• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСТЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЖАҢАЛЫҚТАР

CHANGES AND NEWS IN THE CRIMINAL CODE

Зиябекова Г.З.

Ziyabekova G.Z.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан M.Auezov South Kazakhstan State University, Shymkent, Kazakhstan

asb8008@mail.ru Резюме:

С 2015 года в Казахстане действует новый Уголовный кодекс. Его принятие было обусловлено необходимостью создать новые уголовно-правовые институты и модернизировать действующие механизмы правовой защиты. Новый институт в УК – уголовные проступки. Эффективность этого института подтверждена общемировой практикой. В частности, двухзвенная система уголовных правонарушений (проступков и преступлений) предусмотрена уголовными кодексами Германии, Испании, Австрии, Голландии, Норвегии, Чехии, Албании, Литвы, Латвии, Турции. Важно отметить, что совершение проступков не влечет за собой судимость. Максимальная мера наказания за них – арест сроком до 90 суток. Теперь по УК для рецидива будет учитываться только непогашенная и неснятая судимость за тяжкие и особо тяжкие преступления, без учета судимостей за менее тяжкие преступления. Более того, из УК исключены правила назначения наказания при рецидиве.

Если ранее суды обязаны были при назначении наказания подсудимым с рецидивом придерживаться правил не менее 2/3 или 3/4 от верхнего предела лишения свободы по статье, то сейчас такого нет.

Действующий УК смягчил наказание почти по каждому третьему составу. Путем расширения альтернативных санкций и перевода ряда преступлений в менее тяжкие снижена репрессивность прежнего на 30%. К примеру, ограничение свободы дополнительно введено в 60 составов средней тяжести и 24 тяжких. В результате принятых законодательных и организационных мер Казахстан улучшил свой рейтинг по индексу «тюремного населения» и переместился с 55 места (на 01.11.2015г.) на 68 место (на 01.01.2017г.).

Аbstract:

Since 2015, a new Criminal Code has been in force in Kazakhstan. Its adoption was due to the need to create new criminal law institutions and modernize existing legal protection mechanisms. A new institution in the Criminal Code - criminal offenses. The effectiveness of this institution is confirmed by global practice. In particular, the two-tier system of criminal offenses (misconduct and crimes) is provided for by the criminal codes of Germany, Spain, Austria, Holland, Norway, the Czech Republic, Albania, Lithuania, Latvia, Turkey. It is important to note that misconduct does not entail a criminal record. The maximum penalty for them is an arrest of up to 90 days.

Now, according to the Criminal Code for relapse, only outstanding and unexpunged convictions for grave and especially grave crimes will be taken into account, excluding criminal records for less serious crimes. Moreover, the rules for sentencing for relapse are excluded from the Criminal Code.

If earlier the courts were obliged to adhere to the rules of at least 2/3 or 3/4 of the upper limit of

132

imprisonment under article when sentencing defendants with relapse, then now there is no such thing. The current Criminal Code commuted the punishment for almost every third composition. By expanding alternative sanctions and transferring a number of crimes to less serious crimes, the repression of the former has been reduced by 30%.

For example, freedom restriction was additionally introduced in 60 medium-weight and 24 heavy compounds. As a result of legislative and organizational measures, Kazakhstan improved its rating on the “prison population” index and moved from 55th place (as of November 1, 2015) to 68th place (as of 01/01/2017).

Кілт сөздер: құқық бұзушылық, қылмыс, теріс қылық, жаза, жауапкершілік, қауіп, зиян.

Keywords: offense, crime, misdemeanor, punishment, liability, danger, harm.

2014 жылғы 3 шілдедегі №226-V ҚРЗ Заңмен Жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Аталған Кодекс 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.Жаңа Кодекс 467 баптан тұрады (қазіргі Кодексте 434 бап).

