Манақбаева Айгерім Бөкейханқызы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Әлеуметтану кафедрасының магистранты
Қазақстан қоғамындағы адами капитал мәселесі
ХХІ ғасырдағы адами дамудың жаңа бағытын айқындайтын, қоғамдық прогрестің маңызды интеллектуалды факторы болып табылатын адам капиталын қалыптастыру – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауындағы нақтыланған Қазақстан қоғамын әлеуметтік модернизациялаудың басымдығы болып табылады.
Адами капиталды қалыптастыру халықтың ӛмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға инвестиция салумен тікелей байланысты. Инвестициялар қоғамның әлеуметтік құрылымының барлық элементтеріне бірдей әсер етіп, одан әрі дамуына жағдай жасайды. Олар мемлекеттік бюджет, әртүрлі қорлар, арнайы салымдар арқылы дамыған инфрақұрылымды жасап, еңбекақының, кірістің ӛсуіне, білімнің тереңдеп, денсаулықтың жақсаруына, сӛйтіп қазіргі жаһандану процесіне ілесе алатындай бәсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Адам капиталына инвестиция жасау, басқа инвестициялар тәрізді адамның аз мӛлшерде қаржы жұмсап, оны болашақта кӛп мӛлшерде ӛндіріп алуды кӛздейді. Демек, бүгінгі күні қоғам адам капиталына қаншалықты кӛп салым салса, болашақта соншалықты табысқа, тұрақтылыққа, белсенді дамуға ие болады. Ол салымдардың негізгі түрлері ретінде жоғары аталған білім, ӛндірістік даярлық, денсаулық сақтау, кӛші-қон, еңбек нарығында ақпарат іздеу, балалардың туылуы және тәрбиесі саналады. Білім мен ӛндірістегі тәжірибе адам капиталының кӛлемін ұлғайтады, денсаулық сақтау оның
«қызметінің» мерзімін ұзартады, кӛші-қон және еңбек нарығындағы ақпарат іздеу оның қызмет кӛрсетуінің бағасын кӛтереді, ал балалардың туылуы мен тәрбиесі оны келесі ұрпақта ӛндіреді.
Қазақстан қоғамындағы адами капиталдың сандық және сапалық сипаттамалары және адам капиталын қолдану тиімділігін жүйелі ғылыми талдау – бүгінгі күннің ӛзекті мәселесі. Адами капиталды жинақтау процесінің теориялық және практикалық мәні сонымен қатар, оның экономикаға, жалпы қоғамға әсері теориялық сипатта толық зерттелмеуі бізге ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға негіз болды.
«Адами капитал» термині мемлекет экономикасының сапалық аспектісін анықтайды. 1979 жылы Нобель сыйлығын алған ғалым, батыс экономисі Теодор Шульц әлсіз дамушы елдердің қиын жағдайын зерттей отырып, кедей адамдардың молшылық жағдайын жақсартуы жерге, техникаға емес, білімге байланысты деген қорытынды жасады. Ол «барлық адами қабілеттер туа біткен немесе қол жеткен болып табылады. Әрбір адам туа біткен қабілеттерін анықтайтын жеке гендерлік кешенмен дүниеге келеді. Адамның жинақтаған құнды қасиеттерін адами капитал деп атаймыз» деген анықтаманы ұсынды [1].
Адами капитал теориясының жақтаушылары мұны тар және кең ракурсте қарастырады. Тар мағынада капиталдың формаларының бірі білім болып табылады. Адами деп аталу себебі осы формада адами болмысы кӛрініс табады, болашақ табыстардың немесе жетістіктердің кӛзі болып табылғандықтан капитал ретінде саналады. Кең мағынада адами капитал инвестициялар негізінде құрылады, яғни білім, жұмыс күшін дайындау, денсаулық сақтау, кӛші-қон және басқаларға шығын түріндегі ұзақ мерзімдік салымдар жұмсалады.
