• Tidak ada hasil yang ditemukan

АҚПАРАТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК БАҒДАРЛАНҒАН ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "АҚПАРАТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК БАҒДАРЛАНҒАН ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ"

Copied!
10
0
0

Teks penuh

(1)

Т.У.САДЫҚОВ, А.Т.ТІЛЕУХАН

АҚПАРАТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК БАҒДАРЛАНҒАН ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ

Ақпараттық экономика – қоғамдық компьютерленген инновациялық интеллектуалды ҧдайы ӛндіріс экономикасы (ӛндіріс, ӛнеркәсіп, жинақтау, ауысым, материалдық және рухани, жинақтау, айырбас, жиынтық қоғамдық ӛнімді оның материалды не рухани іске асырылған тҥрлерін тҧтыну және тарату). Ақпараттық экономика қоғамдық ӛндірістің және тҧтынушылықтың қоғамдану және даму кезеңдерінің бірі болып табылады. ХХI – ші ғасырдың басында ақпараттық экономика әлеуметтік-шаруашылық қҧрылымдар қоғамдануының ең жоғары қҧрылымы болып және индустриялды даму дәуірінен кейінгі ӛнеркәсіпке негізделеді.

Сонымен, ақпараттық экономика - экономикалық адамдар арасындағы ақпараттық технологиялар және әртҥрлі меншіктіктің қалыптарын қолдану жағдайларындағы қарым- қатынастар.

Ақпараттық экономика әдісі ақпараттық экономикалық синергетика, трансакциялық шығындар теорияларының әдіснамасынан, қазіргі жедел аутсорсинг және реинжиниринг экономикалық ҥдерістерінен шығады.

Екінші және ҥшінші мыңжылдықтар қарсаңында меншік мәселелері ішінде ең маңызды мәселелердің бірі болып, оның зияткерлік (интеллектуалдық) меншік деп аталатын ең жаңа және ең нәтижелі қалпына айналуы болып табылады. Осыған байланысты, нарықтық шаруашылықты игерумен бір уақытта зияткерлік меншіктің әртҥрлі тҥрлерінің, сонымен қатар жаңа әлеуметтік бағытталған мемлекеттің ақпараттық экономикасының негіздерін қалыптастыру қажет. Теориялық тҧрғыдан алғанда осындай жаңа экономиканың жағдайлары әлемнің бірыңғай бейнесін ақпараттық диалектика және ақпараттық кӛзқараста кӛру ҧстанымына сай келеді. Тәжірибелік мағынада Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік қалпының креативті бір тҥрі оның негізі болып табылатын әлеуметтік бағытталған ақпараттық экономикаға айналуы қажет.

«Зияткерлік меншік» тҥсінігі кейбір қҧқықтық институттарға қатысты, соның ішінде аса маңызды коммерциялық қҧпия, патенттік қҧқық, авторлық қҧқық және тауарлық белгілер сияқты

(2)

қҧқықтық институттарға қатысты жалпы сипатқа ие. Патенттік қҧқық жуырдан бастап қана дами бастады.

Патенттік қҧқық нарықтық экономика жҥйесінің жетілдірілмегендігін кӛрсетеді деп айтуға болады, себебі ӛндіріс пен тауарларды ҥлестіретін нарықтық экономика жаңадан және сапалы тауарларды шығаруға жарамсыз деп айтуға болады. Бҧл нарықтық жҥйедегі жаңадан тауарды қалыптастырғанда, бәсекелестердің дәл мҧндай тауарды шығарып, оған жҧмсалған қаражатты оның ӛндірістік шығынына теңестіреді де, нәтижесінде табыстың деңгейі қалыптастырған ӛнімнің ары қарай дамуына мҥмкіндік болмаған жағдайындағы деңгейге әкеледі.

Қазіргі жағдайларда меншік формаларының кӛптеген басқа тҥрлері арасында жетекші рӛлді зияткерлік меншік алады.

