• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ"

Copied!
8
0
0

Teks penuh

(1)
(2)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттер мен жас ғалымдардың

«Ғылым және білім - 2014»

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ

IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых

«Наука и образование - 2014»

PROCEEDINGS

of the IX International Scientific Conference for students and young scholars

«Science and education - 2014»

2014 жыл 11 сәуір

Астана

(3)

УДК 001(063) ББК 72

Ғ 96

Ғ 96

«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».

– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.

(қазақша, орысша, ағылшынша).

ISBN 978-9965-31-610-4

Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.

УДК 001(063) ББК 72

ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті, 2014

(4)

5015

изменения, которые позволят обеспечить перспективы развития Казахстана в новом столетии.

Список литературы:

1 Закон Республики Казахстан Об образовании (с изменениями и дополнениями по состоянию на 18.02.2014 г.) http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30118747

2 И. Н. Зорников, Л. П. Волкова. // Проблемы и перспективы международной интеграции высшего образования» http://www.rciabc.vsu.ru/irex/pubs/inzor1.htm

3 Кайгородцев А. А. // «Проблемы и приоритеты развития системы высшего образования в Республике Казахстан» от 02.02.2012.

http://www.group-global.org/ru/publication/view/1696

4 С. Аманова. // «Актуальные проблемы образования в Республике Казахстан» от 27.07.2011. http://www.zakon.kz/203308-aktualnye-problemy-obrazovanija-v.html

5 Указ Президента Республики Казахстан от 11 октября 2004 года N 1459 «О государственной программе развития образования в Республике Казахстан.

http://adilet.zan.kz/rus/docs/U040001459

ОӘК 340.1;321.01

ҚҦҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ Сапар Уалихан

[email protected] Қарағанды «Болашақ» университеті

Ғылыми жетекші: Жунусова Л.М.

Қазіргі заманымыздағы құқықтық сананың негізгі идеясының бірі құқықтық мемлекет идеясы болып табылады. Бұл идея Қазақстан Республикасы Конституциясында да бекітілген, оның бірінші бабында, ӛзге сипаттамалармен бірге, Қазақстан Республикасы ӛзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады делінген. Бұл идеяның ӛзегінде, ерте заманғы ғалым- ойшылдардың тұжырымдары, әсіресе, француз ойшылы Ш.Монтескьенің, неміс ойшылы И.Канттың және ӛзге де XVIII ғасырдағы ғалымдардың құқықтық мемлекет-бұл бостандықты тұншықтырушы полициялық бюрократтық мемлекеттің орнын басушы ұйым деп болжаушылары жатқандығын білеміз.

Құқықтық мемлекет ұғымының ең бастысы адамды ӛкіметтің озбырлығынан, оның жеке ӛміріне қол сұғылмауынан босату болып табылады. Ол мыналарды қамтиды:

- азаматтардың ажырамас құқығын ӛкіметтің тануын;

- заңдардың құқыққа сәйкестігі;

- ӛкіметтің ӛзінің органдары мен азаматтардың ӛзара құқықтары мен міндеттерін тануын.

Егер де құқықтық мемлекеттің ең басты принципі неде десек, біз, әрине, адам, оның қазынасы, бостандығын айтамыз. Сондықтан, құқықтық мемлекетті құру азаматтық қоғамды қалыптастырусыз мүмкін емес.

Азаматтық қоғам – бұл жай азаматтардың жиынтығы емес, мұнда азаматтар ӛздерінің мүддесі мен қажеттілігін әр түрлі тәуелсіз ерікті партияларды, ұйымдарды, кәсіпкерлік және басқа да одақтарды құру, мемлекеттік ӛкімет органдары мен лауазымды адамдар арқылы еркін іс жүзіне асыра алады. Демек, азаматтық қоғам — мемлекеттен әрі саясаттан тыс қатынастардың

(5)

5016

жиынтығы (экономикалық, әлеуметтік, мәдени, адамгершілік, отбасылық, діни).

