2. Баспасөздегi технологиялық жаңарудың тиiмдiлiктерi
2.2 Қазiргi менеджмент және журналистiң жаңа
Газет бизнесiнiң теориясын талдап, ғылыми зерттеу нысанына айналдырған ресейлiк ғалым С. М. Гуревич былай дейдi:
«Оқырмандардың қазiргi газетке қоятын талаптары – ондағы ақпараттың жеделдiгi, қысқа мерзiмде жарық көруi, беттелу деңгейi, безендiрiлуi мен полиграфиялық орындалуы және басқалардың жоғары болуы – журналистердi жаңа техникалық құралдарға назар аударуға мәжбүр етуде. Осы құралдармен қаруланған газеттердiң бәсекелестiк тайталаста жеңiп шығу мүмкiндiгi жоғары. Редакция қызметкерлерiнiң газеттi даярлау мен шығаруда уақыты мен күшiн үнемдейтiндiгiнiң өзi олардың сапасын жақсартады. Түп нәтижеде газет шығаруға кететiн шығындарды да
азайтуға мүмкiндiк бередi. Сондықтан да редакциялық менеджменттiң басты бағыттарының бiрi газет редакциясында жаңа техникалық құралдар жүйесiн жасау болып табылады»./28, с.169-170/
АҚШ ғалымы, профессор Фриц Верт баспасөздi табысты басқаруға қатысты сегiз мәселеге маңыз берiп, бiрiншi, адам ресурстарын атаса, бесiншi фактор ретiнде, технологияны қарастырады және мынадай кеңестер бередi: техникалық, бағдарламалық қамтамасыз етуде, қызметкерлердi оқыту мен машықтандыруда қаржы жағдайыңыз көтергенiне және өз пайымдауыңызша соңғы деңгейде болуға
ұмтылыңыз, қашан да алға қараңыз: технологиялар туралы хабардар болыңыз, бұл жаңалықтың бәрiн енгiзуге қаражат шашу деген емес, тек қалып қоймау жағын қарастырыңыз,-дейдi./105, с. 18-20/
БАҚ менеджментiне ақпараттық технологиялар не бередi дегенде мына мәселелерге назар аударамыз:
- жұмысты ұйымдастырудың тиiмдi тәсiлi;
- уақыт және қаржы үнемдiлiгi;
- уақытқа және қашықтыққа байланыссыз шешiм қабылдау мүмкiндiгi;
- электронды құжат айналысы;
- экономикалық тиiмдiлiк;
- демократиялық басқару;
- тәжiрибе алмасу, бiлiмiн көтерудiң жаңа мүмкiндiктерi және басқалар.
Қаламы мен ойы жүйрiк журналист қай кезеңде де жоғары бағаланған, бағалана да бередi. «Талант тас жаратының да күмәнсiз.
Бiрақ, заманына қарай журналистiң кәсiби мiндетiн атқаруына көмектесетiн құралдары да көбейiп, толыға түсуде. Соның бiр тобын ғалым С. М. Гуревич «шағын оргтехника құралдарына»/28, с.41/
жатқызады. Солардың қатарында, көшiру құралы – ксерокс, басу машинкасы, диктофон, магнитофон, фотоаппарат, факс, автожауапбергiш және басқалар аталады. Мұның барлығы журналист еңбегiн тиiмдi, әрi икемдi ұйымдастыруға көмектесетiндiгi анық. Оны телефон, пейджер, ұялы телефон, тiптi спутниктiк құрылғы сияқты байланыс құралдары толықтырып жатса нұр үстiне нұр. Ал, журналистiң автокөлiгi болуы тiптi оның қозғалыс еркiндiгiне жол ашып, уақыттан
ұтуына жәрдемдеседi. Мұның барлығы қазiр күнделiктi қажеттiлiкке, мүмкiн жайларға айналды. Қазiргi заманғы журналистiң бес қаруы сай деп айтуымызға негiз де жоқ емес.
