• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

...Білмегенді үйреніп, Білгенді қылса, есті сол.

Білмегенін білмеген,

Білгенді қылмай- сол жаман – деген жолдардан жоғарыда қозғалған мәселелердегі ойларды байқауға болады.

Садуақас қажының өлеңдерін зерттеп қарағанымызда ой- пікірлерінің ұғынықты, дәлелді болуы үшін хадистерді көп қолданғанын көреміз. Демек, дана ойшылдың қолданған хадистері қазақ даласын нұрландырған даналықтың өзегі іспетті. Бұл жерде екі ғұламаның да хадис өзегінен тамыр тартқан шығармалары, қазақ халқтық таным- талғамдардың нәр алған бастаулары екенінде күмән жоқ.

Олар халықпен бірге жасасып, оның көсегесін көгертіп, еңсесін биіктетері сөзсіз.

Ғұламалардың еңбектерінде хадистерді қолдануы осының көрсеткіші.

Садуақас қажы Ғылманидың ел адасқан кезеңде темірқазық іспетті тура жол көрсетер, қазақ халқының дүниетанымын сәулелендірер, өнегеліде насихат- ты өлеңдері біздерге өшпес мұра.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ғылмани С. Шығармалары. – Алматы, 2010.

2. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары - І том, Алматы: «Жібек жолы» -2006.

3.Ұлт тұлғалары: ғылыми – танымдық жинақ, құрастырған Қамзабекұлы Д.

Астана, 2011.

4. Әділбаева Ш. Хадис- ғұрпымыз, сүннет- салтымыз –Алматы: «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2011.

5. Сахих хадистер, Алматы, 2002

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

Біржантиев Е.К., Астана қ., Қазақстан

«Қауіпсіздік – бұл ұлылықтан әлдеқайда маңыздылығы жоғары категория»

Сунь – цзы

Елімізде 130-ға жуық әртүрлі дін жолын ұстанатын ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді. Қазақстан ислам, христиан және будда конфессияларының, сонымен қатар батыс пен шығыс мәдениеттерінің тоқсан жол торабында түйіскен территория.

Ұлтаралық келісімді сақтау әр уақытта биліктің басты назарында. Бұдан басқа, елімізде ұлтаралық қақтығыстарды алдын-алу тетіктерін жетілдірілуде.

Жаһандану жағдайында мемлекеттің саяси даму үдерісіне күш жұмылдырушы басты факторларының бірі ретінде конфессиялық факторды қарастырамыз.

Әрине, біздің елімізде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары мойындаған дінаралық және конфессияаралық түсінісудің және ынтымақтастықтың бірегей тәжірибесі қалыптасқан. Бұған дәлел Астанада Елбасымыздың бастамасымен дәстүрге айналған әлемдік діндер съездері болды.

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан

(2)

толығып, ал енді бір жағынан әр алуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Халықсыз билік болмайды, ал дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен дін және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңдегі дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді.

Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өзекті. Осыған байланысты өткен жылдың аяғында Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс» деп тайға таңба басқандай анық ашып айтқаны тегін емес [1].

2008 жылы Қазақстанның Бас прокуратурасы «Діни секталардың қызметі ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді» деп мәлімдеме жасаған еді. Елімізде қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін 1870 діни ұйым жұмыс істейді деп атап көрсеткен. Олардың ең көп тарағандары «Саенто- логия», «Новая жизнь» және Христиандық миссионерлік «Грейс» шіркеуі, тағы басқалары. Осындай секталар қатарына 40 мыңға жуық адам тартылған және 2009 санақ қортындысы бойынша 39172 қазақ христиан, 1923 қазақ идуаизм, 749 қазақ будда дінін қабылдаған. Соңғы үш жылда шоқынған қазақтардың саны бұдан да көбейгенін жобалап айтуға болады. Бұндай діни ұйымдар мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейді, адамдарға зиянды емес деп ойлау қате. Соңғы жылдары дәстүрлі емес діни ұйымдар мен секталардың 50-ге жуық жетекшісі жауапқа тартылған, заңсыз миссионерлік қызметі үшін 13 шетелдік азамат елден шығарылған [2].

