А.Б. Байсұлтанов
Қазақстан Республикасы ІІМ, М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, Ақтөбе, Қазақстан (E-mail: [email protected])
ХҒТАР 10.77.51
Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан
ол қылмыстық жауаптылықты адамның өз әрекеттеріне есеп беру және оларды басқару қабілетімен байланыстырады. Осыдан шыға- тыны қылмыстық-құқықтық мағынаға қыл- мыстық құқық бұзушылықтың субъектісі осы қабілеттілік байқалатын сапаларға ие болады.
Оларға мыналар жатады: 1) адамның заңмен белгіленген жасқа толуы, 2) оның есі дұры- стығы.
Адамның жасы мен есі дұрыстығын қыл- мыстың субъектісінің міндетті белгілерінің қатарына кіргізудің қағидалы мағынасы бар.
Қылмыстың субъектісі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтерінің бірі ретінде қарастыра отырып, қылмыстық құқық, егер іс-әрекет көрсетілген белгілерге жауап бермейтін адаммен жасалса, ол қыл- мыстық құқық бұзушылық болып есептел- мейтінін айтады.
Қылмыстық құқықта ерекше тұжырымда- маның болуы – бұл адамдардың белгілі бір қызметіне байланысты, оларға заңмен жүк- телген белгілі бір міндеттердің орындалмауы- на байланысты жасалуы мүмкін қылмыстың арнайы субъектісі. Сондықтан, кейбір қылмы- стар үшін қылмыстық жауапкершілікті бел- гілей отырып, заң шығарушы барлық басқа қылмыстардан айырмашылығы, қылмыс жа- сай алатын кез-келген адамды емес, тек заң бойынша ерекше қасиеттерге немесе бел- гілерге ие адамды қарастырады [1,34б.].
Айта кету қажет, бас бостандығынан айы- ру орнынан немесе қамақтан, күзеттен қашу – бұл осы қылмыс субъектісінің өмірбаянында кем дегенде екінші қылмыс. Онымен қоймай, қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылуы немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, әдетте, қасақа- на қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылып отырған адам тек қана өзіне дұрыс жолды таңдамауымен, оңды тәртібімен, заң- ды сақтауға адал ниеттік қатынасымен қоғам алдындағы кінәсін жуып-шаюға, түзелгенін дәлелдеуге және дұрыс өмір қалпына түсуге ынталанбауымен қатар, бас бостандығынан айыру орнынан, қамақтан немесе күзеттен қашу сияқты жаңа қасақана қылмыс жасау жолына түседі.
Айталық, бұрын ұрлық және алаяқтық қылмыстары үшін 8 рет сотталған азамат Д.
2021 жылғы 15 ақпанда ЛА-155/18 мекемесін- дегі кездесу бөлмесіне шығарылды. Кездесу- ден кейін тұтқындаудан қашуға ниет білдіріп, кездесуге арналған бөлмеден шығып, басқа танысу және жауап алу бөлмесіне бет алады, онда ол жасырынып, кештің келуін күтеді. Әрі қарай, оның әрекеттерін ешкім бақыламай- тынына көз жеткізіп, қосалқы шығу есігінің металл құлпын сындырып, ЛА-155/18 меке- месінің аумағынан қашып кеткен.
2021 жылғы 28 ақпанында Ақтөбе қаласын- дағы жалдамалы пәтерде 13 күннен кейін по- лиция қызметкерлерімен ұсталды. Д. екінші рет қашу жасаған, алғаш рет ол 2010 жылы Ақтөбе облысының тергеу изоляторынан қашып кеткен. Айтқанымыздай, ол ешқандай дұрыс жолға түсуге ниет білдірмеген [2].
Статистика бойынша соңғы үш жылда 2019 жылдан бастап 2021 жылғы қазанға дейінгі ке- зеңде ҚР ҚК 426 бап бойынша 14 сотқа дейін- гі тергеу тіркелді (2019-2, 2020-4, 2021-8), көр- сетілген кезеңде қашқан барлық сотталғандар ұсталды [3].
