М.Б.Шындалиева
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан ҚАЗІРГІ БАҚ-ТЫҢ АУДИТОРИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Редакциялық менеджменттің тағы бір бағыты мерзімді басылымның мақсатты аудиториясымен байланыстарын бекітуге арналады. Мұндай байланыстарсыз басылым ақпараттық вакуумның ішінде қалып қояды.
Оқырмандардың немесе кӛрермендердің белгілі бір мәлімдемеге немесе бағдарламаға қалай әсер еткені жӛнінде ақпараты жоқ ұжым басшыларының басылымды дайындау мен жоспарлаудың экономикалық тиімді саясатын жүргізуге мүмкіндігі болмайды. Редакция немесе компанияның аудиториямен кері байланысын орнату үшін оның ақпаратын пайдаланушыға уақытпен тексерістен ӛткен байланыс әдістерін пайдаланады. Мұндай табысты әдістердің біріне бұқаралық, яғни кеңес басылымдары да сәтті жүргізген ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыс жатады. Сол арқылы жинақталған тәжірибені қазіргі нарықтық жағдайларда да пайдалануға болады.
Бұқаралық жұмыс ұғымының астарында ұйымдастырушылық іс- шаралардың жүйесі жасырын тұр. Олардың мақсаты – мерзімді басылымның мақсатты аудиториямен байланысын қалыптастыру және дамыту. Кейбір басылымдардың басшыларының барлығын кәсіби журналистердің қолымен шығаруға ұмтылысы, тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, ӛнім деңгейінің тӛмендеуіне әкеледі. Бұл түсінікті де, себебі, ешбір журналист сол салада жұмыс істейтін, мысалы экономика бойынша экономист маманнан артық біле алмайтыны белгілі. Сондықтан ірі редакциялық ұжым да ӛз басылымын таралушы жақтарында, түрлі қалалар мен ауылдық аймақтарда болып жатқан оқиғалар жӛнінде ӛзекті ақпаратпен қаматамасыз ете алмайды. Сондықтан, бұрынғыдай, әрбір редакция алдында ӛз активін және онымен жұмысты ұйымдастыруды қолға алу міндеті тұрады. Басылымға кӛмекке келуге дайын оның бірқатар достары – оның маңызды кӛмек күші, тірегі. Ал шағын жергілікті басылым редакцияларында ӛз активтерінсіз жұмыстың жүруін елестету тіпті мүмкін емес.
Редакциялық активтің құрамына кімдер кіреді? Оның бірінші бӛлігін ақпарат таратушылар құрайды. Бұл адамдар газет пен телевидениенің қызығушылығын туғызатын оқиғалар жӛнінде журналистерге ақпарат береді.
Редакцияға ӛз ақпарат берушілерін басылымы таралатын аймақтың басқарушы мемлекеттік мекемелерінен, қоғамдық ұйымдардан, кәсіпорындар мен биржалардан, мәдени орталықтар мен университеттерден, яғни кӛпшіліктің қызығушылығын оятатын түрлі оқиғалар орын алатын, жерлерден алғаны дұрыс. Ақпарат жеткізуші оны мақала ретінде жазып газет бетіне шығармауына да болады, ол ақпаратты, не құжатты журналистке жеткізіп, оны ӛз кезегінде заметка немесе ӛзге де мәтін түрінде газетке
береді. Әдетте ақпарат таруатушының бұл қызметі кӛпшілікке жасырын жүреді. Бірақ оның қызметтеріне ақы тӛленуі керек. Себебі, ақпарат – кей- кездерде ӛте қымбат бағаға сатылатын құнды тауар. Қазіргі нарықта ақпарат таратушының ынтасы тӛмендегенімен, олар мүлде жоқ деп айта алмаймыз.
