• Tidak ada hasil yang ditemukan

www.enu

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "www.enu"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

ДЕНСАУЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛІК НЕГІЗІ

Ерментаева А. Р.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті http://www.enu.kz

Жеке индивидтен бастап бүкіл ұлттың денсаулығын сақтау мен нығайтуды тек медицина ғана қамтамасыз етпейді. Қазіргі замандағы экологиялық жағдайдың тӛмендеуі, әлеуметтік- психологиялық мәселелердің кӛбеюі, стрестің артуы денсаулық құбылысының психологиялық жақтарына ерекше назар аудартады. Сондықтан, денсаулық мәселесі медициналық қана емес, психологиялық ғылым салаларында да тереңінен, әдіснамалық-теориялық тұжырымдап, қарастыруды қажет етеді.

Осыған орай, соңғы жылдары ғылым мен тәжірибеде «денсаулық психологиясы»,

«психологиялық саулық» (И.В. Дубровина), «психикалық саулық» (Денсаулықты сақтаудың дүниежүзілік ұйымы, 1979), «кәсіби денсаулық психологиясы» (GeorgeEverly, 1986) атты ұғымдар орнығып қалды. Тіпті, қазіргі кезде психолог мамандығының еуропалық дипломын (EuropeanCertificateinPsychology, EuroPsy) алу үшін денсаулық психологиясының аясындағы мәселелерді шешуге қатысты құзіреттердің студенттерде дамуы маңызды шарт болып табылады (Houdmontetal., 2010) .

Адамның ӛз денсаулығына қатынасын кӛптеген психологиялық факторлар бейнелейді.

Осы факторлар бойынша денсаулық психологиясында бірнеше психологиялық үлгілер бар.

А. Бандураның (Bandura, 1997) әлеуметтік үйрену теориясының аясында тұлғаның ӛз әрекеттерінің тиімділігіне сенімді болу тұжырымдамасы іс-әрекеттің басталуын да, барысын да анықтайды. Индивидтің ӛз әрекеттерінің тиімділігіне сенімді болуы шылым шегу, алкоголизм сияқты тәуелділіктерді және кӛптеген науқастарды емдеуде предиктор ретінде қарастырылады (Condiotte, Lichtenstein, 1981; Kavanaghetal., 1996; 1999).

Денсаулық психологиясына қатысты мәселелерді бақылау локусымен түсіндіретін үлгілер бар. Осы орайда «денсаулықты бақылаудың локусы» термині қолданылып, индивидтің денсаулықты сақтаудың сыртқы немесе ішкі факторларына сенімділігін бағалаудың арнайы әдістемесі қарастырылады (Wallstonetal., 1976). Субъектінің ӛз денсаулығын сақтауға қатысты мінез-құлқы, жүріс-тұрысы денсаулықты бақылаудың локусы арқылы болжанады. Мәселен, бақылаудың интернальді локусы денеге күш түсіруді үзбей жүзеге асырумен (Normanetal., 1997);

дұрыс тамақтанумен (Steptoe, Wardle, 2001) оңды корреляция кӛрсетеді.

Сонымен қатар, адамның денсаулыққа қатынасын анықтайтын психологиялық факторларға оның тұлғалық сапалары мен әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері жатады (Diefenbach, Leventhal, 1996).

Денсаулықты сақтаудың және нығайтудың субъективті жақтары кӛптеген зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылады. Солардың шегінде адамның ӛз денсаулығына қатынасы, ӛзара әрекеттесудің нәтижесі арқылы анықталатын соматикалық денсаулықтың психологиялық сипаттамасы – «соматонозогнозия» (Квасенко, Зубарев, 1980) ұғымы негізделеді.

Жалпы, денсаулықты сақтау мен нығайту тұлға субъектілігінің нәтижесі болып табылады.

Әрине, субъект қасиеттері денсаулық тӛмендеген жағдайда ӛзекті болады. Сонымен қатар, субъектілік ұстаным индивидтің науқастану мазмұнына және тұлғалық ерекшеліктеріне

(2)

байланысты сипатталады. Дегенмен, субъектілік тұлғаның әлеуеттік қасиеті ретінде әрқашан денсаулықты сақтап, нығайтудың негізі болып табылады.

