100
14.2 Технологиялық және ұйымдастыру бөлім
101
а – волчок сұлбасы: 1 –ұстайтын тор; 2 – пышақтық механизм;
3 – пышақтық шахта; 4 – жұмыстық шнек; 5 – бір орамды қалақша;
6 – бункер; 7 – клинобаулы шнегі жұмыстық берілістің; 8 –пышақтық шахта;
9 – электрлік қозғалтқыш; 10 – санитарлық жағдайға арналған аудан;
11 – ойпат; 12 – трубалық саңылау; б – кесуші механизм: 1 – ұстайтын тор;
2 – шықпалы пышақтық тор; 3 –пышақтар; 4 – аралық тор;
5 – қабылдайтын тор.
14.3сурет - К6-ФВП160-2 маркалы волчоктың конструкциясы
Волчокта ет туралады, мұнда ондағы пышақтарға назар аудару керек.
Егер де волчоктағы пышақтар жақсы және ұсақ болса ет жақсы туралады.
Сонымен қатар ет жай туралып қана қоймай ысталады. Тез және жылдам туралғаның себебінен волчоктың ішінде туралып жатқан ет ыстық күйде болады. Волчоктан кейін туралған ет куттерге жіберіледі. Цехта орналасқан бұрынғы куттердің сипаттамасы.
102
1 — электрқозғалтқыш; 2 — клинобелдеулі ауыстыру; 3 — редукторлар;
4 — тостаған; 5 - түсіру табақшасы; 6 — бас пышақтық; 7 — пышақтық вал.
14.4 сурет - Л5-ФКН куттердің кинематикалық сұлбасы
Куттер туралған етті араластыру үшін қажет. Куттер ішіне туралған етпен бірге аранайы дәмдеуіштер және тұз салып барлығын белгіленген уақыт бойынша араластырады. Куттер дегеніміз – үлкен өндірістік кескіш. Оның негізі айналып тұрған табақ, кескіш диск және қозғалтқыш. Дәл сол арылы барлық қажетті қоспаларды араластырып дайындайды. Куттер арқылы жас ет болсын, тіпті тоңазып қалған етті де бірдей қылып араластыруға болады.
14.1 кесте - Л5-ФКН маркалы куттердің техникалық сипаттамасы
Параметрлері Л5-ФКН
Өнімділігі , кг/ч 2000дейін
Тостағанның сыйымдылығы, л 250
Тостағанның жүктелу коэффициенті,л 0,6
Жарты ай сынды пышақтардың саны 6,9 немесе 12
Электрқозғалтқыштың қуаты, кВт 57
Габариттік өлшемдері, м 2,221,761,2
Салмағы, кг 2320
Куттерде толығымен араластырылып болғаннан кейін туралған ет арнайы белгіленген формасын алу үшін шприц қондырғысына қарай
103
жіберіледі. Шприц сорап сынды тоқтаусыз жұмыс істейтін құрылғы.
Шұжықтың түріне қарай олар әртүрлі болады. Мұнда негізгі шұжықтардың көлеміне байланысты болады. Шприцтер тоқтаусыз және периодты жұмыс істейтін болып бөлінеді. Периодты жұмыс істейтін шприцтердің өздері өз алдына пневматикалы, механикалы және гидравикалы болып жіктеледі.
1- бункер; 2- корпус; 3- цевка; 4- шықпалы тіркеме; 5- электржетек;
6,7- шнектің күштік және азықтандыру бөліктері; 8- шток;
9 - гидрожетек.
14.5 сурет -Шұжықтық шприц
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың қарқынды дамуына байланысты вакуумды шприцтер қолдануда. Олардың артықшылығы өте көп және өте тиімді, қарапайым.
Ары қарай шұжықтың түріне қарай ысталу немесе басқа да процесстер жасалады. Осылардан кейін шұжықтарды термокамераға жібереді. Осы жоғары да келтірілген шұжық жасау қондырғылар басқа түрлерге ауыстырылды.
Шұжық өнімін арттыру үшін « Хелчинко и К » цехына шет елдерде жасалған жабдықтар алып орнатылған. Бірақ барлық жабдық толығымен алмастырылмады , тек қажет деген негізгі жабдықтар Германия, Чехия сынды мемлекеттерден сатып алынды.
Волчок AD-114 «Seydelmann» (Германия) тот баспайтын болаттан жасалған. Жұмыстық шнектің басты жетегі – қуатты екі жылдамдықты қозғалтқыш. Конус тәрізді кең жабдықтау шнекте де екі жылдамдықтың өзінің де жеке жетегі бар. Жабдықтау және жұмыстық шнектердің жылдамдықтары бір –
104
біріне тәуелсіз қосылып, қозғалады. Жабдықтау шнегінің диаметрі 200 мм – ге дейін, үлкен ет бөліктерін алып тоқтаусыз жұмыстық шнекке береді. Кесуші комплект екі пышақтан тұрады, бір тілімдеу және 3,8 және13 мм диаметрлі үш кесуші тор. Жүктелуші мұржасы арнайы қорғаушы тормен жабдықталған.