Қылмыстық құқық бұзушылықтың бұл түрінің қоғамға қауіптілігі орасан зор. Се- бебі, бас бостандығынан айыру орындарынан, күзеттен немесе қамаудан қашқан адам қыл- мыстық жауаптылықтан құтылудан немесе жазаны өтеуден бұлтару мақсатын көздейді.
Сондай-ақ, қашу жасаған адамдардың 77 % ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп немесе жауапқа тартылып жатқандар. Көп жағдайда (шамамен 47 %) қашу жасағаннан кейін жаңа қылмыс жасайды [4,232 б.].
Зерттеу әдістері
Мақаланы дайындау барысында талдау және синтез, индукция және дедукция әді- стері, ұқсастық, құқықтық модельдеу, фор- мальды – заңдық және құқықтық әдістер қол- данылды.
Зерттеу барысында қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттейтін құқықтық норма- лар жан-жақты талдауды қамтамасыз ететін жүйелі кешенді әдіс қолданылды. Зерттеу-
А.Б. Байсұлтанов
Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен...
дің жүйелі кешенді әдісі құқықтық қызметте құқық нормаларын қолдану және іске асы- рудың тиімділігіне бағытталған салыстырма- лы-құқықтық талдаумен байланысты.
Талқылау
Қашудың субъектісі болып 16 жасқа толған және бас бостандығынан айыру немесе қа- маққа алу жазасына, не оған қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған, не қылмыс жасауына сезікті болғаны үшін ұсталған есі дұрыс жеке тұлға танылады.
Адам белгілі бір жасқа толған болып туған күнінде емес, келесі тәуліктен бастап, яғни 24 сағаттан кейін есептеледі. Он алты жасқа толған күні жасаған қашуы үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Егер адамның жасы сот-дәрігерлік сараптамамен болжам- мен есептелсе, онда туған күнін белгілеу кезін- де сол жылдың соңғы күнін есептеу қажет, ал ең төменгі және ең жоғарғы жасын анықтаған кезде (14-тен 16-ға дейін) сот сараптаманың болжамымен анықтаған ең төменгі жасын алуы керек.
Кәмелетке толмағандардың жасы сот-ме- дициналық сарапшының қорытындысы бой- ынша анықталғанда, оның туған күні болып сол аталған жылдың соңғы айының соңғы күні (31 желтоқсан) танылады [5,88 б.].
Адамның жасын анықтаған кезде ол қыл- мыстық істі қозғау немесе істі сотта қарау сәті- нен емес, қылмыс жасау сәтінен бастап есеп- теледі.
Заңға сәйкес қашқаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Дегенмен де осы жасқа толмаған жасөспірімнің тәрбиелеу колония- сынан қашу мүмкіндігі жоққа шығарылмай- ды. Алайда, олар осы қылмыстың субъектісі ретінде болмағандықтан, олардың әрекет- тері тәрбиелеу колонияларында белгіленген режимді бұзған болып қарастырылады да, кінәлілер жазаға тәртіптік түрде тартылады.
Кәмелетке толмаған адамның қашқаны үшін жауаптылығы туралы мәселені осы- лай шешудің негізділігі кейбір авторлардың күмәнін туғызады. Айталық, С. Я. Улицкийдің пікірінше, қашқаны үшін қылмыстық жауап-
тылық 14 жастан бастап тууы қажет. Дәлел ретінде автор жазаны өтеу жөнінде құқықтық міндеті бас бостандығынан айыруға сотталған барлық адамдарға бірдей таралатынын кел- тіреді. Дегенмен жасөспірімдер қылмыстары- ның ерекшелігін олардың жас ерекшеліктері тұрғысынан ескеру қажет. Оның айтуынша, тәрбиелеу колонияларына жіберілген 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің педагоги- калық қараусыз қалғандығының дәрежесі, әдетте, осы жасқа толған жасөспірімдерге қа- рағанда анағұрлым көп [6, 18 б.].
