• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ"

Copied!
9
0
0

Teks penuh

(1)

Ф. СЕЙДАХМЕТОВА, Б. ЖУМАТАЕВА, Б. КУНИСОВА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Еліміздің «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында ұлттық мемлекетті қалыптастырудың алғышарттары ретінде экономиканы тұрақтандыру, меншіктік қатынастарды реформалау және толыққанды нарыққа бет бұру, құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты жою мәселелері кӛрсетілген.

Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк- экономикалық жағдай макро- және микроэкономикалық кӛрсеткiштердiң жақсаруымен, индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының iске асыру шегiнде сапалы жаңа кезеңге ӛтуiмен, әлеуметтiк мұқтаждықтарға, кәсiпкерлiктi дамытуға арналған мемлекеттiк шығыстардың ӛсуiмен, халықтың тұрмыс деңгейiнiң артуымен, әлемдiк экономикалық қоғамдастыққа ӛтумен сипатталады. Сәйкесінше бұл факторлар экономикалық қылмыстардың сапалы жағынан ӛзгеруiне ықпалын тигiзіп, нәтижесінде қылмыстық әрекеттердiң жаңа нысандары пайда болса, ал бұрынғылары күрделене түсуде.

Әйтсе де мемлекеттік экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру міндеттерін орындау тек оң факторлармен ғана емес, экономикалық құқық бұзушылықтар секілді теріс құбылыстармен де тығыз байланысты. Соған орай қоғамның ӛркениетті дамуына қайшы құбылыстармен, атап айтқанда жалпы қылмыспен күресудің ескірген әдістерін қайта қараудың, экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу теориясы мен тәжірибесін жаңарту үшін қалыптасқан объективтік жағдайларды пайдаланудың қажеттілігі туындап отыр

Атап айтканда, Қазақстан Республикасы экономикасының катынастарға кӛшуі баға белгілеу, қаржыландыру, несие беру, аумақтық басқару секілді оң экономикалық үрдістермен қатар, экономикадағы қылмыстық істердің, кӛлеңкелі құрылымдардың пайда болуы секілді кері құбылыстардың да белсенділігінің артуына алып келді.

Сонымен бірге шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттары бизнесті жүргізудің жаңа тәртібін, соның ішінде жауапкершілігі

(2)

шектеулі компанияларды құру мүмкіндігін енгізе отырып, қаржылық қызметтерді кӛрсету саласындағы айлакерлік пен

«нарықтық» типтегі ӛзгедей экономикалық қылмыстарға да құшағын айқара ашты.

Әсіресе шаруашылық субъектілер азаматтар арасындағы қаржылық операциялардың кӛлемінің ұлғаюы экономикалық қылмыстардың тез ӛркен жайған «индустрияға» айналуына ықпал етіп, ал олардың басты мақсаты бизнестің заңға қайшы әдістерінің нақты бір нысанын пайдалану арқылы пайда табуды кӛздеу болды.

Мұның барлығы кез келген қоғам үшін қауіпті құбылыс, ӛйткені ол ӛз кезегінде тӛмендегі мәселелердің туындауына ықпал ететіні белгілі:

- біріншіден, егер мемлекеттік бюджетке қаражаттар жеткілікті мӛлшерде түспесе, онда мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру кӛлемі қысқарады;

- екіншіден, нарықтық бәсекелестік тұрғысынан заңды бұзушы тұлғалар заңды бұлжытпай орындайтын тӛлеушілерге қарағанда ӛте пайдалы жағдайда бола отырып, ӛзге субъектілерді ӛз іс әрекеттерімен арандатады;

үшіншіден, экономикалық қылмыстардың кең таралуы бюджеттің кіріс бӛлігінің дефицитіне әкеліп, үкіметті жаңа салықтар мен алымдарды енгізу немесе қолданыстағы салықтардың ставкасын кӛтеру арқылы қаражаттардың жетіспеушілігінің орнын толтыруға мәжбүр етеді.

Олай болса, «экономикалық құқық бұзушылық» ұғымының мәнін экономикалық қылмыстардың алдын алу шараларын қабылдау мақсатында тереңірек зерттеген орынды.

Экономикалық қылмыс түсінігі және оның экономика саласындағы қылмыстар, шаруашылық қылмыстары ұғымдарымен қарым қатынасы соңғы уақытта жан-жақты талқылануда. Алайда осы мәселе бойынша заң әдебиеттерінде, оқымыстылар арасында ортақ пікірлер жоқтың қасы.

