халық санасында орын теппек. Бірақ шешендік – шындығымен күшті. Ұланғайыр әлемдегі ұсақ шындықтың ӛзі бір қырынан ғана емес, тұтас кӛрінуі тиіс. Осы принципті берік ұстаған суреткерлердің метафоралары ғана толыққанды шығады.
Суреткердің құралы, ең алдымен, ойлау мен тіл. Тілдік мәселелердің ӛзге салалармен байланысы адамның ойлау процестерінің ерекшелігін жете тануды алға тартады. Адамның ойлау әрекеттері тәжірибе арқылы жинақталған білім қорына әр түрлі операциялар жүргізумен іске асырылады. Жинақталған білім таңбалар арқылы белгіленеді. Лексемалардың мағынасы әлем бейнесін, яғни шынайы ӛмір кескіндерін суреттейді.
Метафора ӛзге тәсілдер сияқты тілдің дамуына қызмет етеді.
Тілдің дамуы адамның танымдық тұрғыда дамуы, яғни қоршаған әлем туралы білім қорының толығуымен астасып жатады.
Сондықтан да тіл мен ойлаудың дамуы бірінсіз бірінің жүзеге аспайтыны және олардың жалпы адамзат дамуымен астасып жататыны белгілі. Тіл бірліктерін осы бағытта қарастыру олардың мағынасын құраушы бірліктермен байланысын және сол байланыстардың сипатын ашуда маңызды болып табылады. Адам ойлау әрекетінің ерекше кӛрінісі ретінде метафоралар табиғатының дәл осы бағытта зерделенуі қажет екені туралы кӛптеген ғалымдар пікірі бір жерден шығады. Демек, адам жаңа нәрсені тану барысында немесе таныс нәрсеге жаңаша қарауға ӛз санасындағы дайын құрылымды таңдайды.
Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстардың атаулары тілдік таңбалар арқылы белгіленеді. Әр таңба астарында нысандардың беретін білім қоры ақпараттары сақталады.
2.3 Аударма теориясы және “Соңғы парыз” романындағы
ӛміршең шығарма екендігін, ӛнерде жаттық жоқ екендігін тағы да танытты.
Тіларалық коммуникациялардың сұлбасы мынадай түрде.
Басқа адамдарға бір нәрсе жеткізгісі келетін және бір тілді меңгерген (бастапқы тіл – БТ) адам (ақпарат кӛзі) осы тілдің бірліктері арқылы тиісті хабарлама жасайды, одан дәл сол тілді меңгерген басқа адамның, қарым-қатынас жағдайы мен ӛзінің негізгі білімдерін ескере отырып, беріліп отырған хабарламаны алу мүмкіндігі бар. Әлбетте, бұл хабарлама БТ-ді игермеген адамдарға түсініксіз болады, сондықтан ол адамдармен қарым- қатынас жасау үшін қарым-қатынас процесінде делдал (аудармашы) болғаны дұрыс, оған БТ де, сондай-ақ басқа тіл (аударатын тіл – АТ-де ) қажет. Аудармашы БТ-дегі (түпнұсқадан) хабарлама алып, одан беріліп отырған ақпаратты алуға қабілеті бар, аударма рецепторына (АР) арналған АТ-ге жаңа хабарлама жасайды. Дәл сондай құбылыс тұтас мәтінге біріктірілген хабарламалардың бір қатарында болады: БТ (бастапқы мәтін БМ) мәтінінің негізінде АТ мәтіні (аударма мәтіні – АМ) жасалады. (переводной текст – ПТ) [86, 36 б.].
Прозалық туындыларды аудару арқылы түпнұсқада кӛтерген әлеуметтік проблема, негізгі идеяны, орыс оқырманына жақын етіп кескіндеуге тырысады, сонымен бірге ӛзге жұрттың наным- сенімі, түйсігін беру арқылы сол ұлттың рухани әлемінен жан дүниесімен ӛз оқырманын хабардар етуді де мақсат тұтатын аудармашы.
