ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АДАМ КАПИТАЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
А.Б. Ғалымжанова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: [email protected]
Бүгінгі таңда адам ресурсын қолдану мәселесі ӛзектi болып отыр.
Қазіргі экономикалық жағдайда шешуші рӛл адамдікі, сол себепті адам капиталын жан-жақты қолдану қажеттігі туындайды. Экономикалық стратегияның бағытын, басымдылығын таңдауда жеткізуші мақсатты қойылымды анықтап, әлемдік тенденцияларды ескеру арқылы қоғамдық ӛмір мен экономикада не болып жатқанын түсінген дұрыс. Қазіргі таңда қоғамдық дамудың басты факторы ғылыми-техникалық прогресс емес, адам сапасы болып отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуы бойынша, Қазақстандағы адами капиталдың сапалы ӛсуiне әсер ететiн екi негiзгi фактор бар. Олар: бi- лiм беру және денсаулық. Оның iшiнде оқыту үдерiсiне қазiргi заманғы әдiстемелер мен технологияларды енгiзу. Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жүйесiнiң тәжiрибелерiн бүкiл қазақстандық бiлiм беру жүйесiне таратып, барлық бiлiм мекемелерiн солардың деңгейiне жеткiзу; педагогтар құрамының сапасын арттыру; бiлiктiлiктi бекiтудiң тәуелсiз жүйесiн құру мә- селелерi де бар.
Жалпы адам капиталы дегеніміз не? Шынында, капитал – ақша, жер, активтегі мүліктер. Дегенмен ӛткен ғасырдың елуінші жылдарында АҚШ-та адам капиталы деген термин пайда болып, соның теориясын жасаған екі оқымысты Нобель сыйлығының иегері атанды. Адам капиталы деген сӛздің ең қысқаша ұғымы – интеллект, денсаулық, білім, және ӛнімді еңбек пен ӛмір сүру сапасы. Бұл ұғым бірінші кезекте адамның бойындағы талант пен мүмкіндіктерді, денінің сау болуы мен еңбекке жарамдылығын меңзейді.
Сондықтан ол сӛздің түптӛркінінде халықтың экономикалық белсенділігі жоғары, білікті болып, жақсы табыс табатын дәрежеге жетуіне жағдай жасау ұғымы жатыр. Адам капиталының тұтастай теориясына бойласаңыз адамның
жекебасының, білім алуының, отбасының, ақша институттары мен байланысының, еңбек етуінің, табысының, жинаған қорының, зейнет ақысының, тағы басқа жолдарының кезең-кезеңдік қырларының ғылыми негіздері қаланған. Адам капиталының дамуына қызмет ететін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, экологиялық тазалық сақтау, кепілді, сапалы жұмыс орындары мен қамтамасыз ету сынды мақсаттарға жұмсалатын ұлттық байлықтың үлесі дамыған елдерде жоғары болады. Бүкіл ұлттық байлығының 80 пайызы адам капиталының жоғары деңгейін сақтауға арналған мемлекеттер де бар. Мысалы, 2000 жылдың алдында АҚШ-тағы адам капиталының үлесі 95 триллион долларды немесе Ұлттық байлықтың 77 пайызын құрады (сол кездегі дүние жүзі бойынша адам капиталы үлесінің 26 пайызына тең). Қытайдың адам капиталындағы үлесі Ұлттық байлығының 25 триллион долларына тең. Бразилиядағы үлес – 9 триллион, Үндістандағы үлес – 7 триллион доллар. Бұдан шығатын қорытынды, адам капиталын дамыту саясаты, біріншіден, әрбір адамның ӛсіп-ӛркендеуі, баюы, ұзақ ӛмір сүріп, бақытты болуы мақсатына қызмет етеді. Екіншіден, адам капиталының сапалы дамуы мемлекетті гүлдендіруге, экономиканы ӛркендету мен сапалы ӛнім ӛндіруге қызмет етеді. Сол себепті де адам капиталы мен экономика арасы тығыз байланысты әрібір-бірін толықтырып отырады. Терминде «ка- питал» сӛзінің қолданылуы да сондықтан болса керек [1].
Енді адам ресурсын талдай отырып кейбір статистикалық мәліметтерге тоқтала кетейік.
