модификациялық теледидарлар, ұялы телфондар табылады. Қазіргі кезде өндірістік жиіліктегі магниттік өрістердің зиянды әсер етулері туралы соңғы мәліметтерге байланысты қауіптің көздері ретінде электрсымды электр пештер, электр грильдер, үтіктер, тоңазытқыштар (жұмыс істеп тұрған компрессорда) және басқада тұрмыстық электр приборлар есептеледі.
Жердің электромагниттік өрісі-адам өмірінің керекті жағдайы. Біздің планетадағы өмір элекромагниттік сәулеленулермен және барлығынан бұрын Жердің электромагниттік өрісімен өзара әсер етуден пайда болды. Жердің электромагниттік сферасы негізінен планетаның өзінің электрлік (Е= 120...150 В/м) және магниттік (Н= 24...40 А/м) өрістерімен, сонымен бірге атмосфералық электрмен, күннің және галактикалардың радио сәулеленулерімен, жасанды көздердің (қуатты радио стансалардың, өндірістік электр термиялық жабдықтың, зерттеу қондырғыларының, өлшегіш және бақылағыш құрылғылардың және т.б.) өрістерімен анықталады.
16 Өрт қауіпсіздігі
От алау деп – жаңғыш зат үстінде пайда болған газдың немесе будың тез жанып кетуін айтады. Заттың үстінде жиналған газ немесе бу жанатын ең төменгі температураны сол заттың аталу температурасы деп атаймыз. От алау температурасы жаңғыш заттардың өрт қауіптілігі жөнінде негізгі көрсеткіш болып есептеледі. Осыған сәйкес барлық жанатын заттар өрт қауіптілігі бойынша екі топқа бөлінеді.
1. тез тұтанғыш сұйық
2. жаңғыш сұйықтар от алау температурасы
- жану дегеніміз – тұтандыру көзінің әсерінен туатын жану процесі.
- тұтану дегеніміз жалын пайда болған жану процесі.
- өздігінен жану деп – жаңғыш заттың сыртқы тұтандыру көзісіз пайда болған жану процесін айтады.
- өздігінен тұтану жалын пайда болатын өзінен өзі жану процесі.
Жарылу – жылу және газ заттарын шығарып қирату процесін туғызатын өте тез жану процесін айтады. Жарылғыш заттар газ, бу, шаң түрінде болады.
Бұл заттар ауада олардың тек белгілі концентрациясы болғанда ғана жарылады.
Жаңғыш сұйық заттардың өрт қауіптілігін анықтайтын факторлардың бірі температуралық шегі болып есептеледі.
Төменгі температураның тұтану шегі деп – сұйық заттың қаныққан буынның қоспасы болып табылады.
Барлық өрт қауіпсіздігінен орындалатын шаралар төмендегідей болып бөлінеді:
а) кәсіпорынды жобалаған кезде болатын техникалық шаралар, олар: 1) ғимараттың өртке төзімділігін анықтау;
2) ғимарат подъездерінің жобалануы;
3) ғимараттардың өртке қарсы ара қашықтығын ескеру;
4) ғимаратты найзағайдан қорғау;
б) Эксплуатациялық шаралар: 1) ұйымдастыру шаралары; 2) режимдік шаралар.
Техникалық шаралар. Барлық ғимараттар, егер ірі кешендер болса, жел тұруына байланысты салынады. Өрт қауіпсіздігі бойынша барлық кәсіпорындарының орналасу арақашықтығы өндіріс категориясына байланысты есептелінеді.
Өндіріс категориясы: А – жарылу қаупі бар; Б,В - өрт және жарылу қаупі бар; Г,Д,Е- өрт қаупі бар. Барлық ғимараттар екіге бөлінеді: 1) өрт қаупі бар,
Сонымен, өрт қаупіне қарсы ара қашықтықтар (минималды ара қашықтық – 9 метр, егер А және Б өндіріс дәрежесі болса 60 м астам) таңдап алынады.
Өрт болғанда құрылыс материалдары мен конструкциялардың өз қалпында сақталу қасиеті - өртке төзімділік дәрежесі деп аталады. Ол өртке төзімділік шегімен және құрылыс материалдың жану тобы бойынша анықталады.
Өртке төзімділік шегі дегеніміз өрт болған жағдайда құрылыс материалдардың конструкциялардың еш өзгеріссіз тұру уақыты.
Максималды – 4 сағат, өртке қарсы қоршаулар, 2-сағат – жай қоршаулар өртке қарсы тұра алады. Жану тобы:
а) жанбайтын құрылыс материалдар (өрт болған кезде жанбай түтіндейді, егер өрт көзін сөндірген жағдайда түтіндеу процесі аяқталады);
б) қиын жанатын – жануы мүмкін бірақ өрт көзін тоқтатқан жағдайда түтіндену процесі жалғаса береді;
в) жанатын (егер өрт көзін сөндірсе де жана беретін құрылыс материалдар).