Аудармашы – қаламгердің жалпы халықтық қордағы сӛздерді, фразаларды пайдалануы, ӛз тарапынан жаңа сӛз тұлғалары мен тың тізбектер жасауы – кӛркем аудармадағы ойлаудың образдылық типінің нәтижесі екендігін, жазушының суреткерлік даралығы мен талантынан туындайтын дербес шығарма екендігін дәлелдейді. Аударманың сапасын бағалаудың екі жақты межесі аудармашыға да талап-міндеттер жүктелетінін кӛрсетеді. Аударма мәтіннің айтылған талаптардың үдесінен шығуы аудармашының ойлау-психикалық қабілетіне, білім- біліктілігіне тікелей байланысты. Түпнұсқадағы айтылған ойды қалай, қандай әдіс-тәсілдермен жеткізудің амалдарын іздестіру барысында аудармашы негізгі материалды анализдеу және синтездеу процестерін бастан ӛткереді, яғни түпнұсқа мәтіннің негізгі идеясын, мән-мазмұнын талдап түсінісу және осы идея
мен мазмұнды екінші тілдің қуаты арқылы жеткізу проблемаларын шешуге тиіс болады.
Жазушының әлеуметтік-саяси мәні мол бұл романының оқырмандарға берер эстетикалық тағылымы зор. Осы негізде аудармашының тәржімашылық қызметіне ғалым А.М. Алдашева мынадай талаптарын қояды:
жалпы бағдарлы ақпаратты (фоновая информация) білу;
екі тілдің лексикалық – грамматикалық құрылымын жетік меңгеру
[59, 74 б.].
Біріншіден, бір тілден екінші тілге тәржімалау барысында аудармашының жалпы бағдарлы ақпаратпен танысып; білу қажеттігін осы мәселені зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысы да атап кӛрсетеді. В.В. Виноградов /6/, А.Федоров /72/, А.Д.
Швейцер /95/.
Демек, аудару процесі барысында екі тілді жетік меңгеріп қана қою, осы межеге сүйену жеткіліксіз; аударма мәтіннің белгілі бір талаптарға сай болуы үшін түпнұсқаның құбылысы мен мазмұнына негіз болған тақырыпты айқындай түсетін бірқатар мәліметтермен танысуға тура келеді. Тәжірибелі аудармашылар түпнұсқа авторының ӛзге де шығармаларын оқиды, оның жазушылық шеберлігіне тән басты-басты стильдік – тілдік құралдарды аңдап аңғарады; шығарма оқиғасына, желісіне негіз етілген тарихи мерзімнің ерекшеліктеріне қатысты ӛзге де мағлұматтарды зерттейді, сӛйтіп, жалпы алғанда, аударма үшін қажетті тарих, этномәдениет, әлеуметтік мәдениет, ұлттық білім (менталитет) турасында білім тәжірибесін жинақтайды. Жалпы бағдарлы ақпаратты білу, танысу халықтар арасындағы мәдени байланыстар ӛрісінің деңгейімен байланысты. Мәдени ынтымақтастық неғұрлым тығыз болған сайын, ӛзге халық, ұлт жӛніндегі әлеуметтік-мәдени дерек-мағлұматтар соғұрлым толыға түседі. Жалпы бағдарлы ақпарат, сонымен қатар, белгілі бір халықтың тарихын, нақты бір кезеңдегі лингвомәдени ой- ӛрісін аңғаруды да қажет етеді. Жалпы бағдарлы ақпаратты (фоновая информация) меңгеру және оны әрдайым назарда ұстап отыру тәржіма нұсқаның толыққанды сапада жасалуына ықпалын тигізеді. Екіншіден, түпнұсқа мен аударма мәтіннің арасындағы толыққанды сәйкестікке қол жеткізу үшін тірек бола алатын жағдаяттардың тағы бірі – аудармашының екі тілді меңгеру
деңгейі. Бұл фактор әлеуметтік лингвистиканың, салыстырмалы тіл білімінің, психолингвистиканың мәселелерімен тығыз байланысты. Екі тілді меңгеру деңгейі қостілділік мәселелермен ұштасады. Әлеуметтік лингвистика және салғастырмалы тіл білімі бойынша еңбектерде “қостілділік”, “екітілділік” ұғымдары аталып отырады, алайда осы құбылыстың бірден бір құрамдас бӛлігі – “қос тілді адам – билингв” деп қандай индивидті танимыз, қостілді адам деп есептеу үшін тілдерді қандай дәрежеде білу қажет деген сауалдардың толыққанды ғылыми жауабы әліге дейін берілген жоқ.
