• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қалыпты асқазан сөлінің химиялық құрамы 2.Асқазан сөлінің тұз қышқылының ролі

3.Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөлігі , олрадың пайда болу себебі.

4.Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері , олардың патология кезінде өзгеруі.

5.Асқорыту жолдарында белоктардың қорытылуы, бұл процесске қатысатын ферменттер, оларға сипаттама ( тақырып бойынша глоссарий – ағылшын, орыс тілінде, жауаптарын электронды вариантта өткізу)

6.Белоктардың гидролиз өнімдерінің сіңірілуі

7. Белоктардың ішекте шіруі, улы заттардың залалсыздануы.Залалсыздану әдістері мен орны.

2. Аралық бақылау жазбаша бақылау түрінде өткізіледі. Билетте 5 сұрақ берілген (5-ші сұрақ практикалық дағдыны тексеру үшін берілген есеп, соның ішінде лабораториялық жұмыс бойынша)..

3.видеоәдіс- «Атеросклероз» фильмі көрсетіліп біткен соң дискуссия жүргізіледі.Дискуссия сұрақтары:А) модификацияланған липопротеидтер дегеніміз не? Б) атеросклероз үрдісінің негізі не? Процесс қалай басталады және бұл процесске қандай қан тамырлары ұшырайды? В) қан тамырларының өзгеріске ұшыраған бөліктерінде қандай өзгерістер байқалады? Г) көпіршік жасушалар дегеніміз не? Д) атерогенез процесінде атерогенді және антиатерогенді липопротеиндердің рөлі? Е) неге зақымданған қан тамырларында тробм түзілуі байқалады?

4. Сабақты қорытындылау- баға қойылады.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006. – 113-136 б.

2. Уатқан С., Өмірзақова К.К. «Заттар алмасуы», - Алматы, 2004 ж. – 157-161 ; 199-212;

235-258 б

3. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004 – С.363-404

4. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С.287-326 5. Северин Е.С. «Биологическая химия» - М., 2008 – С.364-431

4.. Медицина и здравоохранение в России-адрес http://dlib.eastview.com 5. Elsevier –адрес www.sciencedirect.com.

6. THOMSON REUTERS-адрес www.webofknowledge.com.

7. КОКРАНОВСКАЯ БИБЛИОТЕКА и др.

Қосымша:

1. ТапбергеновС.О., ТапбергеновТ.С., «Медицинская и клиническая биохимия» Павлодар, 2004 2. Мари Р., Гриннер Д., Мейес П., Родуэлл В. «Биохимия человека», 2003

3. Кольман Я., Рем., К-Г., «наглядная биохимия»., М..: Мир,2004

4. Биохимия . Тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. член- корр., РАН, проф .Е.С. Северина.- М.,2005

5. Биохимия в вопросах и ответах под ред. член-корр., НАН РК, д.х.н. проф .С.М. Адекенов- Астана ,2003

Бақылау

Бұл сабақ бойынша компетенцияларды бағалау әдістеріне кіреді:

Білім компетенциясын бағалау: - жазбаша бақылау жұмысы бойынша;

- практикалық дағдыға дискуссия сұрақтарына жауап беру арқылы іске асады.

Сұрақтар:

1. Тағам липидтері, олардың жіктелуі, маңызы.

2. Тристеариннің химиялық табиғаты, ТАГ маңызы, қорытылуы, ТАГ-тың гидролиз өнімдерінің сіңірілуі.

3. Фосфолипидтердің химиялық табиғаты, жіктелуі, маңызы, қорытылуы, ФЛ-ң гидролиз өнімдерінің сіңірілуі.

4. Стериндердің химиялық табиғаты, жіктелуі, маңызы, холестериннің сіңірілуі.

5. Холестеридтердің химиялық табиғаты, қорытылуы, гидролиз өнімдерінің сіңірілуі, холестериннің маңызы.

6. Көп қанықпаған май қышқылдары (КҚМҚ), өкілдері, маңызы.

7. Ішек қуысында жүретін үрдістер.

8. Мицелла, түзілетін орны, құрамы, сіңірілгеннен кейнгі өзгерістері.