Қашуға бірқатар жағдайларда жаңа кел- ген жасөспірімдерге «ересектердің» араздық қарым-қатынасы себеп болады. Бұдан басқа, жасөспірімге өз өмір салтын бірден өзгер- ту, өзі тап болған жағдайға үйренісу қиынға түседі. Басқаша айтқанда, тәрбиелеу колони- ясына түскен жасөспірімнің психикасында өтетін елеулі өзгерістерді ескеруге болмайды.
Бұл жасөспірімнің қашқаны үшін қылмыстық жауаптылығы жөнінде мәселені шешудің әле- уметтік-психологиялық қырларының бірі [7, 20-21 б.].
Біздің ойымызша, Қазақстан Республи- касының қолданыстағы қылмыстық заңында қашқаны үшін қылмыстық жауаптылықтың жас шегін 16 жастан сақтап қалу орынды емес сияқты. Кәмелетке толмағандар кейбір қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа 14 жастан бастап тартылатындықтан және оларға бас бостандығынан айыру түрінде- гі жаза қолданылуы мүмкін болғандықтан, біздің пікірімізше, бас бостандығынан айы- ру орнынан және қамақтан қашқаны үшін қылмыстық жауаптылықты 14 жастан бастап белгілеу тиімді болар еді. Ауырлататын мән-жайларда қашудың субъектісінің жасын төмендетуді ұсына отырып, қылмыстық жау- аптылықты 14 жастан бастап белгілеудің қа- жеттілігі, ең алдымен, аталған мән-жай осы санаттағы адамдардың осы жаста өз әрекет- теріне есеп беру және оларды басқара алу қабілеттілігімен тығыз байланыстылығымен түсіндіріледі. Жауаптылығы 14 жастан баста- латын қылмыстарды жасағаны үшін бас бо- стандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ қамауға алынғандар, әдетте, жасаған әрекет-
А.Б. Байсұлтанов терінің қоғамға қауіптілігін және құқыққа
қайшылығын сезетіндей сана дамуының сон- дай деңгейіне жеткендері күмән туғызбайды.
Сондай-ақ мына жағдайды да ескеру қажет, 16 жасқа дейін ауырлататын мән-жайларда қашу жасаған адамдар бұрын да ҚК 15 б. 2 бөл. көрсетілген қылмыстардың бірнешеуін, атап айтқанда, кісі өлтіру (ҚК 99-б.), денсау- лыққа ауыр зиян келтіру (ҚК 106-б.), ауырла- татын мән-жайларда денсаулыққа ауыр зиян келтіру (ҚК 106-б. 2-бөл.), зорлау (ҚК 120-б.), және т.б. жасаған және олардың қоғамға қа- уіптілігінің дәрежесі едәуір жоғары.
Бас бостандығынан айыру жазасын тек сот оларға қатысты бас бостандығынан айырумен байланыссыз жазаны тағайындауға мүмкіндік таба алмаған жасөспірімдердің санаты ғана өтейді. Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретін- де жасөспірімдерге тек ерекше жағдайларда ғана басқа бұлтартпау шарасы қылмыстық іс жүргізу міндеттерінің орындалуын қамтама- сыз ете алмағанда қолданылады. Осы жағдай- ларды ескере отырып, бас бостандығынан ай- ыру орнынан немесе қамаудан қашқаны үшін тәртіптік емес, қылмыстық жауаптылық тууы керек деп есептейміз. Бұл мән-жай, біздің ой- ымызша, ҚК 15-бабының 2-тармағында орын табу қажет.
Қылмыстық заңда есі дұрыстықтың кеңей- тілген ұғымын бермейді. Ол ҚК 16 б. берілген есі дұрыс еместіктің ұғымының анықтама- сынан шығарылады. «ҚК-те көзделген қоғам- дық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психика- лық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әре- кетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған не- месе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес».
Келтірілген ережеден есі дұрыстық – бұл адам психикасының ол іс-әрекет жасаған кезде өз әрекеттерінің мағынасын түсіне алатындай және оларды басқара алатындай жағдайы. Есі дұрыстық ұғымының анықтамасына екі белгі кіреді: интеллектуалдық және еріктік, олар адамның шынайы бар негізгі психикалық қа-
білеттіліктерін (сананы және ерікті) сипаттай- ды.Интеллектуалдық белгі – адам өз әрекет- теріне өзі есеп бере алады, ал еріктік – адам өз әрекеттерін басқара алады, деген сөздермен сипатталады.
