ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Студенттер мен жас ғалымдардың
«Ғылым және білім - 2014»
атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ
СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ
IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых
«Наука и образование - 2014»
PROCEEDINGS
of the IX International Scientific Conference for students and young scholars
«Science and education - 2014»
2014 жыл 11 сәуір
Астана
УДК 001(063) ББК 72
Ғ 96
Ғ 96
«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».
– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.
(қазақша, орысша, ағылшынша).
ISBN 978-9965-31-610-4
Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.
The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.
В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.
УДК 001(063) ББК 72
ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, 2014
2484
түсініп, қабылай алмаушылық болады. Кез келген білімде бақылау оқыған тақырыптың мазмұны мен сипатына сай оқушының даму мүмкіндігімен ұштас өткізілуі керек.
Бағаның әділеттілігіне қойылатын талап әр қашан маңызды. Оқушылардың оқу әрекетінің нәтижесін бағалауда бұл айқын көрінеді, бағалауда мұғалімнің оқушыға жеке қарым-қатынасы әсер етпеуге тиісті. Мұның маңыздылығы сонда – мұғалім оқушыларды
«үздіктер», «жақсылар», «үштіктер» тобына жұмыс нәтижесіне қарамастан бөліп тастайды және бағалауда осыны басшылыққа алып: үздіктерді көтеріп, ал «үштіктерді» төмендетеді.
Бағалау әрекеті барысында қойылатын негізгі талап оқушының өз нәтижесін бағалай білуге үйрету, оны үлгімен салыстыра білу, қатесін тану әр түрлі жұмыстарға қойылатын талаптарды білу екендігін мұғалім үнемі есіне сақтауға тиісті. Мұғалімнің жұмысы сыныпта белгілі бір қоғамдық пікір қалыптастырудан тұрады: «үздік» орындалған жұмысқа қандай талап қойылады, жұмыс дұрыс бағаланды ма, жұмысты орындау барысында қандай жалпы әсер алуға болады, жіберілген қатені түзетуі үшін не істеу керек? Осындай және басқа да сұрақтар сынып ұжымның талқылауына ұсынылады, ол оқушылардың бағалау әректінің дамуына көмектеседі.
Бағаның тәрбиелеушілік қызметі оқушының сабаққа оңды қарым-қатынасын қалыптастырып, жеке тұлғаның даму сапасына ықпал етеді. Бұл алдымен өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру ынтасы мен дағдылануына әсер етеді. Өз оқу әрекетінің нәтижесін үлгімен салыстыруына; өзінің таңдап алған оқу әрекетінің дұрыс, қателігін сараптай білуге; мақсатқа жету жабдықтарын таңдай білуге; өзінің және басқа адамның жұмысындағы қатені тауып себебін және оны түзету жолдарын талдай білуге ықпал жасайды.
Осылайша бақылау жүйесі мен бағалау оқушының оқуға қарым-қатынасының реттеушісіне айналады. Оқушы оқу үдерісінің тең дәрежедегі қатысушысына айналады. Ол тек сабаққа дайындалып қоймай, өзінің білімін тексеруге ұмтылады, неге қол жетті, әлі неге жетісуге тиісті екенін біледі. Мұғалім бағалау үшін есептік балл мен бағалау тұжырымын пайдаланады. Аралық және қорытынды бағаларды талдау арқылы бағалау әлі де тиімді тәсіл болып қала беретіндігін мойындаймыз. Сонымен қатар, оның кемшілігі мұғалімнің бағалау үстіндегі талдауының жеткіліксіздігі, пайыз қуушылықтан көтере бағалау және қойылатын бағаның субъективтік сипаты екені белгілі.
Бағалардың жөнсіз жинақталуына жол беруге болмайды және арифметикалық орта есебімен баға шығару да сәтті емес, қорытынды баға ағымдағы тексеруде арифметикалық есеппен қойылмауға тиісті. Оқушының нақты дайындығын есептей отыра қою керек. Бір кезеңдегі оқушының оқу мүмкіндігіне сай болуы тиіс. Сонымен бірге оқушы өзінің бұрын алған жағымсыз бағасын түзеуге құқылы.
Оқушының математикадан білім сапасын толыққанды бақылау тесттік тапсырмаларын жасауда педагогикалық тестілеу теориясын негізге алып, оларды іс- әрекеттік негізде жасау қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Ананьев Б.Г.Избранные психологические труды: в 2-х т. −М.: Педагогика, 1980. −Т.1.
−230 с; − Т.2. -288 с.