Негізінде, «адами даму» ұғымы кең мағынада адам дамуының, оның денсаулық жағдайынан бастап, экономикалық және саяси еркіндік дәрежесіне дейінгі барлық аспектілерін қамтиды. Адами даму қоғамның мақсаты ретінде адамды лайықты ӛмірмен қамтамасыз етуге бағытталған, демек, сапалы білімге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік жеңілдіктерге, қоғам ӛміріне белсене қатысуға, басқа рухани және материалдық игіліктерге деген кең қолжетімділікті қамтамасыз ету деген сӛз.
1990 жылдан бастап БҰҰ Баяндамасында адам дамуын ӛлшеудің жаңа құралы «Адам әлеуетінің дамуының индексі» қолданыла бастады. Адам дамуының индексі – зерттеліп отырған аумақтың адами әлеуетінің негізгі сипаттамалары ретінде ӛмір сүру деңгейін, сауаттылығын, білімділігін және ӛмір сүру ұзақтығын ӛлшеу мен еларалық салыстыру үшін қарастырылатын интегралдық кӛрсеткіш. Бұл индекс жыл сайын әлем елдері бойынша есептеліп, адами дамудың негізгі компоненттері болып табылатын үш индекстің орташа арифметикалық кӛрсеткішін құрайды:
1. Күтілетін ӛмір сүру ұзақтығы;
2. Ел халқының сауаттылық деңгейі;
3. Жан басына шаққанда Жалпы ішкі ӛніммен ӛлшенетін ӛмір сүру деңгейі.
Енді, аталған сапалар бойынша Қазақстан жағдайындағы үрдістерді сипаттап кӛрейік. Қазақстан адам әлеуетінің дамуының индексі бойынша 169 елдің ішінен Ресейден (65-орын) кейінгі 66-орынға ие.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуында мемлекеттік саясат қарқынды іске асырылуда. Әр жыл сайын Елбасы ӛзінің халыққа жолдауында халықтың адами әлеуетін дамыту қажеттігін ескеріп, осы мәселелерді жіті қадағалап отыруды талап етеді. Елде халықтың орташа ӛмір сүру ұзақтығы 2010 жылғы статистикалық мәлімет бойынша – 68,4 жас, оның ішінде әйелдер – 73,3 жасты, ал ерлер – 63,5 жасты құрайды.
Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі халықтың кедейлік, жұмыссыздық деңгейін қысқарту бойынша шараларды іске асыру болып табылуда. ҚР Статистика Агенттігінің 2011 жылғы мәліметтері бойынша елде жұмыссыздық деңгейі 5,8% құрайды. Ал халықтың орташа жалақысы - 93 160 теңгені құрайды. Дегенмен, әр облыста бұл кӛрсеткіш әртүрлі. Мысалы, Астанада -133808 теңге [2].
Елімізде сауаттылық деңгейі жоғары кӛрсеткіштерге ие екені белгілі.
Халықтың 99,5 пайызы сауатты, осы кӛрсеткіш бойынша Қазақстан 177 елдің ішінен 14-орынды алады [5].
Халықтың білім деңгейі
1999 жылы 2009 жылы
мың адам 1000 адамға мың адам 1000 адамға 15 жас және одан үлкен
жастағы халық 1 351,0 126 2 407,5 198
соның ішінде: 183,2 17 380,0 31
Жоғары 2 394,4 224 3 039,9 250
Аяқталмаған жоғары 3 915,2 366 4 074,0 335
Орташа арнаулы 1 919, 9 180 1 621,5 133
Жалпы орта 796, 5 74 594,5 49
Негізгі орта 1 351,0 126 2 407,5 198
Бастауыш 183,2 17 380,0 31
Мемлекеттің басты құндылығы – адамдар болатыны себепті, оның басты міндеті де сол ӛз азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту екені белгілі.
Қазақстан Республикасы ӛз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ осы басты қағиданы жіті назарда ұстап келеді. Ел экономикасының нақты мүмкіндіктеріне қарай, халыққа әлеуметтік қамқорлықтың деңгейі әр кезеңде әртүрлі жағдайда болғаны рас. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл мәселе аса күрделі болғаны белгілі. Соңғы он жылда мемлекеттің адам капиталының даму дәрежесін кӛрсететін білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларына кӛп қаржы жұмсап, бұл бағыттардың дамуына ерекше мән беруі байқалады.
