1. Өрт қауіптілігін сараптау 1 Жалпы талаптар
2.3 Газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау тәртібі
Қабат ішіндегі жылжымалы жану мөлшері әдісімен қабатты өңдеу жүзеге асырылатын жер аумағы ескерту плакаттарымен жабдықталуы және қызыл жалаушасы бар, металлдан жасалған бекеттермен қоршалады.
Ұңғымаларда зиянды газдарды шығару қауіптілігі дәрежесі және газдың температурасы бойынша олардың санаттары көрсетілуі тиіс.
Кесте бойынша үнемі ұңғымалардағы газ концентрациясының тексерісі жүргізіліп тұруы қажет. Жабық газ сақталу бөшкелерінде және учаскенің басқа да техникалық үй-жайларында газдылықты бақылау салалық нұсқаулыққа және аварияларды жою жоспарына сәйкес жүргізіледі.
0,7 кгс/см2 жоғары артық қысымда жұмыс істейтін басқыштар, сепараторлар және басқа аппараттар «Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және оларды қауіпсіз пайдалану ережесіне» сәйкес пайдаланылады.
Басқыштар мен сепараторларды үрлегенде үрлеу желісіндегі тиек қондырғысын ақырын және біртіндеп ашып жабылады.
Бірдей қысымы бар сепараторлар тобына сақтандырғыш қондырғыларынан шамшыраққа жалпы желіге (коллектор) бұруға болады.
Эрлифт ұңғымаларын сепараторларға қосқанда сепаратордан шығатын газ-ауа қоспасын ауаның бар-жоғына тексеріледі.
Басқыштардағы деңгей өлшегіш шыныларының жабық ыдысқа немесе канализацияға үрлеуге арналған бұрғыштармен қамтамасыз етіледі.
Отпен жылытқышы бар жылу ауыстырғыштарға арналған алаңшаның гидравликалық жабу арқылы өнеркәсіптік канализацияға жүретін науалармен жабдықталады.
Температуралық кернеулерден зақымдануды болдырмау үшін жылу ауыстырғыштарды (түскенде) қыздыруды және (көтерілгенде) суыту біртіндеп жүргізіледі.
Жылу ауыстырғыштарды жанғыш сұйықтықтардан босатуға тек жылу ауыстырғыштар суығаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Форсункалар тұратын алаңшаның қатты жабынымен және гидравликалық тиек арқылы өнеркәсіптік канализациясымен қосылған науаға қарай еңіспен қамтамасыз етіледі.
Пештерді тұтатып қосуды тек оны пайдалануға жауапты адамдар ғана жүзеге асырады.
Форсункаларды шамшырақтармен тұтатқанда оған тез өртенгіш сұйықтықты сіңдіруге жол берілмейді.
Пештерді жағуда қолданылатын шамшырақ құрғақ топырағы бар өртенбейтін жәшікте сөндіріледі.
Отын құбыр жолында отынды барлық форсункаларға жіберуін бір мезгілде тоқтата алатын (форсункалардан кемінде 10 метр қашықтықта) тиек, оттықтардың жануына қажет қысымға реттелген редукциялайтын құрылғы, сондай-ақ автоматика жүйесіне конденсаттың түсуін алдын алу үшін конденсат жинағы, бақылау-өлшеуіш құралдары мен оттықтар қарастырылады.
Автоматты құрылғылардың авариялық сигнализациясы оператор бөлмесіне шығарылады.
Қондырғы жұмыс істемеген жағдайда отынды газ құбыры пештен герметикалық түрде өшіріліп, бітеуішке қойылады.
Газ құбырын пештен ажыратқанда барлық оттықтардың ысырмалары берік жабылғанша үрлеп жанатын шамдарды ашуға болмайды, сондай-ақ үрлеп жанатын шамның ысырмалары толықтай ашылады.
Пештердің тұрақты өрт сөндіру жүйесі үнемі іске жарамды жағдайда ұсталады. Өрт сөндіру жүйесі жарамсыз жағдайдағы пешті іске қосуға жол берілмейді. Жүйенің орамы өтуге қолайлы жерде орналасады және қызыл түске сырланады. Жүйені қосу автоматты және дистанциялық түрде болады.
