• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАПОН ӘЙЕЛДЕРІНІҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАПОН ӘЙЕЛДЕРІНІҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

200

Л.Д. НУРСЕИТОВА

ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАПОН ӘЙЕЛДЕРІНІҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ Many scholars suggested that the development of society 21ST century would be accelerated. The interest of the women in labor market policy, their seeking of more independence and doing business can confirm that assumption. Now days the Japanese women leave their old place in their family and appear on public stage as an independent force of global civilization.

The women role in modern Japanese society, carried out in a conditions of traditional and cultural globalization. Female factor persistently breaks into the modern world view. The role of Japanese women is a major challenge in terms of the dynamics of socio-economic and political development of Japanese society in the XXI century. This article discusses the changes and developments of the role of women in modern Japanese society.

Жапон әйелдері «ер адам билік етіп басқаратын» қоғамдық қатынаста өмір сүруде. Ер адамның басқаруы әрбір шығыс еліне тән құбылыстардың бірі.

Жапон қоғамында болған шешуші өзгерістердің нәтижесінде әйелдердің саяси-әлеуметтік белсенділіктері арта бастады.

Жапон мемлекеті сияқты дәстүршілдік қоғам, әйелдер мен ерлердің рөлін анық бөлген. Ахуалдың әртүрлілігіне қарамастан әйел адам қоғамда әрқашан екінші орынға ие болған.

Қоғамның әйел адамға деген қатынасынан, қоғамда қандай орын алатынына байланысты, сол қоғам туралы сипат беруге болады, өйткені әйелдердің жағдайы лакмус қағазы сияқты қоғам өркениетінің нақты дәрежесін айқындайды. Сонымен қатар қоғам мүшелерінің адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, теңдік принцип ұстанымдарын мүлтіксіз қамтиды.

Қазіргі таңда жапон әйелдері қоғамдық, саяси-әлеуметтік ұстанымдарын, қызметтегі, отбасындағы рөлдерін күшейтуде. Жапон әйелдерінің теңдікке күрес жолы, дербес әйелдерге айналуы дәстүршілдік қоғамда іске асып келуде. Дәстүрлі құндылықтар әрбір жапон әйелі үшін өмірінің маңызды құндылықтары болып табылады.

Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған жапон еліне американың окупациялық саясаты қатты әсерін тигізді. Күн шығыс елінің дамуы, Американың жүргізген реформаларына байланысты болды. «Вакан - есай», «Жапон рухы және батыс техникасы» деп аталатын ұран мемлекеттің саяси – эконимикалық дамуына ықпал етті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапон

мемлекеті жаңа конституциясын қабылдады. Жаңа конституция бойынша жапон әйелдері сайлауға қатысуға, сайлануға құқылы болды. Осы кезеңнен бастап жапон қоғамының дамуына батыс біршама әсерін тигізе бастады [1, 148].

Жапон мемлекетінің 1947 ж. 3 мамыр айында қабылдаған жаңа конституциясы және азаматтық кодексі әйел адам және ер адамды саяси, экономикалық, әлеуметтік, сонымен қатар отбасы қатынасында тең құқықпен қамтамасыз етті.

Соғыстан кейін Жапон мемлекетінің дамуына жапон әйелдері де бар күш жігерлерін салды.

Қабылданған жаңа заңдар, жапон әйелдерінің қоғамдағы орнын біршама болсын айқындады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қираған мемлекетті қалпына келтіруді мақсат еткен жапон әйелдері, мемлекеттің дамуына бар күш жігерін салды. Өз мақсаттарын іске асырудың

тиімді жолдары ретінде отбасы мен қызметін бірдей алып жүруді жөн көрді. Бірақ қазіргі таңда қоғамның даму талабына сай әйелдер, қоғамдағы дербестігін дәлелдеп саясатқа да араласуды мақсат етуде.

Жапон елін басқа шығыс елдерімен салыстырып қарастыратын болсақ, көптеген ерекшеліктерге тап боламыз. Мысалы ислам елдерінің әйелдері бетін паранжа мен жауып, келбеті тек күйеуіне ғана мәлім, ал үнді әйелдері келбетін цинанмен жабады, нәтижесінде егерде кім де кім осы елдерге саяхат пен баратын болса, тек ерлер мен ғана жүздесе алады. Ал жапон әйелдері туралы айтатын болсақ,

«паранжа» немесе «цинан» атты дәстүр жапон әйелдеріне беймәлім. Тұрмыс құрған әйел болсада, бөтен адаммен немесе бейтаныс ер адаммен сәйлесе алу мүмкіндігі бар. Бұл жапон әйелдерінің қоғамдық-әлеуметтік өмірінде еркіндік жағдайын көрсетеді. Түрлі дәстүрлі мейрамдарда, шәй рәсімінде жапон әйелдері ерлермен бірдей рөл атқарады [2, 153-154].