Куттер К 90 DC-8 «Seydelmann» (Германия) тот баспайтын болаттан жасалған. Шұжық жасау процессінде етті ұсақтап туару үшін, туралған етті дайындау үшін қажет. Куттер төмендегідей нәрселермен жабдықталған:
- балансты пышақты баспен;
- электронды басқарумен;
- пышаққа арналған тежеуішпен;
- тот баспайтын негізгі дыбысты оқшаулағыш қақпақпен;
- туралған етті тығындаушымен;
- арнайы пластмассалы вакуумды шум жұтушы қақпақпен;
- әртүрлі өндірістік электрқозғалтқышты сораптармен;
- қосымша булы қондырғылармен;
Вакуумдалған жүйе қайнату кезінде уақытты үнемдеуге мүмкіндік туғызады, тауардың өнімділігін арттырады, сонымен бірге бұл типті куттерде паштет, ливерлі шұжық сынды дайын тағамдардың түрін жасауға болады.
Пышақтардың 8 сатысыз программаланған жылдамдығы бар, 6 – алдыңғы жүріс, 2 – кері жүріс, 2 тостаған жылдамдығы бар. Сонымен қоса микропроцессорлы басқару пультті пернетақташасы мен программалау үшін қосалқы түрде беріледі, және де нөлдік максималға дейінгі айналымды көрсететін сандық нұсқаулық орнатылған. Барлық жұмыс автоматты түрде жүзеге асырылады. Сосиска және шұжық өнімдерінің құрамына қажетті дәмдеуіштердің мөлшерін адамның күшінсіз программаланған аппарат өз ақ іске асырады, яғни барлығы автоматты түрде. Бірнеше тәуелсіз шұжық өнімдерінің түрлерін орындауға тапсырма беруге болады. Сандық дисплей барлық параметрлерінің мәнін бақылаушы панельге көрсетіп және шұжық пен сосискалардың ұзындықтары мен салмақтарын нақты қылып шығарады.
Термокамера М 2003 «Mauting» (Чехия) барлық өнімдердің түрлерінің қайнатылуына және ыстық ысталуына арналған, мысалыға: ет, құс, балық, шұжық өнімдері. Өнімдердің пісірілуі вакуумды орауышта болуы мүмкін. Іс – шара принципі. Термокамерадағы технологиялық процес таңдалған программа негізінде микропроцессордың көмегімен басқарылады, сонымен қатар қолданушылардың өздері де программа енгізуге мүмкіндіктері бар. Қажет болған жағдайда тұтынушы кез – келген уақытта программаны тоқтатып және жұмыс режімін өзгерте алады. Коптильдік камера ашық системада жабдықталады яғни азықтарды жану түтін трубасына бөледі. Коптильдік камераның циркуляциалы жүйесі бар, ол камерада температураның және түтіннің бір қалыпты таралуын қамтамасыз етеді. Ылғалдылықты реттеуге болады, психометрикалық датчиктермен өлшенеді. Бу жылу элеметтеріне (ТЭН ) судың шашырауының салдарынан пайда болады. Камера тот баспайтын хромникельді болаттан жасалған. Камера абсолюті жапсырылған. Орауыш есіктер селиконды резеңкеден жасалған. Сатып алушының тапсырысы бойынша есіктің ашылу бағыты жасалады. Термокамерадағы клапандар істеп тұрған программаның негізінде автоматты түрде ашылып, жабылады. Камера сатып алушының тапсырысы
105
бойынша автоматты түрде тазалану құрылғысымен жабдықталуы мүмкін.
Термокамера 1,2,3 немесе 4 арбамен жасалуы мүмкін.
14.2 кесте - Техникалық жабдықтардың сипаттамасы Жабдықтың
атауы Маркасы Техникалық сипаттамасы Саны Волчок
Seydelmann
AD-114 Өнімділігі 1500 кг/сағ дейін,
Электрқозғалтқыштың қуаты 7/9 кВт, Кесуші тордың диаметрі 114 мм,
Бункердің көлемі 120 л,
Габариттікт өлшемдері 900x830x1150мм, Салмағы 500 кг
1
Куттер Seydelmann
К90 DC-8 Тостаған көлемі 90 л,
Басты қозғалтқыштың қуаты 20,6 кВт Габариттік өлшемдері 2030x1570x1970 мм
Салмағы 1220 кг
1
Шұжықтар мен сосискаларды
Өнімділігі 600-3000 кг/сағ, Өнімнің диаметрі 18-65 мм, Өнімнің ұзындығы 90-290 мм, Пайдаланатын қуат 4 кВт,
Габариттік өлшемдері 5217x460x1525 мм, Салмағы 678 кг
1 өндірудің
автоматты сызығы Cato Термокамера Mauling
М2003 Арба саны 3,
Арбаның өлшемі 1 х 1 х2, Ені мм ,А 1534,В 2034 Тереңдігі мм,D 3312,Е 3412 Биіктігі мм,F 2545,G 2830 Қолданылатын қуаты 86 кВт, Пісіру және коптильді камералар Электрлік жылыту 78 кВт,
Бумен жылыту 180 кг/сағ, Газбен жылыту 90 кВт, Өнімділігі 1800-3000 кг/сағ
1
Мұзгенератор Icematic
SF1000 Өнімділігі 1030 кг/сағ
Суыту тоңазтқышының бункері 2,5м3 Қуаты 2,5 кВт
Габариттік өлшемдері 1073x774x976 Салмағы 240 кг
1
106
15Ультрадыбыстық технология жабдықтары
15.1 Ультрадыбыстык тербелістердің табиғаты мен қасиеттері