ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ИСЛАМ ФАКТОРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ.
Касенова Жанна
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ студенті
Ғылыми жетекші - т.ғ.к., доцент Б.Ж. Абжаппарова
Ең бірінші кезекте, мҧсылман жҧртшылығы Исламды – дін, ӛркениет және мемлекеттіліктің жаңа моделі ретінде қабылдағаны дҧрыс. Шығыстың ҧлы діндерінің ішінде ең кейінгісі болуына қарамастан, мәдени-діни мҧрағат қҧндылығы соншалықты, оны діндердің ішіндегі пәктігі ең биік, имамы жоғары, дҥние-мҥлікті тек экономикалық жағынан адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыратын ӛмір игіліктері ретінде кӛрсететін Қҧдай жолы екендігіне еш кҥмәніміз жоқ. Оған қоса, тақырып етіп отырған Ислам дініне басқа ҧлт ӛкілдері де еш кедергісіз кіре алады, Исламды, кӛп жағдайда, «діндердің ішіндегі ең бейбіттісі» деп атау себебі де осыдан болса керек.
Ислам ӛзінің пайда болу барысында Таяу Шығыстың мәдени-діни дәстҥрінің осал жақтарын жеңіп, ӛз бойына нақтылықты, тіптен догматикалық ілімге тән қатаңдықты бойына сіңіре алды. Бҧл қатаңдыққа Исламның бес парызы – калима , бес уақыт намаз, ораза ҧстау, зекет, қажыға бару; ешбір қарсылықсыз бір Аллаға, сонымен қатар оның Жердегі елшісі (халиф – Қҧдайдың орынбасары) Мҧхаммад (с.а.с.) Пайғамбарымыз және соңғысының барлық сахабаларына қҧлшылық ету міндеттеледі.
184
Жоғарыда айтылып кеткен діни қатаңдық ислам туралы басқаша ойлайтындарға, ӛз діннен безгендерге (мунафиктерге) және ӛз дініне адал еместерге (кәфірлерге) деген шыдамсыздық, олармен дін ҥшін соғыс (джихад), бҧл джихадты жҥзеге асыру ҥшін қару- жарақ, әскердің болуы (газауат) және аталып кеткеннің барлығының негізінде барша мҧсылман қауымының (умма) байланыстырушысы, кӛрінбейтін, алайда ҥзілмес дәнекері пайда болуының сарынын енгізді. Бҧл діни специфика Исламның негізгі бағыттарын анықтады, атап айтқанда кӛзге кӛрінерлік еш бейнесі жоқ, бҥкіл әлемге билікті жҥргізетін жоғары кҥшке табыну (таухид), ислам ӛркениетіне тән дін мен саясатты, дін мен билікті ажырамай, бірыңғай етіп кӛрсету.
Ислам мемлекеттілігі ежелден бері келе жатқан шығыс елдері конгломераты мен халықтарының арасындағы этникалық, мәдени, тарихи және ӛркениетті, яғни діни әртҥрлілігінің ізін жойған бір монолиттік бірыңғай жҥйенің қалыптасуына әкелді.
Халифаттың тарих сахнасы ҥшін азғантай ӛмір (661 – 1258 жж.) сҥргеніне қарамастан, ондағы орныққан ислам мемлекеттілігі халифат ыдырағаннан кейін де, бҥгінгі кҥнге дейін де ӛмір сҥруде[1].
Бҥгінгі таңда, бҥкіл әлемде ислам факторы маңызды рӛлге ие. Ірі мемлекеттердің геосаясаттық мҥдделерін анықтай отырып, әлемдік экономика, саясат, халықаралық қатынастарға кҥнннен-кҥнге тереңдетіп қатынасады. Батыстың кӛптеген саясаттанушылары мҧсылман әлемін қазіргі халықаралық ӛмірдің маңызды, қозғаушы кҥші ретінде қарастырып, болашақта бейбітшілік және тәртіп сақталуының мысалы ретінде ҧсынады [2].