Нағыз қаламы жүйрiк, сөзi дуалы, қоғамдық пiкiрге ықпалы күштi журналистер ретiнде ауызға алғаш америкалықтар iлiгедi. «Ең бiрiншi,
ол елдегi журналистиканың техникалық тұрғыдан жарақтануы өте жоғары деңгейде. Телевизиясы да, радиосы да, газет-журналдары да толық компьютерлiк жүйеге енген. Әрi оны журналистерi де өте жоғары деңгейде меңгерген. Бұл – ең басты жетiстiк»,-дейдi Америка сапарынан кейiн ғалым Н. Омашұлы./11, 28-б./
Компьютердiң құдiретi неде, БАҚ-ты ұйымдастыру мен басқаруға не жаңалық әкелдi дегенде, бiрiншi БАҚ инфрақұрылымын өзгерттi деп айта аламыз. Санкт-Петербургтiк ғалым В. В. Ворошилов журналистиканың инфрақұрылымын былай бөледi:
1) техникалық – баспаханалар, радиотелехабарларын тарату техникалық орталықтары, жаздыру мен таратуды жүзеге асыратын байланыс кәсiпорындары;
2) ақпараттық – телеграф, баспасөз, аудиовизуальдi ақпарат агенттiктерi, баспасөз қызметтерi, қоғаммен байланыс бөлiмдерi, жарнама мекемелерi;
3) ұйымдастырушылық-басқару – БАҚ қызметiн реттейтiн, тiркейтiн, лицензия беретiн, заңдар шығаратын мемлекеттiк құрылымдар;
4) оқу және ғылыми орталықтары – мамандар даярлайтын, ғылыми зерттеулер жүргiзетiн, қоғамдық пiкiрдi зерттейтiн ұйымдар./32, с.57/
Осыдан келiп бүгiнгi БАҚ-тың төмендегiдей сызбасын ұсынуға болады:
Қазiргi журналистика осындай кең тармақты және сан-салалы болып келедi. Ол заңды-құқықтық, экономикалық, корпоративтiк және жекеменшiктiк мүдделердiң тоғысындағы күрделi механизм болып табылады және оның беделдi, әрi табысты болуы көптеген факторларға қатысты.
Мұның сыртында қаншама техникалық қызметтер бар. Газет- журналдар үшiн баспахана әлi де жетекшi мәнге ие, үлкен таралымдарды қамтамасыз етудiң бiрден-бiр механизмi. Екi аралықта көптеген дизайн және фото студиялары, баспа үйлерi де бар, олар көбiне жеке қызмет түрлерiн көрсетедi, мысалы, түрлi-түстi суреттердi даярлайды, түске бөледi, газет-журнал үлгiлерiн фотопленкаға түсiредi және басқалар. Сонымен қатар мерзiмдi басылымдардың бөлшек саудасын Үйымдастыратын мекемелердiң де маңызы артып отыр.
Алматы, Астана сияқты iрi қалаларда ондай бiрнеше қызметтер бәсекелестiк жағдайында қызмет көрсетуде. Мысалы, «Дауыс»,
Қазбаспасөз», «АиФ» және «Караван» киоскiлерi газет-журнал мен оқырман арасындағы маңызды дәнекер буын. Сол сияқты басылымдардың көпшiлiк қызмет көрсету орындарында, көлiкте сатылуы да соңғы жылдары бел ала бастады. Сонымен қатар, әлi де болса, негiзгi таралым көзi, әсiресе, республика аумағы үшiн жаздырып алу болып қала беруде. Газет-журналдар бұрынғысынша почта қызметтерi арқылы оқырманына жетедi. Бұл тасымал шығындарын көтерiп жiбергенiмен алыс елдi мекендерге ақпарат жеткiзудiң әзiрге баламасы қалыптаспаған жолы. Сондай-ақ, жаңа тұрпаттағы тәуелсiз басылымдар өнiмiн өткерудiң тағы бiр жолы ретiнде қоғамдық таратушылар қызметiн пайдалануда.
Олар арнайы нүктелерi мен қызметтерi арқылы жеке азаматтармен келiсiмге тұрып, өнiмiн оның өткеруiне бередi. Әр түрлi жолдармен, көбiне тiке сату арқылы қоғамдық таратушы басылымды өткерiп, өзi де табысқа ие болады.