Жалпы бөлімі 7 тарау, 98 баптан тұрады, Ерекше бөлімі- 18 тарау, 368 баптан тұрады. Қылмыстық кодексте бірқатар өзгерістер мен енгізілген жаңалықтар бар.Ең бірінші айта кететін өзгеріс- ол Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа ұғым- Қылмыстық құқық бұзушылықтар (10 бап). Бұрын барлығын қылмыс деп атайтынбыз.Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді.

Қылмыс деп осы Кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) танылады.

Қылмыстық теріс қылық (уголовный проступок) деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады. Яғни, қылмыстан айырмашылығы- бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмайды.

Кодексте барлығы 153 қылмыстық теріс қылықтар қарастырылған, оның ішінде 100 онша ауыр емес қылмыстар, 46 бұрынғы әкімшілік құқықбұзушылық және жаңадан егізілген 7 қылмыстық құқық бұзушылықтар жатқызылған.

Қылмыстық теріс қылықтар бойынша 12 бапқа сай қылмыс және қылмыстық теріс қылық өзара бірнеше рет жасалуды (неоднократность) құрамайды. Сонымен қатар 79 баптың 2 бөлігіне сай қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталған адам сотталғандығы жоқ деп танылады. Ең жоғарғы жаза ретінде 90 тәулікке дейін қамаққа алу қарастырылған.

Жаңа 2 тарау енгізілген: 7-тарау «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар»- 205- 213 баптар, 12-тарау «Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар»-317- 323 баптар.

Сол сияқты, 3-ші бапта Кодексте қамтылған кейбір ұғымдарға түсіндіру берілген. Яғни, бұрын әр тарауда, кейде әр бапқа бөлек ескерту жазылып, онда ұғымдар берілетін болса, жаңа кодексте барлығы бір бапта көрсетілген. Онда 41 ұғымға түсінік берілген: ірі залал (мөлшер), аса ірі залал (мөлшер), денсаулыққа ауыр, орта, жеңіл зиян, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, т.б. Мысалығы, ұсақ ұрлыққа жататын (187 бап) келтірілген залалдың мөлшері анық көрсетілген, яғни 2 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) –жеке тұлғаға, 10 АЕК- ұйымға.

Жаза тағайындау жағынан да бірқатар өзгерістер бар. Атап айтқанда, террористтік және экстремисттік қылмыстарға жауапкершілік күшейтілген. Олар бойынша мерзімінен бұрын босату, амнистия қолдану сияқты жеңілдіктер қолдануға тыйым салынған.

Сонымен қатар, бас бостандығынан айырылған азаматтардың санын азайту мақсатымен, айыппұл салу бұрынғыдай қосымша жаза ретінде емес, негізгі жаза ретінде 162 бапта қарастырылған және оның мөлшері көбейтілген. Мысалы ұрлық үшін бұрын 175 баптың 1 бөлігінде 200-700 АЕК айыппұл болса, жаңа кодексте 188 баптың 1 бөлігінде 1000 АЕК қарастырылған. Сол сияқты, 175 баптың 2 бөлігінде тек 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылса, 188 баптың 2 бөлігінде 5 жылға бас бостандығынан айыруға немесе шектеуге альтернатива ретінде 3000 АЕК айыппұл қарастырылған. Дәл солай барлық ауыр емес және орта ауырлықтағы қылмыстарға айыппұл салу шеңбері көбейтілген.

Кодекске енгізілген жаңа жазалардың бірі- белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру. Бұл жаза жасөспірімдерге қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған қылмыстар бойынша міндетті түрде тағайындалады және педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудан тұрады.

Тағы бір жаңа жазаның түрі, ол - шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу.

Қылмыстық жауапкершіліктен босату шарттары да өзгерген. Бұрын 67 баптың 3 бөлігіне сай

«Қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, егер олар жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса,

133

оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін» болған болса, енді 68 баптың 3 бөлігіне сай, кәмелетке толмағандарға

«жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер» қосылды.