Пештің өшіп қалған оттықтарын қызған панельдерден немесе пеш отынының сағасынан тұтатуға болмайды.
Пеш отынын алдын ала бумен үрлеп алмай оттықты жандыруға жол берілмейді. Пеш орамының үрлеу шамдары жоба мен техникалық құжаттамасына сәйкес қауіпсіз жерге шығарылады.
Форсункалардың (оттықтардың) газ құбырлары газ шамшырағын желіге шығарып, үрлеу желісімен жабдықталады.
Авария немесе өрт шыққан жағдайларда газ құюға арналған құрылғылар іске жарамды болуы тиіс. Авариялық құю ысырмаларының айыратын белгілері болуы, ал жағалаулары бос болуы тиіс. Авариялық құюды тек цех, қондырғы бастығының немесе аварияны (өртті) жою жөніндегі жұмыстардың жауапты жетекшісінің нұсқауы бойынша ғана жүргізуге болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың реттілігі нұсқаулықта қарастырылады.
Құбырлы пешті пайдалану кезінде құбырларының жағдайына жүйелі түрде бақылау қамтамасыз етіледі.
Құбырларда булықтары мен тесіктері болғанда, сондай-ақ құбырлардың тозу шегі асып кеткен пештердің жұмыс істеуіне жол берілмейді.
Пештерге жалындарды өшіру сигнализаторларын, форсункалар (оттықтар) өшкенде оларға отынның жетуін тоқтатын автоматты құрылғыларын, пештің беліне шекті рұқсат етілген температура сигнализациясы орнатылады.
Газ айдауға арналған үй-жай ұшқын қаупі жоқ түрде орындалған еріксіз құйып тартып алу желдеткішімен жабдықталады.
Желдеткіш бұзылған немесе өшірілген жағдайда сорғыштарды жұмысқа қосуға жол берілмейді.
Іштен жану қозғалтқышын орналастыруға арналған үй-жайларын сорғыштарға арналған үй-жайлардан газ өтпейтін қабырғалармен бөлу. Тез тұтанатын сорғыштар орнатылған үй-жайларда тегіс белдікті берілісті қолдануға жол берілмейді.
Аралық біліктер өтетін орындарының қабырғалары арасында тығыздамасы болады.
Сорғыштармен жұмыс істегенде қозғалыстағы бөлшектерін, сондай-ақ мойынтіректің температурасы мен сорғыштардың тығыздамаларын үнемі қадағалауды жүзеге асырады.
Газ айдау үй-жайларында сорғыштар мен құбырларды герметикалығына қадағалау орнатылады. Сорғыштардың тығыздамалары мен құбырлардың қосылыстарындағы саңылаулар дереу жойылады.
Ысырма блогы орналасқан жерлерде гидравликалық бекітпе арқылы өнеркәсіптік канализацияға сұйықтықтардың төгілуіне арналған арнашық орнатылады. Сұйықтықтардың өнеркәсіптік канализацияға құйылу мүмкіндігі болмаған жағдайда сұйықтықты сорғышпен тартып алатын жиналмалы жабық құдық орнатылады.
Газ айдау бөлмелерінде жанар-жағармай материалдарын бір тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде ғана сақтауға жол берілмейді. Жанар-
жағармай материалдары қақпақтары бар арнайы металл бөшкелер мен жәшіктерде сақталады.
Газ айдау бөлмелерінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға жол берілмейді.
Газ айдау техникаларын іске қосу және тоқтату алдында тиісті ысырмалардың дұрыс ашылып жабылуы тексеріледі.
Жұмыстан аяқталған соң сорғыштарды қабылдау және көтерулерде және резервуарлардың ысырмалары жабық, үй-жай тексеріліп, барлық қондырғылар мен жарық беру шамдары өшіріледі.
Газ айдау станцияларына сондай-ақ осы «Жылу беру және желдеткіш»
деген бөлімінің ережелері қолданылады.
Резервуарларды пайдалану «Металл резервуарлардың техникалық пайдалану ережесіне» және оларды жөндеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
Құбыр жолдарының газ құбырлары тасымалданатын заттарға байланысты мемлекеттік стандартқа сәйкес айырым түсі мен цифрлық белгісі болады.