Редакция активінің құрамына кеңесшілер кіреді. Бұл – ғалым, құқықтанушы, қаржыгер, инженер және т.б. редакция қызметкерлері кеңес сұрап жүгіне алатын мамандар. Мысалы, газет бетіне журналистің кӛңілінен шықпаған бір мақала жарияланбақ болса, онда атаулы мамандар журналистке оны түзетуге кӛмектеседі немесе ол мақаланы тіптен жарияламауға кеңес бере алады. Редакция активінің ең маңызды бӛлігін потенциалды авторлар құрайды. Оларға редакция мамандары кез-келген уақытта газет бетіне шыққан мәлімдемеге пікір немесе ӛзекті мақала жазып беруге, күрделі мәселені талқылау кезінде – редакциядағы жиынға қатысу сияқты ӛтініштерді жасай алады. Мұндай авторлардың құрамына әдетте, ғылымның белгілі бір саласында қызмет еткен, білім мен біліктілігі бар, ойын ақ қағазға сауатты түсіре алатын адамдар жатады.
Редакцияда белгілі бір тақырыптық бағытта рубрика жүргізетін әр журналистің – ӛзіндік жеке активі болады. Ол автор, ақпарат беруші және кеңесші ретінде қызмет атқаратын ӛзінің таныстарымен тұрақты байланыста болады. Олардың қатары кӛбейген сайын ӛзекті ақпараттарды алып, одан қызықты мәлімдемелер жасаудың мүмкіндігі де арта түседі. Редакцияның активистері арасынан оның қызметкерлері редакциялық ұжымның жетіспеушіліктері мен құрылымын толтыра алатын адамдарды таңдап ала алады. Кӛбіне, бұл жергілікті басылымдардың шағын редакцияларына қатысты. Әдетте оларда штаттағы жеке тілшілер болмайды. Сондықтан қалыптасқан жағдайдың шешімін табу үшін штаттан тыс тілшілер желісін құру керек. Ол үшін басылымның тұрақты оқырмандары – мұғалімдер, студенттер, инженер және т.б. келісіп, басылым жоспарымен таныстырып, арнайы тапсырмалар беріп отырады. Штаттан тыс тілшілердің еңбегін қаламақымен ӛтейді, ал сапалы мақалаларымен кӛзге түсе білген адамдармен редакция арнайы келісімшартқа отырады.
Ірі басылымдардың редакцияларында әдетте штаттық шолушылар қызмет жасайды. Олар дайындайтын материалдар жан-жақты және терең талдау мен зерттеуді қажет етеді. Сондықтан, шағын редакциялардың бюджеті шолушылардың қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді.
Бірақ, шағын редакциялар да штаттық емес шолушылардың, яғни қоғамдық шолушылардың тобын ұйымдастыруға болады. Оларды жергілікті мамандар – экономистер, институт оқытушылары, спорт жаттықтырушылары және т.б.
арасынан ұйымдастырады. Олардың арасынан тәжірибесі мен бір саланың үздік маманы болған жандарды кездестіруге болады. Егер редакция журналистеріне актив құрамын құру мүмкін болса, онда олармен жақсы жұмыс атқарылады. Басында оған кӛп уақыт жұмсалғанымен, уақыт ӛте келе оның қайтарымы болатыны сӛзсіз. Сондықтан оларға кеңес беріп, қызықтыру арқылы журналист ӛз жұмысын да жеңілдетеді. Әрине, оларды қаламақымен, мүмкіндігі болса сыйақылармен ынталандырып отыру керек. Басылымда
жарық кӛрген мақаланың астына ӛз тілшіміз немесе шолушы екенін қоса жазып, мүмкін болса микропортретінде жанына қойған дұрыс.
Бұқарамен жұмыстың тағы да бір табысты, қазірде пайдаланып жүрген әдісі «дӛңгелек үстел». Редакцияның тікелей ұйымдастыруымен белгілі бір әлеуметтік топтың немесе мамандық иелерінің, кәсіпкерлер, мемлекеттік және жекеменшік мектептердің директорларының, бас бухгалтерлердің немесе т.б. ӛкілдердің жиынын ӛткізу, әдетте оның қатысушыларына да, ұйымдастырушыға да берері мол шара. «Дӛңгелек үстелдегі» жиналысты редакция журналисті дайындайды: ол оның тақырыбын, қатысушыларын таңдайды және оларды шақырады, әңгімені жүргізуші і болады және оны қорытындылайды. Кездесу барысында, түрлі пікірлер тоғысып, аталған саланың ӛзекті мәселелері кӛтеріліп, оларды шешу және алдын алу жолдары қарастырылады. Ал, редакция болса жан-жақты ақпаратқа ие болады да, оны басылымға, телерадиокомпанияның бағдарламаларына есеп түрінде береді.
