болса, онда ол ақиқатқа айналу мақсатында мифтік формаға ие бола бастай- ды. Мұндай жағдайда шындыққа немесе оқиғаға негізгі себеп болған жай- лар ұмытылып, жұрт жадында ақиқатқа қатысты жағы ғана қалады. Мысалы, Қозы мен Баян хиқаясында осындай хал болғанға ұқсайды. Кезінде тарихи әрі саяси, тіптен геосаяси дүрбелең болған, бірақ сол заман үшін маңызды болған оқиға ұмытылып, мәңгілік ақиқатқа қатысты жағы қалған. Ол – қыз бен жігіттің құрбандыққа дейін барған ғашықтығы. Өйткені, махаббат бұл мәңгілік. [7] Ал, ағаштардың өзара айтысына келсек, жерге таласқан көшпелі қауымның өмірін көргендей боламыз.
Мифтер арқылы әр халық өздерінің түпкі болмыстарын жорумен қатар тілдік, мәтіндік, наным-сенімдік, салт-дәстүрлік және заттық айғақтарын айшықтай алады. Мифтік мұраны дұрыс түсінген жағдайда оның ұлтты ұйыстыруға, елдің еңсесін көтеруге, елдің рухани дәулетін еселеуге тигізетін ықпалы мол. Ежелгі миф-аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың рәміздік мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Цэрэнсодном Д. Монгол уран зохиол. /ХІІІ-ХХ зууны эх/. – Улаанбаатар, 1987.
– 321 б.
2. Серікқалиев З. Дүниетану даналығы. – Алматы: Білім, 1994. – 296 б.
3. Айтматов Ш. Ақ кеме // Повесттер мен әңгімелер. – Алматы: Жазушы 2004. – 448 б.
4. Юнг К. Архетип туралы жалпы түсінік // Әлемдік мәдениеттану ой-санасы.
Мифология: құрылымы мен рәміздері. – Алматы, Жазушы 2005. – 49-65 б.
5. Ғабитов Т.Х., Өмірбекова М.Ш. Мәдениеттану негіздері. – Алматы: Зият, 2003.
– 240 б.
6. Мыңжанұлы Н. Қазақтың мифтік аңыздары. Дәуір, 2002. – 394 б.
7. Есім Ғ. Қазақ философиясының тарихы. Алматы, 2006, 18б.
ДІНИ ДҮНИЕТАНЫМДАҒЫ КЕМЕЛ АДАМ МӘСЕЛЕСІ
Алмурзаева Б.
Астана қ., Қазақстан Әр ғасырдың тарих сахнасында алар өзіндік ерекшелігі бар. ХХІ ғасыр бол- са адамзат тарихында ғылым мен техниканың қарыштап дамуымен көзге түседі.
Алайда даму үрдісі мен қатар экономикалық дағдарыстар, адам мен адам, адам мен қоғам арасындағы түсініспеушіліктер де орын алуда. Тастанды балалардың көбеюі, отбасы шаңырағының шайқалуы, үлкенге ізет пен кішіге құрметтің азаюы, суицид өлімі мен қылмыстың көбеюі т.б. сынды мәселелер өкінішке орай бүгінгі күнде қалыпты жағдайға ие болып бара жатыр ма деп ойлап қаласыз. Жоғарыда аталған жағдайлар жиі орын алатын болса әлбетте қоғам үйлесімділігінің қалыпсыздығы мен бұзылуына әкеп соғатыны даусыз. Бұндай орын алған кейбір келеңсіз жағдайларды әлеуметтік, экономикалық, саяси тұрғыдан алдын алу- дан бұрын рухани тәлім–тәрбиеге көп көңіл бөлуді қажет етеді. Адам жараты- лысы ақыл, сана, рух қалауы мен сезімдерден тұрады. Ақылды, саналы азамат болудың өзі оның рухына дұрыс бағытталған тәлім–тәрбие мен білімге тікелей байланысты.