Жапон әйелдеріне сырт көзбен немесе шетелдіктің көз қарасымен қарайтын болсақ, әйелдер тек ерлердің қысымында өмір сүріп келе жатқан, әлсіз жандар деп ойлап қалуымыз мүмкін. Бірақ бұл шын мәнісінде олай емес. Басқа Азия және шығыс елдерімен салыстыратын болсақ, шын мәнісінде жапон әйелдерінің құқығы басым болып келген. Жапон әйелдеріне баланың тәрбиесі, білімі, жалпы Split by PDF Splitter

(2)

№ 3 (88) 2012

201

тағдырын шешу әйел адамның мойнына жүктелген. Сонымен қатар күйеуінің табысын басқару, қандай шығынды қай кезде жасау әйел адамға табысталған. Қазіргі таңда жапон әйелдері нық өз аяғымен тұрып, қоғамдық істерге белсене қатысуда. Еуропа әйелдерімен салыстырғанда, жапон әйелдері күйеулерімен дипломатиялық қарым-қатынас құру арқылы және нақты сезімдерін жасыра алу шеберліктері арқылы күйеулерімен қарым-қатынаста көптеген жетістіктерге жетуде. Жапон қоғамында жаһанданудың терең тамыр жайғанына қарамастан, қоғамның тез қарқынмен дамуы әйел адамдарды тәуелсіз, білімді, тәкәппар жандарға айналдырғанымен, жапон әйелдері әлі күнге дейін иіліп күйеуін шығарып салу, қарсалу дәстүрін жалғастырып келуде [3, 47].

Жапон әйелдерінің қазіргі таңдағы жағдайы туралы қарастыратын болсақ, қазіргі таңда жапон әйелдері туралы ерекше көз қарастар қалыптасқан. Өткен заманның әйелдері үнемі күйеуінің айтқанына көнетін, айтқанын бұлжытпай орындайтын, нәзік, әрі әлсіз жандар болған деп есептейді.

Қоғамның даму талабына сай, жапон әйелдерін де осы заманның әйелдерімен салыстыруға болмайды.

Жаңа конституция бойынша әйел адам және ер адам теңдігі заң жүзінде бекітілген. Әсіресе теңдік білім жүйесінде айқындалды, өйткені қабылданған жаңа заңнамалардың нәтижесінде әйел адам және ер адам тең дәрежеде білім алуға құқылы болды.

Жапон әйел образының өзгеруі, жалпы өткен заман құндылығының өзгеріске ұшырауы, сонымен қатар тұрмыс тіршілігінің өзгеруі, жапон қоғамына, саясатына, әрі экономикалық дамуына қатты ықпал ете бастады. Әсіресе, қазіргі таңда әйел адамның ұстанымына үлкен әсерін тигізуде. Өткен заман дәстүрі бойынша ер адам қоғамды басқарушы, жалғыз лидер болып есептелді, сондықтан да саясаттың, әрі бюджеттің тізгінін тек ер адамдар басқарды. Қазіргі таңда осындай маңызды салаларға әйел адамдар да араласа бастады.

Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, кейінгі 30 жылдың ішінде жапон қоғамында, баяу қарқынды болса да «әйелдер революциясы» өтті. Бірақ ерлер бұл революцияның болғанын аңғармай да қалды дейді. Бұл революцияның нәтижесінде елде туу саны азайды, туу санының азайуы қазіргі таңдағы жапон қоғамының дамуына әсер етуде [4].

Әлемнің дамуы, әрбір қоғамның дамуына ықпал етті деуге болады. Өйткені дәстүрлі қатынасты алға қоятын шығыс әлемінің дамуы да өзгеріске ұшырады. Әрбір заман өтпелі кезеңдерден тұратындықтан, жапон әйелдері де әрбір заманның даму талабына сай өзгеруде. Қазіргі таңда жапон әйелдері өз тұрмысын қалай өткізуін өздері шешеді, нақты айтатын болсақ өз тұрмыс тіршілігіне өздері жауапты.

Жауапкершілік білім жүйесінде қатты байқалады. Білім жүйесі бойынша әрбір жапон азаматы 15 жасқа дейін бастауыш және орта мектепті бітіруі міндетті. 15 жастан кейін әрбір жапон азаматы өз таңдауы бойынша өмір сүреді. Жоғары мектептен кейін жоғары оқу орынға түсетін, немесе жұмыс істеп, содан соң жоғары оқу орынға түсетін әйелдер де бар. Сонымен қатар жоғарғы оқу орынды бітіргеннен кейін, білімін магистратура және доктарантурада жалғастырып жатқан әйелдер де көп.