Осындай жиындардың нәтижесінде басылым ӛзіне сырттан авторларды да жинайды.
Егер газет немесе басылым иллюстрациясы фотосуреттер мен суреттер жетіспеушілігінен зардап шексе, жағдайды бұқаралық жұмыстың тағы да бір түрімен жақсартуға болады. Ең жақсы фотосуретке, каррикатураға, суретке бәйге ұйымдастырып, бағалы сыйлықтармен марапаттау туралы редакция хабарландыруы жергілікті әуесқой фотосуретшілерді, ӛз бетімен жұмыс істейтін суретшілерді қызықтыратыны сӛзсіз. Ондай талант иелері әр елді мекенде бар және олар ӛз туындыларын жарыққа шығаруды армандайды.
Міндетті түрде жарыс шарттарын айтып, оған қатысушыларға кеңестер беруді ұмытпауымыз керек. Фотосуреттердің тақырыбы, олардың кӛлемі және тағы басқалар туралы толық ақпарат жариялау қажет. Редакция қызметкерлеріне жан-жақтан ағылған хаттарды оқып, олардан газет бетіне немесе эфирге шығуға жарамдыларын іріктеп, тіпті олардың авторымен кездесуге тура келеді. Алайда, оның ең басты нәтижесі редакция жанынан шағын фотоклуб ашу, яғни басылымның ерікті иллюстраторларының тұрақты активін құру мүмкін болады.
Конкурстарды ӛткізу редакцияға белгілі бір жанрда немесе тақырыпта ақпараттың жетіспеушілігінің алдын алуға кӛмектеседі. Бұл бұқаралық жұмыстың, қоғамдық-саяси немесе жастар басылымы үшін аса тиімді жолы.
Іскер басылымдар үшін ӛткізілетін іс-шараның мақсаты мен міндетін нақтылап айтып, түсіндіру қажет болады. Бұқаралық жұмыстың барлық ескі әдістері қазіргі нарықтық заман басылымдарына келе бермейді. Себебі, олардың бірқатары ақша шығынын кӛп талап етеді. Мысалы, қазіргі уақытта ірі газеттің басшылары оқиға орнына бір топ редакция ӛкілдерін мақалалар жиынтығын жасауға жібермейді. Сондықтан, іскер басылымдар жер- жерлерде ӛздерінің «Іскерлер клубын» ашып алса, бірнеше жыл табысты қызмет жасаған «Труд» газеті сияқты тек ұтар еді. Сонымен қатар, қазіргі қалыптасқан жаңа жағдайларға орай бұқаралық жұмыстың жаңа түрлері пайда болды. Әдетте олар «паблик-рилейшнзі» қоғаммен байланыс формасымен сәйкес келіп жатады. Олардың ішінде - кӛрмелерді
ұйымдастыру, телевидение, радио немесе баспасӛз басылымдарының журналистерімен кездесу, газет фестивальдерін ӛткізу және т.б. Бұқаралық жұмыс кӛп уақыт пен күшті және белгілі бір кӛлемдегі ақшалай шығынды қажет етеді. Әрбір редакция ӛзіне пайда әкелетін бұқаралық жұмыстың түрін, әдісін, тәсілдерін ӛзі анықтайды. Қандай жағдай болмасын редакция жұмысының тіршілік үшін күресі, кӛп еңбек пен күресті қажет етеді.
Қазіргі уақытта бұл бағыттағы редакция қызметі күрт ӛзгерді.