Өткен жылы қабылданған дін туралы заң бойынша Қазақстанда діни бірлестіктер мен ұйымдар 2011 жылы 25 қазаннан бастап бір жыл бойына қайта тіркеуден өткен. Діни ұйымдарды тіркеу қайта тіркеу нәтижесінде 17 конфессияға жататын жиыны 3088 діни бірлестік қайта тіркелді. “Казахстанская правда”

басылымына берген сұхбатында Дін істер жөніндегі агенттіктің төрағасы Лама Шариф қайта тіркеу барысында елдегі діни конфессиялардың саны 46 емес, 17 екені анықталғанын айтады. Оның айтуынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ислам діни бірлестігі ретінде, ал оған қарасты 2228 мешіт басқарманың аймақтардағы филиалдары ретінде тіркелген. “Осылайша, республикада біртұтас ислам ұйымы қалыптасты. ҚМДБ республикадағы исламның тарихи ерекшелігіні ескере отырып, исламның сүнниттік бағыттағы Әбу Ханифа мазхабын және имам Матрудидің діни ілімін насихаттайды” деді агенттік басшысы. Қайрат Лама Шариф Қазақстандағы орыс православ шіркеуі

«Қазақстан православ шіркеуі» деген жаңа атауға ие болғанын жеткізді. Бұл шіркеудің 269 приходы қайта тіркелген. Ал иудаизмнің 26 бірлестігінің тек төртеуі ғана қайта тіркелген. Ол “дәстүрлі емес” діни ұйымдардың көпшілігі тіркеуден өтпегенін де айтады [3].

(3)

Бүгінгі таңда, мемлекеттік саясаттың күн тәртібінде конфессияаралық қарым-қатынас шеңберінде радикализмге қарсы қоғамдық сананың төзімді иммунитетін қалыптастыру саясаты алға қойылып отыр. Бұл саясаттың негізінде либералды заңнама, дінге еріктілік және плюрализм жатыр. Зайырлы мемлекеттің принциптері, адам құқықтары мен бостандықтары танылатындығы және оларға кепiлдiгі, қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы құқықтары Ата заңымызда бекітілген.

Билік, саяси тәжірибе көрсеткендей, көпұлтты және көпконфессия құрайтын зайырлы демократиялық мемлекетте қандай да болмасын дінге ерекше артықшылыққа жол бермейді. Бірақ бұл ретте тарихи қалыптасқан негізгі конфессияны және конфессияаралық тепе-теңдікті сақтауда мүдделі болуды ұмытпауы тиіс.

Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының діни мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады [4].

Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы»

Заңына сәйкес діни саладағы экстремизмге тойтарыс беріп, ымырасыз күресуге тиіспіз. Осы Заңға сәйкес, діни экстремизммен күресу мемлекеттік органдардың қызметіне жатады. Яғни, адам құқықтары мен азаматтардың бостандықтарын, конституция негіздерін қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыру көпконфессиялы еліміздің тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігін экстремизм қатерінен қорғап, экстремизмнің алдын алу, анықтау, жолын кесу және оның салдарын жою, сондай-ақ экстремизмнің жүзеге асуына жол ашатын себептер мен алғышарттарды анықтап, жойып отыру мемлекеттік органдардың басты міндеті.

Бір сөзбен айтқанда, заңнамалық деңгейде экстремизмнің тамырын терең жаюға мүмкіндік бермейтін алғашқы кезеңінен бастап оны залалсыздандырып отыруға басымдық беріледі.

Экстремизмнің алдын алу профилактикалық жұмыстарда көрініс табады.

Атап өтілген заң бойынша, бұл – құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралардың қалыпты жүйесі. Білім және ғылым министрлігі жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын күшейтілмек. Бұл бағытта Оқыту үдерісінің тәрбиелік компонентін күшейту бойынша үлгілік кешенді жоспар қабылданғанын, ол 2013 жылдан бастап іске асырылатын болады және жастардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдаған.

Көпэтникалылық және көпконфессиялылық анықтамасы мемлекеттік саясаттың дін саласындағы басты басымдылығы – бұл конфессияаралық ынтымақты нығайту қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың құқықтарын сақтаудың негізгі шарты.

Жалпы, бүгінгі күні демократиялық принциптерге сүйенген мемлекет пен діни бірлестіктердің, қоғамдық және діни мүдделердің теңгерімі және

(4)

өзара түсінушілік, төзімділіктің жаңа өзіндік жеке моделі қалыптасуда. Осыған орай конфессиялық фактор Қазақстанда саяси үдерістің қозғаушы күші болып табылады.

Экстремизм - адамдарды мотивациялап іс-әрекетке итермелейтін идеялар шоғыры. Сондықтан да діни экстремизмді КСРО тарауының көп салдарының бірі ретінде көрсетсек қателеспейміз. Ескі идеалдар құлады, ал қоғам жаңаларын қалыптап үлгермеді. Нақ сол сәтте посткеңестік кеңістікке әлемнің түкпір түкпірінен қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың әралуан нұсқалары ентелей енді. Бұл дүрмектен шетелдік діни және діни-саяси топтар да тыс қалмады. Бұған біздің батыс шекарамызға таяу аумақта Ресей Федерациясының лаңкестерге қарсы әскери қимылдар жүргізгенін қосыңыз. Олар өздерінің діни-саяси түсініктеріне сәйкес федерация құрамынан бөлініп шығуға тырысты. Бұл оқиғалар еліміздің батыс өңірлерінде идеялық тұрғыда тұмау секілді жұқты.

