Секция 1. «Актуальные проблемы публично-правовых правоотношений»
Берлигожина Д.С., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистранты
www.enu.kz
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕР ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
Статья посвящена теме истории возникновения и развития женской преступности Республики Казахстан.
Ключевые слова: преступность, женская преступность, личность преступника.
This article offers theme of crime stories of women in Kazakhstan.
Keynotes: women's crime, the problem of crime, criminal identity.
ҚР Конституциясына сәйкес ӛзін демократиялық, саяси, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде белгілей отырып, ең жоғарғы құндылығы ретінде адам, оның ӛмірі мен десаулығын, құқықтары мен бостандықтарын атап кӛрсетеді.
Қазақстанның саяси үрдісі жаңа нарықтық қатынастарға кӛшуінен мемлекеттің саяси, экономикалық, рухани, сондай ақ құқықтық саласының тарихи тұрғыдан жылжуы, елдің криминологиялық келбетіне әсер етпей қалмады, соның ішінде қылмыстылық жағдайының ӛзгеруіне әкеліп соқты.
ҚР ӛз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі алғашқы жылдары нарықтық экономикаға кӛшудің қоғамға кӛптеген ӛзгерістер әкелуіне қарай, еліміз үлкен қиындықтардан ӛтуіне тура келді. Жұмыссыздық саны кӛбейіп, ӛндіріс кӛлемі азайды, соның салдарынан кедейлік орын алды.
Мемлекеттің ескі идеологиясы құлап, халықты әлеуметтік қамсыздандыру әлсіреп, денсаулық сақтау мен білім беру жүйесінің сапалы қызмет кӛрсетуіне мүмкіндік қысқарды. Осының нәтижесінде елімізде жеке меншік институты пайда болып, қызмет кӛрсету мен тауар рыногы қалыптасып, экономикалық бостандық орын ала бастады.
Бұл болып жатқан саясат, экономикалық, әлеуеттік қатынастарғы ӛзгерістер елдегі қылмыстылықтың ӛсуіне әкеліп соқты. Бұл жылдары қылмыстың ӛсуі, қылмыстық, әкімшілік, экономикалық, қаржылық қадағаладың әлсіздігі тек қана Қазақстанда ғана емес, арлық Кеңестік мемлекеттер кӛлемінде орын алып жатты. [1]
Соңғы уақытта дамушы әлеуметтік құылыс ретінде әйелдер қылмысының ӛзекті мәселесіне ғылыми қызығушылық ӛсіп отыр. Бұл
әлеуметтік құбылысты дұрыс жәге оъективті бағалау үшін оның қайнар кӛздеріне тоқталып, оның қоғам дамуыныңтарихи кезеңдеріндегі
«эволюциясын» анықтау керек. Кӛп уақыт бойы әйелдер қылмысына тарихшылар, құқықтанушылар, журналистер, психологтар қызығушылық танытып келеді.
Ежелгі Грекияда адамзат қоғамында әйелдің ерекше ролі байқалған.
Гректер: «әйелдер күң болған, қоғам ешқашан еркін олмайды, себеі күң ӛзі сияқты құлды тәриелейді» деп айтқан. Дегенмен ұзақ ғасырлар бойы әйелдерге қатысты екі кӛзқарас қалыптасқан. Бір жағынан оны шексіз дәріптеу, оған таң қалу, бас ию болса, екінші жағынан әйелдің біреуге тәуелді, оның алдында қауқарсыз, тіпті меншік объектісі болып табылады.
Мысалы, Хаммурапи заңдарымен: қыз бала алғашында әкесінің меншігі болса, содан кейін күйеуі сатып алғаннан кейін, соның меншігіне кӛшкен.
Бір жағынан – «әйелдер - бақыт, махабат болса», екіншіден –
«зұлымдық гүлі». [2, 7 б.]