Ақпараттық кӛзқарас ҧстанымы бойынша зияткерлік меншік объектілерін, қоғамдық ӛндіріс және ҧдайы ӛндірістің нәтижелерін:

ИЕЛІК ЕТУ, ҚОЛДАНУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ИЕМДЕНУІНІҢ негіздеуге және талдауға болады. Кӛптеген тауар тҥрлері арасында ең сыйымды және айқын тҥрде қоғамдық еңбектің кертарпа- шығармашылық қызметінің зияткерлік креативті жағын іске асыратын тауар – идея; сондықтан зияткерлік меншік әр тҥрлі дәрежеде, шығарылған және ӛндірілген тауарлардың барлық тҥріне жетекші, дара және кӛп тҥрлі қатынас ретінде кӛрініс табатындығын атап ӛту қажет.

Ауысымды трансформациялық экономика тҧрғысынан қарастырылып жҥрген меншік және ақпартты ӛндірістік- басқарушылық қарым-қатынастар мәселесін де атап ӛту қажет.

Трансформациялық экономиканың қызмет ету жағдайларында меншік ӛндірістік-нарықтық қарым-қатынастың негізі ретінде ӛзара байланысқан белгілі бір қасиеттерді қамтиды: иелену, қоғамдық ӛндірістің шарттары мен нәтижелеріне билік ету, қолдану.

Экономикалық қарым-қатынастар негізінде әлемнің бірегей бейнесін жҥргізудің ақпараттық бағыты ақпараттық кӛзқарас тҧрғысынан жасалады. Экономикалық қарым-қатынастардың мәні жетекші, дара және кӛп тҥрлігінен кӛрініс табады.

Басқаша айтқанда, жиынтық жҧмысшының маңызды қызмет ету нәтижесінде пайда болатын қандай да бір ӛнім зияткерлік өнім бола алмайды, сондай–ақ әрбір меншік әр тҥрлі дәрежеде тҥрленіп, адам санасындағы тҥрлі кӛрсеткіштер тҥрінде кодталған – қайтакодталған ақпаратты білдіре алмайды. Меншік қатынасы

(3)

тҧрғысынан ақпарат екі мағынада қолданылады: біріншіден ол меншіктің объектісі және пәні болып табылады, екіншіден - зияткерлік меншіктің бір тҥрі ретінде танылады (мысалы, негізгі және айнымалы капитал меншігі).

Сонымен, меншік – ақпараттық, ӛндірісітік, басқарушылық қатынастар қҧрылымындағы басты, маңызды, орталық тҥйіні.

Меншік дамуы негізделген тҥрде оның ақпараттық-зияткерлік негізімен, қайнар кӛздері, қайшылықтары және кӛрсеткіштерімен сипатталады.

Сонымен, бірыңғай және кӛп тҥрлі зияткерлік меншік келесідей сипатталады:

1) зияткерлі тҥрленген ақпараттық негізі – экономикалық қҧрылымдарды кодтау, қайта кодтау, материалдану, қайта материалдану, объектілеу, субъектілеу дәрежесі;

2) қайнар кӛзі – еңбекті қоғамдық жағынан бӛлу, ҥстемелі ӛнімнің пайда болуы және ӛсуі, еңбектің КШҚ (кертартпа шығармашылық қызмет) айналуы, КШҚ бірыңғайлығы және кӛптҥрлілігі, КШҚ интеграциялау және ғаламдандыру, персоналдың наразылығын білдіруге ҧмтылу;

3) қарама-қайшылықтар мен меншік объектілерін қолдану – бҧл меншік объектілері арасындағы иемдену, иелік ету, басқару, пайдалану;

4) кӛрсеткіштері - экономикалық мҥдделерді тҧрмыстық жағынан дамыту және интеллектуалды-ӛндірістік потенциалды жинақтау арқылы жҥзеге асыру.