Майталман жазушы Ә. Нұрпейісовтің шығармашылық тұлғасы кӛркемдік қуаты зор ұлттық роман авторы ретінде ғана назар аудартпайды, сонымен қатар ӛз шығармаларынан ерекше шығармашылық аударма зертханасын жасаушы, әлемге танымал аудармашылар мен жазушыларды қарым-қатынасқа тарта білген жазушы ретінде танылады. “Соңғы парыз” романын жазушы әрі аудармашы Герольд Бельгер мен Анатолий Ким аударды. Олар жат ӛмір суреттерін орыс кӛркем проза тіліне ӛздеріне ғана тән дарынмен кӛрсете алды.
Бірінші тарауда талдау жасап ӛткеніміздей, “Соңғы парыз”
романы - Арал теңізі жағалауындағы қазақтардың ӛмірі, дала қазақтары халқының болашақ бақыты үшін қаны мен терін тӛккен азаматтары жайында жазылған шығарма.
“Соңғы парыз” – әлеуметтік қатынастардың негізінде туған роман. Осының бәрі егжей-тегжейлі, авторға тән қайталанбас тілмен берілген және орыс тіліне аударуда керемет кӛрінісі тапқан. Романның негізгі мазмұны жинақталған атауларға ерекше мән беріледі: “Сондай да бір күн болған”, “Сондай да бір түн болған” (“И был день”, “И была ночь”) [87, 76 б.].
Жазушы-аудармашы Г. Бельгер мен А. Кимнің мұндағы үлесі – ұлттық-мәдени фонды сақтауы, романның әрбір кейіпкерінің жан дүниесіне енуі, жаны таза, махаббатта жолы болмаған, бірақ қатал қазақ жігіті Жәдігер бейнесі, Әзім бейнесі, сондай-ақ романдағы тағы да кӛптеген бейнелер арқылы қазақтың тұнып тұрған сӛз мәйегін пайдалануы.
“Соңғы парыз” романын Ә. Нұрпейісов 25 жыл бойы жазуы, суреткердің қазақ халқының қасіреті, әлемдік алапат – Аралдың қасіретіне философиялық тұрғыдан келуі романның бағасын
арттыра түседі. Роман-диологияның бірінші кітабын Г. Бельгер мен А. Ким, ал екінші кітабын – А. Ким аударды.
Ә. Нұрпейісов ӛзі берген сұхбатында А. Кимнің келісімін кӛп күткенін айтады, Ә. Нұрпейісов қазақ жазушыларының орыс тіліне аудармаларын айтқанда, сапасының тӛменділігін баса айтатын және сол үшін аудармаға кәсіби жазушыларды тарту керектігіне тоқталады. Ю. Казаков пен А. Ким жасаған аудармалар осындай кӛзқарастың дұрыстығын дәлелдейді.
Бұл роман антропонимдер, метафоралар, эпитеттер, теңеулермен, синонимдік қатарды түзейтін лексикалардан тұрады. Әрбір ат ерекше мағынаға ие және роман мазмұнымен ғана емес, кейіпкер мінезімен де расталған. Аудармашы А. Ким табиғат азабы мен адам тағдырының азаптарын бере білген. Тіл, оның лексикалық қоры халықтың мінезі мен дүниетанымының кӛрінісі болып табылады. Бір мәдениет ӛкілі үшін басқа мәдениеттің ӛкілінің сӛзіндегі, тілдегі түсініксіз, “экзотикалық”
сәйкестіктерді нақтылауға, табуға коммуникация кӛмектеседі.
Ондай нақтылауларға, түсініктемелерге ұлттық немесе жергілікті ерекшеліктерді кӛрсететін сӛздер жатады. Демек, аудармашылар автордың ойын терең түсініп, оны жетілдіріп, оқырманның жүрегіне жақындата түскен. Үстірт қарағанда мәтін мұндай кӛркем шықпас та еді.
