• Tidak ada hasil yang ditemukan

Есірткі мәселесі және онымен халықаралық деңгейдегі күрестің жайы

Кіріспе

ХХ-ғасырдың аяғы мен ХХ1-ғасырдың басында халықаралық қатынастардың бүкіләлемдік жүйесінде кӛптеген түйінді мәселелер орын алып отыр. Олар бір ғана географиялық аумаққа жайылған жергілікті мәселелер болумен бірге, адамзат баласының күн кӛрісі, тұрмысы мен

әлеуметтік құрылымдарының негіздерін шайқалтып отырған баршаға тән мәселелер болуда. Күннен күнге шабысы үдеп келе жатқан жаһандану үрдісі бұл мәселелерді одан ары ушықтырып, созылмалы сипат беріп отыр.

Халықаралық ортаның тығыздалып, ӛзара байланыстылықтың күшейген заманында қандай болмасын жергілікті немесе ұлттық мәселе кӛп ұзамай халықаралық дәрежеге ие болатыны белгілі. Мысалы, ХХ-ғасырдың 70- жылдарында Арал теңізі тартыла бастаған кезде бұл мәселе жағалық елдердің, әсірісе, Қазақстан мен Ӛзбекстанның ғана мәселесіндей кӛрінген.

Осы ғасырдың аяғында Ливия президенті Муамар Каддафи ӛз сӛзінде Африка құрылығының солтүстігінде орналасқан елінде соққан желдің Аралдың тұзын әкеліп жатқандығын айтқан. Бұл әлемде оқшауланған, бір ғана халықтың түскен ахуал болмайтындығын кӛрсетеді. Дүниеде барлық құбылыстар мен оқиғалар бір-бірімен сабақтасып, бӛліп алғысыз жүйелік байланыстарға тартылған. Осы тұста ―Әлемнің бір түкпірінде кӛбелек қанат қақса екінші ол келесі бір түкпіріне дауыл болып жетеді‖- деген кӛпке танымал салыстырма еске түседі. Белгілі бір мәселені ӛзгенің басына түскен нәубет деп санап, шеттеп қалудың нәтижесінде халықаралық қауымдастықтың күш жұмылдырып, шара қолданбауы уақытты созып, мәселені ушықтыруға әкеп соғады. Кӛрші елдегі экологиялық жағдайдың нашарлауы ӛз халқының болашағын ойлайтын мемлекеттерді ойландырмай қоймауы керек.

Қазақстан Республикасы кеңес дәуірінен бірқатар жаһандық мәні бар мәселелерді еріксіз мұраға алып қалғандығы белгілі. Халықаралық ортаға ену, дүниежүзілік дамудың қарқынына ілесу талпыныстары елімізді сол ортаның жағымсыз, мәселелі тұстарымен таныстырды. Бүгінде Республика экологиялық, кедейшілік, нашақорлық, демографиялық және т.б.

мәселелермен халықаралық қауымдастықпен бірлесе отырып, күресуді қолға алуда.

Оқу құралында бүгінгі күні ӛзекті болып отырған бірқатар мәселелерге талдау жасау мақсаты қойылды. ХХ-ғасырдың 90-жылдарының басныда екі полюсті жүйе ыдырағаннан кейінгі халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесінде болған ӛзгерістер, орын алған құбылыстар мен беталыстар сарпталып, баяндалды. Ӛйткені жааһандық жүйенің трансформациясы мен оның жаңа ӛлшемдерінің кӛріне бастауы әлемдегі кӛптеген мәселелердің қайнар кӛзі болды.

Ауған мәселесі халықаралық қатынастардың түйінді тұсы болып, бүгінде аймақтың ғана емес, бүкіл жаһанның ―бас ауыруы‖ болып отыр.

Таяу Шығыстағы шиеленіс соңғы жарты ғасыр бойы халықаралық қауымдастықтың ұйқысын қашырса, ӛз аймағының құт-берекесін қашырған дерт екені белгілі

Халықаралық қатынастарда жаңа субъектілердің немесе

акторлардың пайда болуы әлемдік геосаяси жағдайды ӛзгертіп, оған жаңаша кескін беруі жаһандық қауіпсіздік жүйесіне тӛнер қатерлердің кӛзіне айналды. Сондай аймақтардың бірі Орта Азия бүгінде әлемнің алпауыттары мен барлық мүдделі күштердің назарын ӛзіне тартқан,

тұрақсыздықтың ошақтарымен кӛршілес жатқан кӛп факторлы аймақ болып отыр. Аймақтағы геосаяси және геоэкономикалық тартыстардың барысы мен ңәтижелері халықаралық қатынастардың еуразиялық қана емес, сонымен бірге, жаһандық жүйесінің тағдырын шешетін жәйт екендігі белгілі.