Өткен заман әйелдері уақытының барлығын үй шаруасына, күйеуіне ақыл, кеңес берумен, жалпы отбасы мәселесімен ғана айналысса, қазіргі таңда жапон әйелдері белсенді түрде қоғамдық істерге қатысуда. Мансабын құруды мақсат ететін, әрі жұмыс істейтін әйелдердің саны жылдан жылға өсуде. Қазіргі таңда әйелдердің 50% астамы еңбек етуде. Жапонияда міндетті білім алу жүйесі орта мектеппен аяқталады. Жаңа көрсеткіш бойынша жоғары мектепті бітіргендердің 97% ерлер, ал 96%

әйелдер құрайды. Екі жылдық жоғарғы оқу орынды бітіретіндердің 14% әйелдер, ал 2% ерлер құрайды.

Кредиттік технология бойынша 4 жылдық бакалавр бағдарламасын бітіргендердің 48% ерлер құраса, 34% әйелдер құрайды. Магистратураға түскендердің 13% ерлер құраса, 6% әйелдер құрайды.

Жоғарғы оқу орында әйелдердің көбісі гуматнитарлық ғылым саласы бойынша бітірсе, ал ер адамдар көбінесе нақты ғылымдарды меңгеруде [5, 13].

Енбек ақы мәселесін қарастыратын болсақ, еңбек ақының 100% тек ерлер ғана алады. Бұл жапон қоғамында әйелдердің наразылығын тудыруда. Бұдан неге деген сүрақ туындайды? Жапон үкіметінің осы мәселеге байланысты жауаптарының бірі. Ер адам отбасы шығынына жауапты болғандықтан, ал әйел адам өзінің психологиялық және экономикалық мүддесін қамтамасыз ету болғанддықтан, жалақы жүйесінде осындай өзгешеліктер бар деп жауап қайтарды [5, 14].

Жапон мемлекетінің қоғамдық қауіпсіздік камитетінің қызметшісі, Жапонияның БҰҰ-ның бас ассамблеясының арнайы өкілі, «Japon Echo» журналының бас редакторы, жапон кабинет министрлігінің әлеуметтік қауіпсіздік кеңесінің басшысы, Мусаси университетінің профессоры, сонымен қатар Кэйо университетінің қадірлі профессоры, Оксфорд және Кембридж университетінің лекторы, Иель университетінің психология маманының докторы Сумико Ивао ханымның «Японская женщина свободнее мужчины» атты мақаласында былай деп жариялаған: «Қазіргі жапон әйел бейнесін, бұрынғы жапон әйел бейнесімен салыстыруға болмайды. Өйткені шыдамды, төзімді, тек Split by PDF Splitter

(3)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

202

үй шаруасымен шектелген жапон әйелі қатты өзгерістерге ұшырады. Әйел адамда қоғамның негізгі, әрі маңызды мүшесі, сонымен қатар өмір сүріп жатқан қоғамы үшін жауапты. Жапон әйелдері қазіргі таңда қоғамда, саясатта және тағы басқа салаларда алға ұмтылуда. Қазіргі заманның негізгі ерекшелігі, жапон әйелдері үшін көптеген мүмкіндіктер ашылды. Осы мүмкіндіктерін алға қойған және іске асырып жатқан жапон әйелдер саны жылдан жылға көбеюде. Қазір Жапон қоғамында тұрмыс құрудан бас тартып және баласыз әйелдер саны көп. Сонымен қатар Сумико ханымның айтуы бойынша кейінгі статистика бойынша жұмыссыз әйелдерге қарағанда, жұмыс істейтін әйелдер балалы болуда. Жұмыс істейтін әйелдер жұмыста немесе қызметінде, отбасында, жалпы әлеуметтік өмірін белсенді өткізуде.

Ивао ханымның айтуы бойынша қазіргі таңда Жапон қоғамында отбасын басқару жүйесі әртүрлі. Бұл жүйе отбасында қаржы табу мәселесімен тығыз байланысты дейді. Егерде, күйеуі және әйелі отбасы қаржысын бірдей дәрежеде тапса, онда отбасын бірдей дәрежеде басқарады. Ал егерде үйге қаржыны ер адам ғана әкелсе, онда үй сатып алу сияқты маңызды шешімдерді ер адам қабылдайды. Егерде белгілі бір жағдаймен үй қаржысын тек әйел адам тапса, онда басқару тізгіні әйелдің қолына өтеді.

