УДК 82-14
АХМЕТ БАЙТҦРСЫНҦЛЫ – ҚАЗАҚ ҼДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ҒАЛЫМ
Ӛмірбек Д. Б., [email protected] Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті,
Астана Ғылыми жетекшісі –Т.Р. Ҽбдіқадырова
Ғылым мен техника дамыған қазіргі шақта ҽр ел ҿз ғылымының бастау арналарын зерттеп жатқаны белгілі. Қазақ халқы да бҧдан кенде емес. Ҧлы ғҧлама Ҽл-Фараби ғылымдарды беске бҿліп жіктегенде, соның ішіндегі ең алғашқысы ҽрі қиыны – тіл туралы ғылым, яғни сҿз ҿнерінің маңыздылығы жайында айтқан. Ал сол сҿз ҿнерінің қазақ тілінде ғылыми сипатқа айналып кҿшу кезеңі ақын, ағартушы, аудармашы, кҿсемсҿз шебері, тілтанушы, ҽдебиеттанушы ғалым А.Байтҧрсынҧлының есімімен тікелей байланысты екені бҽрімізге мҽлім. Қазақты «маса» болып ызыңдап оятуға тырысқан, кезінде ҧлттың қҧлағы, кҿзі һҽм тілі болған «Қазақ» газетін ҧйымдастырып, оны бес жыл бойы ҧстап тҧрып халқына адал қызмет қылған, басқа елдің ҽдебиетін тҽржімалап, халықты сауаттандыруға жанкешті еңбек еткен, сонымен қоса қазақ тіл білімін негіздеп, қазақ мектебінің іргетасын қалаған, қазақтың ҧлттық ҽліпби жазуын қҧрап, халықты ана тілінде «Тіл қҧралы» арқылы сусындатып оқытқан, Ы.Алтынсариннің бастамасын дамытып, нағыз ғылымдық дҽрежеге кҿтерген қоғам қайраткері – Ахмет Байтҧрсынҧлы. Сол кездегі қан жылаған халықтың онсыз да ауыр халінде «қырғыз» деп айдар таққанда «қазақ» деген атты қайтаруға ҥлкен ҥлес қосты. Абайдың ақындығын ең алғаш теориялық тҧрғыда зерттеп, оған
«Қазақтың бас ақыны» деген баға беріп, қазақ ҽдебиеті сыны мен ҽдебиеттану саласында ең бірінші болып ғылыми мақала жазған да осы - Ахмет Байтҧрсынҧлы. Қазақтың тілін тҥрлеп, ҽдебиетін зерттеуді қолға алған нағыз бастамашыл ғалым болды.
Осыған байланысты «Ахметтің Октябрь тҿңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде кҿп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол... Ҽр тілдің айдауында жҥрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бҧл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бҧны пролетариат та бағалайды», - деп жазды С.Мҧқанов. Ғаббас Тоғжанов та: «Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сҿзін оқып, сҥйсінеді», - деген болатын [1;10].
Бҧдан басқа Ахмет Байтҧрсынҧлының ғалымдығын танытатын еңбектері ҽдебиеттану саласында да жетерлік. Ҽдебиетші, ақын А.Байтҧ рсынҧлының ҿнерпаздық мҧрасының маңызды жағы – ол жинап, реттеп, ҿңдеп бастырған фольклорлық материалдары. Мҧның бірі - 1923 жылы Мҽскеуде Кҥншығыс баспасынан шыққан «Ер Сайын» жыры, екіншісі - 1926 жылғы «23 жоқтауы». Ал осылардың ішінде қазақ ҽдебиеттануының дамуына мҧрындық болған іргелі ғылыми зерттеу еңбегі - «Ҽдебиет танытқыш» болары сҿзсіз. Ахмет Байтҧрсынҧлының ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тҧлғасын айқындап берген кҥ рделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы «Ҽдебиет танытқыш» («Теория словесности») деген атпен басылған.
Шындығына келгенде, А.Байтҧрсынҧлы қазақтың ғылыми-теориялық санасында кезең жасаған, ҽдебиеттану ғылымының негізінде қаланған еңбекті жазуға бірден келе қойған жоқ.