Демек, есі дұрыстық мынаны білдіреді, адам оның мазмұнын құрайтын белгілі бір психикалық қабілеттіліктердің жиынтығын билейді. Бірақ есі дұрыстық, Н. С. Лейкина әділ айтқандай, «бұл адамның психикалық қабілетін жалпы емес, оның нақты қоғамға қа- уіпті іс-әрекетке қатысты интеллект және ерік жағдайын сипаттайтын құқықтық ұғым» [8,49 б.].Өз қылықтарының іс жүзіндегі мәні мен әлеуметтік мағынасын түсіну және өз әрекет- терін саналы түрде басқару қабілеттілігі есі дұрыс адамды есі дұрыс емес адамнан ажыра- тады. Есі дұрыс емес адам өз қылықтары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайтын се- бебі, ең алдымен, оларды жасау кезінде оның санасы мен еркі атсалысқан жоқ. Есі дұрыс емес адамға жазаны қолдану, оған қатысты жазаның мақсаттарына – түзеу немесе арнайы ескерту – мүмкін емес болғандықтан, әділетсіз және тиімсіз болар еді.
ҚР ҚК 16-бабына сәйкес есі дұрыс еместік жағдайы екі өлшеммен анықталады. Олардың бірі болып адамның психикасының ауырып күйзелуі. Бұл өлшем дәрігерлік деп аталады.
Екінші өлшем адамда өз әрекеттерінің мағы- насын сезіну немесе оларды басқару мүмкін- дігінің болмауын болжайды. Бұл өлшемді заң- ды немесе психологиялық деп атайды [9,132 б.]. Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін екі өлшемді де анықтау қажет.
Осы өлшемдермен адамның психика- лық қызметінің барлық мүмкін болатын жан күйзелістері қамтылады. Медициналық өл- шемнің (белгінің) мазмұнынан психикалық қызметтің ауру болып танылмайтын күйзелі- стері есі дұрыс еместікті жоққа шығармайты- нын білеміз. Психиканың уақытша ауру бо- лып танылмайтын күйзелісіне мысал ретінде аффект жағдайын (қатты жан күйзелісін) кел- тіруге болады.
Ашу-ызаның, қаһардың, қорыққандықтың қатты, қызу өршуі қашудың ішкі қозғаушы
күші болып табылады (мысалға, сотталушыға өзі күткен жазадан гөрі неғұрлым ауыр жаза тағайындалған үкімді оқыған кезде). Мұндай жағдайда адамның санасы тарылып, өз әре- кеттерін басқару мүмкіндігі шектеледі. Алай- да физиологиялық аффект психиканың ауру болып есептелетін күйзелістеріне жатпайды, сондықтан да ол есі дұрыс еместіктің өлшемі болмайды. Аффект жағдайында қылмыс жа- сау тек жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ғана болып ескеріледі (ҚК 53 б.).
Есі дұрыстық (есі дұрыс еместік) жөнінде мәселе әр уақытта қашудың нақты жағдайына қатысты шешіледі. Ешкім де жалпы, іс-әре- кетке қатыссыз есі дұрыс емес деп танылмай- ды. Біріншіден, созылмалы психикалық ауру барысында жағдайдың жақсаруы мүмкін (ауру бетінің қайтуы). Екіншіден, психикалық күйзелістің кейбір түрлері кезінде, мысалы, олигофрения кезінде, адам бір әрекеттердің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғынуы мүмкін (айталық, денсаулыққа зиян келтіру), басқа әрекеттердің, күрделі қоғам- дық қатынастарға әсер ететін, қоғамдық қа- уіптілігін ұғынбайды.
