• Tidak ada hasil yang ditemukan

АСТАНА - БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ немесе «ЭКСПО – 2017» мега-жобасы туралы

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "АСТАНА - БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ немесе «ЭКСПО – 2017» мега-жобасы туралы"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

АСТАНА - БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ немесе «ЭКСПО – 2017» мега-жобасы туралы Берниязова Гүлмира Алшынқызы, [email protected]

3 курс студенті, «5B011900- Шетел тілі: екі шетел тілі»

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан Ғылыми жетекші – ф.ғ.к., профессор м.а. Г.Қ.Рысбаева

Арма Алты алаштың алғыр азаматтары! Бҥгінгі менің сіздерге жеткізбек дҥнием ҽлемді ҿзіне қаратқан, Қазақстанды жаңа қырынан кҿрсететін ірі жоба ЭКСПО – 2017 туралы болмақ. Яғни, Біз бҧл қҧндылыққа қалай қол жеткіздік? Кімдер елімізді қолдады? Біз қандай дайындық ҥстіндеміз? Ҽлемге не ҧсынамыз? Бҧл жобадан бізге келер пайда не

95

(2)

зиян не? Ҿз ҥлесімізді қалай қосамыз? Міне осы сҧрақтар аясында кеңінен талқылап ҿтемін.

«Экспо 2017» - 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркҥйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық кҿрмелер бюросымен (ХКБ) ҧйымдастырылатын Халықаралық кҿрме.

Ҧйымдастырушы қаланы таңдау рҽсімін 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі етті. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана ҥшін ХКБ-ның 103 мҥше-мелмекетің дауысына ие болып, 44 дауысты жинаған бельгиялық Льеж қаласын артта қалдырды.

Бҧл ретте 2017 жылы халықаралық «ЭКСПО» кҿрмесін ҿткізетін орын ретінде жаһан таңдауының Қазақстанның бас қаласы - Астанаға тҥсуі - Мемлекет басшысының бағалауынша, халықаралық қоғамдастықтың «біздің жеңістерімізді ғана емес, сондай-ақ орасан зор перспективамызды мойындауы» болып табылады деді Елбасы Нҧрсҧлтан Назарбаев. Біле білсек, бҧл - тҽуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның халықаралық сахнадағы ең ҥлкен жетістігі! Шынында, «ЭКСПО - 2017»-мен ауқымы жҿнінен елімізде ҿткен ешқандай іс-шара деңгейлесе алмайды.

«ЭКСПО - 2017» қазақ елінің бҧрын-соңды болмаған ең ірі «имидж-жобасына»

айналмақ. Қазақстан Президенті «ЭКСПО» енді бес жылдан кейін қайда ҿтеді?» деген сауалдың жауабын адамзат бҥкіл ҽлем болып іздегендігін айтады. Себебі Халықаралық кҿрмелер бюросына дҥниежҥзіндегі 161 тҽуелсіз мемлекет мҥше, сайлауға сол елдердің барлығы қатысты. «Олардың барлығы Қазақстанның қайда екендігін, Астананың не екендігін талқылады, олардың барлығы ҿз таңдауларын білдіру ҥшін біздің еліміздегі ахуалды саналы тҥрде зерттеді. Олардың барлығы ақыр соңында осынау жаһандық ауқымдағы кҿрмені ҿткізуді Қазақстанға, Астанаға саналы тҥрде сеніп тапсырды» деп тҥсіндіреді Елбасы.

Ҧйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 кҿрмесін ҿткізу бойынша сайлау науқанына кірісіп жатыр. Қазақстан Республикасының экономикалық даму жҽне сауда Министрлігі жыл соңына дейін ҿтінім қҧжаттамасын (кҿрмені ҿткізу тҧжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, кҿрмені ҿткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақҧрылымдық шешімдер) дайындап, оны Халықаралық кҿрмелер бюросына тапсырады деп кҥтілуде. ХҚБ талаптарына сай кҿремені ҿткізуге белгіленген ҥш ай ішінде Астана қаласының ҽлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек. Астанадағы ЕХРО-2017 кҿрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы ҿткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі кҿрме.

«ЭКСПО» Қазақстанға қандай пайда бермек? Біріншіден, ҽлемнің осыншама елінің Қазақстанды «ең лайықты» деп тануының ҿзі ҿте маңызды, - дейді Мемлекет басшысы. Екіншіден, 100-ден астам ел Астанада ҿз павильондарын салу ҥшін келеді.

Ҥшіншіден, «ЭКСПО - 2017» кҿрмесіне біз ҧсынған «Болашақтың қуаты» ҧраны негізінде елордамызға жаһандағы мемлекеттер ҿздерінің жаңа технологияларын жеткізеді, паш етеді. Іс жҥзінде ІІІ-индустриялық революция «жасыл экономикадан» басталмақ. Бҧл ретте қай елде «жасыл экономика» болса, соның қолында жаңа технологиялар бар. Ал жаңа технологияларсыз даму жоқ. Яғни «ЭКСПО - 2017» Қазақстан ҥшін экономикалық дамудың тҥбегейлі жаңа бетін ашудағы бетбҧрыс бекетіне айналмақ!