Ілкі мақсаты қазақтың жас ҧрпағына ана тілінің грамматикасын, тіл қҧралын жасап бергеннен кейін, енді қазақтың сҿз ҿнерін белгілі бір жҥйеге салу қажеттігін айқын сезінген сияқты [2;
269].
113
Бҧл ретте С.Қирабаевтың «Ахмет Байтҧрсынов – тҽуелсіздік жаршысы» атты мақаласында: «Ломоносовтың бойында 2 тҥрлі қабілет бар – ақындық пен ғалымдық, оның соңғысы алғашқысына қарағанда кҥштірек» - деген еді В.Белинский. Осыған ҧқсас жайды Ахмет бойынан кҿреміз. Оның ақындығын кейін ғалымдығы жеңіп кетті», - деген болатын [3;
251]. Шынымен, ақындығы мен ғалымдығы қатар жҥрген адамның данышпандығы оның ҽр еңбегінен де байқалып тҧ р десек артық болмас. Ғалым Т.Жҧртбай: «Ахмет Байтҧрсынҧ лы – ҧлттық руханияттың кҥре тамыры. Қазақ ҧлтының ҧлттық санасын, ойлау жҥйесін, кҿзқарасын, сана сатысын мҥлдем жаңа деңгейге кҿ терген қҧбылысты тҧ лға еді. Ахмет Байтҧрсыновтың ақыл-парасатын, ғылыми даналығын, азаматтық қасиеттерін толық ашып, арман-мақсатын жҥзеге асырған «Ҽліппені», «Оқу қҧ ралын», «Ҽдебиет танытқышын», «Қазақ мҽдениетінің тарихын» жазып шығарған тҧсы да осы 1920-27 жылдардың арасы еді...» [4;
433], - деп Ахмет Байтҧ рсынҧлының еңбегіне жҥйелі баға берген.
«Кез келген ҽдеби-теориялық категорияларды тҥсіндіру тҽ сіліндегі нақтылық пен қисындылық, ықшамдылық пен қарапайымдылық - «Ҽдебиет танытқыштың»
ҽдебиеттануымыздағы классикалық еңбек екендігінің жҽне бір айғағы. Мҧндай тҧжырым, бҧл еңбекке деген тарихи кҿзқарас тҧ рғысынан болсын, бҥгінгі кҥн талап тҧрғысынан болсын, жеке ҧлттық бағам немесе жалпы ғылыми ҿлшем тҧ рғысынан болсын, ҥлкен мҽдениет кҿшіне қосылған ҥлес немесе автордың биік интеллекті тҧрғысынан болсын ҿзін ақтап шығады. Ахмет Байтҧрсынҧлы еңбектерінің қазақ ҽдебиеттануындағы орны жҿнінде жазылып, айтылған бағалы ой-пікірлер аз емес. Десек те, сол аға буындардың ағалық тҧжырымдары кҿбіне келер жҧмыстарға зерттеушілік бағыт бере тҥсетін болғандықтан, ҽр кез жҧмысымызды (мҧны қайталаушылыққа салыну деп тҥсінбей) сол пікірлермен байланыста қарастырудан ҧтпасақ ҧтылмайтынымыз рас» [5; 141], - деп ғалым Ҧ.Еркінбаев айтқандай, «Ҽдебиет танытқышты» зерттеуде аға буын ҿкілдерінің еңбектеріндегі қҧ нды пікірлер біз ҥ шін нағыз жолнҧсқаушы болытыны анық.
Сан салалы ғалым Ахмет Байтҧрсынҧлы туған тілдің, туған мҽдениеттің басында тҧрғанын, туған тілдің ҽдеби нормасын жасағанын, бірде-бір бҿгде тілдің сҿзін қоспай, бірде- бір цитата келтірмей, таза, мҿ лдір тілмен ҿзі тапқан қисынды баламалармен ―Ҽдебиет танытқышты‖ жазып шыққанын кезінде Сырбай Мҽуленов те айтқан болатын.