Әйелдерге бұндай қатынас кӛптеген елдерде кездеседі. Дегенмен ежелі Иудейде әйелдер құрметтеліп, ал олардың құқықтары заңмен қорғалса да, олар бәрібір діни догмаларға сәйкес ӛте тӛменгі тіршілік иесі олып саналады.
1486 жылы Шпренгер мен Крамер жариялаған «Молот ведьм» трактаты қылмыс жасаған әйелді анықтаудың құралы болып табылды. [3, 23 б.]
Әйелдер қылмысының пролемасына арналған ғылыми-статистикалық материалдардың шығуы А.Кетленнің есімімен байланысты. Қылмыстың заңдарын зерттей келе, ол қылмыс жасауға адамның жасы, жынысы, оның мамандығы, жыл мезгілдері әсер етеді деген қорытындыға келген. Сондай-ақ әйел адамның қоғамдық ӛмірден қол үзіп қалғанда, отбасы мүшелерімен араласудан және отбасы міндеттеріне шектеліп қалғанда да осындай жолға баратынын кӛрсеткен.
Әйелдер қылмысының себептерін ғылыми –практикалық зерттеуде биологиялық мектептің ӛкілдері болып саналатын Чезаре Ламброзоның және оның ізбасарларының зерттеулері үлкен орын алды. Еуропада қылмыскер әйелдің тұлғасын ғылыми зерттеу, психолог және криминалист Ч.Ламброзоның еңбектері жарыққа шыққаннан кейін ғана жүргізе бастады.
Неге әйел жаза түрінің ауырлығына қарамастан қылмыс жасауын тоқтатпайды? Материалдық тапшылық кӛрместен неге әйел қылмыс жасауға барады? Ч. Ламброзо бұл қажеттілікті “қылмыстық импульс” деп атады.
Оның айтуынша әйедерде ерлерге қарағанда кекшіл, қызғаныш, ӛркӛкірек сияқты биологиялық бейім болады деген. [4, 303 б.]
Г. Тард: «Ч.Ламброзоның ізбасарлары әйелдердің туа біткен қылмыскерлермен ұқсастықтары болғанымен, олар ерлерге қарағанда тӛрт есе қылмысқа аз барады десе, менің қосатыным: әйелдер- жақсылық жасауға тӛрт есе бейім» деген екен.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырыдың басында әйел қылмысының шығуы, әлеуметтік жағдайы мен статусы бойынша М.Н. Гернеттің айтуы
бойынша Еуропа елдерінде ерлер қылмысына қарағанда, ӛзгешеленген және деңгейі жағынан тӛменгі орында тұрған.
Бұл кезеңде әйел қылмыстылығы ӛнеркәсібі дамыған елдерде етек алғаны туралы айтылады.
Революциядан кейінгі жылдары әйелдердің мүліктік тұрғыдағы қылмысына қарағанда, күш кӛрсету арқылы жасаған қылмысы кӛзге түседі.
Бұл барлық Кеңестік елдерде 1926 жылы бас бостандығынан айыру мекемелерінде отырғандарға қылмыстары бойынша тізім жүргізгенде адам ӛлтіру бойынша, ерлер 38,6 % құраса, әйелдер 46,7 құраған екен «1». Бірақ бұл топтың ішінде қинау арқылы жасалған қылмысқа кӛбіне ерлер барған екен.
30 жылдары әйелдердің кісі ӛлтіруі бойынша туа біткен биологиялық фактор ретінде қарастырыла бастаған, осының негізінде әйелдердің кісі ӛлтіруі әлеуметтік психиатриялық және психиологиялық ұстанымдар жағынан зерттелген еңбектер пайда бола бастады.
