Алматы 2021ж.
Орындағандар: Тоқтамыс Динара мок-203 Шайменова Нұрай мок-203 Шығыс Нұрсарай мок-203
https://youtu.be/dAoASvIrni8
Менің тұңғыш президентім !
Алматы 2021ж.
Орындағандар: Тоқтамыс Динара мок-203 Шайменова Нұрай мок-203 Шығыс Нұрсарай мок-203
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті
Мақсаты:
1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге
танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. 1990 жылғы 24 сәуірден бастап, 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан президенті болды. 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан кете отырып, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы лауазымын және "Нұр Отан" жетекші партиясының төрағасы лауазымдарын, сондай-ақ Қазақстанның Конституциялық кеңесі мүшесі ретінде өз орнын сақтап қалды.
Зайыбы, Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылғы ақпаннан – Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті. Бүгінде «Бөбек» – республиканың тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, шет
елдерде де мойындалған ең белсенді қайырымдылық қоры.
1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды.
Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн. 1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті.
«Болашақ»бағдарламасы қабылданды. 1995ж Конституциямыз қабылданды. 2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған. Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас жақсы жолға қойылған.
https://youtu.be/SCvZLP26q0E
Сергіту сәті !!!
1991–2006 жылдар аралығында Нұрсұлтан Назарбаев өз атынан 12 кітап шығарған. Демек, 15 ай сайын бір кітаптан шығарып отырған.Тек өндіріп
жазатын маман жазушылардың ғана қолынан келетін іс бұл.
«Кім тапқыр?»
ойыны
Ойын шарты : 9 оқушы кез келген сұрақты таңдау арқылы өз жауабын білдіреді . Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға 2 балл
беріледі.
1. Қазақстан Республикасының тұңғыш президентті кім?
2. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?
3. Н. Ә. Назарбаевтың бойында қандай қабілет бар?
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәмізі қай жылы бекітілді?
5. Қай жылы ұлттық теңгеміз енгізілді?
6. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?
7. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?
8. Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?
9. Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?
4
1 2
5
3
8
6
7 9
1. Қазақстан Республикасының тұңғыш президентті кім?
Н. Ә. Назарбаев
2. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?
Металлургия
3. Н. Ә. Назарбаевтың бойында қандай қабілеттер бар?
адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам
4. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәмізі қай жылы бекітілді?
4 маусым 1992ж.
5. Қай жылы ұлттық теңгеміз енгізілді?
15 маусым 1993 жылы.
6. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?
1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент
күні, 16 маусым
7. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?
Өйткені бұл күн президент сайлау күні болды
8.Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?
Әнұран, Ту, Елтаңба
9. Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?
9 орында
Тұңғыш қазақ Президенті – Нұрағам Ата - бабам мың сынаққа шыдаған,
Тәңірден тек Тәуелсіздік сұраған.
Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен, Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.
Сүйеу болған аналарға жылаған, Тіреу болған балаларға құлаған.
Елдің жерін, арқалаған нар тұлға.
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.
Сыртқа кетіп қалмасын деп сыбаға, Шекараға қазы қағып, нұраған.
Шетте жүрген қандастардың панасы, Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.
Астанам бар, азатпын деп қуанам, Топқа түссем көк байрақты ту алам
Тұңғыш қазақ мемлекетті құраушы Елін сүйген, елі сүйген - Нұрағам!
Елбасының мемлекет басқарудағы іскерлігіне, әлемде бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақсартудағы зор еңбегіне, үлкен саясаткерлігіне құрмет білдіреміз. Мұғалім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың « Біз көшпенділердің ұрпағымыз.
Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін.
Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар»
деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз. Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспіз!
Қортынды:
Үйге
Үйге тапсырма :
“Мен президент болсам… ” тақырыбында эссе