Субъект категориясының философия аясынан шығып, психологиялық теорияға кіргізілуі болашағы зор, эвристикалық маңызы орасан іс болды. Соның арқасында кейбір іргелі психологиялық мәселелердің әдіснамалық тіректерін дәлме-дәл келтіруге мүмкіндік ашылды.

Субъект категориясы әртүрлі психологиялық ұғымдарды саралауға әрі оларды ерекше жүйелікпен жинақтауға әдіснамалық бағдар болады.

Субъект категориясы үздіксіз, жоғары қарай үдемелі жетілуді, дамуды білдіреді. Осыған орай адамды ӛмір, іс-әрекет, қарым-қатынас процестерінің субъектісі ретінде психологиялық зерттеу ғылымдағы түрлі теорияларды ықпалдастыратын тұрғы дәрежесінде анықталып, ӛткен ғасырдың 80-ші жылдарынан теориялық-әдіснамалық негізге айнала бастады. Субъект талдамасы психология ғылымдарының бірлігін орнататын, сондай-ақ, психологияны жаратылыстану және гуманитарлық тарамдарға айырылып, жікке бӛлінуін жеңуге мүмкіндік беретін жол ретінде аса жоғары дәріптеледі /14, 94 б./. Сондай-ақ бірқатар зерттеушілер психология ғылымдарының барлық салаларының жалпы зерттеу пәні тек субъект болатынына әбден негіз бар деп санайды /15, 18 б./.

Теориялық және эмпирикалық зерттеулер арқылы пайда болған жаңа сала – субъект психологиясы С.Л. Рубинштейннің /16/ адам баласы болмысты және ӛзін саналылықпен құрауға, ӛзгертуге, түрлендіруге қабілетті болатыны жайлы басты идеяның негізінде пайда болған. Мұнда постулаттық тұжырым жасалған: адам субъект болып дүниеге келмейді, субъект болып дамып, жетіледі.

А.В. Брушлинский субъект ұғымын белсенділіктің әртүрлі формаларына байланысты әлдеқайда кең түрде анықтайды: «Субъект, яғни, ӛз тарихын жасаушы, ӛзінің ӛмір жолын басқарушы болу – адамның барша қасиеттерінің арасындағы аса маңыздысы. Бұл, алдымен, практикалық іс-әрекеттің, қарым-қатынастың, мінез-құлықтың, танымның, жасампаздықтың және басқа да ерекше адами белсенділік түрлерінің (шығармашылық, адамгершілік, еркіндік танытатын) және қажетті нәтижеге қол жеткізудің бастамашысы болу мен іске асырылуын білдіреді» /17, 5 б./. Осы орайда адам баласының субъект ретінде ӛзгертуші, түрлендіруші, жасампаз, шығармашыл белсенділігін, осы белсенділік факторлары мен оны жүзеге асыру механизмдерін зерттеу бірқатар жәйттерді түсіндіреді. Субъект психологиясының қағидалық негіздері денсаулықты сақтау мен нығайту мәселесін тұжырымдауға мүмкіндік береді.

К.А. Абульханова /18/ ұстанымы бойынша тұлғаның субъектілігі іс-әрекеттің талап- міндеттері мен тұлғаның ӛз ӛлшемдеріне сәйкес қайта құрылу, қайта ұйымдастырылу процесін анықтайды. Субъект ақиқатты бейнелеп қана қоймайды, ол әрқашан осы ақиқаттың мән- мағынасын айқындап, оның құнды жақтарын ашып, оған ӛзiндiк мазмұн бередi. Сондықтан, субъектілік индивидтің денсаулықты нығайтудағы психологиялық шарты болады.

Субъект адамның барлық нақты қасиеттерін, жан-дүниесін бір жүйеге біріктіреді. Мұнда А.В. Брушлинский пікірінше тұтастық, бірлік, ықпалдастық субъектінің барлық, тіпті, ӛзара қайшылықты және үйлесе алмайтын да қасиеттерін бір жүйеге ұйыстыратын негіз ретіндегі оның аса маңызды ерекшеліктері болып табылады /19, 6 б./.