2. Век Х. Оценки и отметки. -М., 1984. -220 c.
3. Щукина Г.И.Педагогические проблемы формирования познавательных интересов учащихся. -М., 1989. -208 с.
4. Методы системного педагогического исследования /под ред. Н. В. Кузьминой. −Л., 1980. −172 с.
ӘОЖ 372.851.02
МАТЕМАТИКАДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ Смаханова Айжан Қорғанбекқызы
2485
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистр оқытушысы, Қызылорда, Қазақстан
Ғылыми жетекші – Ә.Е. Әбжанов
Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жыл 28 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономикалық қажеттіліктермен өзара байланыстырылуы керек», деген. Бұл қағида Республикамыздағы техникалық кәсіптік білім беру жүйесінің оқу – тәрбие жұмысының деңгейін көтеруді талап етеді. Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының міндеті өзгеріп тұратын әлеуметтік талаптар жағдайына сәйкес қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті орта буын маманның кәсіптік тұлғасын қалыптастыру болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру жолдары Қазақстан Республикасының 2008 – 2012 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрініс тапқан.
Қазақстан дүниежүзілік мұнай елдерінің біріне айналып отырғандықтан, болашақ жастардың осы мамандыққа бет бұрып, бағдар алуы өте көкейкесті мәселеге айналды.
Қазақстанның 2030 даму стратегиясында: « Қазақстан үшін индустриялық технологиялы стратегия жасау қажеттігі дүниежүзілік тәжірибемен анықталған. Шикізаттың бір түрін ғана шығаратын ел болып қалмас үшін біз мұнай және газ өңдеу, химия және мұнай-газ химиясын өте қарқынды дамытуымыз керек», - деген. Осыған қарамастан, техникалық және кәсіптік оқу орындарының мұнай, газ өңдеу және мұнайхимия саласы студенттеріне білім берудің сапасын көтеруге көмегін тигізетін әдістемелік құралдар жеткіліксіз.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру оқытушының аса күрделі әдістемелік міндеттерді шешуін талап етеді.
Пәнаралық байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі, осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі-түрлі мақсаттарды көздейді.
Математиканың прогресiнде практиканың маңызын, ролiн қанша айтқанымен мұғалiм егер оның практиканың математиканы дамытуға тигiзетiн әсерiн және математиканы практикалық проблемаларды қалай шешетiнi көрсете алмаса, онда оқушының ғылыми көзқарасының дамуына айтарлықтай кедергi келтiредi, - дейдi Б.В Гнеденко.
Математиканың практикалық проблемаларын қалай шешетінін көрсету үшін методикалық жағынан ойластырған есеп емес, адамның күнделікті өмірінің кез келген жерінде керек болатын маңызды есептерді шығарту керек.
Геодезия
Геометрия оқулығында дененiң биiктiгiн бұрышты өлшейтiн аспаптар көмегiмен шешу көрсетiлген. Жер бетiнiң тонографиялық кескiнiн түсiруде жер бетiнiң бiр нүктесiнiң екiншi нүктесiнен қанша биiк екенiн анықтауда дәл осындай әдiс ұсынылады.
Нүктелердiң арасы жақындау болса, өлшеу нәтижесi жақсы болады. Егер нүктелерi арасы қашық болса, жердiң қисықтығы әсер етiп айтарлықтай қате кетедi, қатенi жою үшiн жердiң қисықтығына сәйкес түзету енгiзiледi
2 ,
2
R h l
R – жер радиусы, l – С,В нүктелерiнiң арасы.
№ 1 есеп. һ түзетудiң формуласын қорытуды түсiндiру.
2486
Суретте мұхит бетi штрихпен берiлген. R – жер радиусы,
С – мұхит бетiнiң бiр нүктесi болсын. С нүктесi арқылы өтетiн жазықтықта жататын В нүктесi белгiленген. СВ және горизонталь арасындағы бұрыш нольге тең, себебi С және В нүктесi С нүктесiнен қарағанда бiр деңгейде жатқандай.
Осыны ескере отырып, осындай түзету енгiземiз.
һ= AB=ОВ - ОА = - R2 l2 R.
R мен салыстырғанда l өте аз. Сондықтан R2 l2 - ты есептеудi жуықтау формуласымен шығарамыз. х0х = x0 +
0 0
2x
x ΔХ. Жоғарыдағы
формуладағы R2= x0, l=Δx деп алып, Δһ- тың формуласын шығарамыз.