«Жасыл экономика» саласындағы жетістіктер паш етілетін осы жаһандық кҿрме ҥшін Астана қаласы жанында арнайы қалашық бой кҿтермек. Мемлекетіміз ЭКСПО ҿткеннен кейін оны қалай пайдаланатындығын ендігі айқындап қойыпты. «Онда тҧрғызылғанның бҽрі бізде қалады, - деді Н.Назарбаев. Бҧл жаңа, «жасыл»

технологияларды бҥкіл Қазақстанда ендіруге қызмет ететін зертхана-лабораторияға, ғылыми паркке айналады. Ҿйткені бҥкіл ҽлем осы жолмен ілгері жылжитын болады».

96

(3)

ЭКСПО-2017: Біз ҽлемге не ҧсынамыз? Ал бес жылда астана қазақы келбет қабылдап ҥлгере ме? Бҧл кҿрменің ҿнеркҽсіп саласында алатын орны спорттағы олимпиада мен футболдан ҽлем чемпионаты екеуін қосқандағымен парапар. Ал, ондай аса биік мҽртебелі жиынды халықаралық мекемелер кез келген қаланың қанжығасына байлап жібере салмайтыны белгілі. Бҧл кҿрме бҧрынғы Кеңес Одағына кірген мемлекеттер аумағында тҧңғыш рет ҿткізіліп отыр. Бҧл жолы бҧрынғылардың барлығынан да қымбат, барлығынан да ауыр мегажобаны ҧтып алдық.

ЕХРО-2017-ні ҿткізу елорданың, сондай-ақ республиканың экономикалық жҽне инфрақҧрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет ететін болады. Астана мен оның маңындағы аймақтардың шағын жҽне орта бизнесінің дамуы ерекше серпін алады, ең алдымен, халыққа қызмет кҿрсету, қонақ ҥй бизнесі жҽне ішкі туризм салаларының ҧтары мол. Бҧл шара елорданың кҿрме нысандары мен инфрақҧрылымы қҧрылысына елеулі кҿлемде жеке инвестициялар тартуға, оларға қызмет кҿрсетуге ондаған мың жҧмыс орындарын қҧруға, ішкі туризмді дамытуға жҽне елге шетелдік туристер ағынын ҧлғайтуға мҥмкіндік береді. Кҿрмелер нысандары қҧрылысына инвестициялар тартудан басқа "ЕХРО" ауқымында салынатын нысандар болашақта Қазақстанды жҽне оның астанасын ірі халықаралық, кҿрме жҽне ақпараттық-таныстырылымдық алаң ретінде қарастыруға мҥмкіндік береді. Елбасының айтуынша, бҧл ОБСЕ-нің саммитін ҿткізуден де ауқымды шара болмақ.

Егер ЭКСПО-ның ҿткеніне ҥңілсек, бҽрі де қарапайым ғана «Біздерде мынадай бар…» деген мақтанға саятын болар-болмас нҽрседен басталған екен. Кҿргендердің кҿңілі толып, кҿпке ҥлгі боларлық ҥрдіске айналдырып, бҥгінгідей халықаралық маңызға ие болған. Мҽселен, Парижде 1878 жылы Томас Эдисон деген ҿнертапқыш ҿзінің мегафонымен мақтанса, 1889 жылы француздар енді ғана салып біткен Эйфел мҧнарасын кҿрменің қақ ортасына «қойып», айды аспанға бір-ақ шығарған екен. Жапония, «Аичи экспо – 2005». Жапондықтарды жарты жыл (25.03 – 25.09.2005 жылы) жер жҥзінің назарында ҧстаған кезекті кҿрме «Табиғат тағылымы» деген ҧранмен ҿткен. Испания,

«Сарагоса Экспо – 2008». Ҥш ай бойы (14.06 –14.09.2008 жылы) Сарагоса ҽлем назарын су мҽселесіне аударды. «Су жҽне тҧрақты тіршілік» тақырыбы шынында да тҿрткҥл дҥниенің тҧрақты кҥн тҽртібіне айналды. ҚХР, «Шанхай Экспо – 2010». 11 мамыр мен 31 қазан аралығында Қытай Халық Республикасында ҿткен бҧл кҿрменің тақырыбы –

«Тамаша қала – тамаша тіршілік» болды. Халықаралық «ЁСУ ЭКСПО – 2012» кҿрмесі Оңтҥстік Кореяда (11.05. – 08. 2012 жылы) ҿткен. Мазмҧны мҽңгілік мҧхит пен оның тҥрлі ресурстарын тиімді пайдалануға меңзейді.