Ендігі кезекте адам тәрбиесі мен кемелділік тұлғасын ғасырлар бойына арқау етіп келе жатқан Ислам, Христиан, Буддизм діндері мен Конфуци іліміне тоқталып өтейік.
Б.з. VII ғасырда Араб түбегінде абыройымыз түсті деп нәресте қыздарын тірідей көмген жаһилият, яғни надандық дәуірінде адамзат баласына шам–шырақ болып Мұхаммед пайғамбар жіберіліп, Ислам діні пайда болған еді.
Құранда: “Аллаһ олардың араларынан, өзінің аяттарын оқып, олардың бойларын жамандық пен жағымсыз қылықтардан тазартатын және оларға кітап пен хикметті үйрететін пайғамбар жіберіп, мұсылмандарға үлкен қайырымдылық жасады”, –дейді.(Әли–Имран, 3/164 )
Пайғамбарлық міндеті―хикмет пен көркем үгіт арқылы ғана дінді жаю еді. Мұхаммед пайғамбар (с.а.у. ) жиырма үш жылға созылған пайғамбарлық өмірінде барша адам өмірінің соңына жетерлік ғибрат пен өнегеге толы сүннет жолын қалдырған еді.
Пайғамбардың міндеті өмірінің соңғы деміне дейін жамандықтан тиып, жақсылыққа үндеу мен қатар мұсылмандарды ислам діні шарттарына сай көркем мінездер мен ізгі қасиеттерге баулып тәрбиелеу болды.
“Шын жауынгер–нәпсісіне қарсы соғысқан адам”деген. [1.20 бет]
Адамның рухани тәрбиесі―ол нәпсі тарбиесінен бастау алады. Ал рухани тәрбие өз кезегінде парасаттылық пен кемелділікке, жеке адамның тұлға болып қалыптасуына жетелейді.
Нәпсіні шариғат шартына сай тәрбиелеу, бақылауға алу Ислам дінінің өзегі болып табылады. Өйткені кез келген құлшылықтың шынайы жүрекпен жасалуының негізі нәпсіге барып тіреледі. Бұл жайында орта ғасырлық араб тілдес ойшылдардың бірі Абу Хамид әл- Ғазали (1059-1111жж.) адамды бір атты аскерге балап: “Нәпсі–рухтың көлігі. Егер адам нәпсісінің тізгінін жіберіп, оны өз бетінше қоя берсе, сөзсіз құрып кетеді. Кейбір Үнді діндерінде және мистикалық философиялардағы сияқты егер оны өлтіруге тырысса, онда ақиқат жолында көліксіз қалады. Олай болса, нәпсіңнің тізгінін қолыңда ұста да көлігіңнен пайдалан!” дейді. [2.133 бет]
Айтылған ойдан нәпсіні тәрбиелеу барысында орта жолды ұстану керек екенін көреміз.
Көркем мінез жайлы білмек болған бір кісіге Мұхаммед Пайғамбар: « (Ей, Мұхаммед!) Кешірімділікті ұстан, жақсылыққа бұйыр және надандарға сырт бер», - деген аятты оқып:--Көркем мінез –туыстық қарым-қатынастарын үзгендермен арадағы аралас-құраластықты арттыруың, саған жамандық жасағандарға жақсылық жасап, қиянат жасағандарды кешіруің, - деп қорытқан.
Адам мен адам және қоғамдық қатынастарды реттеу, өзара үйлесімділікпен өмір сүруде көркем мінездің маңызы зор. Көркем мінез адамның ішкі жан дүниесінің рухани құндылықтарды бойға сіңіру арқылы жүзеге асқан көрінісі.
Ислам дінінің басты мақсаты да рухани құндылықтарға тәрбиелеу, адамның ішкі жан дүниесін кемелдендіру болып табылады. Сол себепті де мұсылман тәрбиесінде сабырлықпен кешірім жасау, кішіпейіл және мейірімді болу, шыншылдық пен әділдіктен таймау, адалдық көрсету сияқты т.б. ізгі қасиеттер кеңінен орын алады.