Тарихи, логикалық және ӛздігінен ҧйымдасатын меншіктің даму процесінің қалыптасуы қазіргі креативті формасын ерекше бӛлініске әкелді. Зияткерлік меншіктің креативті тҥрі ақпараттық капиталдың негізгі экономикалық қатынасын кӛрсетеді. Зияткерлік меншіктің креативті тҥрінің арқасында келесі экономикалық факторлардың қарама-қайшы ҥйлесімділігі және интеграциясының қисыны бар:

шектеулі және шексіз ресурстар;

табиғи және жасанды интеллект

рухани және материалдық ӛндіріс;

шығармашылық және кертартпалыққа негізделген қызмет;

экономикалық ҥрдістердегі анықтықтар мен анықсыздықтар

материалдық және материалдық емес қажеттіліктер

(4)

Зияткерлік меншіктің креативті тҥрі біріншіден, тҧтынушылық пен ӛндірістің зияткерлі-қаныққан интеграциясы, екіншіден, қазіргі кездегі ең кӛлемді және ауқымды тҥсінік, ҥшінішіден, зияткерлік ӛнім ретінде тҥрлі ақапараттық тауарлар, тӛртіншіден, табиғи және жасанды зияткерлік бірлігінің зияткерлік қызметі негізіне кіреді. Сонымен қатар, зияткерлік меншіктің креативті тҥрі патенттер мен лицензия арқылы бҧйыру-иелену ретінде және тираждау – тарату арқылы ерекшеленеді және ӛндіріледі.

Мысалы, зияткерлік меншіктің креативтік жеке, мемлекеттік және басқа тҥрлі жағдайында ақпараттық тауардың – идеяның қҧрамдық ерекшеліктері келесіден кӛрінеді:

1) ғаламдық-қоғамдық тасымалдаушы ретінде қызмет атқарады; тҧтынушылық және жаппай ӛндіріске ақпараттық тауар болып табылады;

2) табиғатынан, жоғары дәрежедегі инновациялылық пен жаңарумен ерекшеленеді;

3) ақпараттық тауар жаңалығы оның сипатын қиындатады;

тҧтынушы мен сатып алушы жағынан қабылдау, тҥсіну, уақытында талап ету мәселелері туындайды;

4) екінші және ҥшінші тармақ кҥшімен ақпараттық тауарлар – идеялар коммерциялық тәуекел аймақта болады;

5) ақпараттық тауарлар – идеялар зияткерлік меншіктің креативті формадағы қарама-қайшы тҥрде ӛзіне жеке және жеке емес тҥрлерін ӛзіне енгізеді.

Зияткерлік меншіктің креативті тҥрінің ҧдайы ӛндірісі келесідей жҥзеге асады:

1) қоғамдық еңбекті бӛлу және КШҚ (кертартпа-шығармашылық қызмет) тҥрлерінің интеграция жағдайында зияткерлік меншіктің креативті тҥрі – тҥрлі ақпараттық тауар ӛндірісі қаланатын экономикалық іргетас;

2) ақпараттық тауарлар ӛндірісі – бҧл жаңа қҧндылықтарды қҧру болып табылады;

3) органикалық бірлікте ақпараттық тауар қҧндылықтарымен қатар, оның (ақпараттық тауардың) қарама-қарсы қасиеті – пайдасы туындайды;

4) сонымен, пайдалы және жаңа қҧндылықтарды қҧру және оларды қосып алу жағдайларын қалыптастырады. Нәтижесінде зияткерлік меншіктің креативті тҥрі қарым-қатынасының

(5)

экономикалық іргетасы ӛзгеріп, дамып, тҥрленіп, нығаяды; мҧндай іргетаста ақпараттық тауардың ӛндірісі жалғасады, басқаша айтқанда зияткерлік меншіктің креативті тҥрінің ҧдайы ӛндіріс ҥрдісі әрбір жаңа деңгейде кезеңімен қайталанып отырады.

Ақпараттық тҧрғыдан зияткерлік меншіктің креативті тҥрі тек қана материалдық емес, сонымен қатар жоғарғы неотехнологиялардың рухани-зияткерлік игіліктерін, ғылыми- зияткерлік жағын жақындатады. Зияткерлік меншік креативті тҥрінің тҥрлі ақпараттық жоғарғы неотехнологияларға әсерін қазіргі кездегі ӛндірістік және басқарушылық қарым-қатынастың тҥрлері мен қҧрамы анықтайтынын атап ӛтейік.