Ислам факторының маңыздылығы артуының бірнеше айқын себептері бар, атап айтқанда: стратегиялық маңыздылық және мҧсылман әлеміндегі ел мен халық саны. Бҥгінгі таңда Азия, Африка және Еуропада халқының кӛп бӛлігі мҧсылмандар есебінен қҧралған 50 мемлекет бар, ал әлемнің барлық 6 қҧрлығында 120 мҧсылмандық қоғамдастық (умма) бар деп саналуда, олардың ішінде кӛбісінің саяси және қоғамдық белсенділігі жоғары. Сонымен қатар, айтып кетерлік жайт – мҧсылмандардың Еуропа және Оңтҥстік Америка жерлеріне қоныс аударуы жылдан-жылға ӛсуде. Тҧрақты және жоғары қарқынмен мҧсылман елдерінде халық санының ӛсуі байқалады, осылайша, 1990 жылы 974,5 млн адам болса, 2000 жылы адам саны 1 263 млн-ға ӛсті. Жыл сайын бҧл мемлекеттерде халық саны орташа деңгеймен 2,6 % -ға, ал бҥкіл әлемдік деңгейде бҧл кӛрсеткіш 1,7%-ға тең. Адайда ӛнеркәсібі жоғары дамыған елдерде бҧл кӛрсеткіш 0,9% қҧрайды, және жылдан-жылға оның ӛсу қарқыны қҧлдырау жағдайында. Мҧсылман әлемі белгілі бір периодпен қайталанып тҧратын демографиялық жарылыстардың негізгі ошақтарының бірі болып саналғанымен, бҧл аймақтағы туылу деңгейінің жоғарылығы мҧсылмандық руханилықпен тҥсіндіріледі, ал жергілікті ресми билік ӛкілдері ислам заңдарын аяқ астына таптауға даттары бармай, жанҧя жоспарлап, адам санын кӛбейту мәселелеріне ешқандай шектеу қоймайды. Осыған қоса, мҧсылман мемлекеттерінің территориясынан минералдық шикізат кӛздерінің табылуы (мҧнай, газ) маңызды рӛлге ие, себебі Батыс елдерінің әскери жағынан және экономикасы ҥшін бҧлар стратегиялық маңызды факторлар [3,4,5].
Жаңадан мҧсылман мемлекеттерінде әскери ресурстар потенциалының тҧрақты дамуы байқалады. Негізінен бҧл мҥмкіндіктер шетелден жаңа ҥлгідегі әскери қарулардың, жаңа заманғы әскери инфрақҧрылым бойынша шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу есебінен жҥзеге асырылады. Жалпы айтқанда, қазіргі кезде мҧсылман елдерінде ҧлттық әскери ӛнеркәсіпті нығайту мақсатымен кӛптеген іс-шаралар жҥзеге асырылып жатыр [6]
Соңғы жылдары мҧсылман елдерінің халықаралық саясатқа ықпал етуінің артуы байқалып, ҧлы державалардың бҧған амалсыз мойын сҧнуға тура келді. Әсіресе Пакистан, Иран, Сауд Арабиясы, Мысыр, Индонезия және бірқатар елдерінің ішкі саяси амбицияларының ӛсуі кӛп байқалады. Жиі болмаса да, мҧсылман елдерінің бірігіп әрекет ететіндерін қалауы анық кӛрінеді, бҧған дәлел – 1969 жылы қҧрылған «Ислам конференциясы» ҧйымы [7].
Мҧнай және газ есебінен келетін зор қаржы капиталын иеленетін мҧсылман елдері, олардың ішінде әсіресе Сауд Арабиясы, Пакистан, БАЭ және Кувейт исламизм идеясын
185
тарату мақсатымен басқа мемлекеттерге ҥнемі материалдық қолдау кӛрсетіп отырады. Ислам экстремизм таралуына әсерін тигізетін қозғаушы кҥштерінің бірі «Талибан» афган қозғалысы болды. Кӛптеген шетелдік мамандардың пайымдауынша, кӛп жағдайда практикамен дәлелденген әрекеттерімен ислам пропагандасы басқа елдердің ішкі істеріне тікелей (жабық немесе айқын) қол сҧғуға дейін барады [5,9,11].
Бҥгінгі таңда даму қиыншылықтарын басынан кешіріп тҧрған ислам әлемінің жағдайы тҧрақты емес, оның поляризация ҥрдісі жҥріп жатыр. Бҧл тҧста исламдағы экстремистік тенденциялар, озбыр ҧлтшылдық бағыттағы саяси альянстар және діннен пайда болған экстремизм кҥшеюде. Ислам фундаментализмі және экстремизмінің кенеттен озбыр, теріс ықпал етуінің пайда болу бірнеше себептері бар. Олардың ең негізгісі – халықтың, тҧрғырдардың колониалдық тарихы бар, нашақорлықпен байланысты, оған қоса әлемде теріс заттар және іс-әрекеттер атауын иеленетін жайттардың пайда болу отаны болып есептелінетін капитализм қоғамының дамуымен байланысты негізгі идеологиялық қҧндылықтардың, социализмнің жойылып кетуі. Радикалды исламизмнің таралуының енді бір себебі ретінде шешімін таппаған араб-израиль қатынастары, Ирак және Ливиямен байланысты шешілмеген даулар, мҧсылман елдері арасындағы жалпы шекаралық, территориалдық, этникааралық, конфессияаралық мәселелер кӛрінеді. Ішкі саяси қиын жағдайда шешімін таппаған және таба алмайтын мәселелердің шиеленісу ошағындағы мҧсылман елдерінің тҧрғындары ӛз болашақтары ҥшін айқын перспективаны кӛрмей, исламның теологиялық басқару ҥлгісіндегі және саяси билік Аллах ӛкілі қолындағы «алтын ғасыр» уақытын уағыздайды [9-12].
Батыс мамандарының пайымдауынша, ислам экстремизміне қарсы тҧру негізгі шараларының ішінде фундаменталистік қозғалыстан орын табатын қарама-қайшылықтарды ӛз жағына пайдалы етіп қолдану, бҧл дегеніміз – мҧсылмандардың қазіргі ӛмірге лайықтау ҥшін кҥресетін діни реформаторларды қолдау.[7]
Жалпы айтқанда бҥгінгі таңда ислам факторы рӛлінің деңгейі жоғары қарқынмен ӛсуде және ислам фундаменталистердің қолдарында бар барлық мҥмкіндіктер әлі де сарқылмаған. Сол ҥшін ислам экстремизмімен болған кҥресті діндер арасындағы келіспеушілікке айналдыруға болмайды, себебі бҧл басқа да мемлекеттер арасындағы ашық конфликтіге ҧласып кетуі әбден мҥмкін [8-13]
Сол ҥшін де мемлекеттер арасындағы бейбіт қарымқатынасты сақтау мақсатында әрбір азаматтың пайдасы тиюі керек. Кез келген ҥлкен мәселе кішкеньай бӛлшекмәселелерден қҧрылады демекші, әрбір нәрсенің шегін білу қажет, әсіресе дипломатиялық қатынастарда, әсіресе, араб елдері арасында...
Исламның ерекшелігі сонда... әрбір нірсенің шегін білуде және тҥсінуде, мҧсылмандар инабатты да ибалы болғагдығын жақтағандықтан және де бҧл ӛмір бағытын ҥстанатындықтан, олардың территориясында ӛзіңді сәйкесігше ҧстанған жӛн...
Әдебиеттер 1. Васильев А.С. – «История Востока», - М., 2005
2. Родригес А.М. – «Новая история стран Азии и Африки», - М., 2004 3.http://www.krugosvet.ru/articles/107/1010706/1010706a1.htm
4.http://www.krugosvet.ru/articles/107/1010706/1010706a2.htm 5.http://www.strana.ru/print/202518.html
6.http://www.tashkentkamolot.uz/news.php?id=b53b3a3d6ab90ce0 7.http://www.bureau.kz/articles/analit240304.shtml
8.http://terrorism.wallst.ru/idu.htm
9.http://www.stability.uz/sait_stab.html#top 10.http://fergana.ru/4printer.php?id=2153&mode=
11.http://shanhai.rfn.ru/news/index.html?page=1
12.http://www.eurasianet.org/russian/departments/insight/articles/eav102203bru.
13.http://www.hizb-ut-tahrir.org/russian/tareef.htm