[6].Әйел адамдардың ер адамдармен салыстырғанда, өмір жолын тандау мүмкіншіліктері мол. Атадан балаға тарап келе жатқан салт-дәстүрдің ықпалы нәтижесінде, ер адамдар өмірлік жолын қалауы бойынша өмір сүруі мүмкін емес, таңдауы шектелген. Жоғарғы оқу орынды бітірген ер адамды жұмыссыз қалады немесе жұмыссыз болады деп елестете алмайсыз, өйткені бұл адамды қоғам ауру деп ұғынуы мүмкін. Ал, әйел адам оқуын бітіріп, тұрмысқа шығып, жұмыссыз қалса, таңқаларлық құбылыс болып есептелмейді. Сондықтан да жапон қоғамында өмірде әйел адамдардың, ер адамдарға қарағанда мүмкіншіліктері мол деп есептейді, сондықтанда әйелдер өмір жолында әр түрлі жолды тандай алады .

Үйлену, білім алу секілді, адам өміріндегі маңызды жайттарды қарастыратын болсақ, қазіргі таңда жапон қоғамында кеш тұрмыс құратын әйелдердің саны жылдан жылға өсуде.

Демократиялық қатынастардың дамуы және ашық қоғамдық принціптердің таралу кезеңінде дискриминацияның, әсіресе әйелдерге қатысты дискриминациның барлық түрлерін жою қоғам және мәдениеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Демократияның құрылуы, адам құқығын құрметтеу, сонымен қатар барлық адамның заң алдындағы теңдік және әйелдердің азаматтық құқығы қазіргі кезеңде әйелдердің қоғамдағы құқықтық рөлін айқындайды. XX ғ. ортасына дейін адамзат тарихында ерлер қоғамды басқару тізгінін ұстап, барлық билікті, өндірістің маңызды ошақтарын басқарған болатын. Патриархалдық қатынастың терең тамыр жайғанына қарамастан XXІ ғасырда қоғамдық-экономикалық қатынастың тез қарқынмен дамуы, әйелдердің ерлерден қалыспай тең дәрежеде жоғары білім алуы, әйелдер мен ерлер арасындағы тең құқықтық заң жүйесінің орнатылуы, әйелдердің мемлекеттің қоғамдық-экономикалық саясатына белсене қатысуы, жаһандық кезеңде білім мен біліктілігін көрсете білген әйелдерге жаңа кезеңде жаңа мүмкіншіліктер ашылуда.

Қазіргі жапон әйелдері өмірін тұрақты жұмыспен, кіріспен қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарында белсенділіктерін және біліктіліктерін нығайтуда. Мансабында белгілі бір деңгейге жету үшін аянбай білім алып, еңбек етуде. Жапон әйелдерінің қоғамдағы рөлдерінің дамуы нәтижесінде қазір жапон қоғамында кеш тұрмысқа шығатын әйелдер саны көбейіп, туу саны азаюда.

Патриархалдық қатынастың терең тамыр жайғанына қарамастан XXІ ғасырда қоғамдық- экономикалық қатынастың тез қарқынмен дамуы, әйелдердің ерлерден қалыспай тең дәрежеде жоғары білім алуы, әйелдер мен ерлер арасындағы тең құқықтық заң жүйесінің орнатылуы, әйелдердің мемлекеттің қоғамдық-экономикалық саясатына белсене қатысуы, жаһандық кезеңде білім мен біліктілігін көрсете білген әйелдерге жаңа кезеңде жаңа мүмкіншіліктер ашылуда.

Әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуын зерттейтін американың ұлы зерттеушілерінің бірі Р.Петерсон және К.Вермейер бұл феноменді «бүкіл әлем көлемінде өтіп жатқан тыныш революция»

деп атады. Шыныменде қысқа тарихи мерзімнің ішінде әйелдер жоғары, сапалы квалификация алып, жалдамалы жұмысшылардың қатарын толтырып, қызмет көрсететін жеке кәсіпорындарын ашып, өзінің дәстүрлі отбасы рөлдерінен ауытқып, үйлерінен тыс жұмыс атқара бастады.

Қазіргі таңда қарттар санының көбеюі, туу санының азаюы және тағы басқа күрделі қоғамдық- экономикалық мәселелерге тап болған жапон үкіметі әйелдердің еңбек күшіне, қоғамдық қатынастарға белсене араласуына мүдделі болып отыр.

Қазіргі таңда, Жапон қоғамында әйелдер рөлі жоғарылап, отбасы және қызметте әйелдерге деген дискриминациялық қатынас немесе қысым азайып, әйелдердің көптеген салаларда мүмкіншелектері нығайып, қоғамдық жүйенің көптеген салалары өзгерістерге ұшырауда. Бұндай жағдай, қазіргі әлеуметтанушылардың айтуы бойынша қазіргі заманға тән жаһандық құбылыстардың бірі.