Байтҧрсынҧлының қазақ ҽдебиеттану ғылымы мен ҽдебиет тарихы жҿніндегі қазақ тіліндегі тҧңғыш іргелі ғылыми-теориялық кҿ лемді зерттеу еңбегі болып саналатын бҧл еңбекте кҿркем сҿз ҿнерінің табиғаты, сыры, мазмҧны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ҧғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тҧжырымдар сҿз болды. Бҧ нда Байтҧрсынҧлы ауыз ҽдебиеті мен жазба ҽдебиетінің ҽлеуметтік, қоғамдық мҽн-маңызын ашудан гҿрі адамгершілік, эстетикалық ҽ семдік ҽуенін талдауға кҿбірек кҿңіл бҿлген. Сондай-ақ мҧнда жазба ҽдебиеттегі ағымдар, ҽдістер туралы ой-тҥйіндер айтылған. Байтҧрсынҧлы ҽдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тҧңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ ҽдебиеттану ғылымының жҥйесін жасады. Халық тілінің бай қоры кҿзінен мағынасы терең, ҧғымдық аясы кең сҿздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ ҽдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. «Ҽдебиет танытқыш» деген атауының ҿзі айтып отырғанындай бҧл еңбек ҽдебиеттің - сҿз ҿнері, оны халыққа тҥсіндіріп, оның кҿркемдік ерекшеліктерін, рухани сипаттарын таныту ҽдебиетшілердің, зерттеушілердің қасиетті парызы екендіктерін А.Байтҧ рсынҧлы осы екі атаумен ҧғындырып, тҥ сіндіріп кетті.
«Ҽдебиет танытқыштың» «Сҿз ҿнерінің ғылымы» деген бірінші бҿ лімінде сҿз ҿнеріне жҧмсалатын басты қҧрал - сҿз, оны ғылыми тілде тіл (я лҧғат) деп атайды.Осы сҿз, тілден тҥзелген шығарма тілі негізінен екі тҥ рлі, бірі - айрықша ҿң беріліп айтылатын ақын тілі жҽне соншалықты ҿң берілмей, жай айтылған сҿзден тҧ ратын – әншейін тіл. Жҽне осы тарауда шығарманың екі жағы, яғни 1) ішкі пікір жағы, 2) тысқы тіл жағы да ескеріледі. Сҿз ҿнерінің ғылымы (ҽдебиеттану ғылымы) сондықтан да екіге бҿлінеді: 1) шығарманың тҥрінің ғылымы, 2) шығарманың тілінің ғылымы. Оған автор мынадай теориялық тҥсінік береді:
«Тілінің ғылымы дыбыстардың, сҿздердің, сҿйлемдердің заңынан шығатын тіл ҿңінің жҥйелерін танытады, тҥрінің ғылымы сҿз ҿнерінен шыққан нҽрселердің мазмҧн жағының жҥйелерін
114
танытады. Сондықтан сҿз ҿнерінің ғылымы, шығарманың тіл, ҿңі жағынан тіл, я лҧғат қисыны болып, мазмҧн жағынан қара сҿз жҥйесі болып кҿрінеді» [6; 16-17].
Ал, сҿ здің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу-тіл қисыны деп аталады.
Шығарма сҿздің ҿңді, кҿ рнекті болуы ҥшін сҿз талғау болуы жҽне оның шарттары болуы тиіс. А.Байтҧрсынҧлы сҿздің ҽ уезді, ҧнамды болуы ҥшін бес тҥ рлі шарт қояды. Олар: «сҿз дҧрыстығы», «тіл тазалығы», «тіл (лҧғат) анықтығы», «тіл дҽлдігі», «тіл кҿ рнектілігі».
Негізі, «тіл кҿ рнекі болуы ҥшін дерексіз нҽрсе деректі нҽрседей, жансыз нҽрсе жанды нҽрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп тҥсерлік дҽрежеге жетуі керек. «Ол ҥшін ҥш тапқа бҿлінген 1) кҿріктеу, 2) меңзеу, 3) ҽсерлеу сияқты ҽдістер тҥрі қажет. Осының ішінен таралатын кҿрнекілеудің ҿзі бірнеше тҥрге бҿлінеді: теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, бернелеу, ҽ сірелеу, мезгеу, ҽсерлеу (лептеу). Осы ҽсерлеудің ҿзі: 1) арнау, 2) қайталақтау, 3) шендестіру, 4) дамыту, 5)тҥйдектеу 6) бҥкпелеу, 7) кекесіндеу деп бҿлінсе, бір ғана арнаудың ҿзі тағы да ҥш тҥ рлі болады: 1) сҧ рай арнау, 2) зарлай арнау, 3) жарлай арнау.