Бәріне мәлім бір ақиқатты айту қажет, ақпараттық ресурстардың бастысы аз қҧралдармен белгілі затты қалыптастыруға әкеледі. Осыған байланысты қор нарығын, капитал нарығы, еңбек нарығы, жер нарығына дәстҥрлі тҥрде бӛлуде кейбір ӛзгерістерден ӛтеді. Қазіргі жағдайда жалпы нарықтың әсерімен жҥргізілген дәстҥрлі қор нарығындағы тҥпкілікті ӛзгерістер – ақпараттық ресурс нарығында байқалады. Ӛз кезегінде ақпараттық ресурстар мен ақпараттық тҧтынушылық арасында тығыз әрекеттесулер бар.

Жеке және ӛнімді тҧтынушылықты қамти отырып, ақпараттық қажеттіліктер тҥрлі қҧрам мен сипатта болады. Ақпарттық қажеттілікке байланысты ең бастысы реттелген және ҧйымдасқан экономикалық ақпарат жайлы айтылады. Ҥлкен кӛлемді ақпарат және нарық жағдайында, ақпараттың қажеттіліктері ҧтымды тҥрде ҧйымдасқан қорларға қарағанда тез ӛсуде. Бір жағынан ҧйымдық ақпараттағы тҧтынушылықтың дамуы арасында заңды қарама- қайшылық туындайды (мысалы, уақытында қабылданған және орындалған шешім) екінші жағынан, ақпараттың қарқынды шексіз ӛсуі, ҧйымсыздығы мен ретсіздігі.

Осыдан тҧтынушылық қарым-қатынасының дамуы уақытында мҧндай қарама–қайшылықты шешумен байланысты. Мҧндай қарама-қайшылықтарды шешудің басты бір белгісі экономикалық ақпаратты уақытында ӛңдеу және ағымдарды тҥрлендіру болып табылады. Тҧрмыстық мәліметтердің ағымдарын ӛңдеу

нәтижесінде, ЭКОНОМИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҢ

ҦЙЫМДАСҚАН ЖӘНЕ РЕТТЕЛГЕН ӚНДІРІС МАССИВІ тҥзіледі. Сонымен, экономикалық-нарықтық постиндустрияның дамуына байланысты ақпараттық ресурстар маңызды орын алады.

(6)

Экономикалық тҧрғыдан ақпараттық ресурстар зияткерлік меншіктің объектісі ретінде екі байланысқан аспектімен сипатталады:

Біріншісі, шексіз, ӛйткені экономикалық ақпараттың массивтері мен ағымдары шексіз қолданыста болады;

Екіншісі, қайталама (туынды), ӛйткені ӛнеркәсіптік ҥрдістің әлеуметтік-экономикалық және табиғи-заттық қҧрамына бағынышты және тәуелді болып келеді. Ауысым ӛндірісінің нақты икемді қабілеттерімен, ӛндірісті бір қалыптан екінші қалыпқа экономиканың объективті қызметтік іргетасына фирманың бәсекелестігін нығайту және пайданың максималдылық ауыстыру бағытына экономикалық ақпараттық қорлары жатады. Сәйкесінше, қолда бар ақпараттық қорларды қолдану дәрежесі қоғамдық ӛндіріс ӛсуінің бір факторы болып табылады. Басқаша айтқанда, бірлескен қоғамдық ӛнімнің ҧлғайтылған ҧдайы ӛндірісінің бҥр тҥрі қарқынды дамыған және жинақталған тҥрлі ақпараттық қор ретінде беріліп отыр. Мҧндай тҥрліліктің бір элементі тҥрлі кәсіптік- коммерциялық фирманың ӛнімі ақпараттық-экономикалық қатынастардың қиындық туғызып қалыптасатын және дамитын жағдайларына байланысты. Ақпараттық-экономикалық қор жҥйесінде ӛндірістік-коммерциялық ақпаратты автоматтандырылған ӛңдеуден ӛткізу, бір жағынан, дамып келе жатқан ӛнеркәсіптің ҧйымдаспаған және реттелмеген экономикалық ақпараттың ҥлкен кӛлемді ағымы арасындағы қарама-қайшылығы туады, басқа жағынан, экономикалық ақпараттың ҧйымдасқан және реттелген дамып келе жатқан қажеттіліктеріне байланысты болып келеді.