«Бюджетке тӛленетін салықтар және басқа да міндетті тӛлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексі ҚР заң актілерінде қаралған шарттарды бұзғаны үшін жауапкершілік жүктейді. Бірақ «заңды бұзу» ұғымына ешқандай түсіндірме бермейді. Тек «Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің» 28-бабында «Әкімшілік құқық бұзушылық ретінде жеке немесе заңды тұлғаның заңға қайшы, кінәлі

(3)

(қасақана және байқамай) әрекет жасауы, не қандай да бір іс әрекет жасамауы жатады» делінген[1].

В.М. Есипов, «экономикалық қылмыстар ретінде материалдық игіліктерді ӛндіру, бӛлу, айырбастау және тұтыну саласында криминалдық әдістердің кӛмегімен немесе тікелей сол әдістер арқылы жүзеге асырылатын барлық экономикалық қызметтерді түсіндіреді»[2]. Басқаша сӛзбен айтқанда, оның пікірінше, бұл экономикалық қарым қатынастардың криминалды нысанда кӛрініс табатын ерекше түрі.

Бірқатар Ресей ғалымдары экономикалық қылмыстар құзырлы немесе басқадай тұлғалардың экономикалық қызметті жүргізудің қылмыстық заңмен қаралған қалыпты ережесін қасақана бұзу арқылы экономикалық мүддеге қол сұғуы деп түсіндіреді[3].

Г.Д. Тіленшиеваның пікірі бойынша, «Экономикалық қылмыстар – бұл қылмыстық заңмен қарастырылған, республиканың экономикалық жүйесіне қол сұғатын, шаруашылық субъектілері арасында экономикалық, ұйымдастыру және бӛлу функцияларын атқаратын тұлғалармен жасалатын криминологиялық тұрғыдан бірыңғай болып келетін, қоғамға қауіпті іс әрекеттер»[4].

Жоғарыдағы пікірлерді қорыта келе, біздің ойымызша, экономикалық қылмыстар қолданыстағы заңға сәйкес құрылған

«экономикалық қызмет» шеңберінде табыстар мен шығыстарды заңсыз бӛлу арқылы жеке пайданы кӛздеу мақсатымен жүзеге асырылады. Ол табыс табуды реттейтін жалпыға бірдей міндетті ережеге мойынсұнбай, мемлекеттің табыстарды бӛлуге қатысу құқығын шектейді. Басқаша айтқанда, ол ӛнім ӛндіру және ӛткізу қызметінің бүкіл шеңберін қамтиды әрі жеке пайда кӛру мақсатымен жүзеге асырылады және нормативтік құжаттарда тіркелмеген, есепке алынбаған, заңға қайшы «экономикалық қызмет» түрлерінің жиынтығын білдіреді.

Құқық бұзушылық үрдісінде пайда болатын экономикалық қатынастардың ең кӛп тараған ортақ белгісі – бұл олардың бақыланбайтындығы. Олай болса осы бақыланбайтын экономикалық қатынастарды салаларға жіктей отырып кӛрсетейік.

Біріншіден, есеп пен бақылаудан жасырылған экономикалық қызмет (заңды сектордағы операциялар). Екіншіден, жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілік қарастырылған экономикалық қызмет.

Үшіншіден, нақты алғанда ешқандай бақыланбайтын экономикалық

(4)

қызмет (бейформальды). Төртіншіден, бақылаудан жалтару үшін арнайы операциялар жасалынбайтын экономикалық қызмет. Яғни олар бақылау және құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай шаралардың қолданылмайтындығын ескереді.

Осымен бір мезгілде экономикалық қылмыстар құрылымының сапалық жағынан ӛзгеретіндігін, қылмысты істердің жаңа әрі соғұрлым күрделі түрлерінің пайда болатындығын да болжап күту керек. Осының бәрі мемлекеттік органдардан қаржылық құқық бұзушылықтардың санын және жаңадан пайда болу мүмкіндігін қысқартуға бағытталған экономикалық, заңдық және тергеу шараларын ӛзара тығыз байланыстыра отырып жүзеге асыруды талап етеді.

Жүзеге асырылатын шаралар экономикалық қылмыстардың жаңа түрлерінің пайда болуының алдын алуға бағытталуы тиіс.

Бұған әлемдік тәжірибені зерттеу және осы теріс құбылыстармен күресудің заманауи әдістерін енгізу ықпал етеді.

Елімізде экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестi күшейтуге бағытталған бағдарламалар қабылданып, онда адал кәсiпкерлiктi дамыту, салық, кеден тӛлемдерiн жинау және бәсекелес ортаны жақсарту үшін нормативтiк құқықтық, әдiстемелiк және ақпараттық базаны жетiлдiру, экономикалық құқық бұзушылықтарға, кӛлеңкелi экономикаға, сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру шаралары қаралған[4].

