«Наследие Л.Н. Гумилева и современная евразийская интеграция»: Труды ІХ Евразийского научного форума, посвященного 100-летию со дня рождения Льва Николаевича Гумилев
www.enu.kz
Ж.А. Жақыпов Астана қ., Қазақстан ПАССИОНАРЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҢ ТІЛДІК РУХЫ
Жазылмақ мәселенің мәнісін толығырақ байымдау үшін ең алдымен «пассионарлық»
деген сӛздің мағынасын бағамдап алған жӛн.
Пассионарлық сӛзінің тӛркіні – латын сӛзі «пассио», «құштарлық, құлшыныс» деген мағынаны береді. Л.Н.Гумилев еңбектеріндегі мәністік ӛрісі мынадай мағыналық сыңарларды қамтиды: биохимиялық қуаттың молдығы, маңызды тектік белгі, табиғат құбылысы, этногенез импульсі, мінез-қылық сипаты (әрекетке құштарлық, шиеленіске қабілеттілік, айрықша белсенділік), сезімнің кӛріністері т.б. Міне, пассионарлықтың бұл белгілерінің қай-қайсының болсын жахандану шеңгелінен ана тілімізді сақтап қалуға септігін тигізеді (Жахандану барысын зерттеушілердің мәліметінше, қазіргі тілдердің 50%-ына қауіп тӛніп тұр, әр 2 аптада 1 тіл айналымнан шығып қалады, осы үрдістен таймаса, 2100 жылға қарай тірі тілдердің 90%-ы жоғалады).
Ол үшін пассионарлық құбылысын ана тілімізді феноменологиялық тұрғыдан қараумен байланыстыру қажет.
Қазақ тіл білімінде тілге феноменологиялық тұрғыдан келген еңбек ұшыраса қоймайды. Ал бұл, шындығында, қажет әдіс болып тұр. Біздің тіл құбылыстарын феномен деп қарайтын себебіміз – олар да ақыл-ой жетерлік мәнмен салыстырғанда, сезім тәжірибесімен қол жеткізетін құбылыстар; Осы күнгі батыс философиясының жетекші бағыттарының фенменологияның негізін салушы Э.Гуссерльге сүйенсек, тіл де, феномендер сияқты, адам санасының ең соңғы, тереңіндегі шындық. Бұл «таза» идеалдық формалар ретінде психологизммен бұлдырланбайды. «Феноменологиялық редукцияны»
жүзеге асырған, яғни, ӛз тереңіне үңілген санаға феномендер ӛзінен-ӛзі кӛрінеді.
Феномендер дегеніміз – идеалды нәрселер мен мәндердің бірілігі. «Таза сана»
феномендердің ағыны болып табылады /1/. Байқап отырғанымыздай, феноменологиялық тұрғы да инсан мен этностың және тілдің идеалдық, кемел байланысын қарастыруға бағдарланады екен, қазіргі жалпы тіл біліміндегі ӛзекті бағыт антропоцентристік тілтану бағамдарына үйлес келмесе, қайшы келмейді екен. Демек, ана тілімізді зерделеу үшін ұлттық сананың тереңіне үңілу қажет екен, сонда оның феномендік мәні объективті түрде ашылады екен.
Тілдің феномендігін түйсінген сана оның экологиялық қамқорлыққа зәру екенін бірден байқайды. Ӛйткені тіл экологиясы дегеніміз –
- бұл – туған тілді, оның байлығын, тазалығын, саулығын қорғау, сақтау;
- бұл – тілдің тұтастығы, оның халықтың мәдениетімен байланысы, сонымен қатар жербетілік семиосферамен байланысы жӛніндегі ғылым;
- бұл – сӛздің энергетикасы, оның жасампаз күші, биосферамен байланысы, тірі табиғаттың тілімен байланысы жӛніндегі ғылым (Л.Н.Гумилевтің ұлттың этногенезінің биосферамен байланысты екені туралы дәлелдерін тілтанудың осы тұсында қолданудың орайы табылады);
- бұл – сӛздің рухани маңызы, оның инсанмен терең байланыстары, халық мінезі және тағдырымен байланысы, рухани жоғары кеңістікпен, Жаратушымен байланысы жӛніндегі ғылым. Осыдан келіп, Жер экологиясының, биологиялық экологияның сӛз бен рух экологиясын айналып ӛте алмайтыны айқындала түседі.