Алайда, 67 баптың 4 бөлігінде осы баптың ережелері абайсызда адам өліміне не екі және одан да көп адамдардың өліміне әкеп соққан қылмыс, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайтын болса, жаңа Кодекстің 68 бабы 4 бөліміне сай, «террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды».

Енді ҚК-тің Ерекше бөліміне тоқталсақ, бірқатар қылмыс түрлері бұрын әкімшілік құқықбұзушылық болып саналатын, енді қылмыстық теріс қылықтар ретінде (проступок) енгізілген: 108 бап- Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру, 109-бап. Ұрып-соғу, 114-бап 1 бөлігі- Денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келтiру, 137-бап. Бала асырап алу жөнiндегi заңсыз әрекет, 144-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тарту, 158-бап 1 бөлігі- Журналистiң заңды кәсіби қызметiне кедергi жасау, 159-бап. Ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығын заңсыз шектеу, 183-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат беру, 197-бап 1 бөлігі- Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу, 296-бап 1бөлік «Қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес тұтыну» 2-3 бөлік- «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу», 345-бап 1 бөлік «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан, 349- бап. Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру, 379-бап. Билік өкіліне бағынбау, 384-бап 1 бөлігі- Құжаттарды заңсыз алып қою.

Сонымен қатар Қылмыстық кодексте бұрын болмаған қылмыс түрлері енгізілген: 129-бап- Адамды клондау, 143-бап. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету, 164-бап. Соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу, 165-бап. Қарулы қақтығыстар уақытында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық бұзушылықтар, 166-бап. Қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру, 167-бап. Халықаралық шарттармен қорғалатын белгілерді заңсыз пайдалану, 171-бап. Жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер) құру, 180-бап. Сепаратистік әрекет, 182-бап. Экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу, 295-бап. Археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу, 346-бап. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру, 386-бап. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу, 402-бап. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын әрекеттер. Сол сияқты Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар деп бөлек 12-тарауға 7 қылмыс түрі жиналған.

Әдебиеттер 1. 1.Қазақстан Республикасының Конституциясы,

2. 2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 2018ж Алматы.

3. 3.Бұғыбай Д. “Қылмыстық жауптылықтан босату түсінігі”, // Заң, №3,., 58-64-б.

4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 2014ж. 3 шiлде.

5. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық/Құраст. Е.Баянов. – Алматы, 2018.

6. Мемлекет және құқық теориясы — 2017 жылы Астана қаласы «Фолиант» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева. Беттер саны — 360.

7. Қоғамдық-саяси құқықтық газет «Заң газеті» 2018.-24б теориясы: Оқулық. – Астана; «Фолиант».

8. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық/Жоламан Қ.Д. – Алматы, «Нұр – пресс» 2017 – 296бет.

References 1. 1.Qazaqstan Respwblïkasınıñ Konstïtwcïyası,

2. 2.Qazaqstan Respwblïkasınıñ Qılmıstıq Kodeksi, 2018j Almatı.

3. 3.Buğıbay D. “Qılmıstıq jawptılıqtan bosatw tüsinigi”, // Zañ, №3,., 58-64-b.

4. Qazaqstan Respwblïkasınıñ Qılmıstıq Kodeksi, 2014j. 3 şilde.

5. Qazaqstan Respwblïkasınıñ memleketi men quqığınıñ negizderi: Oqwlıq/Qurast. E.Bayanov. – Almatı, 2018.

6. Memleket jäne quqıq teorïyası — 2017 jılı Astana qalası «Folïant» baspasında basılıp şıqqan kitap. Kitap avtorı/qurastırwşısı — Ğ. Saparğalïev, A. Ïbraeva. Better sanı — 360.

7. Qoğamdıq-sayasï quqıqtıq gazet «Zañ gazeti» 2018.-24b teorïyası: Oqwlıq. – Astana; «Folïant».

8. Memleket jäne quqıq teorïyası. Oqwlıq/Jolaman Q.D. – Almatı, «Nur – press» 2017 – 296bet.

134 ӘОЖ 345.34

UDC 345.34

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР МЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ ECONOMIC CRIMINAL OFFENSES AND WAYS OF FIGHTING

Имашев Б.Е., Мұстапаев С.Б.

