• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қазақстандағы инновациялық дамудың экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлі

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Қазақстандағы инновациялық дамудың экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлі"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

www.enu.kz ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ

ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

З.А. Шигамбаева

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: zaure.91@mail.ru

Әлемдік тәжірибе кӛрсеткендей, жаһандану және қатаң бәсекелестік жағдайларында экономиканың дамуы айтарлықтай дәрежеде инновациялық және ӛндірістік инфрақұрылымның дәрежесіне, қазіргі ғылым, технология мен техника жетістіктерін қолдану дәрежесіне тәуелді. Сондықтан да экономиканы әрдайым үдемелі түрде алға дамуын қамтамасыз ету жағдайында Қазақстан ӛзінің иновациялық даму жолын таңдады.

Соңғы жылдары Қазақстанның экономикасының дамуының басты факторларының бірі ретінде ӛндіріс пен қоғамды басқарудың әр саласына жаңа идеяларға, ғылыми жаңалықтарға, технологиялар мен ӛнім түрлеріне негізделген инновациялық қызметті жатқыза бастады. Қазір мамандар экономиканы дамытудың жолы ретінде инновациялық бағытты ұсынып отыр. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: әлемдегі ӛнеркәсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, әлемде жаһандану процесінің ӛріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты ӛнеркәсіпті бәсекелестікке дайындау қажеттілігі және бәсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету болып табылады.

Қазіргі таңда экономиканы инновациялық дамыту - әлемдік экономика аренасында Қазақстанның XI ғасырдағы дамуының басты баламасыз нұсқасына айналып отыр. Себебі бұл әлемдік дамудың негізгі үрдісі. Бұны елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ӛзі: «Қазақстан Республикасының 2003 - 2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы - Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке ұмтылғандығының айғағы», деп басып айтқан. Бүгінде

«Азияның айдаhары мен жолбарысы» атанған елдер осы индустриалды - инновациялық саясатын тиімді жүргізу арқылы үлкен

(2)

www.enu.kz жітістіктерге жетті. Дамыған еледердің қатарына қосылу үшін біз олардың ұлттық экономикамызға тиімді жақтарын ала білуіміз керек.

Демек, инновация бұл - еліміздің экономикасын ӛркендетудегі ең маңызды қозғаушы күші болмақ.

Инновациялық ұлттық қабілеттілікті қалыптастырып, оны ұлттық басымдылық ретінде қарастыруқоғамміндеті. Оны Елбасы: «Біздің еліміздің болашағы - оның интеллектуалды қоры, ғылымы және инновация жетістіктерінде» екендігін атап кӛрсетіп отыр [1]. Сондықтан инновациялық ойлардың тууына және оны жүзеге асыруға еліміз мүдделі.

Бәсекеге қабілеттілік- нысанның қасиетінің(тауардың, кәсіпорынның) бәсекелес нысандар қасиетіне сәйкес болу мүмкіндігі. Бұл қасиеттердің ауқымы кең және ол әр түрлі экономикалық категориялармен ажыратылады.

Мәселен, сүт ӛнімінің бәсекеге қабілеттілігі оның тек сапасында ғана емес, сондай-ақ, оның тұтынушылар санында, сапалы түрде ӛндірілу барысы мен жасалу технологиясында, сыртқы қорабы мен бағасына да байланысты.

Қазақстанда ӛнідірілген сүт ӛнімдерінің 13%, еттің 16%-ы, жеміс-жидектің 0,5% және кӛкӛністің 0,2% ғана ӛнеркәсіптік ӛңдеуден ӛтеді [2]. Сондықтан елімізде отандық тауар ӛндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі маңызды. Ал бәсекелі орта шығарылған ӛнім сапасының артуын, бағасының тӛмендеуін, тұтынушылар сұранысын кең кӛлемде қанағаттандыруды қамтамасыз ете алады.

2012 жылдың қорытындылары бойынша бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 2011 жылғы нәтижемен салыстырғанда 21 позицияға кӛтеріліп, әлемнің 144 елінің арасында 51-ші орынды иеленді (46-орын).

Ресей 67-ші орында, Украина – 73, Грузия – 77, Армения – 82, Молдова – 87, Тәжікстан – 100, Қырғыз Республикасы – 127 орында [3].