Бүгінде кӛші-қон (миграция) мәселесі халықаралық қатынастардың тегеуірінді факторларының бірі болып, жаһандану үрдісінің алға

жылжуымен күннен-күнге ықпалын ӛрістеуде. Ресурс тапшылығы орын алған заманда ауыз су мәселесі халықаралық факторға айналып отыр.

Сондай-ақ есірткіні пайдалану, оны тасымалдау де күн тәртібінен

түспейтін ӛткір халықаралық мәселе ретінде қарастырылуды талап етеді.

Оқу құралында Қазақстан Республикасы жоғарғы білім берудің мемлекеттік стандарттарында сипатталғандай ―Халықаралық

қатынастардың қазіргі заманғы мәселелері‖ пәні бойынша қарастырылуы тиіс тақырыптардың басым бӛлігіне қазақ тіліндегі ақпараттармен,

материалдармен қанықтыра отырып, қазіргі кезде халықаралық қатынастар туралы ғылымда бар кӛзқарастар мен тұжырымдардың негізінде сараптама жасау міндеті қойылған.

Екі полюсті жүйе ыдырағаннан кейінгі кезеңдегі халықаралық қатынастардың бет алысы мен сипаты.

1. Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі дағдарыс пен реформалар.

2. КСРО ядролық мұрасы және ТМД кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері.

3.Посткеңестік кеңістіктегі шиеленіс ошақтары.

4.Германияның бірігуі және Еуропалық Одақтың құрылуы.

5. Америкалық «демократияны кеңейту» концепциясы және гуманитарлық интервенциялар.

6.Корея түбегіндегі «ядролық дабыл» және Тайвань «ракета дағдарысы».

7.ЕО үшінші кеңеюі (1995 жылдың қаңтары) мен НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюге дайындалуы.

Кеңес Одағының ыдырауы халықаралық қатынастардың сипатын түбегейлі ӛзгеріске ұшыратты. Ӛзара жауласушы қос блок арасындағы тай- таластық жойылды. Жаһандық халықаралық қатынастар жүйесінің

«социалистік» тармағы ӛмір сүруін доғарды. Осынау ірі ӛзгерістердің барлығы бейбіт сипатта ӛтуі қазіргі заманғы дамудың айрықша ерекшелігі ретінде атап кӛрсетуге негіз болады. КСРО-ның ыдырау барысы шиеленісті жағдайларды ілестіре жүргенімен, олардың ешқайсысы Еуропа мен Азияның бейбіт ӛміріне қатер тӛндірерліктей кең ауқымды соғыстарға ұласқан жоқ.

Екі полюсті жүйенің жойылуы кӛпұлтты мемлекеттердің ыдырауына жол бере отырып, халықаралық қатынастар аренасына кӛптеген жас, жаңа акторларды шығарды.

Осы тұста халықаралық қатынастарда күш ролінің қайтадан ӛсуге бет алу құбылысы байқалды. Бұған себепті екі түрлі жағдайды атап кӛрсетуге болады. Біріншіден, екі полюсті жүйенің ыдырауы бұрынғы кӛпұлтты мемлекеттер аумағында салыстырмалы түрде ұсақ болғанымен кӛптеген қарулы қақтығыстардың пайда болуына бастама болды. Екіншіден, АҚШ пен НАТО елдері Кеңес Одағының қарсылығына қарамастан, демократия мен адам құқығын қорғау деген желеумен аймақтық және жергілікті шиеленістерге ӛз мүдделерімен санаса отырып, күш қолдану аясын кеңейте берді. Тоқсаныншы жылдардың орта шенінде халықаралық қатынастарда бітімгершілік операциялары ерекше орынға ие болды. Бұл сӛздің астарында жекелеген шиеленістер барысында қантӛгісті тоқтату мақсатында халықаралық қауымдастық тарапынан әр түрлі шараларға, атап айтқанда күш қолдануға дейін бару әрекеттері жатыр. Осынау шаралар қатарынан гуманитарлық интервенция тәсіліне айрықша кӛңіл бӛлініп келді. Яғни, ізгіліктілікті желеу етіп, кӛпжақты немесе ниеттес мемлекеттерден құрылған коалицияның қолдауына сүйене отырып шиеленіс алаңына үшінші бір елдің қару асына араласуы.