Транспорт
Автомобиль жолдарының проектiсiн жасағанда жол торабын жасау қажеттiлiгi туындайды. Жол торабының орыны, маңынан өтетiн жолдардың комплексi экономикалық және географиялық жағдайларғада байланысты, тасымалға кететiн жұмыс уақытына бәрi де есептеледi.
№ 2 есеп. АВ автомагистралына СЕ жолының α жанасу бұрышы қандай болғанда
АЕС маршруты бойынша жылдамдығы Um, ал келетiн жолда Ud (Um> Ud) болғанда тасымал шығын аз болады?
Шешуi: С нүктесiнен АВ түзуiне перпендикуляр түсiрiп, СД кесiндiсiн һ деп белгiлеймiз, АД кесiндiсiнi l деп белгiлеймiз. Сонда СЕ =
sin
h ; .
ДЕ= h ctg осыдан автомобиль қозғалысының АЕС маршруты бойынша уақытын табамыз:
t=
dsin
h hctg
m m
. А нүктесi шартты алынғандықтан - ның мәнi 0;
аралығында өзгередi. t () функциясының осы аралықтағы ең кiшi мәнiн табу керек болатын.
Туындысын табамыз.
t() =
dsin2 m cos d
h . 0
m
1 болғандықтан, туынды осы қарастырылып
отырған аралықта нольге бiр ғана нүктеде нольге тең болады
0 = azc cos
m
d
. (1)
0; 0 және t () 0 болғанда t ()0, және 0, / болғанда t () 0 . Бұл дегеніміз 0; 0 аралығында t функциясы кемиді, ал 0;
аралығында өседі дегеніміз.Ендеше t функциясы 0 болғанда ең аз мән алады.
Жауабы: жанасу бұрышы (1) формула бойынша анықталады.
Құрылыс
Өнеркәсіп және ауылшаруашылық онша биік емес құрылыстарын құрастырғанда автомобиль крандарын пайдаланады. Кранды дұрыс таңдау үшін салынатын құрылыстың біраз мәліметтерін білу керек. Құрылыс комплекс үлкендігіне қарай кран аударатынының ұзындығын анықтап алу керек.
А
С
Е
В Д
һ R
C
0
B A
e
2487
№ 3 есеп. Биіктігі Н, ені 2l, шатыры жалпақ құрылыс салу үшін автомобиль кран мұнарасының ұзындығын анықтау формуласын шығару.
Шешуі: Автомобиль краны құрлысты айналып жүре алатын
болғандықтан, кранның ілгегі құрылыстың кез- келген нүктесіне жететін болу үшін, шатырдың ортасы Д нүктесіне жетуі керек.
О нүктесінде тұрған кран детальді шатырдың ортасына қалай жеткізетінін көрейік. Кран мұнарасының еңкею бұрышы .
Сонда ВС = :
sin : sin
cos
cos
h CE H
l АС
СД һ = AOкран мұнарасының тұрған биіктігі.
Бұл жағдайда кран мұнарасының ұзындығы
l=
sin
h H
+ cos
l . (2) Бұл формуладан көріп тұрғанымыздай, егер кран құрылысқа жақындап, не алыстап кететін болса онда мұнараның ұзындығы басқа кран керек болады, себебі кран орнына жылжығанда бұрышы өзгереді. Енді кран қай жерде тұрғанда барынша қысқа мұнарамен жұмыс істей алатын нүктені қарастырайық. Ол үшін 0;
2
аралықта l
функциясы ең кіші мәнді қалай алатынын есептейміз. Ол үшін l – дың туындысын табайық
l () =
l h tg H
l h
H
l
3
2 2
2
3 3
sin cos cos
* sin
cos
sin .
Екінші есепті шешкеніміздей l функциясының ең кіші мәні
l h zctg H
(3) болады. (3) формуладан -ның мәнін (2) формулаға қойып, мұнараның ең кіші мәнін аламыз.
Демек, жаратылыстану-математика циклі пәндерінің сабақтарында қолданылатын арнайы құрастырылған немесе таңдап алынған пәнаралық мазмұнды есептер оқушыларға алған білімдерінің өндірістің кез келген саласында кәсіптік жұмыс жүргізуде қажет екендігін сезінуге мүмкіндік береді. Және де мектеп қабырғасында жүріп меңгерген математикалық білім, білік, дағдылары олардың өндірісте өздігінен білім жетілдіруіне негіз болады. Кез келген өндіріс орындарында техниканы, шикізатты, жанар-жағар май, энергия ресурстарын, азық-түліктерді тиімді пайдаланудың және жұмысты ұйымдастырудың қажеттілігі туады.