«Ҽдебиет танытқыштың» қазақ ҽдебиеттану ғылымына қосқан ҥлкен бір ҥ лесі - қазақ поэзиясының кҿркемдік ҽ лемін талдауы, оған ҿлең сҿз теориясына қатысты пҽн сҿздерін анықтауы, ҿ леңді сҿйлемдердің ҿзге жанрлық тҥ рлерден ерекшеліктерін айқындап беруі десек артық айтқандық емес. Ҿ лең шығарудың жолдарын ҿлең айшықтары, шумақ тҥ рлері, тармақ тҧлғалары, бунақ буындары, ҿлең ағындары, тармақ кезеңдері, тармақ ҧйқастығы тарапынан қарап, талдаған теорик ғалым ҽ дебиеттану ғылымына қатысты кҿптеген қҧ нды пікірлер, тың талдаулар, соны сараптамалар жасағаны сҿзсіз. Бҧл жҿнінде белгілі маман, академик Зәки Ахметовтің білдірген пікірі А.Байтҧрсынҧлы еңбегіне берілген жоғары баға екендігі сҿзсіз: «Ҽ дебиет танытқышта» негізінен поэтика, стилистика, ҿлең қҧрылысына қатысты мҽселелер кҿбірек сҿз болады. Автор ҥ лкен тілші-ғалым болғандықтан, оның қазақ поэзиясының ерекшеліктерін осы мҽселелерге байланысты тексеріп талдайтыны тҥсінікті.
Автор поэзия тілінің бейнелілігін, сҿз қолдану тҽ сілдерін мҧқият зерттеп, теңеу, ауыстыру (метофора),
алмастыру (метонимия), шендестіру, арнау, қайталақтау, дамыту, бүкпелеу секілді ҧғымдарды ҽдеби термин ретінде қолданады. Сҿйлемдердің синтаксистік топ болып бірігуін, оралым, қайшы оралым деген сияқты тҥ рлерін ажыратып кҿрсетеді. Қазақ ҿлеңінің ырғақтық қҧрылыс-жҥйесін айқындай, бунақ, тармақ, шумақ ҧғымдарын қалыптастырады». Осы орайда қазақ ҿлең қҧ рылысының теориясының негізін қалаған, поэзия поэтикасына қатысты басты терминдерді қалыптастырған Ахмет Байтҧ рсынҧлы деп айтуға толық қҧқығымыз бар деуге болады. «Ҽдебиет танытқыш» атты еңбектің қазақ тілі ғылымының негізін салумен қатар, қазақ поэзиясының теориялық мҽселелерін ғылыми тҧрғыдан баяндауда да кҿп жаңалық ашқанына дҽлел бола алатынын Зҽки Ахметов ҿз еңбегінде атап кҿрсеткен [7; 63-64]. Бҧдан қазақ поэзиясындағы жанрлық тҥрлердің ҧлттық ерекшеліктерін таныту мақсатымен табылған толғау, терме, өлең, жыр, айтыс сияқты терминдердің кҿпшілігі ҽдебиеттану ғылымында ҽбден тҧрақтап, бҥгінге дейін пайдаға асып келе жатқанын кҿреміз.
«Біз бҥгін Ахаңның ―Ҽдебиет танытқышын‖ Аристотель ―Поэтикасымен‖
салыстырар едік. Мҧның мҽнісі - екеуі де: бірі - грек ҽдебиетінің, екіншісі - қазақ ҽдебиетінің алғашқы ҽліпбилері‖. Асылы, ҥздік қасиеттер бір-бірінен неғҧрлым ерекше болса, бір-біріне солғҧрлым ҧқсас болады», - деп Зейнолла Қабдолов айтқан еді [8; 21]. Осыдан келіп ҽдебиет теориясының басы болып табылатын «Ҽдебиет танытқыштың» тарихи мҽні мен маңызы ашылады.