Редакцияларға ағылатын ондаған хаттар ағыны азайып, олардың сипаты да түрленді. Бұрынғыдай ол хаттардан тұрғын үй туралы немесе тӛбесі нашар үйіне жӛндеу жасауды сұраған ӛтініштерді кездестірмейсіз. Бұл ӛзгерістер бірнеше себептермен түсіндіріледі. Оның бірі экономикалық сипатқа ие, жағдайы тӛмен адам редакцияға хат жіберу үшін маркасы бар хат сатып алмайды. Екіншісі – қазіргі уақыттағы газет оқырмандары мен теледидар кӛрермендері БАҚ құралдарын биліктің ӛкілеті, мүмкіндіктері бар мекеме ретінде қабылдамайды. Атап кетерлік тағы бір себеп, журналистердің қалың кӛпшіліктен келетін хаттарға деген кӛзқарасының ӛзгеруімен түсіндіріледі.
Кейбір редакциялар шағым мен арызға толы хаттарды әрі қарай іріктеп бӛлу қызметін атқармайтындығын ашық айтып жатады. Сонымен қатар, қазіргі кӛптеген басылымдар келген хаттарға жауап қайтармайды, олардың ішіндегі бұқаралық аудиторияның қызығушылығын оятатын, ӛзектілерін ғана газет немесе журнал бетінде жариялайды. Басылымдарға бұлай жасау құқығын
«БАҚ туралы Заң» беріп отыр. Оқырмандар хаттарын мүлде баспайтын, бұқараның ойын жеткізу тек редакция қызметкерінің құқы дейтін басылымдар да жоқ емес. Оның нәтижелері де кӛп күттірмеді. Газет беттері мен эфирге шығатын оқырмандар мен кӛрермендердің хаттары күрт үзілді.
Тек бір қатар басылымдар ғана - «Егемен Қазақстан», «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті», «Астана ақшамы», «Ана тілі», «Түркістан» – бұрыннан бері қалыптасқан редакциялық пошта дәстүрін үзбей сақтап келеді. Ал, кӛпшілік басылымдардағы оқырман хаттарына арналған рубрикалар сирек немесе мүлде шықпайтын болды. Жергілікті аймақтық басылымдарда хаттармен жұмыс тоқтамаса да, келетін хаттар күн сайын азая түсуде.
Журналистер редакциялық поштадан бас тарта отырып, жұмысы кӛп, уақыт пен күшті де кӛп қажет ететін әрқашан да жұмысқа пайда әкеле бермейтін істен құтылды. Екінші бір жағынан, олардың жоғалтқандары да аз емес. Олар ӛздерін басқа жолмен алу мүмкін емес ақпарат кӛздерінен айырды. Басылым, телерадиокомпания аудиториясымен ӛздерінің байланыстарын әлсіретіп, кері байланыс арнасын үзіп алды. Сондықтан, басылымдардың қоғамдық ойды білдіру мүмкіндіктеріне және аудиторияға ықпалына біршама шектеу пайда болды. Мұның барлығы, басылымның танымалдылығына, оның имиджімен, ең соңында экономикалық базасына әсер етпей қоймайды. Адамдарға олардың пікірімен санаспайтын, қызықпайтын басылым қажет емес. Сондықтан, оларға жазылу немесе сатып алу мүмкіндігі азаяды. «Редакция редакциялық поштамен ондаған жылдар жұмыс істеудің нәтижесінде құнды тәжірибе жинақтайды. Олардан шығатын кӛптеген пішін, әдіс пен амалды қазіргі нарықтық жағдайында кеңінен
пайдалануға болады»-[1,37-б],- дейді С. М. Гуревич. Бұл пішіннің кӛпшілігі түрлі ӛзгеріске ұшырады, кӛбісі тарихқа келмеске кетті. Олардың орнына жаңа пайда болып жатқан аудиториямен байланысты қалыптастырып, дамытатын ӛзге пішін мен әдістер келді. Олардың кейбіреуі телефонды пайдаланумен байланысты. Редакцияларға түсетін тыңдарман, оқырман, кӛрермендердің қоңыраулары кӛбейіп, олар ӛздерінің нақты сұрақтарының жауабын ӛзінің журналистінен алып немесе оған ӛз ұсынысын айтады, бұл оны хат ретінде жазып, салып жібергенге қарағанда уақытты да, күшті де үнемдейді. Мысалы, «Хабар» арнасының «Кӛзқарас» бағдарламасы редакцияға белгілі қоғам, мемлекет қайраткерлерін шақырып, оларға сұрақ қою үшін арнайы желі ұйымдастыру дәстүрі қалыптасып келе жатыр.