Шығармаларының аударылуында Ә. Нұрпейісовтің жолы болды: оны орыс тіліне шебер прозаиктер Юрий Казаков және Анатолий Ким аударды. Алайда, ӛзінің жолы болғыштығына ол ӛзі де елеулі үлес қосты, біріншіден, ӛзінің және аудармашылардың стилистикалық үйлесімділігін тапты, ал екіншіден, ғаламат табандылық танытты, екі аудармашыны жылдар бойы осы істі қолдарына алуға келістірді. Сезгіштігі ӛте жоғары кісі Ю. Казаков, Ә. Нұрпейісов кейіпкерлерінің барлығы дерлік сүйегі қаралар да тым жоғары, метафорикаға ден қоя сӛйлетіндігін, ә дегенде байқайды. Қысқасы, қойшылар емес – ақындар. Байқады, авторды диалогтарды қайта жазуға итермеледі. “Біле білсең, Юра”, - дейді ӛзінің әңгімені алыстан бастайтын әдетімен “Қан мен тердің” авторы, - менің әкем жартылай сауатты кісі болған, бірақ менің әлі есімде, домбыра шегін жәй ғана түртіп отырып, ол бір сӛзді қайта-қайта қайталайтын: “Әттеген-ай! Адам ӛмірі дегеніміз не? – бар болғаны аш иттің аранындағы жасқау” (бәлкім, қазақша бұл
жақсы естілер, Ә. Нұрпейісовтің ӛзі қажет орыс сӛздерін ұзақ терді және аудармасы кӛңілінен шықпады-ау, әсте!). Жалпы алғанда, тіл, риторика – кӛшпендінің мақтанышы, ӛмірдегі жолы болмағандығының есесі болар. Бұл тұрғыдан келгенде қазақтар арасында жаяу-жалпысы жоқ – барлығы дерлік асылдар, бірақ асылдың ӛзінің ӛлшемі бар.
Бір жерлерде Ә. Нұрпейісов пен Ю. Казаков тіл табысты, себебі бұл дауда аудармашының ӛзіндік шындығының бары тағы рас еді, әрбір орыс оқырманына, ал ол болса миллионнан кем емес, қазақтың тұрмыстық тілінің ӛзгешеліктерін түсіндіре бермейсің ғой....” [88, 39].
Ә. Нұрпейісов публицистикасының оқырманы ӛзіне, жазушы үшін маңызды тақырыптың тек нәзік қана емес, сонымен қатар қатал, ал кей кездері тым қатал тұстарын ашады. Олардың туындау себебін де тез түсіне қояды [88, 62 б.].
Белгілі бір халыққа ұлттық, тілдік ортаға арналғандықтан, классикалық кӛркем әдебиетте реалийлер тобы мол болады және оларды тақырыптық, мәдени атаулардың құрамынан бірыңғай түрде, шағын бір топ ретінде бӛліп алып қарастыру керек: бұлар қазіргі тұрмыстық, әлеуметтік қарым-қатынастарды білдіруге қатысатын сӛз әдебі (речевой этикет) формулалары, діни атаулар, сондай-ақ, әлеуметтік-тұрмыстық реалий атаулары [59, 194 б.].
Аудармада нақты кездесетін реалий атауларының аударылу мүмкіндіктері нің негізі тӛрт жағдайға байланысты болады.
Ғалым А.В. Федоровтың “Основы общей теории перевода” атты еңбегінде аударманың берілу шеберлігі туралы мынадай белгілерді айтады [72, 151 б]:
Біріншіден, транслитерация немесе транскрипция (толық немесе ішінара) реалийді білдіретін нақты сӛзді не оның түбірін ӛз тілінің әріптерімен жазу, ӛз тілінің жұрнақтарын тікелей пайдалану.
Екіншіден, тілде нақты бар элементтер мен морфологиялық қатынастар негізінде тиісті затты белгілеу үшін жаңа сӛзді немесе күрделі сӛзді немесе сӛз тіркесін жасау. Бұл – аударма негізінде суреттеуші (перифразалар).
Үшіншіден, басқа тілдің реалийіне басқаша айтқанда контексте соған жуық мағыналы сӛзді пайдалану.
Тӛртіншіден, гипонимикалық, жинақтаушы, жақындатушы.
Нақтылап жатпай жалпылама айту (сексеуіл; саксаул; киіз; үй;
юрта; чапан; шекпен).
Транслитерация арқылы берілу. Басқа тілге мүлдем аударылмайтын сӛз жоқ. Суреттеу арқылы жеткізілсе де мағынасын беру арқылы болса да аударуға болады. Бұл жерде мәселе – ұлттық бояуды, ұлттық әдет ғұрыпты сақтап беруде.