«Ҽдебиет танытқыштың» ең басты бағалылығы – ҽдеби терминдердің ҽдебиеттің барлық жанрларына, кҿркемдік қҧралдарына қатысты европалық немесе орыс ҽдебиеттануындағы ҧғым, терминдердің бірде-бірін алмай, тҥгелдей қазақша балама табылуы. Ол баламалардың қазақтың танымына, тҥсінігіне, психологиясына сҽйкестігі сонша, ғалым ол сҿздерді іздеп қҧрағанда инемен қҧдық қазғандай ҽсер қалдырады. Мысалы, кӛріктеу, меңзеу, ауыстыру,
алмастыру, кейіптеу, теңеу, пернелеу, әсірелеу, шендестіру, дамыту, түйдектеу, арнау, қайталақтау, бүкпелеу, кӛсемсӛз, шешен сӛз.
«Ҽдебиет танытқыштың» тағы бір артықшылығы жайында ғалым Ҽбдіқадырова Т.Р. былай дейді: «Ахмет Байтҧрсынҧлы оқытудың білімділік-танымдылық жағымен бірге, тҽлімдік жағынан
да баса кҿңіл бҿлді. Оның жазған «Ҽдебиет танытқыш» атты оқулығы кҿркемсҿз 115
ҿнерінің қисыны ҽдебиет теориясының негізін тыңнан тҧңғыш салған, жҥздеген ҽдеби білімділік терминдердің тҧңғыш тілімізге енгізген аса қҧнды ғылыми еңбек болды. Ҿнер дҥниесі ғылым арқылы да жасалады. Ол адам еңбегін жетілдіруге, жаңалық табуға, табиғатты меңгеруге, адамдардың ҽлеуметтік-ҿмірлік қажетін ҿтеуге қызмет етеді» [9; 162-163]. Демек, бҧл еңбектің танымдық та тҽ лімдік те берер кҿмегі зор.
Ахмет Байтҧ рсынҧ лы ҿзінің «Ҽдебиет танытқышы» арқылы қазақтың таза ҧлттық топырағына егіп-ҿсіріп, жалпы ҽдебиет дегеннің болмысы мен бітімін Ахаңша есіліп, Ахаңша кҿсіліп бір толғап бергенін, бҧл сҿз ҿнерінің басы, «ҽліп-биі» болғанын З.Қабдолов орынды бағалап, «Ҽдебиет танытқыш» - тҧңғыш қазақы трактат, ҽдебиет теориясының басы екенін де атап кҿрсетеді.
Бірден айту керек, «Ҽдебиет танытқыш» - Ахмет Байтҧрсыновтың эстетикалық- философиялық танымын, ҽдебиетшілік кҿзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жҥйелі зерттеу, қазақ филологиясының ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дҽлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек.
Ҧлттық ҽдебиеттану ғылымы қазір қолданып жҥрген негізгі терминдер, категориялар, ҧғымдардың қазақша ҿте дҽл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым кҿпшілігі тҧңғыш рет осы зерттеуде жасалғанын ашып айтатын уақыт жетті. Бҧ л ретте, А.Байтҧрсынов – тіл терминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, ҽдебиеттану, ҿнертану, фольклортану терминдерін жасауда да сондай кемеңгер, данышпан [10; 25].
Ғалым Еркінбаев Ҧ.О. «Ахмет Байтҧрсынҧлы «Ҽдебиет танытқышының» ҽлемдік ҽдебиеттану ғылымындағы орны» еңбегінде: «Ҽдебиет танытқышты» жаңа талап тҧрғысынан, дҽлірегі жҧмысты ғылыми мҽтін ретінде қарастыруды міндетке алу керек. Екіншіден,
«Ҽдебиет танытқышты» ҽдебиеттің басты теориялық мҽ селелерін баяндайтын комплексті еңбек ретінде пайымдау. Ҥ шіншіден, «Ҽдебиет танытқышты» теориялық тҧжырымдардың жиынтық материалы ретінде талдау керек [11; 140], - дейді. Ахмет Байтҧрсынҧлының ҧлы еңбегі «Ҽдебиет танытқыш» тҿңірегінде ҽлі де кҿп зерттеу жҥ ргізу керектігін Р.Нҧрғали да баса назар аудара отырып айтқан.
