• Tidak ada hasil yang ditemukan

БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ"

Copied!
5
0
0

Teks penuh

(1)

БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ Алпысбай Г.

2-курс студенті

Ғылыми жетекшісі:п.ғ.д., профессор Т.М. Әбдікәрім

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы

«Оқудың үшінші жағының тіреуі – мұғалім. Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа... кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, біліндірмейді. Мұғалім нашар болса, сайлы мектепте отырып сабақ бере алмайды. Мұғалімдік оңай нәрсе емес. Тәртіппен жасалған оқу құралдарымен оқытуға тәртіппен оқыта білетін мұғалім керек. Оны білмейтін мұғалімдер тәртіппен жасалған оқу құралдарын тәртіпсіз жасалған құралдар орнында тұтынады. Усулды құралдарды бұл сияқты тұтынса, усулды құралдар шығарғанда не мағына бар? Усулды құралдар балаларға оқуды жеңілдету үшін шығарылады. Оқыту жайын білетін мұғалімдерғе тәртіпті құралдармен оқытқанда ӛзіне де, балаларға да оқу жұмысы оңай болады, екі жағы да қиналмайды.Оқыта білмейтін мұғалімдер оқу жұмысының салмағын балаларға ғана артып, ӛзі: «Әй, оқыңдар!» - деп, тыныш отырады. Ондай оқу мұғалімге тыныш екені рас, бірақ оқудағы мақсатты нәрсе мұғалімнің тыныштығы емес, балалардың білім үйренуі ғой. Оқыта білмейтін мұғалім- дердің белгісі осы - «Әй, оқыңдар!», бұлардан балалар білім үйреніп жарымайды» – деп, А. Байтұрсыновтың «Оқыту жайынан» атты мақаласында айтылғандай, оқу үшін , ең алдымен, мұғалімнің дұрыс болғаны жӛн.

Ана тілін үйренбестен бұрын бала тілдік хабарламаларды кодтайтын және декодтайтын бейвербалды қатынастарды түсініп, үйренеді. Мысалы,

«Маған тиіспеңдер!» дегенді сұрау мәнде немесе ренжу мәнде жеткізу қолдың, кӛздің және дене мүшелердің кеңістіктегі қозғалысына орай түсіндіріледі. Қоршаған орта, кеңістік пен уақыт бейвербалды қатынастың индикаторлары бола алады. Бейвербалды қатынас мәдениетіне жыныс ерекшелігі, мамандық, әлеуметтік ортадағы дәреже, жас айырмашылығы, қоршаған орта әсер етеді. Бейвербалды қатынастың басты мақсаты – тұлғааралық синхрондылыққа жету. Холлдың айтуынша, тұлғааралық синхрондылық екі адам арасындағы вербалды және бейвербалды қатынас кезіндегі дене мүшелерінің қозғалыс сәйкестігі.

Педагогикалық қатынас дегеніміз – оқытушы мен оқушы арасындағы белгілі бір педагогикалық функцияларға негізделген кәсіби дәрежедегі байланысы.

Бет қозғалысына қатысты бейвербалды амалдар. Бет – қуанышты, қайғыны, махаббатты, қорқуды, шошуды, барлық кӛңіл – күйді кӛрсететін ең басты дене мүшесі.

Суретшілер мен фотографтардың байқауынша, адам беті ассимертиялы.

Ӛйткені адам бетінің оң жақ бӛлігі мен сол жақ бӛлігі кӛңіл – күйді түрліше білдіреді. Сол жақ бӛлік тілдік қатынасты реттесе, оң жақ бӛлік эмоцияны

(2)

реттейді. Дегенмен, мидың жұмыс жасау жүйесіне орай, екі жақ бӛлік те бірдей эмоцияны білдіріп тұрғандай кӛрінеді. Жағымды беттің екі жақ бӛлігінде де кӛрінеді, ал жағымсыз кӛңіл – күй тек беттің сол жақ бӛлігі арқылы білінеді.

Ерін бейвербалды қатынаста үлкен рӛл атқарады. Қатты жұмылған ерін ойлануды немесе күмәндануды білдірсе, күлкі достықты, ризашылықты білдіреді. Соның ішінде күлкінің ӛзі риясыз күлкі, жалған күлкі, мысқыл күлкі болып бӛлінеді. Риясыз күлкі атап кеткендей, достық қатынасты білдірсе, жалған күлкі жағдайға орай амалсыз күлкі, ал мысқыл күлкі тӛмендету, менсінбеу, кемсіту ретінде білдірілетін күлкі.

Педагогикалық білімнің негізі қазақ халқында Ы.Алтынсарин, А.

Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев кездерінде нақтылана түскен еді.

Соның ішінде, педагогикадағы бейвербалды амалдар қолданысына қатысты А. Байтұрсынов: «Тіл арқылы сауат ашуда суреттерге кӛп мән берілуі керек.