Ақпараттық постиндустрияның қҧрамды тҥйіні ретінде, ӛндірістің уақытша кеңістік фазасының еңбек ӛнімін тҧтыну фазасынан алшақтау жағдайымен ақпараттық қорды тиімді қолдану – даму ҥстіндегі трансакциялық шығындарға тосқауыл болады. Мҧндай тосқауыл, ӛз кезегінде басқа - материалдық қорлар мен олардың қоғамдық тҧтынушылық шектеулік арасындағы қарама-қайшылықты шешуге мҥмкіндік береді.

Ақпараттық ресурстар даму мәнінің ӛсуі мен қорлардың ӛзара ауысымы жайында қосымша, соңғы 50 жылда әлемнің дамыған елдер қатарындағы елдердегі ауылшаруашылық ӛнеркәсібі осы саладағы материалды – физикалық қорды ҧлғайтуынсыз, жаңа агротехникалық ақпарат, сонымен қатар білім арқылы даму ҥстінде

(7)

болғанын айтуға болады. Мҧндай мәліметтердің ҧқсастығын адам қызметінің басқа да тҥрінен кӛруге болады. Осындай ақпараттық қорларды иемдену, белгілі бір дәрежеде әлемдік қоғамдастықтағы бағдары арқылы нақты немесе бір мемлекеттің халықаралық бӛлінісі және еңбекті біріктіруіне байланысты. Ақпараттық, еңбектік, қаржылық, материалдық-ӛнімдік және энергетикалық қорлар арасындағы жалпы сипаттама мен ерекшеліктерін келесідей кӛрсетуге болады.

Жалпы сипаттамасы:

1) барлық қор тҥрлері қоғамдық ҧдайы ӛндірістің барлық 4 кезеңінде қажет;

2) қорлардың барлық тҥрленген тҥрі тауар және қоғамдық ӛндіріс кӛрсеткіштері арқылы іске асады;

3) қорлардың барлық тҥрі қор және резерв тҥрінде қалыптасып, жинақталады;

4) қор тҥрлері бір-бірін басқарып, реттеп, ауыстырып отырады.

Ерекшеліктері:

1) 4 кезеңдегі қоғамдық ӛндірістің әрбір ресурсының тҥрлі қызметі, пішімі, экономикалық қҧрылымы бар;

2) әрбір ресурстың толық айналымды және айналымды жылдамдығы болады;

3) әр қор нарықтағы бәсекелестік және ӛнімнің жаңарып отырудағы тҥрлі маңыздылығымен сипатталады;

4) нарық қатынастарының дамуымен қоғамдық ӛндірістің бір ӛлшемді соңғы кӛрсеткіші (тауар) арқылы қор тҥрінің салыстырмалы салмағы ӛзгереді;

5) ақпараттық ресурстардың ең басты ерекшелігі керемет сипат алады - маңызды және ҥздік орында бола тҧрып, басқа ресурс тҥрлеріне айнала алады.

Сонымен қатар, ақпарат ресурстардың жҥйетҥзуші және жҧмысын басқарушы қызметін белгілеп, атап ӛту керек.

Ақпараттық ресурстар ақпараттық экономиканың негізі болып табылады. Ӛз кезегінде, ақпараттық экономика тҧрмыстық ақша- тауар әдісі мен қоғамдық ӛндіріс пен тҧтынушылықты басқарудың нарықтық әдістерін қолдана отырып, дамиды, әрекет етеді.

Халықтық ресурс нарығындағы тҥпкілікті ӛзгерістерді еңбек нарығы арқылы мысал келтіреміз. Еңбек ӛзінің сипаты бойынша меншік және ӛндірісітік-нарықтық қатынастарды кӛрсетеді.