9. Өт қышқылдарының химиялық табиғаты, маңызы. Жұп өт қышқылдары, өкілдері, маңызы.

Өт қышқылдарының энтерогепатикалық айналымы, оның маңызы.

10. Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының, өкпенің, бауырдың, май тінінің ролі.

11. Хиломикрондар, түзілетін орны, құрамы, маңызы, ағзадағы өзгерістері.

12. Липопротеидтер, түрлері, құрамы, ағзадағы өзгерістері мен маңызы.

13. Липидтердің тасымалдану түрлері, олардың бір-бірінен айырмашылықтары. ТТЛП мен ЖТЛП – ның құрамы мен липидтер мен холестеринді тасымалдауындағы ролдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

14. Хиломикрондар және ЛП, құрамы мен қызметтеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

15. БМҚ мен глицериннің анаболикалық реакцияларға пайдаланылуы.

16. ТАГ пен ФЛ биосинтезі, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

17. Фосфатид қышқылының химиялық табиғаты, оның пайдаланылу жолдары.

18. ФЛ-дің липотроптық әсері.

19. Липогенез, липолиз, липонеогенез, түсініктер, бұл процестердің маңызы, қандай мүшелерде бұл процестер көп жүреді. Қандай жағдайларда және қалай липонеогенез жүреді?

Липидтердің гидролиз өнімдерінің бауырға түсу жолдары (кестемен көрсетіңіз).

20. Ағзадағы глицериннің өзгерістері. Глицерин тотыққанда түзілетін АТФ санын есептеңіз.

21. Глюкозаның бір молекуласының синтезіне қанша глицериннің молекуласы жұмсалады (глицериннен глюконеогенезді кестемен көрсетіңіз).

22. Жасушадағы БМҚ өзгерістері: пальмитин, олеин, стеарин, С19Н39СООН қышқылдарының тотығуы, бұл қышқылдар тотыққанда түзілетін АТФ санын есептеңіз.

23. Қан тамыр ішілік липолиз, маңызы.

24. БМҚ, жіктелуі, әр түрлі БМҚ-ың тотығу әдістері.

25. КҚМҚ-ның пероксидтік тотығуы.

26. Антиоксиданттық қорғаныс жүйесі, оның негізгі компоненттері, маңызы.

27. Тристеарин, трипальмитин, дистеаропальмитин тотыққанда түзілетін АТФ санын есептеңіз..

28. Ацетил-КоА-ның түзілу және пайдаланылу жолдары.

29. Липидтер алмасуындағы ҮКЦ, БТ, ТФ ролі.

30. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері, қандай процестер нәтижесінде олар түзіледі.

31. БМҚ синтезі, реакциялардың жүйелілігі. Қанша АТФ пен НАДФН2 пальмитин, капрон қышқылдарының синтезіне жұмсалады?

32. Кетон денелерінің биосинтезі, химиялық табиғаты, ағзадағы пайдаланылуы.

33. Кетогенездің күшеюінің себептері, ол неге әкеледі.

34. Холестериннің синтезі, сатылары (1 сатысын формуламен жазыңыз).

35. Кетон денелері мен холестериннің синтезіндегі ортақ реакциялары, ортақ аралық өнімінің пайдаланылуы неге байланысты?

36. Холестериннің алмасуы.

37. Холестериннің ағзада тасымалдануы.

38. Холестериннің алмасуы мен айналымындағы бауырдың ролі.

39. Липидтер алмасуының бұзылуы (атеросклероз, өт-тас ауруы, стеаторея, семіздік, бауырдың майлануы).

40. Ағзадағы эссенциалды май қышқылдарының атқаратын ролі.

41. Эйкозаноидтар дегеніміз не?

42. Қандай заттар эйкозаноидтардың синтезі үшін бастапқы субстраттар болады?

43. Эйкозаноидтардың жіктелуі мен номенклатурасы.

44. Эйкозаноидтардың әсер ету механизмі қалай жүзеге асады?