Егер бҧ л міндеттерді атқаруда талмай еңбек ететін болсақ, осы еңбектің ҽлі ашылмаған, бізге мҽ лім болмаған жақтары кҿрінері сҿзсіз. Қалай десек те, «Ҽдебиет танытқыш» - қазақ ҽдебиеттану ғылымының алғашқы іргетасын қалаған еңбек болып қала бермек. Мҧндай еңбек бізде бҧған дейін де, бҧдан кейін де қайталанған жоқ. Ол – ҽдебиет теориясы мен ҽдебиеттану ғылымының міндет-парызын қатар атқарып, біздің алдыңғы ағаларымыздың эстетикалық сауатын ашуға мҧрындық болған жҥйелі оқулық болғаны кҥмҽнсіз. Ондағы анықтамалар мен терминдердің ҿзі кҥні бҥгінге шейін біздің ғылыми арсеналымыздан орын алатын қҧнды қағидалар мен атаулар екені де дау тудырмайды. Кҿркемдік ҽлеміндегі сҿз ҿнерінің сай-саласын ҧғындыратын «Ҽдебиет танытқыш» - қазақ ҽдебиеттану ғылымының негізін қалаған ҿміршең, ҿз маңызын ешқашан жоймайтын қҧнды еңбек.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1. Байтҧрсынов А. Ақ жол: ҿлеңдер мен тҽ ржімелер, публ. мақалалар жҽне ҽдеби зерттеу/ Қҧраст. Р.Нҧрғалиев. – Алматы: Жалын, 1991.- 464 б.
2. Кҽкішев Т. Қазақ ҽдебиеті сынының тарихы (Оқу қҧралы). – Алматы, «Санат», 1994.
– 448 б.
3. Қирабаев С. Кҿп томдық шығармалар жинағы. Т5. – 464 б. – Алматы: «Қазығҧрт»
баспасы, 2007.
4. Жҧртбай Т. Ҧ раным – Алаш. – Алматы: «Ел шежіре», 2008. -472 б.
5. Еркінбаев Ҧ. А.Байтҧрсыновтың асыл сҿзді кҿріктеу жҥйесіне қатысты теориялық байламдары. «Ахмет Байтҧрсынҧлы оқулары» республикалық І ғылыми-теориялық конференция материалдары. 2006 жыл, 30-31 наурыз. Астана: Л.Н.Гумилев ат. ЕҦУ баспасы, 2006. – 354 б.
116
6. Байтҧрсынов А. Ҽдебиет танытқыш. Зерттеу мен ҿлеңдер. Алматы: Атамҧра, 2003. –
208 б.
7. Ахметов З. Ҧлттың ҧлы ҧстазы. (халқымыздың кҿрнекті қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы А.Байтҧ рсыновқа арналады): «Ҧлы тҧлғалар атты ғылыми- библиографиялық серия. Қҧ растырушы В.Қ.Кҥзембаев. – Алматы: ҚР Білім жҽне ғылым министрлігі. Орталық ғылыми кітапхана. 2001. – 305 б.
8. Қабдолов З. Ахаңның ҽ деби қисындары. Ҧлттың ҧлы ҧстазы. (халқымыздың кҿрнекті қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы А.Байтҧрсыновқа арналады): «Ҧлы тҧлғалар атты ғылыми-библиографиялық серия. Қҧрастырушы В.Қ.Кҥзембаев. – Алматы: ҚР Білім жҽне ғылым министрлігі. Орталық ғылыми кітапхана. 2001. – 305 б.
9. Ҽбдіқадырова Т.Р. «Ахмет Байтҧрсынҧлы – ҧлттық ғылымның негізін қалаған ғалым» «Ахмет Байтҧрсынҧлы оқулары» аясындағы «А.Байтҧрсынҧлы тағылымы:
тіл, терминология, ҽдістеме» атты республикалық ғылыми-тҽжірибелік конференцияның материалдары. Астана: Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық ҥйлестіру-ҽдістемелік орталығы, 2010. – 216 бет.
10. Нҧрғали Р. Қазақ ҽдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана: «Кҥлтегін»
баспасы, 2002.- 528 б.
11. Еркінбаев Ҧ.О. Ахмет Байтҧ рсынҧлы «Ҽдебиет танытқышының» ҽлемдік ҽдебиеттану ғылымындағы орны». «Ахмет Байтҧрсынҧлы оқулары» аясындағы
«А.Байтҧрсынҧлы тағылымы: тіл, терминология, ҽдістеме» атты республикалық ғылыми-тҽжірибелік конференцияның материалдары. Астана: Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық ҥйлестіру-ҽдістемелік орталығы, 2010. – 216 бет.