Статистикалық мәлiметтерге қарағанда, жоғары оқу орнын бiтiргендердiң жиған бiлiмiнiң бiр жылдан кейiн 15%-ы, бес жылдан кейiн 50-70%-ы кӛнерiп кететiн кӛрiнедi. Сондықтан, 8-10 жыл сайын бiлiмдi жа- ңартып, жетiлдiрiп отыру қажет. Соңғы 20 жылда әлемдік экономика негізінен адам ресурсы есебінен дамуда. Сарапшылардың пайымдауы бойынша адам капиталының 1% ӛсуі еңбек ӛнімділігін 3,81%-ға ӛсіреді. 192 елде Әлемдік банк жүргізген зерттеу ӛтпелі экономикалық елдері ӛсуінің тек 16% ғана физикалық капиталға (құрал-сайман, ғимараттар және ӛндіріс инфрақұрылымы), 20% - табиғи капитал, қалған 64% әлеуметтік және адам капиталымен байланысты екенін дәлелдеді. БҰҰ-ның даму Бағдарламасының (ПРООН) дерегі бойынша Еуропаның экономикасы дамыған елдеріндегі денсаулық пен білімге жұмсалатын қаржы ЖІӚ-нің 8,1% және 8,5%-ін құрайды. Еуропа елдеріндегі денсаулыққа бӛлінетін орташа қаржы АҚШ- пен (6,5%) шамалас 6,44%-ға тең. Әлемде денсаулыққа орташа 5,5% бӛлінеді.
АҚШ, Жапония, Швейцариядағы жалпы капиталдың 75-80% адам
капиталының үлесінде. Қазіргі кезде дамыған елдердегі экономикадағы белсенді азаматтардың 50%, АҚШ тұрғындарының үштен екісі ой еңбегімен айналысады. Қазақстанда халықтың орташа ӛмiр сүру жасы 72-ге дейiн ӛсiп, аналардың ӛлiмi екi есеге дейiн, сәбилердiң шетiнеуi үш есеге дейiн тӛмендеуi керек. Денi сау ұлт қалыптастырып, сау ұрпақ ӛсiрудi армандаған елiмiздiң бүгiнгi кӛздегенi – осы [2].
Халқы тығыз әрі табиғи ресурсқа кенде Азия елін атаңыз десем, Бангладештің ойыңызға кіріп те шықпайтынына бәс тігуге бармын. Кӛпшілік мұндайда лезде Жапонияны меңзейтіні түсінікті. Күншығыс елінің ешбір ресурссыз алып державаға айналған бейнесі ортақ қабылданған факт.Жапония американ нарығында әлі белсенді. Ӛткен аптада жапондық Softbank Corp. 20 миллиард долларға американдық телефон операторы Sprint Nextel Corp. компания үлесінің 70% cатып алды. Тұтастайалғанда, Жапония ӛзіндегі табиғи байлығын адам ресурсын дамытуға жұмсады. Нәтижесінде, энергия кӛздері ауысқанда еш зардап шекпеді. Олар елдегі ең басты ресурс адам екенін ерте түсінді. Адам капиталы турасында Жапония ешкімге дес бермеді. Ертеден білімге ерекше құрметпен қарайтын осы елде үлкен мӛлшерде сауатты, білімді және қабілетті жұмыс күші бар.Жапондар еңбекқор, жұмысына аса жауапкершіл. Мұғалімді қатты бағалайды. Жер тарлығынан туындаған шағын үйлері қарапайым Жапонға кӛршілер мен қарым-қатынасқа мән беруді, ӛзгелерді құрметтеуді үйретті [3].
Елбасының осыдан бастау алған қай Жолдауын алып қарасаңыз да мемлекеттің тұрақтылығы, дамуы, гүлденуі, тәуелсіздіктің нығаюы, халық- тың әл-ауқатының артуы, ел экономикасының ӛсуі сынды жайттарға басымдық берілген. Адам капиталын үнемі басшылыққа алып отырады.