45. а) Простагландиндердің (РGЕ2,РGҒ2a,, РGА2) 46. б) простациклиндердің РGI2

47. в) тромбоксандардың ( ТХА2, ТХВ2,)

48. г) лейкотриендердің (LТА, LТВ, LТС, LТD) негізгі физиологиялық әсерлері.

49. Эйкозаноидтардың атеросклероздың, асқазан жарасының дамуындағы ролі.

50. РG синтезінің дисбалансы қандай аурулардың дамуына әкеледі?

Простагландиндердің түзілуі мен жұмсалуының бұзылуы қалай білінеді?

51. Омега-3 КҚМҚ әсерінен қан плазмасындағы ТАГ пен ТӨТЛП деңгейінің төмендеуінің механизмі.

Омега–3 КҚМҚ-ның антиатеротромбогендік, антиритмогендік эффектілері.

№5 (20) Сабақ

1. Тақырыбы:Белоктар алмасуы. Белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының сіңірілуі.

Асқазан сөлі: қалыпты жағдайдағы құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері, патологиялық

жағдайда ауытқуы. Ішекте белоктардың шіруі, ағзада белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру.

Асқазан сөлінің қышқылдылық түрлерін анықтауды және асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктеріне сапалық реакцияларды демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.

2. Мақсаты:

1.Студенттерде белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының ащы ішекте сіңірілуі туралы білім қалыптастыру;

2. Тоқ ішекте белоктардың шіруі, белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру туралы білім қалыптастыру.

3. Студенттерде қалыпты және патологиялық жағдайлардағы асқазан сөлінің физико- химиялық қасиеттері мен құрамы, асқазан сөлін талдау әдісі туралы білім қалыптастыру.

4. Интернет және кәсіптік әдебиетпен жұмыс істеу кезіндегі студенттердің аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.

5. Жаңа түсініктер мен терминдерді еңгізу.

3. Оқыту міндеттері:

1. АІЖ белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының сіңірілуі және белоктардың тоқ ішекте шіруі үрдістерін талқылау.

2. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері мен құрамын, және олардың патологиялық жағдайларда өзгеруін қарастыру.

3.Студенттердің асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері мен құрамы туралы алған білімдерін патологиялық кездегі АІЖ-ң функционалдық күйін түсіну үшін қолдана білуге үйрету.

4. Студенттерге асқазан сөлінің қышқылдығын және патологиялық құрамдас бөліктерін анықтай білуге үйрету.

5. Асқазан сөлінің қышқылдығы, тұз қышқылының дебит-сағаты, гиперхлоргидрия, гипохлоргидрия, ахилия, белоктардың шіруі, эфиркүкірт қышқылдары, эфирглюкурон қышқылдары

6. Интернетте мәлімет іздеу және кәсіби әдебиетті оқу үшін студенттерді ынталандыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері және химиялық құрамы.

2. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының рөлі.

3. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері, пайда болу себептері.

4. Асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттерінің патологиядағы өзгерістері.

5. АІЖ-дағы белоктардың қорытылуы, бұл үрдістерге қатысатын ферменттер, оларға сипаттама.

6. Амин қышқылдарының сіңірілуі.

7. Белоктардың ішекте шіруі, улы шіру өнімдерінің залалсыздануы. Залалсызданудың жүретін орны мен әдістері.

5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

Аралас, комбинирленген тәсіл қолданыланады: видеотәсіл қосылған ауызша сұрау, блиц- сұрақтар, жазбаша түрде бақылау, шағын топтарда жұмыс жасау.

Оқыту құралдары: кестелер, сызбанұсқалар, тест тапсырмалары, видеофильм (кафедралдық компьютерде)

Бағаланатын құзырлылылар

- білімді құзырлылылық бағалау ауызша сұрау, кіші топтармен жұмыс жасау,

жазбаша жауап алу, үй тапсырмасын (жаттығулар, жағдайлық есептер және тесттер) тексеру арқылы жүргізіледі;

- дағды құзырлылысын бағалау зертханалық жұмыстың орындалу барысында;

1. Сабақты ұйымдастыру- сабақтың міндеттері мен мақсатымен танысу. Күрделі сұрақтар бөлек