Экономикалық құқық бұзушылықтарды әшкерелеу және алдын алу жұмыстарымен айналысатын ҚР мемлекеттік құрылымдары мен құқық қорғау органдарымен (Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), Ішкі істер министрлігінің органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, кедендік бақылау комитеті) тіркелген экономикалық қылмыстардың үлесі 1-суретте берілген.

(5)

1 cурет –Тіркелген экономикалық құқық бұзушылықтардың құқық қорғау органдары бойынша үлесі

1-суретке назар аудара отырып, тіркелген экономикалық қылмыстардың басым бӛлігі (76) экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (ЭКҚКА) келетінін байқаймыз.

Жалпы, бұл органдардың міндеттері экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы тиiмдi iс-қимыл жасау, адал кәсiпкерлiктi дамыту және бәсекелес ортаны жақсарту арқылы экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жӛнiндегi шаралар жүйесiн одан әрi қалыптастыру болып табылады.

Экономикалық құқық бұзушылықтармен күрес қазiргi кезеңде құқық қорғау және бақылаушы органдардың маңызды мiндеттерi болып табылады. Алайда, бiр ғана қылмыстық-құқықтық және әкiмшiлiк шаралармен бұл құбылыстарға қарсы тұру мүмкiн емес.

Ӛзара байланысқан экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, насихаттау және басқа да мiндеттердi кешендi iске асыру қажет.

Қазiргi кезде экономикалық құқық бұзушылықтарды анықтаудың ең тиiмді жолы мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкiндiктерiн қолдану негізiнде жедел-iздестiру қызметiнiң дәстүрлi нысаны мен талдаулық іздестiрулердiң үйлесiмi болмақ. Түрлi мәлiметтер базасының (құқық қорғау, салықтық, кедендiк, тiркеуге алушы, лицензия берушi және басқа да мемлекеттік органдар, ақпараттық және жарнамалық агенттiктер) қалыптасуы, олардың мамандандырылған

2%

75%

14%

9%

ҰҚК ЭКҚКА ІІМ КБК

(6)

бағдарламалық ӛнiмдердiң кӛмегiмен ӛңделуi экономиканың кӛлеңкелi секторындағы оқиғалардың дамуын болжауға, жолын кесу және алдын алу мақсатында дайындалатын және жасалатын экономикалық қылмыстардың алғашқы белгiлерiн анықтауға мүмкiндiк бередi[5].

Экономикалық қылмыстың ұлттық қауiпсiздiкке қаупiнiң зор болуына қарамастан, әлi күнге экономиканың әртүрлi саласында экономикалық қауiпсiздiкке тӛнетiн әртүрлi қауiптердiң анықталу белгiсiне бағытталған кешендi ғылыми-зерттеулер жүргiзiлмейдi, экономикалық құқық бұзушылықтарды анықтаудың бiрыңғай үлгiлiк әдiстемелiктерi әзiрленбеген.

Сондықтан экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін кӛрсететін маңызды критерий болып тергеуде жатқан қылмыстық істерді сотқа беру деңгейі табылады.

Экономика саласындағы құқық бұзушылықтардың негiзгi мақсаттары салықтық жүктеменi тӛмендету, бәсекелестiктi шектеу, мемлекеттен жеңiлдiк, артықшылық, айрықша құқықтар алу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық және тиiстi нормативтiк құжаттарды қабылдауды қорғау, тәуекелдi шектеу, заңсыз алынған кiрiстердi заңдастыру, экономикалық игiлiкке құқықты заңсыз иемдену және салық тӛлеуден жалтару арқылы жүзеге асыру болып табылады.

Сонымен қатар құқық бұзушылар салықтық алымдарды ӛндiрiс тиiмділігiн ұлғайтумен емес, баға саясатымен, салық жүгiн тұтынушыға аудару (үстеме баға түрiнде) және салықтық жеңiлдiктер алуға (әсiресе қосымша құнға салық бойынша) бағыттай отырып ӛтеуге тырысады. Бұл объективтi түрде iшкi рынокқа жұмыс iстейтiн iшкi тұтынушылық сұраныс пен ӛндiрiс ӛсiмiнiң азаюына әкеп соқтырады.