1. Коммунистік режим құлаған соң Шығыс Еуропа елдерінде 1989 жылдан бастап трансформация үрдісі бастау алды. Демократиялық реформалар жолына түскен мемлекеттер «ӛтпелі экономикалы елдер» және

«ӛтпелі елдер» (transitional societies) деп атала бастады. Жаңадан қалыптасқан коммунистік емес немесе коалициялық үкіметтер саяси және экономикалық қайта құруларды бастап кетті. Бағаның айқындалуы мен сыртқы сауда- саттықтарды ырықтандыру (либерализация) шараларын жүзеге асыру қолға алынды. Инфляцияны тежеу шаралары қарастырылып, мемлекеттік меншіктер жекешелендіріле бастады. Нарықтық шаруашылық негізін салуға бет алды.

Қайта құрудың сәтті үлгісі Польшада жүргізілген реформа барысында байқалды. Ел экономикасын құлдыраудан сақтай отырып, қысқа мерзім ішінде халқының ӛмір сүру деңгейін бұрынғы социалистік шығысеуропалық елдермен салыстырғанда кӛш ілгері алып шықты. Полышадағы реформаның сәтті болуына батыс мемлекеттерінің елдің сыртқы қарызының 2/3 бӛлігін кешіруі де айтарлықтай септігін тигізгенін атай кеткен жӛн.

1992 жылдың желтоқсанында Чехословакия Федерациясының құрамдас қос мемлекетінің билік органдары арасында қол жеткізілген келісім-шарт негізінде ел екі мемлекет – Чехия мен Словакияға ыдырап кетті.

Чехиядағы реформалар жоғары қарқында жүзеге асырылғанымен, Польшамен салыстырғанда күрделірек болды. 70-80 жылдары Янош Кадар жүргізген «айрықша экономикалық саясат» негізінде нарық талаптарына біршама икемделген Венгрия экономикасында қайта құрулар салыстырмалы түрде сәтті ӛтті. Румыния мен Болгарияда жүргізілген реформалар тиімділігі мен қарқыны жағынан ӛзгелерге қарағанда кейіндеп қалды. Бұл елдерде ӛндірістік құлдырауы мен халықтың кедейленуі белең алды.

Албаниядағы қайта құрулар аса қиын жағдайда ӛтті. 1992 жылы коммунистерді биліктен тайдырған елдің жаңа президенті Сали Бериш бастаған реформалар экономикалық қылмыстануға ұласып, 1997 жылы күрделі ішкі саяси дағдарысқа әкеліп ұрындырды.

Жалпы алғанда, 90-жылдардың алғашқы жартысында Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде демократиялық дамудың нышандары кӛріне бастады, десе де кейбір елдерде (Польша және Словакия) авторитаризм нышандары да байқалып жатты. Авторитаризмнің аса кӛрнекі түрі Югославия ыдыраған соң пайда болған жаңа мемлекеттерде ерекше байқалды. Бұл елдерде ұлтшылдық кӛңіл-күй белең алды.

1991 жылдың күзінен бастап Югославиядағы ішкі дағдарыс біртұтас мемлекеттің ыдырауына бастау болды. Бұрынғы югославиялық республикалар Словения мен Хорватия федерация құрамынан шығатындықтарын мәлім ете отырып, Белградтағы федеративтік билікпен қақтығысқа келді. Артынша бұрынғы СФРЮ-дың ӛзге де құрамдас республикалары тәуелсіздіктерін жариялай бастады. Ел тұтастығын сақтап қалуды тек Сербия мен Черногория ғана жақтады. Алайда бұл республикалар да СФРЮ-дың ыдырауының дәлеліндей 1992 жылы 12 ақпанда екеуара Югославия Одақтас Республикасын (ЮОР) құру туралы шешім шығарады.

Жаңа мемлекет ӛзін бұрынғы СФРЮ-дың мұрагері ретінде жариялап, тәуелсіздік алған барлық бұрынғы югославиялық республикалардың тәуелсіздіктерін тануға дайын екендігін 1992 жылдың сәуір айында мәлім етеді. Алайда халықаралық қауымдастық ЮОР-ды СФРЮ-дың заңды мұрагері ретінде танудан және БҰҰ-дағы СФРЮ-дың орнын беруден бас тартады.

Хорватияда жергілікті сербтер хорват үкіметінің сепаратистік пиғылына қарулы қарсылық кӛрсетеді. Сербия басшылығы Хорватия мен Словениядағы сепаратизмге саяси жолмен қарсылық білдірумен қатар, хорваттық сербтерге астыртын кӛмек кӛрсетуін жалғастыра берді. Сондай-ақ

ресми Белград Ресей мен АҚШ тарапынан қолдау табуға үміттенді және олардың кӛмегімен Хорватия территориясындағы сербтер мүддесін қорғауға тырысып бақты.