Осылайша, бірқатар ілімдерде субъект белсенділіктің, бастамашылықтың, біртұтастықтың, автономдықтың жоғары деңгейіндегі адам, ӛз ӛмірінің жасампазы, ӛзінің тіршілік әрекеттерін басқарушы ретінде анықтау орныққан (К.А. Абульханова, Г.И. Аксенова, Б.Г. Ананьев, Л.И.

Анцыферова, А.А. Бодалев, Г. Крэйг, Д.А. Леонтьев, В.Д. Шадриков және т.б.). Мәселеге қатысты

(3)

әдебиеттерге жасалған талдау зерттеушілердің ғылыми ұстанымдары әрқалай болғанымен, олардың кӛзқарасында қиылысатын тұстарды айқын кӛрсетті. Бұл субъектінің әрқашан ӛзін-ӛзі дамытуға әзірлігіне қатысты.

Сонда, түрлендіруші іс-әрекетпен қатар субъектілік ұстанымдағы адам ӛзін-ӛзі ӛзгертуге әлеуетті келеді. «Адам мақсаттарды және оларды жүзеге асыруға қажетті әрекеттерді еркімен таңдау арқылы анықталатын сана және ӛзіндік сана-сезім иесі ретінде ғана субъект болып табылады» /20, 26 б./. Осы орайда, субъект тұрғысынан денсаулықты сақтап, нығайту мүмкіндіктері бойынша индивидтің «Мен-нақты» жағдайын дәлме-дәл бағалауы, «Мен-идеал»

бейнесі жобаланып, анықталады. Сондықтан денсаулық психологиясындағы субъектілік индивидтің ӛз денсаулығына саналы қатынасын сипаттайды.

Сонда, денсаулықты сақтау мен нығайту үшін тұлғаның ӛз ӛмірін жасаушы, ӛзгертуші, түрлендіруші субъект болуы қажетті шарт.

Дегенмен, К.А. Абульханова «… кез-келген тұлғаның іс-әрекет субъектісі бола алмайтындығын» жазады /18, 63 б./. Әрі, «субъект – кемелге жету шыңы емес, тек оны бетке ұстап, қозғалу деген жалпы анықтамаға сәйкес әрбір тұлғаның субъект ретінде қалыптаса бастауы әр шамада болады» /18, 65 б./. Осыған орай, денсаулықты сақтау мен нығайту үздіксіз, ұдайы дамитын субъектілік ұстаным болатыны нақтыланады.

Шығыстық парадигмаға сәйкес адамның сыртқы ортаны ӛзгерту, түрлендіру әрекеттеріне ізгілікті, рухани ұстаным тән. В.П. Зинченко да адамның субъект ретінде ӛзін және әлемді, ондағы ӛз орнын тануға ӛзгертуші, түрлендіруші іс-әрекетін, тәжірибесін, ізденушілігін руханилық деп дәйектеген /21, 275 б./. Рухани-тәжірибелік іс-әрекет субъект жететін айрықша деңгей болып табылады. Бұл түсініктеме денсаулық психологиясындағы субъект ретінде дамытуының ізгіліктік, руханилық бағытын тағайындайды. Тұлға субъект ретінде ғана кісіліктің, әдептіліктің оңтайлы даму деңгейіне жете алады. В.В. Знаков /22/ субъектілікті адамның ӛз қылықтарын саналы аңғаруға және ӛз әрекеттері үшін жауапкершілікті ерікті түрде, рухани-адамгершілік тұрғысынан ӛз мойнына алуға мүмкіндік беретін тұлға сипаттары арқылы анықтайды. Оның ұстанымынша басқалармен ӛзара әрекеттестікте саналы, рухани сенім негізіндегі тәсілдерді қолдануға дербес шешім қабылдай алатын ерікті адамды ғана субъект деп атау қажет. Осыдан рухани-адамгершілік құндылықтарды қабылдамаған, ізгіліктік ұстанымы жетілмеген психолог, дәрігер, пациент, клиент ӛзінің де, ӛзгелердің де денсаулығын құндылық ретінде қабылдай алмайды. Олай болса, субъектілік парадигма денсаулық психологиясындағы адамгершілік-ізгіліктік қағидалардың маңызын айқындап береді.