Арнайы желіге хабарласқан әрбір кӛрермен ӛзін қызықтырған сұрақты қойып, жауап ала алады. Радиостанцияларда түрлі сыйлықтарға арнайы ойындар ойнатылып, тыңдармандармен телефон арқылы байланыс орнатылады. Ал «КТК» арнасы саясаткерлер мен мемлекет қайракерлерінің рейтингін анықтау үшін интерактивті телефон байланысын жиі-жиі ұйымдастырып тұрады.
Басылым, телевидение, радионың аудиториямен байланысын нығайтудың тағы да бір түрі Интернет әлемдік желісін қолдану болып табылады. 2000 жылдардың аяғында «Айқын» күнделікті газетінің бетінде оқырмандардың пікірлері жарық кӛре бастады. Олар редакцияға компьютерлік желі арқылы түсіп отырады. Келесі жылы оқырмандардың желідегі пікірлері толық бір бетті алды. Мұндағы мақсат басылымның оқырманымен байланысын интерактивті түрде жүзеге асыру болатын.
Осылай, ол басылымның екінші рет, виртуалды әлемде ӛмірге келуін жариялады. Және бұл қадам оның аудиториясының үлкеюіне әсер етеді деп сенді. Мұндай сайттар уақыт ӛте келе ӛзге газеттердің редакцияларымен, журналдармен, телерадиокомпаниялармен ашыла бастады. Редакция қызметінің бұл бағытында да кәсіби шеберлік пен журналистердің ынтасы ӛте маңызды. Сонымен қатар, редакциялық менеджменттің мәселесін шешуге де байланысты.
Қазақстанда басылымды шетелде тарату кеңінен жолға қойылған.
«Заман Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Ана тілі» газеттері қазақ тілді халқы бар, яғни қазақ диаспорасы ӛмір сүретін аймақтарда, алыс- жақын шетелдердің нарығына кіруге талпыныс жасауда. Түрлі себептермен шетелге қоныс аударған миллиондаған қандастарымыздың, қазақ азаматтарының Отанымен байланысын сақтауда бұл газеттердің маңызы зор.
Олар ӛздері тұрған және таныстары мен туыстары қалған елдің тыныс- тіршілігіне қызығушылық танытып отырады. Олар қоныстанған кейбір елдерде, мысалы, Ӛзбекстанда, Қытайда, Моңғолияда, Түркменстан, Түркиядабұл қажеттілікті ӛазақ тіліндегі радиохабарлар мен жергілікті қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстаннан келетін газет-журналдар арқылы шешуге тырысады. Қазақстаннан шығатын мерзімді басылымдардың редакциялары ӛздерінің бұрынғы отандастары арасында ақпарат таратуға қызығушылық танытып отыр. Сондықтан, жоғарыдағы басылымындар
шетелдік жазылушылар үшін арнайы жазылу кампанияларын ұйымдастырып, олардың ақпараттық қажеттіліктерін ӛтеуге, жағдай жасауға ынталы.