Қазақстан позициясының жақсарғаны негізінен барлық бәсекеге қабілеттілік факторларынан кӛрінеді. 111 кӛрсеткіштен 27-сі елдің бәсекелестік басымдығына жатқызылған. Бұл – денсаулық сақтау, еңбек нарығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және мемлекеттік қаржы, институттар, салықтық әкімшілендіру, орта білім беру сапасы.

Осы орайда елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық даму мүмкіндіктерін қолану- бұл XI ғасыр талабы болып отыр. Себебі қатаң бәсекелестік жағдайға тек инновациялық процестер, жаңа технологиялар, ғылыми зерттеулер арқылы ғана тӛтеп беру мүмкін.

(3)

www.enu.kz Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық дамуды белсенді түрде жүзеге асуы үшін келесі іс- шараларды ескеру қажет:

 Инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық негіздерін қалау;

 Ӛнімдердің бәсекеге қабілеттілігін технологиялық жаңалықтыр енгізу арқылы арттыру;

 Кәсіпкерліктің инновациялық белсенділігін арттыру және оған бӛлінген мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану;

 Отандық инновациялық ӛнімді халықаралық нарықта ӛткізуде қолдау.

Жаңа инновациялық дамуға қол жеткізгеннен кейін келесідей нәтижелерді кӛреміз:

 Ғылыми - техникалық әлеуеттің дамуын;

 Халықтың әл - ауқат, ӛмір сүру деңгейінің жақсаруын;

 Ӛндірістік жүйедегі ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыру, яғни еліміздің шикізаттық тәуелділіктен арылуын;

 Отандық тауарлардың әлемдік нарықта бәсекге қабілеттілігінің артқанын;

 Экспортқа бағытталған ӛңдеуші салалардың дамуын.

Елімізде осындай нәтиже беретін инновациялық жүйенi дамытуға арналған барлық алғышарттар бар: ғылыми әлеует, инновациялық және қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсiпкерлiк. Бұл технопарктер мен бизнес - инкубаторлардың құруын, ғылыми зерттемелерге гранттердің бӛлінуін, сонымен бірге ӛндірісте инновациялық жобалардың іске асырылуы мемлекеттiк - жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тәсілдерінің кеңінен қолдануын кӛздейді.

Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. Стратегияны сәтті жүзеге асыра отырып жоғары ғылыми-техникалық әлеуетке, біліктілігі жоғары мамандарға, бай табиғи ресурстарға, макроэкономикалық және саяси тұрақтылыққа қол жеткізеді.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның экономикасын дамыған әлем елдерінің экономикасына бәсекелес болатындай мүмкіндігі бар. Ол-қазіргі кезең Қазақстанның инновациялық жолға бет алып отырғанынан-ақ айқындалды.

Ұлттық экономиканың жағдайы мен даму болашағында инновациялық беталыстың рӛлін кӛптеген елдер ӛз тәжірибесінде кӛз жеткізген.

(4)

www.enu.kz Шикізаттық мемлекеттер саналатын Латын Америкасындағы Мексика және Бразилия елдері, Шығыс Азиядағы Оңтүстік Корея, Сингапур мемлекеттері инновациялық саясатты қолдану, яғни ӛркендеуге қол жеткізуге болатынын дәлелдеп берді [4]. Сондықтан ірі табиғи және ғылыми әлеуетке ие Қазақстанның инновациялық даму мүмкіндігі- әлемнің дамыған 50 елдің қатарына «Азия барысы» болып қосылуға кепілдік береді.

Әдебиет:

1. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Республика Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2007 ж. 28 ақпан

2. «Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің қалыптасуерекшелігі» Саясат-Policy. №11, 2009

3. http://www.nac.gov.kz сайты

4. Смағұлова Г.С. «Индустриялық-инновациялық стратегияның аймақтарда жүзеге асу барысы» //«Аймақтық экономиканы басқару мәселері»

оқу құралы. Алматы «экономика» ҚазЭУ. 2005ж.

Referensi

Dokumen terkait

Таким образом, проведенное исследование показа- ло, что проводимая ПТ, оказывает хорошее терапевти- ческое действие на психическое состояние больных, особенно на аффективные

Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз