• Tidak ada hasil yang ditemukan

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҤШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТҤРЛЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҤШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТҤРЛЕРІ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҤШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТҤРЛЕРІ Курманбаева А.Ш.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университетінің студенті, Астана Ғылыми жетекші – Мукашева А.А.

Экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері тҥрлі аспектіде, яғни ҧйымдастырушылық, технологиялық, экономикалық, медициналық аспектіде қарастырылады. Адамның әрекет ететін кез келген саласында да экологиялық мәселелер кездесетіндігі белгілі. 1998 жылғы 28 қаңтардағы «Қазақстан - 2030» стратегиясын жҥзеге асыру шаралары туралы ҚР Президентінің Жарлығында табиғатты қорғауды басқарудың тиімді жҥйесін қҧру басты мақсат ретінде қарастырылған[1].

Жалпы табиғатты қорғау философиялық, діни-наным сенімдермен тікелей байланысты. Ежелгі тҥркі ӛркениетінде, соның ішінде дәстҥрлі қазақ мәдениеті космоцентрлік кӛзқарастарға негізделген. Дәлірек айтсақ, дҥниені тҧтастық деп қарап, адамды оның бір бӛлшегі деп қарастырады, қоршаған ортамен тығыз байланысты, келісімді болса ғана адамның табиғатта ӛмір сҥретіндігін айтып ӛткен. «Әр нәрсенің сҧрауы бар» деп қазақ айтпақшы, су, жер, кеңістікті заңсыз пайдаланғаны ҥшін жауаптылыққа тартылады.

Қазіргі таңда экономиканың дамуы техногендік сипат алды. Дамудың бҧл тҥрі табиғаттағы тепе-теңдікті бҧзуға бағытталып, қайта қалпына келтірілметін табиғи ресурстарды кӛптеп, тез пайдаланумен ерекшеленеді. Нәтижесінде табиғи ресурстар сарқылып, тозып, қоршаған ортаны ластаудың деңгейі кӛтеріледі, ал кең етек жайған жағымсыз, теріс қҧбылыстар адамзатқа қатерлі қауіп келтіреді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қҧқықтық жҥйесі мен әлеуметтік-экономикалық қатынастары тҥбірімен ӛзгеруде. Соған байланысты экологиялық қҧқық бҧзушылықтарға мемлекеттік қҧқықтық әсер ету әдістерін таңдауда екі мәселе туындады:

1) бҧрынғы қҧқықтық институттарды нарықтық қатынастар жағдайындағы табиғи ортаны қорғау талаптарына сәйкестендіру;

2) қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы қҧқықтың тҥрлі саласында жаңа нормалар шығару, жауаптылықтың дәстҥрлік емес тҥрлерін дамыту.

Экологиялық қҧқықтық жауаптылық кешенді тҥрде заңды бекітілуі ҚР Экологиялық кодексінде кӛрініс табады. Кодекске сәйкес экологиялық қҧқық бҧзушылықтары ҥшін лауазымды тҧлғалар мен азаматтар тәртіптік, материалдық, әкімшілік, азаматтық-қҧқықтық немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады, ал кәсіпорын, мекеме, ҧйымдар ҥшін әкімшілік және азаматтық қҧқықтық жауаптылыққа тартылады.

Әкімшілік қҧқық бҧзушылық туралы Кодексінің нормаларына сәйкес әкімшілік жауаптылық аң және балық аулау, жануарлар әлемін пайдаланудың кез келген тҥрлерін пайдалану ережелерін бҧзу, стихиялық апаттар мен эпидемиялармен кҥресу мәселелері бойынша шешімдерді, карантиндік, ветеринарлық ережелерді бҧзғандығы ҥшін тағайындалады[2].

75

(2)

Жаңа Қылмыстық кодекстің «Экологиялық қылмыстар» тарауында, сонымен қатар, басқа да тарауларында қазіргі кездегі экологиялық қылмыстықтың тҥрлері мен нысандарымен кҥресуде жалпымен қабылданған халықаралық нормалармен және талаптарына сәйкес қҧқықтық демократиялық мемлекетке тән (тҧлға, қоғам, мемлекет) әлеуметтік қҧндылықтардың иерархиясына сәйкес келтіріледі. ҚК қоршаған табиғи ортаны адам ӛмірінің, денсаулығының, қызметінің биологиялық негізі ретінде тануға негізделген.

Бҧл тҧрғыдан экологиялық қылмыстар нақты мәні бойынша адам және басқа да тірі ағзасының қоршаған ортасына әсер ету арқылы қарсы бағытталған әрекет болып табылады.