- сӛз экологиясы ретіне қарай биоэкологиядан ӛзіне кӛп үндестік табады, тіпті, теримнологиясын да тиісінше пайдаланады. Мысалы, «лингвоцид», «лексикалық эрозия»,
« тілдік аллергия» ... (Л.Н.Гумилевтің пассионарлыққа байланысты айтқан мынадай
«Наследие Л.Н. Гумилева и современная евразийская интеграция»: Труды ІХ Евразийского научного форума, посвященного 100-летию со дня рождения Льва Николаевича Гумилев
www.enu.kz
тіркестерін «...» еске түсірсек, үндестікті байқауға болады). Осы тұста қазіргі ғылымда жаңа құбылыс ретінде қаралып жүрген «меметика» құбылысы ӛзекті мәселе екені байқалады. Бірақ мұны кейін арнайы сӛз етуді жӛн кӛрдік.
Қазіргі кезеңде лингвоэкология тұрғысынан қарау арқылы ғана тілдің құдыретін жандандыруға болады. Ал қазіргі тіл біліміндегі бағыт-бағдарлар оған нұсқамайды. Себебі тіл туралы батыстық ілімдерде (герменевтикалық, семантикалық, құрылымдық) тілдің ақпараттық, логикалық жақтарына ден қойылады. Осы дәстүр рационалистік, кибернетикалық бағытты дамытуда (Бұл бізде де бар). Сӛз деген – сигнал, техникалық құрал, тіпті, адамның ӛзі сӛз немесе мәтінге жатады деп мәлімдесе де, батыстың бағыты, міне, осындай. Р.А.Будаговтың кӛрсетуінше, сӛздің табиғаты мен мәні жӛніндегі қиын да күрделі мәселеге бас қатыруға мәжбүр болмау үшін Америка тілтанушылары, тіпті, сӛз ұғымынан бас тартқан /2/. Ал В.С. Миловатскийдің дәлелдеуінше, орыс философиясы мен мәдениетінің дәстүріне сӛзді әлдебір жанды(тірі) да рухани нәрсе деп қарау тән. Қазіргі кезеңде Россияда тілді екі жолмен зерттеу бар: ақпараттық-рационалшылдық, мұны лингвистер ұсынады; рухани-метафизикалық, мұны діни философтар ұсынады. Бұлардың арасындағы ықпалдастық арта түсуде, жемісті бола түсуде /3/.
Қазақ тіл білімі тіл мен жазуға ақпараттық тұрғыдан қараудан ары аса алмай отыр.
Алайда, қазақ халқының «тілде сүйек жоқ», «тіл тас жарады, тас жармаса да бас жарады»,
«сӛз сүйектен ӛтеді», «Кісіге қарап сӛз алма, сӛзіне қарап кісіні ал (Абай)» деген пікірлеріне қарасақ, біз тілді қарым-қатынас құралы ғана деп қарамайтынымыз байқалып- ақ тұр. Ал тілге діни ғылым (рух ғылымы) мен дүниеауи ғылымның байланысы бізде әлі сезіле қойған жоқ.
Тіл экологиясының биосфера бӛлшегі ретіндегі адаммен тығыз байланысы бар.
Мұның объективті-тарихи генезистік түп түрткісін мыналардан кӛруге болады.
Алыс замандардан бері биологиялық ақпарат ағындары Жер шарын орап жатыр.
Бұл ағын қоюлана келе неғұрлым күрделі ағзалар тудырып отырды. Содан дамыған миы бар жоғары деңгейдегі жануарлар және, ақырында, эволюцияның жеке тармағы емес, тұтастай биосфераның ақпараттық ӛрісінің туындысы ретіндегі адам пайда болды.
Биосферада вирустан адам ағзасына дейінгі тірі табиғат атаулыны қайта жасайтын биологиялық тіл (ген, медиаторлар, нейрондық кодтар) пайда болды. Алайда бұл аздық етті. «Ақыл-ой мұхиты», биосфералық «солярис» сӛзді орнататын, оны қабылдайтын, түсінетін, оған қуанатын, оны айтатын біреуге мұқтаж болды. Табиғатқа, жаратылысқа ақпарттың жай ғана үнсіз ағыны емес сӛз керек еді. Биологиялық ақпарат, сӛз болмаса, тиянақтала алмас еді, ырықсыз, тоқтаусыз болар еді. Бұнда ӛмірді құнсыздандыратын еріксіздік, механикалылық сияқты бірдеңе бар.