Ал, электронды арналар үшiн ауадай қажет нәрсе – эфирге тарайтын радиожиiлiк, ол тендер арқылы мемлекеттiк комиссияның шешiмiмен белгiлi бiр талаптарға жауап беретiн шығармашылық ұжымдарға ғана берiледi. Лицензия талаптарын бұлжытпай орындауды қадағалап отыратын арнайы комиссия да жұмыс iстейдi. Содан кейiн радиотаратқыштар арнайы мұнараларға орнатылады, яғни техникалық қызмет көрсету орталықтарынсыз тағы да әуе толқынына шыға алмайсыз. Эфирдiң мониторингiн жүргiзу, хабарлардың рейтингiн анықтау де кешендi техникалық құрал жабдықтардың көмегiмен жүзеге асатындықтан мұндай арнайы қызметтердiң көмегiнсiз тағы болмайды.
Желiлiк журналистика да өз қызметiн Интернет провайдерлер арқылы жүзеге асырады. Тiптi, кей басылымдар мысалы, «Панорама»,
«Деловая неделя» iскерлiк газеттерi электронды нұсқаларын таратқаны үшiн азын-аулақ ақы да алады.
Мiне, осындай күрделi мәселелердiң барлығы сауатты менеджменттi, БАҚ технологиясын жетiк бiлудi, есеп-қисап жүргiзудегi ұқыптылықты, шешiм қабылдаудағы көрегендiктi, барлық жағдайларды терең ескерiп, саралауды талап етедi. Онсыз басылым болсын, телерадиоарна болсын, шығынға батып, экономикалық бәсекелестiк жағдайында өз қызметiн қаржыландыра алмауы мүмкiн.
Сондай түрен салар, қажыр-қайрат жұмсар сала – жарнама бизнесi.
Әлемдiк БАҚ-тың мақтаны да, қызғанышы да, тайталасы да, табыспен қатар құлдырауы да осы ұғымға әкеп тiрейтiн көрiнедi. Олар үшiн ақпарат пен жарнама тел ұғым, жарнамаңның өтiмдiлiгi үшiн де ақпаратың жедел, қызықты, тартымды болуы тиiс. Нарық заңдылығы салтанат құрғанда әр
сөзiң табысқа бастар ақ жолды ашуы мүмкiн, бiр қателiгiң құрдымға батырып нарықтан ығыстырып жағаға шығарып тастауы да мүмкiн.
Сондықтан да күнделiктi iздену, аудиторияны зерттеу, ұтымды әдiстер қолдану, жаңалық ашу, оқырманын таңқалдыру – олар үшiн сүйекке сiңген дағды, күнделiктi жұмыс ырғағы.
Қазақстандағы жарнама нарығы туралы ашық мағлұматтар жоқ.
Дегенмен, Ресейдегi тенденциялар бiзге қатысты екендiгiн ескергенiмiз жөн болар. 1999 жылғы мәлiметтер бойынша Ресейде тележарнаманың ауқымы – 600, радиожарнама – 90, ал баспасөз – 650 млн. АҚШ долларына парапар болған. Ресей интернет-технологиялар орталығының мәлiметтерi бойынша Интернеттегi жарнама көлемi жыл сайын еселенiп өсiп келедi, 1999 жылы 2 млн. долларға жуықтаған./114/
Солай бола тұрса да, бұл АҚШ-тың көлемiнен 1000 есе кем екен. 1999 жылы онда 1,9 млрд. доллар жарнама Интернетке тартылған. 2003 жылы Ресейдегi Интернет-жарнама 75 есеге өсiп, 150 млн. долларға жетедi деген болжамдар бар.
Қазақстандағы үрдiс те шамамен осындай, тек ауқымы ондаған- жүздеген есе кем екендiгi айтпаса да түсiнiктi.
Компьютерге дейiнгi кезеңде газет-журнал шығару iсi тiкелей баспаға байланысты едi де, редакцияның функциясы шығармашылық және жоспарлаумен шектелетiн. Үлкен өзгерiс осы арақатынастың бұзылуынан орын алды. Ендi баспахана дайын макет-оригиналдан таралымды көбейтетiн мекемеге айналды, газеттi теру, беттеу, қатесiн түзету функциялары редакцияларға ауысты. БҮл өз кезегiнде газет- журналдардың менеджментiн жақсартуға, қаржысын үнемдеуге түбегейлi әсер еттi. «Қаражат мүмкiндiгi бар iрi редакцияларда қуатты техникамен жарақтанған компьютер орталығын құрады. Мұнда компьютерлiк беттеу жүзеге асырылып, нөмiрдiң материалдары терiледi. …Содан кейiн оны тек баспаханаға таралымын басып шығуға жiберу ғана қалады»./28, с.