Бҧл қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі туралы тҥсінік те елеулі тҥрде ӛзгереді, ӛйткені олар қазіргі кезге дейін маңызды емес, екінші деңгейге жатқан, олармен кҥресу ҥшін кҥш пен қаражат аз мӛлшерде бӛлінген, қылмыстылықпен кҥресу туралы мемлекеттік бағдарламаларда олар аталмаған болатын. Аталғанмен байланысты, қылмыс жасалған әрекетінің сипаты мен қауіптілігіне, оның салдарына, кінәлінің тҧлғасына, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлардың болуына байланысты қылмыстық жауаптылықтың диффренциациялануымен экологиялық қылмыстардың жазаланушылығы кҥшейе тҥсуде. Қылмыстық-қҧқықтық нормалардың қҧрылымы адамның ӛмірі мен денсаулығына экологиялық қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен ауырлығын ескереді. Бҧрын Қылмыстық Кодексте табиғи ресурстарды заңсыз иеленгені ҥшін жауаптылықты қарастыратын нормалар басым болды, ал қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян келтіретін нормалар аз болды, бірақ олар да қолданылмайтын. Мысалы, соңғы жылдары бір жыл ішінде жасалған экологиялық қылмыстардың ішінде балық аулау броконьерлігіне – 46 тҧлғалар, заңсыз аң аулауға – 24,1, заңсыз орман кесуге – 25,8, ал су және ауа бассейндерін ластаған ҥшін барлығы – 1,77 ғана жауаптылыққа тартылды.

Бҧрын бҧл қылмыстар ҥшін жауаптылыққа тартылатын тҧлғалардың саны одан да аз болды. Жаңа Қылмыстық кодексте табиғи ортаға зиян келтірумен байланысты қылмыстар нормасы ҥш есеге ӛсті[3].

Қазақстан Республикасында 630 мың метр шаршы жер экологиялық бейберекет аумаққа жатады. Мҧнай-газ саласының дамуы, тарихи қалыптасқан тау-кен ӛндірісі, экологиялық нормаларды ӛрескел бҧзушылықтар, сонымен қатар инвестициялық жобалардың және т.б. экономикалық бағытталуы ауыр экологиялық зардаптарға әкелді – Каспийдің ластануы, орман деградациясына, топырақ эрозиясына, Арал теңізінің тартылуына және т.б. Сондықтан бҥгін, нарықтық экономикаға кӛшу кезеңінде, экономикалық мҥдделер адамзаттың экологиялық қауіпсіздігінен басым болғанда, азаматтық-қҧқықтық жауапкершілік туралы сҧрақты қарастыру актуалды болып келеді[4].

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан жер қойнауын пайдалану туралы кӛптеген шарттар жасасты. Бірақ сол кезде экологиялық нормаларды сақтау проблемалары кең талқыланбаған және шарттық міндеттемелерде бірінші кезекте болмаған. Бҥгін бҧл кӛрініс ӛзгерді. Объективті экологиялық жағдай, сонымен қатар заңның ҥнемі жаңартылуы жылдан жылға жер қойнауын пайдаланушыларға талаптарын қарастыруды талап етеді. Экономика дамуының осы кезеңінде қоғам мен табиғаттың арасындағы байланысының, соның ішінде жер қойнауын пайдаланудың маңызды және актуалды мәселесі болып қоршаған орта мен адам денсаулығына зиян келтірудің орнын толтыру мәселесі болып отыр. Бҧл барлау жҧмыстарымен, пайдалы жер қазындыларын алу мен ӛндіру жҧмыстарының ӛсуімен байланысты. Айқын болғаны, қоршаған ортаға (объектіге) зиян келтіре отырып, адамзат (субъект) қоршаған ортаның бӛлінбес бӛлігі болып табылады, сӛйтіп, ӛзі де табиғатқа кері әсер етудің объектісі болып табылады.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Ҥкіметі 31 қазан 2000 жылы

«Қылмыстылыққа қарсы кҥресті кҥшейту туралы» қаулысымен бекіткен Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдары қылмыстылықпен кҥрес бағдарламасын іске асыру барысында, экологиялық қҧқықтылықты бекіту және азаматтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ерекше маңызға ие болды.

76

(3)

Қазіргі кезде экологиялық қылмыстылық деңгейі кҥрт ӛсуде, тіпті оның ӛзіне тән сипаты ӛзгеріп кетті. Республикада қҧқыққа қарсы іс-әрекеттердің жаңа нысандары қалыптасып жатыр, қылмыстылық ҧйымдасқан сипат алуда. Қылмыстылық топтардың халықаралық байланысы кеңеюде, олардың лауазымды тҧлғалармен сыбайласуы жҥріп жатыр. Кейбір экологиялық қылмыстар Қазақстан Республикасындағы ҧйымдасқан қылмыстық іс-әрекеттің негізгі элементі болуы мҥмкін деген қауіп бар.

Мысалы, Қазақстан аумағында араб елдерінің жоғары лауазымды тҧлғаларының заңсыз аң аулауы кең таралуда. Ол экология және биоресурстар Министрлігінің ғана емес, сонымен бірге ҚР-ның Сыртқы істер министрлігінің рҧқсатымен жҥзеге асырылды және Сауд Арабиясы, Пәкістан, Ауғаныстан, Тҥркия, Египет және ӛзге елдер азаматтарының Қызыл кітапқа енгізілген қҧстарды республикадан заңсыз шығаруына айналды.