«ҚазАқпарат» ұлттық компаниясы 2011 жылдан бастап ӛз хабарларын тӛте жазумен (араб қарпімен) де тарата бастады. Қазақ тілді ақпараттың ӛрісін кеңейтуге айтулы үлес қосатын үлкен жаңалық. Негізінде
«ҚазАқпарат» агенттігінің 2004 жылдың кӛктемінен бері қазақша хабарларды латын қарпімен тарата бастағаны. Түркия мен Еуропада тұратын қандастарымыздың Қазақстан жаңалықтарымен сол мезетте хабардар болып отыруын кӛздеген агенттік шеттегі қазақтардың кӛңілінен шыққан. Бұл жаңалықтарды Қытайдағы бір жарым миллиондай қазақ жұртының іздейтіні атажұрт, Қазақстан жаңалықтары боп келеді екен. Қытайда кӛптеген қазақша интернет тораптары жұмыс істейді. Олардың беттерінде қазақстандық –
«ҚазАқпарат», «Егемен Қазақстан» сияқты бірқатар ақпарат құралдары мен басылымдарының ғаламторлық сайттарының мекен-жайлары да кӛрсетілген, оларды сол жақтан ашып оқи беруге болады. Осылайша «ҚазАқпарат» қазіргі кезде әлем қазақтары қолданып отырған үш әліпбимен бірдей хабар тарататын, күллі алаш жұртының оқырманына Қазақстан жаңалықтарын жеткізіп отыратын бірегей агенттікке айналып отыр. Бүгінде «ҚазАқпарат»
агенттігі қазақша үш әліпби нұсқасында, орысша, ағылшынша әлемге Интернет арқылы хабар таратып отырған еліміздегі бірден бір электрондық бұқаралық ақпарат құралы. Мәселен, 2-3 күн кӛлемінде сайтты қарайтын қытайлық қазақ ағайынның саны 6000-нан асып үлгерген. «ҚазАқпарат»
күнделікті 100-120, кейде одан да артық кӛлемде ақпарат дайындайды. Бірақ тӛте жазу нұсқасына шеттегі бауырларға керекті деген 40-қа жуық ақпарат салынады. Соған қарамастан, ондағы оқырманның қалың ортасы күн сайын қауырт кӛбейіп отыр.
Басылымды шетелде тарату үшін жазылуды да, бӛлшек сауданы да пайдаланады. Қазақстандық басылымды жаздырып алғысы келетін оқырман жергілікті делдал-агенттіктерге Қазақстан басылымдарымен келісімшартқа отырған кез-келгені арқылы газет, журналдарға қол жеткізе алады. Бұл агенттіктер басылымның бүкіл елде таралуына жағдай жасайды. Оған деген сұраныстың артуын байқаса, агенттік оның сол елде басылуын атқара алады.
Редакция делдалға кезекті нӛмірдің макеті мен ақпараттарын беру үшін интернетті пайдаланады. Ал басылған нӛмір жазылушылар мен бӛлшек сауда орталықтарына, сол арқылы ұлттық басылымды оқитындар қолына түседі.
Кӛптеген мерзімді басылымның редакциялары басылымды таратудың тӛртінші әдісі – тегін таратуды пайдаланады. Ол алдыңғы үшеуінен мүлде ӛзгеше. Оның бірінші ерекшелігі, оқырман ӛзіне әкелетін газетке немесе журналға қажеттілігі болса, тегін әкелетін газетке ешқандай мұқтаждығы болмайды. Ол тіпті мұндай басылымның бар және сол елде шығатынынан мүлде хабарсыз. Екінші ерекшелігі, құрылтайшы немесе газет редакциясы атаулы оқырманнан ақша алмайды. Соған сәйкес газетті алушы ешқандай шығын шығармайды. Оқырман үшін тегін келген газеттің ешқандай құны жоқ. Бірақ, басылымда белгілі ақпараттың болатынын және оның оқырман үшін маңызды болуы мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Үшінші ерекшелігі,
мұндай басылымдарды тарату жазылу арқылы да, бӛлшек сауда арқылы да жүзеге асырылмайды. Әдетте газет немесе журнал сандарын арнайы редакцияның тарату қызметі тұрғын үйлердің подъездеріне немесе пошта жәшіктеріне қалдырып кетеді. Бұл жерде ешкімнің де мекен-жайы маңызды емес, бәріне бірдей атаулы басылым салынады. Басылымды мекен-жаймен тарату әдісі қолданылады. Оның нӛмірлерін пошта жәшігінің иелері ашып оқиды деген ұяшықтарға ғана салады.