Алайда Батыс Еуропа елдері Югославия мәселесіне қатысты әртекті пікір ұстанды. Германия 1991 жылдың желтоқсанында Словения мен Хорватияның тәуелсіздігін танып, дәл сондай қадамға баруын Еуроодақтың ӛзге елдерінен талап етті. Герман корпорациялары жаңа мемлекетердің экономикалық кеңістігін игеру ірі кӛлемді табыс әкеледі деген пікірде болды.

Франция Югославиядағы сепаратистік мәселелерге сақтықпен қарады. Себебі Балқандағы сепаратистер жеңісі Францияның ӛз ішіндегі сепаратистік пиғылдағы топтардың (атап айтсақ, Корсика) әрекеттеріне серпін беруі ықтимал деген қатерде болды. Бұл бағытта Франция, Ұлыбритания және Бельгия территорияларында сепаратизмен істес болып отырған бірқатар Батыс Еуропа елдерінен түсінушілік тапты. АҚШ әкімшілігі болса Хорватия мен Словения тәуелсіздігін тану Батыс пен Ресей қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберер деген қауіппен Югославия мәселесі бойынша «әліптің артын бағу» саясатын ұстанды.

Халықаралық қауымдастық пікірлерінің әрқалайлығына қарамастан, Югославияның ыдырауы жалғаса берді. 1992 жылдың сәуірінде Еуропалық Одақ Босния мен Герцеговина тәуелсіздігін таниды. Елдегі мұсылмандар санының аздығына қарамастан мұсылмандар қауымының жетекшісі Алия Йзетбегович президент болып сайланады. Бұған наразылық ретінде босниялық 1992 жылы қаңтарда сербтер тығыз орналасқан Босния территориясында Радован Караджич басшылығымен тәуелсіз Серб Республикасының құрылғандығын мәлім етеді. Сербтер әрекетін үлгі еткен босниялық хорваттар да 1992 жылдың шілдесінде жаңа мемлекет - Герцеговина-Боснияның құрылғаны туралы жариялайды. А.Йзетбеговичтің билігі тек ел астанасы Сараево мен тұрғындарының басым кӛпшілігі мұсылмандар болып келетін бірнеше қалаларда ғана сақталып қалды.

1992 жылдың кӛктемінде Сараеводан бастау алған мұсылмандар мен сербтер арасындағы шиеленіс біртіндеп ел аумағындағы барлық сербтер, хорваттар және мұсылмандар арасындағы бейберекет қақтығысқа ұласып, елде «барлығының барлығына қарсы соғысы» деп аталған қырғынның басталуына әкеп соқты. Осы жағдайда Сербия-Черногория үкіметінің босниялық сербтерге кӛмек кӛрсетуін Босния-Герцеговинаның ішкі істеріне қол сұғушылық деп айыптаған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 1992 жылы 30 мамырда Сербия мен Черногорияға қарсы экономикалық санкциялар салу туралы шешім шығарады. Алайда БҰҰ-ның бұл шешімін кӛптеген елдер басшылыққа алмады. Нәтижесінде қақтығысушы барлық тараптар қару- жарақ сатып алу мүмкіндіктеріне ие болып қала берді.

Босния және Герцеговинадағы хорваттар мен сербтердің қарым- қатынасы хорваттар мен мұсылмандарға қарағанды анағұрлым күрделі еді.

Сербия мен Хорватия Босния-Герцеговинаны ӛзара бӛлісуге дайын екеніне қарамастан, босниялық хорваттар Хорватия үкіметінің қолдауына сүйене отырып, босниялық сербтердің жеңіске жетуіне жол бермеу мақсатында

мұсылмандармен одақтасуға барады. Хорваттар мен мұсылмандардың ӛзара жақындасуына батыс елдері де еңбек сіңіріп бақты.

Босниядағы азаматтық соғыс нацисттер дәуірінен кейінгі уақыт ішінде Еуропада болмаған этникалық топтар арасындағы сұрапыл қырғын, адам айтқысыз жауыздықпен сипатталған зұлмат болды. Бұрынғы Югославия территориясында болған әскери қылмысты зерттеу үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешіміне сай 1993 жылы 25 мамырда Гаага қаласында бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық трибунал құрылды.

2. АҚШ басшылығы 1991 жылдың 19 тамызында КСРО-да орын алған тӛңкеріске шейін президент М.С.Горбачевты қолдап келді. Тамыз тӛңкерісі нәтижесінде оның билігі қаншалықты әлсіз екендігі айқын болған соң Құрама Штаттары РСФСР президенті Б.Н.Ельцинмен қатынас орнатуға бет бұрады. АҚШ-тың бұлайша мүдделілік танытуына себеп бұрынғы КСРО-ның ядролық қаруларын таратпау жайлы ресми Мәскеуден кепілдік алу еді.