175/
Компьютерлiк беттеу қазiргi кезеңнiң озық технологиясы – офсеттi басылым жағдайында ғана жүзеге асады. Өкiнiшке орай, Қазақстанда офсеттi басу машиналары бар баспаханалар көп деп айта алмаймыз.
1994 жылы жарық көрген еңбегiнде Ә. Ыдырысов былай дейдi:
«Фототерiммен теру, офсетпен басу, тiптi аудандық, салалық, биресми газеттердi шығару тәжiрибесiне барған сайын кеңiнен енгiзiлуде.
Мәселен, республикамызда жарық көретiн екi жүз сексенге жуық аудандық газеттiң 21-i фототерiм мен офсетке көшiрiлген, 8 аудандық
газет тарам жүйелерi арқылы облыс орталықтарындағы баспаханаларда фототерiммен терiлiп, офсетпен басылады»./43, 5-б./
Осы мағлұматтар көп өзгерiске ұшырады деп айтудың өзi қиын.
Өйткенi, 1991-1998 жылдар аудандық газеттер, тiптi облыстық, республикалық газеттер үшiн аса бiр қиын кезең болды. Газет таралымдары құлдырап төмендеп кеттi, оны шығаруға кететiн шығындар өстi, қағаз тапшылығы пайда болды, аз қаражаты инфляцияға ұшырады, штаттағы қызметкерлердiң саны да, еңбекақысы да күрт төмендедi.
Осының салдарынан аракiдiк жабылу, шықпай қалу, болмаса аралас тiлде шығу фактiлерi кездестi. Тек соңғы 3-4 жылда ғана тұрақтану нышандары бiлiне бастады. Осы себептi редакциялар техникалық жарақтануға, баспаханалар жаңа техника сатып алуға жағдайы көтермегендiктен үлкен өзгерiс бола қойды деп айта алмаймын.
Ал, офсеттi басусыз компьютер де көмекке келе алмайды. Тiптi облыстың газеттерге дейiн соңғы жылдарға дейiн осы шектеудiң зардабынан әбден ескiрген линотиптiк қорғасын жолдарын теру, шығыңқы баспа тәсiлiмен көбейтiлiп келдi. Мысалы, Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетi соңғы екi жылда ғана технологиялық үрдiске iлiктi. Оның өзi жекеменшiк фирма офсеттi басу машинасын сатып алып, орнатқаннан кейiн ғана мүмкiн болды. Жамбыл облысында Мойынқұм, Тұрар Рысқұлов атындағы, Талас аудандық газеттерi күнi бүгiнге дейiн ескi технологиядан арыла алмай келедi. Жалпы, Жамбыл облысында Тараз қаласында бiрнеше, Меркi, Қордай ауылдары мен Шу қаласында аудандық офсеттiк баспаханалар бар. Бұл да аз мүмкiндiк емес,
ұйымдастыра бiлiп, көзiн тапқан жағдайда аудандық газеттердiң де өркениет көшiнен қалмауына барлық мүмкiндiк бар. Оның да қуатты қозғаушысы компьютер. Мысалы, 1998 жылы Жамбыл облысындағы Жуалы ауданының орталығы Бауыржан Момышұлы атындағы ауылдағы 30-шы жылдары пайдалануға берiлген баспахананы одан әрi пайдалану мүмкiн болмады. Ескi ғимараты құлауға шақ тұрғандықтан жабылды, құрал-жабдықтары тым ескi едi, бiлiктi кадрлар да қалмаған болатын.