К.А. Абульханова іс-әрекет субъектісі бола алған тұлғаның сапалық ӛзгерістерін қарастырып, адам бойында ӛтетін трансформациялардың үшеуін ажыратады. Біріншіден, барлық жан қуаттары (психикалық процестер, қасиеттер, қабілет, кейіп) тұлғаның ӛмірдегі тірлігі мен іс- әрекетін қамтамасыз ету құралы ретінде қолданылады. Екіншіден, барлық жан қуаттары тұлғаның іс-әрекетіне бағынышты болатын жеке-даралықтың композициясын құрайды. Үшіншіден, тұлға субъект болған соң бойындағы ӛз шамасына, қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарамастан ӛмірдегі және іс-әрекеттегі ӛз стратегияларына арқалана бастайды. Міне, сондықтан ӛзінің ерік-күшін, зерде-зиятын, қабілеттерін ӛмір сүру мағынасынан айырылып қалған адам іс-әрекет пен ӛзін-ӛзі жүзеге асыру үшін қолдана алмайды /18, 68 б./. Бұдан біздің зерттеу үшін 1) субъект негізінде тұлғаның денсаулығы арта түсетіні және 2) мықты денсаулықтың тұлға субъектілігін дамытуға шарт болатыны жайлы аса маңызды тұжырым бекітіледі.

Олай болса, психологиялық саулық нашарлағанда тұлғаның субъектілігін қалай түсінуге болады? Мұнда субъект функцияларының кейбір жеке-дара тұстарына ғана екпін түседі де, олар

(4)

адамның жан-дүниесінен, тұлғалық сапаларынан, мінез-құлқы мен жүріс-тұрысынан жоталанып, ерекше кӛрінеді. Бұл жағдайда кейбір жеке психологиялық құбылыстардың үстем ықпалы орын алып, адам ӛз ӛмірін ӛзінің кереғар, адамилықтан аулақ мазмұнына бағынышты етіп қояды.

Маниакалдық жағдайлар, түрлі фобиялар, клептоманиялық, зомбилық құбылыс, агрессия мен девианттылық формалары, гемблинг-тәуелділік, эгоистік қатынастар, програстинация т.с.с. осыған барынша кӛрнекі мысал болады деп танимыз. Басындағы мұндай ауытқушылық жағдайында адам ӛз-ӛзіне еркі жүрмей, ӛзін-ӛзі реттеу, ӛзін-ӛзі бақылау мүмкіндіктері жоғалып, тәуелді кейіпте күй кешеді. Осындай біржақты, тұтастығы жоқ, адами тұрпатқа жат, ауытқуға ұшыраған белсенділік, дербестік, бастамашылық қасиеттерді субъектілік ерекшеліктің бір түрі дегеннен гӛрі бейсубъектілік деп анықтаған жӛн сияқты. Сондай-ақ ақкӛңілдік, мейірімділік, ізгіліктілік, білімділік жоталы болғанымен, ӛзінің «Мен» бейнесін идеалды деп қабылдайтын кейбір адамдағы тұлғалық деформациялар да бейсубъектілік құбылыс деп санаймыз. Олай болса, толымды субъект ӛз тіршілігінде, іс-әрекетінде, қарым-қатынасында мӛлшер, шектілік қағидасын басшылыққа алуға әлеуетті болады. Ӛзгертуші, түрлендіруші іс-әрекетінің аясын субъект ӛзі таңдап, ӛзі тағайындайды; және қоғамдағы моральға тіректеліп, ӛз субъектілігінің денсаулығы мен жансаулығына салдарын ӛз бағалайды. Ұлттық сана-сезімінен, ұлттық мәдениетінен, тіршілік әрекетінен, ӛзара әрекеттестік пен ӛзара қатынас саласынан, бейбіт ӛмірді құндылық ретінде қарастыруынан, этикалық нормаларынан, стандарттары мен атрибуттарынан дүниеге – табиғатқа, қоғамға, мәдениетке, адамға ықпал етудің ізгілікті, рухани негізінен қазақ халқының ӛлшемді білу қабілеті, ұстанымы жоғары болып, психологиялық саулық мәселесін шеше алуы айқын аңғарылады. К.А. Абульханова қайшылықтарды шеше алудағы мүмкіндіктерді субъект категориясының анықтауышы ретінде ұйғарады. . «… ӛмір жолының субъектісі ретіндегі тұлғаның қасиеттері оның ӛз ӛмір жолын ұйымдастыру, құру кезінде пайда болатын қайшылықтарды шешу тәсілінен (Бӛліп кӛрсеткен – К.А.А.) кӛрінеді» /23, 25 б./). Ол «субъектінің қайшылықтарды шешуші ретінде анықталуы шешім қабылдаудан қашқалақтайтын тұлғаның деформацияға, деградацияға, фрустрацияға ұшырай бастауын түсінуге мүмкіндік береді» – деп түйіндейді /18, 68 б./. Олай болса, субъект ӛлшемі ретінде қайшылықтарды шешуге қабілеттілік алынады. Сонда, тұлға субъект ретінде ғана денсаулық мәселелерін шешуге психологиялық даярлық таныта алады. Ал, осы бағыттағы белсенділіктің таңдамалы болуы және оның даралық негіздегі нәтижелілігі, баламалылығы тұлғаның тек субъект ретіндегі әрекетін сипаттайды. Мұнда тұлғаның ӛзін-ӛзі ұйымдастыру, құру және реттеу деңгейлері басты мәселе болып табылады.