Хазіреті Омар бірде қайыр тілеп жүрген әлдебір кісінің қасына барып, неге тіленшіленіп жүргенін сұрайды. Бұл кісі ислам дінін ұстанбайтын. Кәрі
кісі салық төлейтіндігін, сондықтан да кедейленгенін айтқан кезде Омар оған қазынадан айлық тағайындаттырып: - Бұларды жас кезінде жұмыс істеткізіп, қартайған шақтарында далаға тастай алмаймыз, - деп ислам миірімділігінің үлгісін көрсеткен болатын.
Әділдік пен адалдық та рухани көркем қасиеттердің бірі. « Шынында, Аллаһ әділдікті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Арсыздықтан, жамандықтан және зұлымдықтан тыяды. Әрине, ойланарсыңдар деп сен- дерге насихат береді «. ( Нахыл, 16/90 )
Әділдік ұғымы отбасында бала тәрбиесінен бастап, мемлекет басшысы билігіне дейін қамтиды. Әл- Ғазали (1059-1111жж.) « Басшыларға үндеу « атты ауқымды еңбегін жазып, әділ де шыншыл болу қасиеттерін кеңінен талқылаған.
Сонысымен де бұл кітап әлі күнге дейін өте құнды еңбектердің қатарынан табы- лады.
Христиан дінінде Иса Масихты, Буддизм дінінде Сидхарта Гаутама Шакьямуниды, Қытай мәдениетінде Конфуций мен Лао-цзы тұлғаларын дәріптесе, Ислам дінінде рухани құндылықтармен кемелденген үлгі тұтар адам ол - Мұхаммед пайғамбар. Әр бір мұсылман пайғамбар мен оның сахабаларына қарап бой түзеген. Ислам дінінің «алтын ғасырында» өмір сүрген сахабалар ішкі жан-дүние тазалығын сақтап, жақсылық жасауда жарысқан.
Адам тәрбиесіне байланысты екінші ұстаз атанған Әл–Фарабидің ІХ–Х ғғ.“ Қайырымды қала тұрғындары ” атты еңбегі мен Қожа Ахмет Йассауий ХІ ғ. іліміндегі “ кемел адам ” концепциясы көзқарасы кеңінен талқыланса, қазақ халқының бір туар ақыны–Абай Құнанбайұлының 1845–1904 жж. өлеңдері мен
“қырық бес қара сөздерінде”, Шәкәрім Құдайбердіұлының1858–1931жж. өлең жолдары ислам дінінен сусындалып әлі күнге дейін тәрбиелікке шақыратын рухани құндылыққа ие шығармалар болып табылады.
Ислам дініндегі нәпсіні тәрбиелеу арқылы кемелділікке жету жолын Хри- стиан және Буддизм діндерімен салыстыратын болсақ, аталған соңғы екі дін де аскеттік өмір салтын ұстанады.
Б.з. І ғ. Палестинада дүниеге келген Христиан дініндегі кемел адам үлгісі―
Иса Мәсіх болса, б.з.д. алғашқы мың жылдықта Үндістанда пайда болған Буддизм дінінде кемел адам үлгісі― Будда Сидхартха Гаутама болып табылады.
“Христиан діні адамдарды бай және кедей , еркін немесе құл деп таны- май, оларды тек діндар немесе діндар емес деп қана тануға үйретеді. Байлық, асқан күш қуат тойымсыздық кесел деп, ал кедейшілік, мойынсушылық пен жақыныңды жақсы көру сезімі ізгі қасиеттер деп саналады. Христиандар бұл дүниеде қол жету мүмкін болмайтын әділеттілік, Иса Масих жария еткендей, Аспан Патшалығында салтанат құратынына сенеді.”[3.311-312 беттер]
Иса Мәсіх атақты Тау уағызында шаттыққа бөленетіндер қой аузынан шөп алмас момын адамдар, мейрімділер мен жақсылықты аңсағандарға адамның ішкі рухани қасиеттерін ашып көрсетіп, жоғары адамгершілік тәлім беріп, кек қайтару, қарғыс лағынеттер айту, екі жүзділікке үндейтін жағымсыз қылықтарды көрсетіп, христиан діні негізін ұғындырды.