Imashev B.E., Mustapaev S.B.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан M.Auezov South Kazakhstan State University,Shymkent, Kazakhstan

Резюме:

В статье рассматривается высокие темпы реформирования экономики и всей общественной жизни, всех форм общественных отношений, прежде всего в экономике, не могли не отразиться на деятельность субъектовправа. Существенно изменилась структура собственности, экономических отношений в отраслях, осуществлена либерализация внешнеэкономических связей,расширена деятельность хозяйствующих субъектов по всем экспортно-импортным операциям, заметно улучшились законы о банках, в том числе беспрепятственно осуществляется финансовые операций в иностранных банках, так и открытие счета. В Казахстане упрощен механизм открытия, регистрации и ликвидации предприятий, уменщены количество разрешительных документов, получение печатей и штампов.

Значительное увеличение динамики экономической жизни, появление новых форм хозяйственных отношений привели к изменению правовой природы экономического правонарушения. В условиях высоких темпов рыночных преобразований нормативная база и правоприменительная практика в экономических отношениях и новые тенденции их изменения усугубляется сложившимся уровнем.Отдельные виды правонарушений, не являясь общественно опасными, по применению норм законодательства могут фактически относиться к сфере экономических правонарушений.

Abstract:

The high rates of reformation of economy and all public life, all forms of public relations, foremost in an economy, could not not affect. A property structure changed substantially, economic relations in industry broadens, liberalization of external economic connections, managing subjects of all export-import operations is carried out, realization open, notedly laws became better on a bank, that in jars, including without difficulty in foreign jars, so the accounts of realization promoted opening, registration and liquidation of enterprises in the order, permissive documents, receipt of printing and stamps in казахстане.

The considerable increase of dynamics of economic life, appearance of new forms of economic relations, caused the change of nature of economic offence. In the conditions of high rates of market transformations normative base and правоприменительная practice it is an objective process of economic relations and new tendencies of their change of folded.

Кілттік сөздер: Экономикалық қылмыстар, қылмыстық жауаптылық, қылмыстық құқық бұзушылық.

Keywords:Economy punishments, crimes, guilt, criminally responsibility, criminal law violation.

Экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтар мемлекеттің экономикалық негізін айтарлықтай бұзады, еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне шынайы қауіп төндіреді. Сондықтан уәкілетті органдар қызметіндегі осы саладағы қылмыстарға тосқауыл қою жөніндегі жұмыс жоғары деңгейдегі маңызға ие болып отыр.

Бас прокуратура мен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бірлесіп жүргізген талдау көрсеткендей, уәкілетті органдар экономика саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша дәйекті түрде жұмыс жүргізуде[1].

Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгеніндей қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуға тиіс.

Бұл тұжырымдамада көзделген шараларды орындау Қазақстанда демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.

Экономика мен бүкiл қоғамдық өмiрдi реформалаудың жоғары қарқыны қоғамдық қатынастардың барлық нысанына, ең алдымен экономикамызға қандай да бір әсерiн тигiзбей қоймады. Меншiктiң құрылымы елеулi түрде өзгердi, экономикалық қатынастар салалары кеңейіп, сыртқы экономикалық байланыстарды ырықтандыру жүзеге асырылды, барлық шаруашылық субъектiлерiнiң экспорттық-

135

импорттық операцияларды жүзеге асыруына жол ашылды, банк туралы заңдар елеулi жақсарды, ол банктерде, соның iшiнде шет ел банктерiнде де кедергiсiз есеп-шоттар ашуды жүзеге асыруға жәрдемдестi, кәсiпорындарды тiркеу мен тарату тәртiбi, рұқсаттама құжаттар, мөрлер мен мөртабандар алу жеңiлдетiлдi.