Экстремизмнің үш үлгісінің дамуы белгіленеді: діни, этникалық және саяси.

Дегенмен бұлардың барлығының мақсаттары бір.

Сарапшылардың пікірінше аталмыш «діни экстремизм» тек қана таза діни болуы мүмкін емес. Кез-келген жағдайда бұның астарында әлеуметтік-саяси және экономикалық ықпалдың болуы заңдылық. Дін фундаменталды болады және болуы тиіс, яғни фундаменталды догмаларына негізделеді, бірақ эктремистік теріс пиғылда болмауы керек. Ал бұндай бағытта болуына діннен тыс, сыртқы факторлар әсер етеді. Дін өзекті саясатпен байланысты және неғұрлым ол әлеуметтік проблемамен байланысты болса, соғұрлым саясиландырылған болады.

Бұл көзқараспен келіспеу мүмкін емес. Ислам радикалды фундаментализмнің діни-саяси эктремистік қозғалыстары соңғы жылдары мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатерлі қауіп төндіріп тұр.

Дәстүрлі исламнан экстремизм бірқатар белгілермен ерекшеленеді:

- зайырлы қоғамнан шариғат заңдарына негізделген ислам қоғамына ауысу- ын мақсат етеді;

- дін мен мемлекеттің бөлек өмір сүруін жоққа шығарады;

- исламды қалған әлемге қарсы қою;

- халықаралық құқықты мойындамау;

- мақсатқа жету жолдарының айқын болмауы.

Радикалды және эктремистік бағыттағы саяси ислам дінсіздерге қарсы қарулы қасиетті соғыс «джихад» жариялады. Бұл ұйымдар әр түрлі аталады:«Әл- Каеда», «Шығыс Түркістан ислам партиясы», «Күрд халықтық конгресі»,

«Өзбекістан ислам қозғалысы», «Әсбат-әл-Ансар», «Мұсылман бауырлары»,

«Талибан» қозғалысы», «Боз Кұрт», «Орталық Азия моджахедтер жамағаты», «Лашқар-и-Тәйба», «Әлеуметтік реформалар қоғамы».

«Сырттан келіп арбау кезеңінде» (2000-жылдардың басы мен ортасы) кезеңде Қазақстан азаматтарының іргелес елдердің де, алыс шетелдердің де аумақтарындағы террористік іс-әрекетке тартылу оқиғаларының жиілеуі байқалады. Ең шулы оқиға - Өзбекстандағы 2004 жылы террористік акцияларды ұйымдастырған «Орталық Азия моджахедтер жамағаты» террористік тобының әшкереленуі. Аталған топқа Қазақстан азаматтары да кірген, олар өз пікірлері бойынша көбінесе «мұсылмандардың құқықтарын аяққа басқан Өзбекстанның билігіне қарсы» қылмыстық әрекет еткен.

(5)

Сондай-ақ Қазақстан азаматтары Ауғанстан және бірқатар басқа елдердің аумақтарында заңсыз әскери құрылымдардың іс-әрекетіне қатысқан сияқты деген ақпарат кеңінен тарады. Мәселен, Гуантанамо түрмесінің тұтқындарының бірі Қазақстан азаматы болып шықты. Сондықтан 2005 жылы белгілі американдық

«Ұлттық барлау кеңесі» үкіметтік емес ұйымы «Болашақ жаһандық карта»

деп аталатын талдамалы-болжамдық баяндамасын жария етіп, онда Қазақстан Ресеймен, Әзірбайжанмен және Түркменстанмен қатар радикалды топтар орын тепкен және арнаулы дайындықтан өткен әрі лаңкестік әрекеттер жасаудың тәжірибесі бар «джихадтың кәсіби жауынгерлері» тұратын өңірлерге жатқызылды.

Басқаша айтқанда, терроризмнің қауіп-қатеріне аз ұшыраған ел деп саналатын біздің еліміз осы кезеңде әртүрлі сараптама мәліметтерінде атала бастады.

Және осы кезеңде, екінші жағынан, біздің еліміздің аумағында террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға талпыныстар көріне бастады. Бұл жөнінде мына кесте куәландырады [5].