Бұдан математиканы оқыту барысында сабақтас пәндердің ( физика, химия, география) есептерін, сондай-ақ өмірлік мазмұны бар техникалық және практикалық есептерді шығару керектігі көрінеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Серікбаева В.Е., Смаханова А.Қ. Математика курсындағы пәнаралық есептер. //
Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі: Респ.ғылыми журнал. – 2008. – №1 ( 66). – Б.
27-29.
2. Сыдыкова Б. Межпредметные связи как система образующее средство формирования самостоятельности у школьников // Поиск. Серия гуманит.наук. – 2000. – №1. – С.
123-125.
3. Тәжмағанбетов Ә. Педагогика және математика педагогикасы: Статьялар жинағы. – Қызылорда, 1998. – 147 б.
4. Темербекова А.А. Методика преподавания математики: Учеб.пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М .: Владос, 2003. – 176 с.
Н В С Д
А Е
О 2l
2488
5. Федорова В.Н. Межпредметные связи естественно- математических дисциплин. – М.:
Просвещение, 1980. – 208 с.
6. Федорова В.Н. Межпредметные связи. – М.: Педагогика, 1972. – 152с.
7. Федорец Г.Ф. Межпредметные связи в процессе обучения: уч.пос. – Л.:ЛГПИ, 1983. – 88 с.
УДК 51.7
МАТЕМАТИКАДАН ТЕСТ ҚҰРАСТЫРУ САТЫСЫНДА БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ
Шеризат Айжан Aika_61inbox.ru
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, магистрант ММ-21, Астана, Қазақстан Ғылыми жетекші – Б.Ж. Нурбеков
Тест материалдарының сапасы жайлы сұрақ қазіргі күні білім беру жүйесіндегі өткір мәселе. Бақылау-өлшегіш материалдарды жасап шығару мен қолдану, соның ішінде тест тапсырмалары түріндегі мәселелеріне арналған ғылыми-әдістемелік жұмысты талдау
Бақылаушы
Оқытушы
Диагностикалық
Болжамалы
Дамытатын
Бағыттаушы
Тәрбиелеуші
сияқты бақылау қызметтері, тапсырмаларды құрастыру мен нәтижелерін түсіндіру кезінде үлкен маңыздылыққа ие болатындығын көрсетті.
Бақылау қызметі тестті құрастыру мен нәтижелерін түсіндіру сатысында, диагностикамен қатар білімді бағалау ретінде оқушылардың оқу іс әрекетін басқару сияқты тест функцияларын жүзеге асыру маңызды.
Жоғарыда айтылған тестілеу функциялары бір-бірімен тығыз өзара байланыста болатындықтан, оларды жүзеге асыру бағытталған оқу функцияларын да атап өткен жөн.
Тест функциялары олардың типтелуіне негізделген: диагностика тесттері, басқару тесттері мен бақылау тесттері.
Математикада бақылау-өлшегіш материалдарды пайдалануды талдау кезінде диагностика тесттері ұғымды қалыптастыру немесе теоремамен жұмыс жасау сатысында қарастырылатын дәлме-дәл әрекеттің ұйымдасу деңгейін анықтайды. Тестті құрастыру процесінде, олар тақырыпты оқуға дейін және кейін, сонымен қатар ұғымды қалыптастыру немесе теоремамен жұмыс жасаудың әр сатысында қолдануға болады. Сонымен бірге тапсырмалар амалды игерудің барлық деңгейіне сәйкес келеді, яғни олар оқушылардың амалды игеру деңгейлеріне сәйкес топтарға бөлінуінің негізі болып табылады.
Айта кететін жайт, математикадан білімін бақылау үшін басқару тесттері амалды игерудің әр деңгейі үшін құрастырылады, олардың орындалуы кезінде оқушының бір деңгейден екіншісіне, әдетте амалды игерудің жоғарырақ деңгейіне өтуіне ықпал ететін жағдайлар жасалынады.
Тесттердің жасап шығару технологиясының өзі үлкен қызығушылық тудырады.
Диагностика, және де басқару тесттерін құрастыру технологиясы да оқу материалының логика-математикалық және дидактикалық талдауына және ұғымды қалыптастыру мен теоремамен жұмыс жасаудың әр сатысы диагностика мен басқару амалына бағытталған тапсырмаларға негізделеді. Математикадан тесттері құрастыру технологиясы амалды игерудің әр деңгейіне жеке қалыптастырылған және оқушы оларды орындаған соң