Азаматтық қоғамның элементтеріне жататындар:

- ерікті ӛзін-ӛзі басқара алатын адамдардың жиынтығы (отбасы, кооперация, ассоциация, шаруашылық корпорация, кәсіптік, спорттық, және басқа да бірлестіктер);

- мемлекеттік емес (саяси емес) экономикалық (оның негізін жеке меншік, нарықтық экономика құрайды), әлеуметтік, адамгершілік және басқа да қоғамдық ұйымдардың жиынтығы;

-ӛндірістік және адамдардың жеке ӛмірі, әдет-ғұрпы, дәстүрі;

- ерікті адамдардың ӛзін-ӛзі басқару сферасы және олардың ұйымдары;

- бұқаралық ақпарат құралдары.

Демократиялық мемлекеттерде бұл құқықтық мемлекет ұғымымен пара-пар билік үшін күресте күштеу әдістерін қолдауға бағытталған партияларды құруға тыйым салынған, әсіресе, конституциялық құрылысты күштеп ӛзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, конституцияларды жоюға бағытталған фашистік, милитаристік, тоталитарлық типтес партияларға жол берілмейді, сондай-ақ заңдарда кӛзделмеген әскерилендірілген және жартылай әскерилендірілген құрылымдар құруға тыйым салынған. Партиялар азаматтық қоғамның ұйымдары болып табылатындықтан мемлекеттік билік функциясын иеленуге болмайды. Копенгагте болған кездесуде қабылданған халықаралық құжатта (1990) былай жазылған: партиялар мен мемлекеттің ара-қатынасы нақтылы ажыратылуы тиіс, партиялар мемлекетпен бірігіп кетпеуі қажет.

Азаматтық қоғам - нарыктық-демократиялық қоғамның ӛмір сүру нысаны, сондықтан да болар бұл құқықтық мемлекеттің ӛзегі болып табылатындығы. Сӛйтіп құқықтық мемлекетте азаматтарға бостандық, еріктілік, меншіктік кепілдіктер мемлекет тарапынан құқыққа сәйкес беріледі. Оның негізгі принциптерін атап ӛтуге болады.

Құқықтық мемлекеттегі құқықтың мәртебелілігі мынадан кӛрінеді. Мемлекеттің қолында құқық жай құрал болып есептелінбейді. Оның құдіретті күштілігі ешкім де құқықты орағытып кете алмайтындығы және барлығы да оған тәуелді, бағынулары тиіс. Жалпы мемлекеттің ӛзі де, әсіресе оның атқарушы органдары да құқықпен тығыз байланыста болады. Сондықтан, құқықты тек мемлекет тағайындаған нормалардың жүйесі деп қарамауымыз қажет, мұның мазмұны бұдан әлде кӛп, жоғары тұрады. Құқықтық мемлекет тұжырымдамасында ―құқық‖ және ―заң‖

терминдері бір-бірінен ажыратылады. Ӛйткені, бұл тұжырымдаманың ӛзі - адамның тумысынан жазылған құқықтар мен бостандықтардың жиынтығы ретіне табиғи құқыққа негізделген (ӛмір сүру құқығы, жеке басының бостандығы, қадір-қасиетіне қол сұғылмауы, меншік және т.б.).

Сондықтан заң нормативтік құқықтық акті ретінде мемлекет орнықтырған жалпы құқықтық тәртіпке қарсы тұрмауы тиісті. Басқаша айтсақ, заң гуманизмге, әділдікке, демократизмге толы болуы жӛн.

Сондықтан, заң құқықтық (құқыққа сәйкес) және құқыққа қайшы (оған сай болмай, табиғи құқықты аяққа басып адамның бостандығына нұқсан келтіруі мүмкін) болуы мүмкін.

Ілгеріде тек құқыққа сай заңдар туралы сӛз болады.

Құқықтық мемлекеттегі заң жоғарылылығы (құқықтық) дегеніміз әр түрлі мемлекеттік органдардың шығарған барлық нормативтік-құқықтық актілердің ішінде заң ең жоғарғы күші бар құжат, сондықтан қалған актілер бұған қайшы келмеуі тиіс. Заң еріксіздікке, менмендікке, анархияға жол бермеуі тиіс.