Яғни транслитерация лексикалық нақтылығын сақтау қажет болғанда, сонымен қатар, сол аталып отырған заттың немесе ұғымның келесі аударылып жатқан тілде нақты баламасы жоқ болғанда, ерекшелігін айқындау үшін керек. Сондай-ақ, транслитерацияны кӛп пайдалану ӛзге тілден кӛшкен сӛздерді, ұғымды дұрыс бермеуге, туған тілдің ластануына әкеп соғады.
Сол халықтың ӛзіне ғана тән ерекшелігін танытатын сӛздерді сақтап қалдырылады [72, 157 б.]. Әрине, аудармашылар игеретін функционалды сәйкестіктердің кейбірінің контекстің мазмұнына кереғар келтіретіндері де жоқ емес, алайда ұсынылатын варианттардың қайсы бірінің семантикасы жағынан ұтымды жақтары да бар, оларды әдеби тілдің қазіргі айналымына түсіруге болады. Транслитерацияланған, транцкрипцияланған сӛз бейтарап стилдік реңкте ұғымды жалпы атайды. Сондықтан стильдік реңкін кӛрсету үшін транскрипциялау, транслитерациялау, суреттеп түсіндіруден гӛрі мағынасы жуық түсетін, стилдік болуы бар сәйкестікті іздестіру қажет.
Қазақтың тӛл мәдениетінде әлеуметтік санаттарға бӛлудің осындай түрлі атаулары қалыптаспағандықтан, олардың кейбіреулері лексикографияда суреттеу, түсіндірме жолымен берілген, ал кейбір екі тілді сӛздіктерге енгізілмеген. Кӛрсетілген кӛркем мәтіндегі функционалды қызметі басым элементтер, демек аудармашы тарапынан олардың қандай да болмасын баламасы жасалу керек болады. Кейбір аудармашылар оларды кірме сӛз түрінде алады немесе транскрипциялайды. Бұл амал- тәсілдер кӛркем әдебиеттің эстетикалық функциясына нұқсан келтіреді, сондықтан тағы да бір аударма әдебиетте олар үшін мағыналары жуық тілдік бірліктер қозғалысқа түседі.
Нақты балама іздеу жолындағы әрекеттер әртүрлі: ішкі семантикасын “кӛшіру” арқылы түсіндіру сипаттама тәсілі (сӛздерді беру) әрі қарай тӛл тілдік лексикалық бірліктердің мағыналарын игеру амалына ұласады. Ӛзге тұстарда
түпнұсқадағы әрқайсысы дербес жеке-жеке мағыналарға ие реалий атаулары үшін ұлғайту, үстемелеу әдісі, яғни түрлік ұғымды жалпы атаумен нақтылау жолы негізге алынады.
Кӛркем аудармадағы транскрипциясын сақтау үрдісімен қатар аудармашылар жалқы ішкі семантикасына, стильдік қызметіне қарай ара-тұра транскрипциялауға (сол тілді иеленушілердің тілдік қолданысына) да барып отырады. Белгілі бір семантикалық жүк және стильдік қызмет әсіресе бейнелеуіш құралдардың барлығына тән. Сонымен қатар аудармашылар кӛп ретте екі халықтың да этномәдени сипатында тұрмыс-тіршіліктің ажырамас бӛліктеріне байланысты осындай ерекшелікті ескеріп, түпнұсқадағы қазақша немесе орысша баламасын тілді игерушілердің ұғымына сәйкестендіре ұсынып отырады [59, 169 б.].
Кез келген әдеби тіл қоршаған ортадағы әрбір құбылысқа, затқа, түсінікке, еңбек қарым-қатынастары мен еңбек құралдарына, мәдени-рухани тіршілікке, қоғамдық құрылымның барлық белгілеріне дербес атау бере алады: Мұндай дербес атау бір тілде нақты жеке сӛз түріне, екінші тілде сӛз тіркесі түрінде кӛрінуі, басқаша айтқанда, номинациялық атаудың сыртқы түрі әр тілде әр басқа болуы мүмкін. Мұндай аталымдар екітілді сӛздіктерде беріледі. Екітілді сӛздіктер тілдердің әдеби айналымындағы сӛздік құрамын бір-біріне мағынасы, ұғымдық- мазмұндық кӛлемі сәйкес келетін, тіркесімділік қабілеті, стильдік реңктері толық немесе ішінара тұспа-тұс түсетін баламаларды тіркейді. Олар бұл сәйкестіктерді сӛздіктегі сәйкестіктер деп атайды. Сӛздіктегі сәйкестіктер – бірнеше тілдердегі мағыналарының бірі арқылы бір-біріне сәйкес келетін, бір ұғымды, түсінікті, затты құбылысты атайтын, яғни ұғымдық кӛлемі бірдей, эмоционалды-экспрессивті, стильдік мағыналарының арасында айтарлықтай айырым белгілер жоқ тілдік бірліктер. Сӛздіктегі сәйкестіктерді белгілі ғалым Л.