Экономикалық қылмыстар шаруашылық (технологиялық, ӛндiрiстiк, еңбек, маркетингтiк, ӛткiзу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету операциялары, сауда және бiрқатар басқаларды), қаржылық (есептесу, кредиттiк, қорлық, валюталық, сақтандыру), экономикалық қызметтiң бухгалтерлiк, басқарушылық, статистикалық есепке алуды қоса алғанда, барлық операцияларды қамти алады.

Қазiргi кезде кӛлеңкелi экономика қызметiнiң сипаты, кӛлемi және тетiктерi күрт ӛзгердi. Экономикалық мәнi бойынша қоғамдық ӛндiрiстiң бӛлетiн және қайта бӛлетiн жүйелерi болып табылатын қызметтер түрлерiне қатысу айтарлықтай ӛстi.

(7)

Кӛлеңкелi экономика шеңберiнде бiрқатар жағдайлар туындауда. Кiрiстердiң үш негiзгi кӛзi бар - салықты, жасырын бӛлiнетiн ақшаны және демеу қаржыландыруды қоса алғандағы түрлi жеңiлдiктер. Жасырын мемлекеттiк демеу қаржы мен бӛлiнетiн ақша қатарына тарифтердi реттеу жӛнiндегi шараларды қолдану, бағаны мемлекеттiк бақылау, жекелеген салалардың немесе секторлардың инвестициялық қолдауын жатқызу керек.

Аталған барлық шаралар ӛзiнiң экономикалық мәнi бойынша не бюджеттiк қаражаттарды кәсiпкерлердiң бiр тобынан екiншiсiне құюдың, не басқа топтардағы салықтық жүктеменiң ұлғаюы есебiнен салық тӛлеушiлердiң бiр санатының салық салу мӛлшерiн қысқартудың, не меншiк пен капиталды қайта бӛлудiң құралына айналуы мүмкiн.

Экономикалық қылмыстардың ішінде салықтан жалтару, жалған банкроттық, заңсыз кәсіпкерлік секілді қылмыстар кең тараған.

Экономикалық қылмыстардың кең тараған түрлерінің бірі - салықтық құқық бұзушылық, яғни мемлекетпен белгіленген салықтар мен міндетті тӛлемдерді тӛлеуден біле тұра бас тартуды білдіретін және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын іс-әрекет.

«Салықтық құқық бұзушылықтар» ұғымын анықтауда тек жоғарыдағы түсінікпен шектеліп қоймай, оның экономика мен оның салаларының біртұтастығын кӛрсететін күрделі сипаттамасын пайдалану, негізгі даму тенденциясын, қасиеті мен қызметін анықтау керек.

Салықтық құқық бұзушылықтарға салық жүйесіне тікелей қатысты құқық бұзушылықтар жатады. Салықтық қатынастарға жанама ықпал ететін, бірақ ауқымды кең құрамалы бұрмалаушылықтар салықтық құқық бұзушылықтарға жатпайды.

Мәселен лауазымды тұлға салық тӛлеушіге салықтық жеңілдік құқығын беретін құжатты заңсыз берсе, мұндай тұлғаның іс әрекеті салықтық емес лауазымдық құқық бұзушылық деп қаралуы тиіс.

Керісінше, салық тӛлеушінің салықты тӛлеуден босану үшін жасаған заңсыз әрекеттері қылмыстық іс (айлакерлік, т.б.) емес, тиісінше салықтық құқық бұзушылық ретінде жіктелуі керек.

Салықтық құқық бұзушылықтардың кӛпшілігі есеп жүйесіне тікелей қатысты. Оған кестеде берілген салықтық бұрмалаушылықтар мен олардың пайда болу кӛздері арқылы кӛз жеткізуге болады.

(8)

Салықтық құқық бұзушылықтар мен олардың пайда болу түрлері

Салықтық құқық бұзушылықтар

Пайда болу белгілері Жеке және заңды

тұлғалардың ресми

және шынайы

табыстары арасындағы едәуір мӛлшердегі айырмашылық

үлкен кӛлемде валюталық құндылықтарды, жылжымайтын мүліктерді, автомобильдерді, қымбат қызметтерді сатып алу;

жекелеген азаматтардың тұтыну шығыстары мен декларацияда кӛрсеткен табыстарының арасындағы едәуір дәрежедегі айырмашылық;

Тұрғын халықтың орналасқан

жұмыстарын жасыруы

салық органдарында тіркелмеген жұмыскерлердің болуы;заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтардың болуы;

Банктен тыс

айналымдағы нақты ақша қаражаттары кӛлемінің ұлғаюы

басқа кәсіпорындармен есеп айырысуда «жалған қаражатты» пайдалану;

еңбекақыны тӛлеу кезіндегі жасырын тӛлемдер;