Оқушыларға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт. Мәтіндер, кӛрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының, халықтың ұғымына таныс, жақын болуы тиімді» – деген ой айтуы арқылы бейвербалды амалдардың педагогикада кең қолданылуы керектігін айтады. Ал, Ж.Аймауытов баланы ынталандыруға байланысты ӛз пікірін былайша білдіреді:

1. Алдын-ала дайындалған сұрақтар арқылы баланың ынтасын бұру:

2. Баланың ынтасын арттыратын, қызықты мағлұматтарды ғана алу;

3. Баланың ілтипатын қадағалап қоймай, мұғалімнің ӛзі де материалды бар ынтасымен үйрету;

Педагогикада қарым-қатынас ең басты рӛл атқарады. Тілдік қатынас пен қатар тілсіз, яғни бейвербалды қатынас мұғалім мен оқушының арасында байланыс орнатуға кӛмектеседі. Берілген материалды оқушыға түсіндірумен қатар, оқушының болмысын, мінез-құлқын, кӛңіл-күйін тану мұғалімнің ең басты мақсаты болып табылады. Бейвербалды амалдар жүйесінде мұғалімдер қолданысындағы ым-ишараның(жесттердің) алатын орны ерекше. Мұғалім оқушы алдында сӛйлеу мәнері мен қатар әрбір іс-әрекетін қадағалау қажет.

Орыс ғалымдары В. А. Кан-Калик пен Г. А. Ковалевтың зерттеуі бойынша педагог мына жағдайларды бейвербалды әрекеттерді қажет етеді:

1. Тәрбиеленушінің мінезін тану барысында;

2. Оқушымен қатынас барысында немес оқушыға ықпал ету барысында;

3. Педагогтың ӛзінің жүріс-тұрысын қадағалау барысында;

4. Оқушыға ықпал етудің тиімді жолын іздеу барысында.

А. А. Леонтьевтің пікірінше, педагог мына қасиеттерге ие болуы қажет:

1. Ӛзінің жүріс-тұрысын қадағалай білу;

2. Назар аудара білу:

3. Оқушының бет-әлпетінен ішкі жан дүниесін түсіне білу;

4. Оқушымен тілдік және тілсіз қатынас орната білу.

Осыған орай бейвербалды әрекеттерге біршама сипаттама беріп кетсек:

(3)

1. Саусақпен нұсқап кӛрсету бірде агрессияны білдірсе, бірде нақтылау мәнде қолданылады. Осыған орай «Кісіге қарап саусағыңды беземе» деген халықтық педагогикада тыйым сӛз бар.

2. Қол, аяқты Х-теу арқылы негативті әсерлерден сақтану;

3. Саусақтарды айқастырып ұстау оқушыларға кері әсерін тигізетіндіктен, педагогикада қолданбаған дұрыс;

4. Басын қасу, сілтеуішті шайқау оқытушының сенімсіздігін білдіреді;

5. Оқытушының қолын бүйіріне таяну агрессияны, оқушыларға қысымды білдіреді;

6. Қолды иекке таяну ақпаратты жеткізуші тұлғаға қарсы негативті қатынас тудыруы мүмкін;

7. Үстелді тоқылдату – ашуды, кӛңіл толмаушылықты, ызаны білдіру;

8. Ӛзін-ӛзі еркін ұстау, алақанды еркін қою ақпарат алмасушы тұлғаға жағымды, теңдік, еркіндік қатынасты білдіреді;

9. Қолмен суреттеп кӛрсету бір ақпаратты баяндау барысында суреттеуші бейнені тыңдаушыға жеткізу барысында кӛмектеседі;

10. Ауызды жымқыру, құлақты ұстау, мұрынды ұстау сенімсіздікті білдіреді.

Белгілі зерттеулердің, мұғалімдермен тест жүргізудің нәтижесінде бейвербалды амалдарды қолдану жиілігі мен орнына орай былайша пайымдаймыз :

1. Тәжірибелі оқытушылар сабақ барысында кӛбіне нұсқау мәндегі бейвербалды амалдарды қолданады;

2. Мұғалімдердің кӛбісі ӛзінің бейвербалды әрекеттерін сараптамай қолдана береді, қолданыстарына мән бермейді. Жалпы оқытушылардың бейвербалды амалдарды қолданудағы бағасы – орташа.

3. Мұғалімдердің бейвербалды амалдарды қолданылу жиілігі сыныпта бӛтен адамның болуына орай, яғни басқа мұғалімдердің сабаққа қатысуына орай жиі қолданылады.

Негізінен, педагогикалық жүйеде жиі қолданылатын бейвербалды амалдарға мыналарды жатқызсақ болады:

 Саусақты еріннің үстіне қойып, ерінді сәл үшкірлету арқылы оқушыларды тыныштыққа шақыруға болады;

 Үстелді тоқылдату – тыныштыққа шақыру;

 Кӛзді сәл жұмып, қайта ашу арқылы келісу немесе сабырлыққа шақыруға болады.