Байқап отырғанымыздай, жер бетіндегі экологиялық жағдай жанына батқан адамзат енді табиғатты аялай білуге бет бҧрған секілді. Алдағы 2017 жылғы ЭКСПО кҿрмесін ҿткізуге ниет етіп отырған біздің еліміз қазба байлықтары басқаларға қарағанда анағҧрлым кҿп бола тҧра «Болашақ энергиясы» деп, жаһан жҧртшылығына жар салып, экологиялық жағынан таза су, жел, кҥн сияқты қуат кҿздеріне кҿбірек кҿңіл бҿлу керектігін ерікеннен еске салып отырған жоқ. Астананың бҧл ҧсынысына ҽлемнің ҽр тҥкпіріндегі ҧлттар мен ҧлыстар қолдау кҿрсетері сҿзсіз. Ҿйткені, бҧл – ҿзекті мҽселе, ортақ проблема.

Қазақстан Кҿшбасшысы алдағы бес жыл бойы бҥкіл ҽлем Қазақстан туралы айтатындығын, елордамызда ғылым мен техниканың барлық ең ҥздік ҽлемдік жетістіктері ҧсынылатынын айтып ҿтті. Осы орайда Елбасы Нҧрсҧлтан Назарбаев «ЭКСПО - 2017-ні

«мега-жоба» деп жариялады. «Одан барлық ҿңіріміз пайда табады, - деді Мемлекет басшысы. Бҧл еліміздің инновациялық дамуына қуатты серпін береді. Сҿз соңында Н.Назарбаев осы жетістік пен жеңіс - «мемлекеттің сарабдал саясатының нҽтижесі, халқымыздың еңбекқорлығының арқасы» деп бағалады.

Бҧл шараға ҽлемнің 100-ге тарта мемлекеттері мен 10 халықаралық ҧйым қатысады деп кҥтілуде. Кҿрме кҿлемі 113 гектар жерді қамтымақ. негізгі халықаралық жҽне коммерциялық павильондармен бірге қазақстанның ҿзінің жеке ҧлттық павильонына да

97

(4)

ерекше орын бҿлінеді. Сонымен қатар конгресс орталығы, мҽдени шаралар алаңы мен қосымша қызмет кҿрсететін кҿптеген бҿлімдерден тҧрады. Сҽулет ҿнерінің соңғы ҥлгілерімен салынатын ғимараттар астананың ажарын аша тҥсері анық. қомақты қаржыны қажет ететін бҧл жоба ҿзін-ҿзі толық ақтайтын болады. Кҿрмеге дҥниежҥзінің жҥзден аса елдері қатысып, оны шамамен 5 миллиондай туристтер тамашалайтын болады деп кҥтілуде. Жобаны іске асыру барысында кҿптеген жҧмыс орындары ашылып, қаланың инфрақҧрылымы мен туризм саласы ҿркендейді.

«ЭКСПО» кҿрмелері техникалық жҽне технологиялық жетістіктерді кҿрсету ҥшін ҿткізіледі, сонымен қатар экономикалық, ҽлеуметтік жҽне мҽдени дамудың жаңа ҥрдісін қалыптастыруға арналған алаң болып табылады.

Қорыта келе, біздер ҥшін «ЭКСПО – 2017» мега-жобаның қҧндылығы ҿте жоғары.

Бҧл жобаға ҿз ҥлесімізді қосам деймін. Қазргі уақытта студентпін, болашақ шетел тілінің маманымын. Сол ҥшін жақсы оқып, сапалы білім алып, жақсы маман болу. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаев 2007 жылығы «Жаңа ҽлемдегі жаңа Қазақстан»

Жолдамасында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» - «Триединство языков»

мҽдени жобасында қазақ тіл – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ҧлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі деген болатын. Қазіргі заманда ағылшын тілі «21 ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мҽртебесіне ие болды. Ағылшын тілі – халықаралық тіл дейміз, ҿйткені ағылшын тілі - бҥгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады.

Бҥгінгі таңда миллиондаған адам ҿзгелермен тіл табыса білу ҥшін ең алдымен ағылшын тілін ҥйренетіні шындық. Ғаламтор арқылы қалаған мҽліметтке қол жеткізу, ҽлемнің ҿзге мемлекеттерінде ҿмір сҥретін адамдармен танысып, байланыс орнату, ЖОО- ын бітірген жастардың жақсы қызметке орналасуы сынды себептер ағылшын тілін ҿміріміздің маңызды бҿлшегіне айналдырғаны сҿзсіз. Сол себепті де жастар ҿз білімдерін мейілінше саналы сараптап осы жобаға ат салысады деп сенемін.

Referensi

Dokumen terkait

Ұлттық тіл табиғаты: әліпби мәні мен эволюциясы Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің тарихы мен даму үрдістері туралы .... Ғаламның тілдік «культ» концептісі