Материалдық базасынан айрылған аудандық газет бiраз уақыт жарық көрмей де қалды. Барлық мүмкiндiктердi есептеп аудандық әкiмшiлiкте компьютер сатып алуға қаражат бөлу мәселесiн қарап, шешiп бердi. Бiр компьютер, сканер пен лазерлiк принтер сатып алған редакция теру мен беттеу процесiн өздерi атқарып, басуды Тараз қаласындағы офсеттiк баспаханамен келiстi. Ол үшiн өз мамандарын облыстық «Ақ жол»
газетiнiң базасында оқытып, тәжiрибеден өткiздi. Мiне, сол уақыттан берi Жуалы аудандық газетi үзiлiссiз шығып, аптасына бiр рет өз
оқырмандарына таралып отырады. Газеттiң бет-ажары, полиграфиялық сапасы танымастай өзгерген, редакция Үжымының шығармашылық белсендiлiгi де артқан. Аптасына бiр рет редакцияның көлiгi 60 шақырымдағы Таразға газет нұсқасы түскен мөлдiр пленкамен келiп, қайтарда газет таралымын алып қайтады. Бұл тәжiрибенi қала iргесiндегi Байзақ, 150 шақырымдағы Сарысу аудандық газеттерi редакциялары да iлiп әкетiп, газеттi өздерi компьютермен беттеп, Тараз қаласында бастырып жүр. Сол сияқты Құлан – Меркiде, Мойынқұм – Шуда бастыруға әбден болар едi. Өйткенi, жаңа офсеттiк басу машинасының құны 50000 АҚШ долларының үстiнде тұрады, бiлiктi мамандар да керек. Ауданда мұндай қаражат болмаса да, 1500 долларлық компьютерлiк баспа кешенiне жұмсаған ақшалары қысқа мерзiмде қайтарым берерi анық.
Оның үстiне, аудандық газеттер бұрынғыдай аптасына үш рет емес, бiр- ақ рет шығатынын ескерсек, көлiк шығыны тым мардымсыз болады. Ал, кейбiр аудандық газеттер тiптi айына екi рет жарыққа шығу режимiне көшкен. Қазiргi ақпараттық технология заманының бұл да бiр қарама- қайшылығы. Алматы қаласында қазiр жүзге тарта офсеттi баспаханалар бар, жеке фирмаларға дейiн шетелде iстен шығып қалған ескi жабдықтарды бiзге тасумен әуре, соны iске қосып, табыс тауып отыр.
Әрине бұл техникалық жаңарудың арзан жолы болғанымен, болашақта өскелең талаптарға жауап бередi деп айту қиын. Өйткенi, технологиялық талаптар күшейе түсуде, соның қатарында түрлi-түстi басуды қамтамасыз ету үшiн жаңа үлгiдегi құрал-жабдықтар керек.
Осыған байланысты екi проблеманы алға тартуға болады. Бiрiншi, кейбiр жергiлiктi БАҚ менеджерлерiнiң көрсоқырлығы, жаңа технологиялардың мүмкiншiлiгiн бiлмейтiндiгi және соған
ұмтылмайтындығы. Екiншi, осы салада екшелiп, таразыланған мемлекеттiк саясаттың жоқтығы. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi, оның облыстық басқармалары жергiлiктi басылымдардың мұң-мұқтажынан хабарсыз, шеттеп қалғандығы. Баспа iсiн, бҮқаралық ақпаратты, соның iшiнде оның ең төменгi буынын дамытуда мемлекеттiк қамқорлықты тұжырымдайтын бағдарлама қажет деп бiлемiн.
Осы арада тағы бiр қарама-қайшылық көлденеңдейдi. Бiз әлемдiк журналистикада қашықтық пен шекараны бiлмейтiн жаңа ақпараттық орта қалыптасты деп дәлелдеп бақтық. Ал, әсiресе, аудандық газет журналистерi компьютер көрмесе, онымен жұмыс iстемесе, Интернетке шыға алмаса, жаңа ақпараттық ортаға неге қосамыз? Олардың қаржы мәселесiнде қиналғаны, қысып тастағаны сонша, тiптi қалааралық
телефон байланысына да шыға алмайды. Жаңа технологиялардың мақсат-мұраты да осында: iрi қала мен алыс ауылдағы журналистiң ақпарат алу, тарату мүмкiндiгiн теңдей ету, олардың тәжiрибе алмасуына, оқып-үйренуiне кең жол ашу.
БАҚ-тағы жаңа инфрақұрылымда редакциялардың икемдi жұмыс iстеуiне кең жол ашылды. БҮрынғы беттеу процесi баспаханада болған жағдайда, газетке өзгерiс енгiзу үлкен тауқiмет, шығу кестесiнiң бұзылуы едi. Қазiргi компьютерлiк беттеуде, тың шұғыл ақпаратты дайын бетке енгiзу бiрнеше минуттық шаруа ғана. Барлық жұмыс процесiнiң бiр орталыққа шоғырлануы, еңбек нәтижесiнiң нақты көрiнiп тұруы, оны өзгертудiң икемдiлiгi редакцияларды басқаруда көп жеңiлдiк туғызды.