Қоғамның модернизациялануының негізгі шарты болып, жаңа әлеуметтік біліктілік пен рӛлдерді адамдардың игеруі, қоғамның ашықтығын есепке ала отырып, адамдардың әлеуметтік әрекетінің мәдени дамуы, олардың жедел ақпараттануы, ӛзгерістердің динамикасының ӛсуі болып табылады. Адам капиталын қоғам модернизациясы үшін қолданудағы жақсы жақтар тӛмендегідей:
1. Құндылықтар құру арқылы нарықтық ортада әлеуметтілікті жеңілдету, негізгі әлеуметтік жетістіктерді, экономика жғне әлеуметтік қатынастар саласындағы тғжiрибелік біліктілікті игеру арқылы ӛз жағдайы мен қоғам жағдайы үшін жауапкершілігі.
2. Алкогольді, наркомания және қылмыстылықтың тарауына қарсы тұру, әлеуметтік емес жат қылықтарды болдырмауы тағы басқалары.
3. Жас ӛспірімдердің әлеуметтік жғне экономикалық рӛлдерінің жедел ӛзгертуін игеру арқылы, соның ішінде денсаулығы шектеу қоятын тұлғаларға арнайы білім беруді дамыту арқылы, әлеуметтік шығу тегіне
қарамастан талантты, пысық жасӛспірімдерді қолдау арқылы қоғамдағы әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ету.
4. Ғаламдық әлемге, ашық ақпараттық құрылымға кіруге жас талаптардың енуiне қолдау кӛрсету.
5. Ӛзіне инвестиция құйып, білім алатын әр адам үшін қоғам еркіндік ресурсы мен таңдауға мүмкіндік беру керек.
Постиндустриалдық қоғамдағы адам капиталы табиғи немесе жиналған байлықтан да құнды, ең маңызды қор болып табылады. Қазірдің ӛзінде дамыған елдерде адам (зерделік) капиталы экономика дамуының қарқыны мен ғылыми-техникалық ӛрлеуді айқындайтын күшке айналды.
Сондықтан, қоғамда осы капиталды шығаратын негізі - білім жүйесін дамытуға кӛп кӛңіл бӛлінуде. Бұл, елдің ӛндірісті күштерін жаңа сатыға дамыту жағдайында ірі механикаланған машиналық ӛндіріске негізделген индустриальдық кезеңнен, негізгі күш қамту саласы, ғылым, білім және т.б.
болатын постиндустриальдыққа ауысқан ХХІ ғасырдағы әлемдік экономиканың келешек келбетін айқындайтын күш болады.
Материалдық байлықты ӛндіру ӛзінің маңызын сақтағанымен оның экономикалық тиімділігі алдымен жоғары сапалы мамандар, жаңа білім, технология және басқару әдісін пайдаланумен анықталады. Яғни алдыңғы қатарға ӛндірістің әдісі және білім, не зерделік потенциалы – адамның ӛзі шығады. Адам даму тұжырымдамасының теориялық негізі мен маңызды бӛлігі болып адам капиталының теориясы, білім берудегі революциялық теория және одан шығатын қазіргі қоғамдағы экономикалық, технологиялық және әлеуметтік прогрестегі білімнің рӛлінің алға шығу тұжырымдамасы болып табылады.
Адам капиталы – ол қоғамдық ӛндірістегі адамның еңбек ӛнімділігі мен ӛндіріс тиімділігін арттыру арқылы, оның табысының ӛсуіне әсер ететін, белгілі инвестицияның нәтижесінде қалыптасқан сол адамның жинаған денсаулығы, білімі, тәжірибесі және мүмкіндігі болып табылады. Адам капиталының басқа капиталдарға тән қасиеттері болғанымен, олардан кӛп айырмашылығы бар. Бұл теорияның орталығында – адам, оның рухани және кәсіби жетілуге, жақсы тұрмыс пен байлыққа ұмтылуы тұрады. Яғни, қазіргі экономикалық жүйеде адам капиталы ұлттың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуде маңызы зор дербес ресурс болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
стратегиясы ӛ қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауы еліміздің маңызды саяси құбылысы болғаны сӛзсіз. Аталмыш жолдауды еліміздің миллиндаған азаматтары тыңдады. Жолдаудың негізгі мазмұны барлық қазақстандықтардың басым мүдделері мен дүние танымын қамтыды деп айтсам, қателеспеймін деп ойлаймын. Елбасы ӛзіне тән жаһандық деңгейдегі саясаткер мен ғалым ретінде еліміздің жаңа болашаққа серпінді қадам жасаудың негізгі бағыттарын айқындады. «Қазақстан-2050»
стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты болжау заманауи білім беру мен денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін құру, ұлттың
интеллектуалдылығын жоғарылату, мемлекеттілігімізді дамыту, жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру мен саясаттың жаңғыруы секілді мәселелерді толығымен қамтитын құнды құжат болып табылады [4].