Бархударов “тіларалық синонимдер” деп атайды және ұғымдық кӛлемі, стильдік реңкі, экспрессивтік қызметі тұспа-тұс келетін баламаларды тіларалық абсалютті синонимдер, ал экспрессивтік, стильдік сипаттаммаларының айырмашылықтар барларын
“тіларалық отноститілді синонимдер” деген топтарға ажыратады [60, 56 б.].
Сәйкестіктер, сӛздіктегі сәйкестіктер аударманың екі жақты талабын сақтауға айтарлықтай кедергі келтірмейді. Кӛркем әдебиеттің оны ӛзге стильдік тармақтардан даралайтын сипаты – тілдік қордың түгелдей қозғалысқа түсуі. Шығарманың басты позицияларына сәйкес қаламгер әдеби тілден тыс элементтерді (диалектизмдерді, кӛнерген сӛздерді) жұмсауға, бір сӛзге алуан түрлі бояу-реңк үстеуге, ӛз тарапынан окказионализм қолданыстар жасауға құқылы [59, 174 б.].
Екі тілді сӛздік кӛркем әдебиет жанры түрлендіретін сӛз бояулары мен астарлы, ауыспалы мағыналарының баршасын қамтиды (және қамтуға міндетті де емес). Аудармашының ӛз бетінше балама іздестіруіне тура келеді, зерттеуші В.
Комиссаровтың сӛзімен айтқанда, “аударма ісі сӛздік біткен жерден басталады” [65, 59 б.].
Мұның мәнісі – аударма жасау бір тілдегі тілдік құралдарды екінші тілдегі сәйкес баламалармен ауыстырумен ғана шектелмейді; бір тілде айтылған (жазылған) ойды екінші тіл арқылы жеткізуге екітілді сӛздіктерде берілген баламалардың мүмкіндігімен қанағаттану жеткіліксіз деген сӛз [59, 174 б.].
Сӛз түрлендіру (транформациялау) – кӛркем аударманың негізгі талаптарының үдесінен шығу үшін жүзеге асырылатын процесс. Дей тұрсақ та, қазақы тілдік орта ерекшеліктерін оқырманының қабылдауына шынайы жеткізу үшін қалай болғанда да сӛз түрлендіру, түпнұсқадағы сӛздердің орнын ауыстыру әрекетін ұдайы жүргізіп, жақсы деңгейдегі аударма жасауға осыны басшылыққа алу қажет деген қағида туындамайды. Сӛз түрлендірудің дәйектемесі, уәжі болуға тиіс, яғни дәлме-дәл баламаның орнына семантикасы жуық ӛзге тілдік элементтің қолданылуының себебі анықталуы қажет. Сӛз түрлендірудің себебі анықталған жағдайда контекстің аудармасын бағалауға мүмкіндік туады.
Аудармашыға қойылатын талап: ол екі тілді де барынша жақсы білумен қатар ӛзі тіл сырын, сӛз мәнін, кӛркемдіктің қадірін білетін, ӛмірге суреткерше қарап, әрбір кӛрініс пен құбылысты кӛркем образдылық тұрғысынан ұғына алатын қиялы ұшқыр, ойы терең, жаны сергек те сезімтал, ақындық-жазушылық дарынның иесі болуы керек. Аудармашы қаншалықты дарынды болғанымен, екі тілдің де сырына қанықтығымен қатар, автордың ойы жеткен дәрежеге кӛтеріле алатындай жан-жақты білім иесі
болмаса, екінші тілде оқушыларға түпнұсқаның бар қасиетін ашып бере алмайды.