Ол В.А. Внуковтың «Әйел – қылмыскер» атты мақаласын айтуға болады. Оның айтуынша әйелдердің әлеуметтік саладағы жағдайы тез арада биологиялық жағдайға ӛтіп, осы жерден оның қылмыстық іс - әрекеті пайда болатынын біршама ӛмірдегі мысалдармен кӛрсете отырып, берген. Оның зерттеуі бойынша әйелдер тұрмыс тіршілігіне қатысты әлеуметтік жағдайынан қорқып, оның үрейі қан арқылы берелетін әке шешесінде бар қасиеттері мысалы: қызғаныш, ашушаңдық, қатігездік сияқты мінез - қылықтары орын алып, ӛзінің де психиологиялық тұрғыдан ұстай алмауы да орын алатын қылмыстары жайлы жазған екен. [5]
20-30 жылдары әйелдер жасаған қылмыс туралы Е.К. Краснушкина мен Н.Г. Холзакова «Әйел гемосексуал- қылмыскердің екі жағдайы» атты еңбек жазған. Бұл еңбекте әйелдердің қылмысқа баруының себебі психикасының бұзылуы жағынан медициналық кӛрсеткіш және тұқым қуалаушылық жағдайы зерттелген.
Қазақ даласында ХҮІ ғасырдың басынан бастап, «Қасым ханның қасқа жолы» атты заңы ӛз күшінде болған. Оның негізіне тұрмыстық құқық нормалары енгізілген. Бұл құқық нормалары ХҮІІ ғасырдың аяғында Тәуке ханның «Жеті жарғысында» толықтырылып, аяқталған болатын.
Қазақтардың қылмыстық құқықтық нормалары жеке адамның ар-намысын қорғауға байланысты жазаланатын және жазаланбайтын шараларды ажыратып кӛрсетті.
Бұл құқықтағы әйелдердің жағдайына келетін болсақ, онда мұсылман құқықтық нормалары шариатты қозғауға тура келеді. Ӛйткені шариаттың некелік –отбасылық қатынастарды реттеуге ықпалы ӛте күшті болған.
Тәуке ханның заңында әйел адамды балағаттаған адам оның тіке ӛзін балағаттағаны үшін емес, оның жұбайы және басқа да туыстарын қорлаған болып есептелінген. Ол адам айыбы үшін кешірім сұраған, егер кешірмеген жағдайда айыппұл ретінде шапан мен бір ат беруге тиіс болатын.
Баласын ӛлтірген әйелдер ӛлім жазасына кесілген, күйеуін ӛлтірген жағдайда ӛлім жазасы беріліп, егер күйеуінің туыстары кешіретін болса, ол үлкен құн тӛлейтін болған. [6]
Елімізде әйел қылмыстылығы жеке ӛзекті мәселе ретінде тарихтан қарайтын болсақ, ХХ ғасырдың басы мен мен революциялық жылдардан кейін де аса басты назарға ие болмады, себебі әйелдер аз қылмыс жасап, олардың әлеуметтік маңызы болмады деп Антонян атап кӛрсетеді.
Бірақ қазақ әйелдерін халық жауы ретінде, қылмыскерлер қатарына санап, Алжир түрмесіне жаптқан кездерді қалай аттап ӛтесің?
Заңсыз репрессиялардың серігі – мемлекеттің, оның органдарының және лауазымды тұлғаларының адамдардың қарапайым құқықтарын жаппай бұзуы. 1920-50 жылдардағы Кеңес тарихы осыны айқындайды. Шын мәнінде, әйелдер мен балалардың ұсталуына 1937 жылғы 15 тамыздағы № 00486 Ішкі істер халық комиссары Н.Ежовтың жедел бұйрығы тікелей әсер етті.
Бұйрықта: «Осы бұйрықты алғаннан соң 1936 жылдың 1 тамызынан бастап бірінші және екінші категория бойынша әскери Алқа және әскери трибуналда айыпталған оңшыл-троцкистік тыңшылық-диверсиялық ұйымдар мүшелері, Отанын сатқандар әйелдерін репрессиялауға кірісіңдер» деп ашық айтылды.
Бұл «халық жаулары» деп ұсталған азаматтардың әйелдері мен жанұя мүшелеріне үлкен шабуыл еді.