Есі дұрыстық проблемасымен мас күй- інің қылмыстық-құқықтық мағынасы жөнін- де мәселе тығыз байланысты. Алкогольді ішімдік, есірткі нәрсе немесе басқа да есең- гірететін заттар адамның орталық жүйке жүйесіне әсер ете отырып, оның санасы мен еркін зақымдайтыны мәлім. Ой-өрісінің бұ- зылуы және өз-өзін ие болуының нашарлауы нәтижесінде мас адамның мінез-құлығы сау адамның мінез-құлығынан айтарлықтай айы- рмашылығы болады.
Дегенмен қашудың субъектісі осы қажет- ті белгілерден басқа арнайы субъект ретінде сипаттайтын ерекше қосымша белгілерге ие болуы қажет. Бұл белгілер қылмыс құрамы жөнінде жалпы ілімде қосымша деп аталады.
Кейбір авторлар арнайы субъект ретінде қылмыстың барлық субъектілеріне тән жал- пы қасиеттерге (есі дұрыстық және қылмы- стық-жазалау жасына толу) ие болумен қатар, сондай-ақ қосымша, ерекше, тек оларға ғана тән сапалармен сипатталатын адамдарды са- найды. Бұл авторлар қылмыстың «жалпы»
және «арнайы субъектілері» айырмашылығын олардың қосымша сапаларына нұсқау жасау арқылы береді [10,389 б.].
Өзгелерінің пікірінше, арнайы субъект болып қылмыстық кодекстің тиісті бабының диспозициясында суреттелген нақты ерек- шеліктерге ие болатын адам танылады [11,42 б.].Ақыр соңында, авторлардың үшінші тобы арнайы субъект ретінде адам субъектінің жал- пы белгілерімен қатар (есі дұрыстық және адамның жасы), нақты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа өзге адамдарды тарту мүмкіндігін шектейтін тағы да басқа ерекше қосымша белгілерге ие болуы қажет, деп есептейді [12,11 б.]. Арнайы субъектінің бұл анықтамасы тиісті қылмыстардың субъек- тілері бола алатын адамдардың шеңберін бел- гілейтін шектеуші белгіні құрайды.
Арнайы субъектінің мәнін, біздің ойымы- зша, неғұрлым толығырақ және дәлірек В. В.
Устименко ашып береді: «... қылмыстың ар- найы субъектісі – бұл есі дұрыстық пен қыл- мыстық жауаптылық жасымен қатар, қыл- мыстық заңда көзделген немесе одан тікелей туындайтын және осы заң бойынша жауап- тылыққа тартыла алатын адамдар шеңберін шектейтін басқа да қосымша заңды белгілерге болатын адам» [13,57 б.].
Нәтижесі
Қашу кезінде қылмыстық-құқықтық қорға- уына қылмыстық жауаптылықты іске асыру жөні бойынша қоғамдық қатынастар қой- ылған. Қылмыс жасаған және оған қатысты мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолда- нылған адам осы қатынастардың субъектісі (иесі) болып танылады. Оның қашу жасаған сәтінен қылмыстық-құқықтық қорғаудың объ- ектісін құрайтын қалыпты қызмет етіп тұрған қоғамдық қатынастарды субъектінің (иесінің) бұзғаны байқалады. Тап сол объект, біздің ой- ымызша, қоғамдық қатынастар субъектісінің (иесінің) әлеуметтік қасиеттерінің қылмыстың арнайы субъектісіне өзгертілуін сипаттай- ды. Сөйтіп, тап сол қылмыстың объектісі осы қылмыстың арнайы субъектісінің белгілерін анықтайды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен...
Қылмыс субъектісінің белгілері бойынша сот төрелігіне қарсы қылмыстарды жіктеу- дің белгілі бір артықшылықтары бар, бұлай жіктеуде қылмыстық-құқықтық нормаларды тарау ішіндегі топтарға бөлу кезінде қиын- дықтар болмайды. Бірақ бұл жіктеу белгілі бір кемшіліктерден зардап шегеді, олар қа- растырылатын қылмыстарға қатысты ҚР ҚК баптарының тұтас қатары бойынша әртүрлі бөліктердегі қылмыс субъектілерінің әртүр- лі белгілерге ие болуында. Мысалы, 416-бап (Дәлелдемелерді бұрмалау), 426-бап (Бас бо- стандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу) баптарында субъектіні кез-келген топқа жатқызу қиын, яғни ол бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ алдын ала тергеу процесінде күзетпен ұста- латын адам, сондай-ақ кез келген өзге адам бола алады. Сондықтан оны даусыз және дұрыс деп тану мүмкін емес, өйткені Қылмы- стық кодекстің Ерекше бөлігінің жүйесі не- гізінен жалпы қылмыс объектілеріндегі айыр- машылықтарға негізделген [14,7 б.].
