• Tidak ada hasil yang ditemukan

Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі – қазіргі уақыттың өзекті мәселесі

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі – қазіргі уақыттың өзекті мәселесі"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

ӘОЖ 664:658.562.001.25

ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚАЗІРГІ УАҚЫТТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ

Манап Қ.Р.,магистр., Серикқызы М.С.,PhD..

Алматы Технологиялық университеті, Алматы қ.,Қазақстан Республикасы E-mail: [email protected]

Тағам өнімдерінің шикізатының және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі, халық денсаулығын және оның генін сақтауға тікелей қатысты. Адам ағзасына түсетін зиянкелтіргіштердің 70%-дан астамы тағам өнімдері арқылы түседі.

Осыған байланысты негізгі мәселелер тағам өнімінің қауіпсіздігін қадағалау және тиімділігін арттыруды жауапкершілікпен қарау, тұтынушының денсаулығы үшін кепілдік беру болып табылады[1,3].

Тұтынушының денсаулығына зиян келтірмейтін өнім деп құрамында токсикалық заттары жоқ (немесе санитарлық нормаға сай минималды нормасы бар) , канцерогенді болып табылмайтын, мутагендік немесе адам ағзасында басқа да кері әсер тигізбейтін өнімді айтамыз. Тағам өнімдерінің және шикізаттың қауіпсіздігі құрамындағы микроағзалардың, химиялық және биологиялық табиғатындағы заттардың саны мен сапасына қарай бағаланады.

Тағам өнімдерінің адам денсаулығына зияндылығы патогенді микроағзалар, жасанды және табиғи радионуклидтер, ауыр металлдар тұзы, нитрид, нитрат, пестицидтер, сондай-ақ тағамға қосылатын консерванттар, бояуштар және т.б.

заттардың құрамында болуымен сипатталады.

Негізгі мемлекеттік қауіпсіздікті реттеудің мақсаты ретінде көрсетілетін қызметтің, өнiмдер мен процестердiң адам өмiрi мен денсаулығына, оның мүлкi мен қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қазіргі замандық ғылыми-техникалық дамудың салдарынан қорғау, сондай-ақ әділ бәсекелестіктің талаптарын құру [4].

Алайда, осы жылға дейін отандық тұтынушыларды қауіпсіз және іске жарамсыз тамақтан қорғау ойдағыдай жүзеге аспаған. Сондай-ақ Сауда-саттық палатасы берген мәліметі бойынша жарамсыз өнімдердің саны азайар емес.

Кеденнен өтіп жатқан өнімдер МЕМСТ-қа сейкестендірілмеген күйде жіберілуде.

Кесте 1. Қазақстандағы тұтынушылар сауда орнына түскен өнімдер көлемі

(жалпы өнім көлемінен Сауда –саттық палатасының қадағалауымен жарамсыз және сортынан төмендетілген, %)

Өнімнің атауы 2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Құс еті 10 19 14 25 16 19

Шұжық өнімдері 7,2 9,6 11 20 15 17

Сүт өнімдері 5,2 5,5 5,7 12 11 12

Жануар майы 7,2 20 6/4 19 46 39

Өсімдік майы 5,7 31 17 13 21 22

(2)

Жұмыртқа 31 28 26 29 19 11

Шекер 12 15 7,1 7,9

Алкогольді сусындар

6 12 26 30 26 28

Ескерту: кестеде бос қалған орындар мәліметтің жоқ екенін білдіреді.

2010-2015 жылдары отандық тұтынушылар сауда орындарында Сауда- саттық палатасы органының бақылауы бойынша импортталатын өнімдер бракқа жіберілді және сорты төмендетілді. Соңғы жылдары испортқа жібірілетін өнімнің сапасы жақсартылмады.

Кесте 2. Қазақстандағы тұтынушылар сауда орнына түскен өнімдер көлемі

(жалпы өнім көлемінен Сауда-саттық палатасының қадағалауымен жарамсыз және сортынан төмендетілген, %)

Өнімнің атауы 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл

Барлық түрлі ет өнімдері, 1-категориялы субөнімді қоса

17,3 17,2

Құс еті 20,3 173 34,3

Балық, балық өнімдері 54,9 51,8 34,1

Ет консервілері және теңізөнімдері

59,1 64

Макарон өнімі 10,5 15,4

Дақылды өнімдер 81,6 34,1 42,1

Ұн 37,5 11,2

Кондитерлік өнімдер 31,6 33,4

Сары май 56,1 65,4 55,7

Өсімдік майы 22,4 18,3

Маргарин, майонез 32,9 45,3 41

Барлық түрлі ірімшік 27,2 37,6 24

Алкагольді өнімдер 55,8 23 41,1

Жүзім шарабы және жидекті шарап

46 42,8 43,4

Коньяк 62,8 36,3 56,9

Сыра 33,1 31,8

Ескерту: кестеде бос қалған орындар мәліметтің жоқ екенін білдіреді.

Сапаны бақылау және шығарылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің көптеген сәтсіз жағдайлары, расталған техникалық құрылымы және нормативті құжаттары болмаған, шикізатты қабылдайтын бақылауы жоқ, өнімге керекті көлемде анализ бен бақылау жүргізілмейтін кіші кәсіпорындарда орын алады.

Қазіргі таңда елімізде тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасына бақылау жүргізу дайын өнімге арналған сертификаттауға бағытталған, ал өндірісті сертификаттау тіптен аз. Осы себептен өндірісте ішкі және сыртқы наразылықтарға қарамастан тұрақты түрде сапалы және қауіпсіз өнім шығару

(3)

үшін обьективті бағалауға қажеттілік туындайды. Мұндай бағалауды жүзеге асыру үшін азық-түлік өндірісін сертификаттаудың тиісті ғылыми-әдістемесі болуы тиіс. Алайда осы сұраққа байланысты теориялық және әдістемелік жобалау қазіргі уақытқа дейін біздің елімізде, сондай-ақ шет елдерде де әлі жасалмаған[2].

Қорыта келе, бізді қоршаған орта және адам денсаулығы мен өміріне зиян келмейтін сапалы және қауіпсіз өнім шығару айтылып кеткендей алдымен өндірісте қадағалану керек. Яғни, шикізатты қабылдаудан бастап дайын өнім өндірілгенге дейін белгілі бір нормативті құжатқа сәйкес жүзеге асатын болса, онда сапалы да қауіпсіз өнім аламыз деп ойлаймыз.Барлық жоғарыда айтылғандар тақырыптың өзектілігін қорытындылайды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Государственные доклады "О состоянии окружающей природной среды в Казахстане". 2010-2015.

2. Государственный доклад "Защита прав потребителей в Республике Казахстан в 2015г." - А.,Егемен Казахстан, с.34.

3. Графов Э. Сенсация: мы еще живы. Газета "Лидер", №1 от 12.07.2015.-с.4.

4. Донченко Л.В.,Надыкта В.Д. Безопасность пищевого сырья и продуктов питания.-М.: Пищевая пром.,2009.-352с.

Referensi

Dokumen terkait

Жүргізілген зерттеу жұмысының негізгі мақсаты ол - шабылған ет жартылай өнімдерінің технологиясын өндіру және фермент препараты қосылған жартылай дайын ет аспаздық өнімдерінің сапалы

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың маңызды бағыттары: – шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың инфрақұрылымын қалыптастыру; – шағын және орта бизнес субъектілеріне