Экономикалық өмiр серпiнiнiң едәуір артуы, шаруашылық қатынастардың жаңа нысандарының пайда болуы экономикалық құқық бұзушылықтар табиғатының өзгеруiне алып келдi. Бұл объективтi үрдiс нарықтық қайта құрудың жоғары қарқыны жағдайында нормативтiк база мен құқық қолдану практикасының экономикалық қарым-қатынастардың қалыптасқан деңгейiне және олардағы өзгерiстiң жаңа үрдiстерiне барабар келе бермейтiнiмен күрделене түседi. Сондықтан жаңа шаруашылық қатынастар нысандары қолданыстағы нормативтiк базаға қайшы келедi. Құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерi қоғамдық қауiптi болып табылмаса да, заң нормаларының қолданылуы бойынша iс жүзiнде экономикалық құқық бұзушылықтар саласына жатады.

Кейінгі үш жыл ішінде экономикалық қылмыстарды анықтауда тұрақты өсу динамикасы байқалады.

2018 жылы 7 165 қылмыс тіркелген, оның ішінде 83%-ын қаржы полициясы органдары, 712 қылмысты ішкі істер органдары анықтаған. Қылмыстан келген зиянның анықталған сомасы 220,9 млрд. теңгені құрады.

102,9 млрд. теңге көлеміндегі зиянның орны толтырылды (2012ж. - 28,2 млрд.). Қылмыстар құрылымында жалған кәсіпкерлік, жалған ақша жасау, экономикалық контрабанда, салық төлеуден жалтару фактілерімен байланысты әрекеттер басым.

Сонымен қатар бұл салада едәуір кемшіліктер мен қолданылмай отырған резервтер бар. Бас Прокурор атап өткендей, жұмыстың тиісті тиімділігіне құқық қорғау және фискалдық мекемелердің әрекетіндегі үйлесімділіктің және келісімді жұмыстың жеткіліксіздігі кедергі келтіреді. Сондай-ақ, салық және қаржы-несие салаларындағы қаржылық теріс пайдаланушылық пен қылмыс көздерін анықтаумен байланысты проблемалар атап өтілді[2].

Қаржы мониторингі комитетінің күдікті мәміле және қаржы операциялары туралы материалдарды жинақтау мен талдау бойынша жұмыс тиімділігінің төмендігі, сондай-ақ уәкілетті органдардың валютаны шетелден қайтаруды қамтамасыз ету бойынша лайықсыз жұмысы атап көрсетілді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, кейінгі он жыл ішінде Қазақстаннан капиталдың оффшорлық аймақтарға жылыстауы 140 млрд. долларды құраған. Жеке тұлғалар жыл сайын шамамен 1,5 трлн. теңге шығарады, тек 2018 жылы қайтарылмаған валютаның жалпы көлемі 200 млн. долларды құрады.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері атап өткендей, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үлкен қоғамдық қауіп төндіретіндіктен, тергеу, бақылаушы және қадағалаушы құрылымдардан қылмыстың тиімді жолын кесу және алдын алуға бағытталған кешенді, анық үйлестірілген жұмысын талап етеді[3].

Бас Прокурор құқық қорғау және уәкілетті органдардан бірлескен жұмысты жандандыруды, экономикалық қылмыстарға тосқауыл қоюдың түйінді бағыттары бойынша профилактикалық және жедел іс-шаралардың тиімділігін арттыруды талап етті. Басты күш-жігер мемлекеттік қаражатты ұрлаумен байланысты қылмыстарды анықтау мен жолын кесуге шоғырландырылуы тиіс. Жедел қызметтер мен тергеу бөлімшелері қылмыстың жасалуына, оған әсер етуші алғышарттар мен себептерге терең талдау жүргізуге бағытталуы тиіс екенін атап айтты.

Қаржы мониторингі комитетіне ведомствоаралық ақпарат алмасуды жақсарту бойынша шаралар қабылдау, қылмыстық кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру, жалған кәсіпорындар ашуменбайланысты күдікті мәмілелерді анықтау және ол туралы құқық қорғау органдарын уақтылы ақпараттандырудың тетіктерін жетілдіру ұсынылды.