Мәтін аудармасының тетіктері әсіресе кӛркем аудармадағы берілген ұлттық болмыс әлі де толық зерттелмеген. Ұлт жазушылары кӛркем шығармаларының осы заманғы аудармаларында кӛрінуі, аударма тәжірибесінің, тілдік бірліктердің кең мүмкіндіктерінің болуы шығарманың мазмұнын беру үшін ең тиімдісі осы екенін дәлелдейді, аудармашылар семантикалануды мемлекеттану фонының лексикалық түсінігін ашуға септігін тигізетін саналы әрекет ретінде және ұлттық- мәдени колоритті сақтау үшін қолданады. Сӛзді дұрыс пайдалану аудармашыға тілдік бірліктердің семантикасын және мәдениет ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді, осынысымен аударманы түпнұсқаға жақындатып, оқырман қабылдауына жеңілдік жасайды. Бұл ретте аудармашы басқа ӛмірдің кӛріністерін танытады және мәтінді ауырлатпайды.
Аудармашы тіларалық қатысымды жүзеге асыра отырып, ӛз алдына белгілі бір мәжеге, нысанаға жету үшін мақсат қояды, соны орындауға бар күш-жігерін жұмсайды. Негізінен, осы нәтижені тӛрт топқа бӛлуге болады. Біріншіден, аудармашының міндеті – рецепторда берілген ақпараттың баламасын түсінуін қамтамасыз етуге тіреледі. Екіншіден, аудармашы белгілі бір қатысымдылық тиімділік орнатуға, рецептордың берілген ақпаратқа деген жағымды эмоциялық кӛзқарасын оятуға талпынуы тиіс. Үшіншіден, аудармашы рецепторды нақты бір қызмет арқылы ӛзіне қаратып, оның белгілі бір практикалық реакциясын сыртқа шығаруды мақсат етуі керек. Ал, тӛртіншіден, аудармашы ӛз аудармасынан
“экстрааудармашылық” нәтиже шығаруды, түпнұсқаның балама жолмен қайта туындауына ешқандай қатысы жоқ кейбір идеологиялық, саяси немесе тұрмыстық міндеттерді шешу мақсатында қолдануы мүмкін.
Жалпы Ә. Нұрпейісов шығармашылығындағы метафоралық қолданыстар оны аударма жасау барысындағы баламалары қаламгердің бүкіл әлемді суреттеу арқылы жасаған кең дүниесі десек артық айтпаған болар едік. Автордың шығармаларында қамтылмайтын ӛмір құбылысы, айтылмайтын ой жоқ десе де болғандай. Оның адамдары мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы жағынан мейлінше әр алуан. Суреткер адам тұлғасын неше түрлі
қырларынан кӛрсетеді. Оның тілі – қазақ тілінің бүкіл қоймасы.
Жазу мәдениеті мен стилі жағынан ол – жалпы қазақ әдебиетінің шыңы. Сондықтан Ә. Нұрпейісов сияқты жазушының шығармаларын орыс тіліне немесе басқа тілдерге аудару – тек аудармашылар үшін ғана емес, екі ұлттың қазіргі ӛскелең мәдениетіне қойылатын зор сын.
Дарынды жазушының табиғатта болып жатқан апатты жан дүниесімен сезіне білгенінің нәтижесінде ӛмірге, шығармаға образды сӛздердің мыңдаған түрі келді.
Метафоралар тек бір ұлттың, бір халықтың ана тіліне ғана тән элемент болып, томаға-тұйық қалмай, басқа ұлт пен халықтың мәдениеті, әдебиеті, тікелей қарым-қатынасы арқылы да екінші халықтың рухани қазынасына айналады. Мұнымен бірге метафоралар кӛркем әдебиет, тарихи әдебиет арқылы ауысып интернационалдық сипат алады.
Метафоралардың философиялық астары, екінші мән- мағынасы, қосалқы, жанамалы бояу-нақышы мол болғандықтан оларды аудару тәсілі де басқа сӛйлемдерді аударудан ӛзгеше болмақ. Осыған орай, аударма теориясы мен тәжірибесінде метафоралар, негізінен алғанда, мынадай қиындықтар тудырады.
