• Tidak ada hasil yang ditemukan

Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут) Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин.)

1. Сабақтың тақырыбы: Тіс ауруларынан сақтану. Тістің күтімі Омоним. Синоним. Антоним.

2. Мақсаты:«Тіс ауруларынан сақтану» мәтіні бойынша жаңа сөздерді игерту.Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету. Cиноним сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру,омоним, антоним туралы мағлұмат беру;

2-тапсырма. Берілген сөздердің ішінен синонимдерді тауып, өзара топтаңыздар, орыс тіліне аударыңыз.

Мол, шаршау, мақсат, жаға, мақұлдау, қамығу, көп, тоқтату, ұрсу, сәлемдесу, қажу, жанында, сүйеніш, зерігу, есею, сеіру, әдейі, мұрат, аялдау, титықтау, ырғу, өңір, сауық, дәм, шама, аяу, таяныш, шалдығу, қасақана, ер жету, жекіру, қоштасу, амандасу, есіркеу, мөлшер, тамақ, қоныс, ұсақ, жиек, сайран, дем алу, жаны ашу, мұңаю, сылтау, майда, болдыру, тағам, нарық, мекен, аймақ, баға, ас, қасында, жай, желеу.

3-тапсырма. Төмендегі сөздердің ішінен антонимдерін іріктеп алыңыздар да, қалғандарының неге антоним бола алмайтынын түсіндіріңіздер.

Ақылды, үнемді, ұйқылы, талапты, өжет, ақымақ, пайдалы, ояу, өң, тұр, отыр, ұйқысыз, ынжық, талапсыз, ақылсыз, түс, отырма, зиян, пайдасыз, шын, жіңішке, жұмсақ, тұйық, өтірік, қатты, жуан, жіңішке емес, өтірік емес, ашық, берік, осал, кес, кеспе, ақырын, тез, жылдам, жай, қыбырсыз, аш, ашпа, жап, жаппа.

4-тапсырма. «Тіс ауруларынан сақтану» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

ас-пища; еда

қорытылу-перевариваться сау-здоровый

байланысты-зависимость беріктік-прочность арттыру-повысить

қөлдедің-(поперек) горизонтально

тігінен-вертикально қыл-щетина

кебу-высохнуть жаңалау-обновить

қамтамасыз ету-обеспечение түйреуіш-булавка

ине-иголка

5-тапсырма. Төменде берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Астың қорытылуы, тістердің сау болуы, әр түрлі аурулардан сақтау, әркімнің өзіне байланысты, тістің беріктігін арттыру, ауыз қуысын таза ұстау, тамақ қалдықтары, тамақ қалдықтарын тазалау, көлденең ысқылау, тігінен ысқылау, тіс ауруларын емдету, тіс ауруларын дер кезінде емдету, дәрігердің кеңестері, дәрігердің кеңестерін орындау.

6-тапсырма. Берілген «Тіс ауруларынан сақтану» мәтінін оқып, орыс тіліне аударыңыз. Оқу жылдамдығыңызға, ерекше дыбыстарға назар аударыңыз.

Астың дұрыс қорытылуы үшін тістердің сау болуы қажет. Ауру тістер – микробтардың жиналатын орны. Тісті әр түрлі аурулардан аман сақтау әркімнің өзіне байланысты. Құрамында витамині және минералды тұздары мол тағамдармен тамақтану тістің беріктігін арттырады. Ауыз қуысын әрдайым таза ұстау керек. Ол барлық адамдар үшін маңызды. Егер тістердің арасында тамақ қалдықтары тұрып, уақытында тазаланбаса шіри бастайды. Сондықтан тамақ ішкеннен кейін ауызды міндетті түрде шайып, тамақ қалдықтарын тазартып отырған дұрыс. Ал тісті паста немесе тіс ұнтағымен тазалау күніне екі реттен кем болмауға тиіс. Тістің бетін толық тазарту үшін алдымен көлдедең, сонан соң тігінен ысқылап тазартады. Мұның барлығына 2-3 минуттай уақыт жұмсалады. Тісті тазалап болған соң, ауызды сумен жақсылап шаю керек. Сондай-ақ, тіспен қатты нәрсені шақпау, түйреуіш, ине сияқты заттар мен тазаламау керек. Тіс тазартуға қылы жұмсақ щетканы пайдаланған дұрыс. Пайдаланып болған соң щетканы жуып, жақсы кебу үшін басын жоғары қаратып қояды. Әр адамның өзінің жеке щеткасы болу керек және оны төрт ай сайын жаңалап отырған жөн. Тісті және ауыз қуысын дұрыс күту, тіс ауруларын дер кезінде емдету, дәрігердің кеңестерін және алдын алу шараларын орындау-тістің жақсы сақталуын қамтамасыз етеді. Тістің сынған, қабынып ауырған жерін тек маман дәрігер ғана емдей алады. Тісті зерттейтін ғылым-стоматология, ал дәрігер – стоматолог деп аталады.

