Анықтау - қандай да бір болмыстың немесе объектінің маңызды белгілерін табу, нақтылау. Яғни, ізденіс үдерісінің нақты нәтижесі. «Ӛзіндік» дегеннің ӛзі ізденіс үдерісінің ерекшелігін кӛрсетеді. Ол саналы (адам субъект ретінде алдына мақсат қойып, жүзеге асырып, реттеп, бағалайды) және ӛздігінен (адам жеке жетістіктеріне сүйенеді) жүзеге асырылады. Осындай ізденісте ӛзіндік бағдар негізгі құрал болып табылады. Объектісі ретінде, жалпы мағынада адамның ӛзін қоса отырып, оның әртүрлі жағдайдағы барлық ӛмірі болып табылады. Оған әлеуметтік құндылық та, идеалдар да, дүниетанымдық сұрақтар да, ӛзін-ӛзі тану (жалпы адамзаттық, азаматтық, этникалық, діни, тарихи, рухани, кәсіби, жыныстық және т.б.), қоршаған ортаға қарым-қатынасында ӛзіндік анықтауға тура келеді.

Ӛзіндік анықтау жеке ӛздігінен бола алмайды: жеке ішкі дүниесі бар субъект - адам ӛзін- ӛзі анықтайды. Адамды ӛзіндік анықтау субъектісі ретінде жалпы тіршілік әрекеті мен нақты қатынас контекстінде қарастыру қажет (Анцыферова Л.И., Абульханова-Славская К.А., Леонтьев Д.А. және т.б.). Даму – тұлғаның жеке ӛмірінің барлық кезеңіндегі тіршілік әрекеттінің негізгі жолы екенін ескерсек, ӛзіндік анықтауды динамикалық білім ретінде қарастыру қажет.

Ӛзіндік анықтау адамның детерминанттық дамуы ретінде кӛрінеді

(В.И. Слободчиков, Е.И. Исаев). Оны кӛбіне жоғары сынып оқушыларының жас ерекшелігі дамуымен байланысты қолданады.

Кӛптеген ғылыми әдебиеттерде жоғары сыныптық оқу кезінде адамның уақытша мәртебесі және рӛлдік анықталмағандылығы, «Мен» тұжырымдамасының тұрақсыздығы, сезімнің амбиваленттілігі, әлеуметтік мінез-құлықтың әртүрлі үрдістерінің болуы, жоғары сынып оқушыларының ӛзіндік орнын анықтау үдерісі, оның жас және тұлғалық дамуының қажетті бӛлігі ретінде кӛрсетіледі.

Жас жеткіншектік ӛзіндік орнын анықтау ӛмірлік аса қажетті таңдаулар ретінде беріледі.

Кӛбіне кәсіби ӛзіндік орнын анықтауға байланысты таңдау жайында айтылады (Климов К.А., Пряжников Н.С., Штейнмец А.Э. және т.б.). Ішкі қайшылық, конфликт және ӛмірлік қиыншылықты шешу жағдайында «ӛзін іздеу» ретінде ӛзіндік орнын анықтауға негізгі бағытты С.Л. Рубинштейн, К.А. Абульханов-Славский, Н.М. Лебедев,

Л.И. Анциферова, А.С. Чернышева, Я М. Митиной, т.б. кӛрсетіп ӛткен болатын.

Кәсіби-тұлғалық ӛзіндік анықтау тұлғаның азаматтық біркелкілігі мен әлеуметтік сәйкестігіне ықпал ететін негізгі фактор. Жоғары сынып оқушылары үшін тұлғалық ӛзіндік анықтауға «екі жоспарлық» тән (Л.И. Божович). Бір жағынан ол болашақ кәсіпті нақты анықтау және ӛмірді жоспарлау ретінде, ал екінші жағынан ӛзінің ӛмір сүруінің мәнін нақты емес іздеу ретінде жүзеге асады. Белсенділікке қажеттілік, ӛмірлік ұстанымын қалыптастырудың құраушы бӛлігі. Ол болашақ кәсіп, яғни ерте жеткіншек жастың негізгі әлеуметтік қажеттілігі болып табылады.

Л.Б. Божович бойынша: «жасӛспірімдердегі ӛзіндік анықтауы олардың ӛмірлік жағдайларындағы аффективті ортасы. Жасӛспірімдердің «Мен – тұжырымдамасында» ӛзіндік орнын анықтау болашақ ересек адамның ішкі ұстанымын қалыптастыратын, ӛзі және қоршаған орта жайлы түсініктермен толығады. Оның ішкі ұстанымы қандай орынды иеленгісі келетінін алдындағы жеке тәжірибесіне, ӛз мүмкіндіктеріне, алдында пайда болған қажеттіліктеріне қарай қалыптасады. Яғни, бұл ішкі позиция жасӛспірімнің Мен - тұжырымдамасының жаңа құрылымы, оның іс-әрекетке, ӛзіне деген қатынасын және ӛмірлік жоспар немесе ӛмірлік бағдарлама түрінде қоғамдағы болашақ орнын қалайды /2, 124 б./.

(3)

http://www.enu.kz Ӛмірлік жоспарына жеткіншектің болашақ мақсаттарымен қатар оған қол жеткізу жолдарын қосады, сонымен ӛзінің субъективті және объективті ресурстарын бағалайды.