Split by PDF Splitter

(4)

№ 3 (88) 2012

203

Ең алғашқы Токионың Кейо университетіне шақырылған, Гарвардтың бизнес мектебінің түлегі, әрі құқық саласының докторы француз Рене Моридың айтуы бойынша, жапон әйелдерінің өмір сүру салты, жапон экономикасының осындай дәрежеге жетіп дамуының себебі болды, – дейді. Ал енді әлемдегі гендерлік саясат жапонияға да әсерін тигізбей қоймайды, әйелдердің эмонсипациясы, тұрмыстағы жағдайларының бірте-бірте өсуі экономиканың болашағына және дамуына әсерін тигізеді деп баяндады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Шинилева Л.Т. Женщина и общество//декларация и реальность. - Москва, 1990. – 148 с.

2. OOTAKIYOSHI “JYOSEI NO HEISEI FUKYO”, NIHON. – 2004 NEN. 153-154 р.

3. Тихоцкая И. Современные японки: покорные или независимые. – Москва, 2000. 47 с.

4. Владислав Еленский. Статус женщины в современных обществах // http://www.dhome.ru/art/japon.htm.

5. BANDOU MARIKO “JYOSEI NO SEISAKU”, NIHON– 2009 NEN. 13-14р.

6. Сумико Ивао «Японская женщина свободнее мужчины». // http://www.japon.ru.

Редакцияға 01.03.2012 қабылданды.

В.В. ШЕРНИЯЗОВА

СОЦИАЛЬНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ УСЛОВИЯ УСПЕШНОЙ РЕАЛИЗАЦИИ СТРУКТУРНО-СОДЕРЖАТЕЛЬНОЙ МОДЕЛИ ПО ФОРМИРОВАНИЮ

КОНФЛИКТОЛОГИЧЕСКОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ БУДУЩИХ СПЕЦИАЛИСТОВ В ВУЗЕ Как известно, что все социально-педагогические условия опираются на взаимодействие студентов, педагогов и работодателей.

В пределах сферы взаимодействия рынка труда и рынка образовательных услуг вузов обозначим основные интересы субъектов:

- студенты стремятся получить высшее образование, поднять свой социальный статус, получить конкурентные преимущества на рынке труда и найти соответствующую требованиям и параметрам работу, имея при этом альтернативу по заработной плате и социальным условиям;

- государственные вузы заинтересованы в подготовке востребованных рынком труда специалистов по качественным образовательным программам. Указанная цель позволяет поднять престиж вуза, увеличить приток абитуриентов, получить определенные средства для улучшения материального обеспечения учебного процесса, увеличить заработную плату, уменьшить текучесть кадров и, в конечном счете, упрочить свое положение среди других высших учебных заведений;

- негосударственные (коммерческие) вузы выстраивают содержание образовательной деятельности аналогично государственным вузам, но оно подчинено еще и цели получения прибыли;

- государство заинтересовано осуществлять политику подготовки кадров с высшим образованием в соответствии с потребностями национальной экономики [1,40].

Взаимодействие образовательных учреждений и работодателей − это совокупность мероприятий, методов, моделей и средств, ориентированных на обеспечение и поддержание заданного уровня качества профессиональной подготовки на этапах: формирования контингента студентов; обучения и воспитания в учебном заведении; трудоустройства и стажировки, а также повышения квалификации специалистов.

На этапе формирования контингента обучающихся на основе профессионального стандарта разрабатываются требования к психологическим и психофизиологическим качествам, знаниям, умениям и навыкам абитуриентов, существенные для успешной профессиональной деятельности и обучения, а также имеются описания профессий (специальностей) для обеспечения профориентационной работы, организации профконсультаций и профотбора [2,386]. Нормативным документом этого этапа выступает профессиограмма. Взаимодействие учебного заведения и работодателя на данном этапе заключается в обеспечении отбора выпускников профессиональным учебноым заведением в соответствии с требованиями профессиограммы, а также в проведении профориентационной работы с абитуриентами в соответствии с реальной и перспективной потребностями предприятия в специалистах.

Взаимодействие вуза и работодателей на этапе обучения и воспитания специалистов заключается Split by PDF Splitter

Referensi

Dokumen terkait

Майлары мойының бел жағының беткі жағында, жамбастық сыртқы жағында, қарынның ішкі қабырғасында орналасқан: Еттің дәмі мен иісін карбонилді қосылыстар, органикалық қышқылдар, аминдер,