• Tidak ada hasil yang ditemukan

Электр қауіпсіздігі бойынша білімді тексеру

Кернеуі 1 Кернеуі 1 кВ-қа дейінгі бейтарабы жерге тұйықталған электр қондырғыларында авариялық учаскені автоматты ажыратуды

11.4 Электр қауіпсіздігі бойынша білімді тексеру

Оқудан кейін емтихан комиссиясы теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тексереді. Білімді тексеру нәтижесі хаттамамен ресімделеді және егер ол қолданылса, оқудан өтудің жеке карточкасында тіркеледі.

Білім тексеруден сәтті өткен білім алушыға өз бетінше жұмыс істеу құқығына куәлік береді.

Қауіптілігі жоғары объектілерге (қондырғыларға, жабдықтарға), сондай- ақ мемлекеттік қадағалау органдарының бақылауындағы объектілерге жұмыстарды орындауға немесе қызмет көрсетуге байланысты жұмысшылар тиісті Ережелерде белгіленген мерзімде еңбек қауіпсіздігі жөніндегі білімін мерзімді тексеруден өтуге тиіс.

Білімін тексеруден өтуді талап ететін кәсіптердің тізбесін және емтихан комиссиясының құрамын кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша кәсіпорынның, оқу орнының басшысы (бас инженері) бекітеді.

Білімдерін тексеруді біліктілік комиссиялар жүргізуі тиіс:

а) кәсіпорынның электр шаруашылығына жауапты, оның орынбасары және электр шаруашылығын лауазымдық орнына сәйкес бақылайтын техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер үшін, құрамында бас инженер немесе кәсіпорын басшысы (төраға), "Энергияны қадағалау" кәсіпорнының инспекторы және еңбекті қорғау қызметінің өкілі (қауіпсіздік техникасы бөлімінің бастығы немесе кәсіподақ комитеті) бар;

б) электр шаруашылығының құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары мен бастықтарының орынбасарлары және өндірістік цехтар мен кәсіпорын бөлімшелерінің электр шаруашылығына жауапты – құрамында кәсіпорынның

электр шаруашылығына жауапты немесе оның орынбасары (төрағасы), "а"

тармағына сәйкес комиссияда тексеруден өткен қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер (қауіпсіздік техникасы бөлімінің өкілі), энергетика қызметінің өкілі үшін;

в) қалған инженерлік-техникалық персонал үшін – құрамда "б"

тармағына сәйкес комиссияда тексеруден өткен, электр қауіпсіздігі бойынша V тобы бар (немесе кернеуі 1 кВ дейінгі электр қондырғылары үшін IV тобы бар), энергетика қызметінің төрағасы мен өкілдері, қауіпсіздік техникасы бөлімі немесе кәсіподақ комитеті;

г) қалған электр техникалық персонал үшін бірнеше комиссия құрылуы мүмкін, олардың құрамын кәсіпорынның электр шаруашылығы үшін жауапты адам анықтайды және бекітеді;

д) комиссия құрамы үшін персоналы жоқ ұсақ кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің электр техникалық персоналы жоғары тұрған ұйымдардың жанынан құрылған, тексерілетін кәсіпорынның электр шаруашылығы үшін жауапты өкілдерінің қатысуымен білімді тексеру үшін комиссияға жіберілуі тиіс.

Әрбір қызметкердің ережелерді білуін тексеру жеке жүргізіледі және ресімделеді. Білімді тексеру нәтижелері белгіленген нысандағы журналға енгізіледі.

Білімін тексеруден сәтті өткен әрбір қызметкерге электр қауіпсіздігі бойынша (II –V) топ берілетін белгіленген нысандағы куәлік беріледі.

Куәлік жедел (оперативті), жөндеу, жедел (оперативті)-жөндеу, сондай- ақ электр қауіпсіздігі бойынша ІІ және одан жоғары тобы бар электр технологиялық персонал ретінде қандай да бір электр қондырғыларына қызмет көрсетуге құқық береді.

Электр қондырғыларын бақылайтын техника қауіпсіздігі жөніндегі инженерлер электр шаруашылығына жауапты қызметкер өткен комиссияда электр қауіпсіздігі бойынша IV топ көлемінде білімін тексеруден өтуі тиіс.

Бұл ретте оларға осы кәсіпорынның электр қондырғыларын инспекциялау құқығына куәлік беріледі.

Қорытынды

Адамзат тіршілігінің барлық салаларында электр энергиясын кеңінен пайдалану электр энергетикасымен байланысты тұлғалар шеңберінің едәуір кеңеюіне алып келеді. Осыған байланысты электр қауіпсіздігі мәселесі ерекше және өте маңызды болып табылады.

Жазатайым оқиғаларды талдау көрсеткендей, адамның электр тогымен зақымдануы қандай да бір себептерге қарағанда әлдеқайда көп екенін көрсетеді. Электрмен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз және апатсыз пайдалану қызмет көрсетуші персоналдың алдына электр қауіпсіздігі бойынша жан- жақты және күрделі міндеттерді қояды. Сонымен қатар, электр қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, электр қабылдағыштар мен энергетикалық қондырғыларды монтаждау, пайдалану және жөндеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға қабілетті білікті персоналды жүйелі түрде дайындау қажет.

Осы оқу құралы қызмет көрсетуші персоналды оқыту бойынша көрсетілген міндеттерді шешугеарналған.