Ыдыстарды аппаратурамен, аялдамамен және басқа да құрылыстармен байланыстыратын құбыр жолдарына әр құбыр жолының ерекше белгісі, ал тиек арматурасының нөмірлеуі бар технологиялық кестелер жасалады.
Қызмет көрсету персоналы ысырмалардың орналасу кестесін және олардың мәнін білуі, сондай-ақ технологиялық әрекеттер қатесіз орындалады.
Жаңа кесте кәсіпорынның басшысымен бекітіліп, рұқсат берілмейінше, қолданыстағы құбыр жолдарының орналасу кестесін өзгертуге жол берілмейді.
Құбыр жолдарын үрлеу және оларды герметикалығына және мықтылығына сынау нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Герметикалығына және мықтылығына құбыр жолдарын үрлеу және сынау жөніндегі нұсқаулық пен жұмыс жоспарын құрылыс ұйымы жасап, құбыр жолын пайдаланып отырған кәсіпорынның техникалық басшылығымен келісіледі.
Құбыр жолдарын үрлегенде және сынағанда аймақ шегінде автомобильдердің, тракторлардың жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштармен тіркелуіне, сондай-ақ ашық отты пайдалануға және темекі шегуге жол берілмейді.
Темір немесе тас жолдарындағы құбыр жолда авария болған жағдайда авария алаңы дереу қоршалып, ескертетін белгілер қойылып, көлік қозғалысы тоқтатылып, аварияны жою жоспарына сәйкес шаралар қолданылады.
Ескертетін белгілер авария болған жерден жолдың екі жағына 800 метр кем емес қашықтықта орнатылады. Темір жол қызметі дереу ескертіледі.
Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары дұрыс жағдайда құбыр жолдарының жеке учаскелеріне газдың келуін сенімді түрде тоқтату мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оңай қол жеткізуге болатындай етіп орналасады.
Ақаулықтар дереу жойылады.
Тиек құрылғыларын тексеру үшін кәсіпорында басшылар бекітетін кестелер жасалады. Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары тоқсанына
кемінде 1 рет, ал ерекше жауапты тораптарда айына кемінде 1 рет қарап тексеріледі. Тексеріс нәтижелері журналға немесе құбыр жолдағы паспортқа енгізіледі.
Құбыр жолын тек дәнекерлеп қосуға ғана жол беріледі. Ажыратқыш құрылғылары, өткізбейтін тығызданулары бар, басқа арматурадан жасалған бақылау-өлшеуіш құралдары орнатылған жерлерде ойма және фланецті қосуларға жол беріледі.
Фланецті қосу төсемдері жоғары температураларда бұзылмайтын және пішіні өзгермейтін материалдардан жасалады.
Құбыр жолдарында пайда болған тығындарды құрыш шыбықтары және басқа да ұшқын тудыруы мүмкін құралдар арқылы тазартуға жол берілмейді.
Құдықтарда орналасқан тиек құрылғыларын тексерген немесе пайдаланғаннан кейін соңғыларының қақпақтары дереу жабылады.
Құбырларды тексергеннен кейін ашық арнашықтар дереу жабылады.
Тиек құрылғыларын ақырын ашып жабу керек, тиек құрылғыларын ашу үшін ұшқын тудыруы мүмкін металлды заттарды қолдануға жол берілмейді.
Вакуумдық газ жинайтын желінің ішінде жарылыс қауіпі бар қоспаның пайда болуын болдырмау үшін:
вакуумдық торда ауамен бақылау жүргізіледі;
ұңғымалардан вакуумдық коллекторларды ажырату немесе тармақтарын бұзуда тиек құрылғыларын жабу және газ құбырларына бітеуіштер орнатылады.
Шамның алау құрылымы газ жағудың үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
Құбыр жолымен параллель кабель желілерін төсегенде олардың арасында көлденеңінен қашықтығын кемінде 1 метр етіп жасауға жол беріледі. Құбыр жолынан шамалы қашықтықта орналасқан кабельдер құбыр жолдарының бар аралық бойына төселеді. Құбыр жолдарының асты мен үстіне кабельдерді тік тегісте параллель төсем жасауға жол берілмейді.
2.4 Газды қайта өңдейтін өнеркәсіп объектілерін ұстау тәртібі,