“Сенен сұрағанға бер, сенен білгісі келгеннен теріс айналма”, “ Біреуді кіналама,сонда сені ешкімде кіналамайды...”, “...Кімге қандай баға берсең өзіңеде сондай баға бұйырады” деп рухани тазалыққа үндейді. [4.307 бет]
Христиан діні тарихи және саяси жағдайларға байланысты Православ, Католик, Протестант болып үш бағытқа бөлінуіне байланысты дін қайнар көзі бір болғанымен әр бағытқа өзіндік ерекшелік тән екенін ескеру керек. Бұл ерекшелік кемелділік концепциясын да қамтиды. Христиан діні аясындағы Рухани кемелділік бейнесінің өткен тарихы мен бүгінгі күндегі түсінігінің өзі терең зерттеуді қажет ететін күрделі тақырып болып табылады.
Христиан дінінде рухани кемелділікке жету мақсатында дін басылары монахтық өмір салтын ұстанады. Ислам дінінде керісінше шамасы жеткен адамға үйленіп, отбасын құру, ұрпақ тәрбиелеу міндеті жүктеледі.
Буддизм дінінде Сидхартха Гаутаманың “Ақиқатты ізденіс жолында ал- дынан ашылған мүмкіндіктердір алғашқысы йога болды. Тән мұқтаждықтарын шектеп және аштыққа төзе отырып, йогтар өздерінің рухани мақсаттарын түсінуге ұмтылды.Тән құмарлығын тежеу―олардың рухани дамуының қажетті алғышарттарының бірі еді”[5.49 бет]
Будда дінінің мәні азап пен қайғы қасыреттің ізгілікті төрт ақиқат және сол азапты күйзелістерден құтылудың сегіз жолын түсіндіреді. Нирванаға жеткен адам,ол ақиқатқа жетті және ол дүниедегі ең бақытты жан деп санайды.
Буддизм діні этикасы Будданың өсиеттерінен тұрады.“Тіршілік иелерінің қай қайсынада зиян келтірмеу; біреудің өз еркімен бермеген нәрсесін алмау;
жалған сөз айтудан аулақ болу; мешкейліктен бас тарту; билеу мен ән салу және ойын–сауықтардан аулақ болу; мас қылатын ішімдіктер мен есірткіден аулақ болу т.б. ” ұстанымдарға негізделген. [6.19 бет]
Бес мың жылдық тарихы бар Қытай елінде де рухани кемелділік мәселесі назардан тыс қалмаған. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет бейнесінің қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың маңызы зор болды. Чжоу династиясы кезеңінде б.з.д.XІғ. Аспанға табынушылық орын алып, Қытай империясы аспан аясындағы қасиетті империя деп жарияланды. Бұл көзқарас табиғат пен адамның арасын жақындата түсіп, моральдық құндылықтардың негізін қалады.
Ойшыл Конфуци өз ілімін қалыптастырды. Ислам мен Христиан діндері бірнеше құрлық пен көптеген ұлттарды қамтыса, Конфуци ілімінде ұлттық сипат басым болғандықтан тек қытай халқы шеңберінде қалған. Дегенмен қаншама ғасыр өтсе де Конфуцидің даналық афоризмдері әлемдік деңгейде өз мәнін жойған жоқ.
Конфуци жақсы мен жаманды рухани және құлықтық сипаттарына қарай жіктеп, жан–жақты сипаттап береді. Үлкенге құрмет көрсету, басшыларды тыңдау бүгінге дейін көрініс тапқан.
