http://www.enu.kz
Қадырбекқызы Г., «Тұран - Астана» университетінің құқықтану мамандығының магистранты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
http://www.enu.kz
В статье рассматривается конституционно-правовые основы независимого Казахстана. Автор поднимает теоретические проблемы реализации норм основного закона Казахстана.
Ключевые слова: Конституция, независимость.
In article it is considered constitutional and legal bases of independent Kazakhstan. The author lifts theoretical problems of the basic law of Kazakhstan.
Keywords: Constitution, independence.
Құқықтық мемлекет құрудың және тұлға еркіндігін қамтамасыз етудің бірден-бір бастауы – конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету маңызды мемлекеттік міндет болып табылады. Заңдылық – бұл бүкіл қоғам мен мемлекет ӛмірінің іргетасы әрі қалыпты қызмет істеуінің ажырамас шарты.
Н.Ә.Назарбаев: «Қоғамды жаңғырту және демократияландыру жолындағы міндеттерді шешу еліміздің Конституциясы мен заңдарын қатаң басшылыққа ала отырып қамтамасыз етілуге тиіс. Заңға бойұсынуды санамызға сіңіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып қалады…», – деп бірнеше рет атаған болатын.
Конституция – бұл тиісті елдің кӛпшілік азаматтарының мүдделерінде мемлекеттік және қоғамдық ӛмірдің басты ұстанымдарын бекітетін және мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесінің ӛзегі болып табылатын нормативтік акт. Конституция мемлекет ӛмірінің негізгі бастауларын – мемлекеттің құрылысын, саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемлекеттің негізгі заңы болып табылады.
Мемлекет басшысы – Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап ӛткендей, «Қазақстан Конституциясы – бұл заңдарда кӛрініс тапқан жалпы ұлттық идея. Ол қазіргі құқықтық ұғымдарда ата-бабаларымыздың кӛптеген ұрпақтарының бостандық және ӛз тағдырын басқару мүмкіндігі туралы, билік барша халықтың мүдделеріне қызмет ететін мемлекет, тәуелсіз, барлық әлемге танымал және құрметке ие ел туралы арман-тілектерін кӛрсетті».
Конституция ережелерін іске асыру елдің қарқынды дамуындағы тұрақтылық пен айқындылық факторы қызметін атқарады. Және Қазақстанда болып жатқан саяси үдерістерге реттеуші ықпал етеді. Осыған байланысты, құқықтық мемлекетті ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаттарының бірі нормативтік актілер жүйесінде Конституцияның үстемдігі, оның тікелей қолданылуы болып табылады.
http://www.enu.kz
Негізгі Заңда құқық тәртібінің үздіксіз қалыптасуы мен дамуы процесінде қолданылып, нақтылануы тиіс құқықтық қатынастың іргелі қағидалары қамтылған. Конституция бүкіл заңнаманың негізі болып табылады.
Конституция құқықтың барлық салаларының дамуы үшін заңды негіз бола отырып, ұлттық заңнаманың қалыптасу процесін бекітеді әрі реттеп отырады, бұл қоғамға саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді. Нәтижесінде тәуелсіздік жылдары ішінде Парламент Конституция негізінде және оның ережелерін дамыту үшін 1860-тан астам заң қабылдады [1].
Осы орайда тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің конституциялық- құқықтық негізіне қатысты мәселені қарастырайық.
1995 жылғы Ата Заңымыздың күнделікті оқып үйрену, оның басты қағидаларымен мұқият танысу, оның әрбір әрпінің астарында аса зор мән- мағына барын кӛрсетеді. Ӛйткені әрбір азаматтың міндеті Ата Заңды және соның негізінде қабылданған Қазақстан Республикасы заңдарын бұлжытпай орындау болып табылады. 1995 жылғы Конституция біздің мемлекетіміздің тарихындағы тұңғыш Ата Заң емес. Қазақстан Республикасы ӛзінің егемен мемлекет ретінде қалыптасуында конституциялық –құқықтық дамудың бірнеше сатыларынан ӛтті. Қазақстан Республикасының соңғы Конституциясына екі рет түзетулер енгізілді: 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда.
Еліміздің Ата Заңының қалыптасуына белсенді түрде үлес қосып, оны негіздеу жұмыстарына жетекшілік жасаған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің конституциялық дамуына қатысты былай деп жазған: «Жалпы таным тәжірибесі және соның ішінде Қазақстанның мемлекеттік – құқықтық дамуы елдің конституциялық қалыптасу тарихынсыз жаңа тәуелсіз мемлекеттің констуционализм теориясы да болмайтындығын үйретеді» [2].
Конституцияға енгізілген ӛзгертулер мен толықтырулар және жаңартылған тұтастай Конституция мемлекеттік механизмді, қоғамдық бір- лестіктерді, бүкіл саяси жүйені, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қағидаларын, бүкіл азаматтық қоғам мен мемлекетті, республиканың құқықтық жүйесін жаңартудың жаңа кезеңінің басталуына негіз қалады.
Конституциялық құқық үш тұрғыда қарастырылады: құқық саласы, ғылым саласы және оқу тәртібі ретінде.