«Электроника бұрын едәуiр уақытты талап ететiн – беттi қайта беттеп шығу, терiмнiң енiн өзгерту сияқты безендiру амалдарын бiрнеше минуттың iшiнде экранда жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.»/28, с.172/
Жұмысты ұйымдастырудың озық тәсiлi ретiнде ғылымда электронды құжат айналысы деген ұғым қалыптасты, ол да жаңа технологияның тiкелей жемiсi. Жұмыс күшiнiң жаңа моделi – флекстаймерлiк (flextime – еркiн жұмыс уақыты) қалыптасты. Батыста жаппай қолданысқа енген бҮл тәсiлдер қазақ журналистикасын да жаулап алатынына еш күмән жоқ.
Яғни, ақпараттық ғасыр заманының журналисi редакцияда шұқшиып қағаз сапырып отыруы, бастықтың алдында қол қусыруы, болмаса мың сан жағдайын айтып, уақытын алуы мiндеттi емес. Барлық тапсырма, мiндеттерiн электрондық почтасы арқылы бiлiп отырады. Нөмiрге қандай материалдары кетiп барады, алда не жазуы керек, кезекшiлiгi қашан, болмаса бастығының туған күнi қалай аталып өтiледi, кiмде не жаңалық бар – бәрi де электронды айналымда, компьютер экранында. Тiптi, жұмыстан босап қалғандығың туралы жаманат хабарды айту үшiн де редактор сенi кабинетiне шақырып жатпайды, қарсылығың болмаса, құжаттарыңды басқалар қолыңа табыс етедi, не салып жiбередi, ақшалай есеп айрылысуың электронды карточкаңа түседi, бухгалтерияға кiрiп те уақыт жоғалтпай, электронды офисыңнан шықпай жұмыс iздестiресiң.
Дамыған елдерде компьютер журналистiң маңызды жұмыс құралы ғана емес, электронды кабинетiне де айналған, жұмыс iстеу кестесi өзiне қалай ыңғайлы болса, солай пайдаланады. Редактор үшiн оның мақаласын редакцияда тапжылмай отырып, не теңiз жағажайында жатып жазуы маңызды емес, белгiленген уақытынан кешiктiрмей, сапалы дүние берсе болғаны.
Тағы бiр маңызды фактор – нөмiрдi жоспарлау мен беттеу икемдiлiгiнде. Ақпараттар тасқынынан маңызды оқиғаларды екшеп
отырған басшы неге назар аудару керектiгiн икемдi жоспарлай алады және оқиғаны даму барысында көрсетуге тырысады. Мысалы, түс кезiнде тосын оқиға болды. Журналист оның себеп-салдарын толық ашып көрсетуiне уақыт керек. Мұндай жағдайда ол шығу кестесi мүмкiндiк беретiн соңғы минутқа дейiн журналистiк iзкесумен айналысады да, ең соңғы жаңалықты қашықтықтан-ақ жазып жiбередi, оның файлы бiрден бетке түсiрiлiп, мақаласы оперативтi жарық көредi.
Редакцияларда жаңа менеджмент дүниеге келуiмен қоса, журналистердiң кәсiби шеберлiгi артты, ұдайы бiлiмге Үмтылысы пайда болды, табысы, жалпы тұрмысы, менталитетi, этикасы мен эстетикасы өзгерiске ұшырады. Ғалымдар болашақта да аналитикалық және синтетикалық ойлау жүйесiнде болатын өзгерiстер ақпараттық
«жарылысқа» негiз қалайтындығын болжауда.