« Ата анаңа–тірісінде жөнімен құрмет ет, Өлгенде– салт рәсімі бойынша жерле «,- дейді.
« Біздің ауылдағы турашыл кісілер сіздікінен бөлегірек. Балалары әкесінің артын ашпайды, әкесі баласының абыройын шашпайды, турашыл деген осы «,- дейді.
[7.155 бет]
Конфуци ілімі көптеген ғасыр Қытай мемлекетінің идеологиясына ай- налып мемлекет беріктігіне өз үлесін қосуда. Көріп отырғанымыздай барлық діндерде де кемел адам мәселесі, тарбие маселесі қаралған. Әр діннің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты рухани кемелділік концепциясыда соған қарай бейімделіп өрбіген.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Термизи , Фазайлул--Жиһад,2; Ахмед бин Ханбал, Мүснәд,VI, 20 2. Осман Нұри Топбаш, Тасаввуф, 133 бет
3. А.И.Артемьев, Дінтану, 311–312 беттер 4. сонда 307 бет.
5. Эррикер К. Бұдда діні, 49 бет 6 сонда 19 бет
7. Восточные мудрости, 155 бет
САДУАҚАС ҒЫЛМАНИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ: АДАЛ ЕҢБЕК, САБЫРЛЫҚ, ҒЫЛЫМ БІЛІМ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АМАНТАЙ Р.
Астана қ., Қазақстан ХХ ғасырдың басында кеңестік идеология дінтанушы ғұламаны әуре сарсаңға түсіріп, отбасының шырқын кетіріп өмірін ойрандатқан. Өзін жылдар бойы ел жерінен жырақ жүруге мәжбүрлеген. Қанды қырғын мен зор бейнетті көп көрседе біліммен біліктіліктен, терең ойшылдылықтан, діншілдіктен, үнемі алға басу қабілетінен еш айныған емес.
Ғылманиды өзі өмір сүрген кезеңдегі қазақ халқының барлық болмысы мен ауыр ахуалы ақынды бей жай қалдырмады. Ғұлама өзінің басынан кешірген тағдыр тауқыметін, ел басына күн туған кезеңді, үнемі қағаз бетіне түсіріп отырған.
Жастайынан діни білім алып, араб тілін меңгерген көкірек көзі ашық ақын, адам баласын имандылықпен инабаттылық жолына тәрбиелеуде Ислам дінінің зор мәнін мойындап, оны уағыздаудан еш жалыққан емес. Әр жұма сайын дінді насихаттап, ізгілікпен адалдыққа үгіттеуді өзіне парыз санаған. Ислам ілімдерін, соның ішінде Құран аяттары мен хадистерді жіті меңгеріп, мәніне терең үңіле отырып, өлеңдерінде кеңінен қолдану арқылы халықты қайнар бұлақпен сусындатқан. Дінсіздік аласапыран заманды көзімен көріп басынан кешірген ғұлама, ата – бабамыздан үзілмей келе жатқан дінді сақтап қалу жолында көрген қиындықтарын:
«Дін үшін жалғыз мен бе жеген таяқ», «Жалғыз абырой мендегі бір дін үшін, Сол үшін жаза тарттым, көріп қысым.» деп жазады.
Әр бір Исламды уағыздайтын ғұламаға тән қасиет, Пайғамбар хадистерін өз шығармаларында кеңінен пайдалану болған. Сол сияқты Ғылмани шығармаларын парақтағанымызда көптеген түйінді тұжырымдарының хадистермен сабақтасып жатқанын аңғарамыз.
Пайғамбардан көшірілген мына хадис Білгендерге мәнісі айқын, таныс.
Даңқың шығу адамға үлкен апат, Сөйтсе де түгел жанға бір құмар іс.
* * *
Тағыда Пайғамбардың мынау сөзі , Ұққанға зор тамаша ұнау сөзі.
Келер деп бір заманды баяндаған,