Еліміздің аумағында террористік іс-әрекетке байланысты қылмыс жасағаны үшін тұтқындалған және сотталған адамдар саны

2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 І-тоқcан Жауапкер-шілікке

тартылған адамдар саны 116 220 66 333 114 222 224 331 7

* 2009 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы ҚК-ның төмендегі бапта- ры бойынша сотталған адамдар бойынша мәліметтер

168 бабы - билікті зорлықпен басып алу 233 бабы - Терроризм

233-1 бабы - Терроризмді насихаттау және терроризм актісін орындауға ашықтан-ашық шақыру

233-2 бабы - Террористік топты құру, басшылық ету және оның әрекетіне қатысу

Сараптай келе, қазіргі таңда ұлттық қауіпсіздікке экстремистік және террористік қауіп-қатерлердің алдын алу түрлері мен әдістерін жетілдіру қажет. Ұлттық және халықаралық деңгейде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, оның негізгі аспектісі болатын діни қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кешенді тәсілдеме қажет. Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасының бір бөлімі ретінде дайындалған діни саланың қызметін реттейтін діни қауіпсіздік доктринасы қойылған міндеттерді шешеді. Діни қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі бағыты, мақсаты, міндеті және принциптері осы құжаттың басымдылығы ретінде айқындалады. Құқықтық, әдістемелік және ғылыми-техникалық базаның жетілдірілуі Қазақстанның ұлттық және діни қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясатты дамытудың басты факторы болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР-ның президенті – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы\\2012 жылғы 14 желтоқсан.

(6)

2. Азаттық радиосы// http://www.azattyq.org

3. Қайрат Лама-Шариф. Діни бірлестіктерді қайта тіркеу аяқталды. http://www.

today.kz/kz/news/kazakhstan/2012-10-25/34133

4. ҚР-ның Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы //ҚР-ның 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы

5. Ерлан Қарин. Қазақстандағы терроризм қауіп-қатері// Абай ақпарат

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМ

Джайлаубаева А.Б.

Астана қ., Қазақстан Соңғы кездері терроризм проблемасы халықаралық қатынастар сала- сымен байланысқан қазіргі таңғы өткір жаһандық проблемаға айналды. Бұл келесі себептермен байланысты: біріншіден, терроризм ғаламшарлық масштаб- та кеңінен таралуда. Терроризм тек дәстүрлі шиеленіс аймақтарында ғана емес (Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия), сонымен қатар, дамыған және сәтті дамыған әлем мемлекеттерінде де (АҚШ, Батыс Европа) байқалады. XX және XXI ғасырларда жаһандық проблемалардың өршуі әлемдік қауымдастық дамуындағы қазіргі заманғы кезеңінің ерекше сипатына, бүгінгі халықаралық қатынастардың ерекшеліктері мен әлем саясатының негізгі бағыттарын анықтайтын шындыққа айналды.

Екіншіден, терроризм жеке мемлекеттермен қоса бүкіл әлемдік қауымдастықтарға да қауіпті. Жыл сайын әлемде терроризмнің жүздеген әрекеттері болып, оның салдарынан мыңдаған адамдар өліп және мыңдағаны жарымжан болып қалады.

Үшіншіден, терроризммен күресте тек бір ұлы державаның немесе жоғары дамыған мемлекеттер тобы жеткіліксіз. Терроризимді өршіп келе жатқан жаһандық проблема ретінде жеңу үшін, көпшілік мемлекеттер мен халықтардың, бүкіл әлемдік қауымдастықтың бірлескен күші қажет.

Төртіншіден, терроризмнің қазіргі таңдағы басқа жаһандық проблемалармен байланысы ашық және айқын болуда.

Терроризм проблемасына басқа жалпы адами проблемаларының көптеген ерекшеліктері тән: ғаламшарлық масштабта таралуы, шешімді шұғыл қабылдауды талап ететін жағдайлардың болуы, теріс динамизм, адамзат өміріне теріс әсер көбейгенде қолданылуы және т.б.

Терроризмнің анықтаушы факторлары болып, әлемнің жаңа жаһандық проблемалары – мемлекеттер аралық қатынастардың шиеленісулері, әртүрлі діңдердің арасында байланыстар, ғаламшар халқы санының артуы, ұлтаралық қатынастардың өткірленуі, халықаралық қылмыстың артуы, заңсыз есірткі айна- лымы және т.б. болып табылады [1].

Орталық-азиялық аймақ Еуропа мен Азияның, үш діннің – христиан, ис- лам және буддизмнің тоғысқан жерінде орналасқан, сондықтан да Орталық Азиядағы тұрақтылық әр кезде бұзылуы мүмкін. Аймақ потенциалды діни-саяси, этникалық немесе билік үшін ашық идеологиялық себеппен ұмтылған күрес шиеленістеріне толы болып келеді.

Referensi

Dokumen terkait

Можно выделить, что имеются около четырех основных аспеков в применении технологии блокчейн в образовании, и различных разработок на ее основе, так она включена в учебную программу как

Кілтті сөздер: Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, ядролық қару, ядролық саясат, ядролық қауіпсіздік, қарусыздану, Ядролық қаруды таратпау туралы шарт, Орталық Азия, Ядролық