Бұрынғы Одақта әйелдерге арналған барлығы 4 лагерь болды. Біріншісі – «Алжир», екіншісі – Горький (қазіргі Нижний Новгород) қаласынан 40 шақырым жердегі «Тепляков» лагері, үшіншісі – Фрунзеден (қазіргі Бішкек) 100 шақырым жердегі «Жангижер», тӛртіншісі – Тотьмадағы (Ресей)
«Темников» лагері.
«Алжир» – КАРЛАГ-тың Ақмола бӛлімшесі. Ол Ақмола түбіндегі қазіргі Малиновка селосының орнында болған. Тікенек сыммен қоршалған, тӛрт бұрышына күзет мұнарасы орнатылған бұл жерде тек «Отанын сатқандардың» әйелдері тұрды. Сондықтан оны кекетіп: «Акмолинский лагерь жен изменников Родины» деген ұғымның бас әріптерінен құрастырып
«Алжир» деп атады.
2003 жылы Мәскеудегі халықаралық «Мемориал» қоғамы «Узницы
«Алжира». Список женщин-заключенных Акмолинского и других отделений КарЛАГа» деген 34 баспа табақ кӛлемде кітап шығарды. Онда 5380 әйел- тұтқындардың тізімі берілген. Осы тізімде қазақ әйелдерінің аты-жӛні де аз кездеспейді.
«Алжирде» 1937-1946 жылдарға дейін жылына 8 мың, кей жылдары 17 мың адамға дейін кӛбіне әйелдер мен балалар тоғытылған. Ақмола, Қарағанды ӛңірінде осындай қуғын-сүргінге ұшырағандардың 27 абақтысы 1953 жылға дейін жұмыс істеген.
«Алжир» жӛніндегі ақиқат «Жазығы не еді аналардың?» деген талантты журналист Армиял Тасымбековтің сериялы мақалаларында алғаш рет айтылды. Осы мақалалар сол кезде талайларға ой салып, оқырман
қауымды кӛп мағлұматтардан хабардар етті. Автор 1994 жылы «Жан дауысы:
Алжир архипелагы» деген еңбегінде соңғылардың бірі болып қалған
«Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері» түрмесінің әйелдерінің естеліктерін келтіреді. Олар күйеулерінің қалай ұсталғандығы, ӛздерінің қалай ұсталғандығы, балаларының тағдырлары туралы тереңнен толғаған.
Тоталитаризм қапасында ӛмірі қиылған жандардың, сондай-ақ бастан кешкен қасіреті ӛле-ӛлгенше санасында жаңғырып, сол қорқынышты шындықты бізге жеткізген, азап кӛрсе де, аман қалу бақытына ие болған жандардың қай-қайсысы да біз үшін ерекше қымбат, айрықша қастерлі. Олар ұрпақ санасында мәңгі ӛмір сүреді. Біздер ӛткен тарихтың бетіне енді ғана тіке қарап, ӛмірден ӛкінішпен ӛткен, артында тек цифр жазылған тақтайша ғана қалған иесіз, атаусыз молаларды еске алуға қол жеткіздік. Жазықсыз жапа шеккен ару аналарды әрдайым еске алып, рухына бас ию – кейінгі ұрпақ – біздердің қасиетті борышымыз. [7]
Әйелдер қылмысын зерттеудің тарихи тамырлары және ғылыми – практикалық тәжірбиесі бар. Әйелдердің ӛнеркәсіптік ӛндіріске араласуының, әлеуметтік жағдайының ерлермен теңестірілуінің жағымды жақтары ғана емес, жағымсыз жақтары олардың қылмыстылығының ӛсуіне әкеліп соққанын кӛруге болады.
Қылмыс – әйел табиғатына жат құбылыс. Дегенмен, жыл сайын, орта есеппен, қылмыс жасағандары үшін 36-37 мың адам сотталатын болса, олардың 4-5 мыңы әйелдер екен. Олардың ішінде 500-ден астам әйел қылмысты мас болу жағдайында, 13-15 әйел есірткі заттарды пайдалану барысында жасаған.