(8)

Мҧндай кӛріністің болу себебі, еңбек барлығын ақпарат арқылы жҥзеге асырады.

Ақпараттық еңбек ақпаратты ӛңдей отырып, ӛндірілетін ӛнімнің затын және энергиясын тҥрлендіреді. Бірден әлеуметтік- экономикалық және нарықтық қатынастар жайында ақпарат тҥрленіп, ӛңделеді. Сонымен бірге еңбектің шығармашылық және кертартпалық жағы жаңа және қолданудан шығып қалған ақпарат арасындағы динамикалық ҥйлесімділігі арқылы анықталады.

Сонымен, еңбек ҥрдісі ӛзіне жаңа, сонымен қатар қолданудан шығып қалған кертартпалық ақпаратты енгізеді.

Демек, еңбек ақпарат қолданымсыз болмайды. Мҧндай тҧтыну екі тҥрлі сипатта болады. Бір жағынан, жҧмыс кҥшін қолданады, екіншіден ақпараттың ӛзін қолданысқа жібереді. Жҧмыс кҥші немесе ауысымды адам капиталының қҧны ақпараттың жаңаруы мен жинақталу процесінің жҥруіне байланысты анықталады.

Ақпаратты қолдану процесі кертартпалық-компьютерлік еңбек жасанды интеллектінің қатысуымен шығаратын ӛнімді білдіреді.

Соңғысы, кертартпалы-басқарушылық еңбек қызметін атқарады, қоғамдық ӛндірісті реттеп, ӛздігінен ӛңдеп, бағдарлама енгізу қабілетін кӛрсетеді.

Ақпараттық экономика жағдайында адам кертарпалық жҧмыс кҥші мен кертартпалы-ой еңбегінен арыла отырып, шығармашылық еңбек пен кәсіпкерлік қызметке кӛп уақыт бӛледі.

Кәсіпкерлік қызмет жҥйесіндегі ынта мен тәуекел ақпараттық қамтамасыздандырумен қоса жҥрмейді. Мҧнда мақсаттық орнатушылық ең кӛп пайда табуға бағытталған.

Тауар иеленушілері ҥшін шаруашылықтың теңдігін орнату, олардың әрекеттеріне бәсекелік бастау мен оның нәтижелері ҥшін жауапкершілікті кӛбейтуді енгізу, тҧтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету ҥшін нарықты тауармен және қызметпен қамсыздандыру қҧқықтық тетіктегі (механизм) кәсіпорын мен ҧйымдардың, сондай-ақ олар ӛндіретін тауар мен қызметтің лайықты дербестігін қамтамасыз етудегі объективтік қажеттілікті тудырады. Мҧндай қҧқықтық тетік (механизм) азаматтық қҧқықтың сала ішіндегі саласы, нақтырақ айтатын болсақ, азаматтық айналымдағы қатысушылар мен олармен ӛндірілетін ӛнімнің (жҧмыс, қызмет) дербестік қҧрал институты болып табылады. Бҧл қҧқықтық институт патенттік қҧқық сияқты ӛндірістік меншікпен, яғни ӛндіріс сферасындағы жҥзеге

(9)

асырылатын ерекше қҧқықтармен, сауда айналымы, қызмет кӛрсету т.б. байланысты. Қарастырып отырған зияткерлік меншік институтының негізгі функциясы ӛндірушелірдің және олардың тауарлар, жҧмыс пен қызметтің тиісті дербестігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Зияткерлік меншік» және «ерекше меншік» ҧғымдарын тең дәрежеде қарастырудың орынсыздығы Қазақстан Республикасы заңдарына ғана қатысты екенін айта кеткен жӛн. Мәселен, ерекше қҧқық Ресей мен Ӛзбекстанның азаматтық заңдарында қҧрамына интеллектуалдық меншік объектісіне ӛзіндік мҥліктік емес қҧқықтармен қатар, мҥліктік қҧқықтар да енетін категория ретінде тҥсіндіріледі. Дәл осы секілді позиция ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) елдерінде Модельдік Азаматтық Кодексінде де бекітілген. Ал, Қазақстан заңдары бойынша, жоғарыда айтылғандай, бҧл категорияға тек мҥліктік қҧқықтар енеді. ҚР Азаматтық Кодексі ақпаратты заңсыз жолмен алудың қандай екенін нақты кӛрсетпейтіндіктен, аса қауіптілік туындамайды. Дҥние жҥзі бойынша мҧндай тәсілдер болып шпионаж, коммерциялық қҧпияны білетін қызметкерден пара беріп сатып алу, ғимаратқа заңсыз кіру, байланыс қҧралдарын заңсыз тыңдау табылады.