Субъектілікті А.Г. Асмолов /24/ іс-әрекеттің ішкі жоспарын ашатын жүйелі сипаттама ретінде қарастырады. Ол субъектіліктің ең жоғары формасына тұлғалық мағынаны жатқызады.

Адам ӛзіне ӛз іс-әрекетінің субъектісі ретінде қараса, онда, осы іс-әрекетті жүзеге асыру сипаты тұлғалық мағынаға берілген мәселені шешу сипатына айналады. Олай болса, мәселені шешуге байланысты субъектіліктің даму деңгейі анықталады. Осыған орай, субъект ретінде денсаулық мәселесін шешу тұлғалық мағынаға ие болуы керек деп бекітеміз. Нақты бір проблемалық жағдаятты шешуге қатысты субъектіліктің ерекшелігін «жағдайдан тыс субъектілік» ұғымы дәлме-дәл анықтайды /25/. Тұлғаның әрқашан денсаулықты сақтап, нығайтуға қатынасы жағдайдан тыс субъектілік ретінде тұрақты және әлеуетті қасиетке айналады.

Біз ӛз зерттеулерімізде субъектілікті тұлғаның ӛзіне және ӛзгелерге деген құнды қатынасы бойынша анықтаймыз. Себебі, субъектілік қатынас ұғымы арқылы мәндік сипатқа ие болады. В.Н.

Мясищев адам қатынасын «оның әрекеттерінен, реакцияларынан, және жай-күйінен танылатын, объективті ақиқаттың әр түрлі жақтарымен саналы, таңдамалы, тәжірибеге негізделген, психологиялық байланыс» /26, 48 б./ – деп түйіндейді. Ғалым «басыңқы қатынас» ұғымын енгізіп, дәйектеу арқылы онымен тұлғаның мәнді сипаты, ӛмір мағынасы жайлы мәселелерді байланыстырады. Басыңқы қатынас адамның ниет-тілектерінен, мүмкіндіктерінен, әрекеттерінен кӛрінеді. С.Л. Рубинштейн басқа адамдарға деген қатынасты «адамзат ӛмірінің ӛзегі» – деп

(5)

бейнелеп келтірген /16, 262 б./. Осы мағынадағы адамның басқаларға қатынасы ортаға да, ӛзіне де қатысты ӛзгерту, дамыту, жетілдіру анықтауышы болады. Сондықтан, денсаулықты арттыруда тұлғаның басқаларға және ӛзіне деген қатынасының құнды, ізгі-рухани сипатта болуы ӛзекті мәселе.