Әлеуметтік дамудың қазіргі теорияларында социомәдени динамиканың маңызды ресурсын құрушы фактор ретінде білімге ерекше назар аударады.
Қоғамда болып жатырған әлеуметтік-демографиялық процестерді сипаттауда демограф-ғалымдар «халықтың сапасы» ұғымын жиі қолданады.
Халықтың денсаулығы, кәсіби құрылымы сипаттамаларымен қатар, халықтың білім деңгейі де маңызды сапа болып табылады. Қазақстан халқы БҰҰ Даму Бағдарламасына сәйкес, сауаттылық деңгейі бойынша 14-орынға ие болды.
Демографиялық, интеллектуалдық ресурс тек сандық қана емес, сондай-ақ сапалық параметрлермен де анықталады. Кез келген қоғамдық жүйенің басты байлығы – адами капитал. Ол - елдің, қоғамның мықтылығын анықтайтын қазіргі кезеңдегі негізгі факторлардың бірі.
Адами капиталдың құрылуы мен дамуы тұрақты қоғамды құрудың негізгі элементі болып табылады. Әрбір адамның іс-әрекетінде Г.Беккер бойынша, экономикалық мән жатады [3]. Ал кез келген іс-әрекет бірінші кезекте еңбек ресурстарының негізінде құрылады. Мұның себептері мынада:
демографиялық ахуал, адами капиталды пайдалану жағдайы кӛбінесе елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының жағдайы мен перспективаларына әсер етеді.
Кез келген қоғамдық жүйеде адамның еңбекке деген табиғи және игерген қабілеттерін жетілдіру еңбек ӛнімділігінің жоғарылауымен, шығарылатын ӛнімнің сапасының жақсаруымен, сонымен қатар қоғамдық ӛндірістің кеңеюімен түсіндіріледі. Адамның денсаулығының нығаюы, кәсіби және шығармашылық әлеуетінің, мәдениетінің жетілуі ел дамуының кешенді резервін, қоғам гүлденуінің және мемлекет тұрақтылығының сенімді негізін кӛрсетеді. Сол себепті адами капитал мәселесін зерттеу үлкен мәнге ие болып отыр.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, еңбек ӛнімділігінің тиімділігі, еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сапасы бірнеше маңызды фактормен байланысты, оның ішінде негізгі формаларының бірі ресми білім, біліктілік болып табылатын индивидтерге тән білімдер, қабілеттер, ерекшеліктер жиынтығы - адами капиталмен анықталады. Осылайша, адами капитал түсінігі білімнің ресурс (ӛзіндік адами капитал) және жүйе (оның жинақталуы) ретіндегі екі анықтамасына сілтейді [4]. Осы арқылы адами капитал ұғымы білімді зерттеудің экономикалық және әлеуметтанулық ыңғайларын бірлестікте қарастыруға мүмкіндік береді. Біріншісі (экономикалық) білімді жұмыс күшінің сапасы мен еңбек ӛнімділігін арттыру арқылы экономикалық ӛркендеудің кӛзі ретінде қарастырады және оны экономикалық тиімділік позициясынан бағалайды. Екіншісінің (әлеуметтанулық) назарында қоғамдағы индивидтің әлеуметтенуі, мәдени және адамгершілік құндылықтарды игерудегі білімнің рӛлі, сондай-ақ әлеуметтік теңсіздік проблемасы, әлеуметтік мобилдік мәселелері қарастырылады.
Адами капиталдың жинақталу тәжірибесі әлемдік әлеуметтік- экономикалық жүйеде ауқымды статистикалық материалдарға, отандық, шетелдік зерттеулерге, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың ресми басылымдарына негізделеді. Адами капиталдың құрылымын анықтау және оның динамикасына әсер ететін факторларды айқындау маңызды. Дамудың негізгі факторлары ғылыми және инновациялық қызмет, білім, денсаулық сақтау, кәсіби және шығармашылық әлеуетті жоғарылату, ақпараттық технологиялар болып табылады.
Адами капитал – әр кезеңде ӛзгеріс жағдайында болатын күрделі, жылжымалы құрылым. Әсіресе ірі ӛзгерістер соңғы ғасыр ширегінде болды.