 Басты шайқау арқылы оқушының қателесіп кеткен жерін түзетіп жіберуге болады;

 Қолмен нұсқау арқылы белгілі бір материалды нақтылап немесе басқа да кӛп әрекеттерді білдіруге болады. Қолды нұсқаған объектіге қарай іс – әрекеттің мәні анықталады.

 Қабағын шыту – қабақ түю арқылы оқушыға кӛңілі толмағанын білдіру немесе тыныштыққа шақыруға болады.

(4)

 Ернін шүйіру – иекті кӛтере түсіп, еріндерін бүрістіріп немесе бүре жинап, алға қарай шығару арқылы риза болмағанын, кӛңілі толмағанын кӛрсетеді.

 Қол сілтеу, сериеу, сілку – қос қолды я болмаса бір қолдың алақанын сыртқа қарата ұстап, қолды кӛтере беріп тӛмен қарай күшпен сермеп қалу арқылы тыныштыққа шақырады. Мысалы, Абай тыныштық тілеп, екі қолын шапшаң сермеді де, барлық топқа тыйым салып, Дәрменді тыңдауға бұйрық етті (М. Әуезов. Абай жолы).

Оқу жүйесіндегі оқушылардың парталарының оқытушының үстеліне қарсы қойылуын да бейвербалды қатынасқа жатқызуға болады. Ӛйткені оқытушының қарама – қарсы отыруы арқылы белгілі бір қадағалаудың, қысымның бар екенін сезге болады.

«Педагогтің коммуникативтік мәдениеті оның коммуникативті дағдысы мен коммуникативтік қабілетін танытады. Педагогтің коммуникативті дағдысы ӛз эмоциясын ұстай білу, қарым-қатынас жасауда жетекші рӛл атқару, тіл үйренушінің психологиялық ерекшелігін білу, олардың кӛңіл- күйін дер кезінде аңғару, жіті бақылай білуінен кӛрінеді.

Коммуникативті қабілеті коммуникацияның барлық түрін ұтымды қолдана білу, айтатын сӛзін дұрыс жоспарлай білу, сӛйлеу мәнері мен қажетті сӛздерді ұтымды қолдана білуінен байқалады.

Педагогикалық ӛзара әрекет вербалды және бейвербалды амалдар арқылы жүзеге асады. Қарым-қатынас тілдік қатынасқа қоса хабарға немесе сӛйлесімге кӛмекші қызмет атқаратын бейвербалды амалдарды қажет етеді.

Себебі қатынас немесе кӛркем мәтін тілдік қарым-қатынастың сыртында дауыстың құбылмалы реңктерінен, тембрінен, қарқындылығынан, қимыл- әрекеттерінен, дене қимылдарынан, бет-әлпеттегі ӛзгерістерден де құралады.

Коммуникативтік мәдениеттің технологиялық жағын арнайы жаттығулар арқылы жетілдіруге болады. Педагогтің коммуникативтік тренингінен тұратын жаттығуларды пайдалану жоғары нәтижеге жетуге кӛмектеседі» – деп, Рахметова Р.С. «Болашақ педагогтің коммуникативтік мәдениетін жетілдіру» атты мақаласында анық кӛрсете білді.Бейвербалды амалдар қарым-қатынас кезінде тілдік амалдармен қатар қолданылып, адамдар арасындағы қарым-қатынасты жеңіл іске асырып, біреудің ойын екінші адамға түсінікті, жан-жақты жеткізуге ықпал етеді. Сонымен қатар жоғарыда талданған тілдік деректер арқылы бейвербалды амалдардың әлеуметтік, психологиялық, мәдени т.б. дәйегі, ұлттық сананың кілтін ашатын тілдік құралдар болып табылатыны анықталды.

Педагогика – ғылымы ең ауыр мамандықтардың бірі. Сондықтан оқушымен қарым-қатынас барысында тілдік және тілсіз қатынастарды абайлап қолдану керек. Яғни, оқушымен сӛйлесу барысында сӛздерді орынды қолдану, ауыр, жүрекке тиетін сӛз айтпау керек. Сол сияқты бейвербалды амалдарды да орынды қолдана білген дұрыс. Педагогикалық жүйеде қолданылмайтын амалдарды оқыту барысында қолданбаған дұрыс.

Қазіргі студенттерді педагогикалық қатынастардың қыр-сырына үйрету

(5)

барысында да оқытушылардың ӛз әрекеттері мен сӛйлеу мәдениетіне зер сала қарағандары жӛн болар еді.

Referensi

Dokumen terkait

Электронды коммерцияның қызмет сфераларына төмендегілерді жатқызуға болады: − әлеуетті тапсырыс беруші мен сатушы арасында байланыс орнату; − тауарлар мен қызметтерді интернет арқылы