1993-1994 ж.ж. қҧқық қорғау органдары 114 шетелдікті ҧстап, олардан 152 сҧңқар алынды. Соңғы уақытта ҚР-ның Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі ҦҚК, ІІМ жҥргізіп жатқан ҚР-ның қызыл кітабына енгізілген жыртқыш аңшы қҧстарды және ӛзге де жабайы аңдарды қорғауға байланысты шараларға қарамастан, мҧндай қылмыстылық әлі де белең алып отыр. Мысалы, 1997 ж қазанда Катар (Біріккен Араб Әмірлігі) шейхы бастаған 3 жҥк ҧшағы, 10 «джип», 22 бірлік қару және 54 балабан-сҧңқары бар шетелдіктер ешқандай рҧқсатсыз аң аулау ҥшін кеденнен ӛткен.

Су жануарларын заңсыз аулау (ҚР ҚК 287-бап) ҧйымдасқан қылмыстылықтың негізгі элементі болып кетті. Қылмыскерлер бағалы тҧқымды балықтарды заңсыз аулаудың жекелеген тҥрлерінен бизнес ретінде заңсыз су ӛнеркәсібімен айналысатын және сыбайлас жемқорлық арқылы әлеуметтік бақылаудан қорғану жҥйесін қҧратын тҧрақты басқарушысы бар қауымдастық қҧруға ҧмтылуда. Ғалымдардың болжамы бойынша, Каспий теңізінің жағалауға жақын жерлері броконьерлердің ҧйымдасқан топтарының расында бӛлінген. Олардың жақсы

«қамқоршысы» бар, сондықтан уылдырықты жҥздеген кг-мен дайындайды. Қазіргі қылмыстық қауымдастықтың халықаралық байланыс орнатып, әлемдік нарыққа шығу жолын «игергендігін»

атап ӛту керек. Интерполдың мәліметіне сҥйенсек заңсыз тауар-уылдырықтың 200 тоннасы жыл сайын әлемдік нарыққа тҥседі екен. Ол заңды тауардан 50 тоннаға артық. Мҧнда біздің балықшы-браконьерлеріміздің де ҥлесі бар.

Қазақстан Республикасына шет елдерден улы заттарды заңсыз кіргізу қаупі ҧлғаюда.

Қазіргі Қазақстанда әлемнің бҥкіл атом державалары елдерінің кӛптеген радиоктивті қалдықтары кӛмілген деп айтуға болады. Ӛкінішке орай, барлық дамушы мемлекеттерге тән процесс қайталануда. «Гринпис» ҧйымының мәліметі бойынша, 1990 жылдан 1993 жылға дейін Австралия, Британия, Канада, Германия және АҚШ елдерінен Оңтҥстік-Шығыс Азия елдеріне 5,4 млн. тонна зиянды заттар жіберілген. 1987 жылдан 1994 жылға дейін батыс фирмалары Ресейге 34 млн. тонна зиянды заттар енгізілмек болды.

Ӛздеріңізге мәлім Ақтӛбе облысында мҧнай-газ, кен ӛндіру-байыту, қара металл, бейруда ӛндіру, теміржол, мҧнай-газ тасымалдау кәсіпорындары орналасқан. Табиғатты пайдаланушылар мен оны ластаушыларды тексеру кезінде тҥрлі қиындықтар кездесті.

Қиындықтар кӛбіне нормативті қҧжаттардың жан-жақты болмауынан болса, кейбір жағдайда оны дҧрыс пайдаланудың мҥмкіндігі жоқтығынан байқалды.

Сондықтан бҧл тақырыпты толық зерттеуді мақсат етіп алдық. Қоршаған ортаны ластаушыларға екінші рет бҧл қҧқық бҧзушылықты жасамас ҥшін жауаптылықтың қай тҥрін қолдану тиімдірек болатынын анықтау қажет болып отыр.

Әдебиеттер:

1. И. Сандыбаев. На защите экологий. // Заң және заман № 3/ 2006. (23 бет);

2. Ғ.Т. Медетбекова. Экологиялық қҧқық бҧзушылықтардың қоғамға қауіптілігінің кейбір аспектілері. // Вестник КазГЗУ №1 (33). – (84-86 беттер).

3. Ж.К. Бекмҧхамбетов. Заңның әлсіздігі - қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. // «Атамекен»

15 тамыз-1 қыркҥйек 2006 ж. – (2 бет);

77

(4)

4. У.Тоқпатаев. Табиғатқа таяныш, қоршаған ортаға қорған болсақ. // Заң және заман

№4/2006ж. (28-29 беттер);

Referensi

Dokumen terkait

8Ьо1рап-аЪ@та11.га КУС ЕТ1НЕН ШУЖЫК 0Н1М1Н 0НД1РУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТ1ЛД1РУ Казакстан Республикасында 2010-2015 жылдары жэне 2016-шы жылга дешн кус шаруашылыгын дамыту багдарламасын

Выявлены национальные особенности длины тела школьников Восточного Казахстана: в 17-летнем возрасте юноши и девушки русской национальности достоверно выше своих сверстни­ ков