Л.И. Анцыферова /27/ тұлға қатынастарын «реципроктілі» деген. Адам ӛз тарапынан ғана қатынас жасамайды, ол ӛзіне деген басқа адамдардың да қатынасын ескеріп, жинақтайды.

Сондықтан субъектілік жеке-дара субъект қасиеті болып қоймайды. Олай болса, кез келген субъект ӛз субъектілігінің жалғыз ғана иесі емес. Адамдар арасындағы қатынас субъектілік дамудың шарты болып табылады. Осы орайда ӛзара қатынас сипатын зерттеу субъектіліктің реципроктілік ерекшелігін айқындайды. Қатынастардың реципроктілігін В.А. Петровский /25/

анықтаған, біреуді басқа адамның идеал ретінде ӛзінше кӛрсетуін (бейнелеуін, қайталауын) білдіретін «бейнеленген субъектілік» ұғымына мағынасы жағынан бара-бар келеді. Мұнда,

«бейнеленген субъектілік» тұлғаның басқалармен байланысын аңғаруды білдіреді. Бейнеленген субъектілік басқа адамдарда субъектінің жалғастық табуын түсіндіреді. Олай болса, субъектілік денсаулықты нығайтып, арттырудың әлеуметтік сипатын айқындайды. Сонда, біздің ойымызша, ӛзінің денсаулығын сақтап, арттыруда субъектілік танытатын тұлғаның «бейнеленуі», басқа адамдардың кӛзқарастарының, дүниетанымының, қатынастарының, ұстанымдарының оңды ӛзгерісіне ықпал етуі орын алады. Сонымен, тұлғаның денсаулыққа қатынасы 1) басқаларға және 2) ӛзіне құндылық ретінде қарап, ӛзін субъект ретінде қабылдауы арқылы бейнеленеді.

Жалпы, адам дамуының мақсатында барынша субъект ретінде дами түсу бағыты жатыр.

Ал, К.А. Абульханова, В.И. Слободчиков, Г.А. Цукерман және т.б. зерттеушілердің еңбектерінде адамның ӛзіндік сана-сезімге негізделетін жалпы психологиялық дамуы субъектілікті жетілдіріп,

«объектіліктен» құтылумен байланысты болатыны ашылады. Ғылыми-әдіснамалық қағидалар негізінде денсаулықты арттырып, нығайтуда тұлға тек субъект ретінде танылуы ғана емес, субъектілік дамуы орын алады деп тұжырымдаймыз.

Жалпы, студенттердің кез-келген әлеуметтік-психологиялық мәселелерді шеше алудағы субъектілік біздің зерттеулерде тұжырымдалған (2004; 2007; 2008). Сондай-ақ, субъектілік парадигмасы денсаулық мәселесінің психологиялық астарларын ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан түсіндіруге; денсаулық пен жансаулықты сақтауға, нығайтып, арттыруға психологиялық негіз болады. Олай болса, тұлғаның денсаулық деңгейіне субъектілік анықтауыш, психологиялық механизм және қажетті шарт болып табылады.

Әдебиет

1. Дубровина И.В. Практическая психология образования. – СПб.: Питер, 2004. – 592 с.

2. Everly G.S. An introduction to occupational health psychology. In: P.A. Keller, L.G. Ritt (Eds.), Innovations in clinical practice: A source book. Sarasota, FL: Professional Resource Exchange, 1986.

Vol. 5. pp. 331–338.

3. Houdmont J., Leka S. (Eds.). Contemporary occupational health psychology: Global perspectives on research and practice. Oxford, UK: Wiley-Blackwell, 2010. Vol. 1. doi:10.1002/9780470661550 4. Houdmont J., Leka S., Bulger C. Identifying core curriculum areas in occupational health

psychology. European Academy of Occupational Health Psychology Newsletter, 2010, 7(1), 11–13.

http://www.eaohp.org/uploads/ 1/1/0/2/11022736/eaohp_newsletter_vol_7_issue_1. pdf 5. Bandura A. Self-efficacy: the exercise of control. New York: W.H.Freeman, 1997.