ХХ ғасырдың орта шенінде Тейяр де Шарден мен Вернадский планеталық кеңістікте әлдебір ықпалды және айырықша бірдеңе барлығын түсінді. Оны ноосфера, яғни, ақыл-ой сферасы, тіпті, планеталық ақыл-ес, деп атады. Сӛз – рухани әлемнің «тірек құрастырмасы»: оның әрекеті арқылы поэма, трактат т.б. ғана емес, адам әлемі мен оның болашағы жасалады. Жер ноосферасы жеке адамдардың микроноосферасынан түзіледі және әркімде бұл ӛзіндік, ӛзгеше болады. Әр адамның ӛз айналасында кӛрінбейтін ӛз ноосферасы болады, бұл елеулі дәрежеде сӛздерден жасалады. Ал адамның сӛз әлемі, оның инсандық сипаты неғұрлым бай болса, соғұрлым айырықша болады.
Ал ӛткен ғасырдың соңына қарай біздің планетамызда сӛздің әлі байқалмаған кеңістігі бар екені белгілі болды. Сӛйтіп, 80-ші жылдары Тарту семиотикалық мектебінің кӛшбасшысы, филолог Ю.М.Лотман ӛзінің 25 жылдық еңбегінің нәтижесінде семиосфера (Вернадскийдің ноосферамен үндес) жӛнінде соны тұжырымдама ұсынды. Бұл тұжырымдама ғаламшарды қамтитын сӛз бен басқа мәністік таңбалар туралы еді. Лотман:
«Осы мағынада алғанда қазіргі әлем семиосферасы ғасырлар бойы кеңістікте тоқтаусыз тарала отырып бүгінде ғаламдық сипатқа ие болды. Ол Жер серіктерінің сигналдарын да,
«Наследие Л.Н. Гумилева и современная евразийская интеграция»: Труды ІХ Евразийского научного форума, посвященного 100-летию со дня рождения Льва Николаевича Гумилев
www.enu.kz
ақындардың ӛлеңдерін де, хайуанаттың даусын да қамтиды. Семиотикалық кеңістіктің бұл элементтерінің бір-бірімен байланысы қиял емес, шындық. Семиосфера халықтардың және жеке адамдардың тілін анықтайды, онсыз ешқандай мәдениет, адамдардың ешқандай ақпараты, адамзаттың ӛзі ӛмір сүре алмайды. Ӛзінің негізгі белгілері жағынан семиосфера биосфераны айырықша еске түсіреді. Бұл да ақиқат, тұтас, планетаны қамтиды, ӛз бӛлшектерін (тілдерді) белгілейді, шекаралары бар, ядросы (кіндігі) бар, жады бар, тіпті, ӛзіндік тексанасы бар, семиотикалық даралығы бар (бұл жағынан алғанда семиосфераны
«семиотикалық жеке тұлға» деуге болады). ... семиосфера деңгейлерінің бәрі – адамның жеке тұлғасынан немесе жеке мәтіннен бастап ғаламдық семиотикалық бірліктерге дейін – бір-біріне енгізілген сыңайлы семиосфералар болып табылады». – деп жазады /3/.
Сӛйтіп, сӛз экологиясы ғаламдық семиотикалық кӛктен (аспаннан) бастау алып адамзат атаулыны және әрқайсымызды қоршап тұрады. Бұл болмаса, биосфера мен оның ақпараттық ӛрісі де болмас еді. Басқа да тірі ағзалар сияқты семиосфераға да гармония қажет. Алайда, ӛзіне сеніп алған адамзат мұны түсінбейді, сӛзді ӛмірмен байланыстырып тұрған кіндікті аяусыз үзіп тастауға, рационалдау, техникалау, сол арқылы тілді жансыздандыруға асығуда. Соңғы ғасырларда мұндай үдеріс дүние жүзінде байқалуда әрі техникалық прогрестің мәжбүрлеуімен немесе техникалық прогресті жамылып тездетілуде. Бұл жӛнінде С. Қара-Мырза дәл айтқан: «... ғылыми революцияның бір салдары бұрын ойға келмеген нәрсе – жаңа тілдерді саналы түрде жасау болды. ...
қасиетінен, киесінен айырылған әлемді түсіндіру үшін жаңа тіл қажет болды» /3/.
Иә, семиосфера тұтас. Ӛкінішке қарай, оның бұзылуын саяси және тілдік шекаралар ұстап тұра алмайды. Кез келген елдегі сӛздің бұзылуы адамдар, жануарлар мен ӛсімдіктер әлемін бұзады, табиғаттың бұзылуы қайда болсын, қашан болсын сӛздің бұзылуынан басталады. Ал зақымданған табиғат бұзылған сӛзден кегін оны ӛшіру арқылы алады – сӛзі жоқ ғалам қаңырап қалады.