Жасӛспірім субъективті кӛзқараста болады, сондықтан оның ӛмірлік жоспарының идеалистігі басым келеді және кӛбіне идеалды «Мен» – тұжырымдамасының қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Жасӛспірімдердің белгілі бір бӛлігі ӛмірлік жоспары мен ӛмір мәні жайлы енді ғана ойлана бастайды және ӛмір мәнінің басымдықтарын бӛледі. Яғни, құндылықтардың сатылық жүйесі толық емес. Ӛмір мәнінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар: ата-аналар, ӛзінің ӛмірлік тәжірибесі, дүниетанымы, педагогтармен, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы, БАҚ, қоғамдағы жағдайлар.

Кӛптеген жасӛспірімдердің ӛзіндік орнын анықтауы ойластырмаған және кездейсоқ сипатта болады, ал ӛзінің болашағын жобалауы кең фактордың әсері арқылы жүзеге асады. Ол мысалға оқуын нақты бір кәсіби оқу орнында жалғастыру; ата-ананың кәсібі; терең қарастырғысы келетін мектеп пәндері; ӛінің жұмыс тәжірибесі; достары мен таныстарының мысалдары мен тәжірибелері; ата-ана және басқа да туыстардың ақыл-кеңестері; мұғалім ұсынымы; ӛзінің қабілеттеріне сенімділігі; шешімді интуитивті қабылдауы /3, 54 б./.

И.С. Кон бойынша, балалардың жасӛспірім және жеткіншек жасында ӛзінің нақты

«Менмен» алаңдауы барлығында бірдей, ал 15-16 жаста ӛзінің болашақ «Менімен»

алаңдайтындар кӛлемі дереу ұлғаяды /4, 11 б./.

Адам ӛз ӛмірінде бір жағынан биологиялық эволюция ӛнімі ретінде, ал екінші жағынан ӛзінің жеке дара ерекшелігімен қоғамда қарым-қатынас субъектісі ретінде болады. Адам тұлға ретінде ӛзіннің қоғамдық іс-әрекеттің әртүрлі түрінде қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық қасиетінің барлық жиынтығын кӛрсетеді. Сондықтан, адам тек биологиялық ғана әлеуметтік қажеттілік қанағаттандыратын барлық материалдық және рухани құндылықтарды жасаушы ретінде болады. Әлеуметтік қажеттілік жасӛспірім кезеңінде ӛзекті болады.

Психологиялық зерттеулер сараптамасы кӛрсеткендей, кӛптеген адамдар үшін, ӛмірлік мәнді және ӛзіндік орнын табудың негізгі механизмі ол кәсіби іс-әрекет болып табылады (Л.А.

Коростылева, Д.А. Леонтьев, Н.С. Пряжников және т.б.). Бұл ерте жеткіншек кезінде кәсіпті дұрыс таңдаумен, сонымен қатар қоғамда ӛз орнын анықтаумен негізделеді. Осыған байланысты, қазіргі таңда жоғары сынып оқушыларының кәсіби-тұлғалық ӛзіндік орнын анықтаудың психологиялық механизмдері әлі зерттелуде.

Ғалымдардың бір тобы (Ш.Бюлер, А. Маслоу, Г. Олпорт, К. Роджерс) айтуынша, адамға туылғаннан ӛзіндік орнын анықтауға ішкі күш немесе үрдіс тән болады, ал ӛмірлік бағыт тұлғаның ішкі дүние құрылымының объективтіленуінің тарихы болып табылады. Ал екінші топ (В.И.

Журавлев, С.К. Нартов-Бочавер, Г.П. Ников, В.Ф. Сафин және т.б.) болса ӛмірлік орнын анықтау адамның әлеуметтенудің құрамдас бӛлігі ретінде негізделген және оны адамның тұлғалық, әлеуметтік, кәсіби ӛзіндік орнын анықтаудың жақын түсінігі ретінде қарастырады. Тағы да бір топ адамның ӛмірлік орнын анықтауын ішкі жағдайдың белсенді табиғатын айқындайтын, сол арқылы сыртқы әсердің ӛзгертетін ӛзіндік детерминация ретінде түсіндіреді (К.А. Абульханова, А.Н.

Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және т.б.).

Жоғарыда айтылған мәселелрді қорытындылай отырып, жоғары сынып оқушыларының ӛзіндік орнын анықтауы мәселесі ӛте ӛзекті және зерттеуді қажет ететін мәселе екендігін кӛреміз.

Әдебиет

(4)

http://www.enu.kz 1. Назарбаевтың Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси

бағыты» атты Жолдауы. 14.12.2012 ж.

2. Дубровина В.И. Практическая психология образования. М., 2007.

3. Шурыпина И.И. Жизненные стратегии подростков / Социальные исследования.

1999 г. №9.

4. Кон И.С. Какими они себя видят. М: Просвещение, 1994.

Referensi

Dokumen terkait

Как Вы оцениваете структуру вступительного экзамена в докторантуру тест на готовность к обучению в докторантуре, эссе, 3 экзаменационных вопроса по профилю?. Для оценки была выделена 5

ЖАОК-ң артықшылықтары мен кемшіліктері ЖАОК артықшылықтары ЖАОК кемшіліктері Студенттердің интернет көмегімен әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінен білім алуға мүмкіндіктері