7-тапсырма. Берілген «Тістің күтімі» мәтінін оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Тістердің ауызда ақ маржандай тізіліп тұрғанының халық ежелден-ақ денсаулықтық кепілі деп білген. Тістердің толық болмауынан тіс-жақ жүйесінің шайнау қызметі нашарлайды. Соның әсерінен адам құрғақ және қатты тамақты жегенде қиналады. Сонымен қатар жеген тамақ дұрыс шайналмағандықтан, оның қортылуы да қиындай түседі, Бұл құбылыс ұзаққа созылса, адамды түрлі асқазан деттеріне шалдықтырады.

Тісті әртурлі аурулардан аман сақтау адамның өзіне байланысты. Құрамында витамині және тісті құрайтын минералдық тұздары мол тағамдармен тамақтану тістің беріктігін арттырады.

Ауыз-қуысын әрдайым таза ұстау керек. Ол барлық адамдар үшін маңызды. Егер тістердің бетінде, арасында тамақ қылдықтары тұрып қалып, олар уақытында тазаланбай қалса, шірей бастайды. Сондықтан тамақ ішкеннен кейін ауызды міндетті түрде шайып, тамақ қалдықтарынан тазартып отырңан дұрыс. Ал тісті арнаулы қойыртпақ немесе тіс ұнтағымен тазалау күніне екі реттен кеп болмауы тиіс.Тісті тазартуға қылы жұмсақ щетканы пайдаланған дұрыс. Әр адамның өзінің жеке мәуесегі болуы керек. Тісті және ауыз қуысын дұрыс күту, тіс ауруларын дерт кезінде емдету, дәрігердің берген кеңестерін және алдына алу жөніндегі шараларды орындау тістің жақсы сақталуын қамтамасыз етеді.

Есіңізге сақтаңыз!

Науқас адам таза ауада көп болуы керек.

Сіріңке немесе басқа бір үшкір затпен құлағыңды, тісіңді шұқыма.

Ауруды басқаларға жұқтырмау үшін жөтеліп, түшкіргенде аузыңызды бет орамалмен жауып ұстаңыз.

9.Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар т.б.):

Коммуникативті компетенция бойынша Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап 1. Ауру тістер нелердің жиналатын орны?

2. Тістің беріктігін не арттырады?

3. Қай кезде тіс шіри бастайды?

4. Тісті күніне неше рет тазалау керек?

5. Тісті толық тазарту үшін қалай ысқылайды?

6. Тісті қандай заттармен тазартпау керек?

7. Тістің сынған, ауырған жерін кім емдейді?

2-тапсырма. Оң жақтағы етістіктермен сол бағанадағы сөздерден сұрақ арқылы сөз тіркесін жасаңыз.

дер кезінде аман сақтау (неден?) құнарлы тамақпен арттыру (нені?) инемен тазарту (нелерден?) аурулардан емдету (қалай?) тістің беріктігін тазаламау (немен?) ас қалдықтарынан тамақтану (немен?) Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз (көру, тіс, қатты, қашан?, қалай?)

... тазалығына көңіл аудар.

Тісіңіз .... ауырады?

Қандай тағамды жақсы ... . Тісіңіз ... ауыра ма?

Дәрігерде ... болдыңыз?

2-тапсырма.Сөз тіркестерін аударып сөйлем құраңыз.

Тістердің сау болуы, ауыз қуысы, тамақ қалдықтары, тігінен ысқылау, тістің асты, бір түбірілі тістер, тістің күтімі.

3-тапсырма. Жақшаны ашыңыз 1.Тісіңізді (с тёплой водой) жуыңыз.

2.(После еды) тісіңізді жақсылап жуыңыз.

3.Тіс (при приеме пищи) қанайды.

4.(Полости рта) тазалығына көңіл бөліңіз.

5.Тісіңізде (остатки пищи) қалдырмаңыз.

6.Сізге (твердую пищу) жеуге болмайды.

7.(После удаления) дәрілер қолдану керек.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша

1-тапсырма.Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Астың қорытылуы, тістердің сау болуы, әр түрлі аурулардан сақтану, әркімнің өзіне байланысты, тістің беріктігін арттыру, ауыз қуысын таза ұстау, тамақ қалдықтары, тіс аруларын емдету, дәрігердің кеңестері, дәрігердің кеңестерін орындау.

2-cитуациялық тапсырма:

Стоматолог-дәрігер ретінде поциентіңізге (емделушіге) қандай кеңес бересіз?

Кеңестеріңізді дәптерге жазып көрсетіңіз.

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша 1. Дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Тісті не істейді?

а) жұлады ә) емдейді б) тазалайды в) денсаулық г) себебі

2.Сөйлемнің алғашқы сыңарын көрсетіңіз.

... дәрігерге қаралу керек.

а) Дер кезінде, асқындырмай ә) Уақытымен, ауырту б) Ауыз қуысы, тазалық в) Уақытында, көрініп г) Әрдайым, кешікпей