2010 жылдың қорытындысы бойынша да қылмыс жасаған әйелдердің 49 пайызы орта білімді, 23 пайызы жоғары білімі барлар, 3282-сі жұмыс істемейтіндер, 152-сі оқушылар мен студенттер, 239-ы мемлекеттік қызметкерлер, 1102-сі басқа қызмет түрімен айналысатындар болған.
Осы мақаланы оқи келе қылмыс жасаған әйелдердің сауатты екендігін байқауға болады, ал бұрынғы тарихымызды қарайтын болсақ, қазақ әйелінің мемлекеттік, қоғамдық істерге араласпағаны, сотта ӛз құқықтарын қорғап сӛйлесе де оларға ешкім аса назар аудармағаны жайлы аталған, тіпті әйелдердің кӛбісі сауатсыз болса да, қылмыс жасағандар саны да аз болды.
Соның бір дәлелі ретінде Е.Н. Косарецкаяның жазған еңбегінен салыстыруға келетін мән-жайларды кӛруге болады. Оның айтуынша: ХІХ ғасырда Ресейде сауатты әйелдар кӛп болмаған. Оның ішінде қалаға қарағанда ауылды жерлерде сауатсыз әйелдер кӛбірек болған. Москва губерниясының ауылды жерінде сауатты әйелдер саны 14 % құраса, Санкт – Петербургта 30 % сауатты болған. Орлов губерниясында крестян қыздарының 3,3 % сауатты болса, ерлердің 25 % сауатты болған. Бұл кезеңде ХІХ/ХХ ғғ. қыздарды дәстүрлі жолмен тәрбиелеу орын алған. Қыздардың тәрбиесімен анасы айналысқан. Л.Н. Пушкареваның айтуы бойынша қыздардан шаруға мықты, сабырлы, ашушаң емес, қонақжай ана мен әйел
болып ӛсуді мақсат еткен . 6-7 жастағы қыздар су, отын тасып, еден мен ыдыс-аяқ жуатын болған. Он жастағы қыздар сиыр сауып, үйіндегі кіші ауырларына қараған.Кішкетай жастан қыздарды тоқу мен тігін тігуге үйреткен. 10-12 жастағы қыздар ауыл шаруашылығының арлық түрлеріне қатыстырылған: шӛп ору, оны орау, т.б. жұмыстарға елсене қатыстырылған.
15-16 жастағы қыздарүй және дала жұмыстарына әлеуметтік тұрғыдан белсен қатыстырған. [9] Сол кездің ӛзінде әке –шешелері балаларына бастауыш білім болса да білім беруді мақсат еткен.
Жоғарыдан кӛретініміз тарихымызда ата-аналарымыз қыздарын дәстүрлі жолмен тәрбиелеген. Қыздарын шаруаға салу, оларға ешқандай зиянын тигізбегенін де ескерген жӛн, ал қазіргі жағдайға қарасақ, елу жылда ел жаңа демекші тәрбиелеу басқа бағытқа ауысқан. Кӛбінесе әке –шешелері балаларына бар жақсыны, қымбат заттарды алып беруге, оқытуға жағдай жасаймыз деп жүріп, тәрбие мәселесі күтуші басқа адамның қарамағында қалып қоя ереді, ол бір, сондай –ақ баласын ештеңеден тарылпай ӛсіріп, кейін тұрмыс құрғанда қыздарымыз әлеуметтік жағдайларымен келісі алмай, бірінші тұрмыс құрған жылдары ажырасу мәселесінің орын алатыны, не керісінше сүйген жарынан айырылып қаламын деп қорқыныш сезімі пайда болып, қылмысқа барып жатқандары қаншама? Оның барлығының жоғарыда айтқандай орта не жоғары білімдері бар қыздарымыз болып шығады. В.А.