Салық органдарына заңды тақырыптық тексерістер болып кеткен кәсіпорындарға тексеріс тағайындауды болдырмау, сондай-ақ кәсіпорындардың салық міндеттемелерін орындаудан ұзақ уақыт бойына жалтарып жүргендері үшін салғырттық танытқан қызметкерлерге түбегейлі әсер ету шараларын қабылдау тапсырылды.

Шекара қызметіне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне, Кедендік бақылау комитетіне Кеден одағы аумағына жақын және алыс шет елдерден тауар контрабандалауға тосқауыл қою жұмысын күшейту ұсынылды.

Жинақталған өмiрлiк тәжiрибиеден арылмас үшiн қоғамға қайта қарау және ғылыми баға беру қажеттiгi туындайды. Басқа сапалық құқықтық және әлеуметтiк жүйеге өту кезеңi бойынша уақыт күрделi жұмыстар жүргiзудi қажет етедi[4].

Осыған орай қоғамымыздағы өзгерiстерге сәйкес мемлекеттiк таразаланған саясатымен қолдау табатын рухани атмосфераны қалыптастыру маңызды.

Берілген көрсеткіштерден экономикалық қылмыстардың соңғы жылдары азайғандығы байқалады. Алайда, экономикалық қылмыстылыққа латтентілік тән құбылыс.

Экономикалық қылмыстарың ерекше «ядросы» банктiк қылмыстар болып табылады. Себебi қаржы саласы нарықтық экономиканың иiнi. Соңғы жылдары жалпы мемлекеттiк дәрежеде экономикалық, әсiресе банк қызметi саласындағы жұмыстар мен күрес жалпы экономикалық қылмыстылықпен күресудiң негiзгi бағыты болып табылады.

136

Банктiк қылмыстардың қауiптiлiгi ұлттық байлықтың шетелге кет уiмен тағыз байланысты.

Үш жылдың өзiнде (2017 – 2018) несиенi заңсыз және мақсатсыз пайдаланудан банкке 20 есе шығын келген. 2019 жылы 3 млрд. теңгеден 2013 жылы 80 млрд. теңгеге дейiн несие қайтарылмаған. Бұл қаражаттың елеулi бөлiгi шетелге өткен. Банктiк қызметтегi қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгiн тек экономикалық шығындармен ғана өлшеуге болмайды. Оның әлеуметтiк – псхологиялық және рухани зардаптары бар түрлi әлеуметтiк топ иелерi өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және топ иелерi өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және тәуелдiгiне алып келуде. Банктiк қызмет саласында түрлi қылмыстық (криминалды) бiрлестiктердiң арасында заңсыз баюға байланысты кектi соғыс болуды.

Бұл әрекеттер адамдардың өмiрi, денсаулығы, бастандығына қарсы, отбасы мүшелелерi мен туыстарына қарсы қылмыстарға жалғасуда. 2017 – 2019 жылдарда банк ұйымындағы жауапты қызметшiлер мен басшылардың өмiрiне қол сұққан 100- ден аса қылмыстар құқық қорғау органдарымен тiркелген. Сондықтан да банк қылмыстардан қазiргi кезде жәбiр көретiндер өте көп деуге негiз бар.

Кейбiр ғалымдардың пiкiрiнше, экономикалық қылмыстардың өсу себебiне мыналар жатады:

әкiмшiлiк – бюрократиялық механизiмдердiң етек алуы, жемқорлықтың өсуi, қос моральдық, жоғары билеушi эшелондардың қылмысқа қатысуы, екi жақты заңдылық, яғни заң алдында шын мәнiсiнде азамат пен басшылардың теңдiгi, жұмыс нәтижесiне шын қызығушылықтың болмауы.