Өрт төзімділігінің 5 дәрежесі бар: 1 - ең қымбат құрылыс материалдар, бұл құрылыс материалдар өрт болған кезде 2,5 сағат өртке төзе алады (А өндіріс дәрежесі); Өндірістік кәсіпорындарда 3-4 дәрежелі өртке төзімділігі 1,5 сағат құрайды (қиын жанатын және мүлдем жанбайтын құрылыс материалдар).
Өрттің алдын-алу бойынша жасалатын шаралар:
а) жұмысшыларға нұсқау беру;
б) өрт сөндіру әдістері мен заттары.
в) адамдарды өрт болған кезде қауіпсіз эвакуациялау.
Су – жоғары жылуды өзіне сіңдіру қасиетіне байланысты тотықтандырғыш концентрациясын азайтады. Кемшіліктер: ток өткізгіштігі, судың тығыздығы жоғары болғандықтан органикалық сұйықтықтарды сөндіре алмайды, қысқы мерзімде су қатып тайғақ мұзға айналады.
Су құбырлары бар қалаларда өртке қарсы арнайы су құбырлары бар:
- сыртқы, барлық ірі кәсіпорындарда бар. Бұл су құбырлары ғимараттың периметрі бойынша орналасқан, әр 100 м сайын жер асты, не болмаса жер үстін гидранттар (құдықтар, люктер) орналасқан;
- ішкі, ғимарттардың ішінде. Бұл су құбырлары ғимарат коридорында белгіленген ара қашықтықта, төменде орналасқан арнайы крандармен жабдықталған су құбырлары .
Су ғимарттарда арнайы автоматикалық спринкерлік және дренчерлік өрт сөндіргіштерінде пайдаланылады.
Спринкерлік кранның басы тез жанатын пластиктен жасалған, ол арнайы температурада балқып 9- 12 м.кв. жерге су шаша алады.
Дренчерлік бүкіл ғимаратқа су шаша алатын кран. Бұл кран өрт болатынын хабарлайтын құрылғы көмегімен іске қосылады.
Көмірқышқыл – араластыру қасиеті бар, яғни оттектің және жақсы диэлектрик болғандықтан электр қондырғыларды сөндіруге қолданады.
Өрт сөндіргіштер: ОУ -2,8,5,,32,40 (2,8 ...40 - өрт сөндіргіштің көлемі).
Көпіршіктіктер ауамеханикалық және химиялық болады. Ауа механикалық көпіршіктіктер арнайы генератордан п.б. Мұндай өрт сөндіргіштермен электрқондырғыларды сөндіруге болмайды. Өрт сөндіргіштер негізінен ауа-көбікті, ұнтақты, көмірқышқылды, хладондық болып бөлінеді (16.1 сурет).
а) б) в) г) а) ауа көбікті, б) ұнтақты, в) көмірқышқылды, г) хладондық.
16.1сурет – Өрт сөндіргіштер
Металдар мен хлорид қоспасынан жасалған ұнтақтар да өртті сөндіреді.
Бұлар өте жақсы диэлетриктер - өртті тез арада сөндіріп қондырғыларды коррозияға ұшыратпайды. Авиацияда кең көлемде қолданылады. Өрт сөндіргіштер: ПСБ -3, ПФ, П-1А.
Голлоидо – көмір сутектері, бұл сұйықтық, жақсы диэлектрик тотықтандырғыш концентрациясын төмендетеді; 60 C0 қатпайды; ингибитор, яғни өрт процесін тез таралуына жол бермейді. Бірақ олар өте қымбат болады.
Жиі, қоспаларды көмірқышқылдармен араластырып жасайды. Бұл қоспалар арзан және жоғарыда айтылған барлық қасиеттерге ие. Өрт сөндіргіштер көтеріп жүретін және жылжымалы болуы мүмкін 16.2-суретінде көрсетілген.
а) б)
16.2сурет –Жылжымалы (б) және көтеріп жүретін (а) өрт сөндіргіштер Көтеріп жүретін өрт сөндіргіштер аспалы кронштейнде немесе өрт сөндіру құралдарының шкафтарында орналасуы керек.
16.3сурет – Өрт аспаптары және құралдарының арнайы щитта орналасуы Кәсіпорындардың өрт және жарылу қауіпсіздік дәрежелеріне байланысты, СНИП (ҚНЖЕ) бойынша адамдарды ғимараттардан эвакуациялау уақыты орнатылған:
- 0,75минут – А дәрежесі үшін;
- 1,25 минут - Б және В дәрежесі үшін;
- 3 минут - Г дәрежесі үшін;
- 3 минуттан астам оқу орындары үшін.
Эвакуациялық шығу жолдары деп - сыртқы шығатын шығу жолдары немесе баспалдақ торына апаратын ( ол жол сыртқа шығатын жолдар болуы тиіс) жолдарды айтамыз. Жұмыс орны мен шығу есігінің ара қашықтығы 60 м аспауы қажет. Барлық ғимараттарда міндетті түрде эвакуация жолдары, шығу есіктерінің көлемі есептеліп ҚНЖЕ (СНИП) бойынша салыстырылады.
17 Қауіпсіздік техникасы
17.1 Электромонтажды жұмыстар кезіндегі техника қауіпсіздігі