ҚК 426 бабы арнайы субъектінің белгілерін тікелей көрсетеді, себебі қашудың субъектісі болып тек бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан және алдын ала тұтқын- дауда ұсталып отырған адамдар болуы мүм- кін.
Бас бостандығынан айыру, қамауға алу түріндегі жазасын өтеп жатқан адамдарға жа- засын қылмыстық-атқару жүйесінің мекеме- лерінде, тергеу изоляторларында немесе ар- найы қабылдау орындарында өтеп жүргендер жатады.
Алдын ала қамауда отырған адамдарға ҚПК-нің 128-бабына сәйкес күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған адамдарды жатқызу керек.
Осыған сәйкес қылмыс субъектілері болуы мүмкін адамдар:
а) бас бостандығынан айыру түріндегі жа- засын өтеушілер;
б) қамауға алу түріндегі жазасын өте- ушілер;
в) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталғандар;
г) өздеріне қатысты күзетпен ұстау түрінде- гі бұлтартпау шарасы таңдалған қылмыстық
құқық бұзушылық жасады деген күдіктілер [15,767 б.].
Бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан адамдар шеңберін түсіну қылмыстық құқық теориясында және сот-тергеу тәжіри- бесінде дау туғызбайды. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан адамдарға осы жазаға сотталғандар, оларға қатысты үкім заңды күшіне енген және атқа- рылуға кесілген, сондай-ақ түзеу мекемесінде осы жазасын нақты өтеп жатқан адамдар жа- тады. Сонымен қатар, тергеу оқшаулағышын- да немесе уақытша ұстау оқшаулағышында жасаған қылмысы жөнінде іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу немесе сот талқылауына қатысу үшін, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету жұмыстары үшін қалдырылған сот- талғандарды да тануға болады.
Алайда қоғамнан оқшаулаумен байланы- сты жазалардың тағы бір түрі – қамаққа алу түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталған адамдардың қашуы пікірталас туғызуы мүм- кін. Мәселен, әскери қызметшілердің га- уптвахтадан қашуы, кейбір ғалымдардың пікірінше, қашудың субъектісі бола алмайды.
Мұны олар сотталса да, әскери қызметші бо- лып қала береді деп түсіндірген. Сол себепті олардың гауптвахтадан қашуы басқа әскери қылмыстың, мысалы, бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (ҚК 441-б.), құра- мын құрайды деп негіздейді . Дегенмен, бұл тұжырыммен, біздің ойымызша, келіспеуге негіз бар, себебі ҚР ҚК 45-б. 4-бөлігінде және ҚР ҚАК 83-б. 2-бөлігінде әскери қызметшілер қамақта болуды гауптвахтада өтейді делінген.
Ал ҚР ҚК 426-б. диспозициясына сәйкес қа- мақтан қашқан адам осы қылмыстың субъек- тісі бола алады [4,230 б.].
Алдын ала қамаудағы адамдар шеңберін түсінуге қатысты заң әдебиетінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Кейбір авторлар алдын ала тұтқындалғандар деп бұлтартпау шара- сы ретінде соттың санкциясымен қамауға алу қолданылған, сондай-ақ ҚР ҚПК 128 б.)-т.
тәртібімен қылмыс жасауда сезікті болғаны үшін ұсталған адамдарды айтады [16, 128 б.].
Өзге авторлар алдын ала қамаудағы адамдар шеңберін тек бұлтартпау шара-
А.Б. Байсұлтанов
сы ретінде тұтқынға алу белгіленген ғана адамдармен шектейді [17,103 б.].