Тӛлем қабілетсіздігі дағдарысының асқынуы

ұйымның басқа субъектімен коммерциялық қызмет шеңберінде есеп айырысуға қабілетсіздігі немесе қаламауы;

бартерлік операцияларды жүзеге асыру;

заттай тӛлем немесе бюджетпен есеп айырысудағы ӛзара есеп айырысулар;

Салықты жинаудың тӛмендігі

маусымдық түсімдердің ӛсуіне тәуелсіз;

салықтық бересінің жылдан жылға кӛбеюі;

Шет елге заңсыз әкетілген капитал кӛлемінің ӛсуі

шетел банктерінен есеп шот ашу;

шет елден компаниялар мен бағалы қағаздарды сатып алу;

оффшорлы аумақта орналасқан фирмалармен сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыру;

ӛз мүддесі үшін салықтық жеңілдіктер жүйесін қолдану

Ескерту – кесте арнайы әдебиетер негізінде жасалған[7].

Экономикалық қылмыстарды жасау барысында қаржылық есептіліктерді дайындау кезінде сақталуы тиіс бухгалтерлік есептің жалпы қағидалары мен тәртібі бұзылады. Бұл ӛз кезегінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілердің, мемлекеттің және ӛзгедей тұлғалардың мүдделерінің тоғыспауына әкеліп соғады.

Салық тӛлеушілердің салықтық міндеттерін толық орындауы оларға салықтық қылмыстары үшін жауапкершілікті белгілеумен ғана емес, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға

(9)

бағытталған шаралар жүйесімен де кепілдендіріледі. Аталмыш шаралар жүйесіне банктік есеп шоттарды ашу туралы арнайы талаптар, қолма-қол ақшаларды пайдалануды шектеу, салықты тӛлегенге дейін нақты бір заңдық мәні бар әрекеттерді орындауға тыйым салу, табыстар туралы қосымша декларацияны ұсыну міндеттерін белгілеу және т.б. Осы міндеттердің әрбір тұлғалармен орындалуы да жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілуі тиіс:

салық тӛлеушіге заңсыз есепшот ашу;

заңсыз есеп айырысулар;

касса тәртібін бұзу;

салық тӛлеуші туралы ақпаратты ӛз мезгілінде бермеу;

салық тӛлеуші туралы ақпаратты беруден жалтару;

салық органының салықты есептеуіне қажетті ақпаратты ӛз мезгілінде ұсынбау;

салық органының салықты есептеуіне қажетті ақпаратты ұсынудан жалтару;

құжаттарды заңсыз беру.

Қорыта келгенде, салық салудан жалтару бюджетке қаражаттардың толық түспей, бюджет дефицитінің туындауына ықпал етеді. Оның тағы бір қауіптілігі, адал салық тӛлеушіге қарағанда салық тӛлемеуші пайдалы жағдайда қалып, нарықтық бәсеке негіздерін бұзатындығында. Сонымен қатар салық салудан жалтару басқа салық түрін енгізу немесе салық ставкасын кӛтеруге әкеледі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1 ҚР 30.01. 2001 жылғы № 155-II «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы»

Заңы (кодексі) («19.12.2007 жылғы ӛзгерістерімен толықтыруларымен қоса) //Анықтамалық-құқықтық жүйе ЮРИСТ 4.1

2 Есипов В.М. Коррупция в России: состояние и проблемы //Материалы научно-практической конференции .М.: 2006.- с.66

3 Петров Э.И., Марченко Р.Н. Криминологическая характеристика ипредупреждение экономических преступлении. М.: 2005

4 Тлиенчиева Г.Д. Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане. – Алматы, 2000.- с. 33

5 23.12.2007 жылғы №1648 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»

Мемлекеттік бағдарламасы //Анықтамалық-құқықтық жүйе ЮРИСТ 4.1

6 Экономикалық қылмыстар статистикасы //Қаржы полициясы Академиясының 2002-2006ж талдау материалдары. – Астана. - 2007

7 Кучеров И. Налоги и криминал.- М.: 2000- 350с

Referensi

Dokumen terkait

Ежелгі патогендік микроорганизмдердің пайда болуын талдау және халықтың көші-қоны мен аурулары арасындағы байланыстарды орнату үшін ДНҚ-археологиялық үлгілерді толық секвенирлеу

Бұл зерттеудің мақсаты - оқытуда АКТ-ны қолдану нәтижесінде пайда болған педагогика, психология әдістемелері мен теорияларындағы өзгерістерді анықтау және киберпедагогиканы педагогика