Құқықтық мемлекеттегі биліктің бӛлінуі - бұл биліктің үш тармағының (заң шығарушы - заң қабылдау; атқарушы - оның орындалуын ұйымдастыру; сот – құқықтық мәні бар даулардан туатын істерді қарау) арасындағы ӛкілеттіктерді бӛлу. Бұл ретте «тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі» іске асырылады, яғни бұл тармақтардың әрқайсысының билікті ӛз пайдасына иемденіп кетпеу үшін бірін-бірі ұстап тұрушы құрал, бір-біріне ықпал етуші күш. Мысалы, Республика Парламенті Президентті қызметінен кетіруі мүмкін, егер ел басшысы ӛзінің міндеттерін

(6)

5017

атқарған кезде мемлекетке опасыздық жасаса, ал Президент болса, Парламент қабылдаған заңдарға қол қоймай, оның заң күшіне айналуына тосқауыл қоюы мүмкін (кейінге қалдыру ветосы бойынша). Ал, Конституциялық Кеңес барлық конституцияға қайшы актілерді жарамсыз деп тануы мүмкін.

Құқықтық мемлекеттің ең басты белгісі – жеке тұлғаның шынайы бостандығы (қағаз жүзінде танылғаны емес), адамның және азаматтық құқықтары мен бостандықтарының кепілділігі. Осыдан келіп, құқықтық мемлекеттегі соттың айрықша рӛлі кӛрініс табады.

Азаматтар құқығының қорғалуы сот процесінде іске асырылатын болғандықтан (соттық қорғалу) құқықтық мемлекетте, әрине, сот тәуелсіздігі шынайы болуы қажет.

Азамат пен мемлекеттің ӛзара жауаптылығы - тек құқық бұзғандығы үшін азаматтар ғана емес мемлекет алдында жауап беруі, сондай-ақ мемлекетте азаматтар алдында, егер де олардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірсе, жауапты болуы тиіс. Демек, құқықтық мемлекет қоғамдық ӛмірдің бүкіл сферасына бақылау жасаудан, азаматтардың жеке ӛміріне қол сұғылуынан бас тартуы тиіс.

Азаматтық қоғамдағы мемлекеттің міндеттеріне құқықтық тәртіпті қорғау, қылмыстылармен күресу, жеке және ұжымдық меншік иелерінің қызметіне кедергісіз қолайлы жағдайды тудыру, олардың құқықтары мен бостандықтарының іс жүзіне асырылуына жәрдемдесу, т.б. жатады.

Теория тұрғысынан құқықтық мемлекетті жетілдіру үшін азаматтардың мына міндеттеріне баса назар аудару керек:

- заңға құлақ асу;

- заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және ӛзге де міндетті тӛлемдерді тӛлеу;

- басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және занды мүдделерін, абыройы мен ар-намысын қадірлеп, сақтау;

- монополизациялауға немесе жосықсыз бәсекеге бағытталған экономикалық қызметке тыйым салу (жол бермеу);

- қоршаған ортаны қадірлеу;

- тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасау, тарих пен мәдениет, діни ескерткіштерін қорғау;

- Отанды қорғау;

- балаларды және жұмысқа жарамсыз ата-аналарды құрметтеп, қорғау.

Қорыта келгенде, азаматтық қоғамның ұйымдастырылу жағдайы мен принциптерін атап ӛткенді жӛн кӛрдік. Оларға жататындар:

- экономикалық еріктілік, меншіктің әр қилы нысандары, нарықтық қатынастар;

- адам мен азаматтың табиғи құқықтарын тану және корғау;

- биліктің демократиялық мәні;

- заң және сот алдында әркімнің теңдігі, жеке тұлғаның заңмен тұрақты және шынайы қорғалуы;

- құқықтық мемлекеттің билікті бӛлу және ӛзара іс-қимыл жасау принципіне негізделуі;

- саяси және идеологиялық әр алуандылық, шынайы оппозициялардың (қарсы жақтардың, күштердің) болуы;

- сӛз бен шығармашылық еркіндігі, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі;

- азаматтардың жеке ӛміріне мемлекеттің қол сұқпауы, олардың ӛзара міндеттілігі мен жауаптылығы;

- бейбітшілік, ұлттық келісім;

- әлеуметтік саясаттың тиімділігі, адамның шынайы ӛмір сүру денгейін қамтамасыз ету.

(7)

5018

Құқықтық мемлекет – бұл адамның табиғи құқығы танылатын және кепілдік берілетін, мемлекет билігінің заң шығарушы, атқарушы және соттарға бӛлінуі шынайы жүргізілетін құқықтық заңдардың жоғарылылығы, азаматтардың мемлекеттің алдында, мемлекеттің азаматтардың алдында ӛзара жауаптылығы қамтамасыз етілетін азаматтық қоғамдағы саяси билік ұйымының айрықша нысаны. Құқықтық мемлекеттің принциптері азаматтық қоғамның принциптерімен пара-пар келеді.