Алдын ала тұтқындалған адамдар шең- бері жөнінде мәселені тек қылмыстық істер жүргізу заңнамасын (ҚР ҚПК), сондай-ақ
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, ар- наулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарт- тары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңын бас- шылыққа алу арқылы ғана дұрыс шешуге бо- лады.
Алдын ала тұтқындау заң бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағай- ындалуы мүмкін қылмыс жасаумен байла- нысты айыптыға, сотталушыға, сондай-ақ, ерекше жағдайларда, сезіктіге қатысты қолда- нылатын бұлтартпау шарасы болып таныла- ды. Соңғы аталған Заңның 5 б. негізінде алдын ала тұтқындалған адамдар деп бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу қолданылған адамдарды айтамыз. Бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу қолданылған аталған адамдар санатын алдын ала тұтқынға алу үшін негіз болып ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес шығарылған бұлтартпау ша- расы ретінде тұтқынға алу қолдану туралы соттың санкциясы бар тергеушінің, анықтама жүргізуші адамның қаулысы, прокурордың немесе судьяның қаулысы не соттың қаулысы танылады.
Қамауда ұсталып отырған адамдар ретін- де ҚР ҚПК 128 б. тәртібімен қылмыста сезік- ті болғаны үшін ұсталған адамдар танылады.
Адамды қылмыс жасалуына сезікті болғаны үшін ұстаудың мәні ұсталған адамның қыл- мысқа қатысын анықтау және оған бұлтарт- пау шарасы ретінде тұтқынға алуды қолдану жөнінде сұрақты шешу мақсаттарына оны қысқа мерзімге (72 сағаттан аспайтын) қамауға алу және оны ұсталғандарға арналған уақытша ұстау оқшаулағышының (УҰО) камерасына, немесе басқа арнайы жабдықталған жайға не абақтыға қамаумен сипатталады. Ұсталғанды қамауға алудың өзі, сондай-ақ оны ұсталған- дарға арналған камераға қамау, адам қамауда, алдын ала тұтқындауда ұсталып отыр деуге негіз беріп отырған тәрізді. Қашуға дайында-
луда немесе іске асыруда қандай да бір көмек көрсеткен (мысалға, жер қазуға көмектесу) не- месе қашқынды жасыруға уәде берген және осы қылмыстың субъектісі белгілеріне ие емес адамдар көмектесушілер ретінде қарасты- рылуы тиіс.
Егер де айыпкер лауазымды адамдармен сөз байласып, солардың рұқсатымен қашқан болса, егер қылмыс жасау барысын да азғы- ру, пара беру белгілері болса, онда лауазым- ды адамның әрекеті сәйкесінше мемлекеттік мүдделерге қарсы қылмыс және қашуды ұй- ымдастырған немесе қашуға жәрдемдескен деп сараланады, ал қамаудан қашқан айыпты- ның әрекеті қосымша лауазымды адамдармен бірлесіп қылмыс жасауға қатысқан деп сара- лануы мүмкін.
Ұсталғандарға арналған орындардан (УҰО) немесе айдауыл кезінде қамаудан қашулар- дың және т.б. елеулі қоғамдық қауіптілігі бар екендігін және қылмыстық-құқықтық қараусыз қалмайтынын дәлелдеп жатудың қажеті шамалы. Себебі В. П. Малков өз еңбе- гінде «қылмыс жасауда сезікті болғаны үшін заңмен белгіленген тәртіппен ұсталған адам- ның уақытша ұстау орнынан (УҰО) немесе айдауыл күзетінен қашуы қылмыстық жау- аптылықты көздейді», - деп айтып көрсетеді [17,104 б.].
Қорытынды
Сонымен қорытындылай келе, баса айта кету қажет, қашқаны үшін қылмыстық жауап- тылыққа тек оқшаулау (УҰО, ТО) немесе бас бостандығынан айыру (ТМ) жөнінде шешім қылмыстық және қылмыстық істер жүргізу заңнамаларының талаптарына толық сәйкес қабылданған адамдар ғана тартылады және қылмыстың субъектісі бола алады. Егер мұн- дай бұлтартпау шаралары адамға оған ешқан- дай заңда негіздер болмай қабылданса (тиісті процессуалдық тәртіп бекітусіз, заңмен бел- гіленген мерзімдерден асып кету және т.с.с.), онда адам қарастырылып жатқан қылмыстың субъектісі бола алмайды, себебі мұндай заң- сыз мәжбүрлеуден жалтару заңмен қорғала- тын қоғамдық қатынастарға зиян келтірмейді.