Кезінде кеңестік ядролық қару орналастырылған Қазақстан, Украина және Белорусия әлеуетті ядролық державаға айналу мүмкіндігі бар еді.

Халықаралық қатынастарда әлі де болса айқын бет-бейнесі қалыптасып үлгермеген жас мемлекеттердің қуатты ядролық қаруға иелік етуі қай елдің болмасын ұлттық қауіпсіздігіне қатер тӛндіруі мүмкін еді. Ресми Мәскеу де бұрынғы кеңестік республикалардың ядролық мемлекеттерге айналуын қалаған жоқ. Сол себептен де 90-жылдардың басында АҚШ пен Ресейдің ӛзара жақындасуы байқалды.

1992 жылы ақпанда Ресей президенті Б.Н.Ельцин Вашингтонға ресми сапар жасап, Кэмп-Дэвидте РФ мен АҚШ бір-бірін ықтимал қарсыластар ретінде қарастырмайтындығы жайлы екіжақты Декларацияға қол қояды.

Аталмыш құжатта ӛзге де маңызды баптар кӛрсетілді. Біріншіден, «ортақ демократиялық құндылықтарды» қалыптастыру тӛңірегінде ынтымақтасуға екі жақтың да дайын екендігі айтылды. Екіншіден, АҚШ пен Ресейдің «жаңа әріптестер одағын» құруға мүдделі екендігі кӛрсетілді. Үшіншіден, америка- ресей жақындасуының ұзақ мерзімділігін және ӛзара сенімділікті күшейте түсу мақсатында «ортақ қауіпсіздікті» қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

1992 жылы маусым айында Б.Н.Ельцин АҚШ-қа екінші мәрте аттанып,

«Достық және әріптестік жайлы орыс-америка хартиясына» қол қойды. Осы Вашингтон хартиясында Солтүстік Америка мен Еуропаның қауіпсіздігі

«ажырамас» екендігі атап кӛрсетілді. Нақтырақ айтқанда, құжат мәтінінде:

«Ванкуверден (Канада-Америка шекарасында орналасқан тынық мұхиттық айлақ) Владивостокқа дейінгі қауіпсіздік еш ажырамас, бүтін құбылыс», - делінген. Осы құжат арқылы Ресей тұңғыш рет ӛз ұлттық қауіпсіздігін НАТО мемлекеттері ұлттық қауіпсіздігімен ресми түрде сабақтастырды.

1992 жылы қарашада ӛткен президент сайлауы нәтижесінде АҚШ-та билік басына демократтар келді. Демократиялық партия атынан жеңіске жеткен Билл Клинтон АҚШ пен Ресей арасында қалыптасқан ӛзара түсіністік қарым-қатынастарты жалғастыра берді. Жаңа сайланған президент ӛз қызметіне кіріскенше Үлкен-Дж.Буш 1993 жылы 3 қаңтарда Мәскеуге ресми

сапармен келеді. Сапар барысында Стратегиялық шабуылдау қаруларын одан әрі шектеу мен қысқарту туралы екіжақты келісімге (СНВ-2, START II) қол жеткізіледі. Қол қою барысында тараптар аталмыш құжаттың Украина, Қазақстан және Белоруссияның 1991 жылғы СНВ-1 келісім-шартын ратификацияған және Ядролық қаруларды таратпау жайлы келісім-шартқа (ДНЯО) ядросыз мемлекеттер ретінде қосылған жағдайда ғана күшіне енетіндігіне келісті. Құжатта Ресей мен АҚШ 2003 жылдың қаңтарына шейін ядролық оқтұмсықтар санын 3500 бірлікке дейін қысқартуы тиіс екендігі нақты кӛрсетілді.

Келісім-шарт АҚШ конгресінде 1996 жылдың қаңтарында ратификацияланса, 1995 жылы маусымда Ресей Федералдық Жиналысына енгізілген құжатты ратификациялау үрдісі 1997 жылға дейін созылды.

Ресейлік депутаттар корпусы құжатта кӛрсетілген міндеттемелерді жүзеге асыруға қаржының жоқтығын сылтау еткенімен, шын мәнісінде, олар Ресей мен Батыс елдері арасында болашақта туындар қайшылықтар барысында Ресей НАТО елдері тарапынан тӛнер қатер алдында қорғансыз қалады деп сескенді.