Ақпарат жинау мен таратудың жаңа озық тәсiлдерi қай уақытта болсын журналистiң жұмыс iстеу тәсiлiне тiкелей әсер етiп келген. Сол тұрғыдан алғанда қазiргi технологиялардың қозғаушыларының бiрi, американ iскерi, әрi программист Билл Гейтс «желiлiк жұмыс стилi» деген түсiнiктi насихаттап жүр. Яғни негiзгi ақпарат көзi, шешiм қабылдауда
ұстанар бағыт, күнделiктi iс жоспарлау мен жүргiзудiң барлығы желi арқылы қашықтан жұмыс iстеуге жағдай жасайды. Компьютер мен компьютерлiк желi айнымас еңбек құралына айналады. Бүгiнгi күннiң стилiн ғалымдар «теледидарлық стиль» деп бағалаған. Өйткенi, негiзгi ақпаратты телеэкраннан алып қана қоймаймыз, қосымша болса да сауда жасауымызға тележарнама әсер етедi, саяхатқа, демалуға шығатын болсақ та, теледидарда ұнатқан жерлерде болуға ұмтыламыз.
Дүниежүзiлiк БАҚ аудиториясын зерттеулер де ақпараттың 45 пайызы телеарналар арқылы таралатындығын көрсетуде. 2000 жылғы 15 қараша мен 5 желтоқсан аралығында үлкен қалаларда сұрау салу жолымен және Интернет жүйесi арқылы дүниежүзiлiк Planet Project жобасы жүзеге асырылды. Оның нәтижесi де халықтың 40-45 пайызы негiзгi ақпаратты теледидардан алатындығын көрсеттi.
Республика Президентi Н. Ә. Назарбаев ҚазМУ студенттерi алдында мынадай да ой-тұжырымдарын ортаға салған едi: «Қазақстанның оқу жүйесi бiлiм беру қызметiнiң әлемдiк рыногы мен еңбек рыногына шығып келедi. ХХI ғасырдың табалдырығы алдында бiлiм беру капиталға айналуда. Оның өзi маңыздылығы жөнiнен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуға да тиiс. Елдiң даму деңгейi осы арқылы бағаланатын болады»./3, 103-б./
Қазiргi көп журналистерiмiз заманның өскелең талаптарына толық жауап бере алады деп айта аламыз. Соның қатарында журналистиканың теориясын жетiк бiлiп қана қоймай, оны күнделiктi жұмысында кең қолданып, әр түрлi жанрларға, соның iшiнде күрделi аналитикалық тақырыптарға қалам сiлтейдi, мақаласын компьютерге түсiрiп, редакциялайды, суреттер мен басқа да толықтыратын материалдар
ұсынады. Ал секретариат қызметкерлерi, баспа iсiн жоспарлау мен шығарудың бүге-шiгесiн бiлiп қана қоймай, өздерi де газет беттеу, көркемдеу процестерiне еркiн араласады, дизайнерлiк талғамы бар, кеңiстiк пен сұлулық, тиiмдiлiк пен көркем эстетика ұғымдарын терең меңгерген. Әрине, үлкен қаладағы мен алыс ауылдағы журналистердiң кәсiби бiлiктiлiгi мен санатын салыстыруға болмас, дегенмен сол аралықты жақындастыруға ықпал ететiн бiрден-бiр күш жаңа ақпараттық технологиялар. Оны жетiк меңгерудiң де жолы бiлiмiн ұдайы көтеру, Интернет әлемiне ену, тiлдердi үйрену.
Ашық қоғамдағы демократиялық және адамгершiлiк құндылықтар, нарық жағдайындағы бәсекелестiк, техникалық және технологиялық жаңа шешiмдер қазiргi заманғы журналистiң еңбегiне жаңа талаптар қоюда, бiлiктi мамандарға сұраныс та өсе түсуде. Сонымен, бұқаралық ақпарат құралдары қандай журналистерге зәру, маман даярлауда баса назар аударар мәселелер қандай?
Қазiргi заманғы журналистiң бес бiлiгi ретiнде мынадай ерекшелiктердi айтуға болады:
1) ақпаратпен жұмыс iстеу машығының болуы. Бұл бiрiншi кезекте ақпаратты алу, өңдеу, тексеру және тарата бiлу болса, журналистiк зерттеулер, талдаулар үшiн сараптау, салыстыру, әлеуметтiк және ғылыми өңдеудi қамтиды. Яғни, қысқа ақпаратты хабардан бастап журналистiк iзкесуге дейiнгi аралықтағы технологияларды терең меңгеруi абзал, шұғыл шешiм қабылдауға бейiм болғаны жөн.