ҚК 426-бабымен қорғалатын қоғамдық қаты- Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен...
настар субъектілерінің (иелерінің) шеңберін және олардың зиян келтіру механизмін ұғы- на отырып, қашудың субъектісі болып осы қоғамдық қатынастардың қатысушылары (иелері) болып табылмайтын адамдар таныл-
майды деген тұжырымға келеміз. Айталық, осы қылмыстың субъектісі ретінде әкімшілік тәртіппен ұсталған, сондай-ақ заңсыз сот- талғандар немесе бұлтартпау шарасы заңсыз қолданылған адамдар бола алмайды.
Әдебиеттер тізімі:
1. Молдабаев С.С., Рахметов С.М. Субъект преступления по уголовному праву Республики Казах- стан.Алматы: Данекер, 2001, -34с.
2. Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотының үкімі: № 1-146/21. Алматы қаласы.2021 жыл 19 мамыр.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат (департамент) орталығының мәліметтері. Qamkor.gov.kz
4. Рахметов С. М. Проблемы совершенствования уголовно-правовых мер борьбы с преступления- ми против правосудия. - Алматы: Изд-во «Норма-К», 2009. - 284 с.
5. Ағыбасв А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім: оқу құралы. - 2-бас. - Алматы: Қазақ универси- теті, 2018. - 88б.
6. Улицкий С. Я. Некоторые вопросы укрепления режима содержания осужденных к лишению свободы // Проблемы борьбы с рецидивной преступностью. – М., 1990. – 285с.
7. Алауханов Е. Қылмыстық құқық: Ерекше бөлім.– Алматы: Жетіжарғы, 2001. – 200 б.
8. Лейкина Н. С. Личность преступника и уголовная ответственность: диссертация ... доктора юри- дических наук. – Ленинград, 1969. – 646 с.
9. Михеев Р. И. Проблемы вменяемости и невменяемости в советском уголовном праве. –Владиво- сток: Изд-во Дальневост. ун-та, 1983. – 300 с.
10. Курс советского уголовного права. Часть Общая. Т. 1. - Л., 1968. - 648 с.
11. Орымбаев Р. Специальный субъект преступления. – Алма-Ата: Наука, 1977. – 153 с.
12. Владимиров В.А., Левицкий Г.А. Субъект преступления по советскому уголовному праву. – М., 1964. – 32 с.
13. Устименко В. В. Специальный субъект преступления. –Харьков: Выщашк: Изд-во при Харьк. гос.
ун-те, 1989. – 103 с.
14. Рахметов, С. М. Преступление против правосудия. Монография. – Алматы: Жетіжарғы, 2007. – 219с.
15. Борчашвили И.Ш. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Особенная часть.
Том 3. - Алматы: Жеті Жарғы, 2021. - 767 с.
16. Власов И.С., Тяжкова И.М. Ответственность за преступления против правосудия. – М., 1968. – 134 с.
17. Малков В. П. Ответственность за побег из места заключения или из-под стражи // Правоведение.
– 1993. – № 1. – с.104.
А.Б. Байсултанов
Актюбинский юридический институт им. М. Букенбаева МВД Республики Казахстан, Актобе, Казахстан
Субъект побега из мест лишения свободы, из-под ареста или из-под стражи и его признаки Аннотация. Данная статья посвящена субъекту побега из мест лишения свободы, из-под ареста или из-под стражи, предусмотренного ст. 426 Уголовного кодекса Республики Казахстан, и его признакам.
Кроме того, уголовная ответственность связывается с тем, что она рассматривается как субъект только при наличии признака физического лица, способности лица во время совершения общественно опас-
А.Б. Байсұлтанов