Қазақстан мен Белоруссия басшылығы ӛздерінің ядросыз ел мәртебесіне ие болуға және ядролық қаруларды Ресейге беруге дайын екендігін мәлімдеді. Ал кеңестік ядролық мұра бойынша Украинаның ұстанымы құбылмалы болып келді. 1992 жылдың мамыр айының басында Қазақстан, Украина және Белоруссия парламенттері СНВ-1 келісім-шартын ратификациялады. Алайда Киев ядролық қаруларды ӛз территориясынан жеті жыл кӛлемінде және АҚШ пен Ресей тарапынан қаржылай кӛмек кӛрсетілген жағдайда шығаратындығы жайлы ескертулерді енгізе отырып, құжатты ратификациялауға барды.

1992 жылы 23 мамырда Лиссабон қаласында АҚШ, Ресей, Қазақстан, Украина және Белоруссия ӛкілдері СНВ-1 кеңес-американ келісіміне қосымша протоколға қол қойып, соңғы үш мемлекеттер ядросыз ел ретінде ядролық қаруларды таратпау туралы келісім-шартқа қосылуға міндеттеме алды.

1991 жылы 21 желтоқсанда 11 бұрынғы КСРО республикалары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) жариялады. Достастыққа ресми түрде Армения, Әзербайжан, Белоруссия, Молдавия, Қазақстан, Қырғызстан, Ӛзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина мүше болды. Ал Грузия мен Прибалтика елдері тыс қалды. Достастық астанасы ретінде Минск қаласы таңдалып алынды. Алайда Достастық бұрынғы КСРО орнына құрылғанымен, оны алмастыра алмады. Себебі жаңа құрылым біртұтас мемлекет емес, кезекті бір халықаралық ұйым болып қала берді.

Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабах мәселесі бойынша соғыстың сәл-ақ алдында тұрды. Молдавияның Румынияға қосылу пиғылына орай Приднестровье мәртебесіне байланысты елде азамат соғысы тұтанып келе жатты. Тәжікстанда зайырлықты жақтаушылар және исламдық билікті қолдаушылар болып бӛлінген жергілікті кландар арасында азаматтық соғыс

басталды. Мұндай шешімі қиын күрделі мәселелер тұрғанда ТМД-ның табыстарға қол жеткізе қоюы екіталай еді.

Алайда соған қарамастан, 1993 жылы 22 қаңтарда Минскіде ӛткен ТМД саммитінде мүше мемлекеттер Достастық жарғысын қабылдады. Аталмыш құжатты қол қоюшы барлық мемлекеттердің заң шығарушы органдары ратификациялау үрдісінен ӛткізген соң, 1994 жылы қаңтарда ӛз күшіне енді.

Грузия 1993 жылдың соңында Тбилисиде билік басына Э.Шеварднадзе келен соң ғана ТМД-ға және оның жарғысына қосылу жайлы протоколға қол қойды.

Бұрынғы КСРО кеңістігіндегі қалыптасқан қауіпсіздікке нұқсан келтірмеу мақсатында мемлекеттер ӛзара сенімділікті арттыра түсу үшін 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында бас қосып, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ӛзбекстан, Ресей және Тәжікстан Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім шартына (ҰҚК) қол қойды. Аталмыш құжат алдағы бес жылға қабылданғанмен, уақыты біткен соң автоматты түрде келесі мерзімге ұзартылу мүмкіндігі бекітілді. ҰҚК 1994 жылы сәуірде күшіне енді.

Келісімге Әзербайжан мен Грузия 1993 жылы қосылса, Молдавия мен Түркіменстан мүлде қол қоймады. Ал Украина тек бақылаушылық мәртебемен шектелуді жӛн кӛрді.

Ташкент келісімі заңдық тұрғыда аса «мықты» кӛрінді. Құжаттың 4- бабында мүше-мемлекеттердің кез-келгеніне жасалған шабуыл барлығына қарсы агрессия ретінде бағаланатындығы нақты айтылған. Бірақ бұл баптың барлық шабуыл түріне қатысты ма, әлде агрессияның тек келісімге мүше емес елдер тарапынан болған жағдайда ғана қолданыла ма, ол жағы айқын кӛрсетілмеді. Сол себептен де, Тәжікстан тәрізді елдер үшін, егер Ӛзбекстанмен қақтығысқа түсе қалған жағдайда әскери кӛмек кӛрсетіле ме, жоқ па, белгісіз болатын. Дәл сондай жағдайда Армениямен шиеленісті мәселесі бар Әзербайжан да қалып отыр еді. Және келісімде әскери кӛмек кӛрсету үшін шешім қабылдау механизмдері кӛрсетілген жоқ. Сондықтан бұл құжатты келісім дегеннен гӛрі декларация деген әлдеқайда дұрыс еді.