6. Condiotte M.M., Lichtenstein E. Self-efficacy and relapse in smoking cessation programs // Journal of Consulting and Clinical Psychology. 1981. Vol. 49. P. 648– 658.

7. Kavanagh D.J., Sitharthan T., Sayer G. Prediction of outcomes in correspondence programs for controlled drinking // Addiction. 1996. Vol. 91. P. 1539–1545.

(6)

8. Kavanagh D.J., Sitharthan T., Spilsbury G., Vignaendra S. An evaluation of brief correspondence programs for problem drinkers // Behavior Therapy. 1999. Vol. 30. P. 641–656

9. Wallston B.S., Wallston K.A., Kaplan G.D., Maides S.A. The development and validation of the health related locus of control (HLC) scale // Journal of Consulting and Clinical Psychology. 1976.

Vol. 44. P. 580–585.

10. Norman P., Bennett P., Smith C., Murphy S. Health locus of control and leisure-time exercise //

Personality and Individual Differences. 1997. Vol. 23(5). P. 769–774.

11. Steptoe A., Wardle J. Locus of control and health behaviour revisited: a multivariate analysis of young adults from 18 countries // British Journal of Psychology. 2001. Vol. 92(4). P. 659–672.

12. Diefenbach M.A., Leventhal H. The common-sense model of illness representation: theoretical and practical considerations // Journal of Social Distress and the Homeless. 1996. Vol. 5. P. 11–38.

13. Квасенко А.В., Зубарев Ю.Г. Психология больного. Ленинград: Медицина, 1980.

14. Брушлинский А.В. Деятельностный подход и психологическая наука // Вопросы философии. – 2001. – №2. – С. 89-95.

15. Максимова Н.Е., Александров И.О., Тихомирова И.В. және т.б. Структура и актуалгенез субъекта с позиций системно-эволюционного подхода // Психол.журн. – 2004. – Т.25. – №1. – С. 17-40.

16. Рубинштейн С.Л. Избранные философско-психологические труды. – М., –1997. – 463 с.

17. Брушлинский А.В. Проблемы психологии субъекта. – М., 1994.– 109 с.

18. Абульханова К.А. Мировоззренческий смысл и научное значение категории субъекта //

Российский менталитет: вопросы психологической теории и практики. – М.: ИПРАН, 1997. – С. 56-75.

19. Брушлинский А.В. Деятельностный подход и психологическая наука // Вопросы философии. – 2001. –№2. –С. 89-95.

20. Каган М.С., Эткинд А.М. Общение как ценность и как творчество // Вопр. психологии. – 1988.

– №4. – С.25-34.

21. Зинченко В.П., Моргунов Е.Б. Человек развивающийся. Очерки российской психологии. – М., 1994. – 304 с.

22. Знаков В.В. Духовность человека в зеркале психологического знания и религиозной веры //

Вопросы психологии. – 1998. – №3. – С. 104-115.

23. Абульханова К.А. Рубинштейн С.Л. – ретроспектива и перспектива // Проблема субъекта в психологической науке. – М.: ИПРАН, 2000. – С. 13-27.

24. Асмолов А.Г. Психология личности. – М.: МГУ. – 1990. – 367 с.

25. Петровский В.А. Психология неадаптивной психологии. – М.: ТОО "Горбунок", 1992. – 224 с.

26. Мясищев В.Н. Психология отношений / Под ред. А.А.Бодалева. – М.: ИПП; Воронеж: НПО МОДЭК, 2007. – 500 с.

27. Анцыферова Л.И. Психология формирования и развития личности // Человек в системе наук. – М., 1989. – С. 426 – 434.

Referensi

Dokumen terkait

Модульдік оқыту негізінде заманауи білім беретін құрал болып электронды кітап және электронды жұмыс дәптері болып табылады.. Электронды жұмыс дәптер ӛз кезегінде модульдік оқытудың