Метафоралы сӛйлемнің бірінші тобы – аударуға қиын тиетін түрлері. Аударуға қиын болатын себебі, мұндай сӛздер мен сӛйлемдер кӛбінесе белгілі бір ұлттың тіліне, дәстүріне, оның тұрмыс салтына ғана тән болғандықтан және аударғанда тікелей мағынасын (сӛзбе-сӛз) аударып жеткізу арқылы түпкі мағынасын бере алмайтындықтан мұндай метафораларды аудару кӛп ойландырып, толғандырады. Аудармашы ӛз ұлтының тіл қорындағы баламаларды тізе, іріктеп, електен ӛткізе отырып, егер тиісті баламасы табылса, сӛйлемді мән-мағынасына лайық аударуға тиіс.
Аударма тәжірибесінде аудармашы түпнұсқаның аса толық мағыналық және идеялық мазмұнын жеткізуге басты назарын аударды. Бұл маңызды міндет, бірақ ол жалғыз міндет емес.
Аудармашы автор тілінің жеке ерекшеліктерін басқа тілдік тұлғада жеткізуге, басқа тілде сӛйлейтін оқырманына жазушы стилін ӛз қалпында сақтап жеткізуге міндетті. Әсіресе осы ерекшеліктер аудармашының назарына жиі түсе бермейді.
Аударма барысында аудармашы кӛп нәрсені елемеген жағдайда кӛріксіз, ӛзінің тілдік ерекшеліктеріне ӛте ұқсас егіз-аударма-
сымақ туындатады. Егер біз түпнұсқа тілінен автордың меншігін, ӛзіне тән ерекшелігін жиі анықтай алсақ, онда аудармадағы жеке авторлар стильдерінің айырмашылықтарын табу қиынға соғады.
Бұл жерде әңгіме теориялық жоспардағы мәселенің жеткіліксіз зерттелгендігінде ғана емес. Аудармашыға түпнұсқаның мағыналық мазмұнынан басқа, стильдік ерекшелікті арнайы лингвистикалық зерттеудің негізінде тұтастай анықтау оңайға соғады. Аудармашы жұмысқа кіріспес бұрын, ең алдымен, түпнұсқаны талдаудың негізінде автордың немесе сол автор шығармасы тілінің ерекшелігі неге тірелетіндігін анықтап, оның аударма барысында берілу мүмкіндіктері жайлы мәселені шешуші қажет. Бұл мазмұн мәжесі – жағынан зерттеуді талап ететін күрделі міндет.
“Сӛз сарасын таппаса, образды ой кӛрік алмақ емес, озат ой- ӛріс алмақ емес. Кӛркем суретті образ жасағанда жалпы халық тіліндегі күнде қолданып жүрген қарапайым сӛздер тура мағынасында үнемі кәдеге жарамауы мүмкін. Мұндайда тура мағыналы сӛздер эмоционалды әрі әсерлі түр, бояу-бедер беріп, әр түрлі стильдік сферада метафораландырып сӛз саптау қажеттігі туады” [40, 8 б.].
Метафоралы сӛздің қандай жағдайда дүниеге келетінін, не қызмет атқаратынын осы ғалымның пікірінен де анықтай түсеміз, яғни сӛзден жаңа мағына туғызудың, сӛздік құрамды байытудың бір жолы – метафора.
Дүние жүзінің кӛптеген тілдеріне аударылып, оқырман ілтипатына ие болған осы тарихи туындылардың кӛркем тілі – жазушы талантының жемісі.
Қазақ халқы сӛз құдіретін терең сезінген. Сондықтан болар бізге ертеден келіп жеткен інжу-маржан сӛз үлгілері ӛте кӛп.
Солардың анаусы артық, мынаусы кем деп бӛліп-жарып қарайтын ештеңесі жоқ. Мейлі теңеу, мейлі метафора, эпитет, кейіптеу, егіздеу, дамыту, үдету, символ, метонимия, синекдоха – бәрі-бәрі тіліміздің ӛте оралымды да бай, бейнелі тіл екенін дәлелдей түседі. Халқымыздың сӛз қазынасын қопармайтын сӛз зергерлері жоқ. Қаламгердің ӛздері ойлап тапқан сӛз айшықтары эстетикалық қажетті ӛтеп бере алса, тіпті жақсы. Авторлық кӛріктеу құралы әдеби тілге қосылатын лексикалық қазына болып табылады.