Зияткерлік меншікке тиесілі барлық белгілерге сәйкес оның объектісі бола отырып, коммерциялық қҧпияның ӛзіне қатысты ерекшеліктері бар. Коммерциялық қҧпияға келесі ҥш талап қойылады. Біріншіден, ақпараттың ҥшінші тҧлға білмейтін нақты немесе потенциалды қҧпиясы болуы керек.

Екіншіден, заңның негізінде коммерциялық қҧпияны қҧрайтын ақпаратқа ешкімнің де қолы жетпеуі керек. Егер тиісті ақпаратқа заңның негізінде мҥдделі адамның қолы жетсе, мысалы, ашық мәліметтерді зерттеу жолымен, шығарылатын ӛнімнің ҥлгісін анализдеу, баспалармен танысу және т.б. мҧндай ақпарат коммерциялық қҧпия болып танылмайды.

Ҥшіншіден, ақпарат коммерциялық қҧпия болып саналуы ҥшін оның иесі қҧпияны қорғауға тиісті шараларын жҥргізуі керек. Бҧл техникалық шаралар, ҧйымдық және заңдық сипатқа ие ҥшінші тҧлғадан ақпаратты қорғайтын әр тҥрлі шаралар болуы мҥмкін.

«Коммерциялық қҧпия» терминімен қатар заңдарда және тәжірибеде «ӛндірістің қҧпиялары», «ноу-хау», «сауда қҧпиялары»,

«конфиденциальды ақпарат» сияқты терминдер кең таралған.

Аталған терминдерінің әрбіреуінің ӛзіне тән ерекшеліктеріне және

(10)

белгілі бір жағдайда қолданатынына қарамастан, олардың барлығы

«қызметтік және коммерциялық қҧпия» деп бекітілген атауға ие.

Қорыта айтсақ, зияткерлік меншік азаматтық қҧқықтың халықаралық деңгейіндегі ең жоғары дамып отырған салаларының бірі. Теориялық жағынан интеллектуалдық меншікті қорғау қатынастары бойынша халықаралық келісім-шартқа отыру – ерікті іс, шартқа отырмаған елдер Бҥкіләлемдік сауда ҧйымының мҥшесі бола алмайды, оларға ҧлы сауда державалар мәжбҥрлеп енгізу әрекеттерін жҥргізе отырып қысым жасай алмайды.

Зияткерлік меншіктің халықаралық қҧқықтық аспектісінің басқа да ерекшеліктері бар. Халықаралық қауымдастықта бірқатар мемлекеттер интеллектуалдық меншіктің экспортері болса, басқалары импортерлер болып табылады. Зияткерлік меншіктің елеулі мӛлшері ірі кӛпҧлттық корпорациялармен ӛндіріледі. Олар бҥкіл әлемде ӛз қҧқықтарын қорғауға мҥдделі.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Т.У.Садыков Методолгия информационной экономики.

Научная монография. М., «Теис», МГУ им. М.В. Ломоносова, 2010.

2. Мэггс П.Б., Сергеев А.П. Интеллектуальная собственность. — М.: Юристъ, 2000.

3. Гаврилов Э.П. Комментарий к закону «Об авторском праве и смежных правах». – М.: Фонд «Правовая культура», 1996.

Referensi

Dokumen terkait

Келесі белгілер қолданылды: "О" - олардың ауадағы құрамын автоматты түрде бақылауды талап ететін әсер ету механизмі өткір бағытталған заттар; "К" – канцерогендер; "Б" - булар және /