Ӛндіргіш күштердің интернационализация, жаһандану үдерісі жаңа деңгейге жетті. Қоғамдағы барлық ӛзгерістердің негізі мен алғышарты шығармашылық еңбекке қабілеті бар, белгілі бір құндылық тасушысы, адам, қызметкер болып табылады.
Экономикалық теориялар шеңберінде адами капиталдың ұдайы ӛндірісіне себепші болатын факторлар индивидтің, оның отбасының материалдық ресурстарымен анықталатын қабілеттері мен мүмкіндіктері болып табылады.
Ал бұл адами капиталдың ұдайы ӛндірісі мәселесіне деген әлеуметтанулық
әдістің зерттеу аясы кеңірек. Әлеуметтанулық әдістер бойынша адами капиталдың ұдайы ӛндірісі мынадай факторларға байланысты: біріншіден, адамдардың білімге деген қолжетімділігінің тең болмауы, білім алушының тұрғылықты мекені, қаржылық капитал; екіншіден, адамдардың қабілеттері, генетикалық факторлар; үшіншіден, гендер, этникалық және ата-анасының адами капиталы, отбасының әлеуметтік-мәдени капиталы сияқты әлеуметтік факторлар.
Сонымен, адами капитал дегеніміз:
интеллект
білім
қабілет
денсаулық
ӛндірістік және сапалы еңбек
ӛмір сапасы, басқалар.
Адам капиталының құрылымы: тәрбие, білім, денсаулық, ғылым, жеке қауіпсіздік, кәсіпкерлік қабілет, элитаны даярлауға инвестиция, ақпараттық қызмет және басқалар.
Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, кӛңіл- күйлеріне байланысты. Мемлекеттің бюджетінің үштен бір бӛлігін әлеуметтік салаға жұмсау - жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік векторы бар экономиканы қалыптастыруға жағдай жасағанының нәтижесі.
Адами капиталды қалыптастыру, басқару және бағалау жүйелі міндет болғандықтан, оның шешіміне қазіргі заманда мемлекеттің саясатының барлық элементтері бағыну керек: қаржылық, инвестициялық, несиелік, салық, әлеуметтік, білім беру, экологиялық. Міне, осы элементтердің барлығы қоғам дамуына тікелей әсер етеді. Қазақстан қоғамында адами капитал ӛзекті мәселе, білімнің адамның интеллектуалдық, зияткерлік тұрғыда дамуына ықпалы зор. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі қарсаңындағы адами капиталдың ұдайы ӛндірісі қоғам үшін аса маңызды.
Сол себепті, әлі де теориялық тұрғыда ғылыми-жүйелі талдауды, практикада қолданбалы, эмпириялық зерттеулерді талап етеді.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Shultz T. Human capital in the international Encyclopedia of the Social Sciences. N.Y. , 1968, vol. 6.
2. Алдын ала деректер 2010. Статистикалық жинақ//Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі. – Астана, 2011.
3. Беккер Г. Экономический анализ и человеческое поведение. Теория и история экономических и социальных институтов и систем. Том 1, вып.1, «Зима», 1993.
4. Синявская О.В. Основные факторы воспроизводства человеческого капитала//Экономическая социология. Том 2, № 1, 2001. С.78-82.
www.ecsoc.msses.ru.
5. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Талдамалы есеп// ҚР Статистика Агенттігі. – Астана, 2011.
Резюме
ФИО: Манақбаева Айгерім Бӛкейханқызы
Место учебы: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, магистрант кафедры социологии
Адрес: г.Астана, мкн.Аль-Фараби 79
Контакты: +7 701 233 04 09, [email protected] Дата рождения: 09.10.1989 г.р.
Форма участия в конференции: Заочное
Резюме
Аты-жӛні: Манақбаева Айгерім Бӛкейханқызы
Оқу орны: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,
Әлеуметтану кафедрасының магистранты Мекен-жай: Астана қ., мкн.Аль-Фараби 79
Байланыс: +7 701 233 04 09, [email protected] Туылған жылы: 09.10.1989 г.р.
Конференцияға қатысу формасы: Заочное