Қай халық болсын қайта жаңғырып отыру үшін, жалғасу үшін биологиялық ген сияқты тұқымдық коды болуы керек. Ал бұл код сӛз, ұлттық тілсіз ӛмір сүре алмайды.
Халық тілден басталады. Ұлттық тіл - сӛз экологиясы тұрғысынан тұрғысынан қарағанда, халықтың геномы болып табылады. («Тіл этностың ең айқын және тұрақты кӛрсеткіші болып саналады» Н.И.Толстой.) /4/ Қай халық болсын қайта жаңғырып отыру үшін, жалғасу үшін биологиялық ген сияқты тұқымдық коды болуы керек. Ал бұл код сӛз, ұлттық тілсіз ӛмір сүре алмайды. Халық тілден басталады. Ұлттық тіл - сӛз экологиясы тұрғысынан тұрғысынан қарағанда, халықтың геномы болып табылады. («Тіл этностың ең айқын және тұрақты кӛрсеткіші болып саналады» Н.И.Толстой.) /4/
А.Федотов «Ӛткен ғасырдың аяқ шенінен бастап-ақ биосфера тұрақты қалпынан шығып кетт1, Жер апат кезеңіне келіп кірді». – деп дабыл кӛтереді /5/. Бұл деген сӛз – ноосфераға, соған орай семиосфераға да қауіп тӛнді деген сӛз. Оған қарсы қояр күш, біздіңше, бұлардың бірлігін сақтау, бір-біріне үйлесімін сақтау. Олай болса, ана тілін жандандыру арқылы біз ӛз табиғатымызды, рухымызды сақтап қаламыз, апатқа қарсы тұра алатын боламыз.
Бұл үшін, әрине, ұлттық пассионарлық керек, ӛйткені «Пассионарлық кернеу болмай, этностың да болуы мүмкін емес /6: 260/. Пассионарлық сыртқы ықпалға тәуелді емес, ол – этникалық субстраттарды жаңа суперэтникалық жүйеге айналдыра отырып, олардың жаңа қозғалыстарын ӛмірге келтіретін маңызды тектік белгі /6: 272/.
Пассионарлық популяциялық деңгейде этнос қарекеттері қоршаған орта, мәдениет және генетикалық жадпен жосықталады /7: 494/. Л.Н.Гумилевтің осы еңбегінде мына сияқты ұғымдық-пайымдық тіркестер бер: «пассионарлықты мұраға алып қалды»; «пассионарлық тектік қор»; «пассионарлық қорды соғыстарда шығындап алды» /7: 57/; Бұл біздің қазақ тағдырына орайласатын құбылыстар сияқты. Біз түркілерден пассионарлықты мұраға алып қалдық, ол Алаш дәуіріндегі жанкештілікте кӛрініс берді. Алайда пассионарлық
«Наследие Л.Н. Гумилева и современная евразийская интеграция»: Труды ІХ Евразийского научного форума, посвященного 100-летию со дня рождения Льва Николаевича Гумилев
www.enu.kz
тектік қордлы біз сол отарлаудың ықпалымен шығындап алған сияқтымыз. Содан бері енжарлық бір күйді кешіп келе жатырмыз. Л.Н.Гумилевтің жазуынша: «Тыныштық күйдің инерциясын бұзатын бастапқы түрткі - бірнеше пассионар тұлғалары бар ұрпақтың ӛмірге келуі» /6: 272/.
Біз осылай болатынына сенгіміз келеді, түркі рухтың жандануына, пассионар ұлт болатынмызға, соның арқасында қоғамымызда тіліміздің рухы асқақтайтынына сенгіміз келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Зорин В.И. - Евразийская мудрость от А до Я. Философский толковый словарь. - Алматы: Сӛздік-Словарь, 2002.
2. Будагов Р.А. - Язык – реальность – язык. - М., 1993.
3. Миловатский В.С. – Об экологии слова. – М.: Просветитель, 2001. // KLADINA.
NAROD. RU
4. Толстой Н.И. - Язык и народная культура. - М.,1995.
5. Федотов А. Эпоха глобальной экологической катастрофы и модель мировой системы, способы ей противостоять // Диалог. - 2001. - № 2.
6. Гумилев Л.Н. - Этногенез и биосфера Земли. – Л.: Изд-во ЛГУ, 1989.
7. Гумилев Древняя Русь и Великая степь. В 2-ах книгах. – Кн.1. – М.: Институт ДИ – ДИК, 1997.