Біздің елімізде құқықтық мемлекетті құру идеясы ойшылдарымыздың кӛкейіндегі ӛзекті мәселе болатын. Оған тарих куә. Бірақ, бұл идеяның түкке аспай қалуына 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін дүниеге келген Кеңес мемлекеті бірден–бір себепкер болды. Ӛйткені, сол кездегі кеңестік конституцияда жарияланғандай, оның ӛзегі – диктатура пролетариаты болатын. Ал диктатура дегеніміздің ӛзі бұқараны қанаудың саяси, әскери, идеологиялық құралдары мен әдістерін қолдануға негізделген үстемдіктің тұтас жүйесі. Бұл жүйенің орталық мекемесі, оның басты ұйымдастырушысы әрі жарлық берушісі – мемлекет.

Тек, 80-жылдардың аяқ шенінде ғана құқықтық мемлекет құру идеясы қайтадан жанданып, оны қалыптастыру міндеті алға қойылған болатын. Бірақ, оны іс жүзіне асыру да бұрынғы қалыптасқан стереотип ойлары әлі де болса қалмаған еді. Құқықтық мемлекетті шынайы, әрі дәйекті түрде құру үшін қыруар жұмыс істелінуі қажет: бүкіл мемлекеттік билік жүйесін қайтадан жандандырып, реформа жүргізу, заңдарды жетілдіру, әлеуметтік қоғам құндылығын арттыру, соттың маңыздылығын кӛтеру; азаматтардың ғана емес, лауазымды адамдардың саяси және құқықтық мәдениетін кӛтеру, құқықтық нигилизмді болдыртпау, азаматтық қоғамды қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы Ата заңында ӛзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыруды кӛздеп отыр, бірақ оны осы мақсатқа жетті деп айта алмаймыз, әлі де бұл мәселенің ыдыр- быдыры ӛте кӛп, сараң жолдары кӛбірек. Бізде, әлі де болса, азаматтық қоғам қалыптаспаған, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі салынбаған, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына шынайы кепілдік беру нығыздалынбаған. Сондықтан, құқықтық мемлекет жӛніндегі, тұжырымдаманы дамыта түсу керек, оны қазіргі мемлекеттік-құқықтық, шындықпен жанастыру – басты міндет. Ӛйткені, біздің елімізде «барлығы адам үшін, барлық қазына – адамдыкі»

делінген принциптер жазба түрінде жазылып, ұран ретінде жұртшылыққа жарияланып, іске аспай жабылып қалғандығы ақиқат. Сонымен бірге, бүкіл халықтық мемлекет деп асыра сілтеушілікте ӛз орнын тарихтан алған болатын. Бірақ, бұл да түкке аспай қалды. «Социалистік табиғи құқық» орнықты деп әлемге жар салудың ӛзі тек кӛзбояушылық екендігіне қазіргі уақытта кӛзіміз жетті. Мемлекеттің және қоғамның ӛмірінде тек заң және ӛзге де нормативтік актілер үстемдік етеді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңінен жариялап, мемлекет тарапынан кепілдік беріледі деген даурықпа ұрандары да аяқталмай қалып қойды.

Заңдылық принципінің іске аспай қалғандығын айтпасақ та белгілі.

Міне, алдағы уақыттарда осындай келеңсіз жағдайлардан сақ болғаймыз. Әрине, елімізде бұл жӛнінде қыруар жұмыс істелініп жатқандығы бәрімізге мәлім, бірақ бұл алғашқы қадам.

Құқықтық мемлекет құру идеясын шын мәнісінде іске асыру үшін ондаған, жүздеген жылдар ӛтетіні белгілі. Сондықтан құқықтық мемлекет жӛніндегі конституциялық қағиданы кол жеткен табыс ретінде қарамай, бүкіл мемлекеттік жүйелерді ұйымдастыру мен жандандыруды мақсат.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Ӛзбекұлы С., Қопабаев Ӛ. Мемлекет және құқық теориясы негіздері. – А., ―Жеті Жарғы‖, 2006.

2 Общая теория государства и права. Академический курс в 2-х томах. / отв. Ред.

М.Н.Марченко. М., 2001.