Құқық саласы ретінде конституциялық құқық – бұл қоғам мен мемлекеттің құрылысының негіздерін, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергілікті мемлекеттік және ӛзін-ӛзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.
http://www.enu.kz
Конституциялық құқық саласының пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар ұғынылады. Олай болса, конституциялық құқықтың реттеу пәні болып келесі қоғамдық қатынастар жиынтығы табылады: ҚР конституциялық құрылысының негіздері, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметі, сайлау құқығы мен сайлау жүйесі, әкімшілік-аумақтық құры-лысы, жергілікті мемлекеттік және ӛзін-ӛзі басқару негіздері.
Конституциялық құқықтың ұлттық құқық жүйесінде алатын орны ерекше. Ол жетекші, фундаменттік құқық саласы ретінде анықталады.
Себебі, 1-ден, конституциялық құқық қоғамның барлық салаларына (экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени т.б.) әсер етеді, ал ӛзге құқық салалары тек бір салаға ғана әсер етеді, 2-ден, конституциялық құқық сол салалардың барлық қатынастарын емес, тек негізгі, басты қатынастарын ғана реттеп, бекітеді. Ӛзге құқық салалары болса конституциялық құқық бекіткен қатынастарды басшылыққа ала отырып тиісті саланы толығымен реттеп, нақтылайды. Демек, конституциялық құқық ӛзге құқық салалары үшін негіз болатын нормалар белгілейді.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында елдегі заңдылық тәртіпті және құқықтық жүйенің тұрақтылығын да, сонымен бірге қолданыстағы Конституция шеңберінде ұлттық құқықтың жүйелі дамуын қамтамасыз ететін шаралар туралы айтылған: «Ұлттық құқықтық жүйенің негізі конституциялық құқық болып табылады. Оның қарыштап дамуы 2007 жылғы конституциялық реформа нәтижесінде елеулі түрде жаңарған Қазақстанның қолданыстағы Конституцияның принциптерін (бұл: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, барша халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік ӛмірдің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу) сақтау мен іске асыру елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық және саяси – құқықтық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»[3].
Конституциялық құқық құқықтық ғылымның бір саласы ретінде оқытылады. Конституциялық құқық ғылымы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу және қызмет ету негіздерін, қағидаларын, мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, ҚР мемлекеттік тетігін (механизмін), мемлекеттік органдардың ӛзара қарым-қатынасының нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Мұнымен шектелмей конститу-циялық құқық ғылымы жергілікті мемлекеттік және ӛзін-ӛзі басқару органдары жүйесін де, сайлау жүйесін де зерделеп, саралайды.
Сайлау мен референдум мәселелеріне конституциялық құқық ғылымы демократияның қайнар кӛзі ретінде ерекше назар аударады.
Жеке адамның конституциялық құқықтық жағдайы конституциялық құқық ғылымының ӛзекті ауқымды мәселесі болып табылады.
Конституциялық құқық ғылымында адам мен азаматтың құқықтарын, шетел азаматтарының құқықтық жағдайын, конституциялық нормалардың адам
http://www.enu.kz
құқының халықаралық құқық нормаларымен ӛзара байланысы проблемаларын зерттеуге айрықша назар бӛлінеді.
Зерттеу нәтижесінде конституциялық құқық ғылымы аталмыш мәселелерді жетілдіру, дамыту, тиімділігін кӛтеру жӛнінде ұсыныстар береді.
Конституциялық құқық ғылымы тиісті қоғамдық қатынастарды зерттеп қана қоймай оларды реттейтін нормалардың жай-күйін, кемшін тұстары мен олардың тиімділігін де зерделейді. Зерттеу нәтижесі жаңа құқықтық қатынастардың пайда болуына, ӛзгеруіне немесе жойылуына әсер етуі мүмкін. Конституциялық құқық бүкіл құқық жүйесінің жетекші, фундаменттік саласы болғандықтан жаңа конституциялық-құқықтық қатынастардың, жаңа конституциялық-құқықтық нормалардың пайда болуы басқа құқық салаларына да ӛзгерістер алып келуі ықтимал. Сондықтан конституциялық құқық ғылымы тиісті мәселелерді басқа құқық салаларымен салыстырмалы, байланысты жағдайда зерттейді деп айтуға болады.
Жоғарыда айтқанымыздай зерттеу нәтижесі бойынша ғылым ұсыныстар береді, халық ӛкілдігі ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік-аймақтық бӛлініс нысандары т.б. сияқты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасайды.
Сонымен, жалпы конституциялық реформа Қазақстанды шынайы демократияландыруға қарай жасалған нақты қадам. Еліміздегі заңнманы мемлекеттің құқықтық саясаттының негізгі бағыттарына сәйкес жүйелі дамыту және тиімді пайдалану құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға, адам мен азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін сақтауға, тәуелсіз Қазақстанныңжүйелі дамыту және тиімді пайдалану құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға, адам мен азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін сақтауға, тәуелсіз Қазақстанның серпінді дамуын қамтамасыз етуге, мемлекеттіктің саяси- құқықтық негізін нығайтуға ықпалын ететін болады.
Әдебиеттер тізімі:
1. С. Ақылбай Қоғам. Еңбек. Міндет. //Егемен Қазақстан. 2012 жыл 31 тамыз.
2. Н.Ә.Назарбаев Шынайы конституционализмсіз ашық ӛркениетті қоғам жоқ. //Қазақстан Республикасы конституциясының түсіндірме сӛздігі – Алматы: Жеті Жарғы, 1996 жыл.
3. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы. //Егемен Қазақстан. 2009 жыл, 28 тамыз.