Адам ресурсын дамыту – ол адам санасына, менталитетіне байланысты.
Қазір білім жүйесінде әлі де кемшіліктер жетерлік. Қаланы айтпағанда ауыл аймақтарында білім ӛте сапасыз. Мектепте оқитын білім алушылардың оқуға деген қызығушылығы жоқ. Әрине ол оқытушыларға байланысты. Ауылда мұғалім жетіспеуінен сапасыз білім беріліп жатыр. Және бұған тағы бір себеп корупцияның етек алуы. Мемлекет тарапынан бӛлінген ақшаның қалтаға кетуі. Балаға білімнің жетпеуіне тағы да бір кедергі қағазбастылықтың орын алуы. Тексеру болу керек әрине бірақ бұл жүйені ӛзгерту керек. Ал жоғары оқу орындарына келсек елімізде сапалы университеттер саусақпен санап аларлық қана. Жасырудың қажеті жоқ университеттердің кӛпшілігі тек аты ғана. Бүгінгі жеке меншік университеттерді қысқартып сыртқы оқуды да алып тастау шаралары кӛңілге қонарлық. Ал денсаулық саласына келер болсақ әрине дәрігер мамандары жетіспеушілік бар. Емханада бір дәрігерге қаралу үшін кезек күту керек деген бәрімізге белгілі нәрсе. Ауылдық жерлерде емхана жоқтың қасы, халқы аурудың алдын ала алмайды.
Айта берсек адам капиталына қатысты мәселе кӛп. Ол туралы айтылмай да жатқан жоқ.Бұл мемлекеттік экономикалық даму жағдайына әсер ететін қазіргі негізгі фактор болғандықтан тек біздің мемлекеттің емес әлемдік актуальды проблемаға айналып отыр. Тәуелсіздігімізді алғанымызға жиырма жылдың үстінде болғандықтан әрине мұндай кемшіліктер болуы белгілі нәрсе, алайда осы қысқа уақытта кӛптеген жетістіктерге де жеттік.
Бажайлап қарасақ, артықшылық әркімде бар екен. Мәселе оны кӛруде, түйсінуде жатыр.
Және де адамдық капиталды жетік түсіну, әрі дамыту бәріміздің мақсатымыз әрі міндетіміз болмақ.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы адам капиталын дамыту іс- аралар кешеніне тӛмендегілерді ұсынамын:
1. Жоғары оқу орындарындағы білімді шетелдік бағытқа мүмкіншілігінше тез арада кӛшіру.
2. Жаңа технологияны жетік меңгеруге жағдайлар жасау
3. Ақпаратпен қамтамасыз етуді жүйелі қамтамасыз ету, яғни сапа менджментін дамыту.
4. Әр маманды ӛз бағыттарына, қабілетіне қарай жұмысқа орналастыруға жағдай жасау, соған орай мамандықты дұрыс таңдауға жағдай жасау.
5. Жаңа дамып келе жатқан ел болғандықтан шетелдік тәжірибелерге кӛңіл бӛлу, және ӛзімізден де шетелге үлгі болатын жаңалықтар ойлап табу.
6. Ғылым жүйесіне аса кӛңіл аудару, мемлекет тарапынан кӛлемді қаржы бӛлу арқылы болашақ ғалымдарды ынталандыру, қолдау.
7. Денсаулық сақтау, алдын-алу іс-шараларын кӛбейту, денсаулыққа зиянды заттарға нарықтық бағаны ӛсіру арқылы пайдалануға шек қою. Бұл онкологиялық емдеу орталықтары сияқты қаржыны кӛп қажет ететін салаларға жеңілдік болар еді.
8. Парақорлықты азайтуға әлі де қатаң тыйым салу.
Әдебиет:
1. Президент және халық газеті, 18- мамыр, 2012 ж 2. http://dala.tv/ru
3. http://kazakzaman.kz
4. Экономика республикалық апталық газет, 21-ақпан, 2013ж.