(8)

5019

3 Абдулаев М.И. Теория государства и права. Учебник. А, 2004. 2-е изд.

4 Теория государства и права. Под ред. Пиголкина А.С. Учебник. М, 2003.

ҚАЗАҚСТАНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ Серикбаева Айжан Каскырбаевна

[email protected]

Академик Е.А.Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті заң факультетінің, Қарағанды, Қазақстан

Ғылыми жетекшісі – Г.Т.Байжанова

Ата-заңымыз Конституцияның 1-бабында баянды етілгендей Қазақстан Республикасы ӛзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады[1].

Демократиялық саяси жүйе мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының бірден-бір негізі, алғы шарты - азаматтық қоғамның қалыптасуы болып табылады. Адам мен азаматтардың іргелі құқықтары мен бостандықтарын сақтау, билік пен қоғамның үндесуі мен ынтымақтастық мәдениетіне бейімдігі және т.б.азаматтық қоғамның қағидалары ретінде жүзеге асырылуы шарт.Жұртшылықтың назарын ӛзіне аударып отырған азаматтық қоғам құру жолдарын, азаматтық қоғам институттарын, азаматтық қоғамның орны мен ролін анықтаудан бұрын

«азаматтық қоғам»түсінігін айқындап алу орынды.Осы тұрғыда сӛз қозғасақ және тарихына қысқаша тоқталып ӛтсек.

Отандық мемлекет және құқық теориясында да, батыстық заң әдебиеттерінде де ғалымдар арасында «азаматтық қоғамды» зерттеуде сан алуан кӛзқарастар бар. «Азаматтық қоғам дегеніміз әлеуметтік, мәдени және рухани салалардың әрекет етуін, олардың қайта ӛндірілуін, ұрпақтан ұрпаққа ӛтуін және ӛмір сүруін қамтамасыз ететін жүйе, жеке индивидтердің және олардың ұжымдарының жеке және ұжымдық мүдделері мен қажеттіліктерінің жүзеге асуына жағдайлар жасауға бағытталған мемлекетке тәуелсіз, жеке дербес қоғамдық институттар және қатынастар жүйесі. Осы мүдделер мен қажеттіліктер жанұя, шіркеу, білім беру жүйесі, ғылыми, кәсіби бірлестіктер, асоциациялар, ұйымдар және т.б.

арқылы кӛрінісін тауып жүзеге асады» [2,30].

Азаматтық қоғам – меншік иелері болып табылатын еркін индивидтердің және олардың бірлестіктерінің ӛзіндік мүдделерінің ерекше саласын құрайтын мемлекеттен және саясаттан тыс қатынастардың (экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ӛнегелік, рухани, корпоративті, жанұялық, діни) жиынтығы [3,154].

Құрамындағы мүшелерінің арасындағы экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен ӛзара әрекетттесуші қоғам, мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы[4,66].

Азаматтық қоғамның даму тарихы ежелгі Греция мен Римнен бастау алады. Яғни, бұл термин алғаш рет Аристотельдің («societias civilis») еңбектерінде қолданылады, оны саяси қауымдастық ретінде пайдаланады. Кейінірек Т.Гоббс заманауи мемлекет пен саяси қоғамды тең деп есептеді. Т.Гоббс іліміне сәйкес қоғамдық келісім мемлекеттің құрылуына алып келеді.

Джон Локк болса «үкімет» пен «қоғам» ара-жігін кӛрсету үшін билікті қоғамға беруді билікті үкіметке берумен шатастыруға болмайды деп кесіп айтады.

Азаматтық қоғам туралы кӛзқарастардың қалыптасуына Г.Ф.Гегель зор үлес қосты.

Гегель, оны жеке мүдде әрекет ететін сала деп анықтады. Осы кеңістікке жанұяны, әулеттік қатынастарды, дінді, білім алуды, заңдарды және олардан пайда болатын субъектілердің

Referensi

Dokumen terkait

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған кҥрделі саяси- экономикалық жаңарулар мен ӛзгерулер ағымында мемлекеттік биліктің қайнар кӛзі болып табылатын халқымыздың рухани ӛмірі мен

ЕО елдер мен бол ан са си ай л тар а арамастан, Ресей Еуропал Ода пен с ндарл нт ма таст са сат н жал аст ру а ж не... The Indispensable European // The