Оқу құралының мазмұны студенттердің электр техниканың, электр аппараттары мен электр жабдықтарының теориялық негіздерін, энергетикалық қондырғыларды монтаждау мен пайдаланудың біліміне негізделеді.

Оқу құралында электр тогының адам ағзасына әсері, аспаптар мен электрден қорғау жабдықтарының құрылымы мен жұмыс істеу принциптері, сондай-ақ электр қауіпсіздігі бойынша талаптарды орындау және жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары туралы мәліметтер жеткілікті түрде көрсетілген.

Оқу құралы Электр қондырғыларын орнату ережелері (ЭҚЕ) мен талаптарын, Электр тұтынушыларды техникалық пайдалану ережелерін (ЭТПЕ), Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін (ҚЕ) есепке ала отырып жасалған.

Әдебиеттер тізімі

1 Белов Н.В. Библия электрика. – Минск: Харвест, 2011. – 640 с.

2 ГОСТ 12.1.038-82 Электробезопасность. Предельно допустимые значения напряжений прикосновения и токов.

3 ГОСТ 12.4.155-85 Устройства защитного отключения. Классификация.

Общие технические требования.

4 Дубинский Г.Н., Левин Л.Г. Наладка устройств электроснабжения напряжением свыше 1000 В. Издание 2-ое. – М.:СОЛОН-Пресс, 2014. – 538 с.

5 Киреева Э.А. Полный справочник по электрооборудованию и электротехнике (с примерами расчетов): справочное издание / Киреева Э.А., Шеретнев С.Н. Под.общ.ред. Шеретнева С.Н. – 2-ое изд. – М.: КНОРУС, 2013.

– 864 с.

6 Кисаримов Р.А. Справочник электрика. Издание 4-е исправ. и доп. – М.: Радио Софт, 2014. – 514 с.

7 Кисаримов Р.А. Монтаж электрооборудования: Справочник. – М.:

Радио Софт, 2014. – 568 с.

8 Правила устройства электроустановок Республики Казахстан (ПУЭ) – Алматы, 2007. – 588 с.

9 Сибикин Ю.Д., Сибикин М.Ю. Электроснабжение. Учебное пособие. – М.: Радио Софт, 2015. – 328 с.

10 Сибикин Ю.Д., Сибикин М.Ю. Монтаж, эксплуатация и ремонт электрооборудования промышленных предприятий и установок. Издание 3-е стереотипное. – М.: Радио Софт, 2013. – 464 с.

11 Сибикин Ю.Д. Охрана труда и электробезопасность. – Изд. 3-е, перераб. и доп. – М.: Радио Софт, 2014. – 448 с.

12 Сибикин Ю.Д. Электробезопасность при эксплуатации электроустановок промышленных предприятий: Учебник для нач. проф.

образования / Ю.Д. Сибикин. – 2-е изд.,испр. и доп. – М.: Академия, 2004. – 240 с.

13 Сибикин Ю.Д. Электрические подстанции. Учебное пособие для высшего и среднего профессионального образования. – 2-е издание. – М.:

Радио Софт, 2014. – 416 с.

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Еңбекті қорғаудың және электр қауіпсіздігінің құқықтық негіздері 4

2 Электр тогының адам ағзасына әсері 7

2.1 Токтің тірі тінге әсер ету ерекшеліктері 7

2.2 Электр тогымен зақымданудың түрлері 7

3 Электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек 13

3.1 Адамды ток әсерінен босату 13

3.2 Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек шаралары 15

3.3 Жасанды тыныс алу 17

3.4. Жүрекке массаж жасау 19

4 Жерге тұйықтау және қорғаныс құрылғылары 21

4.1 Электр тогының жерге ағуы кезіндегі құбылыстар 21

4.2 Қорғаныстық жерге қосу 25

4.3 Жерге тұйықтау есебі 29

5 Электр желілеріндегі бейтарап режимдер 36

6 Электр тораптарыың қауіптілігін талдау 39

6.1 Торап жұмысының қалыпты режимі 40

6.2 Торап жұмысының апаттық режимі 42

6.3 Оқшауланған және терең жерге тұйықталған бейтараптармен

тораптардағы жерге тұйықтаудың қорғаныс қасиеттерін салыстыру 43 7 Электр қондырғыларын пайдаланудың жалпы ережелері 46 7.1 Электр қондырғыларының және қоршаған ортаның жіктелуі 46 7.2 Электр қауіпсіздігін техникалық тәсілдермен және құралдармен

қамтамасыз ету 50

7.3 Электр қондырғыларын оқшаулау 52

7.4 Электр қондырғыларын жерге тұйықтау және нөлдеу 54 7.5 1000 В дейінгі электр тораптарындағы бейтараптарды жерге

тұйықтау жүйелері 58

7.6 Электр қондырғыларын қорғаныстық ажырату 65 7.7 Төмен кернеулерді пайдалану және тораптарды бөлу 69

8 Электр қорғаныс құралдары 71

8.1 Қорғаныс құралдарын жіктеу 71

9 Қолданыстағы электр қондырғыларында жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралары

76 10 Кернеуді ажыратумен жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін

техникалық іс-шаралар 80

11 Электр техникалық персоналға қойылатын талаптар 85

11.1 Персоналды медициналық тексеру 85

11.2 Сыныптамалық талаптар және персоналды жіктеу 88

11.3 Нұсқаулық және оқыту 85

11.4 Электр қауіпсіздігі бойынша білімді тексеру 89

Қорытынды 91