Внуковтың, Е.К. Краснушкина мен Н.Г. Холзакованың пікірлерімен келісуге олады. Шындығында әйелдердің әлеуметтік жағдайының тез арада биологиялық жағдайға ауысуының бірден бір сеебі олардың ӛмірдің қиындықтарын кӛтере алмауында деп ойлаймын. Бұрынғы кезде қазақ бабамыз «Қызға қырық үйден тиым салу» деген мақалды ұстану дұрыс тәрбие берген екен.
Әйел ең бірінші отбасының ұйытқысы, ӛмірге ұрпақ әкелетін, бала тәрбиелейтін ана екенін ұмытпауы тиіс. Қазақтың әйеліне тән ибалы мінезбен ерінің абыройын асырып, мейірімді, қайырымды, саналы ұрпақ тәрбиелеумен де ӛзгелерге үлгі-ӛнеге болуы тиіс. «Әйел бір қолымен бесікті тербетіп, екінші қолымен әлемді тербетеді», деп тегін айтылмаған ғой.
Сондықтан қазіргі күні әйелдердің қылмысқа бару жолын кесетін алдын алу шаралары кӛптеп қолға алынып жатыр. Солардың бірімен, яғни әйелдердің құқықтары мәселелерімен Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жӛніндегі ұлттық комиссия 13 жылдан бері айналысып келеді. 1999 жылы Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жағдайын жақсарту жӛніндегі әрекеттердің алғашқы Ұлттық жоспары қабылданды. Осы жылдар ішінде БҰҰ Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы және Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенциялары бекітілді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда гендерлік саясаттың ӛзіндік моделі қалыптасты.
2006-2016 жылдарға арналған елімізде Гендерлік тендік стратегиясы қабылданған, осы құжатта отбасылардың, әйелдердің мәртебесін кӛтеруге
байланысты кӛптеген мәселелер қарастырылған. Бүгінгі күнде қазақ әйелі елімізде болып жатқан барлық жағымды жаңалықтарға, қоғамдағы ӛміршең ӛзгерістерге, идеялық-саяси, әлеуметтік-мәдени, халықаралық- дипломатиялық жұмыстарға белсене араласып отыр. Демографиялық мәліметтерге сүйенсек, біздегі жалпы мемлекеттік қызметшілердің тең жартысынан астамы әйелдердің үлесіне тиеді екен. Бұл – үлкен кӛрсеткіш, жоғары нәтиже, жақсылықтың нышаны. [10]
Ендеше, әйелдердің қылмыс жасауының алдын алу, оларды болдырмау шаралары жас мемлекетімізде ӛсіп келе жатқан ұрпақты имандылық пен адамгершілік рухында тәрбиелеп, еліміз бен қоғамымызда тәртіп пен заңды- лықтың нық орнауына негіз болатыны даусыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Хамзаева А.Д. Предупреждение насильственных преступлений совершенных женщинами, в сфере семейных отношений. – Бишкек, - 2006.
2. Женская преступность. Энциклопедия преступлений и катастроф. - М., 1996.
3. Яковлев М. Теория криминологии и социальная практика. - М., 1987.
Ламброзо Ч. Женщина преступница или проститутка. - Минск, 2004.
4. Антонян Ю.А. Преступность среди женщин. - М., 1992.
5. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. – Алматы, 1979.
6. Кӛлбаев Т. «Алжирдегі» жазықсыз арулар // Қазақ үні. - 25-Maмыр, - 2011.
7. Жәлелұлы О. Кеше, бүгiн және ертең. // Қазақ үні. - 1 Шілде, - 2009.
8. Косарецкая Е.Н. Женская преступность в Орловской губернии во второй половине ХIХ начале ХХ вв. – Орел, 2007.
9. Рысқалиев А. Әйелдердің қылмыс неге кӛп. // Қазақ үні., - 12 қаңтар.
- 2012.