Бүгiнгi таңда экономикалық қызметтегі қылмыстылықтың алдын алу тұтас зерттелiп болмағанын айтпай кете алмаймыз. Жалпы және арнайы әлеуметтiк, сондай - ақ қылмыстық құқықтық шараларды сәйкестендiру, экономикалық қылмыстық істерді ашуда, тиімдеу арқылы экономика саласындағы қылмыстардың алдын алуды тиiмдi ұйымдастыруға болады. Ол ел экономикасын қорғау және дамытудың, қаржы-несие қызметiн дұрыс қамтамасыз етудiң басты алғышарттары болмақ.

Сондықтан да Қазақстан Республикасы ел Президентiнiң «Елдiң жағдайы мен iшкi жеке сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы» жолдауында былай делiндi[5]:

«Мыналарды жасау қажет:

- шаруашылық субъектiлерiнiң банктiк несие алуына мүмкiндiк бередi;

- мемлекет қарыздарын кезектiлiкпен жоюдың кешендi шараларын жүргiзу экономикадағы қарыздарды қайтаратында мақсатты топтар құру;

- экономиканың өсуiне, мемлекет қатынасы түсетiн және азаматтарға тiкелей пайдалы болатын бағдарламаларға мемлекет қаражатын бөлу».

- шаруашылық қатынастар өзгеруiнiң жоғары қарқыны мен шаруашылық субъектiлерiнiң операцияларды жүзеге асыруы, есеп-шоттарды ашуы, экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруы тұрғысынан ұтқырлығы - анықтау және алдын-ала тергеу жүргiзу, айғақтарды жинау мен бағалау жөнiндегi қажеттi рәсiмдердi жүргiзудi қамтамасыз етуге көп уақыт жұмсауды талап ететiн қолданыстағы iс жүргiзу нормаларының дамуынан басып озуды;

Заңдарды жедел өзгерту жағдайы экономикалық өмiр болмысына әрдайым ілесiп үлгере алмай келедi, ал кейде экономикалық өзара қарым-қатынастар тым кең түрде түсiндiрiлiп азаматтар мен заңды тұлғалардың шаруашылық құқықтарына терiс әсерiн тигiзуi мүмкiн.

Экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң басымдықтарын неғұрлым толық анықтау үшiн олардың құрылымының өзгерiс қарқынын айқын түсiну қажет. Қазақстан тәуелсiздiк алған кезең iшiнде белсендi экономикалық реформалардың әсерiмен экономикалық құқық бұзушылықтар құрылымы бiраз өзгердi. Жаңа экономикалық талаптарға сәйкес кадрлар даярлауды қамтамасыз ету. Тергеу iсiн жүргiзудiң бөлiнiсi негiзiнде құқық қорғау органдары арасындағы функцияларды барынша анық бөлу және экономикалық құқық бұзушылыққа қарсы күрестiң басым бағыттарын әрбiр құқық қорғау органы үшiн айқындау қажет. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің, кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету ісінде экономика саласындағы қылмысқа қарсы белсенді күрес жүргізудің теориялық және практикалық маңызы зор.

Қазіргі кезде экономикалық қызмет саласындағы қызметтік қылмыстық құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізу мәселесіне ерекше назар аудару. Себебі, қылмыстылықтың дәл осы түрі қоғамның өмірі мен қызметінің көптеген саласына бойлай еніп, қоғамның, экономикалық құқықтық және ізгілік негіздерін шайқалтып, мемлекеттік дұрыс қызмет етуіне кедергі жасайды.

Әдебиеттер

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. «Юрист» баспасы. Алматы, 2014. 39 бет.

2 Комментарий к уголовному кодексу. (общая часть). Борчашвили И.Ш., Даулбаев А.К. А, 2015.

3 Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексіне түсінік. А. Ағыбаев, А, 2015.

4 Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 1997 жыл және 2014 жылғы баптарына салыстырмалы кесте. Алматы: ЖШС «Издательство «Норма- К», 2014. – 236-бет.

Dokumen terkait