3. Кӛршілес қос мемлекет Әзербайжан мен Арменияны ӛзара қырғи- қабақ еткен жанжал Таулы Қарабах мәселесі еді. Аталмыш шиеленіс ӛз бастауын сонау ХХ ғасырдың басынан алады. КСРО құрылып, Закавказье толығымен кеңестендірілген соң 1923 жылы 7 шілдеде Әзербайжан ССР құрамында тұрғындарының басым бӛлігін армяндар құрайтын Таулы Қарабах автономиялық облысы (ТҚАО) құрылады. 1988 жылғы 1 қаңтарда ӛткен санақ бойынша облыс тұрғындарының саны 183,9 мың адамды құрады.

Олардың 74% армяндар, 23,7% әзербайжандар, 2,3% орыстар мен ӛзге де ұлттар. 1988 жылы ақпанда ТҚАО халықтық депутаттарының облыстық Кеңесі Қарабахтың кімге тиісілігі жайлы референдум ӛткізеді. Референдум қорытындысы бойынша тұрғындардың Армения ССР құрымына ӛтуге ынталылығы белгілі болғанымен, жергілікті билік КСРО басшылығынан мұндай әрекетке жол бермеу жайлы ӛтініш жасайды. Нәтижесінде Әзербайжан мен Армения арасы шиеленісіп кетеді. Екі республикада да ұлттық қақтығысушылықтар бой кӛрсетеді. 1988 жылы желтоқсанда Сумгаит

қаласында, 1990 жылы қаңтарда Баку қаласында армяндардың ірі бас кӛтерулері болды. Әзербайжан астанасындағы тәртіпті ретке келтіру үшін қалаға Кеңес Армиясының бӛлімшелері енгізілгенімен, бұл әрекеттер еш нәтиже бере алмады. Қос тараптан қарама-қарсы ағылған босқындар қарасы күн санап ұлғая берді.

1991 жылы қыркүйекте қарабахтықтар шетелдегі армян диаспораларының және Ресейдің кӛмегіне сүйене отырып, «тәуелсіз» Таулы- Қарабах Республикасын (ТҚР) жариялайды. Армения мен ТҚР басшылығы бірлесе атқарған әрекеттері арқасында соғысқа қабілетті Таулы-Қарабах армиясы жасақталады.

1991 жылы желтоқсанның 21-нде Армения мен Ресей арасында Ӛзара қауіпсіздік, ынтымақтастық және достық туралы келісімге қол қойылады.

Осы құжат негізінде Ресейдің әскери базалары (бұрынғы кеңестік) мен әскерлері Армения территориясында қалдырылады. Былайша айтқанда, Армения Ресей тарапынан әскери кепілдік алғандай болады. Алайда Түркия және Әзербайжанмен шиеленіске келіп қалудан сескенген Ресейдің Мемлекеттік Думасы аталмыш келісімді ратификацияламай тастайды.

Әзербайжан мен Ресей арасы Бакуде билік басына А.Эльчибей келген соң одан әрі нашарлап кетеді. Әзербайжан басшысы АҚШ пен Түркияға бүйрек бұра бастаған-ды. 1992 жылдың жаз айларынан бастап Таулы- Қарабахтағы әскери қимылдар ӛрши түседі. Мамыр айында Қарабах қарулы күштері «Лачин арнасы» мен әзербайжандық Шушу қаласын басып алып, Арменияға тура шығатын жолды ашады. Ал Әзербайжан армиясы Таулы- Қарабахтың солтүстік бӛлігіне иелік етеді. 1993 жылдың күзінде қарабахтық армия Арменияның кӛмегімен Таулы-Қарабах пен Арменияны жалғастырар жаңа бір арнаны ӛз иеліктеріне алады. Нәтижесінде армяндардың бақылауына тек бұрынғы автономия территориясы толықтай кіріп ғана қоймай, Әзербайжан территориясының да біршама бӛлігі ӛтіп кетеді.

Әзербайжан армиясының бұл сәтсіздіктері ел ішінде А.Эльчибейге деген наразылықты күшейтіп жібереді. 1993 жылдың шілдесінде Бакуде саяси тӛңкеріс орын алып, билік басына кеңестік Әзербайжанның кӛрнекті қайраткері Г.Әлиев келеді. Жаңа басшы Ресеймен қарым-қатынасты қалпына келтіруге бірден кіріседі. Президенттікке сайлана салысымен Мәскеуге сапар жасап, Әзербайжанның ТМД мен Ташкент келісіміне қосылуға дайын екендігін мәлімдейді. 1993 жылы 24 қыркүйекте Әзербайжан ТМД-ға мүшелікке ӛтеді. Мәскеумен ара қатынастың қалпына келуі ресми Баку мен армяндардың компромисс табуына оң ықпалын тигізеді. 1994 жылдың 12 мамырында Армения мен Әзербайжан Ресейдің араағайындық етуімен Бішкек қаласында қарулы қақтығыстарды доғару туралы протоколға қол қояды. Қарулы қақтығыстар тоқтатылғанымен, Таулы-Қарабах мәселесі осы күнге шейін әлі ӛз шешімін тапқан жоқ.