Тегін басылымды дайындау, шығару және тарату редакциядан белгілі бір мӛлшердегі қаржылық шығынды талап етеді. Бірақ бұл жағдайда шығынды оның қолжетімділігі ақтайды. Тегін газетті таратудың мақсаты – ондағы ақпараттың түрі мен сипатына байланысты. Мұндай басылымдардың кӛпшілігі жарнамамен айналысатын журналдар мен газеттерге тән. Жарнама хабарландыруларын жариялаудан түскен пайда редакцияның басылымды шығару мен дайындап, тегін таратуын кеткен шығындарын ӛтейді. Әдетте, ӛте үлкен кӛлемде таратылатын басылым даналары жарнаманы тиімді тасушылардың қатарына жатады. Әлеуметтанушылар зерттегендей, Астанада жарнама басылымдары таралымы 500 000 данадан асқан кезде ғана пайда әкеле бастайды екен. Ал ӛзге қалаларда таралым данасы тӛменірек болуы мүмкін. Тегін таратылатын астаналық ірі жарнама газеттерінің қатарына
«Недвижимость Астана» таралымы үш миллион дана, Қарағандыдан шығатын «Газета бесплатных обьявлений» газеті, Астанадан шығатын ақпараттық-жарнамалық басылым «Курьер» бір миллион данадан асатын және жалпы таралымы бес миллион дананы құрайтын «Gbo.kz info»
басылымдары жатады. «Строй-К» ақпараттық-жарнамалық журнал, «Бизнес- Регион Казахстан», «Добрые советы», «Бизнес курьер», «Караван-класс»,
«Рек-тайм Алматы», «Плюс» тағы басқа кӛп данамен таралатын жарнамалық басылымдар бар.
Кей кезде түрлі партиялар мен қозғалыстардың саяси басылымдары да тегін таратылады. Ірі саяси кампаниялардың кезінде саяси партиялардың басылымдарының редакцияларын ӛз таралымдарының жартысын саяси акцияға қатысушы, ӛздерінің потенциалы сайлаушыларына тегін таратады.
Кей-кезде бұған тегін жарнама газеттерін таратушылардың қызметін пайдаланады. Бұл әдісті жаңа басылымдардың редакциялары да қолданады.
Жаңа газет немесе журналдың нӛлдік (тегін) нӛмірлері, кейде оның бірнеше нӛмірлерін қаланың белгілі бір аймағындағы тұрғын үйлердің жәшіктеріне салып тегін таратады. 1998 жылдары Астанада жаңадан шыға бастаған газет- журналдар тура осылай таратыла бастаған. Олар бірнеше ай бойы анықтамалық бюродан үйлердің мекен-жайын алып, соларға тегін газет- журнал таратып, содан кейін ғана басылымды жазып таратуды бастаған екен.
Әдебиет
1. Гуревич С. М. Основы научной организации журналистского труда.
М., 1987. – 288 стр.
Приложение №2
Заявка на участие в конференции
ФИФИОО ШШииннддааллииеевваа ММееннллииккуулл ББууррххааннооввннаа Т
Тееммаа ддооккллааддаа ҚаҚаззііррггіі ББААҚҚ--ттыыңң ааууддииттоорриияяммеенн б
бааййллаанныыссыы
Направление секции Литература, культура и фольклор тюркских народов.
МеМессттоо ррааббооттыы ЕЕННУУ иимм. . ЛЛ..НН....ГГууммииллеевваа Д
Дооллжжноноссттьь,, ууччееннааяя ссттееппеенньь,, ззввааннииее ДДооккттоорр фифиллооллооггииччеессккиихх нанауукк,, п
пррооффеессссоорр
АдАдрреесс 00110000008800.. ККааззааххссттаанн.. г.г.ААссттааннаа,, улул..ЯЯннуушшккееееввиичч,, 88//11,, кквв..440077
ТеТеллееффоонн рраабб..,, ссоотт..,, ддоомм.. ССоотт:: 8-701-552-30-13 Дом: 8-717-2-52-97-88
Email [email protected]
ПеПеччааттнныыйй//ээллееккттрроонннныыйй ссббооррнниикк ПеПеччааттнныыйй//ээллееккттрроонннныыйй ссббооррнниикк ГоГоссттииннииццаа (б(бррооннииррооввааттьь//ннее
брброоннииррооввааттьь)) --