2) заңды және экологиялық сауатының болуы. Халықаралық нормаларды, республика заңдары мен өзiнiң кәсiби және азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн терең түсiнген журналист қана оқиға мен дерекке байыпты баға берiп, обьективтi пiкiрiн бiлдiре алады. Ал, ғаламдастыру үрдiсi адамзат алдына жаңа мiндеттер қоюда, онда ұлттық, аймақтық, жеке бастың мүдделерi сақталмаса, ескерiлмесе жаңа қақтығыстар мен қарама-қайшылықтардың туындау қаупi бар. Оның сыртында БАҚ-қа әлеуметтiк, қаржы-экономикалық топтар мен мүдделер тарапынан қысым күштi, жаппай коммерцияландыру үрдiсi басым, кiрiгу (конвергенция) де бел алуда. Байлық пен кедейшiлiк, бiлiмдiлiк пен
сауатсыздық арасындағы алшақтық кемiген жоқ, керiсiнше, алшақтап барады. Мiне, осының барлығы журналистен берiк ұстанымды, азаматтық мүдденi, биiк адамгершiлiк мақсат-мұраттарына сүйенуде талап етуде. Ол заң, әдеп, дәстүр-салт нормаларын бiлу мен сыйлаудан тұратыны бәсенеден белгiлi.
3) жаңа техника мен технологияларды жатсынбауы. Бүгiнгi қоғамдық қатынастардың негiзгi қозғаушы күшi технологиялық төңкерiс деп танылуда. Ол 70-80 жылдары бой көрсетсе, 90 жылдары қарқынды дамып, барлық салаға өзгерiс әкелдi. Танымалы әлеуметтанушы Рей Керзвейл (Ray Kurzweil) «техникалық прогресс келесi ғасырдың алғашқы екi онжылдығында бүкiл 20-шы ғасырда жүрген жолын жүрiп өтедi, /115/
деген сәуегейлiгiн бiлдiрген. Яғни, журналистиканы да үлкен технологиялық өзгерiстер күтiп тұр. Қазiргi компьютердiң күш-қуаты дауысты тану, дауыс арқылы басқару бағдарламаларын дүниеге әкелдi.
Таяу уақытта ол жаппай қолданысқа енетiнiне ешқандай күмән жоқ. БҮл да журналистiң жұмыс стилiне әсер етiп, еңбегiн өнiмдi ететiн факторлардың бiрi. Ал, таяу болашақта жасанды интеллект дәрежесiнде адаммен қарым-қатынас жасайтын бағдарламалар дүниеге келмек. Тең дәрежеде сөйлесiп, ой таластыра алатын, бiр тiлден екiншiсiне жатық аударатын компьютер роботтар қазiрдiң өзiнде бар. Бұдан шығатын қорытынды журналист технологиялық прогрестiң насихатшысы болумен қатар, оның тұтынушысы болуы абзал. Бұл журналист мамандарын даярлауда да ескеретiн жайлардың бiрi болар. Ертеңгi күннiң маманы – бүгiнгi аудиториядағы студенттер.
4) бiлiмiн күнделiктi толықтыруы. Өйткенi, ақпараттар тасқыны мен технологиялық өзгерiстер заманында бiлiмсiз қадам баса, шешiм қабылдап, ой айта алмайсың. Өз бетiнше бiлiмiн көтеру дағдысы бойына сiңiп, қалыптасқан маман ғана бәсекелестiк ортаға бейiмделiп, мақсат- мұраттарын жүзеге асыра алады. Америкалық педагог Филипп С. Шлехти кең көлемдi сұрау жүргiзiп, iскерлерге, жұмыс берушiлерге, әр түрлi дәрежедегi басшыларға «Мектептен не нәтиже күтесiз?»-деген сауал қояды. Сонда жауап қайтарғандардың барлығы дерлiк «бiзге өз бетiнше оқып, бiлiмiн көтере алатын адамдар керек»/116/ деп жауап қайтарады.
Осы қоғамдық пiкiрдiң артында үлкен мағына жатқандығын өмiр тәжiрибесi де көрсетуде.
5) командамен жұмыс iстеуi. «Жалғыздың аты да, шаңы да шықпасын» қазақ бұрыннан-ақ айтып өткен. Қанша талант болсаң да, оңашада ой таластырмай, додалы көпшiлiкте тартысқа түсетiн, қолдауы мен қызғанышы, кеңдiгi мен тарлығы, әдiлдiгi мен әдiлетсiздiгi қатар