Посткеңестік кеңістіктегі шиеленіс ошақтарының бірі - Молдавияның Украинамен шекаралас жерінде орналасқан Приднестровье мәселесі.

Приднестровье аймағы халқының құрамы пропорциональді түрде тең (орыстар, украиндар, молдавандар), Днестрдің сол жағалауында орналасқан,

бұрынғы Молдавия КСР-ның ең дамыған ӛңірі болатын. Бұрынғы Ресей империясының бір бӛлігі ретінде ХХ ғасырдың 20-жылдары Приднестровье Молдавия АССР деген атпен Украина КСР-ның құрамына енгізіледі.

Астанасы етіп Тирасполь қаласы таңдалады. 1940 жылы Румыния тарапынан Бессарабия Кеңес Одағына қайтарылған соң Молдавия АКСР Бессарабиямен біріктіріліп, Молдавия КСР-і (астанасы Кишинев қаласы) болып қайта құрылады. Румыния құрамында қалып қойған молдавандарда Бессарабияның Кеңес құрамына ӛтуі заңсыз әрі ерте ме, кеш пе Румынияға қайтарылуы тиіс деген пікір сақталып қалады.

1989 жылы Кеңес Одағында белең ала бастаған «егемендену» толқыны кезінде Молдавия КСР-ң Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тіл туралы заң қабылдап, румын тілін мемлекеттік тіл деп жариялайды. Бұл Приднестровьелық орыстар мен украиндер арасында алаңдаушылық тудырады. Олардың пайымдауынша Молдавия Румынияға қосылған жағдайда ешқашан Бессарабияның құрамында болмаған Приднестровье де бірге қосылады деп түйді. Нәтижесінде Приднестровьеде Молдавияның Румынияға қосылуына қарсы қозғалыс пайда болады. Сол жағалаулықтардың бұл әрекеті Кишиневтегі ұлтжандылардың әрекеттеріне қарқын беріп, олардың Румыниямен интеграциялануына жеделдете түсті. Нәтижесінде Молдавиядағы этникалық топтар арасында қарама-қайшылықтар арта берді.

1990 жылы күзде приднестровьелықтар астанасын Тирасполь қаласы етіп,

«Приднестровье Молдавия Республикасын» (ПМР) жариялайды.

Алғашында ПМР басшылығы Кишиневке федеративтік келісім жасауды ұсынып, Молдавияны федеративтік ел етіп қайта құруға шақырады.

Орталық билік приднестровьелықтардың бұл ұсынысынан бас тартқан соң ПМР молдаван парламентіндегі ӛз депутаттарын кері шақыртып алып, Молдавия конституциясына қарсы келетін заңдарды ӛз беттерінше қабылдай бастайды. Бұған наразылық білдірген Молдавия Приднестровьеге қарсы экономикалық санкциялар енгізеді.

Мәселе 1991 жылдың соңында Молдавия Жоғарғы Кеңесі Тәуелсіздік декларациясын жариялаған сәттен бастап одан әрі шиеленісіп кетті.

Приднестровье басшылығы ПМР «тәуелсіздігін» жариялайды. Мұны танудан бас тартқан Молдавия ел тұтастығын сақтап қалу үшін күш қолдануға бел буады. Алайда бұл кезде Молдавияда тек тәртіп сақшылары болғаны болмаса, кәсіби армия жоқ еді. Ал Приднестровьеде 10 мың адамдық соғыс қимылдарына қабілетті армия әлдеқашан құрылып қойған болатын. Енді Молдавия «еріктілерден» құралған әскери отрядтарды жедел жасақтауға кірісіп кетеді.

1992 жылы 1 наурызда молдавиялық әскерилер қару-жарақтарға иелік ету мақсатында Днестрдің оң жағалауында орналасқан бұрынғы Кеңес армиясы бӛлімдерінің біріне шабуыл жасайды. Осылайша шиеленістің қарулы беттері ашылады. 17 наурызда Молдавия парламенті Қарулы күштерді құру туралы заң қабылдап, 28 наурыздан бастап елде тӛтенше жағдай енгізеді. Әскери қимылдарға бір жағынан жаңа жасақталған Молдаван армиясы мен молдаван-румын еріктілері қатысса, екінші жағынан

Dokumen terkait